Материалдар / Дидактикалық ойындар жинағы

Дидактикалық ойындар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Дидактикалық ойындар жинағы бұл бастауыш сынып ұстаздарына көмегі дидактикалық ойындар арқылы сабақты қызығырақ өткізуге болады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
22 Қазан 2020
501
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



















Дидактикалық ойындар жинағы



Дайындаған:Апендина А.С.









Сәбиге ойынның бәрі елеулі, өйткені ол ойнап жүріп өмір сүреді. Ол ойнаған кезде ғана өмір сүреді де, жаттығады да, жан мен тәнін өсіреді де.

К. Д. Ушинский


Мектеп жасына дейінгі балалардың жан-жақты дамуы үшін логикалық ойындардың орны ерекше. Ойын – мектеп жасына дейінгі кезден басталып адаммен өмір бойы ілесіп жүретін ерекше қызмет түрі.

Ойын – балалардың оқуға, еңбекке деген белсенділігін арттырудағы басты құрал, балалардың психикасында сапалы өзгерістер тудырады: бала зейінінің жадының қалыптасуына , қиялдау қабілетінің дамуына әсер етеді. ойлау шығармашылық және таным әрекетінің негізі болып табылады.

Ойын- балалардың ой өрісін, танымдылық белсенділігін арттырады. Балаларды тапқырлыққа баулып, зейінін , ойлау қабілетін дамытады. Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір балада сапалы және терең білім іскерліктің болуын , олардың шығармашылықпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді.

Бала ойын арқылы күш- жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды, яғни болашақ ұрпақтың тәрбие жолы тәлімдік ойыннан басталады. Мектепке дейінгі мекемелерде адамгершілік тәрбиесіне тәрбиелеу және білім беру үрдісінде әр түрлі іс – әрекеттер арқылы жүзеге асырылады. Олармен ойынның әр түрін ұйымдастыра отырып, бір- біріне деген қайырымдылық, мейірімділік, жанашырлық, достық, жолдастық сезімдерге тәрбиелеуге болады. Ал балаларды қоршаған ортамен таныстыру, тіл дамыту, табиғатпен таныстыру, бейнелеу өнері ұйымдастырылған оқу қызметінде өлі-тірі табиғатқа деген сүйіспеншілік , үлкендердің еңбегіне қызығу мен сыйластық сияқты адамгершілік сапалары қалыптастырылады. Баршамызға белгілі ойын арқылы баланың дене құрлысы жетіліп, өзі жасаған қимылына сенімі артады. Баланың бойында ойлау, тапқырлық, ұйымдастырушылық, шыдамдылық, белсенділік қасиеттер қалыптасады.

Күтілетін нәтиже:

  • Балаларды ойындар арқылы жауапкершілікке мол ақыл-ойы дамыған дәрежеге жеткізу.

  • Балалар сурет салуды, бояуды, түрлі дидактикалық ойындар ойнауды, сұрақтарға жауап беруді, қиып-жапсыру.

  • Барлық сәбидің жұмыла жұмыс жасауына жол ашатын әдістер мен тәсілдерді орнымен таңдап іске асыру.

  • Балалардың шығармашылық ойлау мен сөйлеу процестерін дамыту үшін педагог сабақты неғұрлым қызықты ойын түрінде ұйымдастыра білу




ОЙЫН АРҚЫЛЫ БАЛА ҚАНДАЙ ҚИЫНДЫҚТАРДЫ ЖЕҢЕДІ:

  • Балалар нақты қызмет тәжірибесін меңгереді.

  • Тек бақылаушы ғана емес, өздері қатыса отырып қиын мәселелерді

  • өз бетінше шеше білуге үйретеді.

  • Оқу процесінде алған білімді нақты істе қолдана білуге мүмкіндік береді.

  • Бала әрекетіне негізделген оқу көлемін басқарады.

  • Уақытты үнемдеуге үйретеді.

  • Балалар үшін психологиялық жағымды.

  • Ойын барысында шешім қабылдау оқушылардан аса жауапкершілікті талап етеді.

  • Кейде қарапайым оқу қызметімен салыстырғанда көп уақыт мөлшерін алады.

  • Ойын материалдары дәстүрлі оқу материалдарымен салыстырғанда күрделірек.

  • Кейбір ойын түрлерінде қатысушылардың саны шектеулі.

  • Ойын нәтижесі, өз жетістіктері, әсерлері, алған білімі, дағдысы жөнінде балалар ата-аналарымен,өзге балаламен, педагогтармен көбірек әңгімелеседі, кітапханада өзбетімен іздене білуге, қажетті материалдарды іріктей білуге үйренеді.


























«Айырмашылығын тап»

Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге; өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.

Көрнекілілтері: Көрсетілген суреттті тақтаға түрлі түсті форматта шығарып тақтаға ілу.


Ойынның барысы: Бұл ойында тәрбиеші сенсориканы, көлемді, кеңістік қатынасын, санын салыстыру үшін белгілі бір мақсатты көздейді. Ары қарай салыстыратын заттардың санын арттыра отырып, бірнеше нұсқаларын қатарынан істеуге болады. Ойын өткен материалды бекітуге арналған. Тәрбиеші балалардың сөйлемді дұрыс байланыстырып сөйлеуін қадағалайды.
Салыстыруда мына сөздер пайдаланылады: көп-аз, сары-қызыл, алма-алмұрт, биік-аласа.




1«Орамал тастамақ»

Мақсаты: өткен дыбыстарды қайталау, сөздік қорын молайту, ойлау қабілетін, қиялын дамыту.

Ойынның барысы: Ойын кезінде өтілген дыбысты айтып, балаға орамал лақтырады. Бала сөз ойлап, қайта мұғалімге лақтыру керек. Осы дыбыстардан сөз құрап, тақтаға кеспе әріптер арқылы жаздырады.


***


2 «Қай буынды жоғалттым?»

Мақсаты: буын туралы түсінік беру, сөздерді буынға бөлуге үйрету, ойын дамыту.

Ойынның барысы: Тақтаға ойыншықтардың суреттері ілінеді. Мұғалім бір ойыншықтың бастапқы буынын айтады, оқушылар қай ойыншық екенін айтады.


«Кім тез жинайды.»

Ойын мақсаты: Көкөністер мен жемістерді ажырата білуге үйрету. Ойынға деген қызығушылықтарын арттыру.

Ойынның барысы: Оқытушы балаларға ойын шартын түсіндіреді. Себеттің сыртында алма мен қиярдың суреті жапсырылады. Алманың суреті бар себетке жемістер, ал қиярдың суреті бар себетке көкөністер салынады.

Балалар екі топқа бөлініп тұрады.Тәрбиешінің белгісі бойынша балалар ойынды бастайды. Ойын соңында қай топ тез әрі дұрыс жинайды сол топ марапатталады.Ойынды топта я болмаса аулада ойнауға болады. Ойын 4-5 рет қайталанады.


«Пішінді құрастыр»

Ойын мақсаты: Түстер мен пішіндер арқылы құрастырып үйрету. Есте сақтау, көру, ажырату қабілеттерін дамыту.

Ойынның барысы: Балалардың алдына әр түрлі пішіндер беріледі. Ол пішіндерден суреттегі көрсетілген заттарды құрастырады. Түсі мен пішінін дұрыс ажыратулары керек.


Жыл мезгілдері

Мақсаты: жыл мезгілдері жайлы білімдерін бекіту.

Ойын мазмұны: балаларға жылдың қай мезгілі жайлы суреттер үлестіріледі.Олар сурет бойынша жыл мезгілдерін ретімен қойып шығады.Жыл мезгілінің ерекшеліктерін сипаттайды.



Мамандықтар»


Ойын мақсаты: балаларды әр түрлі мамандықпен таныстыру. Еңбекті құрметтеуге дағдыландыру, өз еліне пайдалы бола білуге тәрбиелеу. Ойынның барысы. Суреттер тақтаға ілінеді. Балалар өздері қалаған мамандықтарын таңдап алып, сол мамандық және оның пайдасы туралы әңгімелейді. Кейіпкерлерге бөлініп қалаған мамандық бойынша көрініс қояды.


«Артығын тап»

Ойын мақсаты: Тіл байлықтарын, сөздік қорларын молайту. Тапқырлық қабілеттерін дамытып, ойынға деген қызығушылықтарын дамыту.

Ойынның барысы: Балалардың алдына аңдардың суреті бар конверт таратылады.Балалар суретті алып ненің артық екенін ажыратып табулары керек.

«Көліктер»

Мақсаты: көліктер жайлы мағлұматын бекіту.

Ойынның барысы: Ойынның балаларға конвертке салынған көлік түрлері үлестіреді. Олар көліктерді атап, топтарға жіктейді(әуе, су, теміржол, жол).


«Ғажайып дорба»

Мақсаты: балалардың қолмен сипап сезу әрекеттерін дамыту, көкөністер мен жемістер жайлы білімін тереңдету.

Ойын мазмұны: балалар кезекпен келіп қолын ғажайып дорбаға салып, сипап сезу арқылы көкөністі таңдайды.Қолын дорбадан шығармай тұрып, сол көкөністің атын атады және одан не жасауға болатыны жайлы әңгімелеу.


6 «Ыссы- салқын»

Ойын мақсаты: Өсімдіктер туралы түсініктерін дамыту. Балалардың сөздік қорларын байытып, тапқырлыққа, ойлампаздыққа баулу.

Ойын шарты: Өсімдіктерді балалар көре алатын, қолдары жететін, орындарын ауыстырып қоюға болады. Санамақ айтып ортаға бастаушы баланы таңдайды. Ол бала есіктің артына шығады. Допты өсімдікткрдің артына жасырады. Ішке «кір» деген кезде допты қай өсімдіктің артына жасырғанын тауып алу керек. Тапқаннан кейін допты алуға болады. Бастаушыға допты балалар іздеуге көмектеседі, доптан алыстап кетсе «салқын, салқын» деп, жақындаса «жылы,жылы» деп, қасына келсе «ыссы, ыссы» деп белгі береді. Яғни сол жерден допты іздеу керек.

Ойынды басында 4-5 өсімдіктермен, үйренгесін 10 шақты өсімдіктерді қолдануға болады. Допты тапқан бала «мен допты бегония ханшайымы гүлінің артынан таптым», я болмаса «мен допты арқар мүйізі гүлінің артынан таптым» деп тапқан гүлдерінің аттарын атап айтулары керек. Балалар барлық өсімдіктермен танысқаннан кейін ойын ойналады.



«Жер, су, ауа, от»

Ойын мақсаты: Балалардың ойлау қабілеттерін дамытып, тез жауап беруге дағдыландыру.

Ойын шарты: Балалар шеңбер құрып тұрады, допты бір балаға лақтырып «Жер» деген кезде жердегі өсімдіктер, заттар, адам, ұй, жануарларды атап айтады, «су» дегенде суда тіршілік ететін балық аттарын, су көліктерін атайды, «ауа» дегенде ұшақ түрлерін, құстардың атарын, аспан, бұлт, ай, жұлдыздың аттарын атайды.

Бұл ойынды екінші бағытпен ойнатуға болады.

«Ауа» дегенде кезде балалар қолдарын жоғары көтереді, «Су» дегенде қолдарын алға созып жүзеді, «от» дегенде қолдарын былғайды, «Жер» дегенде қолдарын төмен түсіреді.


«Шапшаң-шапшаң»(Музыкалық аспаптар)

Ойынның мақсаты: Оқушыларға аспаптардың дауысын айыра білуге жәнеде түрлерін ажыратуға көмектеседі

Ойынның барысы:Балалар шеңберге тұрады. Оқытушы қоңырауды көрсеткенде балалар жүгіреді. Оқытушы дауылпазды көрсеткенде балалар бір,орындарынды тұрып,аяқтарын тарсылдатады. Оқытушы сыбызғыны көрсеткенде,балалар сыбызғыны тартқандай болады.














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ