Материалдар / «Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дидактикалық ойындардың мәнін түсіну арқылы балаларға тәрбие беру
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Тамыз 2024
104
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













Тақырыбы:

«Ойын арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту»

«Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні»















Тақырыбы: Ойын арқылы баланың логикалық ойлау қабілеттерін дамыту»

Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлау қабілеттерін дидактикалық ойындар арқылы дамыту, сөйлеу мәдениетіне, тілдік қарым-қатынастарын, ойындар арқылы дамтыу.

Баланың жас ерекшелігін ескере отырып қазақ тілінен түрлі логикалық тапсырмалар беру арқылы, білімнің беріктігін қамтамасыз ету, баланың шығармашылық қабілетін дамыту, интелектуалдық деңгейін көтеру.
«Логикалық тапсырмалар» баланың жас ерекшелігін ескере отырып құрастырылды. Теориялық білімдерін кеңейтіп, оны практикада қолданылуына ықпал етеді. Логиканың дамуы өздігінен ізденіп жұмыс жасауына мүмкіндік береді. Логикалық тапсырмалар баланың интеллектуалдық деңгейін көтереді.
Оқу материалын балалардың ойлау қабілеті жетерліктей жас ерекшеліктерін ескере ұйымдастырса ғана, оның ойлау қабілетінің дамуына мүмкіндік туады. Сондықтан да тәрбиеші балаларды үнемі ойланып оқуға бағыттауы тиіс, бұған оқу үрдісін жүйелі ұйымдастыру, оқу іс – әрекетінде бала логикасын дұрыс дамыта алатын мүмкіндіктерді мол пайдалану арқылы жетуге болады.
Дұрыс ойлаудың формалары мен заңдары туралы ғылым логика деп, ал ой қорытындыларының объектив пікірлерге негізделетін процесі логикалық ойлау деп аталады.
Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қорытындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай келуінде. Логикаға түскен құбылыс түсіндіріледі, себептері мен салдарлары қатесіз анықталады.
Бала тәрбиесі нәресте дүниеге келгеннен бастап,адамдық қасиеттері қалыптасқанша үздіксіз жүргізіле беріледі. «Логикалық ойлау – логикалық сөйлеудің негізі, ал мұны – логикалық сөйлеуді ұстаз дамытуға тиіс», деп көрсетті К. Д. Ушинский.
Мектеп жасына дейінгі баланың логикалық ойлауын дамытудың негізгі кезеңі деп есептеледі. Өйткені логикалық ойлау кейінірек бейнелік ойлаудың негізінде қалыптасады, ауқымы кеңірек мәселелерді шешуге ғылыми білімдерді меңгеруге мүмкіндік береді.
Балалардың ойлауын дамыту туралы М. Жұмабаевтың сөзімен алсақ:
«Ойлау жанның өте бір қиын, терең ісі. Жас балаға ойлау тым ауыр, сондықтан басқыштап іс істеу керек. Оқулықтағы берілген тапсырмалар, суреттер баланың жанына дұрыс әсер ететіндей, білімге деген ынта – ықыласы, құштарлығы болуы керек».
Баланың логикалық ойлауы арқылы тілін дамыту үшін, тәрбиешіге оның теориясын терең білу міндеті жүктеледі.
Логикалық ойлауды дамытудың кестесі арқылы тіл дамыту жолдарының кестесін жасауға болады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда сұрақтардың алатын орны ерекше. Сондықтан балаға қойылатын сұрақ жүйелі, әрі түсінікті болу керек. Сұрақтар қоя білу қиялдаудың ең жоғарғы сатысы және нәтижелі ойда негізгі рөл атқарады. Ойын арқылы мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс - әрекеті және олардың айналадағы өмірден алған білімдерін, әсерлерін, жинақтаған тәжірибесін өз бетінше іс жүзіне асырады. Сондықтан ойын балалар үшін өзіне тән жүру барысымен, мақсатымен маңызды. Міне, осыдан баланың логикалық ойын қиялдау қабілеті шыңдалады, дамиды.

Жас балаға өз әке шешесі қуаты зор күш.Сондықтан олар болмашы нәрсеге өкпелеп немесе ренжіп қалса, «апама айтамын,әкеме айтамын» деп шағымданады.Әке шешенің аузынан шыққан сөз бала үшін шын,әділ,тіпті заң болып те есептелінеді.Бала өте сезімтал,байқағыш тек онда тәжірибе жеткіліксіз.Сәби бойында «анау не,мынау не» деп табиғи қасиеттің болатыны белгілі.Оларға ерінбей дұрыс жауап беру,түсіндіру,ойын дамыту,тура жолға бағыттау ата-ананың отбасы мүшелерінің парызы.Тәрбие осыдан басталады.Балалармен ақылдаса,пікірлесе жұмыс істегенің тәрбиелік мәні зор,мысалы бірге қыдыру,бірге кино,театрларға бару,бірлесіп кітап,газет,журналдар оқу көзқарасты тереңдете кеңейте түседі.

Балалар мектепке балабақшада отбасынан алған бастапқы тәрбиесімен келеді.Мектепке дейінгі тәрбиенің әрқилылығы балалардың даму деңгейінен байқалып тұрады.Әсіресе бірден көзге түсетін нәрсе балабақшадан тәрбие алған балалардың таным ,өре жағынан үйден келген балалардан аса ерекшеленді.Балабақшаға бармаған балалардың дамуы көбіне –көп баланың тәрбиесіне және оның таным келбетінің дамуына ата-ананың көз қарасымен анықталады.Кейбір отбасыларында балаларға кітап оқып береді,ертегілер мен әңгімелер айтады,олардың жалпы өсіп –жетілуіне арнайы көңіл бөледі.Ал енді кейбір отбасында баланың денсаулығына көбірек қамқорлық жасайды,ал қалған рухани тәрбиесі мен жан дүниесінің өсіп жетілуіне оның өз еркіне берілген.Үшінші бір шаңырақта балаларды бақылау,күтіп тәрбиелеу істері тәжәрибесі жеткіліксіз,білімі де аз ,бала тәрбиелеумен арнайы шұғылдануға ниетті жоқ адамдарға тапсырылады.Балабақшаға келген балалардың тіпті де біркелкі емес екендігі де сөзсіз.

Отбасында ,балабақшада, ата-ана тәрбиеші айтылған әңгімені не ертегіні жүйелі баяндап беруге ,әрбір сөзді анық,нақты айтуға дағдыланып баланың зейінін біржолата меңгеріп алу жақсы нәтиже береді,әрі бұл әдіс сәбилердің тілін дамытуға зор пайдасын тигізеді.

Сондай-ақ баланың неғұрлым ертерек еңбекке тәрбиелеуге ерекше мән берген жерде оның жан-жақты баулуға қол жеткізу қиынға түспейді.Ескеретін нәрсе атқаратын жұмысы оның шама- шарқына сай болуы егер жұмыс шамадан асып кетсе,бала тапсырманы орындай алмайды және өзінің күшімен қабілетіне сенімін жоғалтады яки еңбекке деген қызығу сезімі әлсірейді.

Балалардың істейтін жұмысын түрін тым жеіңлдетіп жіберсек ол да орынсыз.Жеңіл еңбектің пайдасы аз,кейде тіпті зиянды, өйткені балалар жеңілдің астымен ауырдың үстімен жүруге дағдылануы мүмкін.

Бала тәрбиесі оларға талап қоя білуге де көп байланысты.Кейде ата-аналар мен тәрбиешілері талап қояды да оны орындауға жағдай жасамайды.Мысалы олар ойыншықтарын,кітаптарын шашпай,жинастырып қояды,бөлме ішін шашпауды талап етеді де,оның ойнайтын,кітап оқитын орнын көрсетпейді,ауызша әңгіме айтып беруді ұйымдастырмайды.Қазақ бес-жеті жастағыларды ойын баласы деп те атайды.Ол жаста баланың белсендік белгілері көрініп,іс-әрекетке деген қызығушылықтары дами бастайды.Осы кезеңде олардың әрдайым қолдап қолпаштап отыруы қажет.

Дидактикалық ойын кішкене баларға мейлінше тән оқыту формасы болып табылады,оның арғы тегі ойынды өлең мен қимылмен ұштастыру негізінде көп нәрсеге үйрететін ойындарды жасаған халық педагогикасында жатыр. Тәрбие – баланың дүниеге келген сәтінен басталады. Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін негізгі іс - әрекет – ойын.Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстармен, адамдардың еңбегімен, қарым – қатынастарымен танысады. Әлем бала өміріне біртіндеп кіреді. Бала ең алдымен оны үйде, балабақшада не қоршап тұрғанын ұғынады. Біртіндеп өмірден алған тәжірибесі көбейеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өзінің айналасындағы қоршаған ортамен танысуға өте құштар. Бұл баланың бірнеше сұрақтар қоюына әкеліп соғады. Яғни, балаға әлем аздап ғана сырын ашса, онда баланың білуге деген құштарлығы арта түседі. Ойын - баланың бірінші әрекеті, сондықтан да оның мән - мағынасы ерекше. Қазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев: «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?», - деп айтқандай, баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Мектеп жасына дейінгі балалардың зейіні тұрақсыз болады. Оларды біркелкі жұмыс тез жалықтырады. Сондықтан олардың зейінін үнемі қажетті бағытқа аудару үшін оқу іс - әрекетін ойын түрінде жүргізу қажет. Өйткені ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде алған білімді ойынмен тиянақтау білімнің беріктігіне негіз қалайды. Ойын барысында баланың жеке басының қасиеттері қалыптасады. Баланың қуанышы мен реніші ойында айқын көрінеді. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар ойланады, эмоциялық әсері ұшқын -далады, белсенділігі артады, ерік қасиеті, қиял елестері дамиды, мұның бәрі баланың шығармашылық қабілеті мен дарынын ұштайды. Мектеп жасына дейінгі балалар көргендерін, байқағандарын, айналасынан естігендерін ойын кезінде қолданатын байқауға болады. Ойын айналадағы болмысты бейнелейді. Ойын барысында балалар дүниені тани бастайды, өзінің күш жігерін жұмсап, сезімін білдіруге мүмкіндік алады, адамдармен араласуға үйренеді. Сондықтан да ойшыл ұлы адамдар балаларды ойын арқылы оқыту керек деген ойға келді. Ойын арқылы оқыту, бұл ой көптеген оқытушылар мен тәрбиешілерді қызықтырды. Грузин педагогы Ш.А.Амонашвили ойын арқылы балаларға өте қиын әлемдік танымды түсіндіре білді. Ш.А.Амонашвили өз оқушыларымен ойын ойнағанда өзін балалармен бірдей қоя отырып, олардың көңіліне, ойына, санасына пайдалы ұғымды беріп, өз ісіне сенімді болып, қиындықтарды жеңе білуге үйретті – баланың көздерінде білімге деген құштарлықты байқады. Ойын арқылы балалардың логикалық ойлауы, математикалық қабілеттері дамиды. Педагог ойындарды өз шығармашылығымен түрлендіре отырып, балалардың психофизиологиялық ерекшеліктерін ескеріп, жаңа тақырыпты өткенде, өтілген материалды қайталағанда, білімді тиянақтау кезінде іс-әрекеттің мазмұнына сай пайдаланады. Сондықтан, бұндай ойындар ойнау балалардың ойлау, қабылдау, еліктеу қабілеті және заттардың түрін, түсін, көлемін ажырата білуін дамыта түсу үшін өте қажет. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерінде балалармен өткізілетін математиканың алғашқы ұғымдарын қалыптастыру іс - әрекетте ойынның мынадай түрлерін пайдалануға болады: 1) дидактикалық ойындар - логикалық ойлауын, математикалық қабілеттерін дамыту. 2) санға байланысты санамақ, жаңылтпаштар, жұмбақтар - балалардың сандарды танып білуін, тілдерін жаттықтыру, есте сақтауын, ойлау қабілеттерін дамыту. 3) математикалық сергіту сәттері–кеңістікті бағдарлау, қимыл қозғалысты дамыту. Дидактикалық ойындар мазмұны, ойынды ұйымдастырудың әдіс–тәсілдері балалардың зейінін, есте сақтауын, байқағыштығын, көзбен мөлшерлеуін, тапқырлығын дамытуға, математикалық білімдерін, икемділіктері мен дағдыларын, заттардың түсі, өлшемі, пішіні бойынша топтастыруға, салыстыруға, ажыратуға, кеңістік пен уақытты бағдарлауға үйретеді. Балалардың логикалық ойлау, қабылдау, есте сақтау қабілеттерін, зейінін, қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған. Дидактикалық ойындарды тиімді пайдалану оқу іс - әрекетінің іскерлігін, тартымдылығын, белсенділігін, баланың ынтасын күшейтеді. Ойын ережесі балалардың түсінуіне оңай, қарапайым, әрі қысқа болу керек. Кейде олардың мазмұны, ережесі балаларға дұрыс түсіндірілмейді де, балалар оған қызықпайды, зейін қойып тыңдамайды. Балаларға алдарына қойылған дидактикалық тапсырмаларды өз беттерімен орындау үшін педагог көркем әдебиет оқып беру, алдын – ала жұмыс жүргізу керек. Дидактикалық ойындардың түрлері: 1. Заттық дидактикалық ойындар – дидактикалық ойыншықтармен және түрлі ойын материалдарымен ұйымдастырылады. 2. Үстел үстінде ойналатын дидактикалық ойындар. 3. Сөздік дидактикалық ойындар. Дидактикалық ойындардың тиімділігі – оқу іс - әрекетінің әр кезіндегі орны мен міндетін, мақсатын дәл анықтауға, оны қолданудың теориясы мен практикасын тәрбиеленіп жетік меңгеруіне, шеберлік танытуына, ойынға қажетті материалдарды алдын – ала дайындап алуға, балаларды белсенді қатыстыруға

Дидактикалық ойындардың тәрбиелік мәні

байланысты. Ойындарды өткен оқу іс - әрекетін қайталау, естеріне түсіру кезінде қолданған пайдалы. Ойын түрлерін оқу іс - әрекетінің мазмұнына қарай белгілі бір мақсатта таңдап алу керек. Мазмұнды ойындарды қайталай бермеу керек, ол үшін өтілетін оқу іс - әрекетінің тақырыбына сәйкес келетін ойын түрлерін күні бұрын реттеп, оны жүргізудің тиімді тәсілдерін ойластыру қажет. Барлық оқу іс - әрекетінде дидактикалық ойындар қолданылады, оны оқу іс - әрекетінің ортасында қолданған ыңғайлы. Мысалы, қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындар балаларды мұғалімнің айтқанын дұрыс ұғып, оны тыңдай білуге, дыбыстарды ажыратып, ойда сақтап, сөз құрастыруға, оның ой - өрісін дамытуға үйретеді. Қазір «Балапан» бағдарламасына байланысты кешенді оқу іс - әректіне бірнеше оқу іс - әрекетін қосып байланыстырып өткізу әдіс – тәсілдерін қолдануға болады. Мысалы, қазақ тілі сабағында сөзде неше дыбыс, неше әріп, неше дауысты дыбыс бар екенін балалар санайды, текшемен белгілейді немесе суретін салады. Дидактикалық ойын кіші тобынан басталады.Мұнда жоғары топтарға қарағанда жеңіл түрлері беріледі. Мысалы, бала ойнап отырған машинаның дөңгелегі нешеу, түсі қандай, текшелерді түсіне қарай топтастыр, кәне, «сен, көк текшелерді әкелші», «үстелге апарып қойшы» т.б. Бұл жерде балалар кеңістікті бағдарлауды үйренеді. Баланың тілін дамытуда ауызекі сөйлеу, тілдің дыбысталу мәдениетіне тәрбиелеуде, байланыстырып сөйлеу, сөздік қорын дамыту үшін оқу іс - әрекеті кезінде және бос уақытта ойналатын дидактикалық ойындардың маңызы зор. Дидактикалық ойындар баланың ақыл – ойын дамытуға, ойлауын, қабылдауын, есте сақтауын, зейінін, салыстыру, жіктеуге өзін - өзі бақылауға үйретеді. Ойын мақсатында сай ойын шартын орындап, ондағы сұрақтар мен тапсырмаларға жауап беруге дағдыланады. Ойын шартын, ережесін қатаң сақтау арқылы онда жолдастарын тыңдай білу, олардың қатесін түзетуге көмектесу, ойын шартын түсіндіріп ойынды жалғастыру, жаңа ойын ережесін ойлап табу, белсенділік көрсетуге ынталандырылады. Оқу іс - әрекетін бекіту, меңгерген материал туралы түсінігін кеңейту, баланың шығармашылығын дамыту, тіл байлығын молайту үшін ойындар оқу іс - әрекетінің тақырыбына, мақсатына сай таңдалып алынады. Дидактикалық ойындардың тапсырмалары: сөйлеудің екі түрі монологтық және диалогтық сөйлесуге арналған. Мысалы, «Телефон» ойынында диалогтық сөйлеудегі әңгіменің мақсаты – бір нәрсе жайында сұралып, баланы оған жауап беруге, белгілі бір әрекетке түрткі болуға үйрету болып табылады.

Дидактикалық ойынның нәтижесі қандай болса да ұту емес ,балалардың білімді игеру ақыл-ой қызметін дамытуда,өзара қарым-қатынас жасауда жеткен жетістіктердің көрсеткіші.Дидактикалық ойындарды балалардың алдына қандай да бір міндеттер қойылады,оларды шешу үшін назарды жұмылдыруы,ерікті,зейін қою,ой күшін жұмсау,ережені ой елегінен өткізе білу іс-әрекетердің жүйелігін қиыншылықтарды жою керек болады.Олар балаларды түйсіну және қабылдау қабілетін дамытуға,ұғымдарын қалыптастыруға білімді меңгеруіне көмектеседі. Әрбір топта дидактикалық тұрғыдан жабдықталған ,қуыршақ,басқа да түрлі материалдар жабдықталып тұру керек

Мысалы мынадай дидактикалық ойындар: «Қуыршаққа моншақ тағамыз», «Сыңарын тап та алып кел», «Кім дәл табады», «Төлін тап», «Мысық пен торғайлар», «Түрлі-түсті көліктер» өткізуге болады.


Сюжетті –желілі ойындар.

Мектепке дейінгі балалар өмірінде елеулі орын, сюжетті-желілі ойындардың ерекшелігі сол,оны балалардың өздері жасайды.Ойынның дербес әрекеті айқын өнерпаздық және шығармашылық сипатта болады.Бұл ойындар ұзақ та,қысқа да болуы мүмкін.Ойынды бейнелеу құралы роль мен ойын әрекеттері болып табылады.Өзінің сипаты жағынан бұлар көбінесе еліктеу,шындықты көрсету болып табылады.

Ойын мен оқытудың өзара байланысы.

Ойын арқылы баланы дамытуға арналған тапсырмалар жүйелі бағытталып, ұйымдастырылса төмендегідей жетістіктерге жетуге болады.

-Балалардың ақыл-ойы кеңейеді;

-Өз бетімен еңбектенуі,ізденуі,жаңа нәрсені ойлап табу,талпыну қабілеттері ашылады;

-Логикалық ойлауы,ой-белсенділігінің артуы;

-Өзін-өзі бағалай білуі,өздігінен жетілу дағдылары қалыптасып дамиды;

Белгілі бір іс-әрекетті орындауға жігерлі еңбек ету,шығармашылық тапқырлығы үстей береді.Сондықтан біз психологтар іс-әрекет болсын серуен кезінде болсын балалардың іс-әрекеті мен ұштастырып отырсақ нұр үстіне нұр болар еді.

Барлық өткізілген іс-әрекетер барысында ойын түрлері кеңінен қолдануы тиіс .Ойын педогог пен баланың ,балалардың бір-бірімен еркін ынтымақтастығы негізінде құрылып өзіндік белсенділігіне,өзінің барынша толық ашылуына ететін деңгейде ұйымдастырылыу тиіс.

Баланың ақыл-ойына қиялына бір сәт еркіндік берсеңіз,оның тың,үлкен адамның ойына келмейтін жауаптар айтуы мүмкін.Ақ қағаз бетіне қиғаштап сызылған бір ғана сызықты әр бала өз бетінше әрі қарай жалғастыра түрлі заттың түрін бейнелейді.Неше болса ,сол суреттен соншама түрлі бейне көресің баланың қиял ғажайып ойының деңгейі сондайда байқалады.Мектепке дейінгі жастағы бала үшін айналамен танысып білудің басты жолы-ойын.

Балалардың шығармашылығы ойлау мен сөйлеу процестерін дамыту үшін педогог сабақты қызықты ойын түрінде үйымдастыра білсе,соғұрлым баланың дамуына үлес қостым деп айта алады.Ойын үстінде бала айналаны толық көріп ,өзіне бағындыра алады.Керекті,қызықты таңсық нәрсені ойынға кіргізіп өзіне таңғажайып айрықша жасап алады.Ойын үстінде бала бәрін ұмытып,батыл түрде өзінің жасаған ортасына кіріп кетіп,өзі қалаған бейнелерімен басқа өмір кешеді.

Баламен сабақ ойын түрінде өткізілсе тапсырмалар оңай орындалып,алға қойған межеге жету оңай болады.Ертегі кейіпкерлеріне,ойыншық кейіпкерге көмектесу баланың қызығушылығын оятып бәсекелестігін арттырады.Сондай-ақ ойлау,тапқырлық қабілетін дамытып адамгершілік,мейірімділік қасиеттерін оятады.

Педогог сабақ арасында ойынға қосылып бағыт ұстап отырса,ең аз сөйлейтін,сабаққа аз қатысатын баланың өзі ойын,өз қиялын жеткізе алатынын көруге болады.Баланың мүмкіндіктері мен қабілеттерінің деңгейін білген педогог ары қарай сол қасиеттерді аша түсуге қолдау көрсетіп жұмыс жасайды.Педогог балалармен бірге қосыла ойнағанда ғана дұрыс мағлұмат ала алады.Өте тұйық сәбидің өзі ойнап отырып ашылады,сараң күлетін бала ойын үстінде күледі.Таңдап ұстаған ойыншығына,ұнатып кірген рөлдеріне қарап тәжірибелі педогог бала сезімінің арқау жібін адаспай таба алады.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!