Материалдар / "Дигибридті будандастыру" ашық сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

"Дигибридті будандастыру" ашық сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні оқытушылары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Қараша 2018
912
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



«Семей» Медициналық колледжі» мекемесі

Учреждение «Медицинский колледж «Семей»






Ашық сабақ

Открытый урок

The open lesson



Оқу-әдістемелік кешені

Учебно-методический комплекс


Пән: Биология.

Предмет:


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі», 0302000 «Мейіргер ісі»

Специаность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер», 0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер».

Квалификация:


Тақырып: Дигибридті будандастыру.

Тема: Дигибридное скрещивание.

Theme: Dihybrid cross.


Оқытушы: Кабидолдинова Н.Т.

Преподаватель:


ӘБК мәжілісінде қаралды

Хаттама №________________

«____»____________ 20__ ж.

ӘБК төрайымы __________

Рассмотрено за заседании ПЦК

Протокол №________________

«____»____________ 20__ ж.

Председатель ПЦК_________


Оқу-әдістемелік кешеннің мазмұны

Содержание УМК


  1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартынан көшірме.

Выписка из ГОСО РК.


  1. Типтік оқу бағдарламасынан көшірме.

Выписка из типовой учебной программы.


  1. Жұмыс бағдарламасынан көшірме.

Выписка из рабочей программы.


  1. Сабақтың әдістемелік әзірлемесі.

Методическая разработка занятия.


























Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің 2017 жылғы____________

____­­­­­­ бұйрығына 8-қосымша

Қазақстан Республикасының

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму

министрінің міндетін

атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі

647 бұйрығына 5-2-қосымша


1.Жалпы ережелер


      1. Осы медициналық мамандықтар бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға бірдей міндетті стандарты (бұдан әрі – МЖМБС) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 175-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және медициналық мамандықтар бойынша білім алушылардың техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ).

МЖМБС-нда мынадай терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

  1. біліктілік – алынған мамандық бойынша қызметтің белгілі бір түрін құзыретті орындауға даярлық деңгейі;

  2. денсаулық сақтау саласындағы білім беру ұйымдары (бұдан әрі – білім беру ұйымдары) - денсаулық сақтау жүйесі үшін кәсіптік ғылыми-педагогикалық, медициналық және фармацевтикалық кадрлар даярлауды, біліктілігін арттыру мен қайта даярлауды іске асыратын білім беру ұйымы;

  3. оқу жұмыс жоспары (бұдан әрі – ОЖЖ) – білім беру ұйымының басшысы бекітетін оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін, бірізділігін, қарқындылығын және оқытуды ұйымдастырудың негізгі нысандарын, білім алушының білімі мен іскерлігін бақылауды және кәсіптік даярлығын бағалауды регламенттейтін үлгілік оқу жоспарының негізінде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы әзірлейтін құжат;

  4. оқу жұмыс бағдарламасы (бұдан әрі – ОЖБ) – білім беру ұйымының басшысы бекітетін үлгілік оқу бағдарламасы негізінде нақты оқу жұмыс жоспарына арналған техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары әзірлейтін құжат;

  5. кәсіптік құзырет (бұдан әрі – КҚ) – білім, іскерлік пен дағдылар, сондай-ақ кәсіптік қызметті тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік беретін жеке қасиеттер негізінде маманның кәсіптік міндеттер жиынтығын шешу қабілеттілігі;

  6. кәсіби практика – кәсіптік білім беру және білікті техникалық және қызмет көрсету саласының қызметкерлерін жұмыс істеуге оқытудың тиімді нысанының білім беру процесінің ажырамас бөлігі;

  7. құзыреттілік – кәсіби әрекет және білім, дағды және кәсіби тәжірибе бірлігі негізінде маманның кәсіби міндеттердің нақты жиынтығын шеше білу қабілеттілігі;

  8. базалық құзырет (бұдан әрі – БҚ) – өзін-өзі және жеке қызметін басқару қабілеттілігі, өзін-өзі ынталандыруға және өзін-өзі ұйымдастыруға бейімділігі;

  9. білім беру бағдарламасы – пәндер тізімі арқылы білім беру жүйесінің белгілі бір кезеңін білім беру мазмұнын анықтайтын құжат және оларды зерделеу мақсатын, оқу мерзімінің көлемін қамтиды;

  10. нормативтік оқу мерзімі – нақты оқу нысаны бойынша кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру мерзімі;

  11. оқу жоспарының моделі – техникалық және кәсіптік білім беру мазмұнының инварианттық негізгі құрылымдық құрамын бейнелейтін оқу жоспарын сипаттайтын нысан;

  12. орталықтанған науқас – кәсіби қызметтің пациенттің өмірі мен оны қоршағандарға бағытталуы;

  13. үлгілік оқу жоспары (бұдан әрі – ҮОЖ) – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мамандықтар мен біліктіліктерге, оқыту мерзіміне қатысты оқу пәндерінің тізбесі мен көлемін белгілейтін, оқу жоспарының моделі негізінде әзірленетін құжат;

  14. кәсіби үлгілік оқу бағдарламасы (бұдан әрі – ҮОБ) – үлгілік оқу жоспарының нақты пәні бойынша меңгерілуге тиіс білім, іскерлік және дағдының мазмұны мен көлемін айқындайтын құжат;

  15. цикл – білім берудің бір бағытындағы оқу пәндерінің жиынтығы.

Циклдің (пәннің) индексі

Пәннің, практиканың атауы және негізгі бөлімдері

Пәннің мазмұны

Қалыптасатын құзыреттер қолы


ЖБП

Жалпы білім беру пәндері



ЖБП 12

Биология

Биологиялық ғылымның негізгі принциптері, ағзалардың өміршіңдігі, олардың тарихи дамуы, құрылымы мен қызметі, антропогенді фактор әсерінен экологиялық жүйенің өзгерісі. Табиғатқа және органикалық әлемнің эволюция негізіне деген жауапкершілік. Тірі ағзалардың өміршіңдігі мен қызметінің құрылымын эволюциялық көзқараспен қарау (қарапайымнан күрделіге). Дүниетанымдылықты дұрыс қалыптастыру үшін биологиялық түсініктер мен заңдылықтар негізін білу. Жасушаның құрылымы мен функциясы. Жасушадағы зат пен энергияның алмасуы. Жасушаның көбеюі мен дамуы. Генетика және селекция негіздері. Эволюциялық ілімнің негіздері. Органикалық дүниенің заңдылықтары мен даму жолдары. Адам эволюциясы. Биосфера ілімінің негіздері.

БҚ-1.

БҚ-2.

БҚ-3.

БҚ-4.

КҚ-1.

КҚ-2.

КҚ-3.

КҚ-4.

КҚ-5.

КҚ-6.

КҚ-7.

КҚ-8.

КҚ-9. КҚ-10.

КҚ-11.

КҚ-12.










Қазақстан Республикасының мемлекеттік

стандартынан көшірме

Выписка из государственного стандарта РК

ҚР МЖМБС 29.07.2016-661

ГОСО РК 29.07.2016-661

Биология:

Биология:

  • Биология ғылымының теориясының жалпы негізі;

  • Цитология негіздері;

  • Жасушаның құрылысы мен атқаратын қызметтері;

  • Жасушадағы зат алмасу және энергияның айналымы;

  • Организмдердің көбеюі мен жеке дамуы;

  • Генетика және селекция негіздері;

  • Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары;

  • Өсімдіктер, жануарлар және микроорганизмдердің селекциясы;

  • Биосфера туралы ілім негіздері;

  • Адамның шығу тегі;

  • Эволюциялық ілім;


Білуі керек:

Знать:

  • Биология ғылымның негізгі қағидаларын, ағзалардың тіршілік әрекеттері, олардың жеке және тарихи дамуы, жүйесі, құрылымы және қызметі, адам әрекетінің экологиялық жүйелерде болатын өзгерістерге әсері туралы білімді қамтамасыз ету.;

  • Экологиялық білім және тәрбие, табиғатқа жауапкершілікті қарым-қатынас, органикалық дүние эволюциясы білім негізінде табиғатты қорғау іс –әрекетіне дайындауды қамтамасыз ету ;

  • Тірі организмдердің құрылысын, қызметін, тіршілік әрекеттерін эволюциялық тұрғыда түсіндіру;(қарапайымнан күрделене түсуі).

  • Тірі организмдерге тән қасиеттерді оқыту барысында өлкетану материалдарын кеңінен пайдалану;

  • Білім алушылардың жалпы дүниетанымын дұрыс қалыптастыруда биологиялық ұғымдарды, көзқарастарды, заңдылықтарды негізгі тірек ретінде пайдалана білу;


Істей білуі керек:

Уметь:

  • Оқулықты және дидактикалық материалдарды пайдалана отырып, жұмыс істеу тәсілдерін үйрену;

  • Тәжірибелік, зертханалық жұмыстарды орындау барысында теориялық білімдерін пайдалана білу;

  • Пәнаралық байланыстарды қалыптастыру;

  • Биологиялық заңдылықтарды түсіндіру кезінде күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, тапқырлыққа тәрбиелеу;

  • Қорытынды тест, алдын алу жаттығуларын және талап мөлшерлерін орындау.




Мамандық бойынша білім беретін оқу бағдарламасын меңгеру нәтижесінде білім алушы:


6.4 0301013, 0302033 – «Емдеу ісі», «Мейіргер ісі» біліктілігі бойынша бүтіндей оку-тәрбие процессі барысында қалыптасатын маманның біліктілік деңгейіне сәйкес келетін базалық құзыретке ие болуы тиіс.







































Типтік оқу бағдарламасынан көшірме

Выписка из типового учебного плана


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі», 0302000 «Мейіргер ісі»

Специальность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер», 0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»

Квалификация:


Тақырыптық жоспар:

Тематический план:


Пән бойынша барлық сағат: 118 сағат

Всего часов по предмету:


Теория: 60

Тәжірибе:

Практика:


Типтік оқу бағдарламасы:

Типовая учебная программа:


Пәннің мазмұны: Биология пәні жаратылыстану ғылымдарының негізгі пәндерінің бірі ретінде ұсынылып отырған оқу бағдарламасы биологиялық білімнің мақсаты мен міндетіне сәйкес келеді.

Содержание дисциплины:

Теориялық сабақ: 2

Теоретическое занятие:


Тәжірибелік сабақ:

Практическое занятие:











Жұмыс бағдарламасынан көшірме

Выписка из рабочей программы


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі», 0302000 «Мейіргер ісі»

Специальность:


Біліктілік: 0301013 «Фельдшер», 0302033 «Жалпы тәжірибедегі мейіргер»

Квалификация:


Пән: Биология

Предмет:


Курс І семестр І


Осы тақырыпқа берілген барлық сағат саны: 60

Общее количество часов на данную тему:


Теория: 2 сағат

Тәжірибе/Практика:


22 сабақ

Тақырып: Дигибридті будандастыру.

Тема:


Сабақтың түрі: теория

Вид урока:


Сабақтың типі: аралас сабақ

Тип урока:


Сағат саны: 2

Количество часов:


Сабақтың өтетін орны:

Место проведения урока:

Білім алушы білу керек: Дигибридті будандастыру. Мендельдің ІІІ заңы. Тұқымқуалаушылықтың хромосомалық теориясы.

Обучающийся должен знать:


Білім алушы игере білу керек: Генетикалық есептер шығару.

Обучающийся должен уметь:


Оқытушыға арналған әдебиеттер: 1- Т.Қасымаева, К.Мұхамбетжанов «Жалпы биология» жаратылыстану-математикалық бағытта 10-11 класс, - Алматы, Мектеп 2014ж.

Литература для преподавателя:

Білім алушыға арналған әдебиеттер:1 - Т.Қасымаева, К.Мұхамбетжанов «Жалпы биология» жаратылыстану-математикалық бағытта 10-11 класс, - Алматы, Мектеп 2014ж.

Литература для обучающихся:

Теориялық сабақтың әдістемелік әзірлемесі

Методическая разработка теоретического занятия


Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»

Специальность:


Сабақтың типі: аралас сабақ

Тип занятия:


Өткізу әдісі: Теория

Методика проведения:


Сағат саны: 2

Количество часов:


Сабақтың өтетін орны:

Место проведения занятия:


Сабақтың тақырыбы: Дигибридті будандастыру.

Тема урока:


Сабақтың мақсаты: Дигибридті будандастыруға түсінік беріп, белгілердің ажырауын мысалдар келтіріп талдау.

Цель занятия:


Сабақтың міндеттері: Мендельдің үшінші заңының мәнін түсіну.

Задачи занятия:


Білімділік: Студенттерді дигибридті будандастырумен, Г.Мендельдің 3-ші заңының негізімен таныстыру.

Образовательная:

Дамытушылық: Генетика ғылымы,тұқым қуалаушылық, генотип, фенотип, гомозигота, гетерозигота ұғымдары жайлы білімдерін дамыту.

Развивающая:


Тәрбиелік: Г.Мендельдің еңбегінің зор маңызын түсінуге, еңбекқорлығынан үлгі алуға тәрбиелеу.

Воспитательная:


Сабақтың жабдықтары: Оқулық, Прзентация №22, карточка №8, плакат, мультимедиялық тақта.

Оснащение занятия:



Пәнаралық байланыс: Математика.

Межпредметная связь:


Пәнішілік байланысы: Молекулалық биология, генетика.

Внутрипредметная связь:



Теориялық сабақ барысының технологиялық картасы

Технологическая карта конструирования этапов теоретического занятия




Сабақ бөлімдерінің атауы

Название раздела занятия

Уақыт тәртібі

Временной режим


1

Ұйымдастыру кезеңі

Организационная часть



2 минут



2

Оқытушының кіріспе сөзі

Целевая установка занятия



3 минут



3

Білімнің негізін өзектілей (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме



25 минут



4

Жаңа тақырыпты түсіндіру

Изложение нового материала



40 минут


5

Жаңа тақырыпты бекіту

Закрепление новой темы



10 минут


6

Баға қою

Выставление оценок



5 минут


7

Үй тапсырмасы

Домашнее задание



5 минут











Теориялық сабақтың барысы

Ход теоретического занятия


1.Ұйымдастыру кезеңі. Амандасу. Студенттерді түгендеу. Психологиялық ыңғайлану.

Организационная часть


2. Оқытушының кіріспе сөзі. Бүгін біздің өтетін тақырыбымыз: «Дигибридті будандастыру.» (сабақтың тақырыбы мен мақсатына шолу). Бүгінгі сабақтың ерекшелігі топпен жұмыс жасаймыз.Топтың аты карточкамен беріледі, карточканы топ басшылары келіп алады: тарихшылар, теоретиктер, математиктер, генетиктер.

Целевая установка занятия. (обзор темы и цели занятия)


3.Білімнің негізін өзектілеу (негіздеу). Үй тапсырмасын тексеру.

I. Карточкалардың көмегімен әр топқа кластер жасауға тақырып беріледі. (Карточка №8).

II. Сканворд шешу «Дигибридті будандастыру»:

1. Генетиканың негізін қалаушы австриялық табиғат зерттеушісі? (Г.Мендель) .

2.Организмнің ішкі және сыртқы белгілерінің жиынтығы? (Фенотип).

3. Ғылымға «Генетика терминін» енгізген ғалым? (Бэтсон).

4. Тұқымқуалаушылық пен өзгергіштікті зерттейтін ғылым? (Генетика).

5. Бір ғана жұп белгілері бойынша айырмашылығы бар ата-аналық формаларды будандастыру қалай аталады? (моногибридті будандастыру)

6. Бірінші ұрпақта көрінбей қалған белгі қалай аталады? (рецессивті)

7. «Ұрық плазмасы» туралы болжас ұсынған неміс зоологы? (Вейсман)

8. Әр түрлі ата-аналардан алынған екі жыныс жасушаларының қосылу үрдісі? (будандастыру)

9. Ата-аналарынан алынған гендердің толық жиынтығы қалай аталады? (генотип)

10. Мендельдің бірінші заңының басқаша атауы? (біркелкілік заңы)

Актуализация опорных знаний, над которыми обучающиеся работали дома по теме:


4.Жаңа тақырыпты түсіндіру. Дигибридті будандастыру.

1. Белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы

2. Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері.

3. Гаметалар тазалығы ережесі

1. Моногибридті будандастыруға тәжірибе жасағанда, Мендель бір жұп қарама-қарсы белгілердің бірнеше ұрпақ бойы тұқым қуалау сипатын зерттеудің нәтижесінде екі заңдылықты ашқан болатын. Атап айтқанда, бірінші будан ұрпақтарының белгілерінің біркелкі болуы және белгілердің ажырауы заңдары. Алайда табиғатта екі-үш немесе одан көп белгілері бойынша айырмашылықтары болатын өсімдіктер мен жануарлардың арасында да өзара будандастырулар жүреді. "Мұндай жағдайда белгілердің тұқым қуалауы қандай заңдылықтарға бағынады және қалай жүреді ?" деген сұрақ туады. Міне, осы бағытта Мендель екі жұп қарама-қарсы белгілері бар дараларды будандастырды. Мұндай буданстыруға ол бұршақтың екі белгісінде айырмашылықтары бар, яғни тұқымдары сары, жасыл түсті және қабығы тегіс, бұдыр сорттарын алды. Будандастыруға алынған даралар гомозиготалы болғандықтан, бірінші ұрпақтағы барлық будандардың тұқымдары біркелкілік заңына сәйкес сары түсті және тегіс пішінді болып шықты. Демек, аллельді гендердің бірінші жұбында тұқымның сары түсі - доминантты, ал жасыл түсі - рецессивті белгі. Аллельді гендердің екінші жұбындағы тұқымның тегіс пішіні доминантты да, бұдыр пішіні рецессивті белгі ретінде тұқым қуалайды. Егер осы бірінші ұрпақ F1 будандарын өзара будандастырса, екінші ұрпақта F2 белгілердің ажырау сипаты моногибридтіге қарағанда біршама күрделірек болады. Мысалы, Мендель зерттеулерінде алынған барлық 556 тұқымның 315-сі сары тегіс, 101-і сары бұдыр және 108-і жасыл тегіс, ал 32-сі жасыл бұдыр болған. Олай болса, екінші ұрпақта F2 әртүрлі фенотип алынды деп есептесек, олардың сандық арақатынасы, шамамен 9АВ:3Ав:3аВ:1аа - ға тең немесе 9:3:3:1 қатынасына сәйкес келеді.

Әр түрлі гаметалар типтерінің үйлесімділігін жеңіл анықтау үшін ағылшын генетигі Р.Пеннет тор жасауды ұсынды. Кейіннен бұл Пеннет торы деп аталды. Тордың сол жағындағы тік сызық бойымен аналық, жоғары жағындағы көлденең сызық бойымен аталық гаметаларды орналастырады. Ал тордың ұяларында аналық және аталық гаметалардың үйлесуінен пайда болған зиготалар жазылады. Пеннет тордың көмегімен екінші ұрпақ дараларының фенотипі мен генотипін оңай анықтайды.

Ғ9 ұрпақта белгілердің фенотипі бойынша ажырауы мынадай 9:3:3:1 сандар қатынасында болған. Сонда 9 өсімдіктің тұқымы сары, тегіс; 3 өсімдіктің тұқымы сары, бұдыр; 3 өсімдіктің тұқымы жасыл, тегіс; 1 өсімдіктің тұқымы жасыл, бұдыр болған. Дигибридті будандастыруда Ғ2 кезінде генотип бойынша ажырауы (1:2:1:2:4:2:1:2:1) белгілердің екі жұбының әрқайсысының 1:2:1 қатынасында ажырауын көрсетеді.

Мендель Грегор Иоганн

Мендель дигибридті будандастыру кезіндегі екінші ұрпақта белгілердің 9:3:3:1 қатынасында ажырауын сараптай келе белгілердің тәуелсіз ажырау заңын тұжырымдады. Бұл заңда "будандастыру жағдайында жұп қарама-қарсы белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды және әр жұп белгілердің ажырауы 3:1 қатынасында жүреді" делінген.

Екі және одан көп қарама-қарсы жұп белгілері бойынша гетерозиготалы екі дараларды будандастырғанда, гендер және олар анықтайтын белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды және мүмкін болғанша үйлесімдер түзе алады. Енді әр жұп белгінің тұқым қуалау ерекшелігін көрейік. Тұқымның түсі бойынша қарасақ, онда алынған 16 өсімдіктің ішінде сары тұқымды 9 + 3 = 12 бөлікті, ал жасыл тұқымды 3 + 1 = 4 бөлікті құрайды. Сонда сары тұқымды өсімдікпен жасыл тұқымды өсімдіктің ара қатынасы 12:4 немесе 3:1 тең болады. бұл моногибридті будандастырудағы белгілердің ажырауын көрсетіп тұр. Егер тұқымдардың пішіні бойынша алсақ, онда тегіс пішінділері 9+3=12 бөлікті, ал бұдыр пішінділері 3+1=4 бөлікті құрайды. Тұқымның пішіні бойынша белгілер 12:4 немесе 3:1 қатынасында ажырайды. Сонымен дигибридті будандастыруды екі моногибридті будандастырудың көбейтіндісі деп атауға болады. Мысалы, (3 сары: 1 жасыл) х (3 тегіс: 1 бұдыр) = 9 сары, тегіс : 3 сары, бұдыр : 3 жасыл, тегіс : 1 жасыл, бұдыр. Мендель ашқан бұл құбылыс кейін белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы немесе Мендельдің үшінші заңы деп аталды. бұл заңның орындалуы үшін екі жағдай болуы қажет. Будандастыру кезінде бір белгі екінші белгіден толық басымдылық көрсетуі тиіс. Екіншіден, тұқым қуалайтын гендер әр түрлі хромосомада орналасуы керек. Осыған сәйкес екінші ұрпақта ата-аналарынан өзгеше жаңа белгілері бар өсімдіктер пайда болады. Мысалы, тұқымы сары, бұдыр (Aabb) және тұқымы жасыл, тегіс (ааВb). Белгілердің бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалау заңына сәйкес, бұл әр хромосомада орналасқан гендердің тәуелсіз алмасуының нәтижесінде түзіледі. Мұның селекция үшін үлкен маңызы бар.

  1. Дигибридтік будандастыру нәтижесінде әр түрлі хромосомада орналасқан гендер анықтайтын белгілер бір-бірінен тәуелсіз тұқым қуалайды. Бұл — Мендельдің үшінші заңы.

  2. Екінші ұрпақта ата-аналарынан өзгеше жаңа белгілері бар даралар пайда болады.

  3. Полигибридті будандастыруда белгілердің ажырауын Пеннет торы арқылы көрсету тиімді.

Тордың сол жағына тік сызық бойымен аналық, ал жоғары көлденең сызық бойымен аталық гаметалар орналастырылады. Тордың шаршыларында гаметалардың үйлесімдері жазылады. Бұл үйлесімдерді ұрықтану нәтижесінде түзілген зиготалардың генотиптері деп түсіну керек. Аллельді гендер әдеттегідей біркелкі әріптермен, яғни тұқымның сары түсін анықтайтын генді А, жасыл түсін а; тегіс қабаты В, ал бұдыр қабаты b әрпімен белгілейді. Осыған байланысты ата-аналық гомозиготалы даралардың генотиптерін ААВВ және ааbb деп алсақ, олардан түзілетін гаметалар АВ және аb болады. Барлық будандық ұрпақ екі жұп белгі бойынша гетерозиготалы. Әр дарада қатынасы А және В гендерінің болуына байланысты фенотиптері ата-аналық доминантты белгісі бар біреуіне ұқсайды. Пеннет торына қарап, мұндай дигетерозиготалы (АаВb) дарадан төрт түрлі гаметалар: АВ, Аb, аВ және аb түзілетінін көре аламыз. Аталық және аналық даралардың әрқайсысынан төрт-төрттен түзілген гаметалар қосылған жағдайда, F2 - де 16 түрлі үйлесім пайда болады. Осы екінші ұрпақта зерттеліп отырған аллельді жұп белгілердің тұқым қуалау ерекшелігін анықтау үшін белгілердің әр жұбына жеке-жеке есептеулер жүргізілген. Алдымен тұқымның түсі бойынша есептегенде, 416 сары және 140 жасыл түсті тұқым, ал пішініне қарай есептегенде, 423 тегіс және 133 бұдыр тұқым бар екені анықталған. Ендеше, белгілердің әр жұбы бойынша фенотиптік ажырау, шамамен 3:1 арақатынасына тең. Мұны Пеннет торынан да көруге болады. Ондағы 16 түрлі үйлесімнің 12-сі сары тұқымды, 4-еуі жасыл тұқымды, сондай-ақ екінші жұп белгісі бойынша 12-сі тегіс , ал 4-еуі бұдыр тұқымды көрсетеді. Сондықтан ажырау арақатынасы 12:4 немесе 3:1-ге тең болғандықтан, белгілердің кез келген жұбы бойынша ажырау өзге жұбына байланыссыз жүреді деген қорытынды жасалады. Бұл құбылысты белгілердің тәуелсіз ажырау заңы деп, оған мындай анықтама беріледі: бір-бірінен айқын екі(немесе бірнеше) жұп белгі бойынша ажыратылатын гомозиготалы дараларды будандастырған жағдайда екінші ұрпақта белгілер жұбының тәуелсіз тұқым қуалалауы және олардың ата-аналарына ұқсамайтын жаңа үйлесімдер түзілуі байқалады. Басқаша айтқанда, дигибридті будандастыру бір-біріне байланысы жоқ екі моногибридті будандастыру болып табылады.

Қорыта айтқанда, дигибридті будандастыру кезінде F2-дегі будан ұрпақтың белгілерінің ажырау нәтижесі мынадай болады:

1. F2-дегі будандар фенотипі бойынша 4 түрлі болған. Саны жағынан алғанда 9 сары тегіс, 3 сары бұдыр, 3 жасыл тегіс, 1 жасыл бұдыр фенотиптер түзілген.

2. Бұл будандарды генотиптері бойынша қарастырсақ та 9 түрлі болады: 1ААВВ : 4АаВb : 2ААВb : 2АвВВ : 2АаВВ : 2ааВb : 1ААbb : 1ааВВ : 1ааbb.

3. Әрбір жұп аллельді генотиптері моногибридті будандастырғандай 1:2:1 (4АА : 8Аа : 4аа және 4ВВ : 8Вb : 4bb) қатынасында ажырайды. Фенотиптері бойынша да әр белгі өз алдына моногибридті будандастырудағыдай (3:1) 12 сары : 4 жасыл және 12 тегіс : 4 бұдыр қатынасындай болады.

F2-дегі будан өсімдіктер тұқымдарының түсі мен пішіні жағынан ата-аналарынан өзгеше бірнеше комбинация түзеді. Осыған байланысты екінші ұрпақта ата-аналарынан өзгеше жаңа формалар пайда болады. Мысалы, тұқымы сары бұдыр, жасыл тегіс өсімдіктер.

Сөйтіп, Мендель өзінің жүргізген тәжірибелеріне және оларға жасалған талдаулардың нәтижесіне сүйене отырып, үшінші заңын ашты. Ол белгілердің тәуелсіз тұқым қуалау заңы деп аталады.

2. Дигибридті будандастырудың цитологиялық негіздері.

Г.Мендель бұршақ өсімдігіне жасаған тәжірибенің негізінде бірнеше заң ашқан болатын. Ол кезде жасушаның мейоздық бөлінуі, ДНҚ-нің редупликациялануы, тұқым қуалаудың хромосомалық теориясы және т.б. ашылмаған еді. Кейіннен цитология ғылымының дамуына байланысты Мендельдің заңдары цитологиялық тұрғыдан қайта қарастырылды.

Атап айтқанда, моногибридті және дигибридті будандастырулар жасушаның мейоздық бөлінуі тұрғысынан толық дәлелденді.

Таяқша тәрізді хромосомаларда тұқымның сары және жасыл түсін анықтайтын А және а гендері, нүкте тәрізді хромомсомаларда тегіс және бұдыр қабықты анықтайтын В және b гендері орналасқан делік. Олай болса, аналық дарадағы екі қызыл таяқша тәрізді хромосомаларда АА; екі қызыл нүкте тәрізді хромосомаларда ВВ гендері; аталық дарадағы дәл сондай көк түсті хромосомаларда аа және bb гендері орналасады. Бұл даралардың әрқайсысынан тек бір-бір сортты гаметалар түзіледі. Гаметаларда мейоздық бөлінуге байланысты ұқсас хромосомалардың әр жұбынан бір хромосомадан ғана бар. Мұндай гаметалар қосылғанда дигетерозиготалық, яғни белгінің екі жұбы бойынша да гетерозиготалы АаВb генотипі қалыптасады. Генотипі дигетерозиготалы организмнен мейоз кезінде хромомалардың экватор жазықтығында кездейсоқ орналасу ретіне байланысты олардың әр жұбынан бір-бір ұқсас сыңардан екі жақ полюске тартылады. Полюске жеткен ұқсас немесе екі жұп хромосомадан төрт түрлі үйлесім түзіледі. Соған сәйкес төрт түрлі гаметалардың қалыптасу мүмкіндігі болады.

Ұрықтану кезінде гаметалардың қосылуы да кездейсоқ жүреді. Міне, соның нәтижесінде екінші ұрпақта F2 9 түрлі генотип түзіліп, 4 түрлі фенотип көрініс береді. Бұл фенотиптердің екеуі ата-аналық дараларға ұқсас келеді. Олар - сары және тегіс, жасыл және бұдыр тұқымдар. Қалған екі түрлі фенотип ата-аналарына мүлде ұқсамайды. Олар - сары және бұдыр, жасыл және тегіс тұқымдар. Мұны мейоз кезіндегі қосылу(конъюгация) құбылысына байланысты гендердің алмасуының нәтижесінде түзілген жаңа үйлесімдер деп түсінуге болады.

Полигибридті будандастыру. Бір-бірінен үш немесе одан да көп белгілерінде айырмашылығы бар дараларды будандастыруды полигибридті будандастыру деп атайды. Оларда белгілердің ажырау сипаты дигибридті будандастырмен салыстырғанда біршама күрделірек болады. Мысалы, егер тұқымы сары тегіс, қызыл гүлді бұршақ өсімдігін тұқымы жасыл бұдыр, ақ гүлді бұршақпен будандастырса, доминанттылық заңына сәйкес F1- де алынатын будан ұрпақтың барлығы да біркелкі, яғни аналық өсімдікке ұқсас болып шығады. F2-де күрделі ажырау жүреді. Тұқымның пішінін анықтайтын гендерді Аа, түсін Вb, ал гүлдің түсін Сс деп белгілейік. Сонда ата-аналық формалардың біреуінің генотипі ААВВСС, ал екіншісінікі ааbbсс, ал F1- де алынатын будан организмдікі АаВbСс болып келеді. Мұндай будан өсімдік сегіз түрлі гамета түзеді: АВС, АВс, АbС, Аbс, аВС, аВс, аbС, аbс. Сегіз типті аналық жыныс жасушалары сегіз типті аталық гаметалармен кездейсоқ кездесіп, өздігінен тозаңданудың нәтижесінде F2-де зиготалардың 64 түрлі комбинациясы түзіледі. F2-дегі даралар фенотип бойынша 8 түрлі топқа бөлінеді. Олардың арақатынасы: 27АВС:9АВс:9АbС:9аВС:3Аbс:3аВс:3аbС:1аbс. Сонда фенотип бойынша 27:9:9:9:3:3:3:1 арақатынасындай болып келуі тригибридті будандастыру кезінде гендердің тәуелсіз ажырауына байланысты болады.

Қорыта айтқанда, Мендель жоғарыда келтірілген зерттеулерінің негізінде тұқымқуалаушылықтың аса маңызды заңдылықтарын ашты және оның табиғатын анықтады. Бір белгінің тұқым қуалауының екінші белгіге тәуелсіз екендігін дәлеледей отырып, ол тұқымқуалаушылықтың дискреттелегін(оқшаулығын), бөлшектене алатындығын және генотиптің организмдегі белгі-қасиеттерді анықтайтын бірліктердің жиынтығынан тұратындығын көрсетті.

3. Гаметалар тазалығы ережесі. Бірінші буында алынатын будандардың біркелкі болуы мен екінші буын ұрпақтарында белгілердің ажырау құбылысын түсіндіру үшін Мендель гамета тазалығы болжамын ұсынды. Оның мәні — организмнің кез келген белгі-қасиетінің дамуын тұқым қуалау факторы, яғни ген анықтайды. Мысалы, раушан өсімдігінің қызыл гүлділері мен ақ гүлділерін алып будандастырғанда, бірінші будандық ұрпақтың барлығы қызыл гүлді болған. Ол бірінші будан ұрпақта қызыл гүлді өсімдіктің доминантты “Аң гені бар гаметасы мен ақ гүлдінің рецессивті “аң гені бар гаметаларының қосылуының нәтижесі болып есептеледі. Сондықтан, олардың генотипінде гүлдің қызыл түсін де, ақ түсін де анықтайтын гендер болады. Бірақ қызыл түстің гені доминантты болғандықтан, бірінші ұрпақтың барлығы да қызыл гүлді болады. Сонда олардың фенотипі бірдей болғанымен генотипінде екі түрлі ген болғаны. Ал ондай будан организмнен гамета түзілгенде оған тек бір ғана доминантты А гені немесе рецессивті “аң гені беріледі. Бұл жағдайда будан организмнің гаметасында аллельді (жұп) гендер бір-бірімен араласып кетпей, таза күйінде сақталады. Мұны гамета тазалығы дейді.Моногибридті будандастырудың цитологиялық негіздері. Мендельдің әлемге әйгілі тұқым қуалау заңдылықтары 1865 жылы жарияланғанымен сол кезде толық қолдау таппай, 1900 жылға дейін белгісіз болып қалды. Өз тәжірибелері негізінде дұрыс нәтиже алғанымен бірінші ұрпақтағы будандардың біркелкі болуы және екінші ұрпақта белгілердің ажырау себептері, гаметалар тазалығының механизмдері Мендельге белгісіз болды. Себебі, ол кезде клетка туралы мәліметтер жеткіліксіз еді. Атап айтқанда, клетканың тұқым қуалау аппараты, митоздық бөліну, мейоз, гаметалардың түзілуі мен ұрықтануы, т.б. Ал қазір цитология ғылымы жан-жақты зерттеулер нәтижесінде орасан зор табыстарға жетті. Сондықтан, Мендель заңдарына цитологиялық тұрғыдан негіздеме беруге толық мүмкіндік бар.

Мұндай будандарды өзара будандастырғанда екінші (Ғ2) ұрпақта белгілер ажыраған. Сонда толымсыз доминанттылық жағдайда Ғ1-дің генотипі Аа гетерозиготалы болса, Ғ2-де 1АА; 2Аа, 1аа қатынасында белгілер ажырайды. Бұл Мендельдің екінші заңына сәйкес келеді .Фенотипі бойынша раушан өсімдігі гүлінің тұқым қуалауы 1 қызыл: 2 қызғылт: 1 ақ түсті ара қатынаста болады. Осындай бірінші будан ұрпақ белгілерінің аралық сипатта болуы толымсыз доминанттылық деп аталады.


Изложение нового материала.


5.Жаңа тақырыпты бекіту. «Алтын қақпа» ойыны. Қателікті тап!

Тас қақпа:

  1. Мендельдің үшінші заңы бойынша дараларды дигибридті будандастыру нәтижесінде фенотипі бойынша 2 түрлі белгі көрініс береді. (4 түрлі белгі көрініс береді)

Күміс қақпа:

1. Екі бірдей белгісі бойынша будандастыруды дигибридті будандастыру деп атайды.

2. АаВв дигетерозиготалы дарадан мынандай 4 түрлі гамета түзіледі: АА, ВВ, Аа, Вв.(АВ, Ав, аВ, ав).

Алтын қақпа:

Бекітуге арналған есеп: Адамдарда қара түсті шаш сары түсті шашқа қарағанда доминантты, қоңыр көз- көк көзге қарағанда доминантты. Сары шашты көк көзді ер адаммен гетерозиготалы қоңыр көзді сары шашты әйел адамның некесінен болатын балалардың фенотипі мен генотипін және ата – анасының генотипін жазыңдар.

Берілгені: Шешуі:

А-қара шаш P aaBb x aabb

а-сары шаш G aB, ab ab

В-қоңыр көз F1 aaBb aabb

в-көк көз сары шашты, сары шашты,

қоңыр көз көк көз

Жауабы: Фенотипі бойынша: сары шашты, қоңыр көзді және сары шашты, көк көзді балалары болады.

Генотипі бойынша: гетерозиготалы және гомозиготалы рецессивті.

Ата-анасының генотипі: гетерозиготалы және гомозиготалы рецессивті

Закрепление новой темы. Вопросы, задания для закрепления.


6.Баға қою__________________________________________________ __________________________________________________________________________________________________________________________

Выставление оценок


7.Үй тапсырмасы.

Тақырыбы: Дигибридті будандастыру. (1).Т.Қасымбаева,

К.Мұхамбетжанов «Жалпы биология» 239-249 беттер оқып, мазмұндау.

Домашнее задание.

Тема:

Литература:

Picture 5





21


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!