Материалдар / Диктанттар жинағы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Диктанттар жинағы

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Желтоқсан 2020
1024
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Page 1


Алғы сөз

Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесіне
жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып
саралауды,оқушылардың шығармашылық потенциалын дамытуды,мұғалім іс-
әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын,
әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл
білім мекемелерінің мұғалімдеріне, педогогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны
қолдануына, педагогикалық процесті кез келген үлгімен құруға мүмкіндік
береді.
Қазіргі кездегі оқытудың тиімділігін арттыру мақсатында жаңа білім
парадигмасына сүйене отырып жасалған диктанттар жинағы бастауыш сынып
мұғалімдері мен оқушыларына көмекші құрал ретінде ұсынылып отыр.
Бұл жинақта мұғалімдерге күнделікті практикалық жұмыстарына қажет
деген материалдар жинақталған.Оларды оқушылардың тілін ұстартып, ой-
өрісін кеңейтіп, білімдерін тереңдетуге, өтілген ережелерді қаншалықты
меңгергендіктерін анықтап, сауатты жазуға одан әрі жаттықтыра түсу үшін
пайдаланылады.
Бұл диктанттар жинағына 1-4 сыныптарда өтілетін ана тілі және қазақ тілі
сабақтарымен қатар тіл дамытуға арналған материалдар жинақталған.
Мұндағы текстер әрбір сыныптың бағдарламалық талаптарына сай,
оқушылардың жас ерекшеліктері мен ой-өрістері ескеріле отырып
құрастырылған. Алынған текстердің білімділік, тәрбиелік мәндерінің жоғары
болуы мен пәнаралық байланыс жағы да қарастырылған. Сабақ материалына
лайықталған, оқушының орындай алатын іс-әрекетімен шектелу жеткіліксіз.
Оқушыларды ізденуге, ойлануға, шығармашылығын дамытуына арналған
мұғалімдерге көмекші құрал.















Page 2

1сынып
Буын диктанты
Іс, іс-ті, іш, іш-ті, іл, іл-ді, бір, екі, ки-ді, ки-ім, кім, ы-дыс, Ы-ды-рыс, Ы-
рыс-ты, жыл, жы-лы. (16 сөз)

Ал-дық, ал-ды, су-шы, су-лы, аш-ты, жап-па-ды, жап-ты, би-ші, би-ле-ді,
же-ді. (10 сөз)

Қол, жақ, қал, қар, лақ, а-уыз, тер-ді, то-ғай, і-ні, а-ға, ғы-лым. (11 сөз)

Шар-ды, бор-ды, тап-қыш, тап-ты, доп-ты, бар-лық, мал-шы, мал-ды, қа-
ғаз, ша-шы-ра-ды, шаш-ты. (11 сөз)

Тон-ды, лас-та-ды, ме-ні, се-ні, нан-ға, май-ға, жаз-ды, клас-қа, кі-тап, ыс-
тық, су-ық. (11 сөз)

Сөздік диктанты
Мұғалім, оқушы, ғарышкер, колхозшы, аңшы, егінші, конькиші, шаңғышы,
жүргізуші, ұшқыш, кітапханашы. (11 сөз)

Кітап, журнал, қарындаш, дәптер, ағаш, жылқы, сиыр, түйе, көпір,
ойыншық, парта. (12 сөз)

Абай даңғылы, Гауһар, Қазақстан, ғалым, торғай, қарлығаш, еңбек,
қаһарман, шаңғы, шаң. (11 сөз)


Бақылау диктанты
Пайдалы кеңес
Өзіңнен кішіні ренжітпе. Оларға көмектес. Үлкендерді сыйла, алдымен
өзің сәлемдес. Үйде апаңа жәрдемдес. Бұл – жақсы әдеп. (16 сөз)

Қалада
Әкем екеуіміз қалаға бардық. Қалада нағашы атам тұрады. Ол – жазушы
әрі ғалым. Көп кітаптар жазды. Атамның немерелері көп. (18 сөз)

Біздің сынып
Біздің сынып жарық және кең. Сыныпта үстел, орындық, тақта бар.
Партаның үстінде кітаптар, дәптерлер және сызғыш жатыр. (17 сөз)

Ана
Жер бетіндегі ең әдемі сөз – ана. Адам алғашқы сөзін осыдан бастайды.
Ананың қолы ең аялы қол. Ол нені болса да істей алады. (22 сөз)


Page 3

Көктем келді
Көктем басталды. Күн жылынды. Колхозшылар жер жыртты. Жер көгерді.
Құстар келе бастады. Құмырсқалар дақызу жұмысқа кірісті. (17 сөз)

Көктемдегі жұмыстар
Желсіз тынық ауа. Күн жарқырап тұр. Көпшілік көңілді. Егіншілер егінін
септі. Шопандар қойын жайды. Колхоз даласы еңбекке кірісті. (18 сөз)

Алматы
Алматы - әсем қала. Алматының көшелерінде трамвайлар, автобустар
жүреді. Алматыда парктер, театрлар, мектептер көп. Парктері өте әдемі. (16
сөз)

2 сынып

Көк кит
Көк кит – жануарлар әлеміндегі ең ірісі. Оның самағы жүз алпыс
тонна, ұзындығы отыз метр. Бір қызығы, ұсақ шаяндармен қоректенеді.
Аузының көлемі бір бөлменің үлкендігіндей. (24 сөз)

Қарға мен бұлбұл.
(мысал)
Қарға ну орман ішінде сауық кешін өткізді. Кеште құстар өнер
жарыстырды. Қарға қарқылдады. Сауысқан шықылықтады. Әупілдек
әупілдеді. Торғай шиқылдады. Бірақ олар сауық кешіне бұлбұлды
шақырмады. (26 сөз)
1.У дыбысы жуан болып тұрған сөздердің астын бір рет, жіңішке
болып тұрған сөздердің астын екі рет сызғызу.

Егіс даласы
Сәкен жазғы демалыста ауылға келді. Ол жайқалған егіс басына барды.
Егіс басынан төрт баласын ертіп жүрген саршұнақты көрді. Сәкен саршұнақ
тышқанның зиянды екенін түсінді. Жаздай елу алты тышқан ұстады. (29 сөз)

Көкек
Көкек ұя салмайды. Балапан баспайды. Ол бір ғана жұмыртқа туады.
Жұмыртқасын торғайдың ұясына тастап кетеді. Оны торғай басып
шығарады. (19 сөз)

Тоғызқұмалақ.
Тоғызқұмалақ шахмат, дойбы сияқты арнаулы тақтада ойналады. Оның
тақтасы ерекше болады. Бұрынғы кезде тақтасыз, жерден шұңқыр қазып
ойнай беретін. Тақтаның шұңқыры мен қазаны бар.
Тоғызқұмалақ – математикалық ойын. (27 сөз)


Page 4

Астана
Мен жазда Астана қаласына бардым. Қала маған қатты ұнады. Әдемі
үйлер көп салыныпты. Астананы тамашалауға келген көп қонақтар көшеде
жиі кездеседі. Есіл өзенінде қайықпен серуендедім.
(24 сөз)
Құстардың ұясы
Құстардың ұясы әртүрлі болады. Торғай қамыстан шағын ұя
құрастырады. Ең үлкен ұя бүркіттікі. Бүркіт ұясын жуан шыбықтардан
жасайды. Оған мамық төсейді. Ең әдемі ұяны сарықас торғай жасайды. (27
сөз)

Тақтаға жазылатын сөздер: сарықас, бүркіттікі.
Үш буынды сөздердің астын сызғызу.

Тымақ.
Қазақта тымақтың түрлері көп. Ең бағалысы – түлкі тымақ. Оның
маңдайы мен құлақтарының ішкі жағына түлкінің терісі тігіледі. Сырты
асыл маталармен сырылып тысталады. Тымақтың төбесі киізден құралып,
шошақ болып келеді. (29 сөз)
«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан

Ормандағы тіршілік
Орманның басты байлығы – ағаштар. Олардан тақтайлар, үй жиһаздары
жасалынады. Егер ағаш болмаса, қағаз да болмас еді. Кесілген ағаштың
орнына ағаш өсіруге ондаған жылдар кетеді. Жыл сайын ағаш отырғызу
жұмыстары жүргізіледі. (31 сөз)

Достық
Өмірде достар арасында түрлі жағдайлар болады. Бірақ сенімді достар
бір-біріне кешірімді келеді. Достықтарын бұзбайды. Достар қиындықта
бір-біріне көмекке келеді.
Қонаққа ең жақын достарыңды шақырасың. Дос сенімен жақсылықта
да, жамандықта да бірге болады. (32 сөз)
«Әдептілік - әдемілік» кітабынан

Құмырсқа және илеу.
Құмырсқа ши тауып алды. Ол шиді илеуіне қарай сүйреді. Бірақ ши
ауыр болып шықты. Құмырсқа оны жалғыз сүйрей алмады. Ол
жолдастарын көмекке шақырды. Бәрі бірдей шиді илеуге жеткізді.
И, й әріптерінің астын сызғызу. (32 сөз)

Түйе.
Түйе екі жылда бір боталайды. Ботасын он төрт ай көтереді. Жаңа
туған бота әлсіз болады. Емген сайын күш-қуат кіріп өсе бастайды. Күн


Page 5

суықта боталарға жабу жауып қояды. Сонда өкпесіне суық тимейді. (31
сөз)
«Балдырған» журналынан

Қоян.
Ең жасқаншақ аң – қоян. Ол кішкентай сабдырдың өзінен қашуға
дайын тұрады. Қоян қараңғы түскен соң ғана сыртқа шығады. Күндіз өзіне
жайлы жерде тығылып жатады. Қоянды аңшы да, жыртқыш жануарлар да
аулайды. (31 сөз)

Алмаағаш.
Жұмахан атасын алмаағаш көлеңкесіне ертіп келді. Атасы қолымен
ағашты ұстады. Бұтағын сипап, әлденені айтқандай болды. Жұмахан
құлағын тосты. Атасы өлең оқып отыр. Жамбыл Жабаевтің өлеңі. Бұл
алмаағашты Жамбыл ата өз қолымен отырғызыпты. (32 сөз)
С. Бегалин
Жаз
Жаз айлары – маусым, шілде, тамыз. Жазда күн ыстық болады.
Адамдар жеңіл киінеді. Оқушылар жазғы демалысқа шығады. Тауға,
орман, тоғайларға саяхатқа шығады. Лагерьге барады. Қала немесе ауылға
қыдырады.
Жаз мезгілінде көкөністер мен жемістер піседі. (33 сөз)

Бұлақ басында.
Әли мен Қали бұлақ басына келді. Қолдарында күрек , тырма сияқты
саймандары бар. Екеуі бұлақтың айналасын тазаламақшы. Су бетіне,
жерге түскен жапырақтарды тырмамен тазалады. Күрекпен ағаштардың
түбін қопсытты. Оларды әктеді.
Осылайша екеуі игілікті іс атқарды. (34 сөз)
Қ мен К әріптерімен аяқталған сөздердің астын сызғызу.

Қызғаныш.
Мойнақ көпірден өтіп келе жатты. Аузында тістеген сүйегі бар. Ол
судағы өзінің көлеңкесін көрді. Көлеңкені басқа күшік деп ойлады. Енді
ол сол сүйекке қызықты. Аузындағысын тастап жіберді. Өз сүйегі де су
түбіне кетті. (33 сөз)
Қарамен жазылған сөздерге дыбыстық талдау жасату.

Табиғат
Балалар сабақтан қайтты. Аспан бұлттанып тұр. Сіркіреп жауын жауа
бастады. Жауын басылмастан қатты жел тұрды. Енді не істеу керек? Олар
жақын жердегі сарайды паналады. Табиғат қандай қызық! Бірдемде алай-
түлей болып кетуінің себебі неде (33 сөз)
Тақтаға жазылатын сөздер: басылмастан, алай-түлей.


Page 6

Тұмау
Тұмау – жұқпалы аурудың бірі. Оның қоздырғыштары вирустар болып
табылады. Вирустар арнайы құралмен ғана көрінеді. Ол жөтелгенде,
түшкіргенде ауа тамшылары арқылы таралады.
Тұмаудың белгілері: дене қызуының жоғарылауы, бас ауыру, түшкіру,
мұрыннан су ағу. Бұл жағдайда дәрігерге қаралу керек. (37 сөз)
«Денсаулық» журналынан

Күз
Күз келді. Күн қысқарып, түн ұзарды. Күн сирек көрініп, аз
жылытады. Кей күндері таңертең күн салқын болады. Жұрт күземін алып,
киізін де басып алған. Құстар жылы жаққа ұша бастады. Қарлығаштар
көптен көрінбейді. Егіншілер астығын жинап болған. (36 сөз)
М. Дулатов

Зерлі шапан
Зерлі шапан – сырт киім. Ол қымбат матадан тігіледі. Оның жағасы
мен өңіріне зер салынады. Арқасы, етегі мен жеңі оқалы жіппен
өрнектеледі. Өн бойына оюлар салынады. Ертеректе мұндай шапанды хан
мен сұлтандар, ауқатты адамдар киетін болған. (35 сөз)
«Қазақ халқының дәстүрлі өнері» кітабынан

Жетіген
Жетіген – жеті ішекті шертпелі музыка аспабы. Аспап ағаштан
құрастырылып жасалады. Құрылысы өте қарапайым. Жетіген жүздеген
жылдар өтсе де, баяғы күйінде. Жетілдірілген түрінде он үш ішек
байланған. Арнайы тиектер қойылған. Аспаптың үні құлаққа жағымды. (33
сөз)
«Ұлттық аспаптар» кітабынан
1.Мәтіннен сан есімдерді тапқызып, астын сызғызу.

Шоқан
Шоқан – қазақ халқының шоқ жұлдызы. Ол – суретші, өнер зерттеуші,
тарихшы, саяхатшы.
Суретші Шоқан таңбалы тастар мен тас мүсіндерге көңіл бөлген.
Шоқанның еңбектері қазақ халқының алтын қазынасы болып табылады.
Олар ғасырлар бойы жасай бермек. (34 сөз)
С. Мұхтарұлы
1.Туынды сөздерді тапқызып, сөздік құрамына талдыту.

Көктем.
Көктем келді. Қыраттың күн беткейіндегі қар ери бастады.
Оңтүстіктен жылы жел соқты. Аспанды бұлт торлады. Жаңбыр жиі жауа
бастады. өзенде сең жүрді.


Page 7

Жер бетінен ақшыл бу көтерілді. Әр жерден көк шөп көрінді. Ағаш
бұтақтарында бүршіктер пайда болды. (37 сөз)


Кемпірқосақтың жеті түсі.
Кемпірқосақтың жеті түсі бар. Олар – қызыл, қызғылтсары, сары,
жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Бұл түстерді жеке арнайы жағдайда
ғана көруге болады. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскен кезде
жарықтың жеті түсі сынады. Тамшы арасынан кемпірқосақ пайда болады.
(36 сөз)
«Әлемнің ұлы кереметтері» кітабынан

Жайлау
Жайлау - қыстайдан алыс жатқан жазғы қоныс. Оның шөбі мол, суы
тұнық, ауасы салқын болады. Қыстан арықтап шыққан мал жайлауда
тойынады. Адамдар да серігіп қалады, қымыз ішеді. Құрт жасап, ірімшік
қайнатады. Еліміздің әр жерінде атақты жайлаулар көп. (36 сөз)
Н. Қазыбеков

Табиғат.
Табиғат – бәріміздің ортақ мекеніміз. Мұнда адамдар, өсімдіктер,
жануарлар өмір сүреді. Табиғат бізге таза ауа, жарық, жылу, мөлдір су,
құнарлы жер сыйлайды. Сондықтан табиғатқа ізгі ниетпен қараған дұрыс.
Табиғаттың байлығын ысырап етпей, оның дамуына кедергі жасамауымыз
керек. (36 сөз)



3 сынып
Дала үні
Күн жылы еді. Аспанда бұлт жоқ. Хамит бір ескілеу жолмен келеді.
Айнала қалың орман. Қайың мен терек ағаштары сарғая бастаған.
Кей жерлерде қыстаулар көрінеді. Қыстау маңында малдар жайылып
жүр. Ағаш араларында киіз үйлер көрінеді. Жаздағыдай орман іші де, дала
да у-шу болып жатқан жоқ. (44 сөз)
(С. Сейфуллин)

Қарағанды.
Қарағанды – еліміздегі үлкен қалалардың бірі. Сарыарқаның белесті,
жазық, орта тұсында орналасқан. Батысы бұйратты жазық, ұсақ
шоқырлардан тұрады. Ал оңтүстүгі таулардан құралған.
Аппақ Байжанов суыр інінің жанынан қара тас тапқан. Оның таскөмір
екендігі анықталды. Кейіннен осы маңнан қала көтерілді. (38 сөз)


Page 8

«Қазақстан» ұлттық энцеклопедиясынан
1.Мәтіннен заттың сынын, сапасын білдіретін сөздерді тапқыздырып,
астын сызғызу.

Абай Құнанбаев.
Абай Құнанбаев – қазақтың ұлы ақыны. Абай Семейдегі медреседе
төрт жыл мұсылманша оқыды. Сонда жүргенде өз бетімен үш айдай
оқып, орыс тілін үйренеді. Абай он екі жасынан бастап өлең жаза
бастайды. Абайдың жиырмадан астам әндері бар.
Абай – халықтың қамын ойлаған ақын. (40 сөз)


Біздің мұғалім
Қысқы түн. Үйлердің оттары сөнген. Тек мектептің шамы сөнген жоқ.
Бұл – ұйықтамай отырған біздің мұғалім. Мен терезе алдында отырмын.
Мектептің терезесіндегі шам сөнгенше күткім келді. Шыдамай ұйықтауға
жаттым. Таңертең ерте ояндым. Ауыл әлі ұйықтап жатыр. Тек мектептің
терезесінде ғана от жанып тұр. (42 сөз)
В. А. Сухомлинский

Шахтада
Біз қалада тұрамыз. Әкем шахтада істейді. Шахтер болуды мен де
ұнатамын. Бір күні шахтаны көргім келді. Оның қайда екенін білемін.
Анау биік қара таудың қасында, тау етегінде үлкен үй тұр. Шахтаға кірер
ауыз сол жерде. Ақыры шыдамадым. Әкем сыйлаған қол шамды алып,
тура шахтаға тарттым. (45 сөз)
М. Сәрсекеев


Анасының жұмысы
Аяжанның апасы дәріханада қызмет істейді. Аяжан апасының
дәріханасында талай болған. Ондағының бәрі оған ұнайды. Тап-таза,
жинақы. Дәріханада дәрі көп. Апасы басына тақия киеді. Үстінде ақ
халат. Дәрігер оқушыларға, жұмысшыларға, құрылысшыларға, ауырған
адамдардың бәріне дәрі жазып береді. Апасы жазып берген дәрілерді
оларға тауып береді. Анасының жұмысы Аяжанды қызықтырады. (47 сөз)
Б. Соқпақбаев
Мәтіннен зат есімдерді тапқызып, астын сызғызу. Кім? Сұрағына
жауап беретін сөздерге дыбыстық талдау жасату.


Диқан
Нан астықтан алынады. Астықты өсіретін адам – диқан. Ол жыл бойы
тыным таппайды. Көктемде жер жыртады. Жерге дән себеді. Дәннен егін


Page 9

көктейді. Диқан жаз бойы егінді баптайды. Күзде піскен егінді
комбайнмен орады. Масақ толы дән қырманға тасылады. Егінді жинауға
оқушылар да көмектеседі. Диқанның еңбегі бағаланады. (44 сөз)


Шыршалы тоғайда
Бір шыршалы тоғай ішінде серуендеп жүрген болатынбыз. Бір мезетте
қараңғы тоғайға келіп кірдік. Тарлау соқпақ көрінеді. Осы кішкентай
соқпаққа түсіп жүріп кеттік. Соқпақ бізді қалың шөбі бар алаңға алып
шықты. Біз шүйгін жасыл шөп үстінде демалмақ болып жата қалдық.
Иттің үрген даусы естілді. Ит қып-қызыл түлкіні қуып жүр екен. (49 сөз)
И. Корнеев


Сантастағы орман
Күн жылына бастаған кезде малшылар тауға беттейді. Ол кезде біз
жалғыз болмаймыз. Тек өзеннің ар жағында ғана ешкім болмайды. Ол жақ
қалың орман ғой. Орманға ешкімді жібермей, одан бір бұтақ сындыртпау
үшін кіре берісте отырамыз. Бізге ғалым адамдар келді. Олар
Сантастағыдай орман дүние жүзінде сирек екенін айтты. (47 сөз)
Ш. Айтматов


Достар
Зейін бақта жүр. Қарақат бұталарының сыртына мойнын созып қарап
қояды. Бұтаның арғы бетінде шымшықтар жел түсірген бүршіктерді
шоқып жүр. Жерге еңкейген сайын құйрықтары шошаң-шошаң етеді.
Зейін қуанып кетті. Ағаштың төменгі жағына жем шашатын тақтай
орнатты. Қызыл торғайлар әлгі жерге үйір болып кетті. Құстар – адамның
досы. (45 сөз)
З. Иманбаев

Түркістан
Түркістан – бабалардың көне қаласы. Ол Қаратау мен Сырдария
өзенінің ортасында. Мұсылман діні келгеннен бастап қала Ясы деп
аталған. Ақын Қожа Ахметтің Йассауи болатыны осы тұс.
Жаугершіліктен кейін қала Түркістан атанды. Түркістан «түріктер
мекені» деген сөз. Қалада шәкірттер оқитын медреселер ашқан.
Медресенің бас мұғалімі Қожа Ахмет Йассауи еді. (47 сөз)

Жалаулы қоймасы.
Жалаулы қоймасы – алтын бұйымдар қоймасы. Бұл қойманың табылуы
бір қызық оқиға. Оны Алматы облысындағы жалаулы елді мекенінің
маңындағы өзен аңғарынан оқушылар тауып алған. Құрым киізден


Page 10

тігілген дорбаға салынған бұйымдар әлдекімнің жасырған қоймасы болу
керек. Зергерлік алтын бұйымдардың саны алты жүзден асады. Жалаулы
қоймасының ғажайып сырлары әлі зерттеліп жатыр. (48 сөз)


Қорқыт ата
Аңыз бойынша Қорқыт Сырдарияның жағасында өмір сүрген. Күмбезі
Қызылорда облысының Қармақшы ауданында болған. Осы мазар ұзыннан
созылған сегіз қырлы үлгіде төбесі күмбезделіп салынған екен.
Бұрыштары оюлармен өрнектелген. Мазарға жалауы бар ұзын сырғауыл
қойылған. өкінішке орай, күмбезді су шайып кеткен. Қазір сол жерге
күмбез салынған. (44 сөз)



Кішкентай көмекші
Ақан демалысқа атасы мен әжесінің үйіне келді. Атасы бағбан. Бау-
бақша жасыл кілемдей жайнап тұр. Ақан күні бойы атасымен бақта
жүреді. Ағаштардың түбін қопсытады. Арам шөптерден арылтады.
Атасына бақшаны уақытында суғаруға көмектеседі. Ал атасы мен әжесі
кішкентай көмекшінің еңбегіне риза. (39 сөз)


Наурыз көже
Наурыз – жаңа күн, жыл басы. Жаңа жылдың бірінші күні наурыздың 20-
22-сі аралығында күн мен түн теңеледі. Қазақ халқы наурыз күнін «Ұлыстың
ұлы күні» деп, жақсылық тілейді, еск жылдағы өкпе-араздықты ұмытады.
Наурыз тойының мақсаты – халыққа молшылық, тоқшылық тілеу. Сол үшін
қазан-қазан наурыз көже жасайды. Наурыз көженің құрамы көп дәндерден
құралады. (50 сөз)

Қайың
Қайың сымбатты ағаш. биік болып өседі. жазда тәулігіне қырық шелектей
ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның
бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан
халық шеберлері себет пен ыдыстар тоқиды. Қайың отыны пещке маздап
жанады. Қайың ағашынан жиһадар жасалады.
Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза
ауа да сонда. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: бүршіктерінен, жиһаздар.
1. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2. Мәтіннен лепті сөйлемді табыңдар.


Page 11

Сауысқанның белгісі
Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді.
Ағаштардың арасынан сыбдырлатпай ептеп жүреді. Ол кенет жер бауырлап
жата кетті. Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді. Түлкінің
дәл төбесінде сауысқан шықылдады. Ол сауысқанға тісін ақсита қарады.
Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді.
Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлатпай, ормандағылар.
1. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
2. Қатаң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.


Бекіре
Бекіреде тұрақты мекен жоқ. Ол көшпелі балық. Бекіренің шабақ шағы
өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар
өте мол. Бұл балықтар ерекше дәмді және жұмсақ етімен атақты. Олардың
әйгілі қара уылдырығы дүние жүзінде бағаланады. Көптеген бекірелердің дене
тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: уылдырығы, килограмға
1. Бірінші сөйлемді жуан буынды сөздерді бір, жіңішке буынды
сөздерді екі сызыңдар.
2. Мәтіннен сан есімді табыңдар.

Тары
Тары – астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының
биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді.
Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары – арпа мен
бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып және
ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан
жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді. (55 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: тұқымдастарына, қуаңшылыққа, қауызынан.
1.Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2.Бірінші сөйлемнен тасымалданбайтын сөзді табыңдар. Астын
сызыңдар.
3.Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.


Күзгі өсімдік.
Өсімдік жаз бойы өсіп жетіледі. Жеміс береді. Тұқым шығарады. Қиярдың
жемісін маусымда жегенбіз. Енді күз түсті. Жемістер пісті. Қызыл алмалар
бұтаққа симайды. Төгіліп тұр.
Биыл өнген тұқынан келесі жылы жаңа өсімдік өседі. Шөптердің көбі
тұқым шашқаннан кейін қурайды. Ағаш пен бұта қысқа дайындалады.


Page 12

Бойларындағы азықтық заттарын тамырларына жинайды. Енді оларға суық
қорқынышты емес. (53 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: симайды, бойларындағы, қорқынышты.
1. Төртінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2. Қиярды, өсімдік деген сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.
3. Ұяң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.


Шофер
Нағыз шофер мейлінше сабырлы да са болуы тиіс. Ол бар зейінін жолдан
аудармайды. Шаршадым деп босаңсымайды. Ұйқыға берілмейді. Жылдамдық
қызығына желікпейді. Жол бойындағы белгілер мен көше ережелерін жатқа
біледі. Сол ережелерді бұлжытпай орындайды. Ол өзі жүргізетін автомобильді
жақсы көреді. Өз мәшинесінің сырына қанық болады.
Шоферлер жаздың ыстығы мен қыстың аязды күндерінде де тыным
таппайды. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: Босаңсымайды, автомобильді.
1. Е қандай дыбыстардан құралады?
2. Дауысты дыбыстарды жазыңдар.

Жолаушылар.
Біз Қараойдан кешкісін шықтық. Аяққұдық деген құдыққа жеттік. Осы
құдықтың басында дем алмақ болдық. Аттарды қаңтарып арбаға байладық.
Мен жерге жата кеттім. Жер сыздау екен. Болатбай жерге қалың сабан төседі.
Біз сабан үстіне жаттық. Самал жел сабанды анда-санда сыбдырлатады. Мен
елегізіп біраз ояу жаттым.
Дала түні қызық қой! Жер ана маужырап ұйқыға кетіпті. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлады, елегізіп.
1. Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар.
Дыбыстық талдау жасаңдар.
2. Ойларыңнан екі түбірден біріккен кісі аттарын жазыңдар.
3. Ф әрпі бар үш сөз ойлап жазыңдар. Оларға дыбыстық талдау
жасаңдар.

Циркулюс.
Цирк неге цирк аталғанын сіздер білесіздер ме? Цирктегі ең басты орын –
алаң. Оның алаңы қандай? Дөңгелек цирк үйінің өзі сияқты. Үйретілген аттар
алаңды айнала шабады. Сондықтан цирк ғимараттары шеңбер түрінде
салынады. ал неге циркуль деп аталады? Циркуль дөңгелек сызады. Сонда осы
екі сөздің екеуі де «циркулюс» - дөңгелек, шеңбер деген латын сөзінен шыққан
екен. (55 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: циркуль, ғимараттары.
1. Сұраулы сөйлемдерді табыңдар. Оны цифрмен белгілеңдер.
2. В, ф, ц қандай дыбыстар?


Page 13

Құдық басында
Досжан шелекті қарына қыстырып, қорадағы атқа беттеді. Құдық басында
көр кісі екен. Жетпістегі Қалтай қария бүкшеңдеп су тартып жатыр. Бір-екі бала
состиып анадайдан қарап тұр. Досжан оларға алара бір қарады. Ол шелекті
сұрап алды. Қарт кісі емес пе, ентігіп қалыпты. Досжан қарияның атын суғарып
берді. Бір кезде Бағила әжей суға келді. Досжан су құйып берді. Суды әжейдің
үйіне жеткізді. (59 сөз)

Шахта
Шахтаны менің көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Әкем
сыйлаған фонарымды алдым. Өйткені шахта жер астында. Ақыры шыдамым
жетпеді. Шахтаға қарай бет алдым. Тау етегінде үлкен үй тұр. Сол үйге кірдім.
Іші толған шахтер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Бір кезде үлкен залға
кірдім. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау
сылдырлады. Ағай тордың есігін жапты. Тор шахтерлерді төмен алып кетті. (65
сөз)
Жазылуы қиын сөздер: фонарымды, шахтерлерді.
1. Үшінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2. Шахтер деген сөзді жіктеп жазыңдар.


4 сынып

Балалар ақыны.
Бұдан көп жылдар бұрын қызық оқиға болды. Чуковский әдеби сыншы
болатын. Ойламаған жерден балалар ақыны болып шыға келді.
Хельсинки қаласында жүргенде баласы ауырып қалады. Ол жедел үйіне
қайтады. Баланың әбден мазасы кетеді. Оның көңілін аулау үшін ертегі айтады.
Сырқат сәби ықылас қойып тыңдайды. Ұйықтап та кетеді. Келесі күні бала
ояна сала ертегіні айтып беруін өтінеді. Чуковский түндегі айтқанын қайталап
айтып береді. (60 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: Хельсинки, ықылас.
1. Жіңішкелік белгісі бар сөзді табыңдар. Дыбыстық талдау
жасаңдар.
2. Ч, щ дыбыстары қандай дыбыстар.



Батыр қыз
Түтеген боран әлі тынған жоқ. Оған сан алуан зеңбіректердің зіркілі
қосылды. Бұл жай минут сайын үдей берді. Қасыңдағы адамның тек ернінің
қимылдағаны ғана көрінеді. Елең-алаңда іркес-тіркес қаптаған танкілер өтті.
Қолын соза құлаған фашист офицерін көрді. Кенет солардың тұсынан гүрс-гүрс


Page 14

етіп граната жарылды. Әлияның жүрегі дір ете түсті. Бойына бір күш
жүгіргендей болды. Ол жігерленіп кетті. (59 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: зеңбіректердің, офицерін.
1. Қос сөз бар сөйлемдерді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар.
2. Ойларыңнан біріккен жер-су аттарын жазыңдар.
3. Берілген қысқарған сөздерді толық жазыңдар. ҚазМУ, МАИ,
кг, ТМД.

Сазда
Аюлар жаз бойы орман ішін кезіп жүреді. Олар піскен тәтті жидектерді
тамсана жалайды. Жабайы аралардың балын жейді. Құмырсқалардың үйіліп
жатқан илеуін қазады. Кейде үйіліп тұрған сұлыға бас салады. Аңшыларға
жаздыгүні аюдың ізіне түсу өте қиын. Аюлар адам ізін сезіп қояды. Кеш
алдында аюлар мүгі көп сазды жерді кезеді. Сазды жердегі томарларды
иіскелейді. Жейтін бірдеңе табыла ма деп іздейді. (58 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: илеуін, жаздыгүні.
1. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2. Аңшыларға, аюдың деген сөздердің қай септікте тұрғанын
анықтаңдар. Септік жалғауының астын сызыңдар.

Сабақ
Менің Марат дейтін танысым бар. Ол өте мақтаншақ болатын. Күрескенде
баланың бәрін жығатындығын айтып мақтанады. Арада біраз күн өтті. Марат
және оның ағасы Қанат үшеуміз мектепке бара жатқанбыз. Кенет бір кішкентай
күшік шәу ете қалды. Марат пен Қанат екеуі қаша жөнелді. Мен асықпай жүре
бердім. Күшік шәуілдеп артта қалды. Содан бері Марат мақтанбайтын болды.
(54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жығатындығын, мақтанбайтын.
1. Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
2. Күшік деген сөзді септеңдер.


Құс қайтты
Күз. Аспанға көз жіберші. Қаптаған құсты көресің. Тіпті көк аспан көшіп
бара жатқандай. Мұның ішінде неше алуан құстар бар.
Олардың бірі – солтүстіктен оңтүстікке қайтқандар. Олар біздің жерде дем
алады. Бірер күн аялдайды. Күш жинайды. Басқалары - өз жеріміздің
қонақтары. Ең алдымен, шыбын-шіркей жейтін құстар кетеді. Олардың мұнан
әрі қалуына мүмкіндік жоқ. Өйткені шыбын-шіркей тығылып қалады. Ең
соңынан су құстары көтеріледі. Күздің аяқ кезінде үйректер өтеді. (66 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: солтүстіктен, басқалары.
1. Соңғы сөйлемнен зат есімді табыңдар. Астын сызыңдар.
2. Үйрек деген сөзді тәуелдеңдер.


Page 15

Құлын
Азамат қалада тұрады. Күндіз балабақшада болады. Қалған уақытта
әжесінің қасынан шықпайды.Әжесі оған қызық ертегілер айтады. Өлең
үйретеді. Бәрін құмарта тыңдайды. Әжесінің кейбір кейбір сөздерінің мәнін ұға
бермейді.
Өткен жазда Азамат әжесімен бірге ауылға барды. Ауылда бәрі қызық
сияқты. Үйдің сыртында бие байлаулы тұр. Қасында құлыны бар. Тұлымшағы
желпілдеген құлынды жақсы көрмеу мүмкін емес. Азамат әжесінің ылғи
«құлыным» дей беретінінің мәнін ұғынғандай болды. (62 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: балабақшада, беретінінің.
1. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2. Әже деген сөзді жіктеңдер.
3. Құлын деген сөзді тәуелдеңдер.

Сауыншы
Ауыл ұйқы құшағында. Елең-алаң уақыт. Мүлгіген тыныштық. Кенет
бірнеше терезеден бір мезгілде жарық көрінді. Есіктер сықырлап ашылды.
Көшеден дауыстар естіле бастады. Бұлар – сиыр саууға асыққан сауыншылар.
Ауылда елден бұрын тұратын осылар.
Сауыншылар атқаратын іс көп. Сиырларды күтеді. Жем-шөп береді. Әр
сиырдың мінезі әрқалай. Сауар алдында желінін жуады. Сондықтан сауыншы
сезімтал және байқағыш болуы керек. (64 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: мүлгіген, сезімтал.
1. Алтыншы сөйлемнен зат есімді табыңдар. Олардың түбірі мен
жалғауын ажыратыңдар.
2. Мәтіннен қос сөздерді табыңдар.
3. Сауыншы деген сөзді көпше түрінде жіктеңдер.

Тамыржемістілер
Қантқызылшасы қоректі затын тамырына жинайды. Күзде оның тамыры
жуандайды. Тамыры жеміске айналады.Қантты осыдан алады.
Қызылша бірінші жылы тұқым бермейді. Өйткені ол – екі жылдық өсімдік.
Алғашқы жылы қызылшаның тамыр жемісі мен жапырағы ғана өсіп үлгереді.
Тамыржемісті келесі жылы тағы отырғызады. Одан ұзын сабақ шығады.
Өсімдік қызғылт жапырақтарға бөленеді. Гүл шашады. Гүлден тұқым өнеді.
Қызылшаның жемісі тамырында болады. Сондықтан оны тамыржемістілер
дейді. (61 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: жапырақтарға, тамыржемістілер.
1. Мәтіннен сын есімдіктерді табыңдар. Астын сызыңдар.
2. Ұзын, қызыл деген сын есімдіктерді қос сөз етіп жазыңдар.

Тоғызқұмалақ
Тоғызқұмалақ – қазақтың ерте заманнан келе жатқан ұлттық ойыны. Бұл
өзі кілең есепке құрылған қызық ойын. Бұл ойынды шопандар ойлап шығарса


Page 16

керек. Бұрын оны қойдың құмалақтарымен ойнайтын. Ойынға екі адам
қатысады. олар тоғыздан шағын шұңқыр қазып алады. Бұл отау деп аталады.
Сонан соң екеуі де ұтқан құмалақтарын жинайтын ұя жасайды. Ол қазан деп
аталады. Әр ойыншыға сексен бір құмалақтан болады. (60 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: құмалақтарымен, шұңқыр.
1. Мәтіннен сан есімді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар. Дара
сан есімді бір, күрделі сан есімді екі рет сызыңдар.
2. Біріккен сөзді табыңдар. Ол қандай сөз табы екенін
ажыратыңдар.

Жол ашық – жүре беріңіз!
Өзіңе таныс үш көзді бағдаршам алдыңда тұр. Бағдаршам көше қиылысына
ілінеді. Түрлі-түсті көздері кезектесіп жыпылықтайды.
Бағдаршамның қызыл түсі нені аңғартатынын түсіну қиын емес. Бұл
әрдайым қауптілік белгісі. Өйткені ол көзге бірден ілінетін қызыл түс.
Қызыл шамнан кейін бағдаршамның сары түсі жанады. Ол дайындық
белгісі.
Еш уақытта асықпа. Көше қиылысында жасыл түстің жануын күт.
Бағдаршамды тыңдамағанның арты қайғылы болатынын ұмытпа. (60 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: бағдаршам, аңғартатынын.
1. Мәтіннен есімдіктерді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар.
2. Жіктеу есімдіктерін жазыңдар. Оларды септеңдер.

Ақтөстің көмегі
Қыстың ашық күні еді. Самат ойнауға шықты. Ол төмпешікке қарай бет
алды. Соңынан иті ақтөс ілесті. Төбешік ауыл сыртында еді. Олар төбешікке
жетті. Ызғырып жел тұрды. Күн суыта бастады. Самат үйіне тезірек жетпекші
болды. Сол кезде ешнәрсе көрінбейтін боран болып кетті. Саматтың жүгіруге
шамасы келмей қалды. Қолы бір нәрсеге тигендей болды. Самат Ақтөстің
қарғыбауынан мықтап ұстап алды. Ақтөс оны үйіне алып келді.
(63 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: төмпешікке, қарғыбауынан
1. Мәтіннен күрделі етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.
2. Жетті деген етістікті көпше түрде жіктеп жазыңдар.
3. Есімдіктерді тауып, теріп жазыңдар.

Ауа райын болжайды
Қазақстанның солтүстігіндегі орманда құрлар мекендейді. Қыс бойы олар
қайыңның бүршігін қорек етеді.
Бір күні қызық жағдай болды. Таңертең күн ашық еді. Құрлар қайыңның
арасында жем етріп жүрген болатын. Кенет тобымен ұша жөнелді. Олар күннің
бұзылатынын сезген екен. Түстен кейін боран соқты.
Қырғауыл мен кекілік те боран боларын алдын ала сезеді. Сондықтан олар күні
бойы жем тереді. Боран басталғанда ықтасынға тығылады. (60 сөз)


Page 17

Жазылуы қиын сөздер: солтүстігіндегі, ықтасынға.
1. Мәтіннен үстеулерді тауып, теріп жазыңдар. Олардың түрін
ажыратыңдар.
2. Шылауларды табыңдар. Шылаулар арқылы байланысқан сөздер қай
сөз табына жататынын анықтаңдар.
3. Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.

Әсет Найманбайұлы
Әсет Найманбайұлы – қазақ халқының талантты ақыны және әншісі.
Ақының өнердегі ең үлкен ұстазы қазақтың бай ауыз әдебиеті болды. Есейген
шағында Әсет Абайдың ақындық мектебінен тәлім алды. Өнер мен білімді
нағыз байлық деп түсінеді. Әсет ешкімге қара сөден дес бермейді. Әйгілі ақын
қыз Ырысжанмен айтысады. Әсет онсегіз жаста ғана еді. Қыздаң айтқан қиын
жұмбақтарын қиналмай шешіп береді. Сол айтыста Әсеттің білімді және
зерделі екендігі айқын аңғарылады. (66 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: Ырысжанмен, аңғарылады.
1. Үшінші сөйлемдегі тұрлаусыз мүшелердің астын иректеп
сызыңдар.
2. Мәтіннен күрделі сан есімді табыңдар. Астын сызыңдар.

Аққу.
Аққу өте ірі және күшті құстардың бірі. Оны көп халықтар киелі құс
санайды. Ерекше құрметтейді.
Аққулар көктемде оңтүстіктен қайта оралады. Олар шалғайдағы адам аяғы
жетпес көлдердің қалың қамысына ұялайды. Ерекше сезгіш және сақ құс.
Балапандарын ата-енесі бірлікте тәрбиелеп өсіреді.
Аққулар қолға тез үйренеді. Олар хайуанаттар бағында Австралиядан келген
қарақумен тату тұрады.
Аққулар табиғаттың аса ғажап және сирек кездесетін туындысы. Біздің
елімізде оларды аулауға тыйым салынған. (66 сөз)

Әміре - әншіліктің ақыны.
Табиғатынан Әміре әнші еді. Ол өзінің осы қасиетін ерте сезінді. Оның
балалық шағы Дегелең тауының етегіндегі Тоқырауын өзенінің жағасында өтті.
Бұл ән мен күйге бай өңір еді. Әміренің үлкен атасы Жанай әнші болған. Ел
қариялары Әміреге ән салдырады. Оны сүйсіне тыңдап, жас әншіге баталарын
береді.
Әміренің үздік әншілік өнері қазақ халқының бай өнерін дүние жүзіне паш етті.
Халқымыздың әндері Әміредей асыл жүректі әншілер арқылы бізге жетіп отыр.
(68 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: табиғатынан, етегіндегі.
1. Мәтіннен құрмалас сөйлемді табыңдар. Оны жай сөйлемге
айналдырып жазыңдар.
2. Мәтіннен жалқы есімді табыңдар. Оларды теріп жазыңдар.


Page 18

3. Әнші деген сөзді септеңдер.
Күріш
Күрішті ылғалы мол жерге егеді. Көгі жиырма сантиметр болған кезде ,
егіске су көлдетеді.
Күріш суда қалай өседі, өйткені оның тамыры үшін ауа қажет қой деген сұрақ
туады. Мұны байқап көрсек, күріш өсімдігінің тамырында ауа кіретін арнайы
саңылаулар болады екен.
Кейде арнайы жерлерге көшет өсіреді. Оны егістікке көшіріп отырғызады.
Бір ғана алқапқа екі немесе үш өнім алуға болады.
Күріш дәні жабысқан қатты қауызщбен қапталған. Оны осы қауыздан
тазартып ақатау қажет. Сонда тамаша ақ күріш алынады. (75 сөз)
1. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
Бастауыштың астын – бір, баяндауыштың астын екі түзу сызықпен,
тұрлаусыз мүшелердің астын ирек сызықпен сызып көрсетіңдер.
2. Сын есімдерді теріп жазыңдар
3. Келер шақ етістіктерді өткен шаққа қойып жазыңдар. Көгерді,
мекендеді, мақтайды, сыпырды.


Қайың
Қайың сымбатты ағаш. биік болып өседі. жазда тәулігіне қырық шелектей
ылғал тартады. Қайыңнан алынатын нәрсенің бәрі кәдеге асады. Оның
бүршіктерінен дәрі әзірленеді. Бұтақтарынан сыпырғыш жасайды. Қабығынан
халық шеберлері себет пен ыдыстар тоқиды. Қайың отыны пещке маздап
жанады. Қайың ағашынан жиһадар жасалады.
Жаз кезінде қайың тоғайын аралау қандай ғанибет десеңші! Кіршіксіз таза ауа
да сонда. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: бүршіктерінен, жиһаздар.
3. Бірінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
4. Мәтіннен лепті сөйлемді табыңдар.

Сауысқанның белгісі
Орман ішімен түлкі келе жатыр. Ашық жерлермен жүгіріп өтеді.
Ағаштардың арасынан сыбдырлатпай ептеп жүреді. Ол кенет жер бауырлап
жата кетті. Әлденені аңди қалды. Бөдене балапандарының иісін сезді. Түлкінің
дәл төбесінде сауысқан шықылдады. Ол сауысқанға тісін ақсита қарады.
Түлкінің арам ниеті белгілі болды. Бөдене балапандары ұша жөнелді.
Сауысқанның белгісін ормандағылар түгел түсінді. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлатпай, ормандағылар.
3. Бірінші сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдаңдар.
4. Қатаң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.



Page 19

Бекіре
Бекіреде тұрақты мекен жоқ. Ол көшпелі балық. Бекіренің шабақ шағы
өзенде өтеді. Олар өсіп жетілген соң теңізге бет алады. Мұнда оларға азықтар
өте мол. Бұл балықтар ерекше дәмді және жұмсақ етімен атақты. Олардың
әйгілі қара уылдырығы дүние жүзінде бағаланады. Көптеген бекірелердің дене
тұрқы үш метрге жетеді. Салмағы екі жүз килограмға дейін барады. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: уылдырығы, килограмға
3. Бірінші сөйлемді жуан буынды сөздерді бір, жіңішке буынды сөздерді екі
сызыңдар.
4. Мәтіннен сан есімді табыңдар.

Тары
Тары – астық тұқымдастарына жататын бір жылдық өсімдік. Сабағының
биіктігі жүз сантиметрге дейін барады. Өзі күнді көп қажет етеді.
Қуаңшылыққа төзімді. Сондықтан жылы аймақтарда өсіріледі. Тары – арпа мен
бидай секілді ертеден келе жатқан дәнді дақыл. Қауызынан тазартылып және
ақталған тарыны сөк деп атайды. Одан түрлі тағам жасалады. Тарыдан
жасалған тамақ аса жұғымды және қуатты келеді. (55 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: тұқымдастарына, қуаңшылыққа, қауызынан.
1. Соңғы сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2. Бірінші сөйлемнен тасымалданбайтын сөзді табыңдар. Астын сызыңдар.
3. Үнді дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.

Күзгі өсімдік.
Өсімдік жаз бойы өсіп жетіледі. Жеміс береді. Тұқым шығарады. Қиярдың
жемісін маусымда жегенбіз. Енді күз түсті. Жемістер пісті. Қызыл алмалар
бұтаққа симайды. Төгіліп тұр.
Биыл өнген тұқынан келесі жылы жаңа өсімдік өседі. Шөптердің көбі тұқым
шашқаннан кейін қурайды. Ағаш пен бұта қысқа дайындалады. Бойларындағы
азықтық заттарын тамырларына жинайды. Енді оларға суық қорқынышты емес.
(53 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: симайды, бойларындағы, қорқынышты.
4. Төртінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
5. Қиярды, өсімдік деген сөздерге дыбыстық талдау жасаңдар.
6. Ұяң дауыссыз дыбыстарды жазыңдар.

Шофер
Нағыз шофер мейлінше сабырлы да са болуы тиіс. Ол бар зейінін жолдан
аудармайды. Шаршадым деп босаңсымайды. Ұйқыға берілмейді. Жылдамдық
қызығына желікпейді. Жол бойындағы белгілер мен көше ережелерін жатқа
біледі. Сол ережелерді бұлжытпай орындайды. Ол өзі жүргізетін автомобильді
жақсы көреді. Өз мәшинесінің сырына қанық болады.
Шоферлер жаздың ыстығы мен қыстың аязды күндерінде де тыным таппайды.
(54 сөз)


Page 20

Жазылуы қиын сөздер: Босаңсымайды, автомобильді.
3. Е қандай дыбыстардан құралады?
4. Дауысты дыбыстарды жазыңдар.

Циркулюс.
Цирк неге цирк аталғанын сіздер білесіздер ме? Цирктегі ең басты орын –
алаң. Оның алаңы қандай? Дөңгелек цирк үйінің өзі сияқты. Үйретілген аттар
алаңды айнала шабады. Сондықтан цирк ғимараттары шеңбер түрінде
салынады. ал неге циркуль деп аталады? Циркуль дөңгелек сызады. Сонда осы
екі сөздің екеуі де «циркулюс» - дөңгелек, шеңбер деген латын сөзінен шыққан
екен. (55 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: циркуль, ғимараттары.
3. Сұраулы сөйлемдерді табыңдар. Оны цифрмен белгілеңдер.
4. В, ф, ц қандай дыбыстар?


Жолаушылар.
Біз Қараойдан кешкісін шықтық. Аяққұдық деген құдыққа жеттік. Осы
құдықтың басында дем алмақ болдық. Аттарды қаңтарып арбаға байладық.
Мен жерге жата кеттім. Жер сыздау екен. Болатбай жерге қалың сабан төседі.
Біз сабан үстіне жаттық. Самал жел сабанды анда-санда сыбдырлатады. Мен
елегізіп біраз ояу жаттым.
Дала түні қызық қой! Жер ана маужырап ұйқыға кетіпті. (54 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: сыбдырлады, елегізіп.
4. Мәтіннен біріккен сөздерді табыңдар. Астын сызыңдар. Дыбыстық
талдау жасаңдар.
5. Ойларыңнан екі түбірден біріккен кісі аттарын жазыңдар.
6. Ф әрпі бар үш сөз ойлап жазыңдар. Оларға дыбыстық талдау жасаңдар.


Шахта
Шахтаны менің көргім келді. Оның қайда екенін білуші едім. Әкем сыйлаған
фонарымды алдым. Өйткені шахта жер астында. Ақыры шыдамым жетпеді.
Шахтаға қарай бет алдым. Тау етегінде үлкен үй тұр. Сол үйге кірдім. Іші
толған шахтер екен. Бір ағайдың соңынан ере бердім. Бір кезде үлкен залға
кірдім. Залдың ортасында темір тор тұр. Сол сәтте тор ішінен қоңырау
сылдырлады. Ағай тордың есігін жапты. Тор шахтерлерді төмен алып кетті. (65
сөз)
Жазылуы қиын сөздер: фонарымды, шахтерлерді.
1. Үшінші сөйлемді сөз таптарына талдаңдар.
2. Шахтер деген сөзді жіктеп жазыңдар.



Page 21




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!