Материалдар / Дін - рухани құндылық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дін - рухани құндылық

Материал туралы қысқаша түсінік
зайырлылық және дінтану пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2020
421
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Апиев А.Т. – Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы,

Есет батыр ауылы, №124 орта мектептің

зайырлылық және дінтану пәні мұғалімі


Дін - рухани құндылық


Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «... егер біз мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемлекеттігімізді ұзақ уақыт құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн. Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр», - деп атап көрсеткен.

Ел өміріндегі бірқатар проблемаларды шешу көп жағдайда рухани құндылықтарға, жоғары деңгейдегі моральдық сананың қалыптасуына байланысты.

Қазақстандағы қазіргі заманғы рухани құндылықтар туралы саналуан ой-пікірлер мен көзқарастар бар. Тарихқа үңілетін болсақ, ғасырлар тоғысында Қазақстанда болған түбегейлі әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта құрулар ең алдымен қоғамдық сана мен транзиттік қоғамның рухани саласына үлкен өзгерістер алып келді. КСРО тарағаннан кейін пайда болған рухани және идеологиялық ваккум бұқаралық және тұтынушылық мәдениетпен, руханиятсыздықпен және басқа да қоғамдық сананың келеңсіз құбылыстарымен толыға түсті. Әртүрлі ұйымдардың белсенділігі, ақпарат көздеріне еркін қол жеткізу есебінен құндылықтар жүйесі ауыс-түйіске ұшырап, теріс мінез–құлық үлгілері орын ала бастады. Бұл қазақстандық полиэтникалық қоғамның рухани-адамгершілік ахуалының негізгі элементтерінің бірі ретінде рухани құндылықтарға кері әсерін тигізді.

Осындай кезеңде қоғамда дінге деген бетбұрыс, дін арқылы рухани құндылыққа қарай бет бұру үрдісі кеңінен етек ала бастады. Елбасының жүргізген сарабдал саясатының аясында санаулы жылдар ішінде Қазақстанда бірегей дінаралық келісімді қалыптастыру жөніндегі мемлекеттік саясатпен ерекшеленетін зайырлы мемлекеттің өзіндік үлгісі құрылды. Бұл тәжірибені Қазақстан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу арқылы әлемдік қоғамдастыққа паш ете білді.

Дін саласындағы басты мемлекеттік саясат – конфессияның рухани рөліне құрмет көрсету болып табылады. Дәстүрлі Ислам мен орыс православиесінің мәдениет құраушы рөлі басқаларына қарағанда көбірек мойындалады. Осы себепті оларды мемлекеттің конфессиялық саясатының екі қанаты деп белгілеуге болады. Бұл мұсылмандар мен православие дініне сенушілерді Елбасының құттықтауы дәстүрге айналған Құрбан айттың 1-күні мен Рождество мерекесін Қазақстан Республикасы Президентінің демалыс күндері деп жариялауында айқын көрінді.


- 1 -

Дінаралық диалогтың қазақстандық тәжірибесін әлемдік діндер көшбасшылары да мойындады және қолдау көрсетті. Астанада, бейбітшілік пен келісім сарайында әрбір үш жыл сайын Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съездерін өткізу дәстүрге айналды.

Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаев қазіргі кезеңдегі ішкі саясаттың басты басымдықтарын, ұлттың ұзақ мерзімді тұрақты дамуын қамтамасыз ету, оның бірлігін нығайту керек екенін атап Ұлтаралық тұрақтылық пен конфессияаралық келісімнің құндылықтары «халық бірлігі» деген ұғымға шоғырлану керек. Яғни, қол жеткізген жетістіктерімізге тоқмейілсімей, дін арқылы қоғамның рухани құндылықтарын одан әрі дамытуға күш салу қажет деп атап көрсетті

Мәдени ынтымақтастықты, этносаралық төзімділікті дамыту және өзара түсіністікке тәрбиелеу рухани құндылықтардың маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан, жас ұрпақты төзімділік рухында тәрбиелеуге, Қазақстан Республикасының аумағында әрекет ететін әлемдік және дәстүрлі діндерді тұтушы діни бірлестіктердің лидерлерімен, ұлттық-мәдени орталықтардың жетекшілерімен ынтымақтастық орнатуға ерекше мән беру қажет. Халықтың ауқымды жіктері мен түрлі топтарын қазақ тілін өз еркімен үйренуге тарту қоғамды біріктіруші орталық фактор болып табылады. Мемлекеттік тілді үйрену, оны меңгеру Қазақстанның барлық этностары үшін мәдени, психологиялық жақындасу мектебі болуы тиіс. Қазақстан халқының, әсіресе жастардың қазақ тілін үйренуге қатысуын қоғамды саяси тұрақтандырушы элемент ретінде қарастыру керек.

Қазіргі таңда жемісті еңбек етіп отырған, қалыптасқан қоғамдық институт – Ассамблеяның рөлін нығайта түсу көп ұлтты Қазақстандағы патриотттық тәрбиенің маңызды құралдарының бірі болып табылады. Қазақ халқының және өкілдері Қазақстанда тұратын барлық басқа да халықтардың мәдени мұрасын, өткен тарихын, дәстүрлерін, әдет-ғұрыптарын, жораларын толыққанды жаңғырту және зерделеу үшін Ассамблея үлкен әлеуетке ие. Ассамблея жоғары адамгершілік мәдениетті, жасампаз, жоғары өнімді еңбекке бағытталған азаматты тәрбиелеуге қосатын үлесі зор.

Еліміздегі ең үлкен жетістігіміз қоғамдық тұрақтылықтың, этносаралық және конфессияаралық келісімнің дамуы болып табылады. Сондықтан, осы құндылықтарды түсіне отырып, оларды әрі қарай нығайта түсу қажет.

Ақылға салып қарасақ, барлық діннің бастауы бір. Негізгі ұстанымдары да ортақ. Дін елді ізгілікке, мейірімділікке, татулыққа, әділеттілікке шақырады. Айырмашылық діни ғұрыптар мен рәсімдер, салт-дәстүрлер мен жөн-жоралғылар бойынша ерекшеліктер кездеседі.Мұның өзі табиғи ортаның ыңғайына, шаруашылық түріне, өмір сүру салтына байланысты


- 2 -

сыртқы ғұрыптың, қалыптардың әртүрлі болуы табиғи жағдай.

Бұл жөнінде Шәкәрім Құдайбердіұлы:

«Әлемдегі діндердің түп мақсұты,

Үш нәрседе бұлжымый құшақтасар:

Құдай – бар, ұждан дұрыс, қиямет шын,

Еш діннің мақсұты жоқ мұнан асар.

Дін адамды бір бауыр қылмақ еді,

Оны бөліп, дұшпандық қару жасар.

Інжіл, Құран – бәрі айтып тұрса-дағы,

Мағынасынан адасып қара басар.

Сөйтіп бұзып, бүлдіріп есіл дінді,

Дін десе білімділер тұра қашар.

Ешбір дін өйтіп дұспан бол демейді,

Қанеки бұл сөзіме кім таласар? – деп ұғынықты тілмен тұжырымдаған.

Бұдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын айтқан ғұламаның бұл сөзі қазіргі заманда ерекше маңызға ие .

Себебі, діннің атын жамылып, халықтың діни сауатының төмендігін пайдаланған түпкі мақсаты діннен мүлде бөлек жалған діни ұйымдардың азаматтарымызды өз қатарына тартуы, әсіресе өмірлік көзқарасы қалыптаспаған жастардың санасын улауы, оларды әртүрлі теріс әрекеттерге итермелеуі орын алуда.

Осындай әрекеттерге тосқауыл ретінде 2011 жылғы 11 қазанда қабылдаған «Дiни қызмет және дiни бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Заңының қабылдануын, дін саласындағы мемлекеттік ұйымдар жүргізіп отырған халықтың діни сауатын көтеру жұмыстары, жастардың тұрақты діни көзқарасын қалыптастыру бағытында мектептерде дінтану пәнінің енгізіліп, оқытылуын айтуға болады.

Сонымен қатар, бастауыш сынып оқулықтарынан бастап, жоғары сыныптардағы барлық гуманитарлық пәндер оқулықтарындағы мәтіндердің мазмұны ұлттық ерекшелігімізді, ұлтымыздың салт-дәстүрін насихаттап, бала бойында рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыратындай деңгейде болуының маңызы зор. Орыс тілі, орыс тілі мен әдебиеті, ағылшын тілі секілді пәндердің де негізгі мазмұнына қазақтың дәстүрлі дінін, ұлттық мәдениетін, салт-дәстүрін насихаттайтын шығармалардың аудармаларын енгізу қажет. Бала бойында өз ұлтына, өз тіліне деген құрмет пен өзінің осы ұлт өкілі екендігіне мақтаныш сезімін туғызып, ұлттық рухын оятуы қажет. Намыс, ерлік, рухтандырушылық, адамгершілік , патриоттық сынды игі қасиеттерді бастан ұрып, көзден шұқып көрсетпейді. Ондай дүниелер ұлттық тәрбие, ұлттық мәдениет, тарих пен ана тілін білу арқылы келеді. Тек білу аздық етеді. Бойға сіңірмейінше, ұлттық рух пайда болмайды.


- 3 -

Жүректе қайрат болмаса,

Ұйықтаған ойды кім түртпек?

Ақылға сәуле қонбаса

Хайуанша жүріп күнелтпек, - деп Абай атамыз жырлағандай, рухани байлық ақылмен кіріп, жүректен орын алуы керек.

Дініміздің тұтастығын сақтап, ұлтымыздың ұйымшылдығын, мемлекетіміздің дамуын нығайту - әрбір иманды азаматтың міндеті болуы керек. Рухани байлығымыз ұлғайып, көркейіп келе жатқанда бөлінушіліктен аулақ, адасудан аман болуымыз әлдеқайда қымбат.




























- 4 -






























Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!