Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дін және терроризм
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ф-Е-04/1.1
Түркістан көпсалалы жоғары медицина колледжі
Тақырыбы: Дін және терроризм:бір-бірімен байланыспайтын ұғымдар
«Түркістан» көпсалалы жоғары медицина колледжінің
«ағылшын тілі» пәнінің оқытушысы Султанмурадов Б.А.
Дін және терроризм:бір-бірімен байланыспайтын ұғымдар
«Дін» дегеніміз не? «Террорзим» дегеніміз не? Дінмен қандай байланысы бар?Оның бүгінгі күнде «діни терроризм» болып халық арасында өте күрделі мәслеге, қорқынышқа айналуының себебі неде? Алдымен барлығына жеке тоқталсақ.
Ислам - рақымдылық діні. Ислам - бейбітшілік пен қауіпсіздік діні. Исламды терроризммен тең санау тарихи қателік әрі исламға жасалған ең үлкен қиянат болып табылады. Жер бетіндегі барлық діндер бейбітшілік, . рақымдылық, әділдік сияқты жоғарғы құндылықтарға негізделген. Солардың ішінде ең соңғы, кемеліне келген әрі мейірім мен рақымдылықты ту еткен дін - Ислам діні. Сөздеріміз жалаң ойдың шетінде жар тіреп қалмас үшін Ислам бүл мәселеге қаншалықты мән бергенін оның ең басты қайнар көздері саналатын Құран мен сүннетке назар салып қарайық. Мейірім мен рақым - жалпы жаратылыстың түп негізі. Абай атамыз айтқандай «махаббатпен жаратқан адамзатты» Аллаһ тағала аса мейірімді және тым рақымды. Құрандағы барша сүре «Бисмиллаһир- Рахмани-р-Рахим» деп басталуы ең алдымен Ислам дініндегі Аллаһ түсінігінен хабар беріп түр. Жаратушының Рахман және Рахим есімі рақымдылыққа тән бүкіл сипаттарды қамтиды.
Дін туралы сөз еткенде түрлі пікірлер мен тұжырымдар ортаға шығады. «Дін» сөзінің аясы кең, ұғымы ұлы.
Дін - әлемдік өркениеттегі барлық қоғамдық құрылыстарға тән тарихи, саяси- әлеуметтік, дүниетанымдық және психологиялық құбылыс. Ол ықылым замандардан бері адамдармен бірге жасасып келеді. Оны ең тұжырымды түрде Құдай мен адамның ара қатынасы, адамның танымынан тыс күштердің барлығын мойындау және соған илану деп анықтауға бол
Дін — адам пайымының бүкіл әлем мен болмысқа, қоршаған дүниеге, табиғатқа, өзі өмір сүретін ортаға және өзінің ақыл-ойы мен сана-сезімінен тысқары тылсым дүниеге қатынасы. Адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени институт, ерекше қоғамдық сана және әлеуметтік құбылыс. Ислам философиясының түсіндіруінше, дін дегеніміз — әлемді байланыстыратын күш Алланың барлығына сенім. Бүкіл әлемді және адамды жаратушы ие — Жалғыз Алла адам баласының жүрегін өзіне ұштастыра жаратады, яғни Жаратушының барына сеніп, оның ажырамас бөлшегі екенін адам өз жүрегі арқылы сезетін болады. Діннің басты мақсаты — адамның рухани жетілуі және
оның Жаратушы Құдаймен байланысын орнату болса, ислам тұжы-рымдамасы бойынша, рухани жетілу сатысының бірінші деңгейінде тұрған адамның алғашқы махаббаты, таза құлшылығы, қорқынышы Аллаға арналады.Сондай-ақ қоғамдағы бірлік пен бірізділікті сақтау негізгі мақсат болып табылады.
Терроризм [ лат. terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану деген мағынаны береді. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризмнің барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.
Терроризм - ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін дүрсін-дүрсін күш қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда террористер аманат алуды, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу, ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік әрекеттер қашан да қоғамға, билікке әсер етуге бағытталады. «Терроризм» ұғымына қатысты көптеген анықтамалар мен түсіндірмелер болғандықтан, жұртшылыққа ортақ анықтама беру қиынға соғады. Алайда, оның «зорлық‑зомбылық», «қорқыныш пен үрей туғызушылық» және «кінәсіз адамдарға кесір тигізу» сынды басты белгілерін айқындай кетуге болады.
Олардың негізгі мақсаттары – әртүрлі діни сенімдерді пайдалана отырып, адамдардың пікіріне әсер ету, билікті ұстап қалу, ұлтаралық соғыстар, талас-тартыстар ұйымдастыру, дінді саяси құрал ретінде пайдалану. Қазіргі таңда халықаралық терроризм өзінің ауқымы, қатыгездігі мен адамгершілікке жат зұлымдығымен заманауи әлемнің алдында тұрған өткір әрі ғаламдық қауіп-қатерге айналғаны құпия емес. Бүгінгі таңда лаңкестік әрекеттер ауқатты дамыған елдерде де, жағдайы төмен елдерде де орын алып отыр.
Өкінішке қарай, біз ақпарат құралдары арқылы әлемнің әртүрлі жерлерінде адамдардың террорлық әрекеттердің құрбанына айналып, инфрақұрылымдар мен әлемдік тарихтың мұрасына айналған құнды жәдігерлердің қиратылып жатқанын күнделікті көріп отырмыз. Терроризм идеологтары өз әрекеттері арқылы мәдениеттер мен діндердің арасына ғана емес, сонымен бірге, мемлекеттер мен халықтар арасына да өшпенділік салуға ұмтылып отыр.
Жалпы, экстремизм мен терроризм әртүрлі сипатта көрініс тауып, түрлі идеологиялық және саяси доктриналарды, оның ішінде дін атын бүркенетіндігін де айта кеткен жөн. Осы ретте дін атын жамылған халықаралық терроризмнің терроризм эволюциясындағы аса қауіпті үрдіске айналғанын ерекше ескерген абзал.
Әдетте, осыған дейін саяси терроризмнің түпкі мақсаты зорлық-зомбылық жасауға емес, белгілі бір мәселелерге қатысты қоғамдық пікір қалыптастыру мақсатымен бұқаралық ақпарат құралдарының назарын өзіне аударуға бағытталатын. Ал қазіргі күндегі дін атын жамылған терроризм үшін дін талаптарына сай орындалатын күш көрсету мен зорлық-зомбылықты қасиетті парыз дәрежесіне дейін көтеру басты орынға шығып отыр. Осыған байланысты көптеген ғалымдар кез келген діни бағыттағы фундаментализм, түптеп келгенде, экстремизммен және терроризммен шектесіп жататындығына сенімді.
Арам ниеттілер теріс ойларын ғаламтор арқылы таратып, жақтаушылары қатарын қалыңдатуда. Сонымен қатар, техниканың дамыған бұл заманда, жастардың іріткі салу видеороликтері мен түрлі веб сайттардағы жарияланып жүрген теріс пиғылды ақпараттарының жиіленуі, дұрыс діни білімнің алмауынан болып отыр. Осының барлығының алдын алу үшін жас ұрпаққа дұрыс тәрбие мен білім беру қажет. Тәрбие жүйесінде ойланып, толғанатын, толықтыратын жайттар көп. Рухани тәрбиеге тиісінше мән берілмеген. Міне, осының салдарынан рухани тұрғыдан таяз жаңа ұрпақ
өсіп жетілді. Діни сауаты жоқ, рухани тәрбиеден жұрдай осындай жастарды әлдекімдер алдап-арбау арқылы санасын роботқа айналдырып, өз мақсаттары үшін қолдануда. Тіпті оларды түрлі дәрі-дәрмектер мен психотроптық заттардың көмегімен арандатып отырған болуы да ықтимал. Қазір осы туралы баспасөз беттерінде көп айтылып жатыр. Сөйтіп, арандап қалған жастарды негізгі мақсат, негізгі идея осы деп, адам өлтіруге, жалпы өлімге айдап салып отыр. Әлдекімдер осындай жастардың қолымен от көсеп, өз мақсаттарына жетуді көздеуде.
Террорлық әрекетке барып жатқандар мешіт жамағатынан шыққан, діндар жандар емес. Діндар кісілер мұншама жауыздық әрекетті жасай алмайды. Жанкештілікке көбіне діни сауаты жоқ адамдар барады. Олар әлдекімнің «Мынаны өлтіру керек» дегенін бұлжытпай орындайды.
Қазіргі таңда көптеген мемлекеттер «ИШИМ» немесе «ИГИЛ»-ді террористік ұйым ретінде таниды. Басқа экстремистік ұйымдарға қарағанда ИШИМ идеологиясының нысаны әлемнің барлық мұсылмандарына бағытталып отырғанында және аумақтық тұрғыдан шектелмегендігінде болып табылады. Олардың негізгі мақсаты қасиетті кітапты өз түсініктері бойынша түсіндіру болып отыр.
Бұл мәселедегі ең өкінішті жағдай – ол дін негіздерін енді танып, өмірдің оң-солын әлі тани қоймаған жас ұрпақтың осынау террорлық ұйымдардың қатарын толтыратын топқа айналуы дер едім. Яғни, өмірлік тәжірибесі жоқ өскелең ұрпақ террорлық ұйымдардың теріс иделогияларының салдарынан «таза ислам» насихатының тұзағына түсуде.
Түрлі мемлекеттен 126 ислам ғалымының «ИШИМ» іс-әрекеттерінің ислам дінімен ешқандай байланысы жоқ екендігін айтып хат жібергендігі де белгілі. Ислам дінінде фундаментализм, экстремизм, терроризм деген ұғым да, түсінік те жоқ. Бұлар Ислам дінінің өзегімен мүлдем сәйкеспейді. Мысалы, «Ислам» дегеннің өзі «бейбітшілік, тыныштық» дегенді білдіреді. Исламның басты мақсаты – әлемдегі адамзат арасында бейбітшіліктің болуына негізделген. Сондықтан, экстремист, террорист деп аталатын топтардан басқа мүдделер мен себептерді іздеу керек.
Қазақстанда осы мақсатта Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013–2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама қабылданып, соның аясында әрбір мемлекеттік орган өз құзыретіне сәйкес осы індетпен күресуге бағытталған іс-шаралар кешенін іске асырып, жетілдіре түсуде. Діни экстремизм мен терроризімнің алдын алу бағыттарының бірі ретінде Қазақстан қоғамында діни сауаттылықты арттыруға ерекше мән берген жөн.