Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
ДИНА НҰРПЕЙІСОВАНЫҢ КҮЙ ШЕРТУДЕГІ ҚҰДІРЕТІ МЕН ДАНАЛЫҒЫ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК Шығыс Қазақстан облыстық білім басқармасы КГКП «Педагогический колледж имени М.О.Ауэзова» Управление образования Восточно-Казахстанской области |
Положение СМК ПП-5.3-88 Ғылыми жоба туралы Ереже/ Положение о научном проекте |
Издание /басылым 1/2017 Стр/бет. 0 из 4 |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледж» КМҚК
ЗЕРТТЕУШІЛІК ЖОБА
ТАҚЫРЫБЫ:
ДИНА НҰРПЕЙІСОВАНЫҢ КҮЙ ШЕРТУДЕГІ ҚҰДІРЕТІ МЕН ДАНАЛЫҒЫ
Жұмысты орындаған:
«Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту » бөлімінің
білім алушысы
Қалиханқызы Гаухар
Ғылыми жетекшісі:
Байнбетова Адина Бериковна
Семей, 2021
Мазмұны
І Кіріспе
1.1. Күй өнерінің шығу тегі.
ІІ Негізгі бөлім
2.1. Дина Нұрпейісованың өмірбаяны.
2.2. Дина Нұрпейісованың күй шертудегі құдіреті мен
шығармашылығы.
ІІІ Қорытынды бөлім
3.1. Дина күйлері - қазақ ұлтының құнды, ұлттық, рухани бай
мұрасы.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
-
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
-
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
-
http://elib.kaznu.kz/app/voyager/books/900/1517481768376.pdf
Ғылыми жобаның
мақсаты: Дина Нұрпейісованың күйлері арқылы қазақ халқының рух
жігерін, қайраттылығын дәлелдеу.
Күй өнерінің атқаратын рөлін зерттей отырып, күй өнерінің жоғары
деңгейде екенін дәлелдеу.
Зерттеу жұмысының
міндеттері:
- Қазақ күйлеріне талдау жасау;
- Күйшінің бойындағы күш, жігер қасиеттерін сипаттау.
- Жиналған материалдарды бір жүйеге
келтіру;
Зерттеу жұмысының
өзектілігі:
Қазақтың аса дарынды шерпе күй өнерінің саңлағы Дина
Нұрпейісованың өмірден өз орнын анық тауып, артына өшпес мол мұра
қалдырғанын анық білеміз. Дина Нұрпейісова барша қазақ халқына
аян.
Зерттеу жұмысының
болжамы: Егер біз Дина Нұрпейісованың әр күйінің шығу тарихын
зерттеп, жастардың рух, жігерін көтеріп, әр тілге аударып қазақ
ұл-қыздарының болмыс бітімін өзге елдерге де паш етіп, қазақ
жастарының бойындағы қасиеттерін биік қоя отырып, қазақ жастарының
өз еліне деген сүйіспеншілігіне , елінің үмітін ақтауға жетелеуге
жол ашар едік.
Зерттеудің
әдісі-тәсілдері: Берілген материалдарды жинақтап, топтап, бір-бірімен
салыстыру арқылы өзіндік ой
топшылау.
Кіріспе:
Қазақ
даласының сұлулығы қандай керемет!
Осындай тамаша көріністі күйші домбыра ішектеріне саусақтарын жанастыра жөнелгенде сазды әуен табиғаттағы алқапты жайлай жөнеледі. Күйші ішектерді қаттырақ қаға түскенде дала төрінде жылқы үйірі шауып келе жатқандай көрінеді. Күйші өз әңгімесін тілсіз баяндап жатқандай сезіледі. Бұл әңгіменің не туралы екенін домбыра ғана біледі.
Күй – күрделі ырғақты, және өзіне ғана тән музыкалық музыкалық дыбыстауы ерекше әуен ғана емес, ол мән мағнасы, формасы терең музыка тілімен айтылатын хикая. Мұны біреу білсе, біреу білмес.
Күй – адамның көңіл күйін, жан күйзелісін, қуанышы мен қайғысын өмірлік мәні туралы ой санасын сипаттайды.Бұл өнер дәстүрінде сол күйдің мазмұны мен шығу тарихы туралы ауыз екі баяндау жатыр. Сондықтанда күйші оны орындауға кіріспес бұрын күйдің шығу тарихын, тақырыбы туралы баяндап беретін болған. Біраз уақыт өте келе ауыз екі шығармашылық аспаптың орындаудан түбегейлі ажырап кетті. Қазір кейбір күй орындаушылар ғана күйінің шығу тарихын айтып бере алады.
Пайда болуы тереңде жатқан күй адамның жан дүниесінің, табиғатының нәзік қылын теріп, қазақтардың күрделі рухани әлемін әдемі сипаттайды. Егер біз домбыраның не айтып жатқанын, күй тарихы қандай екенін білетін болсақ, онда біздің қиялымыз одан әрі шарықтапбұл әуеннің мән мағнасын байыта түсері анық. Әдетте күйдің бірнеше түсіндірмесі болады. Біз күйшінің сол күйдің шығару тарихын жаңғыртуға тырысып көреміз. Бәлкім, сол музыкаға осы бір терең ойлы, терең сезімді музыкалық орындалуы кемел айрықша шығармашылыққа жақын бола түсеріміз анық.
Негізгі бөлім:
Күй — музыкалық жанр, қазақ халқының аспаптық пьесасы. Домбыра, қобыз, сыбызғыда шығарылып, тартылып келген. Музыка өнерінің дамуына байланысты, күйлер халық аспаптары оркестрлерінің репертуарларында көп орындалады. Күй — қазақ, қырғыз, өзбек халықтарының аспаптық музыкасына тән атау. М. Қашқариға сілтеме жасай отырып, күй сөзінің төркіні "көк" деген түркі сөзінен шығуы мүмкін деген болжамдар бар.
Тарихы
Күй XIV ғасырда жеке музыкалық жанр болып қалыптасты. Күйлер мазмұны аңыз-ертегілерге, нақтылы тарихи оқиғаларға құрылып, көбіне бағдарламалы түрінде дамыды. Онда халықтың басынан өткен тауқымет мен әділетсіздікке қарсы күресі, азат өмірді аңсаған асыл арманы мен қуаныш сезімі терең толғаныспен өрнек-бояуын тапты. Күйдің мелодиялық-формалық құрылысы, ырғақтық-орындаушылық әдістері сан алуан. Мысалы, Құрманғазының күйлері жігерлі, екпінді, ал Дәулеткерейдің күйлері терең толғауға, романтикалық лирикаға негізделген, Тәттімбеттің күйлері әуейі әсем, тәтті мұң мен қоңыр сазға толы болса, Қазанғаптың күйлері құбылмалы, ойнақы, төкпе жыр іспетті болып келеді.
Осы тұрғыда күй анасы – Дина апамның күй шертудегі құдыреті мен даналығы жайлы ой қозғасам.Биыл күй анасы Дина Нұрпейісова апамыздың туғанына 160 жыл.Дина Нүрпейісова – қазақ музыка мәдениетінің аса көрнекті қайраткерлерінің бірі. Оның есімі Қазақстанның түпкір-түпкіріне, тіптен Одақ көлеміне де кеңінен мәлім. Халық Динаны күйлері ел арасында кең тараған дәулескер күйші әрі тамаша домбырашы ретінде біледі. Ұлы Құрманғазының қадірлі шәкірті, лайықты мұрагері. Халықтың аспаптық творчествосының тамаша дәстүрін табыс еткен ғажайып дарын иесі болған. Дина Кенжеқызы Нұрпейісова (1861, Бекетай құмы, Жаңақала ауданы, Батыс Қазақстан облысы – 31 қаңтар 1955, Алматы) – қазақтың әйгілі күйші композиторы, Қазақстанның халық әртісі.
2.1. Дина Нұрпейісованың өмірбаяны.
Төлеңгіт руынан шыққан. Халық өнерпаздарының 1937 жылы өткен республикалық байқауына қатысып 75 жасында халық аспаптарын тартатын өнерпаздардың Мәскеуде өткен Бүкілодақтық бірінші байқауында, одан кейін 1944 жылы 83 жасында Орта Азияның бес республикасынан өнерпаздар қатысқан Ташкенттегі он күндікте Дина тағы да жүлделі орындарды жеңіп алады.
Дина ата-ана шаңырағында бұлаңдап өскен жас кезінің өзінде ақ Дәулеткерей, Мүсірәлі, Әлікей, Түркеш, Ұзақ, Есжан, Байжұма, Баламайсаң сияқты күйшілердің күйін нәшіне келтіре тартып, төңірегі «домбырашы қыз» деп атаған. Қаршадай қыздың даңқын естіп, әйгілі Құрманғазы арнайы іздеп келген. Ол Динаның домбыра тартысына сүйсініп, болашағынан үлкен үміт күтіп, батасын берген. Осыдан кейін Динадан көз жазбай, үнемі айналып соғып, додалы күй айтыстарына ертіп барып, домбыра тартудың терең сырларын үйретеді. Дина тоғыз жасынан бастап он тоғыз жасына дейін, қашан ұзатылғанша Құрманғазының баулуында болады. Құрманғазыдай дәулескер күйшінің ұстаз болуы Динаның ғана бақытты болып қойған жоқ, исі қазақтың күй өнерінің бақыты болды.Дина 1880 жылы Беріш ішіндегі Бесқасқа руынан шыққан Тұрманұлы Қанас деген жігітке тұрмысқа шығады. Қанас пен Динадан Нұрпейіс атты бір ұл туған. Алайда, алғашқы перзенті дүниеге келген соң Қанас көп кешікпей қайтыс болады. Дина ата салтымен қайын інісі Шәпекке қосылады. Күйеуінің атын атамайтын дәстүр бойынша Дина күйеуі Шәпекті «Жәпек» деп атайтын болған. Кейбір деректерде «Жәпек» деп жазылуы содан. Динаның алғашқы күйеуінен көрген перзенті Нұрпейіс 14 жасында қайтыс болады. Кейін ел ішінде санақ па, сайлау ма, әйтеуір бір тізім алу атай алмаған Дина фамилиясының орнына қайтыс болған тұңғышы Нұрпейістің есімін атаған. Міне, Динаның Нұрпейіс келіні атануының сыры осында. Жәпек пен Дина бақытты ғұмыр кешіп, берекелі жанұя құрған.
Динаның әсем сазды аяулы күйлері осынау жар қызығын көріп, бала бақытына мейірленген жылдарда туған. Ұзатыларда әкесінің еншің деп мінгізген қарақасқа атына арнап шығарған «Қарақасқа» ат» күйі, өзі пір тұтатын күйшілері Дәулеткерей мен Түркешке еліктеп шығарған «Бұлбұл», «Жігер», «Байжұма» сияқты күйлері, ақылды да айбарлы, сұлу да сырбаз абысынан арналған «Кербез» күйі, үлкен ұлы Жұрымбай 1916 жылғы «Июнь жарлығы» бойынша әскерге шақырылғанда тартқан «Он алтыншы жыл» («Набор») күйі, қадірлес замандастарына сүйсінуден туған «Қосалқа» күйі, балдай тәтті, бауыр етіндей жақын баласы Қоңырға арнаған «Әсем қоңыр» күйі, міне, бұлар Динаның өзіндік қолтаңбасын айқын танытатын біртуар күйлер. Бұл күйлері арқылы Дина қазақ күйлерінің өрісін ұзартып, өресін биіктетумен бірге, өзі де ұлы күйшілермен терезесін теңестірді.
2.2.Дина Нұрпейісованың күй шертудегі құдіреті мен шығармашылығы.
Дина Кеңес заманында да өзінің арман аңсарын, үміт тілегін халқының жолына бағыштап өтті. Жасының ұлғайғанына қарамастан Қазақстанның 20 жылдығына орай «Тойбастар», Отан соғысы жылдарында «Ана бұйрығы», «Жеңіс» сияқты күйлер шығарды. Рас, қоғамның репрессиялық қаталдығы туыдрған жағымсыз саясат пен желбуаз идеология Динаның бұла дарынын қақпайлап бақты. Оны төлтума арқасынан (шабытынан) айырып, әсіре ұраншылдықтың қолжаулығы етпек болды. Ол шығарған күйлерге «Еңбек ері», «Сауыншы», «Сталин», «Делегат», «Көкөніс» деп ат қойып, алаулатып жалаулатып, ресми салтанаттардың ұран күйіне айналдырды.
Бүгінде күйші атында музыкалық мектептер мен көшелер бар. Атырауда Д.Нұрпейісова атындағы облыстық қазақ халық аспаптар оркестрі жұмыс істейді.Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасында күйші Дина Нұрпейісова туралы мына еңбектер сақталған.
А.Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» атты монографиясы. Автор бұл шығармасында қазақ халқының рухани әлемінде айрықша орыны бар күй өнерін тарихи және этнографиялық аяда зерделеп, оның өзіндік қалыптасу жолдарын, әлеуметтік өмірмен біте қайнасқан болмысын, сондай-ақ төлтума қасиеттерін нақтылы айғақ-деректерге сүйене отырып саралайды.
Қ.Орынғалидің «Дина күйші» жинағы. Бұл кітапқа Дина Нұрпейісованың өмірі мен өнері туралы әр кездері жазылған көрнекті музыка зерттеушілері мен қаламгерлердің шығармалары, сондай-ақ күйшінің көзі тірісінде онымен жақын араласқан азаматтардың, ұрпақтарының естеліктері енген. Сондай-ақ күйтабақтары мен ғұмырнамасы топтастырылып, төл мұрасының үздік үлгілері де берілген.
3.1.Дина күйлері - қазақ ұлтының құнды, ұлттық, рухани бай мұрасы.
Дина өз күйлелерін суырып салма құрылымда еркін тартқан. Ол күйлердің негізгі композициялық принциптерін сақтай отырып, əр тартқанында күйін жаңаша түрде орындайтын болған. Батыс Қазақстан күй формасына сүйене отырып, Дина күй құрылысын өзінше дамытқан. Жастарға беретін үлгісі мен алатын асуларын домбыра пернесіне дөп басар тамыршыдай жас өркенді жетелейтін ұлы өнерді меңгертуді мақсат еткен.
Дина Нұрпейісованың домбырада орындаушылық өнеріне қайран қалған композитор Ахмет Жұбанов: «Дина ұзын да сүйріктей саусақтарымен домбыра пернесінде, сағағында небір алшақ пернелер аралықтарын ешбір мүлтіксіз алады. Симфония сазындай сиқырлы әуен 62 тамырыңды бойлата, шымырлата, буырқана небір әсерге түсіреді» деп күйшінің өнеріне тәнті болған екен.
Пайдаланылған әдебиеттер:
-
Батыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. — Алматы: «Арыс» баспасы, 2002 жыл.
-
Тарихи тұлғалар. Танымдық - көпшілік басылым. Мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілікке арналған. Құрастырушы: Тоғысбаев Б. Сужикова А. – Алматы. “Алматыкітап баспасы”, 2009 ISBN 978-601-01-0268-2
-
Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005
-
http://elib.kaznu.kz/app/voyager/books/900/1517481768376.pdf