Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Діни ахуалды бағалау және экстремизмнің алдын алу
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«...Бүгінгі
біздің халқымыз үшін дәстүрлі емес діни және жалған діни ағымдар
мәселесі өткір тұр. Жастарымыздың бір бөлігі өмірге осы жат жалған
діни көзқарасты көзсіз қабылдайды, өйткені, біздің қоғамның бір
бөлігінде шеттен келген жалған діни әсерлерге иммунитеті
әлсіз. Біздің Конституция сенім бостандығына
кепілдік береді, бұл - факт. Бірақ, өздеріңіз
білетіндей, шексіз еркіндік деген болмайды. Ол дегеніміз -
хаос.Барлығы да
Конституция мен заңдар аясында болуға тиіс. Әркімнің таңдау құқығы
бар. Діни таңдауға өте үлкен жауапкершілікпен
қарау керек, өйткені,адамның өмірлік салты, тұрмысы, көп жағдайда
бүкіл өмірі соған байланысты.
Бүгінде, интернет пен жоғары технологиялар ғасырында, ақпарат
тасқындаған заманда, «сүзгі» адамның ішінде болуы керек....»
деп,
«Қазақстан-2050» стратегиясында айқын
жазылған.
Қазақстан – қазіргі таңда
ұлтаралық келісім мен дінаралық татулықтың ерен үлгісін көрсетіп
келе жатқан мемлекет. Отанымыз 130-дан астам
ұлттар мен ұлыстардың алтын ұясы бола отырып, әлемге Елбасы
Нұрсұлтан Назарбаевтың осы бағыттағы сарабдал саясатының арқасында
бейбіт өмір салтанат құрған ел ретінде танылып үлгерді. Қазақстан
өзіндегі дінаралық татулықты ту етіп көтеріп қана қоймай, бүкіл
халықаралық қоғамдастыққа Әлемдік және дәстүрлі діндер
Көшбасшыларының съездері арқылы да түсіністік ұрығын себуде. Бұған
соңғы жылдары бедерінде түрлі дін өкілдерінің басын қосып, төрт
бірдей съезд өткізгені дәлел болып
табылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары
съездері Тұңғыш рет әлемдік
және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі 2003 жылы 23-24
қыркүйекте
Астанада ұйымдастырылды. Әлемдік және дәстүрлі діндер
көшбасшылараның ІІ съезі 2006 жылы 12-13 қыркүйекте Бейбітшілік
және келісім сарайында өтті. Әлемдік және дәстүрлі діндер
Көшбасшылараның
ІІІ съезі 2009 жылы 1-2 шілдеде Астанада өтті. Әлемдік және
дәстүрлі діндер
Көшбасшылараның ІҮ съезі 2012 жылы 30-31 мамырда Астана қаласында
өтті.
Лаңкестік ұғымы — гректің «terror» сөзінен шыққан, «үрейлі», «қорқынышты» деген түпнұсқаны айтады. Қазіргі таңда дүниеде 500-ге жуық лаңкестік ұйым бой көрсетуде. Олардың саяси, діни бағыты, әлеуметтік және этникалық құрамы, шабуылдау дәрежесі бойынша ең үлкендері мыналар: «әл-Кайда», «Абсат әл-Ансар» (Ливан), «Ал-Жиһад», «Жәмағат әл-Ислами», «әл-Ихуан әл- муслимин» (Мысыр), «Хизб-ут-тахрир әл-Ислами», «Тәибә», «Жамағати-Ислами» (Пәкістан) Қазіргі уақытта Лаңкестік даму, таралу қарқыны мен салдары жағынан адамзаттың ең қауіпті қоғамдық-саяси және моральдік мәселелердің біріне айналып отыр. Лаңкестердің ядролық, бактериологиялық, химиялық уытты қаруларды қолдану мүмкіндігі ғаламдық қауіпсіздікке үлкен қатер туғызуда. Лаңкестік мемлекеттің идеологиялық-құқықтық жүйесі қоғамның күрделі әлеуметтік-саяси процестерін реттеуге қабілетсіз болуына байланысты пайда болады. Лаңкестіктің өсуіне мынадай факторлар әсер етеді: саяси-әлеуметтік және экономикалық дағдарыс, халықтың өмір сүру деңгейінің күрт төмендеуі мен жұмыссыздықтың өсуі, ұлттық және діни қайшылықтардың шиеленісуі, т.б. Лаңкестікке қарсы алдын алу шараларының қатарына: қоғамның әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақтылығын, азаматтардың экономикалық, саяси, ұлттық, діни, т.б. құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету; адам құқығы жөніндегі мемлекеттік органдар мен қоғамдық органдардың жұмысын жетілдіру; қоғамда жоғары саяси және құқықтық мәдениет қалыптастыру; қару-жарақ рыногіне, соның ішінде жаппай қырып-жою құралдарына мемлекеттік және халықаралық бақылау жасау, т.б. Дүниежүзілік қауымдастық Лаңкестікке қарсы бірқатар халықаралық-құқықтық құжаттар қабылдады (Әуе кемелеріне жасалған қылмыстық және басқа да әрекеттер туралы конвенция (1963); Азаматтық авиация қауіпсіздігіне қарсы бағытталған заңсыз актілермен күрес туралы конвенция (1971); Лаңкестікті қаржыландыруға қарсы күрес туралы конвенция (1999), т.б. 1994 ж. БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 49- сессиясында қабылданған “Халықаралық лаңкестікті жою шаралары туралы” декларацияда Лаңкестікпен күрестегі халықаралық ынтымақтастық шаралары белгіленді. ТМД мемлекеттері арасында көпжақты келісімдер жасалып, Лаңкестікке қарсы орталық құрылды (2000). Орта Азия мемлекеттері 2000 ж. Ташкентте өткен саммитте “Лаңкестікпен, саяси және діни экстремизммен, трансұлттық ұйымдасқан қылмыспен, тұрақтылық пен қауіпсіздіктің басқа да қатерімен күресте бірлескен іс-әрекет туралы” келісімге қол қойды. Сондай-ақ Шанхай ынтымақтастық ұйымы шеңберінде халықар. Лаңкестікпен және экстремизммен күрес шаралары белгіленген. Ал аймақтық қауіпсіздік қазіргі таңдағы ең кең тараған құбылыс. Біз оны Еуропаның мысалында, ШЫҰ –ның мысалында, ОДКБ – ның т.б мысалында көре аламыз. ШЫҰ – ның мысалында аймақтық қауіпсіздікті айтып кететін болсам, ол негізінен осы ұйымға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен тығыз байланысты. Негізінен әсер ету аймағы дегенде, қайсы жерлерде ШЫҰның ықпалы жүреді деген сұрақ туындайды.
Діни экстремизм және терроризм жайлы...
Терроризмнің екі түрі
болады: 1. Адамның санасына жасалынатын терроризм
. 2. Адамға физикалық тұрғыдан жасалынатын
терроризм .
Әсіресе санаға жасалатын терроризм өте қауіпті болып
есептеледі.
Діни сана дегеніміз
не? Діни сана дегеніміз белгілі бір діни
идеялармен
белгілі бір діни ілімнің білімдері, құндылықтары сонымен қоса
белгілі бір
дінге немесе діни топқа, діни ағымдарға қатысы бар адамдар мен
топтарды
айтады. Осындай діни
санадан діншілдік қалыптасады.
Діншілдік дегеніміз
?Діншілдік
дегеніміз – ең алдымен адамдардың тобы
немесе жеке адамның әлемге деген көзқарасының, психологиясының,
тәртібінің өмір сүру салтының белгісі.
Ол құбылыстарды
оқиғаларды,
қарым-қатынастарды сенім тұрғысынан қабылдау және
бағалауда көрінеді. Қазіргі кезде адамдарды діншілдігіне байланысты
алты типке бөліп
қарастыруға болады:
Адамдарды діншілдігіне
байланысты алты типке бөліп қарастыруға
болады: 1) Діни фанаттар 2) Діни фундаменталистер
3) Діни радикалистер 4) Діни экстремистер
5) Діни террористер 6) Дәстүрлі діни ұстанымдағы діншіл
адамдар
Діни
фанаттар.
Діни фанатизм анықтамасы белгілі бір
ой-тұжырымға, не
іске соқыр сенім негізінде, барынша беріліп, өзінің көзқарасы мен
іс-қимылын соңғы шындық, ақиқат ретінде қабылдаумен сипаталады.
Діни
фанатизм негізі соқыр сенім болғандықтан, ол жеке тұлғаның дұрыс
ойлау
қабілетіне, қоғамның даму заңдылығына кереғар, қарамақайшы.
Әсіресе,
қоғамдық санаға, саясатқа байланысты мәселелерде өте қауіпті, дер
кезінде
тамырын қимаса әкелетін зардабы да
орасан.
Діни
фундаменталистер.
Діни фундаментализм дегеніміз – бұл
идеология,
дүниетаным. Діни фундаментализм өткенге қайту, оралу деген мағынаны
береді. Яғни қандай мәселеде болсын қатаң, өтеуі жоқ саясатты
ұстану,
бұрынғы орта ғасырдағы діни режим және мәдениеті қалай болды тура
солай саяси жүйені орнату болып есептеледі. Осындай бұрынғыны
аңсау, пайғамбарлар, сахабалар кезіндегі уағыздардың әсерлеп
насихаттау, Орта
ғасыр мемлекеттерді керемет қып көрсету радикализмнің
туындауына
әкеледі.
Діни
радикалистер. Діни радикализмнің анықтамасы «өкіметтің
немесе қоғамның саяси жүйесінің тұрақтылығын радикалды
іс-әрекеттермен
шаралардың көмегімен жедел уақытта өзгертуге бағытталуын қолдау».
Радикализм – идеологияның өзі емес, ол идеологияны таратудың іске
асырудың, өзгертудің түрі. Діни радикализм зайырлы,
демократиялық
мемлекетті теократиялық мемлекетке өзгерту әрекеттері деп
тұжырымдайды.
Діни
экстремистер. Діни экстремизмге (лат.exnremus –шеткі)
шектен тыс
көзқарастар мен әрекетерді ұстану, қоғамдағы тәртіп пен нормаларды
жоққа шығару ретінде анықталады. Экстремизм – бұл қайсы бір
проблемаларды шешуге бағытталған ең шеткі діни дүниетанымды
жақтаушылық және радикалды іс-әрекеттер. Экстремизм әруақытта әр
қалай көрініс беретін өте күрделі құбылыс. «Діни келіспеушілікті
тұтандыруға бағытталған, азаматтардың қауіпсіздігіне, өміріне,
денсаулығына, құқығына, қауіп төндіретін іс-әрекеттерімен көрінетін
радикалды сенімдерді тарату» деп анықтама
берген.
Діни
террористер.
Діни терроризм - [ лат. terror-қорқыныш,
үрей] саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; Діни терроризм –
діннің атын жамылып ұйымдасқан топ діттеген мақсатына жету үшін күш
қолдану арқылы көрініс табатын әдіс. Қазіргі жағдайларда діни
террористер, қоғамдық мәндегі ғимараттарды басып алу, жарып жіберу,
ұшақтарды алып қашу және өзге де әрекеттерге барады. Террористік
әрекеттер қашан да жариялы түрде жүреді және қоғамға, билікке әсер
етуге бағытталады
Қазақстанда
экстремисттік, террористтік деп танылған сот органдарымен тыйым
салынған діни ағымдар:
1.Аль-Каида» 2004 ж.
2.«Шығыс Түркістандағы исламдық қозғалыс» 2004 ж.
3.«Өзбекстандағы исламдық қозғалыс» 2004 ж.
4.«Күрд халық конгресі» 2004 ж.
5.«Асбат аль-Ансар» 2005 ж.
6.«Мұсылман бауырлар» 2005 ж.
7.«Талибан» қозғалысы 2005
ж.
8.«Боз Ғұрт» 2005 ж.
9.«Орталық Азия моджахедтерінің жамағаты» 2005 ж.
10.«Лашкар-и-Тайба» 2005 ж.
11.«Әлеуметтік реформалар Қоғамы» 2005 ж.
12.«Шығыс Түркістанды азат ету ұйымы» 2006 ж.
13. «АУМ Синрике»,
2006 ж.
14.«Түркістан ислам партиясы» 2008 ж.
15.«Халифат солдаттары» 2011 ж.
16. «Хизб ут-Тахрир аль-Ислами» 2005 ж.
17. РҚБ«Сенім.Білім Өмір» 2012 ж.
18.“Таблиғи жамағат” 2013 ж.
19 «Ат-такфир уаль-хиджра» 2014 ж.
20. “Ислам мемлекеті” 2015 ж.
21. «Ан - Нусра фронты» 2015 ж.
Сәләфилердің
белгілері:
1) Қайтыс
болғандарға құран бағыштамайды
2) Дәстүрді мойындамайды (қырықын, жылдығын, ас беру, беташар,
сәләм салу, орнынан тұрып екі қолмен амандасу т.б.)
3) Бетті сипамайды
4) Мәзхабты мойындамайды
5) Дәстүрлі музыкалық аспаптарды, сурет салуды харам деп
есептейді.
6) Ата-бабаларымыздың зияраттын шірік деп есептейді
7) Қара паранжаны киюді уәжіп деп санайды т.б.
8) Зайырлы басқару
моделіне қарсы.
9) Наурыз, тәуелсіздік күнін, 9-мамыр мейрамдарын
мойындамайды.
«...Біз
мұсылманбыз, оның ішінде Әбу Ханифа мазһабын ұстанатын
сүнниттерміз. Бабаларымыз ұстанған бұл жол ұлттық салт-дәстүрді,
ата-ананы сыйлауға негізделген. Ендеше, бүгінгі ұрпақ та әлемдегі
ең ізгі дін- ислам дінін қадірлей отырып, ата дәстүрін ардақтағаны
абзал. Қазір кейбір сыртқы күштер жастарымызды ислам дінінің хақ
жолынан адастырып, теріс бағытқа тартуға
тырысуда. Мұндай ұлттық табиғатымызға жат
келеңсіздіктерден бойымызды аулақ салуымыз керек. Біз мұсылман
үмбетінің бір бөлігі екенімізді мақтан тұтамыз. Ол - біздің
дәстүріміз. Бірақ бізде зайырлы қоғамның дәстүрлері де бар екенін,
Қазақстан зайырлы мемлекет екенін ұмытпауымыз керек. Біз елдің
дәстүрлері мен мәдени
нормаларына сәйкес келетін діни сана қалыптастыруымыз керек. Біз
өзін өзі ұстанудың ерекше үлгілерін алуға тиіспіз » деп «Қазақстан
- 2050» стратегиясында айтылған.
Ендеше,
діни
діңгегіміздің беріктігіне барынша жауапкершілікпен қарағанымыз
абзал.
Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің
«Шелек ауылындағы №1 орта мектебі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
«Діни ахуалды бағалау және экстремизмнің алдын алу»
\баяндама\
Демеева.А.Б