400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Діни экстремизм

Материал туралы қысқаша түсінік
Діни экстремизм
Материалдың қысқаша нұсқасы



ЖАСӨСПІРІМДЕРДІ ДІНИ ЭКСТРЕМИЗМНЕН ҚОРҒАУ

Қоғамның ең әлсіз тұсы дін. Олай дейтініміз бүгінгі таңда жастарымыздың жат ағымға бой алдыруы, тіпті лаңкестік әрекеттерге ұрынуы қазіргі уақыттағы қоғамның, мемлекеттің ең өзекті мәселелерінің бірі болып отыр. Діндер адамзат тарихында ізгіліктің құралы болғаны анық. Бірақ саяси күштер дінді саясаттың құралы етіп алып, қатыгез саяси мақсаттарын жүзеге асыруға пайдаланып отыр. Діни экстремизм - саяси күштердің өз мақсаттарына жету үшін дін атынан мемлекетке қарсы жасалған немесе бағытталған күресі. Сөйтіп, олар өз билігін орнатуға немесе айтқанын орындатуға ұмтылады. Дінімізді бұрмалап әртүрлі жаңалықтарды енгізіп, дінімізден, тілімізден, ділімізден, мәдениетімізден, салт-дәстүрімізден, ұлттық құндылықтарымыздан айырып, халықтың арасында араздық, дұшпандық, жеккөрушілік тудырып, ынтымағынан, бірлігінен айырып, ұмыттырғысы келгені, түрлі ағымдардың өте белсенді түрде жұмыс жасап жатқандығы – осының айғағы. Мұндай экстремистік ұйымдарға енудің бастауы жасөспірімдеріміздің өзге секталарға бет бұруынан бастау алады. Оған дәлел күні кеше БАҚ –ынан көрген Сирияға жасырын кеткен өз қандастарымыздың жайы. Оқушылардың бойына діни сана мен діни білімді қалыптастыру – бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Осы мақсатта мемлекетіміз білім ұяларының бағдарламасына «Дінтану» пәнін енгізуді қолға алды. Елімізде «Экстремизмге қарсы іс - қимыл туралы», «Діни бірлестіктер туралы» Заң қабылданып, теріс ағымдармен күрес жүргізілсе де олардың саны азаяр емес. Қазіргі кездегі жаман пиғылды үгіт насихат жұмыстарын жүргізумен айналысып отырған әртүрлі діни ұйымдар, діни ағымдар өте көп. Деректерге сүйенсек, 90-жылдардың басында Қазақстанда 500-дей діни бірлестіктер мен ұйымдар болса, бүгінде олардың саны 4000-нан асып отыр. Соңғы кездері іс-әрекеттері әшкереленсе де, саңырауқұлақтай қаптап кеткен "Вайшнавтар", "Бахаи" сенімі, "Бірлестік шіркеуі", "Соңғы өсиет шіркеуі", "Кришнаны тану қоғамы", "Саентология" шіркеуі, "Мормондар", "Сахаджа йога", "Жаңа аспан", «Иегова куәгерлері» секілді т.б. толған өзге діннің өкілдері әсіресе, жастарды осы дінге үгіттеуде. Жұмысқа шақырып немесе "Ағылшын тілін оқытамыз, пси-хологиялық көмек көрсетеміз" деп, алдап-сулап маңайларына адамдарды жинап алып, өз ағымдарын насихаттап жүрген діни бірлестіктер бүгінде өз қараларын күн өткен сайын көбейтуде. Мұндай теріс ағымдарға негізінен, жұмыссыздар, өмірден өз орнын таппағандар, рухани ізденісте жүргендер, жеке басы және отбасындағы психологиялық қиындықтарға төзе алмағандар, ислам дінін терең білмейтіндер, әсіресе, жастар олардың үгіт-насихатына тез ілігетін көрінеді.

Еліміздің батыс өңірінде де түрлі діни ағымдарды ұстанған жастардың да көбейіп бара жатқаны жасырын емес. Қоғамымызға іріткі салып, қатыгездік пен келіспеушілікті туғызатын әр түрлі діни экстремистік топтар бүгінде мектеп қабырғасында білім алып жүрген өскелең ұрпаққа да кері әсерін туғызуда. Тіптен, жат ағымға ерген жасөспірімдердің мектептегі оқуларын тастап кетуі, мектеп жасындағы ұл-қыз-дардың музыка тыңдау – харам, мемлекеттік Әнұранды тыңдамау, кеудеге қол қоймау, туға құрмет көрсетпеу, евангелші баптистердің "жер бетінде шекара болмауы керек" деп, Отан қорғаудан қашып, әскери борышты өтемеу дұрыс деген бағыттағы уағыздар жүргізуі түрлі діннің ағымында кеткендердің ұлттық әдет-ғұрып, салт-сананы естен шығаруының айғағы болса керек. Айта кетерлік нәрсе, жат пиғылды ағымдардың жетегінде кеткен жастардың, жалпы адамдардың қоғамға қайта оралуы өте қиын. Тіпті кейде мүмкін де емес. Өйткені оларды Отан, отбасы, бірлік сынды қасиетті ұғымдар толғандырмайды. Санасы уланғандар тек көсемдері айтқанды екі айтпай орындайтын сарбаздарға айнал-ғанын өздері де түсінбейді. Түрлі діннің ағымында кеткен әке мен баланың бір дастарқаннан ас ішпек түгіл, бірін-бірі жау көруі, өзінен туса да өзгедей күй кешіп, әке-шешесін тыңдамай балалары басқа діннің ағымында кетіп қаншама ата-ананың зар қағуы бүгінгі таңда кездесіп отырған жайттар. Сондықтан да мәпелеген ұл-қыздарымыздың кейін жат ағымның шырмауында кетпеуі үшін бала тәрбиесіне көңіл бөліп, бақылап, бос уақытын, қоршаған ортасын үнемі назарда ұстап отыру ол әр ата-ананың маңызды міндеті. Оқушылардың өзгелердің кемшілігіне кешіріммен қарау, төзе білу, басқаны қабылдай білуін, яғни толеранттылығын, экстремизм, ұлттық, нәсілдік және діни тұрғыдан жеккөрушілігін, қатыгездігін алдын алу құралы ретінде қалыптастыру бүгінгі тәрбие үрдісіндегі өзекті мәселелердің бірі. Әрбір ата-ана өз балаларының тұңғыш тәрбиешілері.



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
4 қараша
276
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі