Материалдар / «Діни экстремизм– бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» (тәрбие сағаты)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Діни экстремизм– бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» (тәрбие сағаты)

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім алушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Ақпан 2021
2339
17 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: “Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа

төнген қауіп.

Сабақ мақсаты:

1. Білім алушыларға қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, ондағы шешімін табуға тиісті мәселелер, сондай - ақ қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар, олармен күресу, сақтану жолдары турасында пікірлесу. Дін мәселесі жөнінде оң пікір қалыптастыру.
2. Діни наным - сенім мен олардың пайда, зияны турасында өмірден нақты мысалдар келтіре отырып түсіндіру. әлемдік діндер мен түрлі ағымдарға байланысты ой - өрісі мен дүниетанымын кеңейту.
3. Елжандылыққа, отансүйгіштікке, ізгілікке, мейірімділікке баули отырып, имандылық тәрбие беру.
Сабақ барысы:

Мұғалім: Саламатсыздар ма, құрметті ұстаздар,білім алушылар! Бүгінгі біздің сабағымыздың тақырыбы «Діни экстремизм – бейбітшілік пен тұрақтылыққа төнген қауіп» деп аталады. Сабағымыздың мақсаты – қазіргі кездегі салт - дәстүрдің ара қатынасы, қазақ қоғамын жайлап бара жатқан түрлі келімсек дүние ағымдар және олармен күресу, сақтану жолдары турасында мағлұмат беріп, дүниетанымдарын кеңейту.

ДианаЖарық дүние деп аталатын жалған мен о дүние дейтін бақиды қатар нұрландырып тұрған исламның ізгілігі мен ұлы мұраттарын түсіну үшін адамзат ұрпағы нені мансұқтап, нені қастерлеуін біліп, адал жолдан адаспауы үшін ибалы адам, иманды қоғам құруымыз қажет.
РаушанҚасиетті дініміз сонау пайғамбарымыз Мұхаммед (с. ғ. с) заманынан бергі 14 ғасырға жуық ешбір өзгеріске түспей, әлем мұсылмандарына сара жол салып келе жатқаны мәлім. Қазіргі таңда әлемде Аллах Тағаланың рахымымен исламның қарқынды дамуы және мұсылмандар санының арта түсуі байқалады. Әрине, бұл бізді қуантады.

ЖадраАлайда қазіргі кезде ислам мен қазақы салт - дәстүріміздің ара жігін ажырату, олардың арасындағы қарама қайшылықтар түсінбеушілікті тану қиындық тудыруда. Олай дейтінім – соңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертіп, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.

НұржанатБіздің дініміз Ислам болғандықтан Құран Кәрім көрсеткен жолмен ғана жүруіміз керек;Дін Ислам шарттарымен қатар ата - баба жолын да ұстануымыз керек. Қазіргі таңда исламға «изм», «террор» жағымсыз айдарлар тағылуда. Исламға бұлардың түкте қатысы жоқ. Мұның бәрі жала боп есептеледі.

НышанбекСонымен экстремизм дегеніміз не? Экстремизм деген латын сөзі «шеттеу», яғни орталықтан ауытқу, тәртіпке бағынбау, өз пікірімен ғана іс - әрекет жасаушы деген ұғымды білдіреді.

МадинаЭкстремизмнің пайда болуы надандыққа, көрсоқырлыққа бейімделген көзқарастардан туындайды, яғни олардың ойы «тек қана менің пікірім дұрыс, өзгенікі бұрыс дегенге саяды». Бұл оның ең алғашқы кезеңдері болып саналады.

ГүлшатСондай ақ тағы бір көрінісі - өзгелерді көре алмау, түсінбеу немесе түсінгісі келмеу. Олар өздерін өте таза, кіршіксіз санап, басқаны адасушыларға жатқызады. Тура жол көрсеткендерді мойындамайды. Міне осы себептерден, түрлі төңкерістер мен қантөгістерден орын алуы ықтимал.

«Қазақстандағы діни ағымдар» бейнефильмі көрсетіледі.
Мұғалім: Экстремизм мүшелері көздеген мақсаттарына жету үшін ешнәрседен қаймықпайды. Тіпті өздерін құрбан етуге әзір. Осылайша күш, қару қолдану және заңдар сенім - нанымдарды аяққа таптап, дін атын бүркемелеп, діттегендеріне жетуге тырысады. Өзі үшін бөгде пікірде саналатындарды түрлі амал - айлалармен арандатуды ойластырады.

Енді білім алушыларымыздың бейнефильмге байланысты өз пікірлерін тыңдайық.

Білім алушыларға сөз беріледі.

МадинаДін – миллиондаған адамдардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі, сондай — ақ саясаттағы маңызды фактор болып саналады. Олар өмірде жиі тоғысып қалады. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев «Біз тегіміз – түрік, дініміз - ислам екенін ұмытпауымыз керек», - деп дінімізді берік сақтауымыз қажет екендігіне айрықша назар аударған.

БануСоңғы кездері экстремисттер бейбіт сүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда, осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар арасында да іріткі салуда.

РаушанСоңғы кездері түрлі топтар мен жұртты алдап, соңынан ертіп, әулие әмбиелердің басына барып зиярат жасап, сол жолда пайда тауып елді адастырып жүрген діндар сымақтардың көбейіп бара жатқаны жасырын емес.Терроризм – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту»

ГүлімТерроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең өткір мәселеге айналды.

Мұғалім: Көріп отырғандай осы діни ұйымдардың қай - қайсысын алсаңыз да, негізі мақсаты теракт ұйымдастыру, мемлекеттік төңкеріс жасау, террористтер дайындау, халифат құру. Керек десеңіз көпшілігі осы уақытқа дейін кейбір мемлекеттерде мыңдаған адамның өмірін қиюға себепкер болған.
Істері әшкере болған ағымдардың жұмысына ел аумағында тоқтам салған сот шешімдері қабылданды. Алайда, әлі де болса да жасырын жолдармен өз тірліктерін жүргізіп жатқандарының бары жасырын емес.
Мұғалім: 2) «Не істер едің?» білім алушыларға тақырыпқа байланысты жағдаяттар беріліп, пікірлері тыңдалады.

1)Сабақтан қайтып келе жатқанда алдыңнан бір аға-апалар шығып, сенің дінге деген көзқарасыңды білмек болып сұрақтар жаудырды. Осы жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай? Олармен пікір бөлісесің бе немесе үндемей кете бересің бе? Шешіміңді дәлелде.

2) Топқа жаңадаен студент келді. Онымен жақын әңгімелесе бастағаннан-ақ саған бейтаныс діни ағымдар туралы қызықты оқиғалар айтып, сол ортамен байланыс орнатуға үгіттеді. Осы жағдайдағы сенің іс-әрекетің қандай? Ұсыныс, көзқарасың туралы ойыңмен бөліс.

3) Сенің ең жақын құрбың соңғы кездері тұйық, ешкіммен араласпайтын мінез көрсете бастады. Бұрын көңілді, сенен сыр жасырмайтын құрбыңның басқа діни ағымдағы адамдармен байланысып жүргенін байқадың. Сенің әрекетің қандай?

4) Саябақта келесің. Аяқ астында жерде жатқан арабша жазуы бар екі бет қағазды көрдің, бірақ арабша танымайсың, қарамай өтіп кетейін десең, мұсылман болған соң, құран кітаптың беті деп ойладың, бірақ басқа нәрсе ме деп тағы да ойладың. Сенің әрекетің?

5) Колледж асханасына кетіп бара жатқан тұста оралып жатқан пакет көрдің. Сенің сондағы іс-әрекетің

«Экстремизм мен терроризмге жол жоқ» бейнефильмі көрсетіледі.

Мұны білу өте маңызды! Есіңде болсын! Есте сақта!

Мадина1. Сізге таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!

Раушан2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды білдірмеуге тырысыңыз.

Нышанбек3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны жөн.

Бану4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.

Гүлім5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен, жай адамдармен ақылдасыңыз.

Жайдар6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз: миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың ықпалына түсіп қалмау.

Нұржанат7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе туысыңызды ертіп жүріңіз.

Жадра8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?

Гүлшат9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.

Мұғалім: біз бұд видеодан экстремизм мен терроризмге жол жоқ деп жатырмыз. Ал біз қандай өмірді қалаймыз?

Топтық шығармашылық жұмыс. «Біз нені қалаймыз?»

Қорытынды.
Мұғалім: Бүгінгі сабағымызда дін, әдет - ғұрып, діни экстремизм тақырыбында біраз мәлімет алдық деген ойдамын. Жазушы болсын, жұмысшы, қайраткер болсын, рухтың кемелденуі – ең негізгі қасиеттердің бірі. Рух кемелденуі үшін адам ибалы, қоғам иманды болуы керек.Бүгінгі сабақтың түйіні келешек қоғамның алтын тірегін сақтап қалу керек болса, ибалы адам, иманды сол тіршіліктің алтын тірегіне айналсын демекпін. Осындай тілекпен бүгінгі қоғамымызды дөп басар кезінде ұлт зиялысы, ел жанашыры Міржақып Дулатұлының «Оян, қазақ!» атты өлеңінің мына бір жолдарымен қорытындылағым келеді.

Оян, қазақ!

Оян, қазақ! Өз дініңді ұмытпа,

Дініңді сен ардақтағын, құнтта!

Көз алдыңда тура жолың тұрғанда,

Қателесіп жаман жолмен былықпа.




















Жамбыл облысы әкімдігінің

білім беру басқармасы

«№8 Мойынқұм колледжі»

мемлекеттік коммуналдық қазыналық

кәсіпорны
















Тәрбие сағатының

тақырыбы:


«Діни экстремизм–

бейбітшілік пен тұрақтылыққа

төнген қауіп»















Өткізген: Тушумова Лаура Тураровна

234-топ







МОЙЫНҚҰМ АУЫЛЫ

2020ж



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!