Тақырыбы: «Діни сауатсыздық – діни
экстремизмнің бастауы» кездесу
сағаты
Мақсаты:
• Діни экстремизмнің алдын алу
бойынша жастардың діни сауаттылықтарын ашу;
• Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу және онымен күресудің
жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан — жақты талдап,
жастарға ой салу;
• Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ болуға, жастарды Отан
сүйгіштікке тәрбиелеу;
• Қазақ халқының діни ұстанымы мен салт — дәстүрлерін қастерлеп
сақтауға, ұрпақтар сабақтастығын нығайтуға ат
салысу.
Кіріспе:
Армысыздар құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушыларатты
кездесуімізге қош келдіңіздер.
Діни экстремизмнің алдын алу бойынша оқушылардың діни
сауаттылықтарын ашу; Терроризм мен діни экстремизмнің алдын алу
және онымен күресудің жолдары, елімізге келтіретін зардаптарын жан
— жақты талдап, ой салу; Қатер төндіретін жат діни ағымдардан сақ
болуға, жастарды Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында оздырылғалы
отырған
«Діни
сауатсыздық – діни экстремизмнің бастауы»
тақырыбындағы кездесуімізге қош
келдіңіздер.
Бүгінгі
кездесуімізге келіп отырған қонақтармен таныс
болыңыздар:
Қаратөбе
аудандық мешіттің бас имамы Әділжан
Бекқазиев
Аудандық
теолог маман Әмірбек Жәнібеков
Ауыл
әкімі Талап Айтмұханбетұлы
Ата-аналар комитетінің төрайымы Ақторғын Кәдіршеқызы келіп
қатысып отыр.
Бүгінгі таңда түрлі конфессиялар өкілдерінің бейбіт қатар өмір
сүруі және өзара тиімді қарым — қатынас жасауы үшін елімізде
қолайлы жағдайлар жасалған. Сонымен қатар, Қазақстандағы
конфессияаралық қатынастар басқа елдер үшін үлгі болып
табылады.Алайда, кейбір дінге сенушілер агрессия мен діни
радикализмнің қауіпті формаларына бой алдырып, азаматтардың
қауіпсіздігі мен мемлекеттің тұрақтылығына қауіп төндіруде. Соңғы
кездері экстремисттер бейбітсүйгіштікке, ұстамдылыққа баулитын және
өзге діни көзқарастарға түсіністікпен қарауға тәрбиелейтін ислам
дінін ушықтыруға, басқа өркениеттермен қақтығыстыруға талпынуда,
осы арқылы тек дінаралық татулықты емес, сонымен қатар мұсылмандар
арасында да іріткі салуда.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Қазақстан — 2050»
Стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты
Жолдауында елдің дәстүрлері мен мәдени нормаларына сәйкес келетін
діни сана қалыптастыруымыз керек деп атай отырып, XXI ғасырдағы
Қазақстандағы дінге ерекше көңіл
бөлді.
Соңғы
кезде әлемнің көптеген елдері үшін терроризммен күрес мәселесі аса
өзекті болып отыр. Терроризм – бұл қылышынан қаны тамып тұрған
зұлмат. Терроризм барлық түрлері және көріністерімен, ауқымы және
қарқындылығымен, зұлымдығы және қанішерлігімен бүгінгі заманда ең
өткір мәселеге айналды.
Осы
жерде сіздерге бүгінгі тақырыбымызға байланысты мына бір бейне
баянды ұсынғым келіп тұр, назар аударайық.
(Бейне ролик көрсетіледі.)
Енді біздің мақсатымыз да осы
оқушыларымызды осындай жат діни ағымдардан аулақ болуға шақыру.
Олай болса біздің мына отырған жастарымызға өз ақыл кеңестеріңізді
айта отырсаңыздар деп сөз кезегін қонақтарымызға береміз.
Оқушыларымыздың сіздергеге қояр сұрақтары бар екен, ендеше кезекті
«Сыр сұхбат» бөліміне беремін.
1.
Келімсек, кертартпа дінсымақтар еліміздің әр аймақтарында «жылы»
орын тепкен. Біздің облыста да
ондай секталар жоқ емес. Осы туралы не айтасыз?
2. Біздің
ауданымызда теріс ағымда жүрген жастар бар
ма?
3. Мұсылмандық діни ағымдардың қайсысы дұрыс, қайсысы теріс
бағытта екенін қалай айыруға
болады?
4.
Қазақстанда әртүрлі жат ағымдағы діндердің көбеюі не себепті деп
ойлайсыз?
5.Діни экстремистік ұйымдардың мақсаты
не?
6. Ата-анасына «кәпірсің», «намаз
оқымайсың» деп кіналап, ауыр сөздер айтатын жастар туралы қандай
пікір айтуға болады ?
7. Жәй намаз оқып дұрыс діндегі адаммен
теріс ағымдағы адамды қалай ажыратуға
болады?
8. Біз
қалаға барған кезде өзіміздің қаракөз қазақ қыздары хиджап киіп
жүргенін көреміз. Сізге қояр сұрағым хиджап кию мұсылманға парыз
ба, әлде жай еліктеушілік пе?
9. Қазіргі күнде әртүрлі діни ағымдар бар, соларға қандай
адамдар тез кіріп кетеді. Жауаптарыңызға
рахмет.
«Дін
ислам діңгегім» Оқитын: 9 сынып оқушысы Бауыржанова
Айгерім
«Қонақ
кәде»
-
Өзіңіз
қалаған бір суретті салып беріңіз.
-
Суретте
бейнеленген қасиетті орындардың атауын және қайда орналасқанын
тауып беріңіз.
-
Оқушыларға айтар тілегіңіз.
-
Ән айтып
беріңіз
Оқушылардың есінде сақтап
жүруі үшін мына ережені ұсынғым келіп отыр.
Мұны білу өте
маңызды!
-
Сізге
таныс емес, көшеде кездескен адаммен дін ұйымның жиналысына
шақыратын дін тақырыбындағы диалогқа араласпа!
2. Қандай да болсын кездескен діни ұйымның сенушілері мен ілімін
таратушыларға бірінші кездескенде өзіңіздің діни көзқарасыңызды
білдірмеуге тырысыңыз.
3. Егер сіз алдыңызда тұрған уағыздаушыға сол діни ұйым туралы
сұрақ қоюға шешім қабылдасаңыз, онда ешқандай кері әсерсіз болғаны
жөн.
4. Егер сізге діни бағыттағы парақтар, брошюралар, журналдарды
оқуға ұсынса рахмет айтып, сыпайы түрде бас тартыңыз.
5. Егер сіз діни жиналыстарға қатысуға шешім қабылдасаңыз, олар
туралы көбірек білуге тырысыңыз, туысқандарыңызбен, достарыңызбен,
жай адамдармен ақылдасыңыз.
6. Діни ұйымдардың жиналысына қатыссаңыз, есіңізде сақтаңыз:
миссионер – уағыздаушылардың басты мақсаты – Сізді өз сенімдеріне
кіргізіп алу. Ал, Сіздің мақсатыңыз – деструктивтік діни ұйымдардың
ықпалына түсіп қалмау.
7. Діни жиналыстарға жалғыз қатыспаңыз, қасыңызға досыңызды немесе
туысыңызды ертіпжүріңіз.
8. Сіз туыстарыңыз бен жақындарыңызды тыңдамай рухани тұрғыда
денсаулығыңызды түзеу үшін теріс бағыттағы діни ұйымдардың қатарына
қосылу тұрарлық деп ойлайсыз ба?
9. Бұл өмірден бір мақсат пен жетістікке жету үшін, жаныңызға
тыныштық табу үшін дәстүрлі емес бағыттағы шіркеулер, миссиялар мен
ұйымдарға жоламағаныңыз жөн.
10. Есіңде болсын! Есте сақта!
Құдайға сену, яки сенбеу — өз қолыңда! Өзге діннің жетегінде кетем
деп достарың мен жақындарыңнан айрылғың келмесе,
Ойлан!
Құрметті
қонақтар! Біздің бүгінгі кешіміз ұнады ма? Алған әсерлеріңізді мына
смайликтер арқылы көрсетулеріңіз
сұралады.
Қорытынды сөз:
Бүгінгі
кешімізді қорыта келе Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Діни экстремизмді
алатын болсақ, ол адамдар арасына ірткі салуға, өшпенділік отын
тұтатуға, қантөгістер ұйымдастыруға жол ашады. Пиғылы бөтен,
қазақтың болмысына жат ағымдарға қазір тосқауыл қоймасақ, онда
ертең бірлігімізге сызат түседі.
Егер елімізде нағыз таза мұсылман, Құранның жолымен жүретін халық
көп болса елде береке, бірлік тыныштық болады» деген қанатты
сөзімен аяқтағым келеді. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!
Құрметті қонақтар бүгін мектебімізге келіп өз ойларыңызды ортаға
салып ақыл — кеңес бергендеріңіз үшін сіздерге көп-көп рахмет,
алланың нұры жаусын. Келесі кездескенше сау
болыңыздар!