Материалдар / Диплом жұмысы. Қазақ тіліндегі меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық амалдар
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Диплом жұмысы. Қазақ тіліндегі меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық амалдар

Материал туралы қысқаша түсінік
Диплом жұмысы. Қазақ тіліндегі меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық амалдар. Студенттерге арналған материал(титулка, аңдатпа, презентация бар)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Наурыз 2024
243
1 рет жүктелген
2500 ₸
Бүгін алсаңыз
+125 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +125 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

МАЗМҰНЫ


Кіріспе .............................................................................................................3

1 Қазақ тіліндегі меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық

амалдардың зерттелуі және түрлері..............................................................6

1.1 Морфологиялық тәсіл арқылы меншіктіліктің берілуі .......................16

1.2 Синтаксистік тәсіл арқылы меншіктіліктің берілуі ............................32

2 Қазақ тіліндегі меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық

амалдардың байланысуы..............................................................................37

Қорытынды ...................................................................................................51

Пайдаланылған әдебиеттер .......................................... ..............................53


















КІРІСПЕ


Диплом жұмысының өзектілігі. Сөздердің бір-бірімен байланысып қалыптасқан амал-тәсілдері арқылы әр алуан синтаксистік қатынасты білдіруі, соның негізінде түрлі типтегі сөз тіркесін құрауы қазақ тіл білімінде жеке зерттеу нысаны болып келеді. Соның ішінде, меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық амалдардың орны басқа сөз тіркестеріне қарағанда айрықша бөлек. Меншіктілік қатынасы білдіретін амалдар біршама толық зерттелді десек те, әлі де тереңірек талдауды қажет ететін түрлері баршылық, зерттеушілердің берген ойларын теориялық жағынан дамытып, олардың қатынасын көрсету.

Алайда меншіктілік қатынасты білдіретін сөз тіркестерінің сыңарлары арасындағы қатынастың ішкі реңктік (түрлеріне) ерекшеліктеріне назар аудара отырып, грамматикалық қырын (аспектісін) логикалық жағынан толықтыру жағы осы меншіктілік қатынасты зерттеуде жетіңкіремей жатқан мәселелердің бірі деуге болады.

Меншіктілік қатынастың табиғаты, қалыптасу тарихы, құрылымдық түрлері қаралады. Сондықтан осы айтылған жайлар бұл мәселенің қазақ тіл білімінде арнайы зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.

Зерттеудің нысаны. Меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық амалдар, зерттелуі, мағыналық ерекшеліктері.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Қазіргі қазақ тіл біліміндегі меншіктілік қатынасты білдіретін формалардың жасалу жолдарын, даму тарихын, мағыналық ерекшелігін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу – жұмыстың мақсаты. Осы мақсатты орындау үшін мынадай міндеттер қойылды:

- меншіктілік қатынас, оларды білдіретін грамматикалық амалдардың қазақ тіл біліміндегі зерттелу тарихы мен қалыптасу кезеңдерін анықтау;

- морфологиялық тәсіл арқылы меншіктіліктің берілуін анықтау;

- синтаксистік тәсіл арқылы меншіктіліктің берілуін анықтау;

- қазақ тіліндегі меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық амалдардың байланысуын анықтау.

Диплом жұмысының дереккөздері. Қазіргі қазақ тілі грамматикасына арналған зерттеулер, монографиялар қарастырылды. Қажетті теориялық материалдар қазақ тіл білімінде А. Байтұрсынов, А. Ысқақов, С.К. Нұрпейісова, А.А. Раманова, С. Исаев, М. Балақаев және басқа тілші ғалымдардың еңбектерінен алынды. Жұмыстың теориясын практикамен ұштастыруда баспасөз беттерінен, көркем шығармалардан жинақталған 150-ден астам сөз тіркестері мен сөйлемдер сұрыпталып, талданды.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы. Қазақ тіл біліміндегі бір-бірінен туындайтын зерттеуші ғалымдардың теориялық жүйелі ой-тұжырымдары анықталып, бұрын айтылған пікірлер мен қағидалар сарапталып, меншіктілік қатынасты білдіретін амалдар анықталды:

  • меншіктілік қатынасты білдіретін морфологиялық тәсіл;

  • меншіктілік қатынасты білдіретін синтаксистік тәсіл;

  • меншіктілік қатынасты білдіретін мағыналар, қатынастың реңктеріне қарай әр түрлі топтарға жіктеліп сипатталды;

  • тәуелдік мағынаны білдіретін –нікі, -дікі, -тікі жұрнақтарының құрылымдық сипаты, сөйлемдегі қызметі анықталды.

Зерттеу жұмысының практикалық маңызы. Аталмыш жұмыстың нәтижелерін өз алдына дербес пән ретінде оқытылып жүрген «Қазіргі қазақ тілінің морфологиясына», грамматикалық курстарға, семинар, лекцияға көмекші құрал ретінде қолдануға болады.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

- ілік септігінің білдіретін басты мағынасы - грамматикалық меншіктілік, иелік, меншіктілік – қатыстықтық;

- меншіктілік қатынасты білдіретін реңктік түрлері – ерекше мағыналық қатынастар;

- меншіктілік қатынасты білдіретін –нікі, -дікі, -тікі тәуелдік формаларының сөйлемде мағыналық жағынан ерекшеліктері және өзіндік атқаратын қызметтері де бар.

Зерттеу әдістері. Жұмысты жазу барысында тілдік фактілерді жинақтау, салыстыру, талдау, сипаттама беру әдістері қолданылды.

Зерттеу жұмысының теориялық маңызы. Қазақ тілінде меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық амалдардың түрлері, жолдары, қосымша мағына білдіру қызметі қазіргі қазақ тілінің морфологиялық саласына аз да болса үлес болып қосылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мәселелер қарастыратын екі тараудан, қорытынды және пайдаланған әдебиет тізімінен тұрады.





















  1. ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ МЕНШІКТІЛІК ҚАТЫНАСТЫ БІЛДІРЕТІН

ГРАММАТИКАЛЫҚ АМАЛДАРДЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Түркі тілдерінің, соның ішінде қазақ тілі жүйесінде де, бұл мағыналық қатынасты білдіретін формалардың орны ерекше. Меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық амалдарды зерттеуге арналған едәуір еңбектер бар. Бұл барлық тілдерге ортақ жай. Соңғы уақытта меншіктіліктік құрылымдар тақырыбы отандық та, шет елдік те лингвистикада жан-жақты зерттелуде.

Тіл білімінде функционалды грамматиканың бірнеше бағыттары бар. Солардың бірі – жеке бір тұлғаның жұмсалу ерекшеліктерін көрсету. Біз тіліміздегі меншіктілік қатынастың жұмсалу сипатын да осы тұрғыдан қарастырамыз. Бұндай зерттеу тәсілінің тілтаным үшін маңызы өте зор. Қайсы бір тілдік тұлғаны тек қана құрылымдық жағынан ғана емес, функционалдық жағынан да тексеру, оның жұмсалу жиілігін, синтагмадағы беретін мағынасын, жалпы мағынасына қатысы мен сөйлем мүшесіне қатыстылығын айқындай түседі.

Бұл тақырыпты зерттеуді қажет ететін жайттар бар. Сөздердің бір-бірімен байланысып қалыптасқан амал-тәсілдері арқылы, әр алуан синтаксистік қатынасты білдіруі, соның негізінде түрлі типтегі сөз тіркесін құрауы қазақ тіл білімінде жеке зерттеу нысаны болып келеді. Соның ішінде меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық амалдардың орны басқа сөз тіркестеріне қарағанда айрықша бөлек. Ол қолданыста синтаксистік қатынасты білдірудің амалдары молынан кездеседі. Меншіктілік қатынасты білдіретін амалдар біршама толық зерттелді десек те, әлі де тереңірек талдауды қажет ететін түрлері баршылық, зерттеушілердің ойларын теориялық жағынан дамыту, толықтыру қажет екені даусыз. Алайда меншіктілік қатынасты білдіретін сөз тіркестерінің сыңарлары арасындағы қатынастың ішкі реңктік (түрлеріне) ерекшеліктеріне назар аудара отырып, грамматикалық қырын (аспектісін) логикалық жағынан толықтыру жағы осы меншіктілік қатынасты зерттеуде жетіңкіремей жатқан мәселелердің бірі деуге болады.

Меншіктілік қатынастың табиғаты, жұмсалу ерекшелігі мен қалыптасу тарихы, құрылымдық түрлері, әрқайсысының мағыналық жақтарының ашылуы жалпы тіркестердің табиғатын, даму тарихын ашуға біраз үлес қосатыны айқын. Сондықтан осы айтылған жайлар бұл мәселенің қазақ тіл білімінде арнайы зерттеуді қажет ететіндігін көрсетеді.

Меншіктілік қатынасты білдіретін грамматикалық амалдардың зерттелуі, олардың тарихы, қалыптасу жолдары, заңдылығы, оларға қатысқан аналитикалық формалардың мағынасы ғылымда әр түрлі пікірлердің айтылуына себеп болып жүр. Біріншіден, меншіктілік қатынасты білдіретін формалардың номенклатурасын анықтауда ала-құлалық бар. Меншіктілік қатынастың грамматикалық тұлғасы ретінде –м, -ым, -ім, -ң, -ың, -ің, -ы, -і, -сы, -сі, -мыз, -міз, -быз, -біз, -пыз, -піз қосымшалары аталады. Фактілер А.Байтұрсынұлы, А. Ысқақов, Н.К. Дмитриев, Э.В. Севортян, А.Н. Кононов, В.М. Насилов, Э. Беквенист т.б. ғалымдардың еңбектерінде көрсетілген.

Бұл тұлғалармен бірге –нікі, -дікі, -тікі жұрнақтары да осы қатарда аталып жүр. В.М. Насилов , А.Н. Кононов еңбектерінде меншіктілік қатынасты білдіретін амалдар ретінде –лы, -лі, -ды, -ді, -ты, -ті қосымшаларын да атайды (таулы, сулы, тасты, өзенді, шөпті, бұрынды, балалы, ақылды, білімді). Е.Мергенбаев –лық, -лік (-дық, -дік, -тық, -тік) жұрнақтары арқылы тәуелдік мағынаны білдіруге болады дейді [1, 6 б.].

Меншіктілік қатынасты білдіретін амалдардың нақты аталмай, ала-құлалық орын тебуінің басты себебі – бұл қатынасқа тән негізгі сипаттар мен қосымша туатын көріністер толық саралай ажыратылмады.

Қазақ тіл білімінде зерттеушілер меншіктілік қатынасты тәуелдік жалғауымен байланыстырады. Меншіктілік қатынас тілдік тұлға ретінде тәуелдеу категориясы деп аталады. Бұл формаға А. Байтұрсынұлы мынадай анықтама береді: «Зат есімнің тәуелді қалып - бір нәрсені екінші нәрсе меншіктеуін көрсеткендегі сөздің түрі. Тәуелдік екі түрлі: оңаша тәуелдік, ортақ тәуелдік. Оңаша тәуелдік бір нәрсені екінші нәрсе оңаша меншіктеуін көрсетеді. Ортақ тәуелдік бір нәрсені басқа нәрселер ортақ меншіктеуін көрсетеді. Тәуелді қалыпта үш жақ бар: 1-інші жақ (мендік), 2-інші жақ (сендік), 3-інші жақ (бөгделік)» [2, 108 б.).

А. Байтұрсынұлы тәуелді қалыптың екі түрі бар екендігін анықтады:

1) анайылық рет, 2) сыпайылық рет.

1) Оңаша тәуелдік:

Жекеше, 1-інші жақ (мендік): атам, денем, омырауым, белбеуім, ойым, үйім, сырнайым, кернейім, ашуым, шыным, қазым, құнаным, аяғым, шелегім.

2-інші жақ (сендік): атаң, денең, омырауың, белбеуің, ойың, сырнайың, кернейің, ашуың, шының, қазың, құнаның, аяғың, шелегің.

3-інші жақ (бөгделік): атасы, денесі, омырауы, белбеуі, ойы, үйі, сырнайы, кернейі, ашуы, шынысы, қазы, құнаны, аяғы, шелегі.

Көпше: 1-інші жақ (мендік): аталарым, денелерім, омырауларым, белбеулерім, ойларым, үйлерім, сырнайларым, кернейлерім, ашуларым, шыныларым, қаздарым, құнандарым, аяқтарым, шелектерім.

2-інші жақ (сендік): аталарың, денелерің, омырауларың, белбеулерің, ойларың, үйлерің, сырнайларың, кернейлерің, ашуларың, шыныларың, қаздарың, құнандарың, аяқтарың, шелектерің.

3-інші жақ (бөгделік): аталары, денелері, омыраулары, белбеулері, ойлары, үйлері, сырнайлары, кернейлері, ашулары, шынылары, қаздары, құнандары, аяқтары, шелектері.

2) Ортақ тәуелдік:

Жекеше: 1-інші жақ (біздік): атамыз, денеміз, омырауымыз, белбеуіміз, ойымыз, үйіміз, сырнайымыз, кернейіміз, ашуымыз, шынымыз, қазымыз, құнанымыз, аяғымыз, шелегіміз.

2-інші жақ (сіздік): атаңыз, денеңіз, омырауыңыз, белбеуіңіз, ойыңыз, үйіңіз, сырнайыңыз, кернейіңіз, ашуыңыз, шыныңыз, қазыңыз, құнаныңыз, аяғыңыз, шелегіңіз.

3-інші жақ (бөгделік): атасы, денесі, омырауы, белбеуі, ойы, үйі, сырнайы, кернейі, ашуы, шынысы, қазы, құнаны, аяғы, шелегі.

Көпше: 1-інші жақ (біздік): аталаымыз, денелеріміз, омырауларымыз, белбеулеріміз, ойларымыз, үйлеріміз, сырнайларымыз, кернейлеріміз, ашуларымыз

шыныларымыз, қаздарымыз, құнандарымыз, аяқтарымыз, шелектеріміз.

2-інші жақ (сіздік): аталарыңыз, денелеріңіз, омырауларыңыз, белбеулеріңіз, ойларыңыз, үйлеріңіз, сырнайларыңыз, кернейлеріңіз, ашуларыңыз, шыныларыңыз, қаздарыңыз, құнандарыңыз, аяқтарыңыз, шелектеріңіз.

3-інші жақ (бөгделік): аталары, денелері, омыраулары, белбеулері, ойлары, үйлері, сырнайлары, кернейлері, ашулары, шынылары, қаздары, құнандары, аяқтары, шелектері.

Ескерту. Анайылық ретпен сөйлегенде, оңаша тәуелдік түрмен айтылады, сыпайылық ретпен сөйлегенде, ортақ тәуелдік түрмен айтылады, мәселен:

Анайлық рет.

Жекеше: 1-інші жақ – атам, апам, балам, атым, асым, басым.

2-інші жақ – атаң, апаң, балаң, атың, асың, басың.

3-інші жақ – атасы, анасы, баласы, аты, асы, басы.

Көпше: 1-інші жақ: аталарым, аналарым, балаларым, аттарым, астарым, бастарым.

2-інші жақ – аталарың, аналарың, балаларың, аттарың, астарың, бастарың.

3-інші жақ – аталары, аналары, балалары, аттары, астары, бастары. Сыпайлық рет.

Жекеше: 1-інші жақ – атамыз, анамыз, баламыз, асымыз, басымыз.

2-інші жақ – атаңыз, анаңыз, балаңыз, атыңыз, асыңыз, басыңыз.

3-інші жақ – анайылық ретше.

Көпше: 1-інші жақ – аталарымыз, аналарымыз, балаларымыз, аттарымыз, астарымыз, бастарымыз.

2-інші жақ – аталарыңыз, аналарыңыз, балаларыңыз, аттарыңыз, бастарыңыз.

3-інші жақ – анайылық ретше [2, 108 – 110 бб.].

Сонымен қатар ғалым «-нікі» (-дікі) жұрнағы зат есіміне жалғанады, нәрсенің сол затқа тиісті екендігін көрсету үшін, мәселен, «кісі» деген сөзге «-нікі» жұрнағын жалғап, «кісінікі» деп, нәрсенің кісіге тиісті екендігін білдіреді; «мал» деген сөзге «-дікі» жұрнағын жалғап, «малдікі» деп, нәрсенің малға тиісті екенін білдіреді [1, 7 б.].

Тәуелдік мағынаны білдіретін бірден-бір амал ретінде осы тұлғалар танылғандықтан, тәуелдік мағына, оны білдіретін формалар морфология саласында ғана қаралды. Бертін келе тәуелдік мағына білдіретін форма ретінде –дікі, -нікі, -тікі тұлғалары аталды. Бұл форманы тәуелдік мағына тудыратын жұрнақ деп есептеген ғалымдар – А. Байтұрсынов пен А. Ысқақов.

А. Ысқақовтың зерттеулерінен көрінетін тағы бір тұжырым – тәуелдік мағынаны морфологиялық формалармен қатар, синтаксистік тәсіл, аралас тәсіл (автордың сөзінде: морфологиялық тәсіл мен синтаксистің тоқайласқан түрі) де білдіреді. Тәуелдік мағынаны білдіретін синтаксистік тәсілге үлгі ретінде біздің үй, аралас тәсілге үлгі ретінде біздің үйіміз деген мысалдарды келтірген. Бұл форма арқылы туатын меншіктілік меншіктелуші (иеленілуші) заттан жеке де айтыла береді: менікі, сенікі, біздікі, біреудікі, қайсыңдікі, мынанікі. А. Ысқақов тәуелдік қатынасты білдіретін амалдарды осылай топтастырады [3,47 б.].

Бұл топтау Э.В. Севортянның белгілі еңбегіндегі пікірлермен үндес келеді. Қазақ тіл білімінде тәуелдік қатынас деп аталып жүрген байланыс екі құрамнан тұрады. Бір құрамы – иеленуші зат, адам, екінші құрамы – иелікке түсетін зат: ұстаның балғасы, құлыптың кілті [1, 7 б.].

Н.К. Дмитриев: «Иелікке түсетін затты да және жеке есімдіктер арқылы белгіленетін үш жақтың бірімен байланысты иеленетін тұлғасын білдіретін грамматикалық категорияны тәуелділік категориясы», - деп кезінде дұрыс көрсеткен болатын [1, 7 б.].

Сондықтан тәуелдік қатынас тек тәуелдік жалғау жалғанған форма арқылы хабарланбайды, бұл қатынасты жариялауға ілік септік жалғауын қабылдаған сөздің де үлесі бар. Ілік септік жалғаудың, ілік септік тұлғасындағы сөздің бұл грамматикалық мағынаны білдірудегі қызметі, орны басым деп есептейміз.

Меншіктілік қатынасты білдіруге қатысатын екі компоненттің қызметін анықтау үшін тілдегі бүгінгі фактілерге, тарихи процестерге жүгінудің жөні бар. Меншіктілік қатынас басты реалды көріністе оның негізінде көптеген қосымша туынды қатынастар қалыптасқан. Ондай қосымша туынды қатынастардың қалыптасуын сөз тіркесіне байланысты екенін алғаш рет саралап айтып берген М.Балақаевтың пікірінше, ілік жалғаулы сөз бен тәуелдік жалғаулы сөздер өзара екі жақты байланысады. Қаланың баласы – ілік жалғаулы сөз міндетті түрде тәуелдік жалғаулы сөзді керек етсе, керісінше, тәуелдік жалғаулы сөз ілік жалғаулы сөзді керек етеді [1, 8 б.]. Осы пікірін автор 1954 жылғы академиялық грамматикада матаса байланысу формасының жасалу жолдарын – бағыныңқы, басыңқы сыңарларын жеке дәлелдейді.

Жоғарыда айтылған изафеттік құрылымдарға қатысты пікірлер Р. Әмір мен С. Исаев еңбектерінде де кездеседі. Р. Әмір қазақ тіліндегі сөздердің байланысу тәсілдерін беске, матасудың өзін толымды және толымсыз деп екіге бөледі, толымсыз құрамды сөз тіркестерін екі сыңары да тек зат есімнен болған кезде ғана пайда болатындығын баса көрсетеді [1, 8 б.].

Изафеттік тіркестердің тек меншіктілік қатынастың шеңберінде ғана шектеліп қалмауына себеп, олардың 1, 2-жаққа қатыссыз, бейтараптау 3-жақта ғана тіркесуі болып табылады. Олай дейтініміз, 1, 2-жақтар тек қана жіктеу (жекеше, көпше) есімдіктерімен ғана тіркеседі, ал 3-жақтың тіркесу мүмкіндігі, жұмсалу аясы (өрісі) алдыңғыларға қарағанда әлдеқайда кең. Мәселен, ілік септігі мен тәуелділіктің үшінші жағы арқылы байланысқан изафеттің үшінші түрі әр түрлі мағыналық қатынастарды білдіреді: меншіктілік қатынас, бүтіннің бөлшекке қатысы, зат пен заттың арасындағы (релятивтік) қатынастық байланыс тағы басқасы [1, 8 б.].

Бүгінгі тілімізде бұл үлгіні білдіретін мағыналық қатынас әлдеқайда кеңіген. Бұрын меншіктілік қатынас жалпылама түрінде білдіретін болса, қазір оны барынша айқындай, саралай түсуге ұмтылушылық бар. Оның тағы бір себебі: изафеттік тіркесте тұратын сөздердің тіркесу қабілеттілігі артқан. Сондай-ақ, сын есім сөздер заттанып барып, тіркестің осы амалы арқылы сапаны ерекшелеп айтатын болған: әдемінің әдемісі, сұлудың сұлуы т.б.

Бағыныңқы компонент ретінде бұл тіркеске сын есім сөздер қатысады. Мысалы: «Жалқаудың жауы – жұмыс» деген сөйлемдегі жалқаудың жауы тіркесін адамның жауы тіркесімен салыстырайық. Осындағы бірінші тіркестің мағынасы кейінгі тіркестен айқынырақ, саралана түскен. Бұл тіркесте ілік септігінде тұрған адам сөзінің ықшамдалуының арқасында ілік септігі сапалық анықтауышқа көшкен. Сонда жалқаудың деген сөз формасының бойында адам деген ұғым да бар, жалқау деген сапалық белгі де бар. «Жалғыздың үні шықпас, жаяудың шаңы шықпас» деген сөйлемді де дәл осылай талдауға болады. Мұнда үні жалпы адам атаулының емес, жалғыз адамның даусы екендігі айтылған. Мұның бәрі тілдегі ықшамдалу құбылысының әсері.

Осыған жуық пікірді М.И. Черемисина мен Т.А. Колосованың еңбектерінде байқауға болады: «Синтаксистік субстанциялардың ерекше типі ретінде біз белгілі «үшінші түркі изафетін» атаймыз, бұл – тәуелділік-анықтауыш, ал кейде предикативтік қатынастарды білдіретін сөздердің ерекше тіркесі. Изафеттік тіркестерді, яғни «үшінші изафетті» В.В. Виноградовтың қатаң түсінігіндегі «сөз тіркестері» деп атауға болмайды, өйткені бірінші және екінші есімді сыңарлар арасындағы байланыс мұнда бір бағытталған доминация, бағыну болып табылмайды, яғни оның екі жақты сипаты бар. Біріншісі есім мұнда ілік септігінің түрін қабылдайды (орыс тілінің есімді анықтауышына ұқсас), бірақ екінші есім бірінші сыңардың грамматикалық жағына сәйкес жеке посессивтік ресімделеді: балық-тың қайзырығ-ы, рыбы чешуя-ее, балықтың қабыршағы; мен-ин эне-м, моя мама, менің шешем (менин – «мен» сөзінен ілік септігі, -м – жекеше түрдің 1-жағының посессивтік көрсеткіші) [1, 9 б.].

Бұл ерекшелік изафеттік тіркесті (берілген типті) предикативтік тіркеспен жақындастырады, онда бастауыштың прономиналды есімді түрі етістіктік баяндауышпен тіркеседі.

М. Балақаев, Н. Басқақов, І. Кеңесбаев: «Как известно, притяжателные аффиксы по своей природе не обладают значением сказуемости (предикативности), им присуще значение принадлежности. Однако казахский язык использует их в известных случаях как личные окончания некоторых глагольных форм. В частности, форма условного наклонения, форма недавно прошедшего времени и описательная форма желательного наклонения (барғым келеді; барғың келеді) принимают в качестве личных окончаний притяжательные аффиксы. В противоположность личным окончаниям предикативного типа притяжательные окончания не связаны с категорией времени и наклонения» - деген тұжырым жасайды.

Матаса байланысатын изафеттік тіркестің екінші сыңары зат есім, заттанған сын есім, сан есім, есімше, есімдіктер болады: теңіздің толқыны, аттың жүйрігі, оқушылардың бесеуі, менің айтқаным, сенің өзің.

Бұлар – анықтауыштық анықтауыштық қатынастағы есімдер тобы. Жалпы алғанда, есім сөздердің бәрі де мұндай тіркестің екінші сыңары бола береді. Тіпті грамматикалық тұлғада «өзгерілмейтін» сөздер деп аталатын үстеу, одағайлар да белгілі жағдайда матасқан сөз тіркесінің екінші сыңары бола береді: Еріншектің ертеңі таусылмас, аллаңнан ойбайым тыныш (мақал).

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!