Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дипломдық жұмыс. Бастауыш сыныпта білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту әдісінің ерекшеліктері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Көкше» академиясы
Шарипхан Бакытнур
Бастауыш сыныпта білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту әдісінің ерекшеліктері
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010200 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
Көкшетау, 2016
«Көкше» академиясы
Гуманитарлы-педагогикалық департаменті
«Қорғауға жіберілді»
___________________
Факультет деканы
____________________
(Т. А. Ә. А.)
«___»__________ 20__ж.
«Бастауыш сыныпта білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту әдісінің ерекшеліктері» тақырыбына
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
5В010200 - «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы
Орындаған Шарипхан Б.
Ғылыми жетекші Зулкарнаева Ж.А., п.ғ.м.,
Көкшетау, 2016
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
-
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік 8
-
Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері. 14
-
Білім беруде дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері 17
2 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘНІ.
2.1. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың құзіреттілігін дамыту. 26
2.2. Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі. 28
2.3. Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері. 47
3 БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ.
3.1. Бастауыш мектеп оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың жолдары. 51
3.2. Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың дәстүрлі формалары, жолдары, әдістері. 55
3.3. Білім беруде дамыта оқыту технологияларын қолдану түрлері. 62
ҚОРЫТЫНДЫ 70
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 72
ҚОСЫМША 74
КІРІСПЕ
Бастауыш білім үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы басқышы екенін ескере отырып, оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгертумен бірге табиғат қоғам, адам, айналаны қоршаған дүние туралы танымын қалыптастыру, оның жеке басының қасиеттерін жан-жақты дамыту, жоғары адамгершілік принциптерге тәрбиелеу – бүгінгі күннің басты талабы.
ХХI ғасырдың бет-бейнесі біліммен өлшенбек. Ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Қай елдің болсын өсіп-өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы оның ұлттық білім жүйесінің деңгейіне, даму бағытына тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологиясы мен инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» – деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттерін көздейді. Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдарының, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы, барлық жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды.[1]
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі. Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, оқушылардың шығармашылық әлеуметін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Осы міндетті шешудің бірден-бір жолы бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық іс-әрекетін дамыту болып табылады. ХХ ғасырдың басындағы белгілі ғалым А.Байтұрсынов: «Бала білімді тәрбие арқылы өз бетімен алуы керек. Ал мұндағы мұғалімнің қызметі – балаға орындалатын жұмыс түрлерін шағындап беру және қойылған мақсатқа жету үшін бағыт-бағдар беріп отыру», - деген болатын. Жаңа буын оқулықтарына негіз болған дамыта және кіріктіре оқыту идеясы бүгінде бастауыш сынып оқушыларының өз бетіндік танымдық әрекеттерінің оның дамуындағы маңызын дер кезінде көргенін байқауға болады. Жаңа буын оқулығының басты ұстанымы дамыта оқыту десек, онымен оқушыларды оқыту барысында «Дамыта оқыту технологиясын» атауға болады. Оқытудың даму концепциясын Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің, Дамыта оқыту концепциясын А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Эльконин, П.Гальперин, Л.Занков, В.Давыдов және т.б. зерттеген. Кейінгі кездері Республика көлемінде оқу бағдарламасында көптеген өзгерістер енгізілуде. Атап айтар болсақ, көп деңгейлі, интеграцияланған және дамыта отырып оқыту, т.с.с. Осының ішіндегі "дамыта оқыту" жайлы түсінігі жоқ мұғалім оны жүзеге асыра алмайды. Мектеп мұғалімдері арасында "Дамыта оқыту" тек бастауышқа ғана қолдануға тиімді деген пікір қалыптасқан. Сонда дәстүрлі оқыту жүйесіндегі мұғалімдер дамыта оқытудан шыққан баланы түсіне алмай, өз қалыптарына түсіре бастайды одан бала психологиясы жапа шегеді. Мұның барлығы мұғалімнің теориялық білімінің әлі де аздығынан, қазақ тілінде жазылған көмекші құралдардың болмауынан және бұл тақырыптың әлі де өз деңгейінде зерттеле қоймағандығынан деп ойлаймыз.
Бұл жағдайда Республикамыздағы білім берудің жаңа философиясын, теориялық негізін, практикасын насихаттауды қолға алу қажеттігін көрсетеді. Сондықтан дамыта оқытуға байланысты әртүрлі болжамдар мен қате түсініктерді сейілту қажет. Өз бетімен дами алатын, өздігінен шешім қабылдай алатын, қортынды жасай алатын тұлғаны қалыптастыру қажет. Сондықтан біз зерттеу тақырыбымызды «Бастауыш сыныпта білім беру жүйесіндегі дамыта оқыту әдісінің ерекшеліктері» деп атадық.
Тақырыптың өзектілігі: Қазақстан Республикасындағы туындап жатқан әлеуметтік экономикалық өзгерістер еліміздің әлемдік білім деңгейіне енуі жағдайында жалпы орта білім берудің мемлекеттік стандартына сәйкес білім беру жүйесі мазмұны мен оқытудың әдістемелік жүйесін қайта қарау мәселесін талап еткен еді. Қазіргі кезде білім беру жүйесінде білім мазмұнын жаңарту, жетілдіру мәселелері өзекті мәселелердің бірі болып саналады. [2]
Білім мазмұнын жаңарту оқу материалының теориялық негіздерін жан-жақты терең қарастыруды талап етеді. Кезінде бастауыш білім жүйесінің өзгеріске ұшырауына Л.В.Занков, Д.Б.Эльконин, С.М.Языков, А.А.Люблинская т.б. ғылыми зерттеу жұмыстарының нәтижесі себеп болған.
Дамыту кезінде оқушыларды біліммен қаруландыру, дағдыны меңгерту, білімге құштарлықты қатар жүргізу керек. Білім жоқ бала ойлай да алмайды. Дамыта оқыту барысында білім көлемі де күрделенуге, кеңеюге тиіс деп есептелген. Еліміздің егемендік алып қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім беру саласында жүріп жатқан демократияландыру мектепті қазіргі кездегі дағдарыстан шығатын қуатты талпыныстарға жол ашты. Білімнің айрықша басымдылық алуы қазіргі қоғамдық прогрестік заңдылықтарынан туындайды.
Жаңаша білім құрылымы, негізгі әдістері, формалары, оқу құралдары дамыта оқытудың әдістемелік жүйелері сияқты маңызды мәселелер білім беру орталықтарының құнды құралы.
Ғасырлар тоғысында өзінің жаңа даму жолы мен болмысын айқындап алған Қазақстан Республикасы ХХІ ғасырда болашақ буын ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеудің жаңа парадигмаларын қалыптастыруды алдыңғы кезектегі міндет етіп қойып отыр.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруге мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеруі – маңызды мәселелердің бірі болып саналады. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашылық жеке тұлғаны қалыптастыру – оқытушының басты міндеті болып саналады.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш мектептің дамыта оқытудың таным өрісі. (1 сынып)
Зерттеу пәні: Бастауыш мектепте ана-тілі cабағында дамыта оқыту әрекетін іске асыру жолдары.
Диплом жұмысының мақсаты: Бастауыш мектепте әдебиеттік оқу мен математикада дамыта оқыту технологиясын тиімді қолдану жолдарын меңгеру. Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушылардың білім сапасын арттыру.
Оқушыларға инновациялық-дидактикалық, дамыта оқыту технологиясы арқылы білім берудің теориялық тұрғыдан негіздеу. Бұл мақсатты орындау үшін төмендегідей міндеттер қойылып, оларды шешуге ұмтылыс жасау.
Диплом жұмысының міндеттері:
-
«Дамыта оқытудың» оқушының дамуы мен іс-әрекетіне әсерін көрсету; Бастауыш мектепте «дамыта оқытуды» жүзеге асырудың жолдары мен маңыздылығын көрсету;
-
Міндетті деңгейдегі білімді қалыптастыра отырып, оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің мүмкіндік деңгейлерін ашу;
-
Дамыта оқыту технологиясының оқушы білімін арттыруын нақты дәлелдермен көрсету;
-
Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологясын қолданудың тиімділігін ашу;
-
Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытудың жүзеге асырудың жолдарын анықтау.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері:
Беріліп отырған дамыта оқыту технологиясы бойынша орындалатын жұмыстың түрлері мен ұйымдастыру жолдарының әдістемелік нұсқаулар жасалыну керек.
Зерттеу әдістері: Зерттеу мәселелері бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық, теориялық және әдістемелік әдебиеттермен танысу және бастауыш сыныптарда жүргізілген іс-тәжірибелерді сараптау.
Ғылыми жаңалығы: Жаңа педагогикалық технология арқылы оқытудың ғылыми-теориялық негіздері айқындалды; жаңа технологияның мазмұны, құрылымы және өзіндік ерекшелігі анықталып, оларды қазақ тілін оқытудың дамыта оқыту технологиясы арқылы оқытудың ұтымдылығы тәжірибе жүзінде дәлелденуі.
Тәжірибелік мәні: Бастауыш сыныптарда сауаттылықтарын арттыру, тіл дамытудың тиімді құралдары ыарқылы сөздік қорларын, тіл байлықтарын арттыру. Шәкірттердің шығармашылық белсенділіктерін арттыру.
Зерттеудің құрылымы мен көлемі:
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттерден, қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде диплом жұмысының өзектілігі көрсетілген. Онда ҚР Білім Заңынан, ҚР 2015 жылға дейінгі тұжырымдамасынан білім беру деңгейлеріне түсініктеме берілген. Тақырыпқа байланысты атақты педагогтардың еңбектері келтірілген. Жұмыстың объектісі, пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеудің әдістері берілген.
«Дамыта оқыту технологиясын бастауыш сынып оқушыларына білім беруде пайдаланудың теориялық негіздері» тақырыбындағы І бөлімде дамыта оқыту технологиясының теориясы мен ұлы ғұламалардың еңбектері берілген.
«Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының мәні» атты ІІ бөлімде дамыта оқытудың рөлі, оны зерттеудегі теориялық талдаулары келтірілген. Сондай-ақ бастауыш сынып оқушыларын дамыта оқытудың ерекшеліктері мен мүмкіндіктері, жолдары, әдістері берілген.
«Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының әдістемесі» атты ІІІ бөлімде бастауыш мектепте ана тілі мен математика сабағын дамыта оқытудың құрылымын, ана тілі және математика пәнін дамыта оқытудың жаңа тиімді технологияларын келтірген, және де педагогикалық әдебиеттер мен озық іс-тәжирибелерге сүйене отырып, үлгі сабақтарының жоспары ұсынылып отыр.
Қорытындыда жүргізген жұмыстардың нәтижелері көрсетілген.
1 ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ.
-
Дамыта оқыту технологиясы жөніндегі түсінік.
Дамыта оқытуды 1950 жылдың аяғынан бастап Л.В.Занков (1901-1977) және Д.Б.Эльконин (1904-1984) зерттей бастады. Дамыта оқыту оқушыны оқу пәндерін оқып үйренуден теориялық ойды дамытатын оқу іс-әрекетіне көшірді (Эльконин-Давыдов). Ол оқушыны жан-жақты дамыту міндетін қойды (Л.В.Занков).
Осы міндетті шешу үшін білім мазмұнын түбірлі өзгерту мақсаты қойылған жоқ (Л.В.Занков).
Психологтар оқу процесіне оқушының іс-әрекетін енгізу керектігін, оның маңызын дәлелдеді. Дамыта оқыту арқылы оқушыға берілетін білім бұрынғыдай репродуктивтік жолмен емес, керісінше арнайы ұйымдастырылатын баланың жан-жақты "теориялық" іс-әрекеті арқылы берілетін болды.
Дамыта оқытудың екі жүйесінің де оқу бағдарламалары, оқулықтары бар, олар Ресей мектептерінде кең қолданылуда. Көбіне бастауыш мектепте қолданылады. Дамыта оқыту принциптері орта және жоғары сыныптарға әлі кең түрде енгізілмей отыр.[3]
"Жақын даму аймағы" көрнекті кеңес психологы Л.Выготский (1896-1934) оқыту мен дамудың байланысын (О-Д) зерттеп, егер оқыту баланың өзекті даму аймағында жүрсе, онда ол баланы дамытпайды деді.
Өзекті даму аймағы - баланың өз бетімен істей алатын жұмыстары. Ал ересектермен ынтымақтаса істей алатыны — жақын даму аймағы. Мысалы, баланың сөйлей алуы - актуальды даму аймағы. Бұл жерде даму жүрмейді. Сондықтан бала мектепке келген бірінші күннен бастап "жақын даму аймағында", дәлірек айтсақ, баланың жазба тілін қалыптастыруға кірісу керек. Ол үшін алдымен жеңіл тапсырмалар беріледі. Мысалы, Ш.Амонашвили және оның мұғалімдері әріптер мен сөздерді белгілеуге Д.Б.Эльконин жасаған шартты белгілерді қолданады. Тақтаға сөйлем және оның астына шартты белгісі жазылады.
"Жақын даму аймағында" жұмыс істейтін В.Ф.Шаталов әлі өтпеген ережемен оқушыларға есеп шығартады. Е.Ильин оқушыларға мұғалімнің өзі біржақты жауап бере алмайтын сұрақтар қояды.
Сонымен жақын даму аймағы баланың ақыл-ой жұмысы басталар тұсы. Мұғалім мұнда оқушыға тапсырма, әдістемелік нұсқау береді, ізденуге бағыттайды, ізденістің бағдарламасын береді. Мұғалімнің жақын даму аймағындағы жұмысының тиімділігінің көрсеткіші - әр оқушының мұғалімнің көмегін алуға әзір тұруы.
Дамыта оқытуда мұғалім жақын даму аймағында жұмыс істеу керек. Ол оқушыға ақпараттар беруші, ынталандырушы, бейне туғызушы, баланың кемшіліктері мен табысына назар аударушы, себебі әр оқушының өзінің "жақын даму аймағы" бар, онда жалпы тәсілмен жұмыс істеуге болмайды. Л.В.Занков жүйесі.
Оның тұжырымдамаларының дидактикалық принциптері:
• оқытуды түсінуге қиын етіп жүргізу;
•теориялық білімнің жетекші рөлі. Теорияны құрғақ жаттамай, ондағы мәнді байланыстарды, заңдылықтарды ашу;
• оқушының ізденуі. Мұғалімнің өзінің түсіндіруі – дамудың қауіпті жауы;
•оқу процесін оқушылардың сезуі. Оқушы өзін оқу іс-әрекетінің субъектісімін деп сезінеді. Материал қайткенде есімде жақсы қалады, жаңа не нерсе білдім, менің дүние туралы түсінігім қалай өзгерді, мен өзім қалай өзгердім деген сұрақтарға жауап береді;
• барлық оқушыларды дамыту үшін жүйелі түрде жұмыс істеу, қабілетке қарай бөлуге жол берілмейді. Бала басқа балалармен ынтымақта дамиды.
Бұл принциптер Б.Тұрғынбаеваның зерттеуінде толығырақ түсіндірілген.
Л.В.Занков өз экспериментінде оқушылардың психологиясын зерттеу әдістерін кең қолданды.
Дамуда оқыту жетекші рөл атқаратынын, ол балаға жанама түрде әсер ететінін, баланың ішкі жан сарайының ерекшелігі оқытудың оған өтуіне жол беретінін, оқыту тиімділігінің көрсеткіші, мақсаты баланы жалпы дамыту екенін іс жүзінде дәлелдеді.
Занков жүйесінің басты міндеті - баланың жалпы психикасын дамыту еді. Оған ақыл, ой, ерік-жігер, сезім енді. Осыларды дамыту білім, іскерлік дағдыларды түсініп, есте сақтаудық сенімді негізі деп саналды. Оның түсінігінде бала өзінің қызығатын нәрсесі, талап-тілегі бар, мектепке тек білім алу үшін ғана емес, бақытты өмір сүру үшін келетін жеке тұлға. Олай болса, мақсат - баланың барлық адамдық қасиеттерін дамыту. Ең маңыздысы, бала бойындағы жағымды сезімдерді жоғалтып алмау. Сондықтан дамыта оқытуды қолданған мұғалім оқушыдан бағдарламадан тыс оқыған кітабынан түсінгенін сұрайды. Себебі Л.В.Занков түсінігінде бала өзінің білетінін басқаларға жеткізіп үйренеді. [3]
Л.В. Занков жүйесінде бастауыштағы білім мазмұны бай. Ғылым, әдебиет, өнер туындыларынан білім беріледі. Оқу жоспарында география, жаратылыстану бар. Орыс тілі, оқу кітабы, математика, еңбек, эстетикалық бағыттағы пәндерінің мазмұны толықтырылған. Оқушыларды дамытатын дұрыс жазуға дағдылану, санау, оқу, бейнелеу өнері, өнер шығармаларымен жұмыс, қолмен жұмыс істеуге үйрену. Л.В.Занков жүйесінде экскурсия кезінде алынатын білімнің үлес салмағы көп.
Бала сабақта өзінің өмірден көрген-білгендерін айтып, оны жолдастарымен бірге талқылап отырады. Қарама-қайшы білімдер ойды дамытады. Мұғалімнің жұмыс стилі сыныптағы нақты жағдайға байланысты өзгереді. Мұғалімнің сұрағы мен тапсырмалары біржақты жауаппен шектелмей, оқушыны өз көзқарасын айтуға, өз бағасын беруге итермелейді.
Занков жүйесінде оқытуды ұйымдастырудық жетекші нысаны — сабақ. Тек сабақтың дәстүрлі құрылымы өзгереді. Сабақ оқушылардың түсінігіне қиын болып келеді. Осыған сәйкес сабақ жаңа материалды оқудан басталуы мүмкін. Дәстүрлі оқытуда уақыттың көбінде мұғалім сөйлейді. Дамыта оқытуда мүғалім баланың өз ойын, өз бақылауларын, танымын айтуына жағдай жасайды. Сыныптағы "тәртіп" ұғымы өзгереді. Оқушылар жұмыс барысында шулайды, күледі, бір-бірімен әзілдеседі.[3]
Оқытуды ұйымдастырудық маңызды нысаны - экскурсия. Таным негізі тек кітап, мұғалім сөзі ғана емес, қоршаған орта, материалдық мәдениет. Л.В.Занков түсінігінде даму адамның өзін-өзі көрсетуінсіз, өз пікірін, бағасын білдірусіз мүмкін емес. Оның жүйесімен қорытынды шығарғанда баланың байқампаздығына, ойлау барысына, тәжірибелік іс-әрекетіне, сезіміне, ерік-жігеріне, қажеттіліктеріне жақсы мен жаманға көзқарасына, олардың қаншалықты деңгейде дамығандығына баса назар аударылады.
Сонымен сабақ үлгерімі жалпы дамумен ұштастыруылады. Оқушы бағдарламаны өте жақсы меңгермесе де, оқуға деген ынтасы пайда болып, сынып ұжымымен байланысы жақсарса, дүние туралы түсінігі, онымен қатынасы өзгерсе, онда оқыту өте тиімді (пайдалы) жүрген деп бағаланады.
Дәстүрлі оқытуда баға басты рөл атқарады. Л.В. Занков сыныптарында балаларға баға қойылмайды. Баға жазба жұмыстарының қорытындылары бойынша шығарылады. Нәтижесінде балалар кім "озат", кім "үлгермеуші" екенін білмейді. Л.В.Занковтың дидактикалық жүйесінде шынайы жағымды эмоциялар көп, мұғалім мен оқушылар арасында татулық бар.
Баланы жалпы дамытатын жаңа мәселелерді (сұрақтарды) талдау, жолдасының көзқарасымен келісу немесе оған күдіктене қарау, өз пікірі дұрыс болмаса бас тарту. Ақыл-ой іс-әрекетінің алуан түрін орындау кезінде бала қиындықты жеңіп, табысына қуанады, қанағаттанады. Баға қойылмауы сыныпта жақсы жағдай туғызады. Сонымен Л.В.Занков жүйесі бойынша оқыту баланың дамуын анағұрлым тездететінін көрсетті, балалар – сыншыл. [3]
Бастауыштан орта сыныптарға өткенде қиындық болады. Дамыта оқыту рефлексияға қабілеттілік сияқты бағалы сапаны қалыптастырады. Рефлексия - өзінің психикалық жағдайы туралы ойлануы, өзінің толғаныстарын таңдай білуге бейімділік. Бала өзінің мінез-құлқын, жүріс-тұрысын реттеп отырады. Л.В.Занков оқушыларының ерекшелігі ақыл-ой жұмысына құштарлықтары. Бала өз бетімен білім алуға ұмтылады. Білімді өз бетімен алу көңілге жақсы сезім ұялатады. Өзін жақсы көру достық, өмірді сүю сияқты қасиеттердің негізі.
Қазіргі кезде Республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жеткізу, дамыта оқыту. Ол үшін мектепке заман талабына сай мемлекеттік білім стандартын енгізу, соған сәйкес кәсіби шеберлігі дамыған кадрмен қамтамасыз ету, өркениетті ғылыми – әдістемелік бағытқа ынталандыру, жаңа базистік оқу жоспары мен жаңа буын оқулықтарына көшу, орта білімді ақпараттандыру, тағы сол сияқты білім беру саласында жүйелі жұмыстар атқару – еліміздегі ең маңызды әрі кезек күттірмейтін мәселесі.
Дамыта оқыту күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін – өзі өзгертуші субъект дәрежесінде көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады. Дамыта оқытудың дәстүрлі оқытудан айырмашылығы: көздеген мақсатында, мәнінде, мазмұнында, дамытудың негізгі факторларында, мұғалімнің рөлі мен атқаратын қызметінде, әдіс-тәсілдерінде, оқушының білім алу белсенділігінің түрінде, оқу үдерісінің мүшелерінің әрекеттестік ерекшеліктерінде, олардың қарым – қатынас сипатында, танып-білу үдерісін ұйымдастыру және огдағы коммуникациялар түрлерінде және т.б.
Әлемдік педагогиканың көбінесе жүгінетіні – Л.С.Выготскийдің идеяларына негізделген В.В.Давыдов пен Д.В.Эльконин және Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйелері. Л.В.Выготскийдің идеялары Еуропа елдерінің көптеген жоғары оқу орындарына оқытылады.
Бұл бағдарлы идеялар бүгінгі білім беретін мектептерде іске асыру көптеген қиындықтар тудыруда. Өйткені ұсынылған әдістеме мен технологиялар көбіне дербестік сипатта, сондықтан кез келген мектепте әр түрлі ерекше қабілеті бар балалар арасында қолдануын таба алмай жүр.[4]
Сонымен қатар оқушы тұлғасын дамыту оқытудың мақсаты ма, әлде мақсатқа жетудің амалы ма (құралы ма) деген сауалға нақтылы түсінік берілмеген және тұлға дамытудың өзіне тән түрлі-түрлі көзқарастары бар. Біздің елде білім беру мекемелері, мектеп мұғалімдері және көптеген ғалымдар оқушы тұлғасын дамыту деп таниды. Бірақ, тұлға дамуы туралы ізденістегі психологтардың айтуы бойынша, әр адамның дамуы өз қолында, оны сырттан әсер етер күшпен дамытуға болмайды, тек оңтайлы ықпал жасауға болады. Осы пікірден туған білім беру мақсатының басқа да тұжырымы бар. Оқушы тұлғасын дамыту, ол оның толық өзіндік жетілуінің амалы ретінде қарастырылады.
Сондықтан, мектептің мақсаты баланың табиғи күштері мен мүмкіншіліктерінің өзіндік ашылуына қолайлы жағдай жасау болып табылады. Ол үшін оқушы тұлғасының дамуын көздейтін білім беру үдерісін ұйымдастырудың түрлі әдістері мен амалдарын анықтап, жүзеге асыру қажет.
Бұдан шығар түйін: дамыта оқыту – білім беру мекемісінің әрбір сабақта, күнделікті қарым-қатынаста, мектепте және мектен тыс істе асырылатын өзекті мақсаты, сонымен қатар, болашақты болжаған оқушы тұлғасын өзіндік жетілдіруіне, өзіндік қалыптасуына жеткізетін амал. Оқушы тұлғасының дамуы түсінігіне оның қалыптасуына, біртұтастығына және бөлек бөліктеріне (сезімділік, зерде, ерік, құндылықтар, білімділік және жеке тәжірибе, т.б.) оң өзгерістер енеді.
Даму дегеніміз – материалдық және идеялық объективтілердің қамтамасыз, нақты бағытталығын, жаңа сапаның пайда болуына алып келетін заңды өзгерісі. Егер жаңа сапа қандай да бір қатынасында екіден озса, онда дамудың прогрестік, ал егер ескіге жол берсе, регрестік түрі келбетінде тұрады.
Біздің ізденісіміз прогрестік дамуды көздейді, оған жетелейтін – өнімді іс-әрекет. Өнімді іс-әрекет жан жақты ізденудің нәтижесінде ғана жүзеге асу мүмкін. Мұндай жағдайда екінші бір жаңа, бұрынғыдан өзгеше мағлұматтар (өнімдер) туындайды. Дамыта оқыту идеясы өнімді іс-әрекет арқылы іске асады.
Ал бүгінгі мектеп оқушысы мұғалімнің баяндауын мұқият тыңдап, түсінуге тырысып немесе оқулықтан мәліметті өз бетінше оқып-танып, әртүрлі зерттелетін объектілер мен құбылыстарды бақылап және дайын ережелерді, нұсқауларды басшылыққа ала отырып, әртүрлі іс-әрекет жасайды. Мұндай оқу-танымдық әрекет – ережемен, алгоритм қолдану арқылы іске асады.
Дамыта оқыту идеясы ТМД елдерінде әжептәуір қолданыс тауып келеді. Қазіргі кезде Мәскеуде «Дамыта оқыту» халықаралық қауымдастығы жұмыс істейді. Қауымдастықтың Прзиденті – академик В.П.Занченко.
Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқу жүйесі бойынша Мәскеудің психология институтының зерханасы іргелі жұмыс атқаруда. Оның меңгерушісі – дамыта оқыту жүйесінің іргетасын салушылардың бірі профессор Эльконин Борис Данилович болып табылады.
Профессор Б.Д.Элькониннің пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың дүниеге деген көзқарастары терең және көріп-білудің жаңа тәсілін игергендері көзге түседі, яғни дүние және оны тану үдерісі баланың сол үдеріспен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда болады. Қазіргі жаңашыл жағдайларда жаңашыл міндеттер туа бастайды, соның негізгісі – дамыта оқыту педагогикасын қалыптастыру, яғни дамыта оқытудың педагогикалық не баламалық психологиясын емес, дамытушы білім берудің жүйесін қалыптастыру. [5]
В.С.Лазарев бойынша, дамыта оқыту бөлек бір сыныпта болуы мүмкін емес, ол үшін әбден жаңа типті мектеп қажет, педагогтарды ғана дайындамай басқарушыларды да арнайы даярлау қажет. Орта мектепте дамыта оқыту бағытымен іргелі түрлендіруді Ю.В.Громыко қолайлы деп санайды, бірақ оның пікірінше, бөлек сыныптарда ғана дамыта оқыту теориясын толық қолдануға мүмкндік бар. А.Б.Ворнцовтың пікірі бойынша, дамыта оқыту жүйесіне енген мұғалім тұлғасы да жай мектеп мұғалімдеріне қарағанда ерекше жетіледі.
Қазіргі кезде дамыта оқыту мектебін қалыптастыру жер жерлерде ынталы жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда Мәскеу, Санкт-Петербург, Харьков т.б. қалаларда Давыдов пен Элькониннің, Л.В.Занковтың дамыта оқыту жүйесі оқу-тәрбие үдерісінде қолданылып жүр. Бірақ біздің елде, әсіресе, қазақ мектебінде бұл игі іс әлі айтарлықтай қолға алынған жоқ. Мұнда білім беру ісінде уақыттың көбі баланы жалықтырып жіберетін баяндау, түсіндіру, үлгіні көрсету сияқты өнімсіз еңбекке жұмсалып жатады. Осының нәтижесінде мектептерде дағдыны қалыптастыру күні бүгінге дейін «осылай істе» деген ұстаным бойынша танысал және тәжірибелік міндеттері шешуге бағытталған жалпы заңдылықтар мен интеллектуалды іскерлікті саналы қолдану негізінде емес, мұғалім берген үлгілерді ұғынбастан орындау негізінде жүргені жасырын емес.
Әлемдік тәжірибеде бірнеше түрлі өзара балама мектептер баршылық. Мысалы, дәстүрлі мектеп түлектерінің білімділік деңгейі жүйелілік, теориялық, ғылымилық тұрғыдан қарастырғанда жоғары, бірақ сол білімдерін қолдануға іскерлік қасиет-қабілеттерінің шеңбері тар болып келеді. Ал қызығу мен қажеттілікке негізделген «еркін тәрбие» мектептеріндегі білім беру үрдісі оқушылардың еріктері мен танымдылық дамуын шектейді, мұнда психиканың механикалық еске сақтау қызметі дағдылар мен ебдейліктер игерілмейді. Сондықтан, болашағы мол болып көрінетін дәстүрлі оқыту элементтері мен балама оқыту әдістемесінің үйлестірілген түрі керек. Мұнда тасада қалдырмайтын мәселе – қайсысынан қандай эелементтер, қандай негізде таңдалынып, қандай қатынаста құрастырылатындығы.
Оқушы тұлғасының дамуына айтарлықтай ықпал жасауды дәстүрлі мектеп іргесінде іске асыру – қазіргі кездегі білім беру жүйесінің дамуындағы елеулі бағыт. Яғни, мемлекеттік білім беру стандарты бойынша, базистік оқу жоспарында негізделген, сыныптық-сабақтық ұстанымын сақтайтын, бірақ үнемі өзгерістегі, заманға қарай икемделудегі білім беру жүйесі және психологиялық-педагогикалық жетістіктерге ашық мектеп болуы керек.
Ж.Б.Қоянбаев еңбектерінде «Оқушы тұлғасының дамуына максималды себепкер болу үшін дамыта оқыту идеясы бойынша ұстанымдар жүйесі қалыптасқан» делінген:
1. Оқыту үдерісінде танып-білуге арналған материалға және оны игеру уәжіне оқушының қызығушылығын тудыру.
-
Мұғалім білім бері мазмұнын өңдеп жоспаралағанда оқыту үдерісін оқушы есептің шешуін табу, не басқа оқу мәселесін шешу барысында өзінің өзекті даму аймағына сүйенетіндей етіп, ал нәтижесі оның жақын даму аймағына әкелетіндей етіп жасау керек. Басқаша айтқанда, оқыту үдерісі оқушының өзіне берілген есепті шешу барысында оны шешуге қабілеті, білімі, жеткендіктен оны ұжымдық талқылап, ойланып, гипотеза ұсынып, оны тексеруіне, қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуіне негізделуі қажет.[6]
-
Оқушының тиімді даму жолдарын ашу үшін олардың әрқайсысының «жеңістік жағдаятын» алдын ала ескеру қажеттігі туады, яғни, оларға өз күштерімен шығара алатын есептер мен атқара алатын оқу тапсырмаларын беру керек. Сонда бала өзін жеңімпаз, қиын шыңды басып өтуші, меншікті жеңісті иеленуші ретінде сезінеді.
-
Жұмысты тексеруде баға оқушының жеткен нәтижесіне емес, оның еңбегінің мөлшеріне сәйкес қойылуы керек.
-
«Сырттағы» білімді «іштегі» білімге алмастыруға арналған іс- әрекеттер тізбектерін алдын ала болжау қажет. Бұл нәтиже топтық талдау, пікірталастар және т.б. жеткізеді.
-
Дамыта оқыту үдерісінде білім дайын берілмеуі тиіс, оқушы білім тереңіне қарқынды ой еңбегін қажет ететін тапсырманы орындау арасында жетуі керек.
-
Дамыта оқыту идеясы бойынша оқушыға оқу мақсаттарын қоюда, шешуде ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім – сабақ үдерісін ұйымдастырушы, бағытаушы адам рөлінде. Шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын білдіріп пікір айтуға мүмкіндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен, әр бала жасаған еңбегінің нәтижесін бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйретеді. Осындай негізде құрылған іс-әрекеттер бір-бірі мен тығыз байланысты: қажеттілікті анықтау, оның мотивін шығару, мақсат қою, мақсатқа жету жолдарын ашу, мақсатқа жету үдерісі (әрекет, операциялар), нәтижесін шығару.[7]
-
Бастауыш мектеп оқушыларына білім беруде дамыта оқыту технологиясының теориялық негіздері.
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшықет көлемінің өсуі арқылы нақты, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықтайды.
Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді. Бірі жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықты қуаттаса, екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл – оқу, білім алу деген сөз.
Оқу – адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
«Даму ұғымы философиялық сөздікте»... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы», - деп түсіндіріледі. Терістеу – дамудың қозғаушы күші. Терістеу – белгілі бір зат пен құылыстың қайшылықтарын ашу, олардың шешу жолдарын анықтау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу. [8]
«Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы – жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатынасатындығын дәлелдейді. Олар:
-
Биологиялық фактор.
Бұл ата-анадан ауысқан, туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі құбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.
-
Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
-
Баланың өз белсенділігі.
Даму процесіне әсер ететін бұл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. [9]
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандайда бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский болған. Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.[4]
-
Бала дамуының жақын аймағы – баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
-
Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Бұл теория шеңберінде оқудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі ереже өмірге келді.
«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек... Білім беру тек дамудың алдында болғанда ғана пайдалы болмақ» - дейді Л.С.Выготский.
Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек екенін атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.
Бұл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап, оқулықтар жазды. Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л.В.Занковтың басшылығымен 1960-1990 жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды. Бұл тұжырымдама «екіліксіз қалай оқытуға болады», білімге деген қызығушылықты арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.
А.С.Макаренко баланың мінез-құлқы 5-жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі.
С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова, Меллер өз зерттеулерінде оқыту – дамудың негізі, алғы шарты екенін дәлелдейді.
И.Я.Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының белгілерін атап көрсетеді. Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықтай білу, оқиға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.
Л.В.Занков ақыл-ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-құлық ерекшелктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған. [3]
И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясы мен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
Дамыта оқыту ұлы неміс педагогы А.Дистервегтің әйгілі «Неміс мұғалімдерінің білім беру ісіне басшылық» (Руководство к образованию немецких учителей) атты еңбегінің де негізі болып табылады. «Дамыта оқыту деп ол баланың білім алуға әрекет етуін ұйымдастыратын оқытуды атаған. «Жаман» мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді» - деген.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін (Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, Н.А.Менчинская) және т.б., іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Галперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарған.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізеді. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламарын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін-өзі өзгеруші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайда түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:
-
Оқу мақсаттарының қойылуы;
-
Оны шешудің жолын бірлесе қарастыру;
-
Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу;
Бұл үшеуі дамыта оқытудың Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу жасаған жүйесінің негізгі компоненттері. Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылай, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады.[11]
П.Жаманқұлова бастауыш мектептің негізгі мақсаты жалпы дамыту деді. Ал, жалпы даму деп байқампаздығын, ойлауын дамыту және практикалық іс-әрекетті меңгеруі қабылданады. Сондай-ақ ақыл, ерік-жігері, сезімдірінің дамуы алынады. Осы тұста мұндай көзқарасты ұлы Абай да уағыздап кеткендігіне тоқталған жөн. Қошаған ортаның шыңдығын мойындай отырып, Абай ақыл мен сана еңбек барысында қалыптасатындығын айтады. Ол адамның ішкі сезімді қуаттарын біртұтас етіп алады. Оның 17-ші сөзіндегі қайрат, ақыл, жүректің сөз таластыруында тек бірлесіп, ынтымақтасқан жағдайда ғана күш алатын түрлі жан құбылысын әдеби-публицистикалық тұрғыдан көрсеткенін байқаймыз. Бұдан бұл мәселенің ұлттық психологиямыз бен философиямызда да ежелден көтеріліп келе жатқандығын көруге болады.
Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз деп есептейміз. [12]
-
Білім беруде дамыта оқыту технологиясын ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық мәселелері.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2030» Қазақстан халқына арналған жолдауында «Жаңа тезнологиялық толқын жалына жармасып, теңдессіз инновациялар жасау барлық елдің қолынан келе бермейді. Біз осыны жете түсінуге тиіспіз», «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулықтары мықты өкілдері болады. Олар балаларының экономика жағдайында жұмыс істеуге, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін еркін меңгеруге, бейбіт, жылдам өркендету үстіндегі, күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады» - деп көрсетілгендей-ақ, ертеңгі келер күннің бүгінгіден гөрі нұрлы болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш пен білімге тән. Жас мемлекетіміздің болашағы – бүгінгі мектеп оқушылары. Бәріне бірдей талап қойып, олардың табиғи қабілеттерін, нақты мүмкіндіктерін анықтап оқыту бүгінгі күннің өзекті мәселесі. [13]
Білім беру саласы қызметкерлерінің алдына қойып отырған басты міндеттемелердің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіру.
Еліміздегі тәуелсіздіктің әсері қоғам дамуының барлық салаларын қамтып, әлемдегі жаңа мазмұнды озық тәжірибелерге негізделген оқу-тәрбие үрдісінің қалыптасуына ықпал етті.
Әрбір өсіп келе жатқан ұрпаққа тәлім-тәрбие беру, олардың рухани жаңарып жандануына тірек те, тетік те болатын мектеп екендігі бәрімізге белгілі.
Сондықтан да оқушылардың ой-өрісін, ұлттық мәдениетін, ұлттық рух пен сана-сезімін дамытып, алғыр тұлғаны қалыптастыруда тәрбие жүйесіндегі инновациялық іс-әрекеттердің ендірілуі үлкен жетістіктерге жетелеуде.
Бүгінгі ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы кезінде өндірісті автоматтандыру, компьютерлендіру мәселесімен тығыз байланысты өркендетіп отырған өтпелі кезеңде мектеп оқушыларына ғылым негіздерін меңгеруде білімді әлемдік стандартқа жақындату, оқытудың мазмұны мен әдістерін жаңарту арқылы білім сапасын көтеру мемлекеттік мәселе болып отыр. Бұл мәселелерді ойдағыдай шешу мектептің материалдық базасына, оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми-әдістемелік негізде жасалуына мұғалімдердің ұстаздық еңбекті жаңа технологиялық тұрғыда ұйымдастыруына, сонымен бірге мектеп басшыларының педагогикалық бірлігіне, оқу-тәрбие үрдісінің бүгінгі күн талабына сай ұйымдастыра білуімізге байланысты болмақ. [2]
Қоғамдық өмірдің барлық салаларында, соның ішінде білім салаларында жүріп жатқан демократияландыру мектебі қазіргі кезеңдегі дағдарыстан шығаратын қуатты талпыныстарға жол ашты. Бастауыш мектеп оқушылары үшін «Әдеп әліппесі», «Елтану», «Экология элементтері», т.б. жаңа пәндердің оқытылып жатқаны жас ұрпақтың дүниетанымын қалыптастырып, білім мазмұнын жетілдіруде. Білім беру неғұрлым тереңдеген сайын оқу жоспарларын, әлеуметтік-экономикалық және ғылыми-техникалық прогресстің талаптарын, оқушылардың жас ерекшеліктерімен сәйкестендіру, яғни түбегейлі жақсарту міндеттері қойылды. Қазақ тілі ғылым саласының қай түрі болсын, терең бойлап, қанатын жая бастады. Халыққа білім беру оның ішінде, бастауыш және орта мектептегі оқу-тәрбие үрдісіне қойылатын талаптар күрделенді. [13]
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамыту күн тәртібінен еш уақытта түсіп көрген емес. Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдайларды ескере отырып, жеке тұлғаны қалыптастыруда білім мен тәрбие ұштасқан тұста ғана оқу үрдісі нәтижелі болады. Жас ұрпақты ұлтжандылыққа тәрбиелеуде ұлттық санасын оятып, тілін дамытып және білім беруді тиімді әдістеме мен жандандыра түсіп, дамыта оқыту керектігі туындап отыр. Оқушылардың тілін дамыту – қазіргі оқу-тәрбие ісіндегі басты мәселе. Ол үшін мұғалім шығармашылықпен тілдік материалдарды дұрыс таңдай біліп, оны тиімді әдіспен беру жағын қарастыру қажет. Тіл дамыту жұмыстары тек ана тілі, қазақ тілі пәндері бойынша жүргізіліп қоймай барлық оқу пәндері бойынша да жан жақты ойластырылуы керек екендігі айтылып та, жазылып та жатыр. Тіл дамыту – тіл дамытудың бір саласы түрінде өз алдына жеке сабақ түрінде өткізілуде. Бірақ арнайы пән енген жоқ. Бұл сабақтың мақсаты оқушының тілін ұштау, сөйлеу мәдениетін және жазба тілін дамытумен қатар ой өрісін, дүниетанымын қалыптастыру. [14]
Ұлтын сүйген, бойында қазақы қаны бар, «Мен қазақпын» деген азамат тіліміздің қолданыс аясының кеңеюіне күш салып, қайтсек ана тілінің қуаттылығын арттырамыз деген сауалмен күй кешуде. Ол үшін ұстаз қауымы кейінгі жас толқынның бойына ұлтжандылықты сіңіріп, жерін, ұлтын, тілін сүюге тәрбиелеп, тер төгуі керек.
Бала дүниетанымының қалыптасуына адам, қоғам табиғат тірек болады. Ежелден тәрбие беретін би, шешен сөзін, халқымыздың даналық сөзін жаттап өскен жас ұрпақтың таным үрдісі дамиды. Халық шығармасын оқып, қабылдау нәтижесінде сана-сезімі оянады.
Бастауыш мектеп бағдарламасында жас балалардың ерекшелігіне байланысты тапсырмалар жаттығу жұмыстары берілген. Сол сияқты тіл дамыту жұмыстары – мәтіндері оқу, оны мазмұндап айту, сұрақтарға жауап беру және шығарма, мазмұндама жаздыру арқылы жүзеге асырылады.
Тіл дамыту жұмыстары мынадай бағытта жүргізілсе:
-
Мұғалім сабақты түсіндіру барысында баламен қарым-қатынас жасағанда әсерлі сөйлеп тыңдаушысын өзіне қаратып, баурап алуы, яғни тіл мәдинетінің өте жоғары болуы шарт.
-
Баланың тілін дамыту үшін өзі қажет деген әдісті пайдаланса;
-
Өтілетін мәтіндерді, орындалатын жаттығу жұмыстары, иллюстративтік материалдар қазақ баласының халықтық ұғымына таныс және жеңіл болуы;
-
тіл дамытуда мақал-мәтелдер, мысалдар, өлең-жыр, қызықты әңгімелер, шешендік сөздер іріктеліп алынуы керек;
-
Лексикалық жұмыстарды жиі жүргізу;
-
Сөздік жұмысын жүргізу, жаңа сөздерді үйрете отырып, оны іс жүзінде қолдана білу;
-
Фразеологизмдердің жеңіл түрімен сөйлемдер құрату және ауыз екі сөзде қолдана білу;
-
Баланы әдеби тіліне ауызша сөйлетуге және жазбаша сауатты жазуға үйрету;
-
Сауатты және түсініп оқуға үйрету;
Сонымен, қазақ тілі, ана тілі сабақтары бойынша жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарында жоғарыда айтылған ұсыныстары ескерілсе, бастауыш сынып оқушылары сауатты және түсініп оқуға дағдыланады.[15]
«Адам ата-анадан туғанда есті болмайды, естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды – дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады», - деген Абай сөзін ұмытпай, әр кез жадымызда сақтағанымыз дұрыс.
Жас ұрпақты өзінің ана тілінде еркін, мүдірмей сөйлетіп үйрету үшін оқыту әдістемесін жетілдіре түсу – бүгінгі күннің аса маңызды мәселесі. Бүгінгі күннің тілек талабы тұрғысынан білім мазмұнын жаңарту, өмір талабына орай дамыта оқыту, оқытудың жаңаша әдіс тәсілдерін қолданып заман ағымына жауап беру мұғалімдерге жауапты істер жүктейді. Осындай мәнімен маңызды зор өзекті мәселелердің бірі бастауыш сынып оқушыларын сауатты және түсініп оқуға үйрету. Оқыту күрделі жаңа мазмұнды жүргізілсе, оқушылар ана тілінің қыр-сырын, ауызша сөйлеу тілін игерсе, тілі дамиды.
Оқушыға әдеби сөйлесу дағдыларын меңгертуде өлең мен әндер жаттату, мәтіндерді, диалогтарды тыңдату, сөз шеберлері, атақты сахна шеберлерінің орындалуында үн таспаға жазылған поэтикалық шығармаларды, көркем сөзді тыңдаудың ерекше мәні бар. Нақышына келтіріп, аса шеберлікпен оқылған поэзия мен көркем сөздің баурап алатын күші ерекше.[16]
Қазақстан Республикасы Гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында: «білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам жай зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен шығармашылықпен таным субъектісі, құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъект ретінде», делінген. [17] Бұл айтылғандар оқытудың басты мақсаты оқушыларға дүние заңдылықтарын, фактілерін таныту дегенді аңғартады. Сабақ үрдісінде оқушының шығармашылық белсенділігін арттыру жағын ойластыру керек. Халық даналығында әдеп, нақыл сөздер өте көп. Мысалы, «Бұлақ көрсең көзін аш», «Оқу өрге тартады, надандық жерге тартады», «Тіл – ақылдың өлшемі», «Тілі жеткенше сөйлеген шешен, қолы жеткенше нұсқаған көсем» деген этикалық ережеге айналған даналық сөздердің тәрбиелік мәнін аша отырып оқыту бастауыш сынып оқушыларына тілге, ғылымға құрметпен қарауға үйретеді.
Бала тілін дамытатын өзінің қоршаған ортасы. Атап айтсақ, айналасындағы түрлі оқиғалар, жанұясы, оқыған кітабы, көрген спектакльдері мен кинолары баланың ойлау әрекетін дамытады және қорытынды жасай білуге бейімдейді. Ой дамыту – тіл дамытумен ұштасады.
Оқушының ойын жүйелі айта білуге, бір-бірімен тікелей қарым-қатынас жасауға дағдыландыруға ана тілі, қазақ тілі пәндерінің ролі айрықша. Оқушының ауызша көбірек сөйлейтін сабақтары да осы аталған пәндер. Баланың сөйлеген сөзі, берген жауаптары бұл сабақтарда байқалып отырады. Бала тілін дамытып, қалыптастыруда өз ұлтымыздың ауыз екі шығармашылығының тигізер ықпалы зор. Халқымыздың ертегі, аңыз әңгімелері, мақал-мәтелдері, жұмбақ, жаңылтпаштары ойнақы, жеңіл тілмен беріледі. Тіл сабақтарында өтілетін тақырыпқа орай халықтық шығармалардағы (жұмбақ, өтірік өлең, аңыз әңгімелер т.б.) сөз өрнектері шәкірттер түсінігіне лайықты, тілге орамды жаттауға жеңіл болып келеді. Халықтық шығармалардың сан алуан түрлерін төменгі сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес сұрыптап пайдалану, мән мағынасын түсіндіріп жатқа айтқызу баланың тіл әлеміне деген қызығушылығын артырады.
Сондықтан балаларға жас кезінен бастап халқымыздың ауыз әдебиетіндегі қызықты сюжетке құрылған ертегілерді, аңыздарды, т.б. мәнерлеп оқытып, өздеріне мазмұнын айтқызса, ойы да, тілі де дамиды.
Балаға жаңылтпаш үйретіп, оны айтқызу сөзді дұрыс сөйлеуге әдеттендіреді. Кейбір тілі келмей бұзып айтатын дыбыстарды анық айтуға жаттықтырады. Ал жұмбақ айтқызу баланы тапқырлыққа үйретіп, ойлау қабілетімен тілін ұштайды. [18]
Тіл дамытудың тиімді құралдарының бірі жаңылтпаш, жұмбақ айтқызып, оның шешімін тапқызу.
Оқушылардың ауыз екі сөйлеуі мен жауаптарындағы кемшіліктерін байқап, болдырмау жолдары үздіксіз жұмыс нәтижесінде жүзеге асады. Оқыған әдеби кітаптары мен көрген киноларын, тағы басқа оқиғаны өз сөзімен айтуға дағдыландыру – тіл тәсілдерінің бірі. Тіл дамытуда мақал-мәтел мен фразеологиялық сөз тіркестерін пайдаланып сөйлем құрату тілге көрік береді. Халықтың қанатты сөздерін оқыту оның мағынасын түсіндіру жақсы әдетке үйретіп, жаман қылықтардан жирендіреді.
Атадан қалған асыл мұра — біздің рухани байлығымыз. Соны игілігімізге жарата білсек болғаны.
Ана тілі сабағында тақырыпқа байланысты «Туған жер», «Білім», «Тіл» туралы даналық сөздерді кірістіріп, сөйлем құрастыру, өлең оқыту игілікті іс. Мысалы, «Ғылым — ақылдың шамы», «Ана тілім — дана тілім», «Тілі жеткенше сөйлеген шешен, қолы жеткенше нұсқаған көсем», «Тіл – ақылдың өлшемі», т.б.
Мақал — мәтелдерді пайдаланудың әдіс тәсілдері көп. Оларды сыныпта, сыныптан тыс оқуда белгілі бір тақырыпты оқыту мен бірге сөйкестендіріп алған ыңғайлы. [19]
Мұғалім осы іспетті жұмыс түрлері оқушыньщ ойын көрікті етіп айта білуге үйретіп мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшелігін "Сөздің көркі — мақал" екендігін танытады.
Шешендік сөздерді оқыту – тілді дамыту. Шешендік өнер өткен өмірден сыр шертіп, тарих тынысын, сөз зергерлерінің өрнекті де өткір тілін үйретеді.
Орта ғасырларда өмір сүрген ғалым Жүсіп Баласағұн былай деген екен:
"... қалар мұра – сөз кісіден кісіге,
Сөзді мұра тұтсаң, пайда ісіне,
(кісіден Мирас ата сөзі ғой,
Ата сөзі – ұқсаң құттың көзі ғой)"
Тауып айтылған сөз. Ата-бабадан құт боп қалған тіліміздің тынысы тарылмай қанат жайса, бұл елдігіміздің белгісі.
Шешендік сөз жастарды оқуға, өнерге парасаттылыққа жөне сөз құдыретін қадірлеу білуге үндейді. Мұғалім шешендік сөзді оқытуда туған тілден сұлу сөзді теру үлгісін көрсетеді. Би шешендердің өмірін, шешендік өнерін оқыту – көркем сөздің қасиетін тану. Бұл тіл мәдениетінің өсуіне, ұлттық сананың оянуына септігін тигізеді. Ұлттық сананы ояту және тілін дамытудың кілті, асыл қазынамыз – халық даналығында. Шешендік сөздерде халқымыздың ұлылығы, сөз саптауы, тұрмысы мен салты бейнеленген. Мысалы, Төле бидің Түлкі есімді жігіттің сұрақтарына берген жауаптарынан аталы сөздің асқар таудай айбынын танисың. Бөлтірік Шешен мен Шақпақ Жәнібектің шешендік сөздерінен сылдырап аққан сұлу сөзді сүзіп ал да, жас ұрпақтың құлағына құйып, көкірегіне ұялат. Абайдың шешендігі өзінің атақты «Сегіз аяқ» атты өлеңінде тіл өнерін «Толауы тоқсан тоты құсқа», «Білгенге маржан» деп інжу-маржанға теңейді. Інжу-маржан судан оңайлықпен сүзілмейді. Өнегелі сөзді өмір бойы ыждаһаттылықпен үйренуді меңзейді. Сонымен, тілді үйретуші ұстаз асыл сөзді сөз сайысына түскен шешендерден, сөз зергерлері ақындардан іздеуі керек.
Күміс көмей, жез таңдай шешендердің билік айтып, бітістірген сөздерін оқытып, оны бала зердесіне тоқытып, тілдің сиқырлы сырына үңілту арқылы тіл тағылымын үйретуге болады.
Ұлттық сана мен дүниетаным, тәрбиенің тылсым күші ұлылар айтқан ұлағатты сөздерде. Ұлттық сана тілі шыққан сәбидің ана тілінде алғаш «Ата», «Әже», «Ана» сынды сөздерінен бастау алады.
Сонымен бастауыш мектептің ана тілі пәндерінің сабақ жоспарына шешендік сөздерді енгізіп, оқытсақ және оған кеңірек орын сағат берілсе, тіл мәдениеті мен тілдің дамуына сауатты және түсініп оқуға үйретудің ықпалы тиер еді.
Өткен ғасырларда қазақтың кең сахарасының қонағы болған поляк публицисі А.Янушкевич қазақ көшпенділерін «Дала демосфендері» деп айтқан болатын. Бұл сөз текке айтылмаған. Аталарымыз тоқтап тарих сахнасынан көрінген.
Бүгінгі ұстаз қауымы да тіл дамытудың әдіс-тәсілдерін түрлендіріп, шәкірттеріне тіл маржанын тергізеді. Әлі-ақ XXI ғасырдың Демосфені, Цицерондары қанатын қатайтып, биікке самғайды. Сонда біздің тіліміз төрткүл дүниеге танылар. Ол үшін тіл дамыту сабақтарын шығармашылықпен жүргізіп туған тілден сырлы сазды табайық. Тілді дамытып оқытуды өне бойы өмір серік етіп алғанымыз жөн.[20]
Ана тілінің дамуы, алға басуы – оның мектебі, әсіресе, оқу пәні. Ресми мекемелер мен ғылым саласының қазақ тілінде сөйлеуі.
Халықтың эссе саз өрнектері тілге орамды келеді. Халықтық шығармалардың түрлері балалардың жас ерекшеліктеріне қарай іріктеліп пайдаланылса, баланың тілді үйренуі, оған қызығуы артады. Жасөспірімдердің тілінің дамуына отбасының ықпалы да көп тиеді. Сондықтан балаға шыр етіп жерге түскен сәтінен бастап бесік жырын айтып, ән тыңдату, яғни ана әлдиін құлағына сіңіру, өсе келе жаңылтпаш, жұмбақ, шағын өлеңдерді жатқа айтқызып, сөз ұйқастарын танытып, үнемі осы сияқты игі істерді отбасынан бастап құлағына құйып отырса, оның ойы да, тілі де дамиды. [29]
Тілді дамытуда сауатты және түсініп оқуға ертегілердің атқаратын ролі өте зор. Ертегі тілінің көркемдігі жөне оқиғаларының қызғылықты баяндалуы баланы еріксіз өзіне тартып, баурап алады. Ертігілерді баланың оқуы не тыңдауы, мазмұнын қайталап айтып беруі сөздік қорын молайтады, байланыстырып сөйлеу тілін дамытып, қиялдауға мүмкіндіктер туғызады. Ертегі сюжетіне қатысты түрлі-түсті суреттерді пайдалану арқылы әңгімелесе баланың эстетикалық талғамы мен танымдылық өрекетіне қозғалыс алады.
Тілді үйретіп, дамытуға қатысты Ахмет Байтұрсынұлы төмендегідей тиімді тәсілдер мен қағидаларды ұсынған:
1. Оқушыға арналған материалдар аса түсінікті болуы шарт.
2. Мәтін, көрнекілік, иллюстративтік материалдар қазақ баласының ұғымына таныс және жақын болуы керек.
3. Тілді оқытуда мақал-мәтелдер, нақыл сөздер, мысалдар, өлең - жырлар, қызық әңгімелер маңызды орын алуы қажет.
4. Тілді оқытуда тіл ұстартуға, көркем сөзге де ден қойғаны дұрыс.
Ахмет Байтұрсынұлы тілді дамытуда тиімді деген әдіс-тәсілдердің әр түрін ұсынған. Әдіскер - ғалым Ахмет Байтұрсынұлының қағидаларымен тиімді тәсілдерін кәдеге жаратып, жас ұрпаққа тіл нақыштары мен сөйлеу мәнерін үйрете білсек, ойы озық болып, тілі дамиды, сөздік қоры байи түседі. [22]
Өмір сүру үшін дүние-мүлік жинағанша білімді меңгерудің анағұрлым маңызды екендігі жайында ғұлама бабаларымыз Әл-Фараби, Қ.А.Иассауи, М.Дулати,Ж.Баласағұни т.б. өнегелі өсиет қалдырғаны аян. Ұлы ойшылдар, ағартушы-педагогтар Я.А.Каменский, И.Г.Песталоцций, Ж.Ж.Руссо, А.Дистерберг, Ы.Алтынсарин, К.Д.Ушинский т.б. оқыту арқылы оқушылардың ақыл-ой қабілеттерін, дербестігін дамытуға көңіл бөлу керектігін айтқан болса, оқыту үрдісінің ерекшеліктері мен ұстанымдары, оқыту әдістері мен құралдары туралы М.А.Данилов, Б.Н.Есипов, М.Н.Скаткин, Ю.К.Бабанский, В.Оконь, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов кейінгі жылдары Т.Сабыров, Ж.Қоянбаев өз еңбектерінде талқылаған. Психолог А.С.Выготский "Мектепте оқуға даярлау балалардың алған білім, дағды, біліктерін ауқымынан зор, ақыл-ой үрдісінің сапасына көбірек тәуелді болады. Мұндай сапаға қол жеткізудің аса маңызды жақтарының бірі – балалардың шығармашылық белсенділігін қалыптастыру".
Оқыту процесі терең, берік және дәл білім алу таным жолындағы оқушылардың қимылына байланысты. Оқыту процесі бұл мұғалім мен оқушылардың мақсатқа бағытталған өзара әрекеттесуінің барысында шәкірттерге білім беру міндеттерін шешу. Оқыту процесі тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.
Оқыту процесінде оқушылардың ақыл-ойы дамиды, танымы, белсенділігі практикалық іскерлігі және дағдысы қалыптасады. Оқыту процесін басқару үшін оның жүйесін, құрылымын, бөліктерін және заңдылықтарын, олардың өзара байланысын жете білу керек. Оқыту процесі жүйе ретінде қарастырылады, ол өзінің белгілі құрылымы жөне бөліктермен сипатталады. Олар:
-
Ғылыми білімнің, іскерліктің және дағдының жүйесі
(білім беру мазмұны); -
Мұғалім оның өмірге, ғылымға көзқарасы және
оқушылармен қарым - қатынасы (сабақ беру); -
Оқушылар, сынып ұжымы (оқу іс - әрекеті);
-
Оқыту әдістері;
-
Оқытудың материалдық құралдары: дидактикалық және оқытудың техникалық құралдары;
-
Оқыту нәтижелері (сауатты және түсініп оқуға үйрету).
Білім – адамзаттың жинақтаған тәжірибесі, заттар мен құбылыстарды, табиғат пен қоғам заңдарын тану нәтижесі. Білімді жеке адамның игілігіне айналдыру үшін, оның ойлау операциясы – талдау, синтездеу, салыстыру, жіктеу және жинақтау арқылы терең ұғыну қажет. Оқушы ойлау операциясына сүйеніп, өз білімін шындыққа айналдырады. Бұл дамытып оқытудың негізгі ережесі, яғни оқушылардың белсенділік іс-әрекетін дамыту, оларды өз бетімен ізденуге, зерттей білуге және жаңа білімді еркін игеруге үйрету.
Іскерлік – алған білім негізінде оқушылардың практикалық әрекеті іске асырылады. Білімсіз қандай болса да іскерлік мүмкін емес. Мысалы, сауатты, түсініп оқуға үйрету үшін грамматикалық ережелерді білу керек. Өлшеу сызғышын, секундомерді пайдалану үшін физика біліміне сүйену қажет. [20]
Дағды – бұл қайта-қайта орындалатын практикалық әрекетке машық-тандыру мысалы тез оқу дағдысы жүйелі түрде жаттығу нәтижесі.
Сонымен, оқу процесінде білімнің, іекерліктің және дағдының өзара байланысы, бірлігі оқушылардың шығармашылық қабілетінің (зейін, байқағыштық, ес,қиял, ойлау) дамуына мүмкіндік туғызады. Оқу екі жақты процесс, онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттерімен тәсілдеріне үйретеді. Бұл сабақ беру процесі. Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттерінің барысында дамиды, олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады. Бұл оқу процесі. Оқу - бұл оқушылар іс-өрекеттерінің яғни обьективтік әлемді танудың ерекше формасы.[21]
Оқыту процесінің қозғаушы күштері оқытудың барысында қойылатын танымдық белсенділік және іс-әрекет практикалық міндеттермен оқушылардың нақты мен іскерлік дәрежесі және ақыл-ой дамуының арасындағы қайшылық. Егер қойылған міндеттерді оқушылардың шешуге шамасы келмесе, онда қайшылық оқытудың және дамудың қозғаушы күштері бола алмайды. Қайшылық қозғаушы күштері ретінде пайда болу үшін қажетті шарт, ол оқушылардың ықтимал мүмкіндіктеріне сөйкес келуі қажет.
Оқыту процесінің өзіне тән функциялары бар. Олар оқытудың білім беру, оқытудың тәрбиелік, оқытудың дамыту функциялары.
Оқытудың тәрбиелік функциясы – оқытудың тәрбиелік ықпалы жайындағы идея Я.А.Каменскийдің И.Ф.Гербарттың, Ф.А.Дистервегтің, Н.И.Пироговтың, К.Д.Ушинскиийдің еңбектерінде мазмұндалған.
И.Ф.Гербарт оқыту адамгершілік тәрбиеліксіз, мақсатсыз құрал деп тұжырымдады. Н.И.Пирогов пен К.Д.Ушинский алғаш рет педагогика тарихында оқытудың тәрбиелік сипатын, оның ғылыми мазмұнына тәуелді деді.
К.Д.Ушинскийдің педагогикалық теориясында оқыту және оқу төрбиенің құдіретті құралы деп айтылған. Тәрбиелей отырып, Ушинскийдің айтуы бойынша, дамытып оқыту, яғни адамның байқағыштығын, ақыл, есін, қиялын дамытып, оны әлеуметтік және еңбек іс-әрекетіне дайындау.
Тәрбиелей отырып оқыту, ғылыми теориялармен ережелермен оқушылардың дүниетанымын мен сеніміне айналуын сипаттайды, моральдық нормаларды, мінез-құлықты игеруін қамтамасыз етуге әсер етеді. Оқу білім алуға тәрбиелейді, ақыл-ой қабілетін дамытады, адамгершілік қасиетін қалыптастырады.
Оқытудың дамыту функциясы. Белгілі психологтар А.С.Выготскиймен С.А.Рубинштейн ұсынған тұжырымдамасы бойынша жеке адам оқумен тәрбиемен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту дамуды артына салып отырады.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сөйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі — шәкірттердің шығармашылық белсенділігін дамыту.
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ МӘНІ
-
Дамыта оқыту технологиясы арқылы оқушы құзіреттілігін дамыту.
Бүгінгі таңда өмірде болып жатқан өзгерістерге байланысты қоғамның шығармашылық әрекет пен шығармашыл тұлғаға мұқтаж екендігі дәлелденуде. Осыған орай, орта білім беретін мектептерге үлкен талап қойылуда. Дамыта оқыту үрдісінде оқушы оқу әрекетімен шұғылданып, теориялық ойлауға икемделеді, білімді өзі меңгеруге мүмкіндік алады. Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мұндай жағдайда төмендегідей құрамдас бөліктерден тұратын болады:
«Құзірет» термині соңғы кездерде ғылымның әр түрлі саласында қолданыс табуда. Қолдану мүмкіндігіне қарай құзірет, құзіреттілік, құзіретті (жетік, терең білетін) ұғымдары дифференцияланады.[24]
Құзірет – субъектінің қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындығы. Сыртқы ресурстарға білім, білік, дағды, құзіреттіліктер (іс-әрекет тәсілдері) психологиялық ерекшеліктер, құндылықтар жатады. Мұны көрнекті түрде былай көрсетуге болады:
С. И. Ожеговтың сөздігінде «құзіреттілік» сөзіне төмендегідей анықтама берілген:
«Құзіреттілік» - біреудің бір топ мәселе төңірегінде жақсы хабардарлылығы.
-
Проблемаларды шешу құзіреттілігі әр түрлі жағдайдағы проблемаларды анықтауға, оны шешуге мақсат қоюға, жетістікке жету үшін жоспарлауға және ұйымдастыруға, өз қызметінің нәтижесін бағалауды іске асыруға, барабар қойылған міндеттерге технологиялар таңдау және қолдануға мүмкіндік береді.
Дамыта оқыту үрдісінде оқушының субъект ретінде танылуы мына төмендегі жағдайларға байланысты:
Қазіргі оқулықтар оқу әрекеті жүйесімен жазылғандықтан, оқушының негізгі құралына айналып, өздігінен ізденудің көзі болады. Бұдан мұғалім қызметі жеңілдеді деген пікір тумауы керек, керісінше, оқу үрдісінде өтіп жататын психологиялық, педагогикалық жағдайларды бірден танып, әр оқушы ерекшелігіне қарай оқу әрекетін шебер ұйымдастырушы психолог-мұғалім болу жауапкершілігі артып отыр.
Дамыта оқыту жүйесіндегі технологиялардың классификациялық сипаттамасы.
-
Қолдану деңгейіне қарай: жалпы педагогикалық.
-
Философиялық негізіне қарай: гумандық.
-
Психикалық даму факторына қарай: социотектік, психотектік.
-
Игерудің ғылыми тұжырымдамасына қарай: рефлекторлық, дамытушылық.
-
Мазмұндық сипатына қарай: білімдік, тәрбиелік.
-
Басқару мипіне қарай: шағын топтар жүйесі.
-
Ұйымдастыру формасына қарай: сыныптық, сабақтық, топтық және жеке.
-
Балаға қатынас амалына қарай: тұлғалық, бағдарлық.
-
Басымдық танытатын әдісіне қарай: дамытушы.
-
Оқушылар категориясына қарай: жалпы.
-
Жетілдіру бағытына қарай: балама.
Дамыта оқыту жүйесінің дидактикалық ұстанымдары:
Кешенді дамытушы жүйе негізінде мақсатты бағытталған даму;
Теориялық білімнің басты рөл атқаруы;
Мазмұнның толықтығы мен жүйелілігі;
Материалды игеруді қарқынды жүргізу.
Оқытуда эмоционалды үрдісті іске қосу;
Мазмұнды проблемаландыру;
Оқыту үрдісінің вариативтілігі;
Барлық оқушыны бірдей дамыту жұмыстарын жүргізу.
Дамыта оқыту белгілері:
-
Педагогикадағы түсіндірмелі – иллюстративті әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланысты.
-
Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
-
Балаға іс-әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
-
Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
-
Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
-
Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?
-
Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым-қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік нормаларын меңгерту;
-
Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру.
-
Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
-
Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
-
Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
-
Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Ақпараттық құзыреттілік алынған ақпаратты сыни тұрғыдан ұғынуға және оны табуға, таңдауға, қайта құруға, жаңа жағдайлардағы міндеттерді шешуде сол ақпараттарды пайдалана алуға, логикалық операцияларды (талдау, жинақтау, қорыту, дәлелдеу, жүйелеу) пайдаланып ақпараттарды өңдеуге, оларды өз әрекеттерін жоспарлауда пайдалануға мүмкіндік жасайды.
Коммуникативтік құзыреттілік әр түрлі жағдайларда алдына қойған міндеттерін шешуде, өзінің көзқарасын әдеп нормасына сәйкес жеткізуде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын пайдалануға мүмкіндік туғызады.
Коммуникативтік құзыреттілік – адамдармен өзара әрекет пен қарым-қатынас тәсілдерін білуді, түрлі әлеуметтік топтарда жұмыс істеу дағдыларын, қоғамдағы түрлі әлеуметтік ролдерді орындауды, өмірдегі нақты жағдайларда шешім қабылдау үшін байланыстың түрлі объектілерін қолдана алу білігін, мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілінде, халықаралық қатынаста шетел тілінде қатынас дағдылары болуын қарастырады.[25]
Ақпараттық-технологиялық құзыреттілік – бағдарлай білу, өз бетінше іздей білу, талдай, таңдай білу, өзгерте білу, сақтай білу, білім мен ақпаратты ақпараттық технологиялар мен техникалық объектілердің көмегімен жеткізуді жүзеге асыра білу және интерпретациялау білігі.
Өзінің және қоғамдық мүддесінде өзін-өзі белсенді етуге дайын, өзгермелі даму үстіндегі ортада өмір сүруге бейім, бәсекеге қабілетті және құзыретті, шығармашыл, білімді тұлғаны дамыту және қалыптастыру».
-
Бастауыш сыныптарда дамыта оқыту технологиясын қолдану тиімділігі.
Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі – қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Бүгінгі бала – ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Мектепке дейінгі білім стандарты, мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдары мен мектепалды даярлық топтарында педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда жаңашыл тәсілдерді пайдалануға мүмкіндік береді.
Педагогикалық үрдісті ұйымдастыруда мектепке дейінгі ересек жаста, бала тәжірибесі мен әлеуметтік жағдайлар негізінде сөйлеу іс-әрекетін, мемлекеттік тілді меңгеруге, сурет, иллюстрациялар бойынша, өз тәжірибесінен сұлбалар бойынша әңгімелеуді, әңгімелер мен ертегілердің мазмұнын айта білуін ұйымдастыруға, шығармашылық (ертегілер құрастыру, сөздік ойындар), танымдық, сөйлеу, іс - әрекеттерді біріктіруді, тәрбиешімен баланың өзара іс - әрекетінің түрлі үлгілерін қолдануға талаптар қояды.[27]
Осы талаптарды орындау барысында Д.Б.Эльконин мен В.В.Давыдовтың дамыта оқыту технологиясын өз тәжірибеме қолдандым.
Даму – мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып сапалық өзгерістерге айналуы.
Дамыта оқыту – оқыту мазмұны, әдістері, тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды айтады.
Сапа – адамның болмысы, елесінің, таным процесінің шексіздікке дейін дамуын айтады.
Дамыта оқыту – күрделі құрылымды, біртұтас педагогикалық жүйе. Оның нәтижесінде әр бала өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, оқыту барысында соған лайық жағдайлар жасалады.
Дамыта оқыту барысында балалар тәрбиешінің айтқанын тыңдауымен шектеліп қалмай, тәрбиеші бос уақытында сол баламен шағын зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Дамыта оқыту баланың
ойлау, сезіну қабілетін дамытады.
Профессор Д. Б. Эльконин
пікірі бойынша «дамыта оқыту жүйесімен білім алған балалардың
дүниеге деген көзқарастары терең және көріп білудің жаңа тәсілін
игергендері көзге түседі, яғни дүние және адам тану үрдісі баланың
сол үрдісінен толық шұғылдану және қызығу таныту жағдаятында пайда
болады».
Дамыта оқытуда тәрбиешінің басты міндеті оқу материалын балаларға дайын күйінде емес, баламен бірлесіп, жалпы іс - әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру.[28]
Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптастыруды дағдыға айналдыру;
Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу;
Баланың сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті үш бөліктен тұрады.
Жоғары қиындықта оқыту - принципі. Бұл қағида баланың қиындатылған тапсырмаларды орындауға мүмкіндігінің бар екендігіне көз жеткізеді. Бала ойлауын абстрактіден қарапайымға қарай жетелейді.
Мысалы: Суретті көрсетіп мынау не? Түсі, түрі т. б. сұрақтар қойғаннан гөрі «топтастыру» әдісін қолданамын.
Оқытудың, тәрбиелеудің мазмұнын қоғам дамуының қарышты қадамына сәйкестендіріп, оны шырқау биіктерге көтеруге бағытталған тың әдіс - тәсілдер жасалуда. Нәтижесінде тұтас педагогикалық үрдістер өзгертіліп, білім берудің тиісді деп табылған жаңа технологиялары дүниеге келуде. Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екеуі де жеке тұлғаның қалыптасуына үлкен ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі.
Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттың бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен айқындалады» – деген байламы жеке адамның құндылығын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. Қазіргі мектеп жағдайындағы білім берудің ұлттық моделіне өту оқыту мен тәрбиелеудің соңғы әдіс-тәсілдерін, жаңа инновациялық педагогикалық технологияны игерген, психологиялық-педагогикалық диагностиканы қабылдай алатын, нақты тәжірибелік іс-әрекет үстінде өзіндік даңғыл жол салуға икемді, шығармашыл педагог - зерттеуші, ойшыл мұғалім болуын қажет етеді.[29]
Мемлекеттік білім стандарты деңгейінде оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны ендіруді міндеттейді. Сондықтан оқу-тәрбие үрдісінде жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу оқушылардың білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу.
Бастауыш сынып оқушыларын оқытуда негізінен дамыта оқыту технологиясы басшылыққа алынады. Себебі қазіргі оқулықтар дамыта оқыту технологиясы негізінде жазылған. Сондықтан әрбір бастауыш сынып мұғалімі «Дамыта оқыту» технологиясындағы сабақтың құрылымын, әдіснамалық негіздерін толық меңгеріп, өз іс-тәжірибесінде шығармашылықпен қолдана білуі тиіс.
Оқу - адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады, - деп жазды Рахметова С. Өз еңбегінде. «Даму» ұғымы сөздікте «… мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы» - деп түсіндіріледі. «Даму» ұғымының психологиялық анықтамасы - жаңарту үрдісі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны береді. Барлық табиғат құбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылыми жеткілікті дәрежеде дәләлдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С. Выготский. Ол дамуды оқытумен тең, керісінше оқу мен даму екі бөлек үрдіс деген көзқарастарды қатты сынға алды. [30]
Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы ілім ұсынды.
1. Бала дамуының жақын аймағы – баланың тек үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы – баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Баланың дамуы бірінші аймақты меңгеру арқылы жүзеге асады. Дамудың қол жеткен аймағы жақын аймақпен өзара қызметтесе отырып, оны игерген кезде дамуға өріс ашылады.
Психолог Л.С. Выгодскийдің айтуынша «Бала дамуының ең шарықтау шегі – бұл тіл мен ойдың шығармашылығы». Оқыту барысында жаңа технологиялық әдістерді пайдалану шәкірттердің ойлана білу қабілеттерін дамытады, олардың білім сапасын жақсартады, ой өрісін кеңейтеді, есте сақтау қабілеттерін өсіреді. Оқыту мен дамыту әдістерінің екуіде жеке тұлғаның қалыптасуына ықпал ететін маңызды айғақтар болып саналады. Дамыта оқытуда оқушының ойлау, ізденушілік, зерттеушілік қабілеттері артып, талдау арқылы белгілі бір шешімге келуге, оны дәлелдей білуге, оқушының өз ой-пікірін айтуға мүмкіндік беріледі. Бастауыш саты – бұл оқушы тұлғасы мен санасының қарқынды дамитын құнды, қайталанбайтын кезеңі. Сондықтан бастауыш мектеп – оқушыны тұлға етіп қалыптастырудың алғашқы баспалдағы. Президент жолдауында: «Ұлттық бәсекеге қабілеттілігі бірінші кезекте білім деңгейімен анықталады» - деген байламы жеке адамның құндылықтарын арттыру, оны дайындайтын ұстаз жауапкершілігінің өсуі, тынымсыз еңбек, сапалы нәтиже деген ұғыммен егіз. [27]
И.Я. Лернер «даму» деген ұғымды педагогикалық заңдылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықтардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді. Мұндай анықтама интеллектуалдық іс-әрекетті жоғары орынға шығарады. Мәселе қаншалықты күрделі болса, оны шешуге жұмсалатын ақыл - ой қызметі де соншалықты кең, аумақты, демек даму деңгейі де жоғары болады.
Л.В. Занков ақыл - ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс - әрекеттер атқара білу. В.В. Давыдов ақыл - ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Тұтас алғанда барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісін жолға қою керектігі саналады. Оқушының шығармашылық қабілеті де оның ойлау мен тәжірибелік әрекеттері арқылы ғана дамиды. Ойлауға үйрететін сабақтарды дамыта оқыту сабақтары деп білеміз.[3]
Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл-ой әрекетін меңгеруге жағдай жасау деп қарастыру керек. Дамыта оқыту сабақтағы ерекше ахуал, мұғалім мен оқушы арасындағы ерекше қарым - қатынас. Мұғалім бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың ақыл - ойының көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
«Дамыта оқыту» деген термин психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж. Пиаже), ойлаудың әртүрлі деңгейін, типтерін (Л.В. Выготский, А.Н. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн) және басқа да психиканың қызметін зерттеген (Б.Г. Ананьев, Г.С. Костюк, А.А. Люблинская, Н.А. Менчинская) және т.б. іс-әрекет ілімінің психологиясын жасаған (А.Н. Леонтьев, П.Я. Гальперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту мәселесіне арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б. Эльконин, В.В. Давыдов, ал екіншісін Л.В. Занков басқарады.
Кейінгі жылдары дамыта оқыту психология мен педагогика ғылымдарының келелі мәселесіне айналды. Жүйенің авторлары «дамыта оқыту деп – оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс - тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды» атайды. Оқыту арқылы баланың психикасында жаңа құрылымдар пайда болуы, яғни жаңа сапалық өзгерістер болуы тиіс деп есептейді. Жүйенің басты мақсаттарының бірі – баланы оқыта отырып жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге, шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Дамыта оқыту – дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр оқушы өзін - өзі өзгертуші субъект
дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықты жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік – ойлау әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің бұған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. [32]
Оқушы алдына оқу мақсаттарын қоюда ешқандай дайын үлгі берілмейді. Мақсатты шешу іштей талқылау, сосын жинақтау арқылы жүзеге асады. Мұғалім сабақ үрдісін ұйымдастырушы, бағыттаушы адам рөлінде шешім табылған кезде әркім оның дұрыстығын өзінше дәлелдей білуге үйретіледі. Әр оқушыға өз ойын, пікірін айтуға мүмкііндік беріледі, жауаптар тыңдалады. Әрине, жауаптар барлық жағдайда дұрыс бола бермес. Дегенмен әр бала жасаған еңбегінің нәтижесімен бөлісіп, дәлелдеуге талпыныс жасайды, жеке тәжірибесін қорытындылауға үйренеді.
Дамыта оқыту жүйесінде оқушылардың ойларын жетілдірудің маңызы зор.
Біріншіден – дамыта оқытуда білім даяр күйінде берілмейді, оған оқушы өз оқу әрекеті арқылы қол жеткізеді. Сабақтың алғашқы ізденіс кезеңінде жаңа ақпарат жайлы не білетіндіктерін ортаға салып, мәселені өз беттерінше шешуге талпынады. Сөйтіп олар осы мәселе туралы өз білімдерінің жеткіліксіз, таяз екенін сезіну арқылы сабаққа деген қызығушылықтары оянады, ішкі түрткілері пайда болады.
Екіншіден - дамыта оқытуда оқушы жоғары қиындықтағы мәселелерді шеше отырып өзінің санасының саңылауларын ашады. Әр оқушының өзінің деңгейіне дейін дамуға қол жеткізе алады. «Жақсы оқушы”, «Жаман оқушы” ұғымының болмауы, балаларды танымдық әрекеттерге ұмтылдырады, құштарлығын арттырады.
Үшіншіден – оқушының жеке басын дамытатын басты құрал – ол өзінің әрекеті. Сол себепті дамыта оқытудағы оқыту әдістері оқушыны белсенді жұмыс жағдайына қоя отырып, мәселелерді, қайшылықтарды шешу мақсатын қояды.
Төртіншіден – дамыта оқыту жүйесінің нәтижелі болуы оқушы мен мұғалімнің арасындағы жаңаша қарым - қатынасы арқасында ғана өз жемісін береді. Сол себепті дәстүрлі жүйедегі әміршілдік стиль бұл жерде тиімсіз, оқушы – «орындаушы”, «мұғалімнің тасасындағы” объект емес. Ол өз пікірін ашық айта, ойын дәлелдей, дәйектей алатын, сонымен қатар басқаның да ойын тыңдап, көзқарасын құрметтей білуге үйренеді.
Дамыта оқыту технологиясының нәтижелері:
1. түрлі әдістерді пайдалану сабақтың нақты мәнін терең ашуға көмектеседі;
2. оқушылардың барлығын сабаққа қатыстыруға мүмкіндік туады;
3. олардың әрқайсысының деңгейін анықтауға болады;
4. оқушылардың көбін бағалауға мүмкіндік бар;
5. оқушыларды ізденіске баулып, өз бетімен жұмыс істеуге үйретеді;
6. оқушылардың қабілеттері, сөз саптау еркіндігі, ұйымшылдығы, шығармашылық белсенділігі артады;
7. жеке тұлғалық сипатын дамытуға, шығармашылығын шыңдауға, өзіне деген кәсіби сенімін қалыптастырады.
Бастауыш білім беру деңгейінде қолданылатын оқыту технологиялары төмендегі негізгі талаптарға сәйкес болуы керек.
·Оқу үрдісінде білім алушылардың өздерін еркін сезінуіне жағдай туғызу.
·Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын дамыту, күтілетін нәтижелерге жетуге талаптандыру.
·Жеке бас дамытуға бағытталған әдіс - тәсілдерді қолдану.
·Өз бетімен жұмыс істеп, шешім қабылдауға мүмкіндіктер туғызу.
Аталған талаптардың бәріне жауап бере алатын технология ретінде дамыта оқыту технологиясын таңдадым. Жалпы «дамыту», «даму» терминдеріне баланың белгілі мөлшерден шығып, саналы іс – әрекет сатыға ауысуы деп анықтама беріледі. Дамыта оқыту технологиясын көрнекті ғалымдар Л.С. Выготский, М.Я. Лернер, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б Эльконин толық зерттеп, дәлелдеген.
В.В. Давыдов «Дамыта оқыту дегеніміз – ақыл-ойдың дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай, қорытындылай алу дағдысы» – дейді.[32] Дамыта оқытуда баланың ізденушілік - зерттеушілік әрекетін ұйымдастыру басты назарда ұсталады. Ол үшін бала өзінің осы кезге дейінгі білетін тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезініп, содан барып оның білім алуға деген ынтасы артып, білім алуда әрекет жасайды. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақтардың типологиясы:
· Оқу міндетін қою сабағы
· модельдеу сабағы
· түсінікті нақтылау сабағы
· нақтылау сабағы
· бағалау сабағы.
Дамыта оқыту белгілері:
1. Педагогикадағы түсіндірмелі span style='font-size:14.0pt;font-family:"KZ Times New Roman"; mso-ansi-language:KZ'> - көрнекі әдісі алмастырады. Бұл әдіс тұлға дамуымен тығыз байланыста.
2. Дамытудың барлық заңдылықтарын ескереді, жеке бастың өзіндік деңгейі мен ерекшелігіне сәйкестендіріледі.
3. Балаға іс – әрекеттің толыққанды субъектісі болып табылады.
4. Балаға қоршаған ортамен өзара қатынасқа түсетін дербес субъект рөлі беріледі.
5. Тұлғаның барлық қасиетін тұтас дамытуға негізделген.
6. Баланың жақын даму аймағында жүзеге асады.
Осылайша, дамыта оқыту бойынша сабақ кезеңдерінде
· оқушылар сабақтың мақсат, міндетін өздері анықтайды
· мәселені шешу жолын іздестіреді
· жаңаны өздері табады
· ақылдасады, кеңеседі
Аталған әрекеттері арқылы әр оқушының мәселені шешу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасады. Құзыреттілік қалып-тастырудың келесі міндеті әр сабақтың өмірлік жағдайлармен байланыстылығы. Бұл орайда құзыреттіліктерді қалыптастыруға бағдарланған тапсырмалар қолданылады.
Дамыта оқыту жүйесі бойынша сабақтарды даярлау және өткізу этаптары
І. Әдістемелік іс – әрекет жағдайында мақсат пен міндеттерді меңгеруі
· Сабақтың мазмұны
· Оқу жағдайын ескеру
· Әдістемелік тәсілдерді қолдану
ІІ. Келесі сабақтың моделін жоспарлау
· Сабақтың негізгі мақсаттарын анықтау (аралық міндеттер мен шешу жолдары)
· Сабақтың әр кезеңіндегі оқушының негізгі әрекет түрлерін анықтау
· Оқушы әрекетін ұйымдастыру әдіс - тәсілдерін таңдау.
ІІІ. Сабақты жүргізу.
· Әр сабақтағы баланың іс – әрекетін ұйымдастыру
· Оқушымен жанама қарым - қатынас
· Жұмыс барысын бақылау жұмысы
IV. Рефлекция (Сабақтың қорытынды бағасы)
· Қойылған мақсатқа жету
· Тақырып бойынша өзгерістер енгізу
· Оқыту нәтижесіне талдау (жетістіктер мен кемшіліктер)
Дамыта оқыту оқушылардың ізденгіштік - зерттеушілік іс - әрекетіне тән. Оған тән сипаттар:
- оқушының алдына ізденуді жүзеге асыру қажеттілігін тудыру керек;
- іс - әрекеттің бастапқы кезеңі – оқушылардың алдына олардың әрекет жағдайын жаңаша талдап, оны жаңаша түсінуді талап ететін оқу міндеттерін қою;
- осы міндеттерді шешуді, яғни іздену іс - әркетін ұйымдастыру, мұнда үлгі көрсетуге болмайды, сондықтан мұғалім оқушыларды іздену іс - әрекетіне таратуы қажет ол үшін екі шартты орындау керек.
1) Мұғалім өзара ізденуге басқарушы болмай, шын мәнінде қатынасушы болу керек.
2) Ол оқушылар жүргізіліп жатқан ізденуді шын мәнінде жүзеге асыру керек, оларға дұрыс шешім көрсету керек.
3) Оқу міндеті шешілгеннен кейін мұғалім табылған шешімнің бағасын ұйымдастырып оның басқа міндеттерді шешу үшін қаншалықта пайдалануға болатынын түсіндіреді.
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті:
Оқу материалдарын оқушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру арқылы өз іс-тәжірибесінде қалай қолданады?
1)Оқу әрекетін қалыптастыру, айналадағы дүниемен белсенді әрекеттестік, этикалық, эстетикалық қарым - қатынасқа дайындау, дара тұлғалық адамгершілік қалыптарын меңгерту.
2)Оқу барысында баланың бойындағы дамытуды қалыптас-тыруды дағдыға айналдыру.
3) Оқу мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
4) Сөздік қоры мен тілдің арасындағы байланыстылыққа аса көңіл бөлу.
5) Оқушының сезіміне әсер етіп, логикалық ойын дамыту.
6) Жалпы оқушының жан дүниесін дамыту.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту технологиясы оқушы құзыреттілігін дамытуда аса маңызы бар технология.
Өз тәжірибем бойынша білім сапасын арттыру жолдарын қарастыратын болсам, әліппеге дейінгі кезеңнен бастап түрлі дидактикалық дамытпалы ойындар, шығармашылық тапсырмалар колдандым. Атап айтсам, «Әріптерді сөйлет» ойнында әріптерден сөз құрау тапсырылады. «Адасқан сөздер» дидактикалық ойнында оқушылар орны ауысқан сөздерден сөйлем құрайды. «Не артық?» ойны барысында ерекшеленіп тұрған әріпті атау тапсырылады. Сондай-ақ, сөздік диктант жазғанда жұмбақтар жасырып, шешулерін жазғыздым. Сауаттылығын арттырумен бірге ой өрісін дамыту көзделіп отыр. «Жасырын дыбыс» деген ойын барысында жаңылтпаштан жиі қайталанған дыбысты табу тапсырылады. Білімді тиянақтау кезеңінде кесте бойынша сұрақтың дұрыс жауабын табу сәйкес номерін жазу керек деп тапсырылады. Сөзжұмбақ шешу, сөзжұмбақ құрастыру, ребус шешу, құрастыру. Логогрифтер, шарада, метаграммалар, филворд, т.б. [33]
Математика сабағында логикалық есептер, шығармашылық тапсырмалар қолданамын. Сонымен қатар оқушылар математикада басқатырғалар, ребустар, лабиринттер, сиқырлы шаршылар шешеді. Дүниетану сабағында семантикалық картамен жұмысты кеңінен пайдалануға болады.
Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі-білім берудің жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.[34]
Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым-оқыту болса, кез келген оқыту есте сақгау мен білімді дамытады.Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Осыдан мынадай екі концепция шығады:
1)Оқытудың даму концепциясы Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің пікірлерінше: бала даму барысында оқиды. Яғни мұнда бала психикасының даму заңдылығына сүйенеміз.
2) Дамыта оқыту концепциясында бала оқу арқылы дамиды. ХХ-ғасырда бұл теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л,Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов т.б.
Қазіргі таңда жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып, жоғары сапалық дәрежеде дамуы қажет. Сол үшін бұл педагогикалық технологияны-дамыта оқыту технологиясы дейміз. Дамыта оқыту жеке түлғаның дамуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады.
Физиологиялық дамуда бала бойының өсуі, бұлшық еттің дамуы, салмақтың қосылуы, яғни дені сау, шыныққан, шыдамды т.б. қорытындылар айтуға болады. Ал психикасы туралы не дер едік? Оның қаншалықты дамығандығын оқыту үрдісі мен жас ерекшелігі арқылы анықгаймыз. Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы "өзіндік даму" жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақгау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Яғни дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Выготский: "Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне сүйену керек", - деген. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтады:
1) Өзекті даму деңгейі-бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер.
2) Жақын даму аймағы- бүл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орыңдай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.
Белгілі психологтар Л.С.Выготский мен С.Л.Рубинштейн ұстанған тұжырымдамасы бойынша жеке адам тәрбие мен оқыту процесінде жетіледі. Тәрбие мен оқыту дамуды артына салып отырады.
Оқыту дамыта және тәрбиелей отырып жеке адамның таным қабілетін мақсатқа сәйкес жетілдіреді. Оқытудың осындай басты міндеттерінің бірі-шәкірттердің таным-қабілетін дамыту.
Дамытып оқыту-бұл оқушылардың таным іс-әрекеттерін барынша дамыту, яғни олардың ой-өрісін дамыту өз бетімен жаңа білімді іздеп табуға және оны еркін игеруге үйрету. Дамытып оқытудың міндеті- "Ең таяу даму зонасын" жасау.
Таным - қабілетін дамыту туралы Ресей ғалымдарының (Н.Дайри, Т.И.Махмутов, Л.В.Занков, М.Н.Скаткин, ИА.Лернер, А.Н.Пискунов т.б.) тұжырымды ұсыныстары мен пікірлері бар. Олардың идеяларының мәні мына төмеңдегіге саяды.
І.Таным қабілетінің дамуы-бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.
2.0қушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықгың ролі
З.Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
4.Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы окушылардың таным іс- әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі.
Дамыта оқыту оқушыларды әр түрлі іс-әрекетке тартуды құптайды, сабақта дидактикалық ойындар, пікір-таластар, ойлау, қиялдау, есте сақтау, тіл байлығын, логикалық ойлауын, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған оқыту әдістерін қолдануды ұсынады. Яғни күнделікті сабақта оқушылардың жоғарғы білімдік пен адамгершілік құндылықтарын арттырсақ, жеке тұлға білімдегі шыңдықты іздеу, салыстыру, дәлелдеу, зерделеу, өз іс-әрекеттерін сараптап, өзіне-өзі баға беруге дағдыланады.
Қай замандарда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени салаларындағы өзгерістерге икемделіп отырған. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқыту процесін ұйымдастыру мәселелері де өзгеріп, жаңа сұраныстарға жауап берердей бейімделген.
Дәл қазір адамның ақыл ой, шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талаптар артуда. Мұндай күрделі міндеттерді шешудегі орта мектептің бастауыш сатысының алар орны ерекше. Окушыларға білім берудің барлық кейінгі сатыларында нәтижелі дамуын анықтайтын негіз бастауышта қаланатындығы баршаға белгілі.
Республикамызда соңғы жылдары оқыту процесін ізгілендіру, оның практикалық бағыттылығын күшейту мақсатында біраз шаралар жасалды. Оларды инновациялық процесс, немесе педагогикалық жаңалықтарды енгізу деп жүрміз.
Инноватика ұғымының мәні, латыннан аударғанда жаңарту, өзгерту мағынасын береді. Педагогикада жаңа әдістер, тәсілдер, қүралдар, окулықтар, бағдарламаларды пайдалануды білдіреді. Яғни, оқыту мен тәрбиелеуге өзгерістер енгізу, олардың сапасын арттыру болып табылады.
Тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуы өмірдің әр саласында өзгерістер енгізді, ал олар білім беру жүйесінде де бейнеленді.
Мектеп қандай болуы тиіс? Мұғалім ше? Оқушы мен оқытудың негізгі кұралы болған оқулықтар ше? Сондықтан да Қазақстан Республикасындағы білім жүйесін реформалаудың базистік негізі жасалынып, мектептерде оқытудың сапасын жақсартуға аса көңіл бөлінуде. Осы тұрғыдан бүгінгі күнде оқыту жүйесіне әр түрлі жаңа педагогикалық технологиялар енгізілуде.
Педагогикалық технология ұғымын алдыңғы қатарлы педагог - ғалымдарымыз келесідегідей сипаттайды.
Педагогикалық технология-бұл оқыту процесін ұйымдастырудың мазұмұнды техникасы. (В. П. Беспалько)
Педагогикалық технология-мұғалімнің профессионалдық қызметін жаңалап жоспарланған нәтижені беретін әрекеттер жиынтығы. ( В. М. Монахов)
«Педагогикалық технологияның басты міндеті-оқушының оқу танымдық әрекетін жандандыра отырып, алға қойған мақсатқа толықтай жету».
Педагогикалық технология-арнайы лайықгалған әдістер, амалдар, тәрбие қүралдары түріндегі психологиялық-педагогикалық қондырғы. (Б.Т. Лихачев) Енді педагогикалық технология терминінің мәнін ашайық. «Педагогикалық технология» түсінігі үш түрлі құбылыс ретінде ұсынылады: - ғылыми;
-
іс жүргізу, суреттеу;
-
ықпалды іс жүргізу. Сонымен педагогикалық технология оқытудың ұтымды жолдарын зерттейтін ғылым ретінде жұмыс істейді және оқуда қолданылытын тәсілдер жүйесі ретінде оқытудың шынайы барысы ретіндеде қарастырылыды.
Педагогикалық технология -оқушылардың жеке басын дамыту мен білім беру мақсатына жету жолындағы педагогикалық қызметтің, іс-әрекеттін жүйелі дамып отыратын жобасы.
Сабақтарда оқытудың әр түрлі технологиясын қолдануға болады. Әсіресе, оқушыларымыздың қабілеттеріне, мұғалімдеріміздің әзірлігіне қарай, ұрпағымыз ел мақтанына айналып, болашақ ел тірегі болу үшін, жан-жақгы, терең білім беру мақсатында даралап, саралап оқыту, деңгейлік оқыту, дамыта оқыту, ойын арқылы оқыту, оқытудың модульдік, оқытудың компьютерлік технологияларымен жұмыс жүргізіп, қолдану пайдалы екенін тәжірибе көрсетіп отыр.
Дамыта оқыту технологиясының авторларының (Л.С.Выготский, Л.В. Занков, В.В. Давыдов, Д.Б.Эльконин т.б.) пікірінше, бұл технология жеке тұлғаның барлық сапаларын тұтас сәйкестікке дамытуға бағытталған жүйе. Оның нәтижесінде әр оқушының өзін-өзі өзгертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған лайықты жағдайлар жасалады.
Осыған орай оқушылардың өзіндік жұмысын ұйымдастырудың маңызы өте зор. Өйткені, сол арқылы оқушылардың іс-әрекетінің дербестігі артады.
Бұл туралы А.Байтұрсыновтың пікірі бойынша - бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алуы керек. Мұғалімнің қызметі- оның білімінің, шеберлігінің үзақ жолды қысқарту үшін ол жолдан балалар қиналмай оңай өту үшін керек білімді кешіктірмей, кезінде беріп отыру үшін, балаға жүмысты әліне қарай шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа қарай түзеп отыру керек.
Профессор Л.Г.Лембергтің пікірінше оқушылардың өзіндік жұмыстарын ұйымдастыру мына шарттарға байланысты: оқушылардың істейтін жұмыстың мақсатын айқын түсінуі, жұмыстың оқушылардың өз еркімен, қалауымен орындауын көздеу керек.
Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі шарттары мыналар: мұғалімнің нақты тапсырмалар (нұсқаулар) беруі, жұмысты орындаудың және аяқтаудың уақытын белгілеуі, мұғалімнің басқаруымен оқушылардың дербестігінің өзара байланысы, олардың жүмысты өз еркшен және қолдарымен істеуі және т.б.
Оқушылардың өзіндік жұмысына мұғалімнің тапсырмасы бойынша, өздері жоспар жасап, істің тәсілін анықтап, оның нәтижесін бағалап орындайтын жұмыстары жатады.
Оқушылардың таным әрекеті білім алу қажетімен ұштасады. Осыған орай, олардың дербестігі, ең алдымен, белсенділікке байланысты, ол белсенділік, дербестікті қажет етеді. Оқушылардың өздігінен істейтін әрекеті оның белсенділігін арттырады.
Бастауыш мектепте дамыта оқыту оқушының қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс істей білуін, ізденуін, байқағыштығын дамытуды талап етеді.
Дамыта оқыту үшін оқытудың жаңа технология түрлерін пайдаланып, оқушының белсенділігін арттыру, олардың іс-әрекетін басқару арқылы іздестіру, зерттеу, ой таласын туғызу, сабақты өмірмен ұштастыру, оқу материалдарының мазмұнын қоршаған орта өзгерісімел байланыстыру-оқыту үрдісінің ең негізгі мақсаты.
Ағартушы ғалым А.Байтұрсынұлы "мұғалім әдісті көп білуге тырысу керек, оларды өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдану керек ", - деп атап кеткендей, оқушыны дамыта оқытуда жаңа технологиямен жұмыс істей отырып, оқушының білім-біліктілігін, дағдысын, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілетін дамыту қажет. Осындай күрделі міндетті шешуде ерекше орын алатын пән-ана тілі. Осы ана тілі пәнінің маңызы туралы Ж.Аймауытов былай деді: "Оқытатын пәндердің бәрін бірдей керекті, бәрін қаусырып, орап алатын пән- ана тілі екені даусыз. Ана тілін жақсы меңгеріп алмай, өзге пәндерді түсіну мүмкін емес. [23]
Ана тілі халық болып жасағаннан бергі жан дүниесінің айнасы: өсіп, өніп, түрлене беретін мәңгі құламайтын бәйтерегі. Жанның барлық толқындарының тұқымнан тұқымға жеткізіп, сақтап отыратын қазынасы- сол халықтың тілі. Ана тілін үйрену- сөздерді жаттау, олардың жүйесін, өзгеру заңцарын білу ғана емес, тіл үйренумен қатар бала тілдің сансыз көп ұғымдарын, ойларын, сезімдерін, сұлу үлгілерін ойлау жүйесін, ой пәлсафасын да меңгереді."
Педагогика ғылымының дамуына үлкен үлес қосқан ағартушы -ұстаздың ана тілі пәнінің алдына қойған мақсатынан мынадай міндеттер туындайды:
- окушылардың оку дағыдысын жетілдіру және қалыптастыру;
- көркем шығармаларды окуға деген қызығушылығын ояту;
- ауызша және жазбаша байланыстырып сөйлеуін (оның ойын еркін жеткізу, сауатын да мәнді түсінікті жаза білу) дамыту;
- өзіндік ой-пікірін айта білуге баулу;
- шығармадағы көркем бейненің ерекшеліктерін аша білуге бағыттау;
- оқушылардың бойында ізгілік пен имандылық, адалдық пен мейірімділік сияқты адамгершілік қасиеттерді дарыту;
Дамыта оқытуда мұғалімнің басты міндеті- оқу материалын окушыға дайын күйінде көрсету емес, оқушымен бірлесіп, жалпы іс-әрекетті ұйымдастыра отырып, алға қойылған міндеттерді түсіндіру, оларды шешудің тәсілдерін, жолдарын іздестіру.
Дәстүрлік әдістеме мен дамыта оқыту әдістемесінің ерекшелігі әсіресе, шығарма жазу жүмысынан ерекше көрінеді. Әлі күнге дейін мұғалімдер тәжірибесінде шығарманы тек оқыту объектісі ретінде қарастыру орын алды, яғни қарапайым оқыту, үйрету үрдісімен тең саналып келеді.
Шығарма жазуда оған ұжым болып дайындалу басты рөл атқарады. Мұнда жалпы жоспарды құру, әрбір тарауының мазмұнын талқылау, жазылатын мәтінді ауызша құру, тақгаға қиын сөздердің жазылуын талдау және тағы басқа аталған жұмыс түрлері атқарылғаннан кейін ғана дәптерге дайын жұмысты жазуға кіріседі. Соның нәтижесінде оқушыға тек жаңа ғана ауызша айтылып, талқыланғанды ғана қағаз бетіне түсіру ғана қалады. Л.В.Занков балалар шығармасын баланың сыныпқа, мұғалімге өз ойын, әсерін, пікірін, сезімін жеткізе білу деп қарастырады. Автордың пікірінше, онда табиғаттың әсем сұлулығы, адамның жан сұлулығы, оның еңбектеріндегі, қарым-қатынасындағы адамгершілік қасиеттері көрінеді және тәрбиеленеді. Сол себепті де ол бала шығармасының құндылығын ақыл ойының ұшқырлығымен, сезімін жеткізу дәрежесімен және жаңа бір құбылысты, жағдайды қабылдау, сезу жаңалығымен өлшейді. Дәстүрлі тәсілмен шығарма жаздырту оқушылардың мүмкіндіктерінің көріну де толық жағдай бермейтіндігіне және мазмұнының, сапасының төмендегі жөнінде жиі айтылып жүр. Сол себепті де шығарманың орнына диктант, мазмұндама жазу жүмысы кең орын алып келуі біз үшін жаңалық емес.
Шығарма тақырыбы оның мазмұнын анықтайды. Сондықтан да әрбір жаңа тақырып - бұл жаңа мазмұн. Автор өз зерттеуінде тақырыптың екі негізгі тобын анықтайды: өнімсіз және шығармашылық. Бірінші топтағы тақырыптар бала тәжірибесінен бөлек бір құбылыстың ашылуын немесе белгілі оку пәні бойынша қарастырады.
Мысалы, "Қоян туралы мен не білемін?" тақырыбында шығарма жазу да қоян туралы бар біліммен жұмысты жазып шығу өнімсіз деңгейге сәйкес.
Ал, осы тақырыпқа ұқсас келетін "Қояндар суда өмір сүре ала ма?" тақырыбындағы жұмыс өзгеше қарауды талап етеді. Себебі тек қоян туралы білетін біліммен, мағлұматпен шектелуге болмайды. Берілген сұраққа жауап беру үшін оқушы тірі табиғат пен өлі табиғатты, табиғаттың байланысын, ортасы мен оның тамақгану қабілетін байланыстыра қарастырады.
Бұл жұмыста оқушы қоян туралы бар білетініне сүйене отырып, салыстыру, дәлелдеу, нәтиже шығару сияқты жұмыстарды орындауы тиіс, яғни шығармашылық бағытта жұмыстануы қажет болады.
Аталған жұмыс түрлері бастауыш мектеп оқушыларына ешқандай қиындық келтірмейді.
Екінші топтағы, яғни шығармашылық бағыттағы шығармалар әртүрлі деңгейдегі жүмыстар болуы мүмкін. Мысалы, оқушы "Қояндар суда өмір сүре ала ма?", "Қасқыр мен мысықтың арасында қандай ұқсастық, айырмашылық бар?" деген тақырыпта шығарма жазуда бір оқу пәнінің ішіндегі бөлек тараулардың байланысын ашуға жұмыстанады.
Шығармашылық бағыттағы шығармаларды жазуда ескеретін негізгі мәселелер: біріншіден, олардың мазмүнының окушы білімі мен тәжірибесіне сай келуі; екіншіден, тақырып таңцауда еркіндік беру, өйткені оқушыға қай тақырып жеңіл және таныс, сол бағытта өз ойын еркін және толық жеткізе алады. Шығарманың тақырыптары оқушыларға өздерінің жақсы білетін жақгарын ашып көрсетуге ғана емес, сонымен бірге әлі де болса толық қалыптаса қоймаған жетіспейтін жақтарын да одан әрі дамытуға мүмкіндік беру тиіс.
Мысалы: "Мысық пен күшік," "Аңдар орманда қалай қыстайды?", "Адамның жүйке жүйесі" сияқты тақырыптар, олардың шығармашылық елестетулерінің көрініп, көркем бейнені суреттей білуіне көмектесе отырып, логикалық ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттерінің жете дамуына көмектеседі.
Оқушылардың жеке қабілетін дамытуда көркем әдебиет жанрын, шығарма мазмұнын тандауда үлкен еркіндік беру өте тиімді. Бұл бағытта мысалы, "Ормандағы көктем" атты тақырыпты алуға болады. Бұны оқушылар ертегі жанры, ғылыми-публицистикалық мақала және көркем әңгіме есебінде аша біледі.
Шығармашылық бағыттағы жұмыстың жалпы тақырыбының өзі оқушыларды қызықтыратындай, олардың көңіл-күйін көтеретіндей болуы тиіс. Сонымен қатар ең алдымен, окушының ақыл-ойына әсер ете отырып, кез-келген затқа сын көзбен қарай білуге, бағалай білуге үйрету негізінде оның ішкі жан дүниесіне, сезіміне де әсер етіп, қозғауы қажет.[37]
Жүргізілген зерттеу бойынша балалар әсіресе ертегілер жанрындағы "Бұлт пен күн туралы ертегі", "Жер бетіндегі жел туралы ертегі" және сүрақ түрінде берілген "Ертегі адамдарға не үшін керек?", "Ағаштар неліктен өседі?", "Ойыншықтар адамдар үшін неге керек?" сияқгы тақырыптарды өте қызыға орындайды.
Дамыта оқыту жүйесіне кұрылған әдеби шығармашылық жұмыстардың басты құндылығы - мектепте және мектептен тыс алатын білімін бекіте білуге, жалпылай отырып, қорытындылауға үйретуі. Оқу сабағында бастауыш сынып оқушыларының танымдық әрекеттерін белсенді ету мүғалімнің алдына проблемалық оқыту ісін үйымдастыруды міндеттейді. Алдымен проблемалық оқыту деген не, соның басын ашып алайық.
Кейбір зерттеуші - ғалымдар (И.Я.Лернер, И.И.Махмутов) проблемалық оқытуды әдіс ретінде қарастырады. Ал педагог-ғалымдар И.Н.Скаткин, Т.А.Ильина "проблемалық оқыту-танымдық әрекетті ұйымдастыруға қойылатын талап' деген пікір айтады. Олар проблемалық оқыту басқа да әдістер арқылы іске асатындықтан, ол өз алдына жеке әдіс немесе оқытудың басым жүйесі болуы мүмкін емес деген тұжырым жасайды. Біз осы соңғы пікірді басшылыққа ала отырып, проблемалық оқытуды ана тілі сабақтарында ұйымдастыру жолдары туралы тоқталып кетейік.
Проблемалық оқытуда көзделетін мақсат-оқушыларға білім даяр түрде берілмей, мұғалімнің өзі баяндап бермей олардың алдына жұмбақ түріндегі міндет қойып, оны оқушылардың өздері шешуін басқару. Проблемалық принцип оқушылардың ойлауына және көбінесе қиялына негізделеді, яғни ойлау проблемалық сұрақтан немесе міндеттен басталады.
Ана тілін оқытуды ұйымдастырудың негізгі түрі сабақ болғандықтан, оны жаңа білімді хабарлау сабақгары, қайталау сабақтары, білік пен дағдыны қалыптастыру, бақылау, аралас сабақтар, экскурсия сабақтары сияқты түрлері бар екені белгілі. Проблемалық оқыту әрекетін осы сабақтардың әр кезеңінде дербес жүмыстар үйымдастырып, жүмбақ түріндегі міндет қойып, оны талдап және шешіп отыру барысында ішінара іске асыруға болады. Алайда проблемалық оқыту әрекетін сабақ сайын толық және үнемі іске асырып отыру мүмкін емес. Бұл үшін сабақтың қүрылымын және оның элементтерінің мазмүнын ойластырып, жан-жақты қарастыру керек.[38]
Ана тілі бойынша проблемалық оқыту әрекетін үйымдастыру проблемалық әңгіме арқылы іске асуы мүмкін. Мұндай әңгіме кезінде мұғалім жағдайды әңгімелеу арқылы жұмбақ міндет туғызады. Оқушылар оның шешуін табады, одан әрі осы жұмбақ мәтінде қалай шешілгені оны оқу арқылы анықталады.
Проблемалық оқыту әрекетін ұйымдастыру сұрақ қою арқылы да іске асырылады. Мұнда қойылған сұрақ оған нақты жауап беретіндей болмай, оның жауабы бірнеше нұсқада шешілу жағына назар аудару керек. Мұндай проблемалық сұрақтардың мақсаты-оқушылардың өзіндік ойын, шығармашылығын, қиялын дамыту, окулықта осындай мақсаттағы сүрақ, тапсырмаларды әр мәтіннің соңынан кездестіруге болады. Мысалы, "Адам болам десеңіз" бөлімін қорытындылаудағы мына тапсырмалар проблемалық міндет туғызады деп есептейміз. "...Арада бес-алты ай өтті. Бөртеге ай сияқгы айналма мүйіз шығып, қүлжа болды. Енді әлгі тірсектен тістегіш шәуілдектер Бөртені көрсе, қүйрықгарын қысып, өздері қашатын болды. Ал батырсынған итті жас арқар шегіншектеп түрып мүйізімен періп жібергенде, шәуіддек байғүс жерге екі-үш аунап түседі де, қыңсылап- қыңсылап тайып отырады".[10]
"... Осымен жүріп жаз ортасы ауған кезде Көксерек зіңгіттей көкшолақ қасқыр болып шықты. Жота жүні үрпиіп, көздері жалындап, бар тістерін көрсетіп, аузын ақситып ашып жіберіп, тап бергенде талай бүралқы төбет, быжыл қаншық қыңсылай, шәуілдей қашатын болдық
І.Осы үзінділердегі оқиғалардың ұқсастығын тап.
2.Айырмашылығын тап.
Ұйқышылдығы жайында қай мысалда сөз болғанын тап:
І.С.Сарғасқаев '"Қызғалдақ пен қарасора"
2.Ш.Смаханүлы "Көбелек пен ебелек"
3 О.Әубәкіріов "Сүт қалай ұйықтады?"
Бірінші тапсырманы оқып, түсінгеннен кейін оқушылар үзінділердің қай мәтіннен алынғанын еске түсіреді, жинақгайды, топтайды, жалпылайды, нақгылайды және оның неліктен солай болып тұрғанын дәлелдеу арқылы көз жеткізеді.
Сөйтіп, екі оқиғаның ұқсастығы - Бөрте мен Көксеректің есейіп кеткендігінде. Олардан ауыл иттерінің қорқып қашатығында, айырмашылығы-біреуінде арқардың құлжасы, екшшісінде қасқырдың бөлтірігі туралы сөз болатындығында деп түжырымдар жасайды. Әрине, бұл тұжырымдар мұғалімнің көмекші сұрақгар қойып, оқушылардың әрекетін дұрыс басқара алуына байланысты жасалады.
Екінші тапсырманы орындау барысында да оқушы алдында мынадай проблемалық міндеттер туындайды: аталған мәтіндердің мазмұнын еске түсіру, талдау, а) Тақырыптарды жинақгау, тапсырмаға сәйкес мәтінді атау.
Сол сияқты Шерхан Мұртазаның "Бөрте мен Зөре" әңгімесін өткенде мынадай проблемалық тапсырмалар орындалғаны жөн:
І. Мәтіннен мына бөлімдердің шегін тауып көр (бөлімдерге бөліп, ат қоюдан күрделірек) оның көкесі арқардың қозықасын тауып алуы;
ә) Ауыл балаларының Бөртемен достығы;
б) Ай мүйізді Бөрте
в) Зөренің пайда болуы;
г) Нұржанның өтініші.
2. Нұржан қандай бала? Мына сөздерді пайдаланып, мінездеме беріп көр: қамқорлық көрсетті, ақылдылық танытты, ақкөңіл, зерделі, еңбексүйгіш, адал т.б.
З. Өзін қамқорлыққа алған жануар туралы шығарма жазып кел.
Орындау барысында бұл тапсырмалар бағыттаушы проблемалық сұрақтарға жіктелуі мүмкін.
Сонымен, окулықтағы төртінші деңгейге берілген сүрақтар мен тапсырмалардың барлығы дерлік проблемалы міндет, проблемалы жағдай туғызып, оқушылардың шығармашылық ойлауы мен еңбектенуіне жол ашады.
Төртінші деңгейде шығармашьлық тапсырмалар мол берілген. Мысалы, ол өлең құрастыру тапсырмасы окулықтағы жыл мезгілдері, сол сияқты ана, ата туралы, Отан, туған жер т.б. туралы топталған шығармалардан кейін беріп отырылады. Бұл жұмысты түрліше ұйымдастыруға болады.
а) Тақырыпқа сай дайын ұйқастар ұсынуға болады. Мысалы, "Ана" тақырыбына байланысты түрлі ұйқастар ұсынып, олар өлең жолының соңында түратынын айту. Оқушыларға осы ұйқастарды пайдаланып, өлең құрату:
"Аман- сау жүр, анам,
Тілейді соны балаң."
"Айтқан тіліңді аламын,
Жұмсай қалсаң барамын."
Ұйқас бойынша өлең жолдарын қүрастыруға балалар қүлшына кіріседі. Мүның өзі оқушылардың өлең, оның қүрылысы, қара сөзден айырмашылығы туралы білімдерін нығайтады.
ә) Өлең құрастыру жүмысын берілген өлеңді әрі қарай жалғастыру арқылы да ұйымдастыруға болады.
Осындай өлеңді жалғастыруға М.Әлімбаевтың "Сөз күдіреті," Ө.Тұрманжановтың "Туған өлкем" т.б. шығармаларын ұсынуға болады. Оқушылар өлеңде қайталанып тұрған.
"Неткен сұлу, неткен көркем,
Осы менің туған өлкем" деген сияқты жолдарды пайдаланып, өлеңді оңай кұрастыра алады.
Туған өлкем.
Жарқыраған күнін сүйем.
Жайқалып өскен гүлін сүйем.
Кең байтақ даласын сүйем.
Астанадай сұлу қаласын сүйем.
Хуанған Айғаным (1-сынып)
Бұл тәсілді қара сөзбен жазылған мәтіндерге де пайдалану оқушының алдына шелілуге тиісті міндет қойып, ойлануға жетелейді.
Мысалы:
а) Мәтінді толықтырып айтып беру. Оқулыққа Ы.Алтынсариннің, С.Көбеевтің т.б. шағын әңгімелері енгізілген. Бұндай әңгімелер толықтырып айтуға өзі сұранып түрады. Мысалы: С.Көбеевтің "Еңбекпенен ел көгерер" ертегісі өте шағын. Осы әңгімедегі мына абзацта автордың ойын жалғастырып айтуды тапсырма етіп беруге болады:
Бір жұтта "Түусонаудық малынан түк қалмапты. "Көресалдың " малы да көп өліпті. "Айдайсалдың" малы да аз қырылмапты. Ал өзі бағып күткен еңбекшіл жігіттің малы жүтамай, қыстан аман шығып, елін аштықтан құтқарыпты."
Осы үзіндіде оқиға, қимыл, қозғалыс бар. Үзіндіні толықтыруға, айтылған ойды жалғастыруға болады. Сол арқылы баланы еркін сөйлеуге, сөздік қорын байытуға бағытауға болады. "Неліктен ағайынды жалқаулардың малы қырылды деп ойлайсың?", " Еңбекшіл жігіт елін аштықган қалай құтқарды?", "Осы оқиғаға сәйкес қандай мақал білесің?" деген сияқгы сұрақтарға жауап алуға болады.[39]
"Жаздың бір күні қыстың мың күнін асырар", "Жылыда жинақталмаған, суықга қымтыла алмайды", "Қыстың қамын жаз ойла"- деген мақалдармен қорытындылауға болады.
Мәтінді толықгырып айтуға үйретудің тағы бір артықшылығы оқушының мақалды тек жаттап қоймай, орнымен қолдана білу дағдысын қалыптастыруға көмектеседі.
ә) Көлемді шығармаларды жинақгап, қысқартып әңгімелеу. Оқулықга үш-төрт бетті қамтитын ертегілер, балалар әдебиетінің туындыларынан үзінділер бар. Міне, осы шығармаларды мазмүнына нүқсан келтірмейтіндей етіп жинақгап, қысқартып әңгімелеу де шығармашылық жүмысқа жатады. Бүл жүмысты мәтінді толық талданғалнан кейін жүргізуге болады. Мысалы, "Жақсылық пен Жамандық" ертегісін:
1 .Жақсылықтың алдануы.
2.Аңдардың әңгімесі.
З.Жақсылықгың байып кетуі.
4.Жамандықтың сазайын тартуы деген сияқты жоспар бойынша қысқартып әңгімелеуге болады:
"Арыстан, қасқыр, түлкі-үшеуі көрген білгендерін бір-біріне әңгімелейді. Түлкі бір «айдың қыстауында тығулы жатқан бір қүмыра алтынды күнде көріп келіп жүргенін айтады." т.б.
М.Әуезовтың "Әбілмәнсүр" атты тарихи әңгімесін мынадай жоспармен:
І.Бала Сабалақ.
2.Сабалақтың соғысқа аттануы.
З.Батыр Абылай деген тәрізді жоспар құру арқылы жинақгап, қысқартуға болады.
Міне, осылайша оқушы жоспардың әр бөлімі бойынша ойын жинақтап, қорытып айтута дағдыланады.
б) Оқылған шығарманың мазмұны бойынша сурет салу. Бұндай жүмысты да шығарманы толық, саналы түсінгеннен кейін ғана дрындауға болады. Кейбір көркем шығармадағы әдемі, әсерлі көрініс оқушының көз алдына белгілі бір суретті еріксіз алып келеді. Мысалы, Ж.Аймауытовтың "Ыстық қой, шіркін, туған жер!" мәтінҢндегі ауыл көрінісі-танып тұрған сурет. Дегенмен, әрбір оқушының не салғысы келетінін сұрап алған жөн. Мүмкін, ол өз ауылының, өз қаласының үйлерін, өзі ұнатқан ғимараттарын салғысы келетін шығар. Мұндайда, балаға, оның қиялына ерік берген жөн.
Проблемалық оқу оқушыны ізденуге, оның ойы мен қиялын дамытуға, қорытынды жасауға, оны дәлелдей алуға, өзінше тың пікір айта білуге, сол арқылы өз беттерінше білім алу жолдарына үйретеді.
Проблемалық оқыту барлық тақырыпқа сай келе бермейді. Сондықган барлық сабаққа қолдануға болмайды. [42]
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, - әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа технологияны жүзеге асыруда мүғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі, алдындағы оқушыны бағалауы ерекше орын алады. Осы жағдайларды ескере отырып, мұғалім тиімді жақтарын пайдалана білсе, әр оқушының кемінде мемлекеттік- стандарт деңгей алуына көмектеседі.
Мақал-мәтелді баланы жан-жақты дамытатындай етіп пайдаланудың мәні зор. Себебі, әрбір сабақта мақал-мәтел қолдану бала тәрбиесінде алар орны ерекше, сонымен қатар баланың білім деңгейін, оның сапасын арттыруда бірден-бір тамаша құрал. Мұғалім өз шеберлігіне қарай әр түрлі етіп сабақта қолдана береді.
Балаларға дайын көрнекілікті ұсынып, мұғалім көрнекілік артында қалмауы керек. Көрнекілік балаға дайын күйінде берілмеуі тиіс. Әрбір көрнекілікті пайдалана отырып, оның сырын, мазмүнын ашу- шығармашылыққа жол ашады.
І.Тақырып мазмұнына сай мақал-мәтел айтқызу, оны өз сөзімен ойымен дәлелдету. Мысалы, "Асыл сөз" бөлімінде "Сиыр", "Түйе", "Бөбектің тілегі", "Шопанатаға" өлендерін өткен кезде тақырыпты мақалмен таныстыруға болады.
1) Сиырдың сүті -тілінде (Сиыр шөпті, жемді жақсы жесе, сүті көп болады)
2) Мал өсірсең, қой өсір, пайдасы оның көл-көсір (қойдың еті де, терісі де, сүті де пайдалы)
2.Көрініске, табиғатқа, суреттерге қарап тұрып, мақал айту жарысын ұйымдастыру.
Мысалы: "Туған жер" тақырыбына
1-ші оқушы: Туған елдей- ел болмас, Туган жердей жер болмас
2-ші оқушы: Әркімнің туған жері өзіне ыстық.
3-ші оқушы: Отан-оттан да ыстық
4-ші оқушы: Отансыз адам-ормансыз бұлбұл.
З.Мақал-мәтел айтысы
Сабақтың тақырыбы; Еңбекпен ел көгерер
- "Еңбек -ер атандырады"- дегендей сіздің атақ даңқыңызды естіп жатырмыз.
- Ия, рахмет "Еңбегіне қарай-өнбегі" - деген емес пе.
- "Шегірткеден қорыққан егін екпес" – дегендей, сіз неге қимылдамайсыз?
- "Жеті рет өлшеп, бір рет кес"- дегендей ретін келтіре алмай жүрмін
- "Еріншектің ертеңі бітпейді"-дегендей ертерек қимылдау керек қой.
4.Мақал-мәтелге сай оқиға ойластыру.
Бұл жүмыс түрінде, өтілетін жаңа тақырыпқа сай мақал-мәтел алып тақгаға жазып қою.
Мысалы: Мал - баққанға бітеді.
Асанға атасы базардан бұзау сатып алып береді. Бұзауы сүйкімді, әрі момақан. Асан бұзауына шөп орып, су беруге ерінбейтін. Бұзауы да Асанды жақсы көріп кетті. Асанның көршісі Ербол оған қатты қызықгы. Бірақ, ол көп ойнайтын. Бір күні Ерболға да атасы бұзау сатып әперді. Ербол бірнеше күн бұзауына қарап жүрді де, бірер күннен кейін ойынға қызығып кетіп қалады. Бір күні бұзауы ауырып, өліп қалады. Ербол қатты өкіңді. "Мал- баққанға бітеді" - деген осы деді атасы.
Оқушылармен жүргізілген осындай жұмыстардың нәтижесі сынып жоғарылаған сайын артып, оқушылардың тапқырлығы, сөз саралауы, ізденімпаздығы, нақгы ой болжауы дами бастайтындығы айқын.
-
Оқу процесінде дамыта оқытудың ролі, педагогикалық теориялық негіздеулері
Баланың физикалық дамуы генетикалық бағдарлама бойынша қаңқасының, бұлшық ет көлемінің өсуі арқылы нақгы, көрнекті жағдайда өтіп жатады.
Ал оның психикасының, жекелігінің дамуы ше? Сананың дамуы оқытудан ба, әлде әлеуметтік жағдайлардан ба? Не табиғи есеюден бе? Бұл сұрақтарға жауап адамның ішкі мүмкіндіктерінің шекарасын, сыртқы педагогикалық әсерлердің мақсат міндеттерін анықгайды.
Педагогика тарихында екі түрлі қарама-қайшы пікір орын алып келеді.Бірі-жаратушының күштілігін, тұқым қуалаушылықгы қуаттаса, екіншісі керісінше барлық нәтижені ортаның әсеріне жатқызады.
Қазіргі күнгі ғылым психикалық даму қоршаған ортаның санада сәулеленуіне, яғни танымдық тәжірибені және әрекетті меңгеруіне, меншіктенуіне байланысты деп қарайды. Бұл-оқу, білім алу деген сөз.
Оқу-адамның психикалық дамуының формасы, элементі. Кез келген оқыту белгілі бір мөлшерде адамды дамытады.
"Даму ұғымы философиялық сөздікте"... мөлшерлік өзгерістердің белгілі бір өлшем шегінен шығып, сапалық өзгерістерге айналуы",- деп түсіндіріледі. Терістеу-дамудың қозғаушы күші. Терістеу-белгілі бір затпен құбылыстың қайшылықгарын ашу, олардың шешу жолдарын анықгау, жаңа сапаның болуына мүмкіндік туғызу.[40]
"Даму" ұғымының психологиалық анықтамасы-жаңару процесі, жаңаның өмірге келіп, ескінің жоғалуы деген мағынаны білдіреді. Барлық табиғат кұбылыстары сияқты бала психикасы да үнемі диалектикалық жолмен дамып, өзгеріп, бір деңгейден екінші деңгейге өтіп отырады. Ғалымдардың зерттеулері баланың даму процесіне 3 түрлі күш пен 3 түрлі фактордың қатынасатындығын дәлелдейді. Олар:
1. Биологиялық фактор.
Бұл ата-анадан ауысқан , туа бітті және өмір сүру барысында қабылданған дененің барлық мүшелерінің, оның барлық жүйесі кұбылысының ерекшелігін білдіретін, бала организмінің ортамен қарым-қатынасының нәтижесі.
2. Әлеуметтік фактор.
Бұл бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы. Бұл сондай-ақ баламен қарым-қатынас жасайтын адамдардың сипаттары, мінез-құлық және ақыл-ой бейнелері, олардың мүдделері мен пікірлері, істері мен сөздері, талаптары мен дағдылары, ұмтылыстары, яғни бала өсіп дамитын рухани орта.
3. Баланың өз белсенділігі.
Даму процесіне әсер ететін бүл үшінші күш болып саналады. Оқитын пән қандай да жаңа, бағалы болмасын, мұғалімнің шеберлігі қаншама жоғары болмасын, егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынылған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатынасуы әрекет күткен нәтиже бермейді. Баланың организм ретінде дамуы мен жеке бас ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.
Баланың даму процесі, оның қоғамның белсенді де пайдалы мүшесі, азамат ретінде қалыптасуы осы үш фактордың қалыптасуымен қамтамасыз етіледі. Ең бастысы осы факторлардың бірде-бірі, қандай да бір кемеліне келген болса да басқа екеуінен ерекшеленіп, жеке әсер ете алмайды. Барлық іс осы үш басты күштің өзара әрекет етуінде.
Оқыту мен дамыту арасында тығыз байланыс бар екенін психология ғылымы жеткілікті дәрежеде дәлелдеп берді деп айтуға болады. Бұл мәселені түбегейлі зерттеп, бала дамуындағы оқытудың рөлін, алар орнын анықтаған көрнекті психолог Л.С.Выготский.[23] Ең алғаш рет бала дамуының төмендегідей екі аймағы болатындығы жайлы теория ұсынды.
І.Бала дамуының жақын аймағы - баланың үлкендердің көмегі арқылы атқара алатын істері.
2. Бала дамуының қол жеткен аймағы-баланың үлкендердің көмегінсіз істей алатын істері.
Бұл теория шеңберінде окудың бала дамуындағы жетекші рөлі жөніндегі ереже өмірге келді.
«Педагогика бала дамуының кешегі емес, ертеңгі күніне бағытталуы керек... Білім беру тек дамудың аддында болғанда ғана пайдалы болмақ»- дейді Л.С.Выготский.[4]
Оқыта отырып дамыту проблемасы Я.А.Коменский еңбектерінен бастау алады. Ол өзінің еңбектерінде баланың табиғи ерекшеліктері мен санасу керек екенін, атап өтеді. Ол баланың жас ерекшелік кезеңдеріне сәйкес білім берудің әртүрлі басқыштарын белгілеген.
Бүл идея К.Д.Ушинский еңбектерінде тереңірек көрінеді. Ол психологиялық мәліметтер негізінде көптеген педагогикалық ережелер құрастырып, бастауыш сыныпта ана тілін оқыту әдісін жасап,- оқулықгар жазды. Аталған теориялық негіздер нәтижесінде Л.В.Занковтың басшылығымен 1960-1990 жылдар арасында зерттеулер жүргізіліп, дамыта оқытудың тұжырымдамасы жасалды.
Бұл тұжырымдама "екіліксіз қалай оқытуға болады", білімге деген қызығушылықгы арттыру, баланы өз бетінше ізденуге үйрету сияқты мұғалімдерді толғандырып жүрген сұрақтарға жауап береді.
А.С.Макаренко баланың мінез-құлқы 5 жасқа дейін қалыптасады деп есептейді. Ал американдық психолог-ғалым Блюм 7-8 жасқа дейін өсіп келе жатқан баланың жеке қасиеттерінің 70 пайызға дейіні қалыптасып бітеді дейді. Міне, осы кез баланың білім алатын, білім алу арқылы дамитын кезеңі. С.Л.Рубинштейн, Е.Н.Кабанова- Меллер өз зерттеулерінде оқыту - дамудың негізгі алғы шарты екенін дәлелдейді. И.Я.Лернер "даму" деген ұғымды педагогикалық зандылықтарға негіздей отырып, адамның әртүрлі қиындықгардағы мәселелерді шеше білуге дайындығы деп түсіндіреді.
Осы мәселе төңірегінде еңбектер жазған әртүрлі авторлар оқушының дамуының белгілерін атап көрсетеді. Д.Н.Богоявленский және Н.А.Менчинская оқи алуды, яғни қысқа мерзімде жоғары үлгерімге жетуді, Н.Д.Левитов Оқу материалын жылдам меңгеру, өз бетінше жаңа мысалдар құрастыру, негізгіні және көмекшіні анықгай білу, оқиғаға, құбылысқа дұрыс баға беру дағдысын жатқызады.
Л.В.Занков ақыл-ой қызметінің төмендегідей көрсеткіштері дамуды іске асырады деп есептейді. Олар байқампаздық, өз ойын еркін жеткізе білу, практикалық іс -әрекеттер атқара білу.
В.В.Давыдов ақыл-ой дамуының көрсеткіші ретінде жинақтай қорытындылай алу дағдысын есептейді.
Барлық авторлардың даму туралы ойлары оқыту барысында баланың психикасының жаңа сапалық деңгейге көтерілуі дегенге келіп саяды және оның басты шарты ретінде әрекет алынады.
Дамыта оқыту идеясының ұзақ тарихы бар. Ерте кезден бастап-ақ, ойшылдар білім мен ақыл-ой тәрбиесінің ара қатынасын, олардың бала дамуына әсерін зерттей бастаған. Бізге белгілі алғашқы дидактиктардың бірі Квинтилиан мектеп алдына баланың қабілеттеріне, ақылының қасиеттеріне, мінез-қүлық ерекшеліктеріне сүйене отырып, оның ойының және тілінің дамуын қамтамасыз етуді қойған. [5]
И.Т.Песталоцци баланың ақыл-ойын, барлық қабілет-қасиеттерін дамыту идеясы мен арқауланған бастауышта оқыту әдістемесін жасауға әрекет етеді.
"Дамыта оқыту" деген термині психология ғылымының қойнауында туып, баланың дамуын қарастырған (Ж.Пиаже), ойлаудың әр түрлі деңгейін, типтерін (Л.В.Выготксий, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн) және басқа да психиканың функциясын зерттеген (Б.Г.Ананьев, Г.С.Костюк, А.А.Люблинская, НА. Менчинская) және т.б., іс-әрекет теориясының психологиясын жасаған (А.Н.Леонтьев, П.Я.Галперин) еңбектерінде жан-жақты талданды. Нәтижеде дамыта оқыту проблемасына арналған екі іргелі эксперимент жасалып, оның бірін Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов, ал екіншісін Л.В.Занков басқарған.
Жүйенің басты мақсаттарының бірі - баланы оқыта отырып, жалпы дамыту, оның еркіндігін қалыптастыру, өз бетінше ізденуге шешім қабылдауға дағдыландыру, жекелік қасиеттерін ескеру, басшылыққа алу, әрі қарай ұшқырлау, тұлғалыққа бағыттау.
Оқыта отырып дамыту мәселесіне арналған зерттеулер дәстүрлі оқытуға өзгерістер енгізуге ықпалын тигізді. Қазір бұл жүйе дәстүрлі оқытумен қатар пайдаланылып келеді. Екі авторлар тобы да өз жүйелері бойынша оқу бағдарламаларын, әдістемелік құралдар дайындап шығарды. Осылайша, дамыта оқыту ғылыми теориядан практикалық іс-тәжірибеге батыл ене бастады.
Дамыта оқыту-дәстүрлі оқытуға соңғы уақыттарға дейін балама жүйе деп қарастырылды. Оның нәтижесінде әр окушы өзін - өзі өзгеруші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделіп, соған оқыту барысында лайықгы жағдайлар жасау үлкен нәтиже берді.
Дамыта оқытуда баланың ізденушілік-зерттеушілік әрекетін үйымдастыру басты назарда үсталады. Ол үшін бала өзінің бүған дейінгі білетін амалдарының, тәсілдерінің жаңа мәселені шешуге жеткіліксіз екенін сезетіндей жағдайға түсуі керек. Содан барып, оның білім алуға деген ынта-ықыласы артады, білім алуға әрекеттенеді. Сабақ мүндай жағдайда төмендегідей үш құрамдас бөліктерден тұратын болады:
Дамыта оқыту жүйесінің қағидаларын дұрыс түсініп, жүрегімен қабылдаған әрбір мұғалім өз сабақтарының дамытушылық функциясын өз бетінше-ақ арттыра алары сөзсіз деп есептейміз.
БАСТАУЫШ МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫНА БІЛІМ БЕРУДЕ ДАМЫТА ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
-
Бастауыш мектеп оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың жолдары.
Бастауыш мектеп оқушысының жеке тұлғасын қалыптастыру, оның рухани әлемін байыту, сабаққа ынта-жігерін арттыру, жеке дағдылығын дамыту – бүгінгі таңдағы негізгі мәселелердің бірі.
Өйткені, қазіргі кезеңдегі қоғамның жедел дамуы ғылым мен техниканың дамуымен байланысты болса, ал болашақта ғылым мен техниканы, өндірісті дамытатын бүгінгі мектеп оқушылары. Сондықтан мектеп оқушылары үлкен жауапкершілік пен білімдарлықты қажет етеді. Оқушылардың өз-өзіне сенімін арттыру, олардың шығармашылығын дамыту, олардың шығармашылығын дамыту, өтілетін сабақтың оқу-материалын терең ұғына білуге баулу – мұғалімің педагогикалық шеберлігіне де байланысты.
Мұғалімнің әрбір өтілетін сабағы қазіргі кездегі оқыту талаптарына сай болып келуі қажет. Бұл айтылған талаптармен бірге мұғалімнің күнделікті өтілетін әрбір сабағы ғылыми түрде негізделіп, оның тәлім-тәрбиелік мәні жан-жақты ашылуы тиіс. [41]
Осы талаптардың орынды атқарылуында ғана оқушыда шығармашылық қабілет дами түсіп, оқушының оқуға білімге деген құштарлығы дамып отырады. Оқушы құлшынысын ұдайы дамытып әрбір өтетін сабағын жаңаша ұйымдастыра біліп, оқытудың озық әдіс-тәсілдерін қолдана білгенде ғана бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттері дами түседі.
Пән мұғалімдері бұл айтылған талаптарды іске асыра алуы үшін оның ізденімпаз болуы шарт. Демек, мұғалім мен оқушының арасындағы оқыту үрдісінің іс-әрекеттері арқылы оқушыда шығармашылық қабілеттер дами түседі.
Бұндай кездерде өтілетін жаңа негізгі үш мақсаты (білімділік, тәрбиелік, дамытушылық) толық шешімін таба білгенде ғана іске асырылып отырылады. Осы жағдайда мұғалім оқушылардың сабаққа деген беленділігін арттырумен бірге, сабаққа қызығушылығын арттыра білуі керек. Мұғалім Өзінің сабағын шығармашылықпен ұйымдастырып, өтілетін сабақтары оқушыларды шығармашылққа ұмтылуын тудыратындай сұрақтар қамтылып өтілуі тиіс. Мұғалім өтілетін сабақтың тақырыбына сәйкес алдын-ала жоспарланған сұрақтармен оқушы ынтасын, зейінін, ой-қиялын дамытуға септігін тигізетіндей болуы керек. Олай болса, өтілетін сабақтарда тапсырмалардың жауабын табуда, орындауда, қойылған сұрақтарға жауабын беруде «Ой таласын» жасау, танымдық ойындар ұйымдастыру т.б. ұтымды оқытудың жаңа технология түрлерімен іске асырылып отырған жағдайда сабақ тартымды өтілетіні белгілі.
Кез келген бала санасына асыл қасиеттерді сіңіру үшін білім нәрімен сусындатуымыз қажет. Біліммен бірге шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін оқу-тәрбие үрдісінде басым бағыттарды ұстанғанымыз абзал.
Бірлескен жұмыс түрлеріне шығармашылық, білімді демократияландыру және ізгілендіру, оқыту сапасын арттыру, басқару тиімділігін жетілдіру, оқушылардың дамуына бақылау жасау жатады.
Оқушы шығармашашылығы үнемі сынып ұжымы, ата-аналар тарапынан қолдау тауып отыруы керек. Мұғалімнің ең үлкен міндеті – шығармашылық бағыт-бағдар беріп отыруы. Шығармашылықпен айналысуы үшін жеке дара оқушы емес, сыныптың, мектептің бүкіл балалары ойласу үшін мүмкіндік туғызу, өзара шығармашылық ахуал орнату қажет.
Мұғалім оқушы үшін тек ұстаз ғана емес, сенімді досы болмағы ләзім. Егер мұғалім шығармашылықпен айналысатын болса, балалармен пікір алмасатыны заңды. Шығармашалықты тежейтін үш нәрсе бар: біріншісі – «сәтсіздікке ұшыраймын, қолымнан еш нәрсе келмейді» - өзіне-өзі тым риза болмаушылық сезімі, үшіншісі – жалқаулық.[42]
Оқушының шығармашылқпен айналысуына мектепте, сабақ үстінде, үйде қолайлы жағдай туғызу керек. Шығармашылық бағытқа баланы жүйелі, саналы түрде қалыптастырып отыруға тиіспіз. Оқушыны шығармашылыққа баулу үшін мұғалім көркемдік өлшемдер мен өзі де қарулануы керек. Кез келген жұмыстың механизмін түсінбейтін мұғалім оқушыны үйретіп баулымақ түгілі оқушы жасаған дүниеге нақты, әділ бағасын беріп, көркемдік дәрежесін тани да алмайды.
Оқушының пәнге қызығуын арттыру мақсатында сабақта мәселелік жағдай туғызып отыру да маңызды. Мәселенің шешімін табу арқылы оқушының ойлау қабілеті нығайып, кез келген мәселені шешуге үйренеді.
Ұлы неміс педагогі А.Дистервергтің «Жаман мұғалім ақиқатты өзі айтып береді, ал жақсы мұғалім оқушының өзін ізденуге жетелейді, ойға үйретеді» дегені мәлім. Сондықтан да ойлауға үйрететін сабақты дамыта оқыту сабақтары деп білеміз. Бұл – мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Мұғалім бұл жағдайларда танымдық іс-әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйтқысы болатындықтан, оқушының шығармашылығын артырады. [33]
Сабақта жақсы оқитын оқушылармен ғана белсенді жұмыс істеп қана қоймай, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызып, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылса, әр оқушының оқуға деген қызығуы артатыны даусыз. [43]
Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған. Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталады. Соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді.
Тапсырма алған оқушылар ізденуді бастайды. Бірі таблицадан тыс жолмен көбейтеді, екіншілері бірліктерінен бастап көбейтеді, ал үшіншілері қосу амалы арқылы табуға тырысады. Міне, нағыз шығармашылық, содан соң мұғалімнің басшылығымен қай жол жеңіл, ыңғайлы екенін дәлелдеп, жұмыс қорытындыланады.
Дәстүрлі сабақ беру әдісімізде сұрақ-жауап әдісі көп қолданылады. Көп жағдайда қойылған сұрақгар өте жеңіл болып жатады. Мысалы: Мына дыбыс дауысты ма? Дауыссыз ба? Немесе әңгіменің кейіпкері не істеді? Қайда барды? Қайдан келді? Сияқгы болып келеді. Бұл сұрақгар баланы ойландырмайды, тек естеріне түсіруді талап етеді. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақгарда сұрақ қоюға үлкен мән беріледі. Әрбір окушы ақылын, ойын дамытуға лайықталып беріледі. Мысалы: "Мына дыбыс туралы не білесіңдер?", "Оқыған әңгімедегі оқиға туралы өз ойларыңды айтыңдар", т.б. Окушы жауап бергенде де "Менің ойымша", "Мен мынаны қосқым келеді", "Мен келіспеймін" деп жауап беруі керек, солай талап еткен дұрыс. Бұл балаларды бірін-бірі толықтыруға, сыйлауға, түзетуге үйретеді. Күнделікті сабағымызда, сыныптан тыс жұмыстарда, топсеруендер кезінде баланың ішкі сезімдеріне әсер ету, көру арқылы байқағыштық қабілетін дамытуға көңіл бөле бермейміз.
Байқау – қоршаған ортамен байланысу деген сөз. Ал, ортаны білу, тану көп жағдайда үстірт болып жатады. Мысалы: табиғат туралы оның тек бала өзі көріп, біліп жүрген тек сыртқы белгілерін ғана сөз етеміз, құстар туралы да тек олардың суреттерін көрсетіп, аттарын атаумен шектеліп келдік. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Бағдарламадан тыс ешнәрсе айтуға болмайтын еді. Бұл баланың жүгін ауырлату деп есептелінді.
Бірақ бүгінгі күні біздің алдымызда отырған баланы осыдан 10 тіпті 5 жылғы баламен салыстыруға болмайды. Бүгінгі оқушы өмірдің өзінен көп білім алып келеді, радио, теледидар басқа да ақпарат құралдары кеңінен жұмыс істеп мағлұматтар нөпірі ағылуда. Осындай кезеңде біз сабағымызды қарапайым, жеңіл-желпі біліммен шектелсе, баланың рухани күші төмендеп, даму саябырлайды. Ендеше баланың ішкі мүмкіндіктерін ескере отырьш, оның ойлау қабілетін арттырып, адамгершілік, көркемдік сезімдерін, басқа да қасиеттерін, байқағыштығын дамытуға бағытталған тапсырмалар ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шығармашылықты талап етеді.
Байқағыштық деген не? Затты (суретті), көріністі қарауда негізгі нәрсе-қабылдау. Сондықтан көрген нәрсенің әрбір ерекшелігін байқауға үйрету керек. Өмірде қарап тұрып, ешнәрсе көрмейтін адамдар бар.
Мұндай кемшілік олардың рухани дүниесінің кедейленуіне әкеп соғады, көп жағдайда ұгылыста қалдырады. Ақын мен ғалым суреткерлердің байқағыштық қабілетінің жоғары болуы тектен тек емес. Чарльз Дарвин өз өмірбаянында "Мен ойжүректігіммен, ұшқырлықпен емес кейбір адамдар байқамай қалатын , назардан тыс қалатын нәрселерді көріп, талдай алуыммен ерекшеленемін деп ойлаймын" деп жазған екен. Ал байқамаудан жіберілетін қате қаншама. Математика сабағында көп қате ұқыпсыздықган, жеке назар аудармаудан кетіп жатса, тіл сабағында грамматикалық ережелерді қолдану үшін, сөзді сөз елегінен өткізуге тура келетін кездер өте көп. Еңбек, бейнелеу өнері, дүниетану сабақгарынан да көптеп мысалдар келтіруге болады. Демек, бастауыш сынып окушыларының байқағыштық қабілетін дамыту көрнекілікпен жұмыс істеу кезінде басты назарда болғаны дұрыс. Тіпті арнайы жұмыстар жүргізуге болады. Мысалы, окушылар алдында оларға белгісіз құстың тұлыбын, өсімдіктің кептірілген гербарийін қойып, ұқыптылықпен қарап, суреттеуге тапсыруға болады. Алдын ала тапсырмалар берілмеуі шарт. Осылай ғана олардың байқауының қандай дәрежеде екенін анықтауға болады.[44]
Қоршаған ортаны тануды, жаңа ұғымдар беруде көрнекі құралдардың маңызы зор. Әсіресе бірінші, екінші сыныпта баланың сабаққа қызығушылығын арттыру үшін көрнекіліктің мол, көркем, ашық болғаны дұрыс.
Бірақ көп жағдайда көрнекілік атын кез келген сапасы төмен, білімдік, танымдық жағынан берері аз дүниелер жамылып жатады. Бірақ сабақга бірнеше сурет, альбом, диафильм т.б. көптеген нәрселер бірінен соң бірі баланың көз алдында зуылдап ағылып жатады. Олармен жасалған жұмыстар да қарапайым ат үсті дәрежеде.
Оның орнына қажетіне қарай орынды, сабақ мақсатына сәйкес, әсіресе дамулық мақсат көздейтін көрнекіліктер қолданудың жөні басқаша. Өзін көре алмайтын, қолымен ұстай алмайтын заттардың көрнекілік ретінде сабақтан орын алғаны дұрыс. Көрнекілікпен жұмыс істегенде де мұғалім барлық мәліметтерді өзі айтып бермей, балалардан сұрап, көзін жеткізіп, дәлелдетіп отыруға дағдыландыру керек. Осылай жұмыс істету арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытуға, белсенділігін арттыруға болады.
Дамыта оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде "Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы" жайлы епшәрсе айтылмайды. Өйткені окушылардың адамгершілік қасиеттерін, құлықгылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен тұтас жүйе, оның құрамдас бөліктері, әдістері арқылы іске асып жатуы ойластырылған.
Дамыта оқыту жүйесінде арнайы, жаңадан ойлап табылған әдіс-тәсіл жоқ. Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай-ақ жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың мәні зор. Мысалы: дөстүрлі сабақгардағы сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сүрап білуте негізделеді. Ана тілі сабақтарында тақырыптық мазмұны бойынша, қазақ тілі, математикада материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді қосып қайта айтып беруйен қайтарылады. Мысалы: - Балалар қайда барады? - Балалар мектепке барады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақгар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Окушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруге дағдыланады. Мысалы: "Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?" деген сұрақ.
Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіріле пайдаланылады.
Дамыта оқыту сабақтарыңда жаңа материалды талдауға зор көңіл бөледі. Өйткені, тадданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді.
Талдау-бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мұғалім әр баланың көңіл -күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Әсіресе оқу сабақгарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқгы адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.[45]
Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі-салыстыру әдісі. Салыстыру деген не? Философиялық сөздікте "салыстыру объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы шарты",- делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мәнді ойлау операциясы, окушының талдау, жинақтау қызметінің маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықгау мүмкін емес.
Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бұл туралы К.Д.Ушинский "... салыстыру ойлаудың және қабылдаудың негізі", - деген.
Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсіну тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсілдерімен мектепке келгенге дейін де біршама танысады. Ал, мектепке келкен соң, окудың алғашқы күнінен бастап бұл тәсіл тұрақты пайдаланыла бастайды.
Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оку материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқгы, окушыларға өмірінен тысқары білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, окушы заттар мен объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықтауға үйренеді. Баланың байқампаздығы артады. Ал байқампаздық - баланың жалпы дамуындағы негізгі психологиялық компонент болып табылады. Окушы салыстыра отырып, бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықгауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формализм жойылып, ең негізгісі окуға деген қызығушылық арта түседі.
Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себептерін айқындатудың бала далуы үшін маңызы зор. Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуте үйренсе, екіншіден қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып окушылары салыстыра білмейді, сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен аса шеберлікті қажет етеді.
3.2. Бастауыш мектептің оқу процесінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың дәстүрлі формалары, жолдары, әдістері.
Әр баланың табиғаты әртүрлі, бірінің есте сақтау қабілеті зор болса, екіншісінің ойлау, ал үшіншісінің елестету қабілеті дамыған. Дамыта оқыту жүйесінде оқытудың барлық кешенді мақсаттары мен шешімдері бала дамуына бағытталады. Соның нәтижесінде барлық бала ойлауға, ізденуге, қорытындылауға мүмкіндік алып, өз деңгейінде нәтижелерге жетеді.
Бағдарлама жоқ, дамыта оқыту жүйесімен жазылған окулықтар жоқ жүйе бойынша жұмыс істеуге мұғалімдер дайындалмаған. Кейбір қазақ мектептері не істеу керек? Балаларға окулықсыз, бағдарламасыз оқыту мүмкін емес. Бірақ дәстүрлі бағдарламаның да негізгі бағыты оқыту,дамыту болғандықган әр пән, әр сабақ аясында баланың жалпы дамуын қамтамасыз етуге арналған іс-әрекеттер жасау, әдістер пайдалану мұғалімнің ізденуіне байланысты болмақ.
Төменде дамыта оқыту жүйесінің негізгі дидактикалық принциптеріне тоқгала отырып, бастауыш мектептер осыдан өзіне не ала алады деген мәселеге тоқгалып өтеміз.[46]
І. Жоғары қиындықта оқыту принципі.
Бұл баланың шамасы, келетін мәселелер төңірегінде айналсоқтап түрып, қалай білім деңгейін күрделендіру, сол арқылы оны қиындықгы жеңуге үйрету, өз күшіне деген сенімін туғызуға әкелу. Баланың өзінің білетінінің төңірегінде ғана қалсақ, немесе ойлауға жетектемесек, оның дамуын тежегеніміз. [46]
Мысалы: күнделікті сабағымызда қарапайым нәрселерді сұрау, жауап алу арқылы қанша уақыт жібереміз. Суретті көрсетіп тұрып, ондағы бейнеленген түйенің неше өркеші, неше аяғы бар екенін айтқызу бала үшін ешнәрсе бермейді. Немесе алманың дөңгелек, қызыл болатындығын сұрап жату баланы дамытады деп айту қиын. Одан гөрі сол алма дөңгелек, қызыл болғанға дейін қандай кезендерден өткенін сұрап білу арқылы баланы ойландырамыз, өмірден алған білімін (көргенін) пайдалануға ықпал етеміз. Ондай қарапайымдылықган артпу жағын әрбір мүғалім іздегенде ғана жүзеге асыруға болады. Ол үшін бағдарламадан тыс сұрақтар қою, қосымша материалдар пайдалану қажеттігі туады. Әрине күрделендіреміз деп баланы шамадан тыс қиындықгарға әкелу жағынан сақтану керек. Баланың сабаққа деген ынтасы жоғалады, сенімі құриды.
Бұл принциптің мақсатына жету үшін дәстүрлі оқулықгардағы жеңіл-желпі тапсырмалар орнына, баланың тапқырлығын, зерделілігін дамытатын шығармашылық тапсырмаларды орындау үлкен нәтиже беретіңдігіне көзіміз жетті. Ағылшынның философы Б.Шоу адамды қызган сайын ширай түсетін кірпішпен салыстырған екен. Сол сияқты қиындығы бар тапсырмаларды орындау, баланың ақыл-ойын арттырып, шығармашылығын шындайды.
2. Дамыта оқыту жүйесінің маңызды принциптерінің бірі -теориялық білімнің жетекші ролі принципі.
Бұл принцип бала тек теорияны окуы, ғылыми терминдерді білуі, завдарды жаттауы керек дегенді білдірмейді. Керісінше, олар оқу барысында бақылаулар, қарапайым зерттеулер арқылы нәтижеге келулері керек. Өтіліп жатқан тақырыптағы заңдылықтарды, байланыстарды сезінуге, қорытындылауға үйрету. Бірақ, жаттап алмай сол қорытындыға саналы түрде әкелуге келтіру. Мұғалім осы күрделі жұмысқа басшылық жасап қана отырады.
Оқу барысындағы оқушылар зерттеу, бақылау жүмыстарын жүргізеді. Мұғалімнің жетекшілік етуімен көркем шығармадағы әрбір оқиғаға өзінше баға беруге, ойланып, қорытынды жасауға үйренеді. Өздерінің бар білімдерін, ой-сезімдерін одан әрі арттыруға пайдаланады. Мысалы: Зейін Ақышевтың "Жаяу Мұса" әңгімесінде үлттық тәрбиенің бір көрінісін бейнелейтін бір үзінді бар. Яғни, Шоқан Жаяу Мұсаның аты-жөнін нағашысына айта алмайды. "Өзің аттас" деп әдептілік сақтайды. Үлкеннің атын тура атамау әдептілік белгі біздің ежелгі салтымыз. Осыған сәйкес мынадай сүрақтарды қойып, окушыларды ізденуге, ойландыруға, үлттық салт-дәстүрдің түрлі иірімдерін зерттеуге бағыт беруге болады.
І.Шоқан нағашысына неге өз жоддасының атын-жөнін айта алмады, әлде ол одан қорқа ма? Осыны қалай түсінесіндер?
2.Әңгімеде "Кісі болар баланы кісесінен танимын, кісі болмас баланы мүшесінен танимын", "Ат болатын тай саяққа үйір, адам болар бала қонаққа үйір" деген нақы сөз бар Осы сөздердің мәні неде? Осындай тағы қандай мақал, нақыл сөздерді білесіңдер?
З. Жаяу Мұса үш тілді толық меңгерген. Өзі тақыр кедей, ақшасы жоқ. Сонда мұндай дәрежеге ол қалай жетті?
4. Шоқан Мұсаның оқуына ақшаны, қаражатты өзі төледі. Осы жерде- қандай сыр бар? Әлде, ол Мұсаға қарыздар ма, әлде туысқаны ма? т.с.с.
Оқушылар бұл сұрақгарға ойланып, жауап іздейді, өздерінше қорытынды жасап, баға береді. Мұғалім оқушы жауаптарын толықтырып отырады.
З. Оқу процесін түсіну және сезіну
Бұл принцип саналы оқу принципіне қайшы келмейді. Саналы оқу дегеніміз берілетін білімді ұғынуға бағытталған. Ал, оқуды түсіну (сезіну) оқушы өз бойындағы оқудан алған өзгерістерді байқауы: бұған дейін мен мынаны білуші едім, осы пәнді оқу арқылы мынадай жаңа нәрсе ұйрендім дегенді сезіну. Осы тұрғыдан алғанда саналы оку мен оқу процесін түсіну, сезіну әртүрлі психикалық іс-әрекетпен байланысты. Мысалы: шығарма кейіпкерінен үлгі алуға тырысады. Оның жақсы қасиеттерін үйреніп, соған жету үшін өздерін өздері дайындайды. Осыған байланысты " Жаяу Мұса" әңгімесі бойынша мынадай сұрақтарды беріп, балаларға ой тастауға болады.
Мысалы:
а) Шоқан неге Жаяу Мұсаға оқуы үшін ақшаны өзі төледі? Әлде оған қарыздар ма? Ол нені жоғары қойьш отыр? (достық, адамгершілік, қамқоршы болу, дарындылықгы өнер биігіне шығару т.б.)
ә) Шоқанның осындай қасиеті сендерге ұнай ма? Сендер достықты бағалай білесіңдер ме? Жалпы достық деген не? Ақша қымбат па, әлде достық па? (Достық туралы мысалдармен байланыстырып, өмірден достыққа байланысты деректер келтіріледі)
Оқу процесін түсіну (сезіну) баланы өз-өзіне қорытынды жасауға, сын көзбен қарауға тәрбиелейді. "Мен қандаймын?", "Мен не білуші едім, не үйрендім ?", "Маған нені білу (үйрену) қызық болды?" деген рефлексия дамиды.
4. Сабақ материалын жеделдете өту.
Бұл принципке қарсылық білдірушілер табылуы мүмкін. Өйткені, әр тақырыпқа, әр тарауға берілген сағат саны бар, одан асып қайда барамыз деуі мүмкін. Дей тұрғанмен егер оқушылар білім деңгейі, сынып ерекшелігі мүмкіндік туғызып тұрса, бір мақсатты көздейтін жаттығулар, есептер орындаумен уақыт кетіру қателік сияқты. Бала өз табиғатында жаңалыққа қүмар, жаңа нәрсе білуге ұмтылып тұрады. Ендеше мақсаты, мазмұны бір тақырыппен мезі қылу бала дамуын тежейді. Бұдан қайталаулар санын қысқарту керек, жаттығулар санын азайту керек деген ұғым тумаған дұрыс. Жүйе әрбір жұмыс түрін орындауға жаңаша көзқараспен қарауға, баланың дамуына әсер ететін жағын ойластыруды көздейді. Мүмкін болған жерде қазақ мектептерінде қосымша материалдар, қызықгы есептер, жаттығулар дайындап келіп, сабақта Орындату окулықтардағы олқылықтарды толтырар еді. Бұдан білім алу сапасы артары сөзсіз.
5. Барлық оқушылардың дамуы үшін жұмыс істеу.
Дамыта оқыту жүйесінің тағы бір ерекшелігі сынып окушыларын " жақсы "жаман" деп бөлмей, барлық баланың дамуы үшін қолайлы жағдай туғызуды мақсат тұтуы. Нашар оқушының да өз шамасы келгенше, қабілеті жеткен жерге дейін еңбек етуі ойластырылған. Сол арқылы ол да өзін мүмкін дәрежеге дейін дамыта алады. Бұл жолда оның қателесуі, жаңылуы әбден мүмкін. Тек мұғалім тарапынан көрсетілген сабырлылық, байсалдылық оның өз күшіне деген сенімін арттырып, алға жетелейді.
6. Оқытушы мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас орнату.
Осы кезге дейін ұстанып келген мұғалімнің сыныпта беделі болуы, ол беделді балаларды қорқыту, зеку, айтқанын қалайда орындату (баламен санаспай) арқылы жинау, баланың дамуына үлкен кедергі жасап келді.
Қарапайым ғана мысал: Сұраққа дұрыс жауап бермеген балаға "отыр,- білмейсің" деген қатал үн қандай әсер етеді. Ол бала енді дұрыс жауапты ойламайды, жауап беруге құлшынбайды. Осылай бірнеше рет қайталанған ,ескерту әлгі баланы жасқаншақ, өз ойын айтуға қорқатын, бірте-бірте ақыл-ойы төмендеген, белсенділігі жоқ оқушыға айналдырады. Ендеше оқушыны кішкентай бала емес, адам деп қарау, оның жан дүниесін сезіне білу, көзқарасымен, пікірімен санасу, құрметтеу, білім алуға қажетті фактордың бірі болып есептеледі. Бала кездегі қарым-қатынастар, анасының, мұғалімнің, жолдастарының түсіністігі, сыйластығы есейген кезде әртүрлі жағдайда өзін дұрыс ұстауға, еркін сезінуге тәрбиелейді. Баланың әрбір жетістігін көріп, оны ынталандырып отыру, оны жоғары эмоциялық көңіл күйге бөлейді. Ол жауап беріп тұрған кезде мұғалім қызыға тыңдап, қалған оқушыларды да соған жұмылдырып, сыныпта ерекше жағдай жасауға тырысуы керек. Қате айтылған жауапты да әдеппен "Сен осылай айтқың келіп тұр ғой" деп демеп жіберсе , бала бойында сенім пайда болады.
Мұғалім әрбір пәннің ғылыми негізін дұрыс түсініп, берілетін материалды ғылыммен негіздеу, қосымша материалдармен байыту жағына баса көңіл бөлгені жөн. Әсіресе, тіл, дүниетану, эстетикалық циклдағы пәндерді оқытуда оқушыларды сол оқып отырған оқиғаға өз көзқарасын білдіруге үйрету олардың дүниетанымын кеңейтіп, ой-өрісін байытады. Әрбір берілген тапсырма еңбек етуге, тынымсыз ойлауға, ақыл-ой белсенділігін арттыруға бағытталуы тиіс. Бала өзі орындаған жүмысынан, жеңген қиындығынан ләззат алуы керек. Ойланатын, ойландыратын тапсырмалар ғана баланың ішкі резервтерін ашуға мүмкіндік береді.
Кейде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға тапсырмалар беруге болады. Мысалы: 26-ны 3-ке көбейту. Бұл өтілмеген материал, бірақ мұғалім балаларды "сендер орындай аласыздар деп ойлаймын" деп рухтандырып, дем беріп қояды.
Тапсырма алған оқушылар ізденуді бастайды. Бірі таблицадан тыс жолмен көбейтеді, екіншілері бірліктерінен бастап көбейтеді, ал үшіншілері қосу амалы арқылы табуға тырысады. Міне, нағыз шығармашылық, содан, соң мұғалімнің басшылығымен қай жол жеңіл, ыңғайлы екенін дәлелдеп, жұмыс қорытындыланады.
Оқытушы мен оқушы арасындағы жаңаша қарым-қатынас
Оқу процесін түсіну және сезіну
Теориялық білімінің жетекші ролі принципі
Барлық оқушылардың дамуы үшін
Сабақ материалын жеделдете өту принципі
Жоғары қиындықта оқыту принциптері
Дамыта оқыту жүйесінің негізгі принциптері
Дәстүрлі сабақ беру әдісімізде сұрақ-жауап әдісі көп қолданылады. Көп жағдайда қойылған сұрақгар өте жеңіл болып жатады. Мысалы: Мына дыбыс дауысты ма? Дауыссыз ба? Немесе әңгіменің кейіпкері не істеді? Қайда барды? Қайдан келді? сияқты болып келеді. Бұл сұрақгар баланы ойландырмайды, тек естеріне түсіруді талап етеді. Дамыта оқыту жүйесіндегі сабақгарда сұрақ қоюға үлкен мән беріледі. Әрбір оқушы ақылын, ойын дамытуға лайықталып беріледі. Мысалы: "Мына дыбыс туралы не білесіңдер?", "Оқыған әңгімедегі оқиға туралы өз ойларыңды айтындар", т.б. Оқушы жауап бергенде де "Менің ойымша", "Мен мынаны қосқым келеді", "Мен келіспеймін" деп жауап беруі керек, солай талап еткен дұрыс. Бұл балаларды бірін-бірі толықтыруға, сыйлауға, түзетуге үйретеді. Күнделікті сабағымызда, сыныптан тыс жүмыстарда, топсеруендер кезінде баланың ішкі сезімдеріне әсер ету, көру арқылы байқағыштық қабілетін дамытуға көңіл бөле бермейміз. [37]
Байқау-қоршаған ортамен байланысу деген сөз. Ал, ортаны білу, тану көп жағдайда үстірт болып жатады. Мысалы: табиғат туралы оның тек бала өзі көріп, біліп жүрген тек сыртқы белгілерін ғана сөз етеміз, қүстар туралы да тек олардың суреттерін көрсетіп, аттарын атаумен шектеліп келдік. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады.
Бағдарламадан тыс ешнәрсе айтуға болмайтын еді. Бұл баланың жүгін ауырлату деп есептелінді.
Бірақ бүгінгі күні біздің алдымызда отырған баланы осыдан 10 тіпті 5 жылғы баламен салыстыруға болмайды. Бүгінгі оқушы өмірдің өзінен көп білім алып келеді, радио, теледидар басқа да ақпарат құралдары кеңінен жұмыс істеп мағлұматтар нөпірі ағылуда. Осындай кезенде біз сабағымызды қарапайым, жеңіл-желпі біліммен шектелс, баланың рухани күші төмендеп, даму саябырлайды. Ендеше баланың ішкі мүмкіндіктерін ескере отырьш, оның ойлау қабілетін арттырып, адамгершілік, көркемдік сезімдерін, басқа да қасиеттерін, байқағыштығын дамытуға бағытталған тапсырмалар ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шығармашылықгы талап етеді.
Байқағыштық деген не? Затты (суретті), көріністі қарауда негізгі нәрсе-қабылдау. Соңдықтан көрген нәрсенің әрбір ерекшелігін байқауға үйрету керек. Өмірде қарап түрып, ешнәрсе көрмейтін адамдар бар.
Мұндай кемшілік олардың рухани дүниесінің кедейленуіне әкеп соғады, көп жағдайда ұтылыста қалдырады. Ақын мен ғалым суреткерлердің байқағыштық қабілетінің жоғары болуы текген тек емес. Чарльз Дарвин өз өмірбаянында "Мен ойжүректігіммен, үшқырлықпен емес кейбір адамдар байқамай қалатын, назардан тыс қалатын нәрселерді көріп, талдай алуыммен ерекшеленемін деп ойлаймын" деп жазған екен. Ал байқамаудан жіберілетін қате қаншама. Математика кеңестер одағында көп қате ұқыпсыздықтан, жеке назар аудармаудан кетіп жатса, тіл сабағында грамматикалық ережелерді қолдану үшін, сөзді сөз елегінен өткізуге тура келетін кездер өте көп.
Еңбек, бейнелеу өнері, дүниетану сабақгарынан да көптеп мысалдар келтіруте болады. Демек, бастауыш сынып окушыларының байқағыштық қабілетін дамыту көрнекілікпен жұмыс істеу кезінде басты назарда болғаны дүрыс. Тіпті арнайы жұмыстар жүргізуге болады. Мысалы, оқушылар алдында оларға белгісіз құстың тұлыбын, өсімдіктің кептірілген гербарийін қойып, ұқыптылықпен қарап, суреттеуге тапсыруға болады. Алдын ала тапсырмалар берілмеуі шарт. Осылай ғана олардың байқауының қандай дәрежеде екенін анықтауға болады. [47]
Қоршаған ортаны тануды, жаңа ұғымдар беруде көрнекі құралдардың маңызы зор. Әсіресе бірінші, екінші сыныпта баланың сабаққа қызьтғушылығын арттыру үшін көрнекіліктің мол, көркем, ашық болғаны дұрыс.
Бірақ көп жағдайда көрнекілік атын кез келген сапасы төмен, білімдік, танымдық жағынан берері аз дүниелер жамылып жатады. Бірақ сабақта бірнеше сурет, альбом, диафильм т.б. көптеген нәрселер бірінен соң бірі баланың көз алдында зуылдап ағылып жатады. Олармен жасалған жұмыстар да қарапайым ат үсті дәрежеде.
Оның орнына қажетіне қарай орынды, сабақ мақсатына сәйкес, әсіресе дамытушылық мақсат көздейтін көрнекіліктер қолданудың жөні басқаша. Өзін көре алмайтын, қолымен ұстай алмайтын заттардың көрнекілік ретінде сабақган орын алғаны дұрыс. Көрнекілікпен жұмыс істегенде де мұғалім барлық мәліметтерді өзі айтып бермей, балалардан сұрап, көзін жеткізіп, дәлелдетіп отыруға дағдыландыру керек. Осылай жұмыс істету арқылы олардың шығармашылық қабілетін дамытуға, белсенділігін арттыруға болады.
Дамыта оқыту жүйесі дидактикалық принциптерінің ішінде "Оқытудың тәрбиелік мәнінің болуы" жайлы ешнәрсе айтылмайды. Өйткені оқушылардың адамгершілік қасиеттерін, құлықтылығын қалыптастыру арнайы жарияланбағанымен тұгас жүйе, оның құрамдас бөліктері, әдістері арқылы іске асып жатуы ойластырылған.
Дамыта оқыту жүйесінде арнайы, жаңадан ойлап табылған әдіс-тәсіл жоқ. Өзіміз қолданып жүрген әдістер жаңа жағдайға бейімдей пайдаланылады. Сондай-ақ жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың мәні зор. Мысалы: дәстүрлі сабақтардағы сұрақ-жауап, әңгімелесу әдістері балалардан таныс нәрсені сұрап білуге негізделеді.[38] Ана тілі сабақтарында тақырыптық мазмұны бойынша, қазақ тілі, математикада материалдарды түсінгенін немесе түсінбегенін анықтау мақсатында сұрақ қойылып, жауап алынып жатады. Бір ғана жауабы бар сұраққа жауап та, тек бір сөзді қосып қайта айтып беруыен қайтарылады. Мысалы: -Балалар қайда барады? -Балалар мектепке барады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қойылатын сұрақтар проблемалы, ойлауды, пайымдауды қажет ететіндей етіп беріледі. Оқушы да ондай сұраққа өз ойын, өз пікірін білдіре жауап беруте дағдыланады. Мысалы: "Әңгіменің кейіпкері жайлы не айта аласың?" деген сұрақ.
Көрнекілік т.б. әдістер де осылайша жаңа мақсаттарға сәйкес өзгертіле, күрделендіріле пайдаланылады.
Дамыта оқыту сабақгарында жаңа материалды талдауға зор көңіл бөледі. Өйткені, талданбаған шығарма бала жүрегіне жетпейді деп есептелінеді.
Талдау-бірлескен ізденіс. Ізденіс барысында мүғалім әр баланың көңіл -күйін бақылауға, ой-пікірін байқауға мүмкіндік алады. Әсіресе оқу сабақгарындағы материалды талдау арқылы шығарманың айтар ойы, идеясы бала жүрегіне жетіп, талдау арқылы ар, ұят, қайырымдылық, әдептілік т.б. сияқты адамгершілік қасиеттер балалар бойына жұғысты болады.
Бұл жүйедегі баланы ойлауға үйрететін тәсілдердің бірі-салыстыру әдісі. Салыстыру деген не? Философиялық сөздікте "салыстыру объектілер арасындағы ұқсастық пен айырмашылықты анықтау. Қорытудың алғы шарты",- делінеді. Салыстыру неғұрлым қарапайым, бірақ аса мәнді ойлау операциясы, оқушының талдау, жинақтау қызметінің маңызды жағы заттар мен құбылыстарды салыстырмайынша олардың елеулі белгілерін анықтау мүмкін емес.
Айналаны тануда салыстырудың мәні зор. Бұл туралы К.Д.Ушинский [3]: "... салыстыру ойлаудың және қабылдаудың негізі" - деген.
Дидактикада салыстыру негізгі тәсіл болып табылады. Заттарды салыстыра отырып түсіну тек адамға ғана тән. Балалар салыстыру тәсілдерімен мектепке келгенге дейін де біршама танысады. Ал, мектепке келген соң, оқудың алғашқы күнінен бастап бұл тәсіл тұрақты пайдаланыла бастайды.[37]
Мұғалім салыстыру әдісімен сабақ жүргізе отырып, оқу материалын оңай, көрнекі етіп ұсынуға мүмкіндік алады. Баланың қиялын дамытады. Салыстыру белгілі мен белгісіз арасындағы көпір сияқгы, оқушыларға өмірінен тысқары білімді меңгеруге көмектеседі. Салыстыра отырып, оқушы заттар мен объектілердің байқалмай, көрінбей қалатын белгілерін анықгауға үйренеді. Баланың байқампаздығьт артады. Ал байқампаздық- баланың жалпы дамуындағы негізгі психологиялық компонент болып табылады. Оқушы салыстыра отырып, бұрынғы өтіп кеткен материалдар мен жаңа білім арасындағы логикалық байланыстарды анықтауға үйренеді. Неғұрлым салыстыру жұмысы тиімді ұйымдастырылса, соғұрлым білім алудағы формализм жойылып, ең негізгісі оқуға деген қызығушылық арта түседі.
Заттарды салыстыра отырып, тек ұқсастығы мен айырмашылығын тапқызып қоймай, олардың себептерін айқындатудың бала да. уы үшін маңызы зор. Біріншіден, заттардың әртүрлі белгілерін таба білуге үйренсе, екіншіден қабілеттері дамиды. Бастауыш сынып оқушылары салыстыра білмейді, сондықтан бұл жұмысты дұрыс ұйымдастыру мұғалімнен үлкен шеберлікті талап етеді. Ол үшін оның кезеңдерін, неден басталып, немен аяқталатынын, белгілерін білу керек. Белгі дегеніміз-заттарды басқа заттардан ажырататын көрініс. Бұл жұмыстың нәтижесінде жоғарыда айтылып кеткен байқампаздық арта түседі.
-
Білім беруде дамыта оқыту технологияларын қолдану түрлері
Еліміз егемендік алғаннан бері білім беру саласында елеулі өзгерістер болып отыр: білім берудің мазмұны жаңарып өзгерді. Жаңа талпыныс, жаңа ашылған жолдардың бірі – білім берудың жаңа жүйесінің жасалуы. Бұл педагогикадағы тұтас педагогикалық үрдістегі өзгертулермен тығыз байланысты.
Дегенмен де адам психикасын дамытудағы ең қажетті құрылым – оқыту болса, кез-келген оқыту есте сақтау мен білімді дамытады. Ал оқыту мен дамыту өз алдына жеке үрдіс бола алмайды, өйткені екеуі де жеке тұлғаның дамуына әсер етеді. Осыдан мынадай екі концепция шығады:
1. Оқытудың даму концепциясы Ж.Пиаже, З.Фрейд, Д.Дьюидің пікірлерінше: бала даму барысында оқиды. Яғни мұнда бала психикасының даму заңдылығына сүйенеміз.
2. Дамыта оқыту концепциясында бала оқу арқылы дамиды. ХХғасырда бұл теорияның негізін салған орыс ғалымдары: А.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, Л.В.Занков, В.В.Давыдов т.б. Қазіргі таңда жеке тұлға қоғам үшін белсенді түрде, яғни аз уақытты қамтып, жоғары сапалық дәрежеде дамуы қажет. Сол үшін бұл педагогикалық технологияны дамыта оқыту технологиясы дейміз. Дамыта оқыту жеке тұлғаның дамуына бағыт-бағдар беріп, белсенділігін арттырады.
Физиологиялық дамуда бала бойының өсуі,бұлшық еттің дамуы, салмақтың қосылуы, яғни дені сау, шыныққан, шыдамды т.б. қорытындылар айтуға болады.
Ал психикасы туралы не дер едік? Оның қаншалықты дамығандығын оқыту үрдісі мен жас ерекшелігі арқылы анықтаймыз.
Қазіргі кездегі дамыта оқыту технологиясы балаға өз бетінше ойлана білуге, сыртқы ортамен қарым-қатынас жасауына ықпал етеді. Қарым-қатынас жасау барысында: жоспарлауға, мақсат қоя білуге, қойылған мақсат – міндеттерді жүзеге асырып, қорытындыны талдай білуге дағдыланады. Міне, осындай жүйелер арқылы «өзіндік даму» жүзеге асады. Соның негізінде өзіндік талдау, жинақтау, өзіндік бағыт беру, өзіндік тәрбие, білім алу жүйелері қалыптасады. Яғни, дамыта оқыту жеке тұлғаның барлық қасиеттерінің дамуына бағытталады. Выготский: «Педагогика бала дамуының ертеңгі емес, кешегі күніне сүйену керек», деген. Осыған орай ол бала дамуының екі деңгейін анықтады:
1. Өзекті даму деңгейі – бала бойында қалыптасқан, өз бетінше орындай алатын іс-әрекеттер.
2. Жақын даму аймағы – бұл бала әлі өз бетінше іс-әрекетті орындай алмайды, бірақ үлкендердің көмегімен жүзеге асыра алатын көрініс.
Тұлға жақын даму аймағына өтуде өзекті даму аймағындағы білімдерін өз бетінще қолдануға, өзіндік танымын танытуға дағдыланады. Г.К.Селевко өзіндік дамыта оқыту технологиясын жүйеге келтіріп, оны үш бөлікке бөлді.
1) «Теория» өзін-өзі жетілдірудің теориялық негізін ұғыну. Бұл мектеп бағдарламасына енгізілген.
2) «Практика» - өзін-өзі жетілдіруді іс-жүзіне асыра білу. Бұл іс-әрекет сабақтан тыс уақытта орындалады.
3) «Әдістеме» ғылыми негізін жасауда өзін-өзі дамыта оқытудың әдісі мен құрылымын жасап, жүзеге асыру.
1. Таным қабілетінің дамуы – бұл барлық мұғалімдердің барлық пәндер бойынша оқыту процесіндегі мақсаттылық іс-әрекеті.
2. Оқушыларға білім беру және объективтік шындықты тану мәселелері жайындағы оқулықтың ролі.
3. Оқытудың әдістері мен формаларын жетілдіру.
4. Мұғалімнің теориялық дайындығы, педагогикалық шеберлігі, білімдарлығы оқушылардың таным іс-әрекетін дамытудың шешуші құралдарының бірі.
Дамыта оқыту технологясында қолданатын ойындардың түрлері өте көп, “Брейн - ринг”, “Білім биржасы”, “Қатені тап”, “Бақтыты сәт” және т.б.. Мұндай ойын арқылы берілген оқу материалын бала тез игереді, өзі сабаққа белсенді түрде қатысады. Бастауыш сыныпта бала әлі де ойын баласы, сондықтан мұндай сабақтар баланы қызықтырады. Мысалы, ана тілі сабағында “Түбір мен қосымша” тақырыбын өткен кезде мынадай ойын түрлерін қолдандым. “Бүр жинау” ойыны.
Ойынның мақсаты: түбір мен қосымша туралы білімдерін тереңдету, шығармашылық қабілетін дамыту.
Ойын барысы: шыршаның суреті беріледі, бүрлері бар. Сиқырлы бүрлердің артындағы сұраққа жауап беру керек.
Түбір сөзге қосымша жалғанғанда қандай өзгеріс болады?
Қосымша қандай қызмет атқарады?
“Түйені жетектеу” ойыны.
Мұғалімнің үстеліне түйенің макеті қойылады. Кімде кім жаттығудағы сөздерді көшіріп жазып, түбірін тауып астын сызса және алдымен орындаса, сол бала түйенің жібін алып жетектейді.
“Мақал қуаласпақ” ойыны.
Мұғалім мақалдың алғашқы бөлігін оқушылар мағанасына қарай мақалдың жалғасын табу керек.
Жығылып жатып …
(Сүрінгенге күлме)
Біреуге ор қазба …
(Өзің түсесің)
Жауға жаныңды берсең де …
(Сырыңды берме)
Жас жемісті жұлма …
(Жас баланы ұрма)
Тағы бір ойын түрі “Терме диктант”.
Тақтада жазылған ырым – тыйымдар арасынан дәмге бай-ланысты ырымдарды теріп жаз.
Тақтада жазылған ырым – тыйымдар арасынан малға бай-ланысты тыйымдарды теріп жаз.
Оқушылардың шығармашлық қабілеттерінің жоғары деңгейде жазылған шығармасын ұйымдастыру үшін екі топтағы шарттар қажет.
Біріншісі – оқушының толық дамуын қамтамасыз ететін дидактикалық шартты орындалуын талап етеді.
Екінші шарты - әдістемелік мазмұнында. Ол оқушылардың грамматикалық, стилистикалық дағдыларды меңгеруді, шығарма тақырыптарын анықтауды және солармен жұмысын ұйымдастыруды талап етеді.
Шығарма тақырыбы оның мазмұнын анықтайды. Сондықтан да әрбір тақырып – бұл жаңа мазмұн.
Автор өз зерттеуінде тақырыптың екі негізгі тобын анықтайды: өнімсіз және шығармашылық.
Бірінші топтағы тақырыптар бала тәжірибесінен бөлек бір құбылыстың ашылуын немесе белгілі оқу пәні бойынша қарастырады.
Мысалы, «Қоян туралы мен не білемін?» тақырыбында шығарма жазу да қоян туралы бар біліммен жұмысты жазып шығу өнімсіз деңгейге сәйкес.
Ал, осы тақырыпқа ұқсас келетін «Қояндар суда өмір сүре ала ма?» тақырыбындағы жұмыс өзгеше қарауды талап етеді. Себебі тек қоян туралы білетін біліммен, мағлұматпен шектелуге болмайды. Берілген сұраққа жауап беру үшін оқушы тірі табиғат пен өлі табиғатты, табиғаттың байланысын, ортасы мен оның тамақтану қабілетін байланыстыра қарастырады.
Бұл жұмыста оқушы қоян туралы бар білетініне сүйене отырып, салыстыру, дәлелдеу, нәтиже шығару сияқты жұмыстарды орындауы тиіс, яғни шығармашылық бағытта жұмыстануы қажет болады.
Аталған жұмыс түрлері бастауыш мектеп оқушыларына ешқандай қиындық келтірмейді.
Екінші топтағы, яғни шығармашылық бағыттағы шығармалар әртүрлі деңгейдегі жұмыстар болуы мүмкін.
Мысалы, оқушы «Қояндар суда өмір сүре ала ма?», «Қасқыр мен мысықтың арасында қандай ұқсастық, айырмашылық бар?» деген тақырыпта шығарма жазуда бір оқу пәнінің ішіндегі бөлек тараулардың байланысын ашу жұмыстанады.
Сондай- ақ әртүрлі пәндер арасындағы байланысты ашуға көмектеседі. Мысалы, математика пәнімен дүниетану немесе сурет, ән-күй сабақтарының арасындағы материалдарға негізделген болуы мүмкін.
Ал «Тіл адамдарға не үшін қажет?», «Менің айналамдағы орта», «Жақсылық, мырзалық деген не?» деген тақырыбындағы шығармалар оқушыдан жоғары дәрежедегі ақыл-ой белсенділігін, яғни мағлұмат, деректерін, білімдерін сұрыптай отырып өз тәжірибелерініе, бақылыауларына сүйену негізінде баяндауларын талап етеді.
Шығармашылық бағыттағы шығармаларды жазуда ескеретін негізгі мәселелер:
Біріншіден, олардың мазмұнының оқушы білімі мен тәжірибесіне сай келуі;
Екіншіден, тақырып таңдауда еркіндік беру, өйткені оқушыға қай тақырып жеңіл және таныс, сол бағытта өз ойын еркін және толық жеткізе алады.
Шығарманың тақырыптары оқушыларға өздерінің жақсы білетін жақтарын ашып көрсетуге ғана емес, сонымен бірге әлі де болса толық қалыптаса қоймаған жетіспейтін жақтарын да одан әрі дамытуға мүмкіндік беруі тиіс.
Мысалы: «Мысық пен күшік», «Аңдар орманда қалай қыстайды?», «Адамның жүйке жүйесі» сияқты тақырыптар, олардың шығармашылық елестетулерінің көрініп, көркем бейнені суреттей білуіне көмектесе отырып, логикалық ойлау, есте сақтау, елестету қабілеттерінің жете дамуына көмектеседі.
Автордың пікірінше, өнімсіз және шығармашылық тақырыптарды өзара байланыстыра отырып, қолданған тиімді. Себебі, өнімсіз тақырыптар шығарманың жоспарын құру, керекті материалды қатаң іріктеу, баяндау тәсілін сақтау сияқты қажет дағдыларды қалыптастыруға көмектесетін жаттығулар есебінде жұмсалады.
Бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығулар туралы профессор С.Рахметова былай деді: «Балалардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып, жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп, тиісті сөздерді ауыздарына салып, басшылқ етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс». «Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы» деген кітапта: «Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары қалыптасады» деп көрсетілді. [9]
Тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары орындалады. Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады. Біріншіден: оқушының білімін нақтылайды, әрі нығайтады; екіншіден: өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой қабілетін арттырады. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында жүргізілетін жаттығуларда мынадай талап қамтылуы тиіс:
1. Белгілі бір жаттығуларды орындау үшін оқушылардың сол жаттығуларды орындай алатындай білімі болуы шарт.
2. Жаттығу оқушының тілге қызығуын, ынтасын арттыруға тиіс.
3. Жаттығу кездейсоқ болмай, белгілі бір жүйемен келуі, ұсынылуы керек.
4. Шығармашылықты талп ететін жаттығулар көбірек болуы тиіс.
Жаттығу арқылы оқылып жатқан материалмен жүргізілетін оқу әрекеті жүзеге асырылады. Жаттығуларды орындау негізінде оқушылардың ақыл-ой әрекеттері, ақыл-ой қызметінің белсенділігі қалыптасады, дамытылады.
Жаттығулар бір мақсатқа бағытталған, өзара байланысты әрекеттердің тұтастығын көрсетеді. Ол әрекеттер тілдік және ой операциясының күрделенуіне байланысты бірінен соң екіншісі орындалады.
Дамыта оқыту жүйесіндегі қай деңгейдегі жаттығу болса да, оның орындалу логикасы мынадай қадамдардан тұрады:
1) оқушы өзі танып-білуі тиіс болып отырған таным нысанын басқалардан айқын ажыратып алады;
2) оқушы өзінің танып-білуі тиіс таным объектісінің сыртқы белгілерімен саналы түрде танысады;
2) оқушы нақты қандай заңдылықты «ашу» керектігін оқу міндеті ретінде өзіне дұрыс белгілеп алады..
Оқушыға орындайтын грамматикалық-тілдік жаттығулардан мен қолданған кейбір үлгілерді көрсетейін.
1-жаттығу. Сөз жұптарын салыстырып оқы, олардың әрқайсысына сұрақ қой. Олардың бір-бірінен өзгешелігі неде?
Домбыра – домбырашы, балық-балықшы, сурет-суретші, құрылыс-құрылысшы, қобыз-қобызшы, теңіз-теңізші.
2-жаттығу. 1-жаттығуда берілген сөздердің мағыналарына тағы бір назар аударып, олардың ішінде өзара ортақ белгілері бар сөздер бар не жоқ екенін анықтаңдар. Соларды топ-топқа бөліп дәптерге жазыңдар.
Домбыра, домбырашы, балық, балықшы, сурет, суретші, құрылыс, құрылысшы, қобыз, қобызшы, теңіз, теңізші.
3-жаттығу. Төменде берілген түбір сөздерді қосымшалы сөзге айналдыр.
4-жаттығу. Түбірге жалғанған қосымшаларды тауып, жұрнақ пен жалғауды ажырат.
Батырлық, батырға, зейнеткер, ойыншық, ауылға, балалықпен, өнерпаздар.
5-жаттығу. Берілген сызбаға сай сөзді тап.
∩, ∩ ^ , ∩ ^ ¬ , ∩ ^ ¬, ∩ ¬
6-жаттығу. Сөзге қосымшаның қай түрі бірінші жалғанатынын айтып, сөздерді көшіріп жаз.
Ауылдастар, көлшікке, бүркітшілер, оқушылар, аңдар.
7-жаттығу. Көп нүктенің орнына түбір сөзді тауып жаз.
лық гіш лі
.... шы ...... ім ....... ші
Ға ді ден
8-жаттығу. Берілген сөздерге тиісті жұрнақтарды жалғап, түбірлес сөз жаса.
Оқу, бас, біл, су, іс.
9-жаттығу. Көп нүктенің орнына берілген сөзден ортақ жұрнақты жаз.
Грамматикалық-тілдік жаттығуларды орындау барысында оқушылар мынадай ізденімдік-зерттеу міндеттерін шешеді:
-
сөз құрамына байланысты өзгерістерді бақылайды;
-
түбір сөз бен қосымшалы сөз мағынасының табиғатын тану мақсатында лексикалық талдау жасайды;
-
сөз құрамына талдау жасайды.
Сөз құрамын дамыта оқытуда оқушылар орындайтын сөйлеу түрлеріне тоқталып өтпекпіз.
1-жаттығу. Кім шапшаң? Берілген дыбыстар әрбір мақалдың бас әріпі. Ойланып көр де , орнына қой.
1. Ө...ө...ж...
2. К...ж...о...
3. Е...а...е...ш...
4. Ы...а... – ы...
5. Ө...б...с...
6. Е...і... – а...б...
2-жаттығу. Берілген сөздерге мағынасы жуық сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңдер. Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.
Перзент, ізетті, ірі, таяу.
3-жаттығу. Төмендегі сөздерге мағынасы қарама-қарсы сөздерді тауып жаз.
Шалғай, қатыгез, таяз, қою, үлкен, кең.
4-жаттығу. Сыныптағы ең тәртіпті және ең тәртіпсіз оқушыға мінездеме бер.
5-жаттығу. Мәтінді оқы. Ондағы қарамен жазылған сөздерді қосымшасыз айтып көр, сонда сөздер дұрыс байланыса ма?
Марқакөл
Марқакөл қорығы Шығыс Қазақстанда. Марқакөл – үлкен, мөлдір сулы, балықты көл. Оның айналасы тасты, орманды тау. Бұл көлге бірнеше өзендер мен бұлақтар, жылғалар құяды.
Қорықта алуан түрлі ағаштар, жеміс-жидектер өседі. Солардың ішінде балқарағайды ерекше атауға болады. Бұл ұзақ жасайтын, әрі ұзын, әрі қатты ағаш. Балқарағайдан көптеген пайдалы заттар алынады. (С.Оспанов).
6-жаттығу. «Қосымша» тақырыбына қосымшаның түрлері туралы шығарма жазыңдар. Онда жұрнақ пен жалғау - өздерің жақсы білетін таныс достарындай сипатталсын.
7-жаттығу. Екі бағандағы сөздердің байланысын сызықпен жалғастырып көрсет.
ақылды ал
білім іш
өнерлі оқушы
сусын тәрбиеші
сыйлық апар
8-жаттығу. Мақалды жатқа жаз, қосымшаның екі түрі қатар тұрған сөздерді тап.
Еңбек ерлікке жеткізеді,
Ерлік елдікке жеткізеді.
9-жаттығу. Өлеңді, оқы, соған қарап, әрі қарай ұйқастыр.
Қон
Қоң
Жайлауға қон
Жисын мол коң (Е.Елубаев)
Кен
Кең
...
10-жаттығу. Берілген сөздерді қатыстырып шағын әңгіме құра.
Білім, оқушы, оқулық, біл, оқу.
Рефлексиялық жаттығулар.
1-жаттығу. Берілген мәтінді оқып шығыңдар. Сөйлемдерде қай жерде жалғау жалғап, дәптерге жазыңдар.
2-жаттығу. Берілген мәтінді түзеңдер: оны қысқартып, қайталаулар мен бірдей сөз тіркестерін және мәндес сөздерді алып тастаңдар.
3-жаттығу. Берілген сөздерді жалғаумен байланыстырып сөйлем құраңдар.
4-жаттығу. Берілген сөздерді өзара мағыналық байланыстыра, тұтас бір мәтін құраңдар.
5-жаттығу. Алдымен түбір сөздерді жазыңдар. Содан кейін оларға ретіне қарай жұрнақ пен жалғаудың бірін қосып жазыңдар.
Осы көрсетілген грамматикалық-тілдік, сөйлеу, рефлексиялық жаттығуларды орындату барысында мұғалім мынадай дидактикалық-әдістемелік міндеттерді шешеді деп ойлаймыз.
-
сөз құрамының сөйлем және мәтін құру қызметін тану үшін, функционалдық талдаулар жасайды;
-
сөздің лексикалық мағынасы мен грамматикалық мағыналарын меңгереді;
-
сөз құрамын графикалық модельдеуге үйренеді;
-
шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында түрлі шығармашылық жаттығулар орындайды.
Қазіргі кезде жеке тұлғаны қалыптастырып, дамыту, жан-жақты терең білім беру технологиялары сараланып ұсынылуда.
ҚОРЫТЫНДЫ
Білім - ел қазынасы, халқымыздың білімділігі – ел байлығы. Уақыт талабына сай білім беру үшін оқытудың жаңаша әдістерін қолдануымыз қажет. Оқушылардың алатын негізгі білімдерінің сапасы оқыту дәрежесіне тәуелді. Сондықтан әрбір ұстаз - өз ісінің шебері, яғни жан-жақты ізденгіш жаңашыл болып, оқушының білімге ықыласы мен қызығуын арттыру мақсатында сабақтың құрылымы мен әдіс тәсілдерін өзгертіп отыруы қажет.
Дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша негізгі міндеттерді орындау үшін көптеген педагогикалық әдістемелік және жаңа талаптарға арнайы әдебиеттерге ізденістер жасалып, әдебиеттік шолулар келтірілді.
Әдебиеттік шолулар бойынша тақырыбымыздың теориялық сипаттағы мәселелері жүйелі түрде қаралды.
Эксперименттік бөлімде қазіргі заман талабына сай педагогика ғылымының алдында тұрған міндеттерді ең қолайлы жинақы түрде шешу үшін алғы шарт жасайтын – инновациялық, дамыыта оқыту технологиясы оңтайлы әдіспен оқытуда тиімді пайдалану арқылы баланы бір тұлға деп қарап, оны оқытушы мен тең әріптестік қалыпта ұстап, білім алу арқылы дамуын, танымдық қабілетін, шығармашылық ізденісін тереңдетуге, сөздік қорын дамытуға, дарынды балалармен жүйелі жұмыс жасауға болатынын зерттеу барысында педагогикалық іс-тәжірбиелер арқылы көрсетілген.
Сонымен қатар бұл:
- Қазіргі кезеңдегі төменгі сынып оқушыларына инновациялық-дидактикалық оқыту технологиясы арқылы білім берудің ғылыми - теориялық негіздері.
- Жаңа педагогикалық технология – дамыта оқыту технологиясының мазмұны және оны пәнді оқыту сапасын арттыруда пайдалану.
- Оқыту процесін жаңа педагогикалық технологиялар арқылы оңтайландыру.
- Оқытуды оңтайландыру тәсілдерінің жүйесі
- Жаңа технологияны білім саласында пайдаланудың маңыздылығы.
- Дамыта оқыту технологиясы.
- Оқу барысында оқушы қызметін бағалау.
- Оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және тексеру.
- Дамыта оқыту технологиясы барысында, сөйлесу бөлімінде оқытудың бесенді әдістерін пайдалану.
- Дамыта оқыту технологиясының ерекшеліктері
Жаңа педагогикалық технологияларды пайдаланудың білім беру үрдісіндегі маңызы бүгінгі күні дәлелденуде.
Егемендігін алған елімізде жаңа ғасыр алдында оқытудың жаңа жүйесі қалыптасуда, ертеңгі күнге бағытталған рухани жаңарудың іргетасы қалануда. Осындай жаңалықтар оқушылардың ақыл-ойын, шығармашылығын дамыту мәселелерін шешеді. Білімнің сапасын көтереді.
Сонымен біз дамыта оқыту мен дәстүрлі оқыту жүйелерінің ерекшеліктері мен өзгерістеріне тоқталып өтсек. Айтылғандарды қорыта келе, дәстүрлі оқыту әдістемесі негізінде метафизикалық (экстенсивтік, сандық, мазмұндық) әдіснама, ал дамыта оқыту технологиясының негізінде диалектикалық (интенсивті, сапалық, мәнділік) әдіснамасы жатыр деп айтуға болады.
Дәстүрлі оқыту балада білім, білік, дағды алуға қажетті ақыл, сана бар деп есептеп, сол ақылға дайын білімді құю керек деген көзқарасқа, ал дамыта оқыту білімді бала бойындағы табиғи қабілеттерді жаңа белестерге көтеруді мақсат тұтатын принциптерге негізделген. Дәстүрлі оқыту жаттауға, есте сақгауға, ал дамыта оқыту дербес жүмыс істеуге, алған білімді падалана білуге үйретеді.
Балалардың ой санасын дамытуға, мінез-құлқын қалыптастыруға, дүниетанымын кеңейтуге, көркем әдебиет шығармаларындағы кейіпкерлердің өмірі мен іс-әрекеттері үлкен әсер етеді. Әсіресе бастауыш сынып балалары өздерінің жас шамаларына қарай ертегі, аңыз-әңгімелерді сүйсініп оқиды. Ондағы басты кейіпкерлердің іс-әрекеттеріне еліктейді, өзінше қорытынды жасауға тырысады. Дамыта оқыту арнайы педагогикалық технологияларды қажет етеді. Ол технологияларда баланы қоршаған ортамж еркін қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігі беріледі.
Қорыта келгенде, дамыта оқыту арқылы оқушылардың, өзіндік танымын жетілдірсек, тек ақылды ғана емес, сонымен қатар өз іс-әрекетін сараптап, жан-жүрегімен сезіне алатын, жоғары білімді ұрпақ тәрбиелей аламыз деген сенімдеміз.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
Қазақстан Республикасының «Білім туралы Заңы» 27 шілде 2007 жыл.
-
ҚР Білім беру тұжырымдамасы
-
Л.В.Занков. "Избранные труды". Москва "Педагогика"-1990г.
-
Л.С.Выготский. "Воображение и творчество в детском возрасте". Москва, Просвещение, 1987г.
-
Д.Б.Эльконин. "Избранные психологические труды" М:Педагогика- 1989г.
-
Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаев. "Педагогика" Алматы, 2002ж.
-
Б.Тұрғынбаева. "Дамыта оқыту технологиялары" Алматы,2000 Оқу-әдістемелік құрал.
-
З.Смаилова. "Дамыта оқыту технологиясының жеке тұлғаның дамуына әсері" . Бастауыш мектеп, ғ 9-2004ж.
-
Т.Қоқымбаева. "Оқушының өзіндік жұмысын ұйымдастыру". Бастауыш мектеп, 5-2003ж.
-
Ж.Аяпова "Білім беру технологиясынын жетілдірудің психологиялық және педагогикалық сипаттары". Бастауыш мектеп, 5-2003ж.
-
Қ.Даупаев "Дамыта оқытудың дидактикалық принциптері". Бастауыш мектеп, 7-2003ж.
-
Рахметова, П.Жаманқұлова, Б.Қабатаева. "Ана тілін оқыту әдістемесі" Алматы, "Атамұра" 1998ж.
-
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы.
-
Ж.Сардарова. "Бастауыш сыныптың тіл сабақтарыңда дамыта оқыту ерекшеліктері". Бастауыш мектеп, 9-2003ж.
-
Д.Малдыбаева. "Оқу мен жазу арқылы ойлауды дамыту". Бастауыш мектеп, 12-2002ж.
-
Л.Аяғанова. "Жаңа технологиялар-сабақта ". Бастауыш мектеп, 4-2003ж.
-
Ү.Жаздықбаева, Ж.Тажиева. "Жаңа адамды тек жаңашыл ұстаз тәрбиелейді". Әдістемелік құрал, Шымкент —2001.
-
Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы // Егемен Қазақстан – 2003, 26 желтоқсан. –№332
-
Рахметова С. Бастауыш класта оқушылардың тілін дамытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (пед. ғыл. док. дисс.). – Алматы: 1994.
-
Әбдікәрімова Т.М. Бастауыш класта текст арқылы ауызша тіл дамыту. Пед.ғыл.канд.дис. Алматы, 1993.
-
Уайсова Г.И. Методика обучения лексическую систему родного языка в казахской школе: педагогика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 1993.
-
Жұмабаева Ә.Е. Бастауыш мектептегі сауат ашу кезеңінде жүргізілетін тіл дамыту жұмыстарының әдістемесі: педагогика ғылымдарының кандидаты дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация. – Алматы, 1998.
-
Байтұрсынов А. Тіл тағылымы. – Алматы: Ана тілі, 1992.
-
Жұмабаев М. Педагогика. – Алматы, 1992.
-
Меңдаяхова Қ. Байланыстырып сөйлеуге үйрету арқылы қазақ тілін оқытудың ғылыми-әдістемелік негіздері (мектепалды даярлық топтары мен 1-сынып). -Пед. ғыл. док. автореф. – 2009.
-
Ермекбаев М. Бастауыш мектеп оқушыларының қазақша сөздiк қорын молайту әдiстемесi: пед.ғыл.канд. ғылыми атағын алу үшiн дайындалған диссертация. – Алматы, 2003.
-
Выготский Л.С. Психология. –Москва. Апрель Пресс, 2000.
-
Аймауытов Ж. Тәрбиеге жетекші. Кітапта: Бес томдық шығармалар жинағы. 4-ші том. Алматы. Ғылым 1998.
-
Жалпы білім беретін мектептің 2-4 сыныптарына арналған «Әдебиеттік оқу» бағдарламасы.- Астана, 2010.
-
Рахметова С. Қазақ тілін оқыту методикасы.-Алматы: Ана тілі, 1991.
-
Ш.Х.Құрманалина Педагогика. Аматы, 2007ж.
-
В.В.Давыдов. "Проблемы развивающего обучения" Москва, Просвещение , 1986г.
-
Селевко Г.К. Современные образовательные технологии. – М.1988.
-
Нағымжанова Қ.М. Инновациялы-креативті технологиялар. – Өскемен, 2005.
-
Бұзаубақова К.Ж. «Жаңа педагогикалық технологиялар», Тараз. ТарМУ-2003.
-
ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті 12 жылдық білім беру стандарты, 2007.
-
ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
-
Айсина М. Дамыта оқыту – білім беру мен тәрбие өзегі. Қазақстан мектебі – 2006. - №2
-
Әбенбаев С, Құдиярова А., «Педагогика». Астана «Фолиант», 2003.
-
Бабаева С. Педагогика. Алматы. – 2001.
-
Байсеркеева Н. Дамыта оқыту технологиясы. Ұлағат. 2008.-№4.
-
Байшина Г. Жеке тұлғаны дамытудағы оқытудың құндылығы. Қазақстан мектебі. 2001 - №4.
-
Жаппаров А. Дамыта оқытуда оқушылардың әрекетін ұйымдастыру жүйесі. Қазақстан мектебі . 2006. - №2.
-
Нәсиқызы Г. Дамыта оқыту технологиясы. Ұлағат, 2009.-№3.
-
Нұрғожина А. Дамыта оқыту жүйесінің оқу әрекетіндегі маңыздылығы. Бастауыш мектеп. 2010. №2.
-
Оберқұлова Л. Дамыта оқыту – бүгін сабақта. Қазақстан мектебі. 2010. - №2.
-
Сансызбайұлы А. Дамыта оқыту. Қазақстан мектебі. 2007. - №1.
Қосымша 1
Абай орта мектебі
Тақырыбы:
«Әнұран. Буын»
(саяхат сабақ)
Өткізген: Шәріпхан Б.
2015-2016 оқу жылы
Ана тілі
1-сынып
Сабақтың тақырыбы: Әнұран. Буын. (саяхат сабақ).
Сабақтың мақсаты:
1. Әнұран
туралы мәліметтерін толықтыру және буын туралы білімдерін
пысықтау.
2. Оқушылардың ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту, сөздік
қорын, тіл байлығын арттыру.
3. Өз ойын еркін жеткізе білуге және ізденімпаздыққа, ынтымақ пен
бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: слайдтар, ребустар, кестелер.
Әдіс-тәсіл: дамыта оқыту және сын тұрғысынан ойлау технологиялары
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес сабақ
Сабақтың жоспары:
І. Қызығушылықты ояту.- 1 минут
1. Таңғы тілек.
2. Өткенді шолу.
ІІ. Мағынаны тану – 12 минут
-
Буындарды пысықтау.
-
Әнұран. Өлеңмен жұмыс
-
Жұп дауыстылары пысықтау
-
Дәптермен жұмыс
ІІІ. Ой толғаныс: - 5 минут
-
Буындар сыйлығы. Ойыны
-
Венн диаграммасы
-
Тест тапсырмасы
-
Үйге тапсырма.
-
Сәттілік тілегі.
Сабақтың барысы:
Ана тілінен айырылған адам
өз халқы жасаған мәдени мұраның
бәрінен құралақан қалады.
Ғ.Мүсірепов.
І. ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ОЯТУ.
- Бүгін біз «Буын патшалығына» саяхат жасаймыз.
Бүгінгі сабағымыздың мақсаты – буын туралы білімдерімізді пысықтау.
Сәттілік тілегін айту:
«Қайырлы таң деп айтамыз
Түсте бірге қайтамыз.
Отбасының гүліміз
Көңілді өтер күніміз».
Стикерлер арқылы топқа бөлу.
Топтардың аттарын белгілеу.
1-топ: 1-вагон – ................
2-топ: 2-вагон – .................
«Буын паташалығына» саяхат.
1-бекет: «Адасқан буындар» бекеті
Өткен сабақты тест арқылы пысықтау.
«Адасқан буынды тап» тапсырмасы.
Ребус шешу:
1-вагон – Қазақ тілі
2-вагон - Қазақстан
МАҒЫНАНЫ ТАНУ:
2-бекет:
«Әнұран» бекеті.
Тапсырмалары:
-
Әнұран өлеңін мәнерлеп оқыту.
-
Еліміздің әнұранын әнімен айтқызу.
-
Отан туралы қандай өлең-тақпақ білетінін айтқызу.
3-бекет:
«Жуан және жіңішке дауыстылар» бекеті.
Артық сөзді тап тапсырмасы:
Сергіту сәті. (музыка пәнімен байланыс)
4 – бекет:
«Жазушылар» бекеті.
Дәптермен жұмыс:
87-жаттығу.
-
Суретке қарап, көп нүктенің орнына тиісті буынды тауып қой.
-
Сөздерді буынға бөліп жаз.
ІІІ. Ой толғаныс:
-
«Буындар сыйлығы» ойыны.
Әнұранды әнімен айтқаны үшін оқушылар сыйлық алды.
Оқушылардағы сыйлық саны әртүрлі.
Мысалы: Айгүл 2 сыйлық,
Перизат 3 сыйлық алды.
Тапсырма:
Сыйлықтың қалай бөлінгенін айт.
5-бекет: «Сынақ» бекеті
-
Тест орындау.
Тест тапсырмасы
1-сынып
Оқушының аты-жөні: _____________________________________
№ |
Сұрақтары |
жауаптары |
1 |
Көп нүктенің орнына керек әріпті жаз. А…
|
А) о Ә) ң Б) а |
2 |
Көреміз және жазамыз: |
А) әріп Ә) дыбыс Б) сөз |
3 |
Естиміз және айтамыз: |
А) әріп Ә) дыбыс Б) сөз |
4 |
Жуан және жіңішке дыбыстар аралас келіп тұрған сөзді тап: |
А) күйші Ә) оқушы Б) мұғалім |
5 |
Жіңішке айтылатын сөзді тап: |
А) күйші Ә) оқушы Б) мұғалім |
6 |
Жуан айтылатын сөзді тап: |
А) биші Ә) аңшы Б) әнші |
7 |
Үзінді қай мәтіннен алынған? «- Қой, достым! Киім ескіргенмен, кітап ескірмейді. Кітаптың сырты ескіргенімен, ішіндегі ақыл сөзі ескірмейді, - депті». |
А) Жылыжайда. Ә) Тиін. Б)Кітап ескірмейді. |
8 |
«Орман емшісі» қай құс? |
А) торғай Ә) бүркіт Б) тоқылдақ |
9 |
Алфавитте неше әріп бар? |
А) 10 Ә) 42 Б) 53 |
10 |
Жұп дауыстыларды тап: |
А) а-ә, о-ө, ұ-ү, ы-і Ә) а-ә, и-й, е-ё, ю-я Б) к-қ, л-р, с-ш, п-ф |
-
«Венн диаграммасы»
1-вагон: «Ұ мен Ү» дыбыстарына
2-вагон: «О мен Ө» дыбыстарына
Буын патшалығына келдік.
Бағалау: Оқушыларды сабаққа қатысуына қарай бағалау.
Үйге тапсырма: 88-жаттығу
Қорытынды: Балалар, сабақ ұнады ма? Бүгінгі сабақта нені қайталадық? Буын қалай жасалады?
Оқушылар тілек ағашына тілек жазып іледі.
-Сендерге бүгінгі сабақ ұнады ма?
-Қандай тапсырма ұнады?
-Алдағы уақытта осындай сабақтар болғанын қалар ма едіңдер?
-
Сау болыңдар.
Қосымша 2
Ана тілі 1 сынып.
Сабақтың тақырыбы: Малдың төлін сүюі.
Сабақтың мақсаты: Өлеңді мәнерлеп оқуға, оның мазмұнын түсінуге, сауатты оқи, жаза білуге баулу.
Дамытушылығы: Сөздік қорын жетілдіру, сөйлеу және жазу
мәдениетін дамыту, шығармашылық қабілетін
арттыру.
Тәрбиелілігі: Төрт түлік малды құрметтей, қастерлей
білуге баулу.
Сабақтың түрі: Қорытынды сабақ.
Қолданылған технологиялар: : Дамыта оқыту технологиясы және СТО
технологиясы.
Сабақтың әдісі Тест, түсіндіру әдісі, « Венн»
диаграммасы, «Ой шақыру» стратегиясы,
«Жигсо» стратегиясы, топтық жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: «Дала көркі- мал», «Табиғатым – тал
бесігім», «Қазақ халқының қолөнері»
бүктемелері, «Мен жәнеэкология» файлы,
плакаттар, төрт түлік малдың суреттері,
оқушылардың шығармашылық-танымдық
жұмыстары.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану, музыка, математика.
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық.
2.Үй жұмысын тексеру.
Тест.
1. Құлын қай малдың төлі?
-
Түйе
Жылқы
Қой
-
Сиыр
2. "Көс, көс"деп қай төлді шақырады?
-
Бота
-
Құлын
-
Бұзау
-
Қозы
3. Зеңгі баба қай малдың иесі?
Түйе
Сиыр
Жылқы
Қой
4. Лақ қай малдың төлі?
Түйе
Қой
Ешкі
Жылқы
5. Қозы кай малдың төлі?
Ешкі
Сиыр
Түйе
Қой
Сергіту сәті
Жабырқауды білмейміз, Жалқаулықты сүймейміз.
Біз талантты жас ұлан, Үлгі аламыз жақсыдан
Ой шақыру
Сынып оқушыларын 4 топқа бөліп отырғызамын.
1 -топ: "Құлыншақ".
2-топ: "Ботақан".
3-топ: "Торпағым".
4-топ: "Қошақан".
Осы төрт топпен "Ой шақыру" стратегиясын қолдана отырып, өткен
сабақты бекітіп, жаңа сабақты бастаймын.
9. Венн диаграммасы
Жылқы Түйе
Құлын
Қымыз
Жалы бар
Үй
жану- Бота
арлары,
Ет береді, Қымыран
сүт береді Өркеші бар
“Венн”диаграммасы арқылы жылқы және түйе малының ортақ қасиетін, айырмашылықтарын тауып, оны плакатқа жазамыз.
Кәне, балалар, алдымен осы екі жануардың ортақ қасиетін
табайықшы, кім айтады, жылқы мен түйе қандай жануар?
- Үй жануарлары "оқушылар жауап береді".
- Жылқы мен түйеден адамдар не алады?
- Ет, сүт алады
- Енді айырмашылықтарын
айтайық.
Осылайша
"Ботақан" және
иҚұлыншақ"тобының оқушылары
осы екі
жануардың айырмашылығын айтып жазады.
-
"Жигсо" стратегиясы.
"Жигсо"стратегиясын қолдана отырып, оқушыларға
ойын ойнатамын. Ойын шарты: әр топ өз тобының
атына "төліне"қатысты "сөз" тірск сөздерді жазады мен
таратып берген парақшаға. Топта қанша оқушы болса,
сонша тірек сездерін жазады, бірақ сездер
қайталанбауы тиіс. Мысалы: "Ботақан"тобында 5 оқушы
болса, әр оқушы бір сөзден жазады, түйе, нар,
қымыран, өркеш, бота.
Осылайша ойын ойнатылады. Қай топ бұрын, әрі қатесіз
жазса, сол топ жеңімпаз аталады.
-
Бағалау
-
Үйге тапсырма: "түлікті құрметтеу"жаттау.
Мұғалімнің сөзі:
Балалар, біздің бүгінгі сабағымыздың тақырыбы "Малдың төлін сүюі"деп аталады. Мұның алдында өткен сабақтарымызда,-Әр түлікке: жылқыға, сиырға, түйеге, қойға, ешкіге жеке-жеке тоқталып өткен болатынбыз, енді сол сабақтарды қорытындылай келе біз бүгін оқулықтағы "Малдың төлін сүюі"атты өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға үйренеміз. Мұғалім өлеңді дауыстап оқып береді.
Оқулықпен жұмыс.
Әр топ өзіне лайықты өлең шумағын дауыстап, мәнерлеп оқып береді.
Дәптермен жұмыс.
Әр топтан бір оқушыдан тақтаға шығып тыйым сөздерді жазады, отырған оқушылар дәптерге жазады.
Тыйым сөздер.
-
Малды теппе.
-
Ақты төкпе
-
Малды басынан ұрма
-
Малга теріс мінбе
Сергіту сәті.
Өлең.
Төлдер.
Қошақаны қойдың, Қайда қалып қойдың? Бұлтиып тұр бүйірің, Қай өрістен тойдың?
-
Секең, секең, ей лақ,
Жүрмін саған кейіп-ақ
Тыным тапсаң болмай ма?
Секірмей-ақ кей-уақ. -
Ботақаны нардың
Жарға неге бардың?
Тілерсегің дірілдеп,
Секіре алмай қалдың.
3..Мақал-мәтел сайысы.
"Қошақан"тобы. 1. Мал өсірсең, кой өсір,
Өнімі оның көл көсір 2. Мал - баққанга бітеді.
"Ботақан"тобы. 1. Төрт түліктің төресін Түйе дейді
2. Нар жолында жүк қалмас
"Құлыншақ"тобы. 1. Ас адамнын - арқауы
2. Ер қанаты-ат, Сөз қанаты- хат.
"Торпағым "тобы. 1. Малды бақсаң, сиыр бақ,
Сүт кетпейді шарадан
-
Сиырды теппейді Сүтті төкпейді.
Қосымша 3
Қосымша 4
Қосымша 5