Материалдар / ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Текстильді материалдармен жұмыс барысында 4 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: «Текстильді материалдармен жұмыс барысында 4 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту»

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауышта оқыту мамандығы бойынша жазылған, жұмыстың барлық бөлімдері толық жазылған. Сапалы жазылған жұмыс
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
23 Қазан 2023
149
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
1900 тг 1425 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады






ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


Тақырыбы: «Текстильді материалдармен жұмыс барысында 4 сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту»




5В010200- «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы




































Мазмұны


Кipiспе

4

1

Көркем еңбек сабақтарында текстильдік жұмыс істеуде оқушылардың шығармашылығын арттыру мәселесінің ғылыми теориялық әдебиеттерде зерттелуі


8

1.1

Шығармашылық ұғымына теориялық сипаттама

8

1.2

Бастауыш сыныптағы көркем еңбек сабағының мыңызы

15

1.3

Бастауыш сыныптарда көркем еңбек сабағында қолданылатын текстильді материалдардың шығу тарихы


23

1.4

Бастауыш сыныптардың көркем еңбек сабағында текстильді материалдармен жұмыс істеуде оқушылардың шығармашылығын арттыру

31

2

Бастауыш сыныптарда көркем еңбек сабағында текстильді жұмыстарды жүргізуді ұйымдастыру


30

2.1

Бастауыш сыныптарда көркем еңбек сабағындағы текстильді жұмыс кезіндегі тігін, кестелеу және тоқыма жұмыстарын жүргізу әдістері


30

2.2

Озат іс-тәжірибелерден

42

2.3

Бастауыш сыныптардың кқркем еңбек сабақтарында текстильді материалдармен жұмыс жасау экспериментін ұйымдастыру


47


Қоpытынды

64


Әдебиеттеp тiзiмi

65
























Кіріспе


Еліміз егемендікке ие болып, өз алдына мемлекет мәртебесіне жетіп, бүкіл әлемге, жер жүзіне өзінің елдігін, саясатын танытатын шаққа жетіп отыр. Қандай да болмасын мемлекеттің ерекшелігін, халықтың өзгешелігін танытатын сол мемлекеттің ғылым – білімі десек те қателеспейміз.

Егемен еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Ал білім негізі бастауыш сыныпта. Ертеңгі ел тізгінін қолына алар азаматтар бүгін мектеп қабырғасында. Оларды саналы, білімді, өркениетке лайықты азамат етіп шығару ұстаз алдындағы міндет.

Қазіргі замандағы педаогикалық, психологиялық зерттеулердің анықтамалары бойынша, мектептің бастауыш сыныбындағы кезең баланың қай жағынан (ақыл-ой, рухани дүниетанымының дамуы және т.б.) болсын ең қарқынды дамитын кезеңі. Сондықтан да осы кезеңнен бастап баланың жан – жақты дамуына аса көңіл бөлу қажет.

Халқымызда “Баланы жастан” дейтін жақсы сөз бар. Баланың тәлім – тәрбие алуы да, теңіздей терең білімді игере бастауы да, қабілет, икемділіктерінің артуы да, бәрі-бәрі еңбектен бастау алатыны ақиқат. Сондықтан да жалпы білім беретін мектептің бастауыш сатысында баланы көркем еңбек жүйелі білім берудің, тәрбиелеуді дамытудың негізгі бір бөлігі болып табылады.

Бүгінгі кезде қоғамымыздың кез – келген саласы, өзі үшін де, елі үшін де өскелең экономикалық және әлеуметтік жағдайында өмір сүріп, жұмыс істей білетін, белсенді, қабілетті, ізденгіш азаматтарды күтуде. Оның үстіне қазіргі кезеңде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікте өзін қоршаған түрлі жағдайларға тез икемделіп қана қоймай, оларды керекті бағытына шығармашылықпен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді.

Еңбекке үйрету сабақтарының әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар. Соның ішіндегі текстильді материалдармен жұмыс жасау мектеп жасындағы балаларды икемділікке баулумен қатар, оларды инабаттылыққа, еңбексүйгіштікке үйретеді.

ТShape1 екстиль латынның “текстус” деген сөзінен шыққан, яғни ол мата деген мағынаны білдіреді. Текстильді жұмыс түрлі маталар мен жіптерден, оларға қажетті құрал – жабдықтардан, яғни қайшы, ине, оймақ, сантиметр т.с.с тұрады. Оқушылар сабаққа қолданылатын түрлі материалдардың жеке-жеке қасиеттерін білмесе, өздеріне тән ерекшеліктерінен хабарсыз болса, онда сапалы бұйымдар жасай алмауы мүмкін. Соған орай материалдар туралы нақтылы мәліметтерді білу қажет.

Оқушыларға текстильді жұмыстарды жүргізуде еңбек сабағының маңызы зор. Өйткені еңбек сабағында балалар текстильді материалдардан бұйымдар жасау арқылы өзіндік еңбексүйгіштік қабілетін танымдық қасиетін көрсете алады.

Өмірдің өзі алдымызға қойып берген осы мәселелерді шешуде, бастауыш сыныптарда еңбек пәнін оқытудың маңызы ерекше. Еңбек пәнін оқыту оқушының білім мен шеберлігін, ой - өрісін дамытып, еңбек сүйгіштікке, шығармашылықпен жұмыс істеуге баулиды.

Зерттеу пәні:

Бастауыш сыныптардың еңбек сабақтарында текстильді материалдармен жұмыс істеуде оқушылардың шығармашылығын арттыруды ұйымдастыру үрдісі.

Зерттеу мақсаты:

Бастауыш сыныптардың еңбек сабақтарында текстильді материалдармен жұмыс жасауда оқушылардың шығармашылығын арттырудың тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу болжамы:

Егер мұғалім бастауыш сыныптардың еңбек сабақтарында текстильді материалдармен жұмыс жасауда оқушылардың шығармашлығын арттырудың тиімді әдіс – тәсілдерді қолдана білсе, онда:

  • оқушылардың ой - өрісі дамиды;

  • еңбек дағдысы мен шеберлігі артады;

ЗShape2 ерттеудің міндеттері:

  • ғылыми – теориялық әдебиеттерді талдау;

  • бастауыш мектептегі еңбек сабағының маңыздылығын ашып көрсету;

  • еңбек сабақтарында текстильді материалдармен жұмыс жасау ерекшелігін ашу;

  • еңбек сабақтарында текстильді материалдармен жұмыс жасаудағы мұғалімдердің қолданған әдіс – тәсілдерін талдау;

  • Бастауыш сыныптардың еңбек сабақтарында текстильді материалдармен жұмыс жасаудың тиімді жолдарын анықтап, жүйелеу;

Зерттеудің әдістері:

  • ғылыми – теориялық әдебиеттермен танысу;

  • зерттеу бойынша арнайы сұрақ, әңгіме жүргізу;

  • байқау;

  • жинақтау;

  • қорыту;

  • сандық және сапалық талдау.

Зерттеу нысанасы:

Бастауыш сынып оқушылары және еңбек сабақтарында текстильді материалдармен жұмыс жасау ерекшелігін белгілеудегі мұғалімнің іс - әрекеті.

Зерттеудің әдіснамалық негізі:

педагогикалық, психологиялық мәліметтер, педагогикалық практикалар мен психологиялық жағдайлар.

Апробация:

Осы дипломдық жұмыстың тақырыбы бойынша төменгі курстарда ашық семинар сабақтары, диспут сабақтары, студенттік ғылыми конференциясында доклад оқылды.








































1 Көркем еңбек сабақтарында текстильдік жұмыс істеуде оқушылардың шығармашылығын арттыру мәселесінің ғылыми теориялық әдебиеттерде зерттелуі


1.1 Шығармашылық ұғымына теориялық сипаттама


Бүгінгі мектептің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі – білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдіру, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады.

Бастауыш білім – үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту – бүгінгі күннің талабы [ 23, 25 б].

Қазіргі заманда білімді механикалық түрде меңгеру емес, оны дамыту – негізгі мәселенің бірі. Яғни, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту арқылы білім деңгейін көтеру талап етіледі. Сондықтан, педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу – оқыту мақсатына жетудің бірден – бір жолы. Мақсатқа оқушының іс -әрекеті арқылы қол жетеді [ 63, 33 б].

Шығармашылық іс-әрекет ұғымының теориялық сипаттамасын бастамас бұрын, шығармашылықтың ғылыми педагогикалық әдебиеттерде қаншалықты мәні барын қарастырған жөн.

Егер «шығармашылық» ұғымының мазмұнын толық ашып, түсінік беретін болсақ, төмендегідей анықтамалар дәл көрсетеді.

«Шығармашылық оқушының даралық бейімделіктері мен қабілетінің көрінуі» деп Қ. Қожабаев анықтама береді.

«Шығармашылық» - адамның белсенді және өзіндік іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы. Шығармашылықтың масштабы әр түрлі болуы ықтимал. «Бірақта, - дейді зерттеушілер,- онда міндетті түрде әлеуметтік құндылықпен жаңашыл шешім болуы қажет» [ 10; 98б ].

«Шығармашылық» – бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену [ 56; 35 б ].

«Шығармашылық» – бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі [ 15; 3б].

«Шығармашылық» – бұл жекелеген мотивациялық құрылым арқылы берілетін ақыл-ой жемісі, ол қабілеттіліктерінің әсерімен берілетін қоғамдық маңызды мәселе... Шығармашылық потенциал әр адамның миында әрбір іс-әрекетінің формасы ретінде жинақталады [ 9].

Ю.Н.Кулюткиннің пікірі бойынша, шығармашылық ұғымынан екі өзара байланысты құбылысты көруге болады. Біріншіден, шығармашылық – бұл тұлғаның материалдық және рухани байлықты жасаудағы әрекеті. Демек, бұл жерде адамдар ұжымы немесе тұлға арқылы жасалған өнім жайлы, нәтиже жайлы, соның ішінде жаза, соны, бірегей, қоғамдық мәнді нәтиже жайлы сөз болмақ. Екіншіден, шығармашылық желеуімен нәтижеге жету процесінің өзін ұғуға болады, соның ішінде тұлға өзінің әлеуметтік қуаты мен қабілетін жүзеге асыруы және нығайта отырып, өзін-өзі дамытатын процесті атау ағаттық емес.

Шығармашылық адамдардың кез келген өмірлік әрекетінің, тіпті адамдар арасындағы қатынастың мәні болып қалыптасады. Бұған бірқатар әлеуметтік үрдістер мен құбылыстар мүмкіндік туғызады [ 5, 41 б ].

Исаева З.А шығармашылық–бұл өзіне жол ашу, өзіндік жетілуге ұмтылу деп анықтама береді. Ол үшін белсенділік пен табандылық үйлесімділігі қажет.

Төзімділік, өзін-өзі құрбан ету, өзін-өзі ұстап, сабырлық таныту – шығармашылық тұлғаға тән сипат. Педагогика ғылыми шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу мен оның өзіндік тәрбиеленуінен келіп шығады [ 18; 47б ].

Дегенмен шығармашылық дарынды тұлғаның артықшылығы болып есептелмейді. Шығармашылық – еңбек достық, ынтымақтастық, өзара түсінікті қалыптастырып, кедергілерді жеңуге көмектесуге, сондай-ақ өзіндік басқаруды дамытуда, жағымды және тоқырау құбылыстарын жеңу үрдісін тездетуде еңбек ұжымында өте маңызды орын алады.

Шығармашылық – адамның өнімді еңбегінің басты факторы.

Шығармашылық тұлға:

- пікірлестің шығармашылық тобын шоғырландырып және сонымен өзінің әлуетін бірнеше есе ұлғайта алады;

- еңбек үлгісін өзінің еңбегінде көрсете алады;

- істі ұйымдастыруды жаңартуға қол жеткізу;

- өзінің жаңа идеяларын өмірде жүзеге асыра алады [ 20, 138 б ].

Шығармашылық деп әдетте нәтижеде жаңа және сонымен бірге әлеуметтік мәнді өнім жасалатын іс-әрекетті айтады [ 52, 67 б ].

Л.С.Выготский шығармашылық деп білімді жаңа жағдайға тасымалдай білу деп анықтама берсе, Л.Н.Лук мәселені шешудегі көрегендік, қырағылық деп тануды ұсынды.

В.В.Давыдов «жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа, мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты» деп есептеген. Б.Д.Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық -бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В.В.Давыдов пен В.В.Репкин еңбектерінде қарастырылады [ 24, 16 б].

Дегенмен, айтылып өткен анықтамалар мынаны көрсетеді: олар мазмұны жағынан жақын, қайшы келмейді, қайта бір-бірін өзара толықтырып, өзара байыта түседі. Әрбір автор анықтама бере отырып, өзінің басты назарының нысанасы болған саланы көрсетуге тырысады. Сондықтан жоғарыда аталған анықтамалар нақты өмір сүруге қақылы және әр бірі өзін мақұлдатады.

Шығармашылықтың басты көрсеткіші іс-әрекеттің жаңалығы және әлеуметтік мәнділігі деп саналады. Шығармашылық іс-әрекеттің мәнін ашуда жалпы іс-әрекет мәселесіне қазіргі әдебиеттерге талдау жасадық.

Келесі «іс-әрекет» ұғымына қазақ тілі терминінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі деп түсінік берілген [ 26, 241 б ].

Іс-әрекеттің жалпы теориясын М.Б.Демин, Н.Д.Гордеева, Б.П.Зинченко, Г.С.Батищев, М.С.Каган, А.Н.Леонтев т.с.с ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады:

А.Н.Леонтьев – іс-әрекетке нақтылы процесс, әрекеттер мен операциялардың жиынтығы [ 35; 95, 108 б].

Э.С.Маркарян – мәдениетті жасаушы күш [ 50; 637 б ].

Б.Г.Ананьев - өмірде әрбір индивидке қажетті ойын, оқу, еңбек әрекеттер

[ 36; 46 б ].

«Іс-әрекет – адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған белсенді қылықтары» ,- дейді Ә. Алдамұратов [ 67; 112 б ].

Іс-әрекет – бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігіне ізденушілік және ішкі процесіне көзі, нақты мақсатқа жету [33; 110 б ].

Іс-әрекет түрткісі аламның түрлі қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткісінің мазмұны мен санасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекет мақсаты мен түрткісі – қиындықтарды жеңіп, нәтижесіне қол жеткізу. Кез келген іс-әрекет субъект арқылы мақсат, құрал үрдіс, нәтиже көрінеді. Адамның іс-әрекеті дене және ой еңбегі арқылы көрінеді. Өнімді еңбек материалды құндылықты, ал ой еңбегі рухани құндылықтар жасайды. Тұлға іс-әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, іскерлігі артады, дамиды [ 26; 242 б ].

Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы; ақыл-ой тереңдігі, күйіну – сүйіну қалпы, қиялдау қабілеті мен ерік-жігері , икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.

Іс-әрекет адамның жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және көрініс танытады, екінші жағынан – психика іс-әрекетті реттеп отырады. Әрбір адам іс-әрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат көздеп қимыл жасаушы ретінде іс-әрекет етеді [ 6; 105 б ].

Іс-әрекет барысында адамның жан-жақты және бір тұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарас, қарым-қатынасы қалыптасады. Оқушы неғұрлым белгілі салада көбірек іс-әрекет жасаса, оның сол саладағы даму деңгейі соншама жоғары келеді. Әлбетте, бұл заңдылықтың шексіз қолданыла беруі мүмкін емес. Ол жағдай әрбір адамның қабелеттеріне, жасына, іс-әрекетінің өзінің қарқындылығымен ұйымдасуына тәуелді келеді [ 4, 73 б ].

Жас кезде игерілген ойдың оралымдылығы, ақылдың икемділігі дүниенің қыр-сырын меңгеруге шексіз мүмкіндік береді. Аталған проблеманың психологиялық жақтарын зерттеген М.А.Блох, Н.А.Лук, Л.С.Выготский, Я.А.Пономорев, А.Н.Леонтьев сияқты ғалымдардың еңбектері арқау болады.

Педагогикалық және әдістемелік тұрғысынан бала әрекетін белсендіру жөніндегі мәселелерді Т.И.Шамова, Н.А.Половникова, И.Я.Лернер, Л.П. Аристова, Г.И.Щукина, М.И.Махмутов, М.А.Анилов, М.Н.Скаткин, В.И.Орлова, Б.П.Есипов және басқа ғалымдар еңбектерінде қарастырған.

Жалпы шығармашылық іс-әрекет деген не ?

Бұл мәселені зерттей келе, мамандар бұл ұғымға мынандай анықтамалар береді:

- И.Я.Лернер – білім, білік, дағдыны жаңа жағдайда тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім таба білуді шығармашылық іс - әрекет деп түсіндіреді.

- Л.Н.Лук шығармашылық іс-әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қызығушылыққа балайды, идеяларды іске асыру болжай білу қабілеттерін айтады

[ 27; 18 б ].

- Шығармашылық - жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі. К.Маркстың айтуы бойынша, адамның қызметінің, іс-әрекетінің хайуанаттардың тіршілігінен өзгешелігі, оның дүниені өзгертуінде.

- Әл-Фараби шығармашылық іс-әрекет – адамның өз таңдауымен, қиялы мен ерік күшінің арқасында қол жететін өнімді ойлау процесі [ 28; 153 б ].

- Шығармашылық іс-әрекет – дербестіктің пайда болуының жоғары көрінісі, сондықтан барлық шығармашылық тұлғаның өзіндік іс-әрекетінде, оның өмірлік күш қуатында, тәрбиесінде, дарыны мен қабілетінде көрініс береді. Бұл жағдайда басқару дарын иесімен ғана істес болады, ал бұл адамға деген арнайы амалды болжайды. Шығармашылық іс-әрекет – бұл орасан еңбек, өзіндік барлық күш – қуаты мен қабілетін жұмсау [ 53; 45 б ].

- Шығармашылық іс-әрекет – оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет [ 24; 17 б ].

Жеке адамның даму жолы «мотивацияның іс-әрекетке және іс-әрекеттің мотивацияға» өзара әсері арқылы сипатталады.

Ғылыми әдебиеттерге зер салсақ, «мотивация» ұғымына былайша түсінік берілген.

Мотивация адам мінез-құлқының ынталандырушы, реттеуші күші ретінде, барлық іс-әрекет түрлерінің нәтижелігіне үлкен әсерін тигізеді. Психологиялық зерттеулерде мотивация мен іс-әрекеттің өзара байланыстылығына көптеген ғылыми жұмыстар арналған.

Іс-әрекет мотивациясының маңыздылығына А.Н.Леонтьевтің, П.М.Якобсонның, Л.С.Выготскийдің, С.М.Жақыповтың, Т.К.Құдайбердиевтің, В.И.Ковалевтің, Х.Хекхаузеннің, С.Г.Москвичевтің, С.Л.Рубинштейннің, В.Д.Шадриковтың, Е.А.Климовтың, И.Аткинсонның, Н.Миллердің, В.Г.Асеевтің, М.Ш.Магомед – Эминовтың және т.б зерттеу жұмыстары арналған [ 21; 21б ].

Мотивация мәселесіне байланысты ғылыми әдебиеттердің талдауы іс-әрекет пен мінез-құлықтың жүйелі ұйымдастырылуындағы мотивтердің маңыздылығы мен рөлін зерттеуде өте көп жұмыстар арналғанын көрсетті, бірақ адамның мотивациялық саласы осы күнге дейін толық зерттелмеген. Осындай тұжырымдарға әкелетін себептердің біреуі – мотивацияға байланысты ғылыми зерттеулерде мотив және мотивация түсініктерінің мән – мағынасының әр түрлі бағыттан қарастырылуы. Сондықтан осы мәселеге байланысты ғылыми зерттеулерді белгілі бір жүйеге әкелу қиынға түседі.

Мотивация мәселесіне байланысты көпшілік зерттеулерде негізгі рөл мотивацияны іс-әрекетпен байланыстырып талдануында деп тұжырымдауға болады. Әр түрлі бағыттағы зерттеу жұмыстарының авторлары А.Н Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, П.М.Якобсон, Д.И.Узнадзе, В.И.Ковалев және т.б. мотивацияның құрылымын тұлға іс-әрекетінде байқалып дамитындығын көрсетті.

Мотивацияны талдаудағы әр түрлі теориялық бағыттар – тұлғаның қажеттіліктері, қатынастары, бағыттары, қызығушылықтары, қабілеттері және т.б «мотив» түсінігіне негізделеді. Тұлғаның мотивацияның аумағының компоненттері іс-әрекетте пайда болуы мен дамуында өзара байланыста болады және тұлғаның іс-әрекетінде белсенді көрінетін мотивтің субъективті формалары ретінде байқалады [ 22; 26 б ].

А.Н.Леонтьев мотивке берілген ұғымдардың көптігін ескере отырып, «ішіне әр түрлі заттар салынған қаппен» теңестіреді [ 37; 14б ]. Көптеген зерттеушілер өздерінің мотивке көзқарастарын А.Н.Леонтьевтің еңбегіндегі тұжырымдармен дәлелдеуге тырысады . Мотив – (motif – қозғаушы себеп) – адамды белгілі іс-әрекетке ұмтылдыратын себеп [ 29, 173б ]. Іс-әрекет мотивсіз болуы мүмкін емес, іс-әрекетсіз мотив болуы мүмкін.

Мағына мен мәннің пайда болуының өзара әсері механизмін талдау арқылы А.Н.Леонтьев мотивация теориясына үлкен үлес қосты. Мағына іс-әрекет мотивіне негізделген, ал мән сананың спецификалық категориясы ретінде байқалады. Ол әрқашан объектіленген және жеке адамға байланысты емес. Мағына мәнге қарағанда әрқашан субъективті. Адамның жекелік қатынасын мағына тудырады. Іс-әрекет жасауға не түрткі болатындығын анықтайтын мағына пайда болады. «Таза» мағына болмайды. Ол әрқашан жекелік сипатта болады. Мотивтердің даму жолын А.Н.Леонтьев пәндік мазмұнның дамуына, яғни адамның іс-әрекетінің нақты мотивтерімен байланыстырады. Мотивацияның негізгі функциясы – бұл мағына тудырушы функция. Субъект үшін өмірлік маңызды мән болып есептелінеді. А. Н. Леонтьев анықтаған мотивтердің мағына тудырушы функциясы адам санасындағы мотивтердің жалпы рөлі мен орнын сипаттап, жекелік мағына түсінігінде нақтыланады. Мағына тудырушы мотив бірде танымдық, бірде әлеуметтік мотив ретінде болады,. Мотивация құрылымындағы олардың ара қатынасы өзгереді. Адамның мотивациялық сферасының дамуының мәнділігі оның іс-әрекетінің функционалдық күрделенуіне көмектеседі. Әрекеттерге дербестік беріп, жеке адамды белсенді қалыптастырады. «Жекелік мағына» түсінігі субъектінің саналанған объективті құбылыстарға қатынасын білдіреді [34; 293 б] А.Н. Леонтьев бойынша мотив – ол субъект үшін жекелік мағына қабылдап, оның қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған іс-әрекет себебі.

Мотивация жалпы көп функциялы түсінік ретінде қарастырылады. Мотивация – туынды және күрделі сөз мағыналарына тәуелді болуы [ 38 ].

Мотивация психологиясында қажеттілік түсінігі негізгі мәселелердің бірі болып есептелінеді. Қажеттіліктің өзінің түрткі күші жоқ. Бағытталған қажеттіліктің жалғыз түрткісі осы қажеттілікке жауап беретін зат. А.Н.Леонтьев қажеттілік затын іс-әрекет мотивіне теңестіреді. Сөйтіп, А.Н.Леонтьевтің түсінігінше адамның іс-әрекетінің мотив заңдылығы, мотивация зерттеулерінің объектісіне әсерленушіліктер мен басқа қажеттіліктердің бейнеленуін жояды. Бұл трактовка В.К.Вилюнас, Б.А.Сосновский, Ю.М.Орлов еңбектерінде маңызды өзгерістерге ие бола отырып, бірқатар сынға да тап болды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!