Материалдар / Д.ИСАБЕКОВТІҢ «ДЕРМЕНЕ» ХИКАЯТЫНАН «АТА ҮМІТІ» ҮЗІНДІСІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН «ЗЕРДЕ» ТЕОРИЯСЫНА НЕГІЗДЕУ
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Д.ИСАБЕКОВТІҢ «ДЕРМЕНЕ» ХИКАЯТЫНАН «АТА ҮМІТІ» ҮЗІНДІСІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН «ЗЕРДЕ» ТЕОРИЯСЫНА НЕГІЗДЕУ

Материал туралы қысқаша түсінік
Д.ИСАБЕКОВТІҢ «ДЕРМЕНЕ» ХИКАЯТЫНАН «АТА ҮМІТІ» ҮЗІНДІСІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН «ЗЕРДЕ» ТЕОРИЯСЫНА НЕГІЗДЕУ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Наурыз 2023
350
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Д.ИСАБЕКОВТІҢ «ДЕРМЕНЕ» ХИКАЯТЫНАН «АТА ҮМІТІ» ҮЗІНДІСІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕРІН «ЗЕРДЕ» ТЕОРИЯСЫНА НЕГІЗДЕУ


ЕБЕЛЕКОВА Э.Е.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ

225 ОРТА МЕКТЕП.


Д.Исабековтің «Ата үміті» деген атпен «Дермене» хикаятынан алынған үзіндіде еңбегімен күн көрген, имандылықтың үлгісіндей Тоқсанбай қарттың, іс әрекеті өте дөрекі, жасағаны – ұрлық, айтқаны - өтірік, өте жағымсыз образ- Омаштың және осы екі қарама-қарсы бейненің ортасындағы пәк сәби Ергештің арасында өрбіген оқиға баяндалады.

Шығарманың идеясы арқылы оқушыны жақсыдан үйренуге, жаманнан жиренуге баули отырып, адамгершілік, имандылық сезімдерін дамыту міндеті туындаса, стильдік ерекшелігі жағынан оқушының өнер арқылы көркемдік, эстетикалық талғамын дамыту міндеті туындайды.

Бұл әңгімеде кейіпкерлер бейнесін сомдаудағы автордың шеберлігін әдебиет теориясындағы дамыту(градация) әдісімен байланыстыра қарасақ, қателеспейміз деп ойлаймын. «Дамыту (градация)- алдыңғы сөзден соңғы сөзді, алдыңғы ойдан соңғы ойды, алдыңғы құбылыстан соңғы құбылысты асыра,асқақтата түсу». Шығармадағы жағымсыз образ Омаштың бір ісінен екінші ісі асып түсіп жатса, соған орай Тоқсанбай қарттың таңданысы мен қорқынышы да бірте-бірте үдей түседі. Жазушы стиліндегі дамыту үлгісін меңгерту мақсатында сыныпты 3 топқа бөле отырып, 3 тақырыпта «Дамыту» деген атпен жұмыс жүргізілсе, оқушылардың мәтіннен екі кейіпкердің іс-әрекетінің даму көрінісін бір-бірімен сатылы салыстыра отырып, әңгімелеу арқылы әңгіменің мазмұнымен шығармашылық тұрғыда кеңінен танысуларына әрі қаламгердің стильдік ерекшелігін тани білуге және осы сыныптағы алдыңғы тақырыптарда өткен «Дамыту/градация» ұғымы туралы білімдерін бекітуге жағдай тудырылады:

1-топ:Алғашқы таныстық.

Р/С

Омаш

Тоқсанбай

1

Осы кезде ошақ басындағы тұрған шелектің тұтқасы сарт ете қалды.

Іштегі екеу селт етіп, орындарынан ұшып-ұшып тұрды.

2

Түйенің жарты етіндей біреудің шайдан қалған суды төбесінен төмен қарай сарылдатып құйып тұрғанын...

Әрі сасқанынан, әрі қорыққанынан жүректері көмейлеріне кептеліп, үн шығара алмай қалды.

3

Cуды асықпай құйып болып, басын рахаттана шайқады да, күнге қарай қайыстай денесін алақанымен шапаттап қойды.

...теріс қарап тұрған бойы шелекті иілместен жерге тастай салды да, құлқайырға іліп қойған дағарадай ши қалпағын алып басына киді.

Тоқсанбай қарт іргеде жатқан шотты қолына алғанда аздап өзіне-өзі келейін деді. Немересі үрейленіп, атасының артына тығылып тұр.

4

Жігіт көрпешеге шынтақтай жатып, нанды төртке бөлді де, бір бөлігін қабаттап-қабаттап аузына бір-ақ ұрды.

«Алла-ай, қайдан сап ете қалды бұ жалмауыз,- деді іштей ---Тоқсанбай қарт. –Айдалада нағып қаңғып жүрген жан? Кетер ме екен, әлде қонам деп масқара қылар ма екен? Бастан құлақ садаға, маған десе шайланы мойнына іліп кетсін, тек кетсе екен әйтеуір. Қашан қарасын батырам дегенше де, немеремнің жүрегін ұшырып бітетін болды-ау. Түрі де түсіңе кірсе шошып оянардай келбетсіз екен. Аузына аттың тісін салдырып алған ба өзі, немене?

5

Оқасы жоқ, күн қайтқан соң Ергешбай екеуіміз ойдағы ауылға барып тамақ-памақ әкелеміз.

Құдайдың ұрған жері осы болды,-деді шал селт етіп.-Мына бәле асығатын емес.

6

Атым-Омаш. Бұйыртса үшеуіміз серіктес боламыз.

Шалдың зәресі ұшты. Көзі атыздай боп немересіне бір, дәуге бір қарады.



2-топ.Түнгі көрініс


Омаш

Тоқсанбай

1


«Бұ, пәтшағар қайда жүр? Әне бір тентек суды ішіп-ішіп қазан арыққа түсіп кетті ме екен? Жеті түнде мас боп келсе, апшымызды бидайдай қуырып, немеремнің жүрегінің отын алады-ау. Аспаннан түскен әзірейілдей боп қайдан ғана сап ете түсіп еді бар болғыр.»

2

Шайланың аядай есігінен көрініп тұрған бозамық сәуле бір сәтке түнекке айналып, артынша Омаштың гүр еткен даусы естілді. -Шал, ұйықтаған жоқсың ба?

- Немереңізді оятыңыз. Жұмыс бар.

Шал дірілдеп кетті. ... Осы бір адамның қандай ойы бар екенін білгенше сабыры қашқан байғұс шал немересін оятарын да, оятпасын да білмей, жалтақ халде үнсіз қалды.

3

Төменгі ауылға арба апрып тастаса болды

Қырманға жеткен кезде шалдың төбе шашы тік тұрып, алған демін қайта шығара алмай қалды.



3-топ. Ұя бұзғыш Омаш.

Р/С

Омаш

Тоқсанбай

1

Омаш дәу ошақтың бір бүйірінде ошарылып жұмыртқа жарып отыр.Далада жүргенде оның бір көзі жусанда болса, екінші көзі ұяда болады. Ұя көрсе бітті , жұмыртқасын түгел ши қалпағына төңкеріп ала қояды да, орнына топырақ салып кетеді.

Алғашында Тоқаң кәдімгідей қабақ шытып, қатты кейіді, одан ештеңе өнбеген соң бозторғайдың көзжасы жібермейтінін, о дүниеде алдынан шығарын айтып, ақиретпен шошытып байқады

2

Одан да ештеңе шықпады. “Шал бұ дүниеде жарымағанда о дүниеде жаримын деп жүрсің бе? Неужели мені какой-нибудь торғай үшін ақиретте сотқа тартады?” деп қойып қалғанда,

қарияның иманы ұшып, жағасын ұстап тұрып қалған.

3

Торғайдың жұмыртқасын жеуге болмайды дейсіңдер, неге, әбден болады. Жер бетінде арам ештеңе жоқ, бәрін жей беру керек. Мен бір адамның жылан жегенін көргенмін.

-Астапыралла! Қойшы, шырағым, маған десе қоңыз жесін, айтпай-ақ қойшы соны.

4

-Несі бар. Жыланды құйрығынан ұстап әкеп қып-қызыл шоққа лақтырып жіберсеңіз, тулайды дейсің кеп, сонан соң тынышталады. Сол-сол-ақ екен, парс етіп жарылады.

Шал шарасыз кейіппен жерге түкірді де:

-Құлыным-ай, жусан әкеле қойшы,- деп немересін таусылмаса да отынға жұмсап жіберді.

5

Обба-аа-й, мына біреуін қараңыз, балапан боп қапты,- дедіОмаш бір жұмыртқаның ішінен балапанды мойнынан суырып алып

-Бұл әтәңілеттерге бала не керек десеңші! Бар әйтпесе.

Ол балапанды отқа лақтырып жіберді.

Шал қараған жоқ.

-Бұл неғылғаның балам... Мені қойшы, мен талайды көргем, қоңыз жеп, бақа жұтқанды да көргем. Ана баланы аясаңшы.

6

Аяйтын несі бар. Сіз көріпсіз, ол да соны көріп өссін. Майыңнан қалып па еді?

-Тұр ғой анау тостақта.

Шал жыларман халде отыр.




Шығармадағы жағымсыз образ Омаш бейнесін қалай оқыту керек, оның бойынан бала не үйренеді? Осы сұрақтың жауабын «Лұхман хакімше үйрену» деген жұмыс жүргізу арқылы шешуге болады. Алдымен эпиграф ретінде Сайф Сараидың «Түркіше Гүлстан» шығармасындағы Лұхман хакім туралы баларға мынадай әңгімені айтып берген жөн:

Лұхман хакімнен сұрапты:

- Әдепті кімнен үйрендің?

Жауап беріпті:

Әдепсізден үйрендім. Олардың өзін-өзі ұстауына қарап,

қайсысы көңіліме жақпаса, сол әдеттен бездім.



Р/С

Омаштың әдепсіз әрекеттері (Мәтін бойынша әңгімелеу)

Менің пікірім (Оқушының өз ойы бойынша әңгімелеу)

1



2




«Ата үміті» үзіндісінің атауынан бастап, шығарманың өн бойында «Адамның өзгелерге жасаған қиянаты ізсіз кетпейді, түбінде өзінің алдынан шығады» деген ой Омаш бейнесіне қарама-қарсы Тоқсанбай ақақалдың бейнесі, оның пікірі арқылы өрбіп отырады. Осы идеяны оқушыларға ұғындыру мақсатында «Омаштың кейінгі тағдыры қалай өрбиді деп ойлайсыңдар?» деген сұрақ төңірегінде ойландыра отырып, «Қанатты қиял» жұмысын жүргізу –пәндік құзыреттілік тұрғысында сұранып-ақ тұрған жұмыс деп айтуға болады. Өйткені оқушының ой-қиялын дамыту- «Әдебиет» пәнінің басты міндеттерінің бірі. Осындай міндеттен туындаған «Менің қиялымдағы Омаш» тақырыбындағы жазылым тапсырмасы оқушылардың қызығушылығын тудырды. Оқушылар 20-30 жылдан кейінгі Омаш бейнесін көз алдына елестете отырып, қызықты ситуацияларға құрылған өз болжамдарын, тілек-сенімдерін бейнелейтін әңгімелер жазып шықты:

Ниязбай Айнұр:

Менің қиялымдағы Омаш

Омаш өте бай болатын. Бай болатын себебі: әркімнің затын ұрлап, оны сатып ,қыруар ақша тапты. Ол күнде-күнде үйінен кетіп, мас болып, араққа тойып келетін. Әйелі болса оған ұрысып: «үйден кет, бар да арағыңды іш» деп оны үйінен бездірді.

Бір күні Омаш жолда келе жатып, бір досын жолықтырды. Досы онымен амандаспады. Омаш ішінен: «Досымдікі дұрыс, мас адаммын ғой, менімен кім амандасады»- деп ойлады.

Омаштың жасаған ісін, көрсеткен мінезін тауысып айту мүмкін емес. Қартайған шақта немере сүйіп отыратын Омаш па, қайта әйелін ұрып-соғып, адамдардың ақылын тыңдамай, өз бетімен кеткен адам. Адамға қарсы сөйлеу, онымен қоймай үлкен адамды ұру және балаға айқайлауы- Омаштың етіне сіңіп кеткен әдеті. Талай рет үлкен ақсақалдар: «Омашжан-ау, арағыңды қойсаңшы, қайта үйде отырып, әйел бала-шағаңа қамқор болып, қарасаңшы» - деп ақылын айтты. Бірақ оны тыңдаған Омаш болмады, қайта жағымсыз әдетін үдете түскендей болды.

Бірақ, өмірде не болмайды дейсіз?! «Көп асқанға бір тосқан» дегендей, кейде өмірде тым артық кеткендер тағдыр талайымен тәубасына түсіп жатпайды ма? Омаштың да тәубасына түсуіне не себеп болғаны өзіне ғана аян, әйтеуір ол бір-ақ күнде өзгеріп шыға келгендей болды. Ол жасаған ісі ,көрсеткен мінезі үшін қатты өкінді. «Неге мен бұлай еттім , қайта үйде отырып, балама, әйеліме қарамадым ба?» - деп өксіп-өксіп жылады.

Өкінгенмен бола ма? Омаш азғантай өмірде қаншама жаманшылықты жасап үлгеріпті десеңші. Өзінің әп-әдемі, тап-таза, өмірін босқа ластады. Оны енді екі дүниеде кешіре ме, кешірмей ме, оны тек бір Аллаһ тағала біледі.


Жақсылық Нұрбол:

Менің қиялымдағы Омаш


Өтірік айту, өзгелерге әлімжеттік жасау, ұрлық жасау, басқа да қандай жағымсыз әдеттер бар, әйтеуір соның бәрі Омаштың бойынан табылатын еді. Бірақ бір күннің ішінде Омаш өзгеріп шыға келді.

Омаш та үйленді, балалы-шағалы, немерелі де болды. Өзінің жағымсыз әдеттерін кейде көрсетіп, кейде көрсетпей жүріп, балаларын өсірді.

Бір күні Омаш немересін ертіп, дермене оруға барды. Айналаны бағдарлап қарап,бұл жер өзіне таныс секілді көрінді. Есіне әлденелер бұлдыр-бұлдыр болып, түсе бастады. Көз алдына біресе өзіне, біресе немересіне қарап, шарасыз кейіпте жаутаңдаған Тоқсанбай қарттың бейнесі келді. Бір сәт өзінің өткен өміріндегі ісіне өкінгендей болды ма, кенеттен жан-дүниесі құлазып кетті. Бірақ, «Маған не болды? Мен Омаш емеспін бе?»- деп, өзін-өзі тез жиып алды. Артынша-ақ өзінің қатігез мінезіне қайта оралып, дермене оруға кірісіп-ақ кетті. Дермене оруға кірісті дегеніміз де жай сөз, өйткені оның орғанынан гөрі жан-жағын бағдарлап, өзгелердің дерменесін ұрлап алу туралы ойлануы көбірек еді.

Бір күні түсте өзі тіккен қоста демалып жатыр еді. Сыртта әлдене тарс еткендей боды. Немересі екеуі шығып қараса, еңгезердей біреу келіп, шелектегі суды үстіне құйып тұр екен.

Омаштың есіне осыдан екі-үш күн бұрынғы ойы, сонымен бірге қабаттаса Тоқсанбай қарт пен немересі Ергешбайдың бейнесі келді. Неге екені белгісіз, Омаштың бойын бір сәт қорқыныш биледі.

Омаштың бұдан кейінгі тағдыры айтпаса да түсінікті деп ойлаймын.


Сексенбаева Нұргүл:

Менің қиялымдағы Омаш

Омаш жас кезінде тәртіпсіз қылықтарды көп жасаған. Ал енді қазір «неге олай тәртіпсіз» болдым екен деп бармағын тістеп отыр.

Күндердің бір күнінде Омаш үйлі-баранды болды. Жасы үлкейген сайын, оның өткен өміріндегі жасаған әрекеттері ойына оралып, өзінен- өзі ар азабын тартушы еді.

Сондайда Тоқсанбай қарт пен оның немересі Ергешбай да жиі есіне түсетін еді.

Сөйтіп жүріп Омаштың ұлы дүниеге келді. Атын Тоқсанбай деп қойды. Бұл өзінің қартқа істеген зұлымдығын жуып-шаю ниетінен туындап, қойылған есім болды.

Айлар өтті, жылдар өтті. Балалық бал қылығымен сүйсіндіріп өсіп келе жатқан Тоқсанбай Омашқа енді жаңа қырынан танылып, мінез көрсете бастады. Мұндай сәттерде Омаш қатты уайымдайтын. Тәкең (Омаштың баласы) көршілерінің үйінен анау-мынау заттарды ұрлап алып келе беретін. Оны білген Омаштың ойы сан-саққа жүгірді. Менің қылықтарымды істемесе екен деп тіледі.

Бір күні «Омаш аурухананың жансақтау бөліміне түсіп қалды» деген хабар жетті. Әлдебір бұзақылардың қолынан жараланса керек... Баласы үшін шыбын жаны шырқыраған Омаштың есіне өзінің жас күнінде талай рет бозторғайдың ұясын бұзып, жұмыртқаның ішінен жарып шыққан балапандарын тірілей отқа лақтырғаны түсті. Көз алдына қабақ шытып, қатты кейіген, одан ештеңе өнбеген соң бозторғайдың көз жасы жібермейтінін, о дүниеде алдынан шығарын айтып, ақиретпен шошытып байқамақ болған Тоқсанбай қарт келді.

Бұл дүниеде баланың азабын тартып, жаны күйзелген Омаш енді о дүниеде көрер азабын ойлап, жаны қалтырап кетті.


Жадырасын Дәулет:

Менің қиялымдағы Омаш


Бұрынғы болған жағдай 20 жыл бойы Омаштың есінен кетпеді. Ол кезде Омаш 39 жаста болатын. Ал қазір 59 жаста. Кейде тіпті түсіне кіріп, жаны қиналып, қара терге малшынып оянатын. Бір күні немересі Арманмен табиғатты тамашалау үшін ауыл шетіне шыққан болатын. Олар сол жақта қонатын болды. Күн жылы. Көктем келген болатын. Омаш немересіне:

- Балам, шай қайнатуға отын сындырып әкелші,-деді.

- Жарайды, – деп жүгіріп кеткен Арман көзді ашып-жұмғанша бір құшақ отынымен жетіп келді.

- Балам, мұнша үлкен сексеуілді қайдан алдың,әрі тез келдің ғой -деді Омаш немересіне күдікпен қарап.

-Мен анау тұрған үйлерден ұрлап алдым – деді немересі өзінше мақтанып.

Омаш өз істерінің алдынан шығып жатқанын түсініп, немересіне не айтарын білмеді. Немересіне не айтса да орынсыз болатын. Өйткені Омаш та мұндай лас істерді істеген жоқ па?

Ертеңіне Омаш ұйқыда жатқанда оны торғайдың шиқылдаған даусы оятып жіберді. Сөйтсе немересі таяқпен ұяны бұзып, торғайдың балаларын мысыққа жегізіп отыр. Шыр-пыр болған анасы не істерін білмей, шыр айналып, ұшып жүр екен. Сол кезде Омаштың басына торғайдың көз жасы тамшылағандай болды. Бұл көріністі көрген Омаш ақсақал торғайдың екі балапанын ұя жасап отырғызды. Омаш мұны өзі істеткізген соң ғана немересі көнді. Шөптерден екеуі ұя жасап, балапандарды жылы ұяға кіргізді.

Омаш таңертең тұрса немересі ағыл-тегіл боп жылап отыр екен. Неге екенін сұраса: «Түсімде анамнан айырылғанымды көрдім. Балапандары үшін торғайдың неге шыр-пыр болғанын енді түсіндім» – дейді. Омаш өзінің істеген зұлымдықтарының зардабы немере-шөберелерінің, яғни бүкіл ұрпағының алдынан шығарын сезіп, жаны күйзелді.

Омаш енді істеген ісі үшін өкінді. Күнәсін кешіруін өтініп, бес уақыт намаз оқыды. Сырттай қарағанда немере, шөберелерімен бақытты өмір сүріп жатқандай. Күніге немерелеріне ақыл айтып отырады. Ешқашан лас істерді істемеу керектігін немерелері түсінгеніне шүкіршілік етеді.

Бірақ, үнемі жан-дүниесі құлазып тұрғандай, бір өкініш жанын кеміретін.

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген мақалдың нақты мәні осы хикаятта баяндалған деп ойлаймын.

Бұл соңғы екі жұмысты да, яғни «Лұхман хакімше үйрену» және «Менің қиялымдағы Омаш» тақырыбындағы «Қанатты қиял» жұмыстарын оқушыны танымдық ойлауға үйрететін «Зерде теориясы» тұжырымдамасымен сипаттауға болады.Сындарлы ойлау теориясында: «Зерде теориясы – басқаларды зерделі делдал ретінде түсінудің ерекше когнитивті қабілеті, бұл олардың көқарасын, сенім мен тілек сияқты теориялық тұжырымдама терминдерін түсіндіру үшін қажет. Зерде теориясы деп іс-әрекеттерге әкелетін ақыл-ой күйінің кең спектрін (сенім, тілек, елестету, эмоциялар және т.б.) түсінеміз. Қысқаша айтқанда, зерде теориясы- өз саңаңның және басқа адамдар санасының мазмұнына ой жүгірте білу деген сөз» деп сипатталады. Бұл жерде біріншіден, Лұхман хакімді, екіншіден Омаш бейнесін делдал ретінде алып, оқушылар тарапынан 2 түрлі адамның санасына ой жүгірту жұмыстары жүргізіледі және сол арқылы оқушылардың өзіндік зердесі оң нәтижеде қалыптасады деп пайымдауға болады.

Осылайша көркем шығарманы тәрбие құралы ретінде пайдалана отырып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында көрсетілген «Ұлттық салт-дәстүрлеріміз, тіліміз бен музыкамыз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, бір сөзбен айтқанда ұлтық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс» деген ұстанымын жүзеге асыруға үлес қосқаным деп есептеймін.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!