Материалдар / Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар (есептер шығару). ҚМЖ 10 сынып ҚГБ алгебра 4 тоқсан.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар (есептер шығару). ҚМЖ 10 сынып ҚГБ алгебра 4 тоқсан.

Материал туралы қысқаша түсінік
10.2.1.6 - кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Сәуір 2024
102
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Таныстым:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Алгебра ҚГБ

Тақырыбы: Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар


Бөлім:

10.4АКездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

10.04.2024ж

Сынып: 10 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.1.6 - кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру;


Сабақтың мақсаты

Дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім заңының кестесін құрастыра білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқу мақсаттарымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.


Жинақтала

ды, сабаққа ынталанады.






Оқулық.

Сабақтың ортасы

Өткен сабақты пысықтау.

1-мысал. Автокөлік жүру бағытында 3 бағдаршам бар және олардың әрқайсысы автокөлікке әрі қарай қозғалуға 0,5 ықтималдықпен рұқсат береді немесе тиым салады. Y кездейсоқ шамасы көліктің келесі тоқтауға дейін жүріп өтетін бағдаршамның санын анықтайды. Y кездейсоқ шамасының үлестірім заңын сипаттайтын кестені құр.

Шешуі. Y кездейсоқ шамасының барлық мүмкін мәндері: 0, 1, 2, 3.

Егер автокөлік бірінші бағдаршамда қызыл шамға тап түссе, онда Y кездейсоқ шамасының мәні 0-ге тең болады. Бұл мәнінің ықтималдығы:

p(0) = 0,5.

Егер автокөлік бірінші бағдаршамда тоқтаусыз өтіп, екінші бағдаршамда тиым салатын белгіге тап болса, онда Y кездейсоқ шамасының мәні 1-ге тең. Бұл мәнінің ықтималдығы:

p(1) = 0,5 ∙ 0,5 = 0,25.

Егер автокөлік бірінші және екінші бағдаршамдарда өтіп, ал үшіншісінде тиым салатын белгіге тап болса, онда Y кездейсоқ шамасының мәні 2-ге тең. Оның ықтималдығы:

p(2) = 0,5 ∙ 0,5 ∙ 0,5 = 0,125.

Егер автокөлік барлық бағдаршамдарда тоқтамай өтсе, онда Y кездейсоқ шамасының мәні 3-ке тең болады. Оның ықтималдығы:

p(3) = 0,5 ∙ 0,5 ∙ 0,5 ∙ 0,5 = 0,0625.

Y кездейсоқ шамасының үлестірім заңы 2-кестеде берілген:

Y

0

1

2

3

p

0,5

0,25

0,125

0,0625

1-кесте.

2-мысал. Геометриядан берілген есепті бірінші оқушының дұрыс шығару ықтималдығы 0,6-ға тең болса, екіншісінікі – 0,7. X кездейсоқ шамасы есепті дұрыс шығара алған оқушылар санын сипаттаса, X кездейсоқ шамасының үлестірім заңын сипаттайтын кестені құр.

Шешуі.

X кездейсоқ шамасының қабылдайтын мүмкін мәндері: 0, 1, 2.

Есепті бірінші оқушы шығара алмауының ықтималдығы 0,4, ал екінші оқушының шығара алмау ықтималдығы 0,3-ке тең.

Егер есепті бірінші оқушы да, екінші оқушы да шығара алмаса, онда X кездейсоқ шамасының 0-ге тең мәнінің пайда болу ықтималдығы:

p(0) = 0,4 ∙ 0,3 = 0,12.

Бірінші оқушы есепті шығарып, ал екіншісі шығара алмаса немесе керісінше екінші оқушы дұрыс шығарып, ал біріншісі шығара алмаса, онда X кездейсоқ шамасының 1-ге тең мәнінің пайда болу ықтималдығы:

p(1) = 0,6 ∙ 0,3 + 0,4 ∙ 0,7 = 0,18 + 0,28 = 0,46.

Екі оқушы да есепті дұрыс шығара алса, онда X кездейсоқ шамасының 2-ге тең мәнінің пайда болу ықтималдығы:

p(2) = 0,6 ∙ 0,7 = 0,42.

X кездейсоқ шамасының үлестірім заңы 3-кестемен берілген:

X

0

1

2

p

0,12

0,46

0,42

2-кесте.


Тапсырмалар орындау:

1. X дискретті кездейсоқ шамасының мәндерінің ықтималдықтары берілген. 10 мәнінің ықтималдығы: 0,32 мәнінің ықтималдығы: 0,48 мәнінің ықтималдығы: 0,14 мәнінің ықтималдығы: 0,2X кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесін толтыр.

2. X дискретті кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесі берілген.

k-ның мәнін тап.

X

2

4

6

8

p

2k

4k

6k

6k


3. Автокөлік жүру бағытында 4 бағдаршам бар және олардың әрқайсысы автокөлікке әрі қарай қозғалуға 0,5 ықтималдықпен рұқсат береді немесе тиым салады. Y кездейсоқ шамасы көліктің келесі тоқтауға дейін жүріп өтетін бағдаршамның санын анықтайды. Y кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесін толтыр.

4. Қозғалтқышты іске қосу үшін 4 талпыныс беріледі және алғашқы сәтті іске қосылуынан кейін әрекет жасау тоқтатылады. Қозғалтқыштың іске қосылу ықтималдығы 0,8-ге тең. X кездейсоқ шамасы қозғалтқышты іске қосу талпыныстар санын сипаттайды. X кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесін толтыр.

5. Ықтималдықтар теориясының есебін бірінші оқушының дұрыс шығара алу ықтималдығы 0,7-ге, ал екіншісінікі – 0,8-ге тең. X кездейсоқ шамасы тапсырманы дұрыс шығара алған оқушылар санын сипаттайды. X кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесін толтыр.


Алдыңғы сабақта алған білімдерін еске түсіреді








Мысалдар жазады






















































Тапсырманы жұптасып орындайды

Дескрипторды қолданады





























































































Оқушылар жұмыстарын дайын дескриптормен тексереді және к

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!