400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар. ҚМЖ 10 сынып ҚГБ алгебра 4 тоқсан

Материал туралы қысқаша түсінік
10.2.1.6 - кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру;
Материалдың қысқаша нұсқасы

Таныстым:

Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі

Момынай жалпы орта білім беретін мектебі

Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары

Пәні: Алгебра ҚГБ

Тақырыбы: Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар


Бөлім:

10.4АКездейсоқ шамалар және олардың сандық сипаттамалары

Педагогтің Т.А.Ә.

Алиева Гүлжан Аманкулкызы

Күні:

12.04.2024ж

Сынып: 10 «А»

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Дискретті және үздіксіз кездейсоқ шамалар

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.2.1.6 - кейбір дискретті кездейсоқ шамалардың үлестірім заңы кестесін құру;


Сабақтың мақсаты

Дискретті кездейсоқ шаманың үлестірім заңының кестесін құрастыра білу.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурс

тар


Сабақтың басы

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарын сабаққа аудару
Жағымды психологиялық ахуал орнату.

Оқу мақсаттарымен таныстыру.

Үй тапсырмасын тексеру.


Жинақтала

ды, сабаққа ынталанады.






Оқулық.

Сабақтың ортасы

Өткен сабақты пысықтау.

Мысал 3.

Мергенде 3 оқ бар және ол нысанаға алғашқы тигенге дейін атады. Бірінші рет атқанда нысанаға тигізу ықтималдығы 0,8-ге, екінші рет атқанда 0,7-ге, үшінші рет атқанда 0,6-ға тең. X кездейсоқ шамасы қалған оқтардың санын сипаттайды.

a) Y кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесін құр.

b) Қалған оқтардың ең ықтимал санын тап.

Шешуі.

X кездейсоқ шамасының мүмкін мәндері: 0, 1, 2.

Бірінші рет атқанда оқтың мүлт кету ықтималдығы 0,2-ге, екінші рет атқанда 0,3-ке және үшінші рет атқанда 0,4-ке тең.

Мерген бірінші рет атқанда нысанаға тиді, онда 1 оқ жұмсалды және 2 оқ қалды. X кездейсоқ шамасының 2 мәнінің пайда болу ықтималдығы:

p(2) = 0,8.

Мерген бірінші рет атқанда оқ мүлт кетті, ал екінші рет атқанда нысанаға тиді, онда 2 оқ жұмсалды және 1 оқ қалды. X кездейсоқ шамасының 1 мәнінің пайда болу ықтималдығы:

p(1) = 0,2 ∙ 0,7 = 0,14.

Мерген бірінші рет атқанда оқ мүлт кетті, екінші рет атқанда да оқ мүлт кетті, онда ол үшінші рет атады, яғни барлық үш оқ жұмсалады және оқ қалмайды. Оның үстіне, ол үшінші рет атқанда нысанаға тигізуі немесе тигізбеуі де мүмкін. X кездейсоқ шамасының 0 мәнінің пайда болу ықтималдығы:

p(0) = 0,2 ∙ 0,3 ∙ 0,6 + 0,2 ∙ 0,3 ∙ 0,4 = 0,06.

Осыдан X кездейсоқ шамасының үлестірім заңы 3-кестемен берілген:

Y

0

1

2

p

0,06

0,14

0,8

Барлық алынған ықтималдықты салыстыр: p(2) > p(1) > p(0). Осыдан қалған оқтардың ең ықтимал саны 2-ге тең.

Жауабы: p(2) = 0,8.


Тапсырмалар орындау:

№1. X кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесі берілген. Жұп мәндерінің ықтималдықтарының қосындысын есепте.

X

77

78

79

80

81

p

0,15

0,15

0,20

0,40

0,10


№2. Y кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесі берілген:

Y

0

1

2

3

4

p

10k

0,3

3k

0,03

0,02

2 мәнінің ықтималдығын тап.


№3. 10 тәжірибенің нәтижесінде X кездейсоқ шамасы келесі мәндерді қабылдады: 2, 2, 3, 4, 4, 4, 6, 6, 6, 6. X кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесін толтыр.

№4. 100 лотерея билеті шығарылды: 1000 теңге ұтысы бар 5 билет, 500 теңге ұтысы бар 10 билет, 200 теңге ұтысы бар 20 билет және 100 теңге ұтысы бар 50 билет. X кездейсоқ шамасы белгілі бағамен сатып алынған билеттің ұтысын сипаттайды. X кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесін толтыр.

№5. Төрт кілттің біреуі ғана құлыпқа сәйкес келеді. Z кездейсоқ шамасы құлыпты ашу үшін тексерілетін кілттердің санын сипаттайды және әр кілт бір рет қана тексеріледі. Z кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесін толтыр.

№6. Әр тәжірибеде A оқиғасының пайда болу ықтималдығы 0,6-ға тең. X кездейсоқ шамасы екі тәуелсіз тәжірибеде A оқиғасының пайда болу санын сипаттайды. X кездейсоқ шамасының үлестірім заңының кестесін толтыр.

Алдыңғы сабақта алған білімдерін еске түсіреді








Мысалдар жазады






























Тапсырманы жұптасып орындайды

Дескрипторды қолданады





































































Оқушылар жұмыстарын дайын дескриптормен тексереді және кері байланыс алады.





















bilimland.kz




















Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
13 ұстаз жүктеп алған
11 сәуір
468
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі