Домбыра аспабы.

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Домбыра аспабы.

Материал туралы қысқаша түсінік
Домбыра аспабы
Материалдың қысқаша нұсқасы

«Бекітемін»

«Балдәурен» б/бмеңгерушісі:

_____________Қ. Қуатбаева





Shape1


Shape2


Shape3


Shape4



Музыка жетекшісі: Э. Абылова









2022-2023ж




Күні: 11.04.2023ж

Тобы: Ересек «Аққу» тобы.


Білім беру саласы:  Шығармашылық.

Бөлімі: Музыка.

Сабақтың тақырыбы: «Домбыра аспабы».

Сабақтың мақсаты: Балаларға ұлттық аспап домбыра туралы тереңірек түсінік беру. Домбыраның құрылысымен танысу және домбыра туралы мағлұмат беру. Домбыра суреті қиықтарын құрастыру. Көру арқылы есте сақтауды, қиялды жетілдіру. Әр түрлі жаттығулар жасау арқылы зейінділікті жаттықтыру. Әдемілікке тәрбиелеп, ұлттық аспабымыз домбыраға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Көрнекілік: Домбыра макеті, аспаптар суреті, магнитафон, жаттығу құралдары т.б

Барысы:

Бүгін біздің оқу қызметіміз өзгеше болғалы тұр, өйткені бізге көптеген қонақтар келіп отыр. Сондықтан оқу қызметімізді мұхият тыңдап жауап беруге, жаттығуларды дұрыс орындауға тырысайық жарай ма балалар. сабағымыздың сәтті де қызықты өту үшін біз алдымен келген қонақтармен музыка тілінде сәлемдесіп алайық балалар.

Ұйымдастыру кезеңі

Музыка тілінде сәлемдесу.

Жарайсыңдар,балалар сабаққа назар аударайық.

1.Балалар біз қандай мемлекетте тұрамыз? -Қазақстан мемлекетінде тұрамыз. 2.Астанамыз қай қала?. -Астана қаласы. 3. Елбасымыз кім?. –Қасымжомарт Тоқаев. 4. Біз қай ауылда тұрамыз? - Кетебай ауылында тұрамыз 5. Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қандай ай? -Көктем мезгілі, сәуір айы. -Жарайсыңдар ,балалар.



Ұзын мойны,

Екі ішек,

Қатар-қатар тепкішек.

Басып көрсең бір-бірлеп,

Үн шығады күмбірлеп. Жауабы: домбыра.

Бүгінгі оқу қызметінің тақырыбы << Домбыра >>

Мақсаты: Осы ұлттық аспабымыз домбыра туралы,оның жасалу жолы мен құрылысына тоқталу. Домбыра қазақтың төл ұлттық аспабы. Қазақ халқы әрқашанда өз өнерін қадірлеген, әндерін ойларын домбырамен жеткізген екен. Көшіп жүргендеде бесігі мен домбырасын тастамаған екен. Домбыра аспабымызбен танысып, домбыраның құрылысына тоқталайық. 1.Құлағы. дыбысты келтіру үшін. 2.Шанағы. 3.Пернелері. 4.Қақпағы. 5.Тиегі. 6.Ішегі.

Міне балалар бұл домбыраның құрылысы екен.

Балалар біз енді бүгінгі сабағымыздың тапсырмаларын орындайық.


-Балалар, біз музыканы не істей аламыз?

-Ести аламыз, оны қайталай аламыз. Орындай аламыз я, жарайсыңдар.

­-Музыка қалай орындалады? 

- ­музыка әртүрлі аспаптарды соғу, ұру, шерту арқылы орындалады екен.

-Әуенмен қимыл­ қозғалыс жасай аламыз ба?

-ия, әуенге ере қимыл қозғалыс жасай аламыз екен.

1 Қимыл­ қозғалыс ойыны: «Сылдырмақпен ырғақты би»



Балалар біз сөз барысында, ән айту барысында дұрыс тыныс алуымыз керек екен. Олай болса бірге бәріміз дұрыс тыныс алу жаттығуын жасап жіберейік. Мына шарларды алып әунге ере шарды үреміз.

2 Тыныс алу жаттығуы. «Әуе шарларын үрлеп ұшырамыз»


Балалар кез келген затты соғу, бір біріне ұру арқылы әуен шығаруға болады екен. Мысалы белгілі бір музыкаға қолымыздағы затты соғу арқылы әуенге еріп музыканы түрлендіруге болады екен. Қане олай болса шөлмек ыдыстарға қасықпен соғу арқылы әуенге менімен бірге еріп қайталаңдар.

3 Стақанмен қасық әуені.


Оркестр. «Аспаптарда ойнайық»

­Аспаптарды бір әуенге қосып ойнаса не дейміз?                          ­Оркестрді кім басқарады? Дерижер басқарады екен.

4 Балалар кәне олай болса бәріміз аспаптармен оркестр құрайық.


Рефлексиялық­ түзетушілік:  ­

Балалар, бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

Сылдырмақпен не істедік біз? Әуенге ере не жасадық?

Шарды үпіріп жаттығу жасадық.

Кез келген ыдысты, кез келген затты соғу арқылы музыка шығаруға болады екен, қасықпен стақанды соғып әуенге ердік. Сендерге ұнады ма?

Қандай аспаппен таныстық?

Домбыра аспабымен.

Домбыраның құрылымымен таныстық, домбыраның құрылымын тағы бір есімізге салып домбыра қиындыларын құрастырайықшы балалар. Келіңдер 3топқа бөлініп жылдам домбыра қиындыларын құрастырайық.

Әуенге ере ырғақпен ойын ойнадық сендерге ұнады ма сабақ?

Жарайсыңдар балалар бүгінгі сабағымыз аяқталды. Апайларға, келген қонақтарға қош сау болыңдар дейік.




Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.06.2024
466
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі