Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Домбыра аспабында үйретудің әдіс – тәсілдері
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Кожанова Ж.Е
«Жаяу Мұса атындағы Ақсу жоғары көпсалалы колледжі» ШЖҚ КМК
арнайы пәндер оқытушысы
Домбыра аспабында үйретудің әдіс – тәсілдері
Аннотация: бұл мақала ұлттық аспабымыз домбыра арқылы рухани байлығы мол жеке тұлға тәрбиелеу. Домбыра аспабының шығу тарихы, орындалу тәсілдері, домбыра аспабында дыбыс шығарудың негізгі әдістері,бірнеше қарапайым әрекеттерден тұратын қағыстар туралы жазылған. Аспап орындаушылығына назар аудару. Домбыраның қағыстары күйдің мазмұнын түсіндіруде ең басты құрал, қысқаша айтқанда домбыраның қағысы – күйдің тілі. Сондықтан оң қол қағысының бірнеше түрлерін көрсететін терминдері бар.
Келесі талданған бағыт: домбыра аспабында ойнаудың әр түрлі әдіс тәсілдерін меңгерту, студенттерге тез тиімді аспапта үйрену үшін ең қолайлы әдістері іріктеліп алынған. Оқушының өзі аспапты игеруге белсенді қатысуын көздейтін дамытушылық оқыту әдістеріне негізделген жұмыс нұсқалары.
The purpose of the study is upbringing spiritually wealthy individuals via national instrument - Dombyra. The work considers its development history, various performance methods, main sound production techniques along with several simple strucks. By drawing attention to instrumental performance it can be revealed that string strucks serve as means of context delivery, in other words it is the language of melody. Thus, numerous terms indicating wrist movements are presented for instance.
The next chosen area: mastering various techniques of playing dombyra, and deriving the ways of learning the instrument quickly and efficiently. Additionally, the examples of works based on teaching and developing methods aimed at mastering the instrument actively are given as well.
Домбыра үйрету әдісі болашақ ұстаздарды домбыра аспабында ойнауды үйретудің үлгілерін, әдістерін жете білуге жұмылдырады. Ұстаздардың озық тәжірибесін көріп, сезіне жүріп, орындаушылықты, теориялық бағытта алған білімін өз бетінше тұжырым жасауға үйретеді. Домбыра үйрету әдісі – сындарлы үрдіс. Заңдылықтардың, үлгілердің, әдістердің, түбегейлі зерттеулердің, бір арнаға құяр саласы, жиынтығы. Теориялық түйін және болжамдардың іске асар тұсы. Домбыра үйрету әдістері дәрістерінен үйренген бар білімін болашақ ұстаздар ұстаздық машықтану сабақтарын өткізу барысында шәкіртпен етене тікелей жүздесу кезінде іс жүзінде қанығып домбырашы ұстаз, домбыра маманының бейнесін қалыптастырады.
Домбыраға үйрету әдісі– кәсіби өнер саласында ұдайы дамып, ізденісте, дамуда келе жатқан үрдіс. Домбыра үйрету мектебін Л. Хамиди, Х. Тастанов, Б. Ғизатов, М. Әубәкіров, А. Жайымов, Б. Ысқақов, С. Бүркітовтер жазған оқулықтары қолданылып келеді. Біздің де ұстанған бағытымыз.
Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтаған, қазақ даласында кеңінен танымал аспап. Дегенмен домбыра әр аймақта әр түрлі болып келеді. Солтүстік, орталық, оңтүстік аймақтарда домбыра көлемі шағын, жеті-тоғыз пернелі болса, Батыс Қазақстан аумағында кездесетін домбыра шанағы жұмыр, мойны ұзын, он екі, он төрт пернелі болып келеді. Қазақтың қара домбырасы – қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. Домбыраның қазақ тарихында алар орны өз алдына, мәні мен мазмұны, өзіндік қасиеті тым биік. Домбыра әр қазақтың жүрек пернесін шертер күй болып төгіледі, әсем әнге сүйемел болады, өсиетті жыр-толғауларға арқау болады, термелерді тербейді. Домбыра ХХІ ғасыр бренді.
Домбырада ойнау техникасы, басқа ішекті аспаптарында ойнау әдістеріне ұқсас: музыканттың сол қолы мойынға (тұтқаға) еркін сырғып кетеді, ал оң қолының екі ішекті шерткен саусақтарының көмегімен дыбыс шығарылады. Бірақ ішектердің дыбысын күшейту үшін, ішектерін пернеге қаттырақ басу керек.
Домбыра үйрету әдісі арнайы пән ретінде1980 жылдардан оқытыла басталды. Бұған дейін музыка мектептерінде, колледждерде дәріс берілді.
Домбырадағы дыбыс шығарудың негізгі әдістері - бұл бірнеше қарапайым әрекеттерден тұратын ішектегі қағыс: сермеу, ішекпен жанасу және одан кейінгі қозғалыс. Осы үш фазаның әрқайсысы пішіні, күші, жылдамдығы (уақыты) бойынша әр түрлі болуы мүмкін. 1. Қағыс негізінде тремоло штрихымен төмен және жоғары қағыстар жасалады. 2. Пиццикато негізгі қағыстардың бірі болып саналады, бармақпен немесе сұқ саусақпен орындалады.
Қағыс, пиццикато және тремоло - бұл домбырашының барлық орындау техникасына қолданылатын әдістер, басқа орындалатын тәсілдердің негізі болып саналады.
Домбыра өнері сұранысының үйрету бағыттарының, сұраныстың әр қилы болуына байланысты бүгінгі таңда үйрену тәсілдері қарастырылады Біріншісі ол:
1. Домбыраны сандық жүйесімен үйрету.
Домбыраны үйренуді ниет еткен, рухани тектілігі, таудай талабы бар жандарға сандық жүйесімен үйрету. Есте сақтау қабілеті қалыптаспаған үйренушіге тиімді әдіс. Бұл тез үйренумен қатар нота сауатын қажетсінбейтін домбырашыға арналады. Домбыраның пернелерін санап отырып үйрету, әр пернені басқан сәтте оның нөмері болып отырады. Сандық жүйенің жазылу ерекшелігі мыс; төмен - жоғары қағыс бағыттары таңбаланып астыңғы - үстіңгі пернелер саны көрсетіледі. Қағыстың үстіне пернелерді қай саусақтармен басу керектігін білдіретін белгі қойылады.
Күйді үйренгенде қағысын, өлшемін, екпінін түсіндіріп аламыз. Тактіге бөліп, талдап ойнаймыз. Бірнеше бөліктерге бөліп ойнап, игере алмаған тұстарын жаттығу ретінде үйретіп, күйдің бас буынынан кейін бірінші, екінші деп жаттығуды ойнатса, оқушылар күйді тез меңгеріп алады.
2. Нота сауаты:
Домбырашы мамандығын қалаған әрбір азаматтың үйрену жолы. Музыка мектептерінің ұстанар бағыты нота сауаты. Әдістердің қайсысы болса да ешбір маманға кедергі келтірмейді. Кәсіби жүйе үшін нотамен үйрету қажет.
Бәрі білетін «до»-мен басталып, «си»-мен аяқталатын 7 нота.
3. Дәстүрлі құйма-құлақ әдісі
Құйма-құлақ бұл дәстүрлі күй үйрету мектебі. Яғни, көз-құлақпен қабылдау. Құйма - құлақ әдісі жалпы домбыра үйрету мектебінің өзегі. Бұл қасиет музыка маманының әрқайсысында болу шарт, көбінесе табиғаттан беріледі. Құйма –құлақ әдісін ғасырлық тарихы бар. Ол заманда да, қазірде күй ғұмыр боп өскен ауыл баласы құлақпен қабылдаған, қолын қойып ешкім үйретпеген. Үйрету әдісінің қиыны болса да, бірақ ең тиімдісі.
Сонымен қатар қазіргі кезде домбырашылардың көбі заманауи тұрғыда шығармаларын ДЭККО стилін қосып орындайды. Ол дегеніміз Д – домбыра, Э – эстрада, К – күй, К – компьютер, О – орындаушы) яғни комьютер құралымен жазылған сүйемелдеуші әуен, демек фонограмма.
Музыка маманын дайындау қызықты да өте күрделі еңбек. Мұнда бір-бірімен жалғасып жатқан екі мәселені қараған жөн. Ұстаз өз шәкіртіне өнерге деген көз-қарасын, сүйіспеншілігін, өз білімін, іскерлігін, орындаушылық шеберлігін бере білуі. Оқушы бойындағы талантты ашу, жақсы жақтарын көрсету, кемшіліктерін ұдайы түзете дамыту. Ұстаздық шеберлік тәрбиенің осы екі қырын қатарластыра жүргізгенде ғана нәтижеге жетеді.
Әдебиеттер:
1. Жайымов А, Буркитов С, Ыскаков Б. «Домбыра үйрену мектебі»-Алматы:Онер, 1992.
2. Сахарбайкызы К. «Домбыра-дастан: Музыкалық білім беретін оқу орындарына арналған құрал» – Алматы: издание «Мектеп», 2002.
3. Ысқақов Б. Сарыарқа саздары
4. Райымбергенов Ә. Мұрагер Ұлан – 2003
5. А. Райымбергенов, С. Аманова «Күй қайнары» - Алматы: - Өнер, 1990
6. Ж. Нәжімеденов «Домбыра ойнау оңай ма?» -Алматы: - Өнер, 2013
7. Ө. Спанов «Домбыра үйренейік» - Әуен, 1992