Материалдар / Домбыра аспабының тілдік атаулары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Домбыра аспабының тілдік атаулары

Материал туралы қысқаша түсінік
ұстаздарға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Сәуір 2021
277
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шаймұрат Сәлдет

Домбыра аспабының атаулары

Қазақ халқының басқа халықтардан ерекшеліктерінің бірі ол өзінің ұлттық музыкасының болуы. Атадан балаға жеткен, қадірлеп көзінің қарашығындай сақталып, қымбат қазынаға айналды. Қазақ халқының аспаптық музыка саласы сан ғасырлар бойы қаншама тарихи кезеңдердің рухани нəрін бойына жинап, өзіңдік айрықша үнмен, өзгеше нақышпен, шебер шыңдалып, кемел дамып, ұлттық дара сипатта қалыптасты. Әсіресе домбыра аспабының қазақ халқының руханиятында алар орыны ерекше. Қазақ домбырасының түп тамыры көне замандардан бастау алады. Көне түрік дəуірінен бері талай ғасырлардың талқысынан өтіп, ұрпақтан-ұрпаққа аманат болып жалғасып жеткен домбыра- қазақ халқының баға жетпес ұлттық рухани құндылықтарының бірі болып саналады.

Қаймағы бұзылмай жеткен бұл өнердің бір шыңы домбыра күйлері. Бұл мұра ғасырдан ғасырға іріктеліп, сұрыпталып, сүргіленіп, түрленіп жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған. Байырғы кезде қазақ үйінің төрінде әрдайым домбыра ілулі тұрған немесе үй-ішінің біреуі домбырада күй шертпейтін отбасы қазақ арасында кемде-кем болған. Осы орайда халық арасында сұрақтар пайда болуы мүмкін. Осы домбыра, күй сөздері қайдан шыққан? Нені білдіреді? Ол қай кезден бар? Неге домбыра қазақ арасында соншама кең таралған? Осындай сұрақтарға жауап іздеп көрелік.

Белгілі зерттеуші Хайролла Жүзбасовтың пікірінше домбыра сөзі «дөпбұра», «дәлбұра», «дембұра» деген сөздердің тізбегі арқалы жасалған. Бұл белгілі бір логикаға бағындырылған қызғылықты жорамал. Тағы бір болжамды этнограф Ерік Көкеев еңбектерінен табуға болады. Ғалымның пікірінше «том» деп түюлі жұдырық немесе қолдың саласы айтылады. Кейіннен бұл түбір ұяңданып « домға» айналған, «быра» тіркесі бір нәрсені шерту, тарту, дыбыс шығару деген мағына береді-мыс. Яғни домбыра сөзі «қолдың саласымен немесе бес саусақпен шекті шерту» деген мағына береді. [1]

Кейбір деректерде «домбыра» сөзі арабтың « дунбаһи бурра» тіркесінен, яғни «қозы құйрық» деген сөзінен қалыптасқан деген долбар әңгіме бар. Бұлай дегенде шамасы домбыраның шанағының сүйірленіп барып, қозы құйыршықтанып бітетіндігін негізге алған болуы керек.

Академик А.Жұбанов «Кең даланы мекен еткен қазақ жұртының ең аяулы да қасиетті музыкалық аспабы домбыраның бірде күмбірлеген, бірде шертілген ойлы дыбысы құлаққа жағымды, жүрекке жақын, оның күмістей сыңғырлаған үні талай сырдың басын қайырады. Сымдай тартылған қос ішектен сан ғасырдың сан алуан сипаты ақыл-ойы, көңіл күйі жатыр. Домбыра-көшпелі елдің көнекөз шежіресі, көпті көрген қарияның көкірек күйі»-дейді.[2]

Домбыра ерте замандарда, пайда болып бүгінгі күнге дейін саф алтындай сақталып, халқымыздың тыныс-тіршілігімен етене қабысып, кеңінен қолданылып келе жатқан музыкалық аспаптардың бірі. Алтайдан Андолыға дейінгі түрік тілдес халықтардағы домбыра тектес шертпелі аспаптарда қазақ, ноғай, өзбек, башқұрт – домбыра, тәжік – домбурак, бурят – домбро, моңғол – домбор, түрік – томбра, телеуіт – қомбыс, шор – қобус, қырғыз – қомуз, қырым татарлары – қобуз, хақас – хомус, алтай – топшур, тува – топшулур, түркімен, қарақалпақ, ұйғыр – дутар деп атайды. Археологиялық қазба жұмыстары мен тасқа таңбаланған ескерткіштерге, ғалымдардың зерттеулеріне сүйенер болсақ домбыраның пайда болуы ежелгі түрік дəуірінен бастау алады. Алғаш домбыраның шыққан жері түрік халықтарының алтын бесігі Алтай тауы болып саналады. Белгілі түріктанушы ғалым Сартқожа Қожаубайұлының зерттеу дерегі бойынша Моңғол Алтай тауының сілеміндегі Жарғалант- Қайырқан жотасының бір үнгірінен табылған домбыра тектес көне саз аспабы екі ішекті, тоғыз пернелі əр саз аспабының мойнында ежелгі түріктің руына жазуы бар. Аспаптың шанағына бұғының, бұланның бейнелері ойылып салынған, пернелері ағаштын қабағынан таспаланып тілініп жасырылған, басы бұғы мен бұланның басына ұқсас және оның тасқа жазылған ежелгі түрік ескерткіштерінен көп айырмашылығы жоқ. Табылған саз аспабының пішіні бүгінгі күнге Алтай домбырасына ұқсас болып келеді.

Домбыра көне аспап және ол қазақпен кіндіктес ұлыстардың бәріне ортақ мүлік, себебі домбыраның жасы қазақ хандығынан үш мың жылдай үлкен, дәуірлей тексергенде аспап аттары әртүрлі диалект салдарынан өзгеріске ұшырағанымен түбі бір екені айдан анық білініп тұрады. Толғамды мәселелердің сырына үңілместен бұрын, әуелі аспап жайына түсіндірме бере кетейік.

Қазақтың домбырасы түркі-монғол (арғы атасы – ғұн) мәдениетінің меншігі, тамыры тарихқа терең жайылған, байырғы аспап. С.Өтеғалиева Орталық Азиядағы танбуртекті аспаптарды үш топқа бөледі: Сібір-Алтайлық, Ортаазиялық, Таяушығыстық [3; 39]. Осы тұжырыммен қарасақ біздің шертпелі аспаптарымызды да шартты түрде үшке бөлуге болады. Формасы мен дауыс бояу жағынан айырмашылықтары бар аспаптың бұрыннан келе жатқан белгілі үш түрі бар, әрбір өлкенің күй өнері әртүрлі орындаушылық мектеп құрап отырғанына сәйкес аспаптарының да тұрқы (формасы) жағынан өзгешелігі бар. Арқа, Жетісу, Қаратау өңірлерінде кең тараған домбыраның тұрқы қысқа, мойыны жуантық, шанағы бұрышталып шабылады.

Жалпы көпшілік қаталықтан қалақ домбыра деп айдарлап кеткен бұл аспаптың көне түбірлік аталуы – қыпшақ домбырасы болуы мүмкін (Әл-Фарабидің «Музыканың үлкен кітабы» атты трактатында сипатталатын гипжак аспабының түбірі - қыпшақ) [4; 430], бұл шертпе күй тартуға қолайлы тоғыз пернелі аспап. Қазақстанның батыс өлкесі мен Сыр бойында тараған мойыны ұзын, алмұрт пішінді домбыраның көне түбірлік аталуы - оғыз домбырасы деген ұйғарымға жақын, он екі пернесі бар, негізінен төкпе күйлер тартылады. Домбыраның бірінші байланатын пердесінің оғыз перде (соль диез) аталуы тегін емес, шабылуы да дутар аспабына ұқсас. Қазақстанның шығыс өңірінде кең тараған домбыра – алтай домбырасы деп түбірленеді, ол үш ішекті, жеті пернелі, көбінесе желдірме екпінді шертпе күйлер тартуға лайықталған. Аспаптың бұл нұсқасы мұңғұл тектес ұлттардың арасына кең тараған топшурға келіңкірейді, үні де көмей (хоомэй) мәдениетіне жуық. Осы аталған домбыралар қазақтың аймақтық күй мектептерінің айқындауышы десе де болғандай, әрбір түріне ылайық жинақталған күй қоры да мұны растайды. Бұл атаулардың тарихи негізі болғанмен домбыраның біртұтас аталуы көп қисынды, біз аспаптың туыстас халықтармен бірге жасасқан табиғаты мен сипатына қарай әрі қазақы күйшілік мектептерін нақтылау мақсатын көздейміз және домбыраның осылайша шартты түрде бөлінуін С.Өтеғалиеваның зерттеуіне сүйене келтіріп отырмыз.

Қазақтың киелі домбырасы мен күйі көне замандардан күні бүгінге дейін халқымызбен бірге жасасып келе жатқан ең киелі де қастерлі, сырлы да сұлу өнер.

Ұлт мәдениетінің арғы-бергі тарихын зерттеп, жүйелеп, бүгінгі жас ұрпақтың кәдесіне жарату және оны әлемдік деңгейде насихаттау мақсатында жасалған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» жобасының жүзеге асырылуын ұлттық музыка тарихындағы елеулі оқиға

Қазақтың ұлы ақыны Абай: «Құлақтан кіріп бойды алар, Әсем ән мен тәтті күй», — деп жырлағандай, қазақтардың сан буыны Құрманғазы, Дәулеткерей, Байжігіт, Тәттімбет, Қазанғап, Сүгір, Тоқа, Абыл сияқты халқымыздың асыл өнерін ұстаған ұлы күйшілердің мол мұрасымен сусындап өсті.

«Қазақтың дәстүрлі 1000 күйі» шеңберінде бағзы замандардан келе жатқан күй атасы Қорқыттан бастап Ықыласқа дейінгі қобызға арналған күйлер мен Сармалай бастаған сыбызғы күйлерінің де сараланып осы жинаққа енгізілуі —  жобаның құнын арттыра түсетін соны жаңалық.

Еліміздің алуан аймақтарында қалыптасқан Шығыс, Батыс, Арқа, Қаратау, Жетісу, Сыр бойы, Маңғыстау күй мектептері ғана емес, елімізден тысқары Монғолия, Қытай қазақтарының күй дәстүрлерінің бір жобада тоғысуын терең тамырлы халқымыздың мәдени бірлігінің айқын айғағы деп бағалаған жөн.

Қай замандағы болмасын күй өнеріндегі ортақ сарын — азаттыққа, бостандыққа ұмтылу, ел тәуелсіздігін аңсау. Осы тұрғыдан алғанда, қазақ күйлері — халқымыздың ғасырлар бойы армандап, бүгінгі ұрпақ жүзеге асырған, тәуелсіздікті жақындатқан ең қастерлі құндылық. Қазақтың Д.Нұрпейісова, Қ.Жантілеуов, Ж.Қаламбаев, Д.Мықтыбаев, Т.Момбеков, Г.Асқаров, У.Бекенов, Қ.Ахмедияров, Ә.Есқалиев, А.Үлкенбаева, т.б дәулескер домбырашылар орындауындағы 1000 күй ұлтымыздың ұлы қазынасы ретінде туған халқының жүрегіне жол тартты. Оның бүгінгі және болашақ ұрпақтың рухани азығы мен игілігіне айналатынына және жаңа ізденістерге бастап алдағы уақыттарда жарасты жалғастығын табатынына кәміл сенуге болады.

Сондықтан, жас ұрпақтың ұлттық танымын қалыптастыруды, іс жүзінде асыруда ұлттық аспаптармен дәстүрлі ән мен күйдіңүлкен маңызы бар. Күйді орындау, әнді айту ғана емес оларды тыңдау сол арқылы балалардың санасына ғана емес, сезіміне де, ой-өрісіне де әсерін тигізетіні анық. Күйді тыңдау және оны сезіну оның мазмұнын түсінуге, тәрбиелік мәнін саналы түрде меңгеруіне мүмкіндік беріледі. Тәй-тәй басқан баланың жүрісін біртіндеп тұзеу, былдырлап сөйлеген сөздерін қалыпқа келтіру, жаман әдеттерін сол кішкентай сәби кезінен қадағалау - ананың парызы болса, ал шәкірттің дұрыс отыруын және оң қол, сол қол саусақтарының қойылуын, алғаш домбыра ұстаған сәттен бастап үнемі ескертіп отыру, қадағалау - музыка-ұстазының парызы.

Қорыта айтқанда бүгінгі таңда ұлттық құндылықтарымызды жас жеткіншектердің бойына ұлттық тәрбие арқылы беріп ұлттық өнерге деген ой – өрісін тереңнен толғап үйретсек сол жеткіншектер ертеңгі елінің мәдениетінің өміршеңдігіне толық жауап беріп ғасырдан ғасырға жалғап әкететіндігінде дау болмас. Ендеше қазақ елінің өлмес өшпес мұрасы мәңгілік жасасын!


Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ахмет Жұбанов Ғасырлар пернесі. – Алматы: Жазушы, 1975. – 400 б

2. Қ. Сартқожаұлы Ата домбыра http://www.tdtkb.org/

3.С.Өтеғалиева Орталық Азияның хордофондары: музыкалық бұраулар проблемасы. Музыкальное искусство: Наука и образование, ғылыми еңбектер жинағы. Астана-2004







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!