Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Домбыра халық даналығы
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақ барысы.
Қазақ халық аспаптарының ішіндегі халқымызға ең көп тараған және үйренемін деушілерде көп. Домбыра аспабының бірнеше түрлері бар. Домбыра пиколло, домбыра-прима, домбыра-секунда, домбыра-альт, домбыра-контробас, домбыра-тенор. Бұл аспаппен тек жалғыз орындауда емес, фортепианоның сүйемелдеуімен музыкалық шығармалар ойнауға болады.
Қазақ халқының мекендеген жер аумағының өте кең болуына байланысты домбыра әр аймақта әр түрлі қалыпта жасалынып бірнеше түрге бұрылып, күйге келтіріледі. Музыка тілімен айтқанда бірі кварта(оң бұрау)бұрауымен бұралса, ал екіншісі квинта (теріс бұрау) бұрауында күйге келтіріліп ойналатынын оқушыға айттым. Домбыра аспабының өте жоғары екенін соған байланысты бұл аспапта орындалатынын шығармалардың, күйлердің молдығын көреміз.
Әйткенменде домбыра мамандары осы бірнеше бұраудың ішінде кварта оң бұрауды және квинта теріс бұрауды жөн көрген.
Аспаптың құрылысымен таныстыру.
Домбыра үш бөлімнен тұрады, бірінші бас бөлімі, екінші мойын бөлімі, үшінші шанағы. Басында екі құлақтары, мойынында он тоғыз пернелері байланған, шанағында бет қақпақ, бет қақпақтың қорғаны, дыбыс шығаратын, ойық үлкен тиек екі ішегі бар.
Пастановка қою
Енді осы аспапты ыңғайлы дұрыс отырып үйренудің мәні зор екендігін сонымен сонымен қатар домбыраны алғаш үйрену барысында оқушы қолдарын еркін әрі бос қозғалтып үйрену керек және қағыспен перне басы екі қолдың үйлесімін келтіру алғашқы ойнау қос ішекте оқушыға қағыстар ойнату.
ІІ-төмен қағыс ІІ жоғары қағыс
Домбыра ішегін қолмен қағып дыбыс шығару әдісін оның таңбалауын көрсете отырып бірінші және екінші жаттығуды ашық шекте оң қолдың буынын бос ұстап төмен қағысты сұқ саусақпен бос қағу керектігін оқушыға ескертіп, ал жоғары қағыс бармақпен қағу керектігін айтып түсіндірдім. Оқушы менің талаптарымды бұлжытпай орындады. Үшінші және төртінші жаттығуларды тек төмен бағытта сұқ саусақпен қолды бос ұстапжартылық ноталарды асықпай санап қолдарын жаттықырдым. Бұл жаттығу төмен бағытта сол қолдан білезік буынының қатысуымен сұқ саусақ арқылы алынады. Оқушыға аспапты шынтағымен қыспай ұстау керек екендігін ескерте отырып, қолды өз салмағымен бос тастай қағуы керек екендігін және қағыс алу барысында қолдың білегі мен буынын әрлі берлі бұрамау оның қойылымдық қалпын қадағалап кіші тиек жағынан екінші қолмен домбыра мойынын сәл демеп отыру керек екендігін айтып түсіндірдім.
Бесінші, алтыншы жаттығулар. Бұл жаттығуда саусақтарымен алақанның арасында сәл қуыс қалуы керектігін ескертіп оқушының саусақтарын бытыратып алшақ ұстамау керектігін айтып көрсеттім, себебі қағыс қағуға тек бармақпен сұқ саусақтың күші жеткіліксіз, сондықтан қалған саусақтар сұқ саусақпен жалғасып қосымша күш беру керек. Оң қолдың бұлай орналасуын қос ішекте бір мезгілде ойнағанда пайдаланады, әрбір ішекте және жеке ойнағанда оң қол сәл басқаша орналасады. Оң қолдың басынан шынтақ буынына дейінгі бөлігі қақпақтың бойынан ішектің үстіне орналасады, ал шынтақ буыны қақпақпен шынтақтың қырына таяу орналасады. Бас бармақ үстінгі ішектің үстіне көлбеу орналасып, ал сұқ саусақ сәл бүгілген күйінде астынғы ішектің тұсына орналасу керектігін көрсетіп жаттығуларды ойнады.
Домбырашының таза әрі құлаққа жағымды шығуы домбырашының отырысына және аспаптың дұрыс орналасуына тығыз байланысты және орындыққа дұрыс отырумен дұрыс ұстауды үйренуге өте мән беремін. Оқушы орындықтың жартысына оң аяқты сол аяқтың үстіне қойып сол аяқтың тізесінің үстіне оң аяқ тобығының сәл жоғары тұсына қойып ойнау керектігін көрсеттім.
Мысалы, жетінші, сегізінші жаттығу. Мұнда қағыс бағытына қарай алақан сәл ашылып сәл жұмылып тұрады. Оқушы оң қолын жаттықтырғаннаа кейін перне басып үйренеді. Сол қол саусағы домбыра мойыны кіші тиек тұсынан пернеге тақап басуу керек екендігін көрсеттім. Ал перне басуға қатыспай тұрған саусақтарды шашыратпай домбыра мойынының астына жасырмай қойылымдық қалпын сақтап ұстау керек екендігін түсіндіре отырып, пернеден пернеге ауысарда саусақтарды сәл босатып ішекті бойлай сырғыта жылжыту қажет. Қолдын әрлі берлі қозғалысы кезінде шынтақ буындарын жоғары не төмен көтермей білезік буынын бүкпей алақанда домбыра мойнына тигізбей ұстаған жөн екенін түсіндірдім.
Ойнауға жеңіл болу үшін қатарларды өлшеміне байланысты1-ге, 2-ге, деп санап отырып Халық әні «Еркем-ай» әнін жәй екпінде нотамен ойнады. Аспапты тартқан кезде перне басатын саусақтардың орналасуы алмасу тәртібіне көңіл бөле отырып, оқушының шеберлігі үшін дұрыс қойылған апликатуранын маңызы зор екендігін бірнеше рет қайталаттым.
Үйге тапсырма: оң қол, сол қол қойылымдарына аса көңіл аударып №1, №2, №3, №4, №5 жаттығуларды жәй екпінде санап қолдарды жаттықтыру.
Міне көріп отырғанымыздай, белгілі 2 ортақ үлгі жүйе жоқ. Бір атаулар тікелей болса, кейбіреулері сөйлеу, жазу мәдениетінің төмендеуінен туған жұтаңдықты көрсететін қарабайыр көңілге ешқандай әсері жоқ атаулар. Ал қазақ тіліндей аса бай тілде бұл атаулардың қазақша баламасының болмауы мүмкін емес.
Мысалы: «аты жоқ қол», «аты жоқ саусақ» деген. Бұл саусақты халқымыз «үздік саусақ» немесе «таза саусақ» деп атаған. Тіпті әрбір саусақтың жеке-жеке буындарының да атаулары болған үш буыннан тұрады. Медицинада бұларды бірінші, екінші және үшінші фаланга дейді. Ал халық арасында біріншісін «жылқы мойнақ» екіншісін /ртаңғысын/-«өгіз мойнақ» деп атаған.
Саусақтың перне басатын жұмсақ етін – «мамық» деген. Сол сияқты «сұқ қол», «ортаңғы қол», «атты жоқ қол» дегеннен гөрі, «сұқ саусақ», «ортаңғы саусақ» және «жүзік» немесе «таза саусақ»-деген дұрыс.
Қорыта келе, болашақ оқу жүйесінде оң қол және сол қол саусақтарының атаулрымен қағыс бағыттарының рет санымен ойнау әдістерінің төмендегіше белгілену кестесін ұсынамыз.
Оң қол саусақтарының ойнау әдістері мен қағыс бағыттарының қысқаша белгіленуі:
Бармақ – Б
Саусақ – С
Ортаңғы саусақ –О
Жүзік саусақ – Ж
Шынашақ – Ш
Негізгі қара қағыстар
П-сұқ саусақпен жоғарыдан төмен қағыс
U-бармақпен төменнен жоғары қағыс.
Ілме қағыс
ПUU- «сұқ» саусақпен төмен «бармақпен» және «сұқ» саусақпен жоғары қағыс. Кейбір күйлерде бірнеше саусақтар кезектесіп жоғары алынады.
Қолдың саусақтары қалай жиналып тұратын болса, сол қолдың саусақтары да солай орналассуы керек.
Айырмашылығы: оң қолдың саусақтары төмен, ал сол қолдың саусақтары жоғары қарай бағытталған
Домбыраның сабы сол қолдың алақанына тимеуге тиіс, домбыра сабы мен алақанның арқасы қуыс болуы шарт. Егер домбыраның сабы алақанға тиіп тұрса, сол қолдың білезік буыны қысылып қалады да, саусақтардың қозғалысына кедергі жасайды. Пернелерді басқанда сол қолдың саусақтарының тырнаққа жақын жеріндегі жұмсақ етімен және перненің дәл үстінен баспай, пернеден сәл төмендеу жерінен дәл басу керек.
Бұл дыбыстың таза, әрі сапалы шығуын қамтамасыз етеді.
Түрлі тәсіл түрлі әуеннен туындайды. Дина күйінде әуен төмен сорғалағанда біркелкі емес, іркілу, фермотаға кідіру арқылы жүреді. Бұл Динаға тән қасиет. Осындайда әуеннің біркелкі болуы талап етілмейді. Құрманғазы күйінде әуен төменге кідірмей, бір демде жетеді.
Сондықтан бірінші жағдайда бас бармақ, сұқ саусақпен қатар ортаңғы қолданылса, Құрманғызы күйінде сұқ саусақты ғана пайдаланған жөн.
Жеткіншектерге музыкалық білім беру саласында ең негізгі буын – ол балалар музыка өнері кең дамып, халық аспаптарының орындаушылық мүмкіндіктері артуда. Бұл істе республикамыздың музыка мектептерінде арнайы өтілетін халық аспаптар кластарының маңызы зор.
Қорыта айтқанда мектептегі барлық пәндер сияқты музыка сияқты музыка сабағы да оқушыларды азаматтық рухта тәрбиелеп олардың дүние танымын дамытып ой-өрісін кеңейтуді, сонымен қатар музыка жай сабақ емес, өнер сабағы болғандықтан, оның өзіндік ерекшеліктері және атқаратын міндеттері бар. Атап айтқанда оқушылардың дүниетанымы өмірге деген көзқарасы музыкалық шығармаларды тыңдау немесе орындау кезінде алған әсерлену сезімі арқылы тәрбиеленеді.Сондықтан музыка және өмір деген ұғым әр сабақтың ең өзекті мәселесі болып отыруы шарт. Олай болса, оқытушының сабақта қолданған барлық әдістері осы түйінді мәселені ашуға бағытталуы тиіс. Ал, ән айту музыка тыңдау дағдыларын үйрену музыкалық сұлулығын, ән сазын терең түсініп, одан эстетикалық әсер, нәр алу жолдарынжеңілдетеді. Демек, музыка сабағында сезім мен сапалылық, көркемдік пен шеберлік шыңдау бірігіп, тұтасып кетуі тиіс. Сонымен қатар оқытушы сабақта жұмыстың ұтымдық, әрі жеке түрлерін алмастыра білуі тиіс.
Домбыра –халық даналығы
Әрбір халықтың артық тұтар айбыны мен ішкі әлемінің айдыны есепті ешбір нәрсемен алмастыруға болмайтын ұлттың өзімен бірге туындап, біте қайнасып келе жатқан киелі мұра бар. Адам жанының ішкі толқынысын, сезім шеруінің нөкірін таңғажайып үн, әуен, ырғақпен жеткізе білетін қазақтың қара қобызы мен қара домбырасы, сырлы сыбызғысы арқылы пайда болған күйлерді, осындай мұра қатарына жатқызуға болады. Ғасырлардан – ғасырларға іріктеліп, сұрапталып, сүргіленіп, түрленіп, жеткен халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отырған бұл мұраны абайлап тұтынып кестелей білгеніміз жөн. Бұл өнердің еш ұмытылмай халықтың өзімен бірге дамып, қалыптасып отыратын бұл мұраны абайлап тұтынып қастерлей білгеніміз жөн. Бұл өнердің еш ұмытылмай халықтың өзімен биіктейді. Қазақтың классикалық дәстүрлі музыкасы – тілегей – теңіз ғажайып рухани мұра. Ол ата-бабаларымыздың жасаған көшпелі мәдениеттің құндылығында «аттың жалында, атаның қамында дүниеге келіп, енді біздің өмірімізбен біте қайнасып, ХХ-ғасырда да ілесіп жүрді. Ол бір ғасырға жуық біздің мәдениетіміздің жаңа кезеңінде өзінің айрықша келбетін қайталанбас құндылығын аша түсті. Заманымызға Боғда мен Ұзақ, Дәулеткерей мен Құрманғазы, Қазанғап пен Тәттімбет, Абал мен Абай, Байсерке мен Мәмен, Түркеш пен Сейтек, Дина мен Сүгір сынды кемшігер күншілер арқылы жеткен ұлттық домбырашылық классикамыз бұл – бүкіләлемдік қазына. Бізге ата-бабамыздан мирасқа қалған, тарту етілген ұлы сыйлығын ерекше құрметте, асқан жауапкершілікпен дамытуымыздың міндеті жүктелген. Бүгінгі таңда домбырашыларды оқытып үйрету, бұрынғыдай құлақпен естіп, көкірекпен қабылдау емес, нота бойынша жүргізілетіні белгілі. Қазақ халқының мекендеген жер аймағының кең болуына байланысты, домбыра әр аймақта әр түрлі қалыпта жасалынып, бірнеше түрде бұралып, күйге келтіріледі. Музыка тілімен айтқанда бірі кварта (оң бұрау) бұрауымен бұралса, ал екінші квинта (теріс бұрау) үшінші терция (қалыс бұрау) төртінші секунда (шалыс бұрау) бұрауында күйге келтіріліп ойналады. Осы кезге дейін халық арасында унисон және октава бұрауында ойналатын күйлерді кездестіріп жүргенімізді айтсақ, домбыра аспабының мүмкіндігінің өте жоғары екендігін соған байланысты бұл аспапта орындалатын шығармалардың күйлердің молдылығын көреміз. Әйткенмен де домбыра мамандары осы бірнеше бұраулардың ішінде кварта (оң бұрау) және квинта (теріс бұрау) бұрауларында оойнағанды жөн көрген. Бұған бірден – бір себеп басқа бұрауда айналатын шығармалардың сирек кездесуі. Музыка оқу орындары қай халықтың музыка аспабы болса да, негізінен осы екі бұрау қолданылады.
Домбыра – музыка аспаптары ішіндегі халқымызға көп тараған аспап болғандықтан, оны тартып үйренсем деушілер де көп. Сондай үлкен сұранысты ескере отырып, талапты үйренушіге өз бетінше аспапта ойнап, меңгеріп кетуі үшін талапты үйренушінің нота сауатын ашып, домбыраны нота белгілерімен үйренуіме де басты назар ааударылды.
Домбыра үш бөлімнен тұрады: шанақ, мойын және бас бөлім.
Шанақ жеке-жеке қалақшалардан құралады. Қалақшалардың саны7-ден 9-ға дейін кейде 13-ке дейін барады. Қалақшалар неғұрлым көп болса, шанақтың қырлары соғұрлым аз болады да, домбыра ұстауға ыңғайлы болады. Шанақтың беті ортасында дыбыс ойығы бар қақпақпен жабылады. Қақпақтың негізгі міндеті –аспапта ойнаған кезде ішектердің тербелісін негізгі тиек арқылы өзіне қабылдап және оны молайтып дыбыс ойығының көмегімен дұрыс жеткізу. Шанақтың түп жағында ішек байланатын ілгек (кейде «түйме»деп те аталады) орналасқан. Ал қақпақтың ойығы мен ілгектің ортасына тиек қойылады.
Мойын. Домбыра мойны шанақтан домбыра басына қарай сүйірленіп келіп, сол қолдың бас бармағы мен сұқ саусағының арасына сиятындай жіңішке болып жасалынады. Домбыра мойынының сол қолдың әрлі-берлі еркін қозғалысына лайықталып ыңғайлы болуы, дыбыстың таза, анық шығуын қамтамасыз етеді. Мойынның ұзындығы жалпы аспаптың дыбыстық көлеміне, сондай-ақ дыбыс табиғатына орай, орындаушының құлашы еркін жететіндей етіп жасалынады. Балаларға арналған домбыраның көлемі кіші болғанымен дыбыстың көлемі сол қалпында сақталады.
Пернелер. Музыкалық дыбыстардың әрі тұрақты, әрі тез шығуы үшін домбыраның мойнына пернелер байланады. Олардың өзара қашықтығы музыкалық дыбыстардың биіктік өлшемінің жарты тонына тура келеді. Пернелерді домбыра ішегінен сәл жіңішкелеу болып, келетін ішектермен болмайды. Бұрын халық күйшілері өз домбыраларына «9» немессе 14 перне тағып ойнаған. Бар қызығы, олар әуеннің жетпей жатқан дыбыстарын алу үшін, арнаулы жылжымалы пернелрді пайдаланған. Қазіргі уақытта домбыра пернелері жарты топ аралықтарында тұрақтандырылып «19» жерде байланады. Кейбір көлемі кең шығармаларды орындау үшін домбыра мойынының төменгі жағынан тағы да қосымша пернелер тағылады.
Ішектер. Ерте уақытта домбырашылар аспаптарына қойдың немесе ешкінің ішегін иіріп тағып ойнаған. Ал қазіргі кезде домбыра ішектері арнайы кәсіпорындарда әртүрлі жуандықта жасалып шығарылады. Домбыра-тенор үшін ең қолайлығы 0,7мм 0,75 мм ішек болып табылады. Домбыраның ішектері шанақ түбіндегі ілгекке оралып, бас бөлімге орналасқан екі құлаққа бекітіледі. Бұл қос ішектің астынғысы 1-ші (яғни соль ішегі), үстінгісі2-ші ішек (ре) деп аталады.