Материалдар / Домбыра туралы ертегі.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Домбыра туралы ертегі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды өз ұлтын, өз халқын сыйлауға, құрметтеуге шақыра отырып, соның ішінде қазақ халқының өнеріне, домбыра аспабына деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру. Домбыраның, күй құдіретінің мықтылығын, күштілігін оқушылырға сездіре білу және домбыраға деген құмарлығын арттыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Мамыр 2020
1985
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады













ДОМБЫРА ТУРАЛЫ ЕРТЕГІ

(әңгіме сағаты)















Жетекшісі: Исаева Гулзира Байдарханкызы

Сыныбы: 3-сынып









Домбыра туралы ертегі”


Мақсаты: Оқушыларды өз ұлтын, өз халқын сыйлауға, құрметтеуге шақыра отырып, соның ішінде қазақ халқының өнеріне, домбыра аспабына деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру. Домбыраның, күй құдіретінің мықтылығын, күштілігін оқушылырға сездіре білу және домбыраға деген құмарлығын арттыру.


Сабаққа кіріспе:

1) Домбыраның пайда болуы.

2) Домбыра туралы аңыз.

3) Домбыраның ішегі.

4) Домбыраның дыбыс шығаратын ойығы.

5) Домбыраның бүгінгі таңдағы қызметі.

6) Қорытынды.




Домбыра туыс үн,

Домбыра тынысым.

Егіз ішектен шығады,

Дүниенің дыбысы.


Отырғанда оңаша ,

Домбыра бір тамаша.

Тілін тапсаң екі ішек,

Мәз болады балаша.

Нәзік саусақ икемді,

Таба білсең күй кенді.

Шертпе күй мен төкпе күй,

Шымырлатар жүйкеңді.

Қ.Мырзалиев


Жер бетіндегі әр халықтың өз түрі, өз тілі, өз діні болады. Әдет-ғұрып , салт-дәстүр қалыптасады.

Олардың бәріне қоса әр ұлттың өзіне ғана тән ұлттық музыкалық аспабы болады. Мысалы: өзімізге географиялық жағынан өте жақын орналасқан ұлттарды алайық. Қырғыздарда үш ішекті қобыз, өзбектерде дутар, гиджак, татарларда гармонь, орыстарда балалайка, үш ішекті домбыра, ал қазақтарда домбыра , қобыз, сыбызғы. Бүгінгі біздің әңгімеміз домбыра жайында. Домбыра қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздеп корейік. Шынында қазақты домбырасыз, домбыраны қазақсыз көз алдымызға елестету мүмкін емес. Домбыраның қалай пайда болғаны жөнінде өте дәл, нақты дерек айту қыйынырақ. Сондықтанда біз тек аңыздарға сүйенеміз.

1-аңыз

«Ертеде, қылышынан қан тамған қаһарлы бір ханның жалғыз қызы бойжеткенде бір кедей жігітке ғашық болып, көңіл қосып жүреді екен. Мұны біліп қойған хан жігітті дарға астырады. Жігіт өлгеннен кейін қыз мезгіліне жетпей, бір ұл, бір қыз табады. Көп көзінен, ел сөзінен сескенген хан жаман атқа қалмаудың амалын іздеп, қос бүлдіршіннің көзін жоюды астыртын мыстан кемпірге тапсырады. Мыстан кемпір өмірге жаңа келген сәбилерді көз көрмес, құлақ естімес жерге апарып биік өскен жап-жасыл ағаштың басына қызды – шығысқа, ұлды – батысқа қаратып іліп кетеді. Нәрестелердің көз жасы тамған ағаш бұтақтары суалып, қуара бастайды. Қос жүрек соғуын тоқтатқанда, бәйтерек те өсуін доғарады. Ел ішіндегі өсек сөз, өтірік өкпеге шыдамаған патшаның қызы егізін іздеп жолға шығады. Бармаған жер, баспаған тауы қалмайды. Күлкісіз күндер, ұйқысыз түндер, арманмен айлар, жылаумен жылдар өтеді. Қатты шаршап, діңкесі қатқан қыз әбден қурап, қабығы түсіп, шіруге айналған биік ағаштың түбіне келіп қисаяды. Ұйықтап кеткен соң, оны бір сүйкімді саз, сиқырлы әуен оятады. Құлақ түріп, тың тыңдаса «ән салып тұрған» қасындағы биік ағаш екен. Қыз күндіз қос бүлдіршінін іздеп, түнде осы «әнші» ағаштың түбіне келіп, неше түрлі әуез естіп, көңіл жұбатып, тынығып жүреді.Бір күні айналаға көз салмақ болған қыз ағаштың басына шығамын деп оны құлатып алады. Бірақ көп ұзамай самал соғып, «әнші» ағаш қайта зарлай жөнеледі. Қыз оның құпиясын білмек болып тексереді. Ағаш жуан түбінен басына дейін қуыс екен. Жіңішке басының екі жағында бұтақтан бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді. Бұл – қыздың екі баласынан қалған жұрнақ еді. Батыс жағындағы ішек бостау, ал, шығыс жағындағы ішек қатты тартылыпты. Егізінің өлімінен хабары жоқ қыз енді ағаш неге ән салатынын түсінеді де, өзі де қуыс ағаш жасап алып, манағы ішекті соған тағады. Шертіп көрсе, үні жүрегіне жақын, жанына жайлы естіледі. Қыз байғұс бостау тартылған ішекке үні мұңды шығатындықтан, «ұлым – Мұңлық» деп, ал ащы, тым зарлы шығатындықтан, қатты тартылған ішекке «қызым – Зарлық» деп ат қойып, күндіз-түні қолынан тастамай, күй шығарып, ел кезіп, егізін іздеп кеткен екен...».

2-аңыз

Жаумен шайқасып, одан соң алыс сапар шегіп әбден қалжырап келе жатқан батыр жолшыбай демалуға аялдайды. Сайдың ішінде саялы жерде жайғасып отырған соң талдан бір шыбық кесіп алады, оған жылқының қылын керіп байлайды да, дыбыс шығармақ болып көреді. Бірақ қолдан асаған тым жұпыны аспаптан ешқандай үн шығатын емес.
Тым тырыс меңіреу күйінде қала береді. Батыр оны жанына тастай салады да, жанына қисайып жатып ұйықтап кетеді. Бір уақытта жанындағы өзі жасаған аспаптан шығып жатқан дауыстан оянады. Қолына алып қараған батыр аспаптың мойын тұсынан титтей ағаш тиекті көреді, оны әлдебіреу ішектің астынан келтіріп орнатып қойған екен. Батыр «Е, бұл шайтанның ісі болды ғой»,-деп ойлайды.Бәлкім содан бері қалған сөз болса керек, халық арасында жоғары тиекті «шайтан тиек» деп атайды.Мінеки , екі ішекті домбыраның дүниеге келуі жөніндегі ел аңыздары осылай толғайды.

3-аңыз

Домбыраның қалай үн шығаратын тесігінің қалай пайда болғаны жөнінде."Ақсақ құлан" туралы аңыз және күйтабағын ойнату.
Ал енді домбыраның атқаратын ісінің маңыздылығына келер болсақ , ұлан-ғайыр. Ең бірінші кезекте халқымыздың ауыз әдебиеті мен эпостық жырларының сонау алыста қалған ғасырлар қойнауында қалып қоймай, ұрпақтан-ұрпаққа жетіп, осы біздің заманымызға жетуі домбыраның құдіреттілігі деуге болады. Мысалы: эпостық жырлардан "Алпамыс батыр" , "Қобыланды батыр" , "Қамбар батыр" жырлары. Сонау Асан қайғы (XV-ғ) бабамыздан бастап, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Бұхар жырау. Ал енді осы жыраулардың барлығында домбыраны жанына серік еткен.

Сонымен қатар домбырада лирикалық әндерде шебер орындалады. Көп әріге бармай-ақ ХІХ -ғасырдың орта шенінде өмір сүрген Балуан Шолақ , Әсет ақын , Естай әншілердің творчестволық кезеңдері жарқын дәлел болады. Қазіргі заманымызда лирикалық әндермен көпшілікке танымал Қ.Байбосынов, М.Ешекеевтер аты аталған сап-серілердің заңды жалғасы іспетті.

Домбыра өнерінде Батыс Қазақстандық төкпе және шығыс Қазақстандық шертпе тәрізді екі аспаптық дәстүр қалыптасты. Төкпе күйдің шертпе күйден айырмашылығы - оның бас буын , орта буын , кіші саға, үлкен саға болып келетін нақтыланған формасы бар. Ал қағыстар оң қолдың сермей қағуымен орындалып, қара қағыс, ілме қағыс, бөгеме қағыс сияқты сан түрге бөлінеді. Шертпе күйдің айырмашылығы ән тектес әуенді, сазды және жұмсақ, нәзік үнді болып, саусақ басымен шертіп тартады (Мысалы: төкпе күйге Құрманғазы "Балбырауын", шертпе күйге Х.К "Мұңды қыз".)

Ал енді домбыраның қазіргі атқаратын рөлі мен дамуына келсек, ол 30-шы жылдардан бастау алады. Академик А.Жұбанов 1934ж. Кұрманғазы атындағы оркестрді құрғанда, домбыраның дауысын бірдей үн шығаратындай мүмкіндіктер жасады. Қазақстанның әр облысы табиғатына қарай ерекше болса, домбыралар да әртүрлі болатын. Арқа жағында 9 пернелі қалақ домбыра болса, Батыс жағында 12 пернелі шанақты домбыралар болады. Ендігі жерде сол домбыралар 19 пернелі кең шанақты домбыраға айналады. Тағы бір ерекшелігі, домбырада әлем халықтарының музыкасы ойналады. Арнайы музыка мектептерінде, музыкалық училищеде, консерватория оқушыларының бағдарламаларында классикалық шығармалар берік орын алды.
Мысалы: өзбек әні "Гүлхан", "Будашкан", "Концерт".

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!