Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дөңгелек және сопақша.
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Білім беру салалары: таным, қатынас.
Бөлімі: МАТЕМАТИКА НЕГІЗДЕРІ.
Тақырыбы: Дөңгелек және сопақша.
Мақсаты: сопақша геометриялық фигура туралы ұғым қалыптастыру.
Міндеттері:
-
Сопақша геометриялық фигураны тануға және атауға үйрету; дөңгелек және сопақша, сопақша және тікбұрыш арасындағы айырмашылық пен ұқсастықты табуға; заттардың пішіндерін анықтауға үйрету; заттарды түсі, пішіні, шамасы бойынша ажырату білігін бекіту; заттарды әртүрлі белгісі бойынша салыстыруға (заттар тобынан 2-3 белгісі бойынша затты ерекшелеу). Геометриялық фигуралардан және олардың бөліктерінен модельдеуді жаттықтыру.
-
Есте сақтау, сөйлеу, назар аудару, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
-
Шыдамдылыққа тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар мен жабдықтар: №1 жұмыс дәптері, демонстрациялық материал, 11, 24-кесте, қуыршақтар Әлия мен Сырым.
Сөздік жұмыс: дөңгелек, сопақша.
ҰОҚ-нің барысы
-
Ұйымдастыру кезеңі
Ойын жағдаяты. Әлия мен Сырым анасына сыйлыққа суреттегідей моншақ құрастырғысы келді. Моншақ сатып алуға дүкенге барды, бірақ осы моншақтарға ұқсайтын геометриялық фигуралардың атауын білмейді. Балаларды көмектесуге шақырады.
-
Суреттегі моншақтар неден құрастырылған?
-
Осы пішіндердің қалай аталатынын білесіңдер ме?
Балалар суретті талқылап, таныс пішіндерді атайды. Педагог балаларға бүгін жаңа геометриялық фигурамен танысатындығын айтады.
-
Негізгі кезең
Геометриялық фигура- сопақшамен танысу.
Тақтаға қараңдар-бұл сопақша. Бәріміз қайталаймыз – сопақша. Педагог өлең оқиды.
Мен сопақпын, мен сопақ Ұзартылған домалақ .
Соңым жоқ, басым жоқ Енді бірде жапалақ.
Мен жұмыртқамын Мен айнамын
Мен, міне, осындай пішінмін. Мен қоңыз, мен картоп Аяқпенен топ - топ - топ.
Сопақшаның қасиетін білу үшін тәжірибе жүргіземіз. Сопақшаның бұрышы жоқ (саусақпен сопақшаны жүргіз.)
Сопақша жазық, егер сопақшаны үстел үстіне немесе тақтаға беттестірсе ол көрінбейді. Қайталайық – жазық.
Сопақшаның қасиеттерін зерттеуді жалғастырайық. Педагог тақтада, балалар үстел басында жұмыс істейді (үстел үстінде әр балаға арналған геометриялық фигуралар жиынтығы жатыр).
Оны үстелге қоюға тырысайық (сопақшаны қырымен қоюға тырысамыз). Ол тұрмайды. Біздің тәжірибеміз сопақшаның қандай қасиеттерін көрсетеді?
Олар талқылайды, сопақша орнықсыз екенін қорытындылайды.
Сопақшаға мұқият қарап, айтыңызшы, сопақша қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
(Шеңбер.)
Педагог тақтаға шеңберді іледі. Сопақша несімен шеңберге ұқсайды?
Олар талқылайды, сопақша мен шеңбердің бұрыштары жоқ, жазық, орнықсыз деп қорытынды жасайды.
Шеңбер мен сопақша дөңгелек пішінді.
Онда несімен олар ерекшелінеді?
Педагог шеңбер мен сопақшаны беттестіреді. Сопақша қаншалықты созылғанын қараңыздар. Сонымен сопақша қандай? Шеңбердің ұзартылған, созылыңқы түрі.
Сіздердің ойларыңызша сопақша дөңгелек сияқты домалайды ма?
Тексерейік. Сопақшаны үстелге домалатуға тырысады. Сопақшаның айналуына не кедергі? Сопақша созылған, сондықтан ол домаламайды деп тұжырымдайды.
Сопақша тағы қандай геометриялық пішінге ұқсайды?
Тақтаға тіктөртбұрышты іліп қояды. Атауын сұрайды. Балалар тіктөртбұрышты атайды. Олардың ұқсастығы қандай?
Пішіндерді бір-біріне беттестіруге ұсынады.
Қорытындысында, тіктөртбұрыш пен сопақша – созылған жазық фигуралар, домаламайды.
Айырмашылықтары неде? Фигуралардың жиегін саусақпен жүргізеді.
Олар талқылайды, қорытындылайды, тіктөртбұрыштың бұрыштары бар, бірақ сопақшада бұрыштары болмайды.
Топпен жұмыс
Педагог балаларға фигуралар жиынтығын – шеңберлерді, сопақшаларды, шаршыларды, тіктөртбұрыштарды таратады және өздерінің «моншақтарын» немесе өрнектерін жасауды ұсынады. Содан кейін, педагог өлшемі жақын шеңбер мен шаршыны, сопақша мен тіктөртбұрышты салыстыруды ұсынады. Балалар топпен жұмыс жасайды, фигуралардан өрнектер жасайды.
Дәптермен жұмыс
-
тапсырманы орындайды. Пішіндердің үстінен саусағымен жүргізеді. Ұқсастығын және айырмашылығын айтады. Педагог жеке жұмыс жүргізеді.
-
тапсырма: практикалық жұмыс. Әр бала пішініне сәйкес үйлесімді (дөңгелек немесе сопақша) кілемшелерді таңдайды, содан кейін төмендегі геометриялық пішіндермен (үш бұрыш, шаршы және дөңгелек) безендіреді.
Сергіту сәті
«Көліктерді гаражға кіргізу» дидактикалық ойыны.
Балаларға геометриялық фигуралар таратылады. Балаларға ойын ережелері түсіндіріледі. Өздеріңді мәшинемін деп елестетіңдер, ал геометриялық пішіндер – «мәшинелердің нөмірлері», «гараждар» – белгілер – геометриялық фигуралар бейнеленген орындықтар. Белгі бойынша «мәшинелер» топ бойынша жүріп өтіп, гаражға «кіреді». «Мәшинедегі» гометриялық фигура «гараждағы» фигурамен бірдей болуы тиіс. Орындықтардың орындары ауыстырылады. Ойын қайталанады.
Ойын-тапсырма «Бейнеле»
Заттарды геометриялық пішінмен қағаз бетінде бейнелеу.
Педагог заттарды атайды, балалар оларды қағазға геометриялық пішінімен бейнелеуі керек. Зейін салыңыз: тарелка, есік, шатыр, текшенің қыры, қияр.
Қандай геометриялық фигуралар шықты, атаңыз?
Балалар: шеңбер, тіктөртбұрыш, үшбұрыш, шаршы, сопақша деп атайды.
Дәптермен жұмыс
Педагог 3-тапсырманы орындауды ұсынады. Әр суретке орын тауып жапсыруларын өтінеді. Отбасы мүшелерінің әрқайсысының портреті қандай пішіндегі рамаға салынғанын анықтайды. Фигуралардың атауларын хормен қайталайды: сопақша, дөңгелек. Жақтаулардың пішініне сәйкес фотосуреттер таңдайды. «Бұл әже. Оның фотосуреті тіктөртбұрышты рамада тұр».
«Не өзгерді?» дидактикалық ойыны.
Педагог балаларға фигуралардың орналасуын есте сақтауды ұсынады. Олардан көздерін жұмуды сұрап, бір фигураны алып тастайды.
Ойын екі рет қайталанады. Балалар ойынға қатысады: көздерін жұмады, көздерін ашып, қандай өзгеріс болғанын айтады.
Дәптермен жұмыс
Педагог 4-тапсырманы жұмыс дәптеріне орындауға ұсынады: фигураларды көрсетілген түстерге сәйкес бояйды.
Тапсырманы тексеру үшін үстелдегі көршісіне көрсетеді.
«Домалайды – домаламайды» дидактикалық ойыны
Егер аталған зат домаласа, қол шапалақтайды, егер домаламаса, аяғын топылдатады. Мысалы, қарбыз, текше, кітап, дөңгелек, қарындаш, сәбіз, банка, жапырақ, апельсин, үйшік, доп.
Балалар заттардың пішінін анықтайды, сәйкес әрекеттерді орындайды. Педагог балалардан іс-әрекеттерін сұрайды.
«Санау» дидактикалық ойыны
– Барлығы қанша шаршы(сопақша, шеңбер,үшбұрыш)?
Барлығы неше кішкентай шаршы (сопақша, шеңбер)?
Барлығы қанша үлкен шаршы(сопақша, шеңбер)?
Барлығы қанша кішкентай, үлкен фигуралар бар.
Қанша қызыл (көк, сары, жасыл ...) фигуралар бар.
Қандай фигуралардың түсі көбірек (мөлшері, пішіні).
Белгілі бір бағанда немесе қатарда қанша үлкен (кіші) фигура бар?
Қай қатарда түсі (өлшемі, пішіні) бойынша пішіндері көп.
Жалпылау тапсырмасы.
Фигураларды қандай топтарға бөлуге болады?
«Математикалық жазулар» дәптерімен жұмыс.
Педагог 11-беттегі №11 тапсырманы орындауға ұсынады. Балалар жұмысқа кіріспес бұрын ауада геометриялық фигуралар, сызықтар салады.
Педагог балалардың партада дұрыс отыруына назар аударады. Жеке жұмыс жүргізеді.
1. Рефлексия.
Оқу қызметін қорытындылайды. Балаларды мадақтайды.
Педагог өзін-өзі бағалауға ұсынады. Егер ҰОҚ-тін дұрыс орындасаң, жасыл дөңгелекті боя. Егер тапсырмалар жартылай орындалса, сары дөңгелекті боя. Егер ҰОҚ қиын болып, түсініксіз болса, қызыл дөңгелекті боя.
Күтілетін нәтижелер:
меңгереді: фигуралардың атауларын атайды: дөңгелек, сопақша; геометриялық пішіндерден ою-өрнек құрастыруды;
түсінеді: дөңгелек және сопақша арасындағы айырмашылықты;
қолданады: заттар мен фигураларды үш белгісі бойынша салыстыруды: түсі, пішіні, өлшемі.