Саты жалпы орта білім
беретін мектеп
2017-2018 оқу жылы
Өз халқын,Отанын сүйетін нағыз
азамат тәрбиелеуде ата-ананың ролі ерекше.
Ұрпақтан ұрпаққа ауысып
отыратын ізгілік,адамгершілік үлкенді құрметтеу,ұяндық,,пәктік
сияқты халқымыздың асыл қасиеттері ерте заманнан бері атаның
қаныменен,ананың сүтіменен бойымызға сініп
келеді.Далаға,айналасындағы өмір шындығы ауадай қажет.Ең алдымен
әке мен шеше өз ұлтымыздың әдебиетімен,тарихымен таныс болу
керек.Осындай талап тұрғасында әке мен шеше және басқа ересектердің
өзара жақсы қарымқатынасы балаға үлгі.Үй ішіндегі үлкендердің
бір-бірімен қарым-қатынасы,еңбек сүйгіштігі,көңіл-күйі бәрі де
балаға үлгі.Ата ананың өзара сөйлеген сөздері бәрі балаға ерекше
әсер етеді. Баланың нағыз азамат болуына ықпалды ортаның
бірі-жолдас жоралар,достары.Әр қилы үйлелменде тәрбиеленген
балалардың психологиялық ерекшеліктері де сан түрлі болады.Ата-ана
баланаң достарың,достық қарым қатынастары мінез құлықтарын білгені
жөн.Олардың өзара қарым-қатынастарына құрметпен қарау
керек.Ата-ананың себепсіз ренжіп,қабақ түйіп «осы балаларды неге
ертіп келесің,басқа достар табылмады ма? Дегендей сөйлеуі дұрыс
емес.Мұндай көзқарас баланың намысына тиеді, қатты
мазалайды.Ата-ананың мінез құлқы,жүріс-тұрысы баланың өміріне
сабақ.Баланың сабаққа тыңғылықты әзірлеуіне тиісті жағдай жасау ата
ананың міндеті.Оқымайтын баладан нашар оқушы шығады.Олардың көбі
ата ананың бақылауынан тыс қалған балалар.Өйткені ата-аналар
мектеппен еш байланыс жасамайды.Мұндай ата-аналардың балалары оқуға
қарамайды,үй тапсырмасын тиянақты әзірлейді,жиі-жиі сабақ
босатады.Сол себептен сапалы білім ала алмайды.Қандай тәрбие болсын
үйден отбасынан басталады (үй еңбегі,еңбек,қоғамдық
еңбек).
Балаға «сенің қолыңнан келмейді,сен
бұзақысың»,сенен жақсы адам шықпайды» деп айтуға
болмайды.
Мұндай сөздер балаға түрпідей тиіп,кері әсер
етеді.
Бала тәрбиелеуде аталық өсиет,даналық сөздерді
қолдаған дұрыс.Бүгін ел болып қолға алмасақ,онда келешек ұрпақ
алдындағы парызымызды ұмытқанымыз.
Қорыта келгенде,Егемен
еліміздің ертеңі-жас
ұрпақ-әдепті,инабатты,парасатты,мейрімді,қайырымды,әділ,адал,үлкенді
сыйлау,болып өссін десек,ұлттық тәрбиені басшылыққа алып
әдептілікке тәрбиелеу керек.