400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дөңгелек үстел «Балаларыңыз балабақшаға әзір ме?»

Материал туралы қысқаша түсінік
Мектепке дейінгі ұйым тәрбиешілеріне
Материалдың қысқаша нұсқасы

МКҚК №19 «Бұлақ» МДҰ

Қазақ тілі мұғалімі: К.Р.Дуйсекешева

Тақырыбы:

«Балаларыңыз балабақшаға әзір ме?»

( дөңгелек үстел)


Мақсаты: ата-аналармен пікірлесуде,өз ойларын айтуға дағдыландыру, балаларының тәртіпті екеніне көз жеткізу, бала балабақшаға келгенше дұрыс тәрбиелеуге және жас ұрпақ тәрбиесі туралы пікір алысу. Ата-аналармен жақын қатынаста таныса отырып,оларды балабақшаға тарту.
I. Барысы: ата-аналарды балабақша тәртібімен ,балалардың міндеттерімен таныстыру,
II. Бүгінгі таңда ата-ана мен тәрбиеші арасындағы ортақ мәселе- бала тәрбиесі екендігі баршамызға мәлім. Ата-ана үшін бала бауыр еті, өмір жалғасы, көздің нұры, үміт күткен шырағы, келешек қызық көрсетер болашағы десек, тәрбиеші үшін еңбегінің нәрлі жемісі болып табылады. Міне, сондықтан «ана үйдің берекесі, бала үйдің мерекесі» дегендей ата-ана өз ұрпағын «адам, азамат» деген атқа лайық етіп өсіруді мақсат еткен. Баланың жақсы тәрбие алып, жан-жақты болып өсуі отбасылық жағдайға байланысты.
Баланы жастан тәрбиелеп,
Жамандықтан қашпасаң,
Қадірден жұрдай қасқа боп.
Кешкенің өмір босқа тек - дегендей баланың ыстық- суығына күймейтін, жақсылығына сүйінбейтін ата-ана жоқ шығар.Балаға білім тәрбие беруде басты тұлға тәрбиеші болса, оны жалғастырушы ата-ана.
II. Сауалнама (ата-анаға тарату)
1. Балаңызға үйде не үйретесіз?
2. Балаңыздың жаңа нәрсені біліп, үйренуге қызығушылығы бар ма?
3. Балаңыз өз еркімен бір жұмыспен шұғылдана ма?
4. Бір әрекетпен ұзақ шұғылдана ма?
5. Өзге адамдармен қарым-қатынаста ұялшақ па?
6. Балаңыз әрекетті аяғына дейін аяқтай ала ма?
7. Балаңыз балабақшаға қандай көңіл күймен келеді.
8. Балаңыз ренішін көп сақтай ала ма?
9. Балаңыз еш себепсіз ашулана ма?
10. Балаңызға жиі көңіл бөлесіз бе?
11. Балаңыз үйге барғанда балабақша туралы реніш айтама?
12. Балаңыздың дегенін орындамасаңыз жылап жібере ме?
13. Балаңыз өз бетімен жұмыс орындай ала ма, тапсырманы орындауда басқа баламен жарыса ма?
14. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі әлде балабақша жауапкершілігі басым ба?
IV. Ата-анаға жадынама (үлестемелер таратып беру)
1. Кішкентайнан көп жапа шеккен бала, өскенде кінәмшіл болады.
2. Кішкентайынан мазаққа ілінген бала, өскенде ұялшақ болады.
3. Кішкентайынан жекіруді көп естіген бала, бар кінәні өз мойнына алуға бейім болады.
4. Кішкентайынан көптің бірі болып өскен бала, кейін сабырлы, ұстамды келеді.
5. Кішкентайынан жалғыз тәрбиеленген бала, өзімшіл болады.
6. Кішкентайнан қатыгердікті көп көрген бала, өскенде дау-дамайдың қақ ортасында жүреді.
7. Кішкентайынан көп баланың ішінде өскен бала, өте бауырмал келеді.
V. Мақал – сөз атасы (аяқталмаған мақал-мәтелдерді жалғастыру)
1. Балапан ұядан не көрсе-........(ұшқанда соны іледі)
2. Бала жаман болса-.......( көрінгеннің мазағы)
3. Ата-балаға ........ сыншы)
4. Балаңа байқап сөйлесең, ақылыңа көнер.......(байқамай сөйлесең көп ішінде өлер)
5. Бала көңілдің гүлі........ (көздің нұры)
Қорытынды:
Анаға қарап қаз өсер,
Әкеге қарап ұл өсер.
Құрметті ата-ана, баланың иманды, қайырымды болып ер жетуі ең алдымен ата-ананың тәлім- тәрбиесіне байланысты. «Ұядан не көрсең- ұшқанда соны ілерсің» деген мәйекті сөз тегіннен-тегін айтылмаған. Балаға кішкентайнан түзу тәрбие беріп, уақытында дұрыс көңіл бөліп еліміздің инабатты, адамгершілігі мол білімді, саналы ұрпақ тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Егер ата-анамен балабақша тығыз байланыста болып, балаға бірдей талап қойылса, тәуеліз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Осындай игі іс-шаралар жиі өткізілетін болса, қоғамымызда тәрбиеші мүддесін барынша көтеріп, болашақ жас тәрбиешілер тұлғасын жан-жақты қалыптастырып, құзыретті мамандар даярлайтынымыз анық!!!








































 



Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
22.12.2017
603
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі