Материалдар / Дөңгелек үстел. Еркіндік шамшырағы-Мұстафа Шоқай. 7-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дөңгелек үстел. Еркіндік шамшырағы-Мұстафа Шоқай. 7-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жерлесіміз, Түркістан идеясының көсемі болған Мұстафа Шоқайдың өмірі, қызметі туралы туралы қызықты тың деректерді оқушылар ортаға салады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Сәуір 2021
806
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Байсын ауылы

27 «Жаңатұрмыс» орта мектебі Абиева Сандуғаш


«Еркіндік шамшырағы-Мұстафа Шоқай»(Тәуелсіздік жаршысы)

(Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметіне арналған дөңгелек үстел)


Мақсаты:

Халқымыздың ардақты ұлы, бүкіл түркі тілдес халықтарға кеңінен танымал, қазақ халқының азаттығы мен жарқын болашағы жолындағы күрескер, аса көрнекті саяси қайраткер Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі және ерен еңбегі жайлы мәлімет бере отырып, аса көрнекті қайраткер М.Шоқайдың мәнді өмірін балаларға үлгі ете отырып, оларды туған жерін, Отанын сүюге,елі, халқы үшін қажыр-қайрат пен табандылық көрсетіп еңбек етуге, болашақта туған халқының елеулі азаматы болуға тәрбиелеу.

ұлы есімдерді ұмытпау, оларды мәңгі құрметтеп өту.

Оқушылардың ақыл-ойын дамыту, әдеби тілде сөйлеу мәдениетін жетілдіру, ізденімпаздылыққа жетелеу, өз ойларын еркін айтуға және бірін-бірінің пікірлерін құрметтеуге үйрету; дүниетанымын және өзіндік көзқарасын қалыптастыру.

Көрнекілігі: М.Шоқайдың суреттері, қоғам қайраткері туралы ғаламдардың сөздері жазылған көрнекі қағаздар, «Аңыз адам» жорналы, кітаптар.

Сабақтың түрі: Дөңгелек үстел

Әдісі: Баяндау, әңгімелесу, сұрақ-жауап, пікірлесу, ән айту.

Барысы.

Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларды түгелдеу. Оқушы зейінін сабаққа аудару. Қызығушылығын ояту. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айтып өту.

Дөңгелек үстелдің жоспары:

1.Мұстафа Шоқайдың өмірбаяны (қайраткердің өмірінің тарихи тізбесін баяндау).

2.Оқушыларға арналған танымдық сұрақтар.

3.Көрнекті саясаткердің арманы не еді? (Балалар өз ойларын ортаға салады).

4. Мұстафа Шоқай, сен үшін қандай тұлға?

5. Туған жерді, Отанды сүю, құрметтеу және батырлық, ерлік жайлы мақал-мәтелдер айту.

6.Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Р.Мұстафаевқа және де дөңгелек үстелге қатысып отырған мұғалімдерге сөз беріледі.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
-
Өткен 20 ғасыр қазақ халқының тарихында ұлы оқиғалармен есте қалды. Сол оқиғалардың ішінде «мың өліп, мың тірілген» халқымыздың басынан өткен 1930-1938 жылдар ауыр да азапты кезең болды.

Өркениетті қоғамға қадам басқан еліміз үшін ел басынан өткен ауыр нәубет жылдардың оқиғаларынан сабақ алу - өте қажетті іс. Ұлыларды уақыттың өзі туғызады. Заманның өрті мен дерті, дауылы мен жауыны, сеңі мен селі шыңдап шынықтырады. Тарих ұзақ толғатып сирек туатын ұлылар алдына ұлы мақсат қояды. Соның мықты бір мысалы ұлт бағына туған ұлы- Мұстафа Шоқай


-Балалар,сонымен біздің бүгінгі дөңгелек үстеліміздің тақырыбы: Мұстафа Шоқайдың өмірі мен ерен еңбегіне арналатын «Еркіндік шамшырағы-Мұстафа Шоқай » деп аталады. Сіздер білесіздер, балалар, Мұстафа Шоқай – Түркістан халықтарының бірлігі мен тәуелсіздігі идеясын ту етіп ұстанған аса көрнекті саяси қайраткер, жалынды публицист, аудармашы, жазушы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының ең жарқын өкілдерінің бірі.

- Мұстафа Шоқайдың өмірі мен қызметі туралы, сіздер , не білесіздер?

(Мұстафа Шоқай өмірінің тарихи тізбесі)








1-оқушы:

1886 жылы – қазіргі Қызылорда облысы, Шиелі ауданында, Сұлутөбе маңындағы Наршоқы қыстауында дүниеге келді.(1890ж, 25-желтоқсанда, Сырдария губерниясы))

1902 жылы Ташкенттегі ерлер гимназиясына қабылданады.

1910 жылы гимназияны үздік бітіріп, Петербор университетінің заң факультетіне оқуға түседі.

2-оқушы:

1914 жылы Әлихан Бөкейхановтың ұсынысымен ІҮ Мемлекеттік Думаның Мұсылман фракциясы хатшысы қызметіне тағайындалады.

1916 жылы Түркістандағы ұлт-азаттық қозғалысты патша үкіметінің аяусыз басып-жаншуына байланысты құрылған комиссия құрамына тілмаш болып кіреді.

3-оқушы:

1917 жылы Түркістан автономиясы құрылып, сыртқы істер министрі болып тағайындалады. Шілде айында бірінші жалпықазақ құрылтайына қатысып, «Алаш» партиясын құру туралы шешімге дауыс береді.

1917 жылы маусым айында Ташкент қаласында «Бірлік туы» газетін шығарады.

4-оқушы:

1918 жылы 2 қаңтарда М. Тынышпаев қызметінен кетіп, бас министр болып Мұстафа Шоқай тағайындалады. Ақпан айының басында большевиктер қару күшімен Түркістан автономиясын құлатады.

1918 жылы 18 сәуірде Мария Горинамен некелеседі.Мамырдың 1-і күні жаралы жауынгер кейпінде Ташкенттен қазақ өлкесіне шығып кетеді. Қыркүйек айында Орынборға келеді. Онда Алашорда, Түркістан және Башқұрт өкіметтері басшыларының жиналысы өтеді.

5-оқушы:

1921жылы ақпан айында Тбилисиге большевиктердің кіруіне байланысты қаланы тастап, Ыстамбұлға кетеді. Осы жылдың орта шенінде Францияға, Париж қаласына қоныс аударады.

1924 жылы Түркістан Ұлттық Одағы ұйымына мүше болады.

6-оқушы:

1927 жылы Украина мен Кавказ халықтарының Еуропадағы Прометей одағына кіреді.

1927-1931жылдары «Йени Түркістан»,«Прометей» жорналдарына мақалалар жазады.

1929-1939 жылы «Яш Түркістан» жорналын шығарып тұрады.
7-оқушы:

1934 жылы шілде айында Парижде «Кавказ, Түркістан және Украина халықтары Достық Комитеті» деген атпен ұйым құрылып, ұйым басшысының орынбасары болып Мұстафа Шоқай сайланады.

8-оқушы:

1934 жылы Лондонға барған сапарында ағылшын парламентінің депутаты У.Д.Алленмен жүздеседі, Халықаралық қатынастар жөніндегі король институтында, Азия қоғамында француз тілінде баяндама жасайды.

1935 жылы Парижде кеңес үкіметінің қылмысын әшкерелеген «Кеңестер билігіндегі Түркістан» еңбегі жарық көреді.
Кеңес Одағының басшылығы оны үшінші Рейхпен ынтымақтастықта болды деп айыптады. Себебі, ол 1942 жылдың наурызында құрылған Түркістан легионын басқарған. Шоқайды фашистердің қолжаулығы болды және Түркістан легионын құрды деп айыптады. Ал Гитлер кеңес әскеріне қарсы соғысқа қатысқан Түркістан легионын құру туралы жарлыққа 1941 жылдың 22 желтоқсанында қол қойды. Ол уақытта Шоқай ауруханада жатқан еді. 

9-оқушы:
1941жылы тамыз айында мұсылман және түркі тектес тұтқындармен айналысатын комиссия төрағасы болып тағайындалады.

Мұстафа Шоқай эмиграцияда болған жерлері – Түркіменстан, Баку, Грузия, Стамбул, Франция, Берлин.
Қоқан талқандалғаннан кейін Мұстафа Шоқай Парижге қашып кетті.

Революционер Парижге 1921 жылдың жазында әйелі Мариямен бірге келген. Парижде өмір сүру қиын болғандықтан, ол 1923 жылы Париждің оңтүстігінде 15 шақырым жерде орналасқан Ножан-сюр-Марн қаласына көшіп кетеді.
Шын мәнінде, Мұстафа Шоқай өмірінің соңғы жылдары қуғында болып, Франциядағы «Виктория» ауруханасында, 1941 жылы 27 желтоқсанда қайтыс болды деген дәлелденген дерек бар. Дегенмен, Мұстафа Шоқайдың улануына өзбек серігі Вели Каюмның қатысы бар делінеді.

Оқушыларға арналған танымдық сұрақтар:

1.Мұстафа Шоқайдың шыққан тегі, аталары туралы не білесіңдер?

Мұстафа – қазақтың қыпшақ руына жататын текті отбасының ұрпағы. Атасы Торғай датқа Қоқан хандығында жоғары шенді әскер болумен бірге, қыпшақтың шашты руының беделді биі болған. Ол өзінің Шоқай, Қалымбет, Әліш және Осман атты төрт ұлының ішінен Мұстафаның әкесі Шоқайға ерекше үмітпен қараған. Себебі Шоқай ақылды, салмақты, іс-әрекеті тыңғылықты және ағайын-туыс арасында ерекше сыйлы болған.

2.Мұстафаның әкесі - Шоқай «би» болған ба?

Шоқай – турашыл, әділ болғандықтан, әртүрлі дау-дамай туындаған жағдайларда Шоқайға келген.Төрелігіне риза болған ауыл адамдары оны «би» деп атаған.

3.Шоқай, сондай-ақ, тілмаш және заңгер болған екен. Ол туралы не білесіңдер?

Өз жерлерін зорлықпен тартып алып, әлімжеттік көрсеткен келімсек орыстармен болған дауларда да Шоқай қандастарына көмек көрсете білген.Алайда жергілікті халық пен келімсектер арасындағы даулардың көпшілігі сотта орыстардың пайдасына шешіліп жатты. Әділетсіздікпен күресу үшін орыс тілін біліп қана қоюдың жеткіліксіз екендігін, заң тұрғысындағы білім қажеттігін Шоқай әке дер кезінде түсінген. Қараңғы халқының құқығын қорғасын деп Мұстафаның заңгер болуын қалайды.

5.Мұстафа Шоқай алғашқы білімді қайдан алды?

Мұстафа Шоқай ауыл молдасында сауат ашады. Діни біліммен қатар, музыкадан да сбақ алған. Домбыра тартып, ән салатын да өнері болған.

6.Мария Горина Мұстафаның студент шағында қандай болғаны жөнінде не дейді?

Мұстафа Шоқаймен мен 1916 жылы таныстым. Ол Петербург университетінің студенті болатын. Қызықты әңгімелер айтатын. Өте әдемі, сәнді және ұқыпты киінетін. Тәрбиелі әрі мәдениетті екені байқалып тұратын.

Мұстафаның үлкен саясатқа араласуына ықпал еткен адам – Алаш қайраткері Әлихан Бөкейханов еді. Мұстафаның білімді және табанды екенін аңғарып, оны Ресей Мемлекеттік Думасы Мұсылман фракциясының хатшылығына ұсынған да Бөкейханов болатын. Бұл жерде Әлиханның да, шоқайдың да үміті алдаған жоқ. Себебі, Мұстафа өзінің бүкіл ғұмырын, ақыл-ойын және қажыр-қайратын тұған халқына және тұтас Түркістан аумағындағы түбі бір түркі жұртының бірлігі мен тәуелсіздігі, өз алдына жеке мемлекет болуы жолындағы күреске арнады.

7.М.Шоқайды Ташкент гимназиясын алтын медальмен бітірген екен. Сол алтын медаль Мұстафаға берілді ме?

Ташкент гимназиясын бітіретін кезде екі бітірушіні медальға ұсынады. Мұстафа алтын медальға, Зепреметов деген орыс баланы күміс медальға ұсынады. Бірақ генерал-губернатор Самсонов Мұстафаға алтын медальды «қазақ,бұратананың баласы» деп бергісі келмейді де, оны орыс Зепреметовқа бермек болады. Мұстафаға күміс медальды жаздырады. Зепреметов: «Мұстафа тұрғанда мен алтын медальды алмаймын» деп күміс медальды алады. Ал Мұстафа болса, алтын медальдан бас тартады. Гимназияны бітіргеннен кейін Мұстафа Санк-Петербург университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Сол кезде «Қазақ» газетінде Мұстафа жайлы «Ақмешіт уезінен Санкт-Петербор университетінің заң факультетіне түскен тұңғыш қазақ баласы» деп қысқаша хабар басылған.

8.Мұстафа Шоқайдың ең үлкен кемшілігі не екен? Ол туралы жұбайы Мария не дейді?

Түрлі саяси көзқарастағы адамдарды және олармен пікір таластырғанды ұнататын. Өте сабырлы болатын. Қарсыласының пікіріне құрметпен қарайтын.Ең үлкен кемшілігі – оның сенгіштігі еді, тез иланғыштығының кесірінен үлкен қиындықтарға да ұшырады. Адамдардың адамгершілікке жатпайтын әрекеттеріне ренжитін. Бірақ кешірімді болды, тез ұмытатын, кейін есіне де алмайтын.

9.Мұстафа Шоқайдың қандай жақсы қасиеттері болған?

Мұстафамен араласқан адамдар оны керемет сыйлаған. және оған сүйсінген. Менмендік атаулыдан бойын аулақ ұстаған. Ол жастарға білгенін үйретуден жалықпаған екен. Жағымпаздықты адамның өзін-өзі қорлауы деп есептеген. Мұстафаның барлық ниеті – баспасөз арқылы өз елінің бірлігіне қызмет ету болған.

10.Мұстафаның туған жерінде ескерткіші бар ма?

Мұстафа Шоқайдың кіндік қаны тамған жер – Наршоқы қыстауы. Қазір ол жерде ел тұрмайды. Жолы өте нашар. Шеңгел, жиде, жыңғыл басып кеткен. Ол жерге мәрмәр тастан жасалған ескерткіш орнатылған. Тасқа «Түркістан мемлекетінің тәуелсіздік жолындағы күрескер-көсемі Мұстафа Шоқай туылған жер» деген сөздер жазыл

11.Мұстафаны неліктен жұмбақ жағдайда қайтыс болған дейді?

Мұстафа Берлиндегі Виктория ауруханада қайтыс болды. Аурухананың анықтамасында «сүзектен қайтыс болды» деп жазылған. Бірақ оған ешкім сенбейді.Әйелі Мария да сенімсіздік білдірген. Кейбіреулер немістер, енді біреулер НКВД адамдары улап өлтірді дейді.Анық-қанығын ешкім білмейді.Олардың басым көпшілігі Шоқайдың өз ажалынан емес, қастандықпен өлтірілгені турасында айтады. Мұстафа фашистік билікке қарсы болды. ІІ дүниежүзілік соғыс басталған жылы бір мақаласында Сталин мен Гитлерді бір-біріне ұқсайтын адамзаттың ортақ жауы деп жазған.

12.Мұстафа денесі қайда жерленген?

Мұстафа Шоқай денесі Берлиндегі мұсылман бейітінінен мәңгілік орын тапты. Ал Түркістан көсемінің 20 жылға жуық өмірі өткен Францияның Ножан-Сюр-Марн қаласында тұрған үйінің жанына мемориалдық тақта орнатылды. Мұстафа Шоқай ескерткішінің авторы мүсінші-Аманкелді Кененбаев

13. Мұстафаның жерлесі, ауылымыздан шыққан белгілі суретші, Әбілқасым Сәрсенбаевтың қайраткер туралы әңгімесін кім оқыды?

Суретші Сәрсенбаев «Мұстафа Шоқай жолымен» атты тарихи-зеттеу экспедициясына қатысады. Тоғыз мемлекетте болады. Мұстафа тақырыбына 70 шақты сурет салған. Ташкент, Қоқан, Стамбул, Париж, Германия, т.б. елдерде болады. Берлиндегі Мұстафаның бейітіне барған. Сол бейіттердің қарауылымен кездескен екен. Қарауыл бір қызық оқиғаны баяндап берген. Айтуынша, қасиетті Қадір түнінде қарауыл Мұстафа бейітінің басынан екі жарық көрген. «Біреулер жүр ме екен?» деп жанына барса, жарық жоғалып кетеді. Қайтып кетсе, қайта пайда болады. Мұқият қараған ол жарықтың Мұстафа бейітінің басынан шығып тұрған нұр екендігін байқайды. Мұстафаның кім екенін танымағанымен, марқұмның тегін адам еместігіне көз жеткізеді. Соны айтқан қарауыл: «Жарық солай бірнеше күн бойы шығып тұрды. Сіздер алыс Қазақстаннан келгеннен кейін айтып отырмын. Басқа ешкімге ол туралы айтқан емеспін», - дейді.

14.М.Шоқай мақалаларын түрлі бүркеншік аттармен де жазған екен. Ол туралы не білесіңдер?

30-40 шақты бүркеншік аттары болған. Аз, Акбер, Али, Юсупов, Дау, Даут, Жанай, Жанаев, Кара Мурза, Кипчак оглы, Мусульманин, Садык Нури, Омар оглы,Хакимжан, Невольный туркестанец, Қыпшақ, Тәңірберді т.б. Бүркеншік атпен жазылған мақалаларға мәтіндік талдау жасалып, олардың Мұстафа қаламынан туғанын дәлелдеп шықтым.

15.Мұстафа Шоқайдың ақындық қасиеті туралы не білесіңдер?

Жастайынан ақындардың жырын естіп өскендіктен, өлеңге жақын болған. Үш өлеңі табылған. Біреуі Санк-Петербург университетінің заң факультетінде бірге оқыған түрікмен досы Қақажан Бердиевке арнаған әзіл өлеңі.Екіншісі Кавказда жүргенде туған жеріне деген сағыныштан туған. Ал үшіншісі, алғаш сүйген қызы Мәриям Сейдалинаға да ғашықтық хаттарын өлеңмен жазыпты. Түркістан әдебиеті, поэзиясы жайлы мақалалар да бар. Ақынжандылығына қос, әмбебап ғалым да болған. Тарихты жақсы білген. Халықаралық қатынастардың да білгірі. Өзі «Мен журналистиканы өте жақсы көремін» дейді екен.

16.Мұстафа көп тілдерді меңгеріпті. Ол қандай тілдер?

Қазақ, орыс, француз, түрік тілдерін білген. Мақалаларын түрік шағатай тілінде жазған. Таза шағатай тілін де білген, себебі өз қолымен таза шағатай тіліндегі жазбалары табылған. Ағылшын тілін де үйренген. Оның жеке кітапхагасында ағылшын-түкік сөздігі бар. Неміс тілін де білген. Неміс ғалымы Аннемарн фон Габен «қазақ тілін Мұстафадан үйрендім» дейді. Ал Мұстафа одан неміс тілін үйренген болар.

17. Мұстафа Шоқайдың туған інісі Нұртазаның қызы Нәмила Нұртазақызының әңгімесі:

«Мен әкем Нұртазаның кенже қызымын. Біз төрт ағайынды болдық. 1952 жылға дейін шешем мені интернатқа оқытты,мені қудаламасын деген оймен.

1952-1956 жылдары Қызылорда қаласындағы Гоголь атындағы пединституттың физика-математика мамандығында оқыдым. Мадияр деген ағаммен бірге Қызылордағы Некрасов көшесінде тұрдық. Күнде кешке тереземіздің алдында біздің сөзімізді бір кісілер тыңдап тұратын еді. Содан көп ұзамай Мадиярды жұмыстан шығарып жіберді. Одан кейін ешқандай жұмыс алмай, ақыры ол ішкілікке салынып кетті. Оқуымды бітіріп, Жетісай жақта мұғалім, кейіннен мектеп директоры да болдым. Сол жылдары не түрлі қиындықтарды басымнан өткіздім, «халық жауының ұрпағы»,«партияда жоқ» деп үстімнен арыз жазғандар да аз болған жоқ.

Ауыл адамдары бала күнімізде бізден «Мұстафа Шоқайдан хат алып тұрасыңдар ма?», «Мұстафа қайда?» деп сұрап жүретін. «Мен білмеймін» дейтінмен, себебі, шындығында да, мен оның атын да естіген емеспін.Әкем Нұртаза Шоқай және туыстарымызды қудалай берген соң, олар туған жерді тастап, Қоқанға қарай көшіп кеткен. Бірақ кеңестік билік тыныштық онда да бермеген соң, Қалымбет атамыз бастап, ауылға қайта көшіп келдік. Бір күні әкеміз үйге агенттер келе жатқанын алыстан көрді де, шешеме: «Мыналар мені тыныш қоймайды. Балаларға бас-көз боларсың», - деп кетіп бара жатты. Әкемнің арт жағынан қарағандағы бейнесі көз алдымда қалып қойды. Әкем қамалып кеткен соң, шешем Шоқаева болып жазылудан қорқып, әкемнің атымен Нұртазаева болып жазылды.

Мұстафаның туыстарының бәрі қудаланды. Менің әкем, Мұстафа Шоқайдың туған інісі Нұртазаны 1937 жылдың аяғында Шымкентте атып тастады. Шоқай атамның туған інісі Қалымбетті де Мұстафаның туысы деп ату жазасына кескен.

18.Мұстафаны өлтіруге үш рет жансыз жіберілген. Ол жайлы не білесіңдер?

Сталиннің жек көретін екі үлкен жауы болған. Біреуі – Троцкийден билікке таласады деп қорықса, Мұстафадан кеңес өкіметінің ең бір шұрайлы өлкесін алып кетеді деп қорыққан. Сондықтан Мұстафа кемемен Түркияға өтер кезде оның қасында бір жансыз аңдып жүреді. Ол науат сататын саудагер болған. ОлСтамбулда Мұстафаны бірнеше рет өлтірмек болады. Бірақ өлтіре алмайды. Екіншісі, Парижде бір оқыған азамат еді. Ол өз кінәсін мойындап, қашып кетті. Мұстафаны өлтіруге жіберілген үшінші жансыз – өзінің туысы Байдырахман. НКВД адамдары Байдырахманды ұрып-соққан, түрмеге жапқан. Ол да қиындықты көп көреді. Байдырахман Садық өзі былай дейді: «Мені концлагерьге барлаушы ретінде жіберген еді. Мұстафаның үйінде жүрген едім. Бір күні Мұстафа маған: Түсімде Тоғай атамыз сақалы кеудесіне түсіп, аппақ киім киіп келіп: «Мұстафа абай бол. Үйіңде шұбар жылан жатыр» деді. Байдырахман, сен осыны қалай жорыр едің ? деген еді».

19. Мұстафа Шоқайдың діни көзқарасы қандай болды?

Шоқай алғаш сауатын діни мектепте ашқан, кейін Ташкентте де діни мектепте оқыған. Оның атасы, анасы діндар адамдар болған. Оның есімі пайғамбарымыздың атымен Мұстафа деп аталуы да тегін емес. Марияның айтуы бойынша, Мұстафа Құран оқығанды жақсы көреді екен. Құранды орыс, түрік және француз тілдеріндегі нұсқаларынан салыстырып, зерттеп оқиды екен.

21. Шетелдегі Мұстафаға арналған ескерткіштер жөнінде кім айтады?

2010 жылы Париж маңындағы Ножан-Сюр-Марн қаласындағы дәл Мұстафа тұрған үйдің жанына ұлы тұлғаға ескерткіш орнатылды. Туған жерден алып келінген бір уыс топырақ салынды. Қазақстаннан әкелінген үш түп ағаш сол ескерткіш маңына отырғызылды.

22.Шетелде Мұстафаны қалай бағалайды?

«2007 жылы Мұстафа Шоқай атындағы француз-қазақ достық қоғамы құрылды. Бүгінде Еуропа жұртшылығына қазақтың қайсар ұлын, ұлттың төл мәдениетін, тарихын таныстыру үшін түрлі жұмыстар атқарылуда. Мұстафаны француздар бұрыннан жақсы біледі және өте жоғары бағалайды. Алдағы уақытта Мұстафа мұражайын ашамыз», – дейді М.Шоқай атындағы француз-қазақ достық қоғамының төрағасы.

23.Мұстафа Шоқайдың жары Марияның өмірінің ақыры не болды?

1969 жылы Мария Шоқай қайтыс болды. Сол жердің заңы бойынша,1965 жылы өзіне жерлейтін жер сатып алған. М.Шоқайдың 1922-1941жылдарды4 аралығында жинақтаған жазбалары мен кітаптарын 1953 жылы қазіргі «Жаңа Сорбонна – Париж ІІІ» университетінің кітапханасына тапсырған. Қалған жалғыз пианиносын сатып, Мұстафа бейітінің басына мүсінін орнатқан. Содан кейін Шелль қаласындағы қарттар үйіне барып тұрған. Өмірінің соңына дейін осы жерде болды және осы қалада жерленді.1965 жылы моласының басына қойылған тасқа: «Мария Яковлевна Горина-Шоқай бей, туған жылы 1888» деп жаздыртып қойған.

24.Мұстафа Шоқайдың немере інісі Болат Қалымбеттің әңгімесі:

Мұстафаның әкесі Шоқайдың туған інісі – Қалымбеттің (шын аты- Қалмұқамбет) ұлымын. Қудаланған отбасылардың бірі біз болдық. Бастауыш сыныптарда бізді мектепке қабылдамады. Кейінен бізді мектепке алды, бірақ мектепке қонақтар келсе мұғалімдер бізді жолатпайтын. Мектепте бізбен ешкім сөйлеспейтін. Мұғалімдер балаларға «олар халық жауының балалары, бірге жүрмеңдер» деп айтатын. Мектепті бітірген соң заң институтына түстім, бірақ «халық жауының» ұрпағы болғандықтан оқудан шығарылдым. Сосын физкультура институтына түсіп, оны ойдағыдай бітіріп шықтым. Бірақ мені жұмысқа алмады.Екі ағам аштықтан қайтыс болды.Бала кезімізде Мұстафа ағамыз туралы көп естідік. Үйдегілер оның атын атамай «оқитын кісі» «оқымысты» деп атайтын. Атының аталғанын еш естіген емеспін.Шоқай туралы КГБ адамдары және ағайындардан шыққан тыңшылар бізді сөзге тартуға тырысатын еді. «Мұстафа – сатқын, туыстарының түбіне жетеді» деп айтатын.Әкеміз Қалымбетұсталып кетіп, 1956 жылы қайта ақталды. Ақталғаны жөніндегі бұйрықты алу үшін Шымкенттегі КГБ бастығына бардым. Он шақты томдық тергеу материалдарын қарап шықтым. Кеңес Одағының пайдаланған әдісін алғаш сонда түсіндім. Оның жауды даладан іздемей, ағайынылардың өзді-өзіне аңдытып қойғанын байқадым. Күнделікті ас-суымызды бірге ішіп жүрген ағайын-туыстарымыздың жазған арыздарын көрдім. Не шара, заман солай болды ғой. Олар солай істейін деген жоқ, бірақ істетті ғой. Менің әкем ұсталатын күні оның қайда екенін өзіміздің жеңгеміз хабарлапты. Әкеміз ақталғанша үнемі КГБ шақырып отыратын.Әсіресе, Нұртазаның журналистиканы бітірген баласы Мадиярды көп қинады. Мадияр газеттерге мақалалар жазатын, сауатты еді. Біздің ізімізге кешегі күнге дейін өз туыстарымызды салып келді.

Қорытынды.

Мұғалім: - Мұстафа Шоқайдың арманы не еді?

1-оқушы:

Ең алдымен, елдің азаттығын аңсады. Біз сол азаттыққа қол жеткіздік. Тәуелсіз ел атандық.

2-оқушы:

Екіншіден, ол өзгелермен терезесі тең мемлекет құруды армандады. Алайда, сол тұста тәуелсіз мемлекет құруға мүмкіндігі жоқ еді.

Біз сол армангға қол жеткіздік, төрт құбыласы түгел толыққанды мемлекет құрдық.

3-оқушы:

Үшіншіден, қазақтың тұтастығын армандады. Өйткені сол кезде қазақтардың жартысы Дала өлкесіне, е

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!