Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дөңгелек үстел. "Мәңгілік ел - ата-бабамыздың арманы!". 11 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
2016-2017 оқу жылы
№68 жалпы орта мектеп
ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Тақырыбы: «Мәңгілік ел – ата-бабамыздың арманы!»
Орындаған: Дүйсенбаев Н.
Қатысатындар: 11 сынып оқушылары
Шымкент 2016
Тақырыбы: «Мәңгілік ел – ата-бабамыздың арманы!»
Мақсаты:
Білімділік: Қазақ елінің жүріп өткен
жолдары, Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері мен Мәңгілік ел
болу жолындағы атқарылып жатқан жұмыстар жайында оқушылар бойында
білім қалыптастыру, жұртшылық арасында
насихаттау
Тәрбиелік: Танымдық белсенділігін арттыра отырып, Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
Дамытушылық: Шәкірт жүрегінде Қазақстанға деген сүйіспеншілік сезімін ояту, туған жеріне, еліне деген құрметті қалыптастыру. Олармен бірге «Қазақ елі жүріп өткен жол», «Тәуелсіз Қазақстанның жеткен жетістіктері», «Мәңгілік ел» тақырыптарына ой толғау.
Көрнекілігі: слайдтар көрсету, үнтаспа, шарлар, суреттер
Формасы: Дөңгелек үстел
Модератор: тарих пәні мұғалімі Н.Дүйсенбаев
Төраға: тарих пәні мұғалімі М.Ермеков
Сабақтыц барысы:
Ата-бабаларымыз аңсаган азаттық пен тәуелсіздікті алдық. Ендігі мәселе— соны ертеңге жеткізу. Келесі ұрпаққа, болашаққа Қазақстанның осы тәуелсіздігін аманаттау. Н.Ә. Назарбаев.
Модератор
сөзі: 1991 жылы еліміз тәуелсіздік алды. Ол –
тәуелсіздік дәуірі. Тәуелсіздік ұлттың санасын оятты, баршаны
ата-баба жолына үңілдірді. Ол «Отан», «бостандық», «тәуелсіздік»,
«егемендік», «ұлтжандық» деген сияқты ұғымдарды тәуелсіздік
биігінен қарауды
түсіндірді.
Тәуелсіздік жолы – ар-намыс жолы. Ғасырлар
бойы ата-баба аңсаған тәуелсіздік. Одақ – империя құлап, қолымызға
тиді. Бұл ғасырларда бір ғана болатын
мүмкіндік. Біз – тәуелсіздіктен ұлтаралық үйлесімді,
татулықты, халықаралық бейбітшілікті
күтеміз. Біз бүгін XXI ғасырдың есігін айқара ашып
төріне еніп отырмыз. Бұл ғасырды Қазақстан үшін жасампаз ғасыр,
жаңару ғасыры, дәуірлеу ғасыры болатынына
сенемін. «Қазақстан - 2050» - Мәңгілік елге бастайтын
ең абыройлы, ең мәртебелі
жол. Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария
етті. Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен
мағызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи
тәжірбиесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан
туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария
етілді. Бұл мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту,
біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту! Бір мүдде –
бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір
сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ – Бұл Мәңгілік елдің, біздің
ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының
өркендеуі.
Қазіргі уақытта елімізді әлемдегі барлық ел таниды, танып қана қоймай еліміздің жетістіктеріне қызғанышпен қызыға қарайды. Біз осындай тәуелсіз, бірлік, бейбітшілік орнаған елдің ұрпағы болғанымызға мақтануымыз керек.
Бүгін бізде – «Мәңгілік ел – ата-бабамыздың арманы» тақырыбында сыр шертейік!
- Енді Мәңгілік ел дегеніміз не? Осы тұрғысынан Мәңгілік ел , Ұлы Дала елі - Қазақстан ұғымдарына тереңірек тоқталсақ.
Оқушы:
Мен өз сөзімді президентіміз Нұрсұлтан
Әбішұлының сөзімен бастамақпын. Мәңгілік ел болу бабаларыңның
бабалары армандаған, аңсаған асыл мұратты балаларының балалары
ардақ тұтатындай мемлекет орнату дегенді, енді ешқашан бөгденің
бодандығына түспейтін, халықтығын, ұлттығын, елдігін,
мемлекеттілігін әрқашан әспеттейтін, үлгілі үрдістерін мақтан етіп,
бар заманда да ұлы мен қызының бағы басында тұратын, барша халқының
бақыты баянды болатын ел құру
болды.
Халқымыз Нұрсұлтан Назарбаевты әу бастан-ақ
ел бағына туған президент деп сенген, екі тізгін, бір шылбырды
қолына берген, адастырмас азаматым деп соңынан ерген, сөйтіп
бүгінгі биігіне келген. Алда да солай
бола береді. Қазақтың басына бақыт құсы қона
береді.
Мәңгілік ел -
ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл
арманы.
Ол арман –
тұрмысы бақуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен
қарайтын бақытты Ел болу еді.
Оқушы:
Ата-бабаларымыз ұлан-ғайыр қазақ жерін
найзаның ұшымен,білектің күшімен сыртқы жаулардан қорғап
келді.Ақтабан шұбырындыдан бастап,ел басына қаншама қатер
төнді,небір сұрапыл оқиғалар да өтті.Ресейдің өгей баласындай отары
да болдық.Еліміз ұлт-азаттық көтерілістің талайын бастан
кешірді.Отан деген сөз - баршамыз үшін қастерлі де,қасиетті
сөз.Оның түпкі мәнінде туған халқымыздың тарихи
кезеңдері,ел,мемлекет болу белестері.Осы жолда курескен
ата-бабаларымыздың ерліктері мен қаһармандық жолдары жатыр.Қазақ
деген батыр халық. Ол еңкейгенге еңкейеді,шалқайғанға
шалқаяды.Шірене қалса,асқар-асқар тауларына сүйенеді,еңкейе қалса,
иен елін көреді,қаз-қатар тұра қалса,дауласа
қалса.азаматтығына,өзінің парасаттылығына сенеді.Сөйлесе Қазыбек
данадай шешендігі бар,Төле бидей көсемдігі бар,айтыса қалса,дауласа
қалса Бөгенбайдай ерлігі бар,Бауыржандай ерлігі бар,Қабанбайдай
ірілігі бар,қолынан қиыстырып жол табар Абылайдай тірлігі бар ел.
Өркениетке ұмтылған ел ғасырлар бойы аңсаган арманы - тәуелсіздікке
қол жеткізді. Халқымыздың даламыз қандай болса, жүрегі де сондай
кең, жер қойнауы қандай бай болса, жүрегі де сондай бай. Жүрегінің
байлығы – сәбидің тазалығы, оның ешкімге жамандығының жоқтығы,
бейбіт момындығы. «Отан – оттан да ыстық» деген рас екен-ау! Осы
Отан үшін талай боздақтар қалмақтармен шайқаста, одан кейін
революция кезінде, 1941-1945 жылғы неміс фашистерімен шайқаста
құрбан болды. Сол батырдың ұрпақтары қарусыз екеніне қарамастан,
1986 жылдың желтоқсанында тағы да Отан үшін өздерін құрбан
етті.
Еркіндік үшін, артында қалған ұрпақтың ертеңі
үшін намысты ұлдар мен қыздар жалаңаш кеудесін отқа тосты. Міне,
сол рух бізді тәуелсіздікке алып
келді.
Модератор сөзі:
Қазақстан Республикасының президенті
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстандық жол – 2050: бір мақсат,
бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауын жария
етті. Президент Жолдауы Қазақстан халқы үшін үлкен
мағызға ие болды. Қазақ халқының мыңдаған жылғы тарихи
тәжірбиесінен, Тәуелсіздік жылдары жүріп өткен қазақстандық жолдан
туындаған «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жария
етілді. Бұл мақсат – бұл «Мәңгілік Елді» нығайту,
біздің Отанымыз – Қазақстанның Тәуелсіздігін нығайту!Бір мүдде –
бұл біздің ортақ құндылықтарымыз, еркін және өркендеген елде өмір
сүруге деген талпынысымыз! Бір болашақ – Бұл Мәңгілік елдің, біздің
ортақ үйіміз – Қазақстан Республикасының
өркендеуі.
Қазақстан халқы Ассамблеясы және біртұтас
елдің азаматтары «Мәңгілік ел» патриоттық актісін әзірлеу туралы
тапсырманы ерекше шабытпен
қабылдады.
«Мәңгілік Елдің» жеті қағидасы біздің
дауымыздың арқаулық құндылықтарын, Қазақстан халқының ортақ мүддесі
мен тарихи тағдырын
айшықтайды.
Біз бұның Елбасы анықтаған міндеттерді
орындаудағы күшті жұмылдырушы бастауға айналатынына
сенімдіміз.
Модератор
сөзі: «Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының 7 қағидасына
тоқталып өтсеңіздер:
Оқушылардың
жауабы:
«Мәңгілік ел» - ұлттық идеясының 7 қағидасы:
1.Қазақстан мен Астананның
тәуелсіздігі
2.Ұлттық бірлік, біздің қоғамымыздағы бітім
мен келісім
3.Зайырлы қоғам және жоғары
руханилық
4.Индустрияландыру мен инновациялар
негізіндегі экономикалық өсім
5.Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамы
6.Тарихтың, мәдениет пен тілдің
ортақтығы
7.Ұлттық қауіпсіздік және біздің еліміздің
жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық ат
салысуы.
Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.
«Біріншіден, бұл – Қазақстанның
тәуелсіздігі және Астанасы. Тәуелсіздік дегеніміз – елдің
егемендігі, халықтың бостандығы, сана еркіндігі. Елдің аңсарлы
азаттығы, елшілдік-ұлттық санасы, тарихымен қоса, рухани
құндылықтары, рухы. Бұл бірнеше ғасырлар бойы халықтың армандаған
қасиетті ұғымы. Арман болып жеткен тәуелсіздігімізді, ендігі жерде
сақтап қалу біздің халқымыздың ең қасиетті
борышы.
Екінші
құндылық, бұл – қоғамымыздағы ұлттық
бірлік, бейбітшілік пен келісім. Біздің халқымыз – өзгеге қыспақ
көрсетпек түгіл көмекке мұқтаж кез-келген ұлттың өкілін бауырына
баса білген дана, мейірімді халық. Қазақ халқы сан ғасырлар бойы
егемендігі мен тәуелсіздігі үшін күресіп келді. Өзінің ең жақсы
қасиеттерінің: қатер төнген сәттерде бірігіп, ұйымдаса білуінің,
сондай-ақ басқа халықтармен бейбітшілік, келісім мен тату көршілік
жағдайында тұруға деген ынта-ықыласының арқасында ол тарих
тасқынының астында қалып қоймай, өзінің дербестігін, тәуелсіздігін
сақтап, мемлекеттігін қалпына келтіре алғандығы тарихтан да аян.
Сондықтан біздің ең басты мақсатымыз – тату-тәтті ынтымағы жарасқан
көп ұлтты халқымыздың тыныштығы мен көркейіп өсуі. Қасиетті
тәуелсіздігімізді – мықтап ұстап
тұру.
Үшіншіден, Ел дегенде, жер дегенде –
білегін сыбанып, іске дайын тұратын, еліміздің жарқын болашағы үшін
күресе білетін, намысты ұрпағымыз болса, қоғамымыздағы ұлттық
бірліктің іргесі шайқалмаса, ұлтымыз өз әдет-ғұрпын, таза тілін
сақтаса Мәңгілік ел боламыз, бұл – жеңіске жетуіміздің негізгі
кепілі. Міне, біздің басты байлығымыз да – осы. Рухы еркін халық
қана кез-келген мәселені шеше алады, әлемдік деңгейде өз орнын таба
алады.
Қазақ халқы өзінің тарихи негізгі ұлттық құндылықтарын өзі де
танып, өзгеге де танытып, ұлттық тілін құрметтеп, жас ұрпақты
ұлттық рухта тәрбиелегенде ғана руханияты жоғары, зайырлы қоғам
бола алады. Бұл – біздің үшінші құндылығымыз.
Ғасырлар бойы басқыншылық-шапқыншылық, соғыстарға, отарлау
езгісіне, әдейі ұйымдастырылған ашаршылық пен босқыншылықтарға,
саяси қуғын-сүргіндерге және тағы басқа озбырлықтарға ұшыраса да
осы күнге дейін негізгі халықтық-ұлттық ділін сақтаған қазақ
ұрпақтарының ұлттық рухта тәрбиеленуі – аса зәру мәселе екендігі
айқын сезіледі.
ХХІ ғасырдағы тәуелсіздік осы ежелден келе жатқан ұлттық идея мен
ұлттық идеологияның маңызын арттыра түсті, ұлттық рухымызды
асқақтатты. Мәңгілік ел болу үшін ұлттың рухын асқақтарып, тілін,
дінін, тарихын, әдебиеті мен мәдениетін яғни ұлттық құндылықтарын
жете зерттеп, насихаттау міндеті тұр. Өйткені, қай халықтың
болмасын өзге жұртқа ұқсамайтын бөлек болмыс-бітімін даралап,
өзіндік тағдырын айқындайтын басты белгі – әдебиеті мен мәдениеті,
рухы мен тілі. Ал, «Әрбір ұлт – өзінің халқы үшін Ұлы Халықтың
мәңгі ғұмыры – оның тілінде»
(Ш.Айматов).
Елбасы төртінші
құндылық, бұл – индустрияландыру мен
инновацияларға негізделген экономикалық өсім екендігіне тоқтала
отырып, әрбір қазақстандықтардың әл-ауқатының жақсарып дамыған отыз
елдің қатарына қосылудың бірден-бір сара жолын анықтап
берді.
Бесінші
құндылық, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек
Қоғамы. Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы Елбасының қазақстандық қоғамның
бүгінгі, жаңа замандағы бейнесі деуге болады. Президент
Н.Ә.Назарбаевтың жаңғырту үрдістерінің табыстылығын жүзеге асыратын
басты қағидалардың бірі ынталандыру. Адал еңбекке ынталандырудың
жолын табу, еңбек табыстарын қоғамдық ынталандырудың жүйесін құру
Қазақстандағы әлеуметтік жаңғыртудың аса маңызды мәселелерінің
бірі. Бұл рейтинг жүйесі. Әркім атқарған еңбегіне орай және
көрсеткен нәтижесіне қарай бағалануы заңдылық. Адал еңбек еткен
ғана бақытты болмақ.
Алтыншыдан, бұл – тарихтың, мәдениет пен
тілдің ортақтығы;
«Өз тарихын, өз философиясын білмейінше және оған белгілі бір
көзқараста болмайынша ешқандай да мәдениеттің дамуы мүмкін емес», -
дейді көрнекті түркітанушы ғалым Л.Н.Гумилев. Шындығында, өз елінің
тарихын, философиясын білу, ұлттық құндылықтарын зерттеу, солар
арқылы ұлттық идеологияны қалыптастыру, жас ұрпақты ұлттық рухта
тәрбиелеу, оны ұрпақ санасына сіңіру елдің, ердің басты мұраты.
Еліміздің сан ғасырлық дәстүрін, ата-баба салтын, әдебиеті мен
өнерін өзінің бар болмысымен сақтай отырып, оларды әлемдік өркениет
өрісіне қарай өрістете отырып, мәңгілік ел болу идеясын ұсынды.
«Ана тілі –бәріміздің анамыз, өйткені, ол-ұлтымыздың анасы».
«Толыққанды тілсіз – толыққанды ұлт болуы мүмкін емес». Ана тіліміз
– біздің бүгініміз үшін де, ертеңіміз үшін де мәңгіліктің тілі.
Нұрсұлтан Әбішұлы «Қазақстан - 2050» Стратегиясын жариялаған
Жолдауында айқын атап көрсеткеніндей: «Қазақ тілі жаппай қолданыс
тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне
көтерілгенде, біз елімізді Қазақ мемлекеті деп атайтын боламыз».
Түпкі мұрат – тәуелсіз елімізді Мәңгілік Ел
ету.
Жетінші
құндылық, бұл-еліміздің ұлттық
қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық
тұрғыдан қатысуы.
Қазақстан егемен ел ретінде дамудың алғашқы күндерінен бастап
жаһандық деңгейде де, өңірлік деңгейде де жауапты саясат жүргізіп
келеді. Қазақстанның барлық бастамалары, Президентіміз ұйытқы
болған бастамалар әлемдік қоғамдастық тарапынан кеңінен қолдау
тапты. Еліміз өзінің шешімдерімен және белсенді қызметімен жаһандық
және өңірлік қауіпсіздікке орасан зор үлес қосты. Оны қару-жарақты
еселеп көбейту және басқа елдерге қатер төндіру есебінен емес,
ашықтық, тең құқықты әлемдік ынтымақтастық, жасампаздық және басқа
елдермен сындарлы үнқатысу орнату арқылы
айғақтауда.
Оқушы: «Менің Отаным – Қазақстан!» - деп жұдырықтай жүрегімнен шыққан осы сөзді мақтанышпен айтамын. Ата-бабамыздың азаматтық жолындағы ерен ерлігінің арқасында осынау іңкәр заманға жеткен елімді мақтаныш етемін. Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ. Біз Тәуелсіздікті 1991 жылы алдық. Қазақстанның бір бөлшегі менің өсіп,тұрып жатқан жерім. Отан меніңше теңіз,өзен,жұлдыз,күн,калалар және адамдар. Атам,әжем,әкем,анам,бауырым,досым бәрі менің туған елім. Мен Отанымның кішкентай бөлшегімін. Бұған қосып тағы айтарым, әр азаматтың отансүйгіштігі – адамдарға деген адамгершілігі, өз ісіне деген адалдығы, өз бойындағы кемшілігін мойындап қана қоймай, соны жою үшін әрекет етуі. Сонымен қатар, патриоттық дегеніміз – қазақтың өз-өзіне деген құрметі! Мысалға айтсақ, өз еліне деген құрмет – бұл мемлекеттегі саяси тұрақтылықты сақтау, ұлтаралық татулықты нығайту.
Оқушы: Сондай-ақ, бүгінгі таңда елімізде болып жат-қан жаңару мен өркендеуден тыс қалмаған адам – нағыз патриот! Қазақстандық жаңғыруға қатысты әрқашан өз көзқарасын ашық айтып отыру – әр азаматтың борышы болуы керек. Әр адамның өз Отанына деген сүйіспеншілігі өз мемлекетінің тұғырлы тәуелсіздігін нығайтуға деген үлесі болмақ. Менің ұғымымда азат ойлы, рухани кемелденген әр адамның жүрегінде Отанға деген кіршіксіз құрмет сезімі болуы керек. Сондай-ақ, әрбір жас қазақстандық қыз-жігіттердің ой-санасында: «Мен қазақстандықпын! Мен елімнің патриотымын! Өзімнің бар білімімді, еңбегімді, тәжірибемді осы мемлекеттің бүгіні мен болашағына арнауым керек!» деген ой болуы керек. Әрбір қазақтың жан-жүрегінде: «Қазақ елін жаудан қорғайтын да, әрі қарай дамытатын да менмін!» дейтін ұлттық мүддені көздейтін көзқарас болуы керек. Әрине, қоғам болған соң, кейбір жастардың әлеуметтік жағдайы өз деңгейінде болмауы мүмкін. Бірақ, оның барлығы да уақытша нәрсе. Уақытша болмайтын бір-ақ нәрсе бар, ол – өз Отаныңа деген үлкен сүйіспеншілік.
Оқушы: «Бір жылыңды ойласаң күріш ек, жүз жылыңды ойласаң ағаш ек, мың жылыңды ойласаң ұрпақ өсір» деген сөз кешеден бүгінге жетіп, ары қарай жалғаса бермек. Бабаларымыз ұлт, ұрпақ алдындағы борышты қалай сезінеді, біз қалай сезініп жүрміз, келер ұрпаққа қалай сезіндіруіміз керек деген сауалға тоқталсақ. Ұлт ұрпақ арқылы жер бетінен жойылмайды. Ал, ұрпаққа ұлт болып тұру үшін жер, тіл, салт-дәстүр және тарихпен терең тамырлануы керек. Сонда тіл, дәстүр ұмытылмайды, һәм өз ұлтының тілін, салт-дәстүрін биік ұстайды. Рух туы желбіреп тұрғанда өткенге тас лақтырып қарғыс айтпай одан сабақ алып, жіберілген қателігімізді қайталамай ақ найзаның ұшымен, рух-намыстың күшімен қорғаған ата-баба аманатын орындау бүгінгі ұрпақтың , біздің парызымыз!
Модератор сөзі : Жақсы, рахмет! Енді оқушылар, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жеткен жетістіктеріне тоқталсақ . Қазақстан Мәңгілік ел болу жолында қандай жолдардан өтті? Өз ойларыңызды ортаға алсаңыздар.
Оқушы: Арғы-бергі тарихта елім мәңгі болмасын деген бірде-бір мемлекет жоқ. Бәрі де соны армандаған. Бірақ жете алмаған. Мұны Елбасы білмей отырған жоқ, біліп айтып отыр. Бізге елді адастырмайтын компас керек болып отыр, елдің ілгергі үміті керек болып отыр, арманға жетелейтін жарқын идея, мемлекеттік идеология керек болып отыр. Бұл идеяны Н.Назарбаев елінің тәуелсіздігін қорғау үшін, Тәуелсіз Қазақстанды дамыту үшін ұсынып отыр, бабалар жеткізе алмаған арманға елін жеткізсем деп отыр.
Біз патриот болу үшін не істеуіміз керек? Патриоттық сезім қалай қалыптасады?
Оқушы: Патриоттық сезім әрбір адамға отбасындағы тәлім-тәрбиеден, мектепте алған білімінен бастау алады. Патриот болам деген азамат ең алдымен, өзінің ана тілін жетік меңгеруі керек. Біз жастайымыздан өз тарихымызды, мәдениетімізді, өнерімізді, спортымызды дәріптей білсек, олардың санамызға сіңдіре білсек, патриоттық сезім пайда болады. Патриоттық дегеніміз әрбір адамның күнделікті ісінен де көрініс табады. Қалай? Мысалға, мектеп пен жоғары оқу орынында жақсы оқып, өз қабілетімен жұмыс тауып, отбасын құрып, өзі тұратын мемлекетке деген адалдығын көрсету де патриоттыққа жатады.
Біздің мемлекетіміздің сындарлы саясаты барлық жастарды патриоттыққа үндеп отыр. Қалай? Мысалға, мемлекет: «Сен осы елдің азаматысың! Әрқашан осы елдің қорғауында боласың! Сен осы мемлекетті дамытуға атсалысуың керек! Сен осы мемлекеттің болашағына жұмыс істеуің керек!» деген саясат жүргізіп отыр. Қазіргі кезде қазақстандықтар әлемнің қай қиырына барып, білім алғысы келсе – барлық мүмкіндіктер бар. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашақ» бағдарламасымен қаншама мыңдаған жастарымыз шетелдердің ең үздік деген жоғары оқуы орындарында оқып жатыр. Ал, Қазақстанда қалып оқығысы келетіндерге мемлекеттік гранттар, несиелер беріледі. Оқуын жақсы аяқтаған адам жақсы жұмысқа тұруға да мүмкіндік алады. Осыдан кейін: «Елім маған осынша көмек көрсетті. Ал өзім Еліме не беремін?» деп ойлануы керек. Яғни, өз елінің мүддесіне аянбай қызмет ететін жастар – шынайы патриоттар. «Әрқайсысымыз да, бәріміз бірдей еліміздің болашағы үшін жауаптымыз. Біздің міндетіміз – сапалы білім алып, өз ісіміздің нағыз маманы болу, Отанымыздың игілігі үшін өмір сүру, еңбек ету!»
Модератор сөзі:
Қай мемлекет үшін де өз тәуелсіздігі өте қымбат. Егемендік - көптеген ұлттар мен халықтардың мәңгілік асқақ арманы да, мақсаты да болды. Егемендік үшін әлі де күресіп жатқан халықтар бар. Бабаларымыз да «Егемен болмай ел болмас, етектен кескен жең болмас» деп, осынау ұлан-ғайыр даланы иемденген халқының тәуелсіз ел болып, өзгелермен терезесі тең, жеке мемлекет болғанын армандап өтті. Халқымыздың бақытына орай еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың тереңнен зерделей білетін саясатының, келешекті болжай білетін көрегендігінің арқасында 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан егемендікке қол жеткізді. Бұл айтуға жеңіл, атқаруға келгенде ғасырлық салмағы бар іс болды.
Оқушы: «Елбасы»
Өз елiнiң, адамзаттың күндiз-түнi қамын ойлаған, таныған оны бар ғалам, құрмет тұтқан қазақтың әр кәрiсi, әр жасы - Назарбаев Нұрсұлтан атты Елбасы. Осы Елбасымыз нағыз үш қанатты қас қыран! Оның үш қанаты - өз елiнiң және әлемнiң Өткенi мен Бүгiнi, алаулаған Ертеңi! Ол қандай құрметке, қандай сыйлыққа болсын лайық! Осы сөздiң терең мәнiн ұғайық!
Оқушы: «Көпұлттылық»
Қазақстан – көпұлтты, унитарлы, тәуелсіз мемлекет. Әлем таныған Отанымызда жүз отыз ұлт пен ұлыс өкілдері бір үйдің баласындай достық пен татулықта, жарасымды бірлікте қоян-қолтық өмір сүруде. Біз – ынтымағы жарасқан елміз. Қиын-қыстау кезеңде тағдырлары табыстырған халқымыз бір шаңырақтың астында сүттей ұйып отыр.
Ұлтаралық қатынас көп ұлтты Қазақстан Республикасында ерекше көңіл аударуды қажет ететін мәселелер қатарына жатады. Қазақстан жерін мекендейтін халықтардың достық, туысқандық қарым-қатынасы, оларды біртұтас мақсатқа жетелейтін жетекші ұлттық мүдде болуы қазіргі саясаттың маңызды бөлігіне айналды.
Оқушы:: Ассамблея
Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.
Республикада Қазақстанның барлық этностарының мәдениетін, тілін, дәстүрін дамыту үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ассамблея қызметі Қазақстанның этносаралық қатынастар мәселелерін тиімді шешетін ел ретіндегі халықаралық беделін арттыруға ықпал етеді.
2015 жылы ҚХА-ның құрылғанына 20 жыл толды. Соған орай 2015 жыл Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының жылы деп жарияланып, атап өтілді.
Ассамблеяның мақсаты – қазақ халқының топтастырушылық рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдени ортақтығы негізінде қазақстандық біркелкілікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде республикадағы этносаралық келісімді қамтамасыз ету.
Оқушы: Конституция
Кез келген мемлекеттің, елдің тәуелсіздігін, демократиялық құндылықтарын айқындайтын негізгі құжат- Конституция. Онда мемлекеттің барлық құрылымдарының, жеке азаматтардың, ұлт пен ұлыстардың, әлеуметтік топтардың мақсаттары, міндеттері, құқықтары көрсетіледі.
Осыдан 21 жыл бұрын, 30- тамызда Қазақстан халқы тарихи шешім қабылдап, еліміздің құқықтық өміріндегі жасампаз жаңа дәуіріне қадам басқан еді. Содан бері қарай тәуелсіздігіміздің тірегіне айналған Ата заң - мемлекет пен қоғамда орын алып отырған барлық саяси-экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері басуына, дамудың қайнар бастауына айналды. Өткен 21 жылдан бері мемлекет пен қоғамның дамуындағы өзгерістер - демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі - Ата заң қағидалары негізінде жүзеге асырылып келеді.
Тоқтала кететін тағы бір жайт, Қазақстанның Ата заңы әлемдегі ең жас Конституциялардың бірі болып саналады екен. Расында, бүкіл мемлекеттік құрылымды айғақтайтын, елдіктің бастауы болып табылатын құжат енді ғана 21жасқа толып отыр. Әрине, тарих ауқымымен айтқанда, бұл азғантай ғана мерзім. Десе де, осындай заманда Қазақстанның Ата заңы уақыттың сынынан сүрінбей өтті, өзінің заман талабына лайықтығын жан-жақты дәлелдеді. Ал көптеген зерттеушілердің пікірінше, Қазақстанның Конституциясы әлемдегі жалпыадамзаттық құндылықтарды дәріптейтін ең үздік 50 конституцияның бірі болып саналады екен. Бұның өзі Ата заңымыздың үлкен әлеуетін білдірсе керек.
Оқушы::
Керей мен әз-Жәнібек құрған қазақ хандығының жалғасын бүгінгі күні 25 жыл бойы Тәуелсіз Егеменді елдің көк байрағын көкке желбіретіп, әнұранымен рәміздерін, халқымыздың мәдениетін, салт-дәстүрін дүниежүзіне мойындатқан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбегінің нәтижесі. Оған дәлел биылғы 2014 жылғы 11 қарашадағы Елбасының «Нұрлы жол» халыққа жолдауында «Біздің Жалпыұлттық идеямыз - Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық» деп атап көрсеткен болатын.
Оқушы:, ЭКСПО 2017 ж
Тұғыры көк байрағымызды аспанда желбіретіп ұстау енді келешегі кемел, білімді болашақ ұрпақтың еншісінде. Ата-бабаларымыздың аңсап келген «Мәңгілік ел» болу өсиетін қазақ халқының маңдайына біткен көрегендігі мен даналығы, әрбір ісін халқы үшін жасап отырған «Елін сүйген,елі сүйген» елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жүргізіп отырған сындарлы саясатының арқасы. Бүкіл дүние жүзі халықтары бүгінгі күнде қазақ халқын картадан ғана емес, оның жер байлығы мен экономикасы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттердің санатындағы мемлекеттің бірі болуының өзі Елбасымыздың көреген саясатының жемісі. Сонау Қасым хан негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» мен Елбасы салған сындарлы сара жолымен жүріп келе жатқан және «Қазақстан – 2030 стратегиясының» бүгінгі күнде мерзімінен бұрын орындалып, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының конференциясының өтілуі, 2011 жылы Қысқы Азияда ойындарының өтілуі, ЕXPO-2017 көрмесінің ұтып алуы бұл қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін дәлелдеді.
Модератор сөзі: Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында.Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз.Болашақты жалғастырушы – біздерміз.
Қорытынды
сөз. (Президент сөзінен
үзінділер) Біз армандарды ақиқатты
айналдырдық. Мәңгілік елдің іргетасын қаладық.
Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болу керек?» деген
сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға
бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея
бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы.
Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол
жеткізді.
Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік
Елордамызды тұрғыздық.
Қазақстан Мәңгілік Ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге
арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік қазақтың Перзенті. Ендеше,
Қазақ елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік ел! Мен Мәңгілік ел ұғымын
ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан 2050» Стратегиясының түп
қазығы етіп алдым.
Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі оны ұстап тұру әлдеқайда
қиын.
Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді
көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.
Тағылымы мол тарихымызбен, ұлы бабалардың ұлағатты өмірінен алар
тәлімімізбен біз алдағы асулардан алқынбай
асамыз.