Дөңгелек үстел "Отбасы, мектеп және қоғам"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Дөңгелек үстел "Отбасы, мектеп және қоғам"

Материал туралы қысқаша түсінік
класс жетекшілер үшін
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Отбасы , мектеп және қоғам

Мақсаты: : Бала тәрбиесіндегі ата- ана мен ұстаздың жауапкершілігін арттыру, ата- ана мен бала арасындағы сүйіспеншілікті арттыру, әр адамның өзіне деген сенімділігін тәрбиелеу.

Өту формасы: дөңгелек үстел

Өту барысы:

І. Құрметті ұстаздар, ата- аналар, оқушылар! «Отан отбасынан басталады» демекші, ата- аналар мен ұстаздар қауымы үшін жас ұрпақ тәрбиелеп, оны қоғам мүддесіне жарату – кезек күттірмейтін мәселе. Осы мәселеге ата- аналар мен ұстаздар қауымы болып бірге атсалыссақ, алар асуымыздың биік болары болары сөзсіз. Қазіргі қоғамда ата- ана баласынан не күтеді? Ата- ана бақыты неде? Ұстаз бақыты неде? Баласы ата- анасын қалай бақытты етпек? Міне, осы тұрғыда сөз қозғалатын «Отбасы, мектеп және қоғам» атты дөңгелек үстелге қош келіпсіздер!

Бүгінгі іс- шарамызды ақын Мұзафар Әлімбаевтың мына өлеңімен бастағанды жөн көрдім: (музыка)

Қипақтайды қит етсе анаң, әкең:

Қайтсем ғана осыны адам етем?

Басқалардың осындай балалары

Тап осындай жаңғалақ шала ма екен?

Ойым емес, оллаһи, біздікінің

Енжарлығы елде жоқ алабөтен

Туа сала тұлпардың жалын тартқан

Қырғиларға қызығып қарап өтем.

Жарық сыйлап, маңына жылу сыйлар

Бұ да бір күн алаудай жанар ма екен?

Ел қатарлы елеулі еңбек етсе-ау

Болмаса да топ жарған дара бөтен

Мүше тістеп, мықтылар той жасаса

Жерге қарап мен сорлы қалар ма екем?

Үміт пенен күдіктің ортасында

Ата- ананың үміті талады екен...

Міне, осылайша өз баласының болашағына алаңдап, «Қайтсем де баламды адам етем» деген ата- ананың үміт- арманы орындалып жатса, біз , ұстаз қауымы үшін, зор қуаныш болмақ. Сондықтан бүгінгі кешке белсене қатысуларыңызды сұраймын.

ІІ. Тренинг «Ақ жүрек»

Бәріміз мына үлкен ақ жүрекке назар аударайықшы. Ол тірі емес, ал біз қазір оған жан бітіреміз. Алдарыңыздағы кішкентай жүрекшелерге балаларыңызға деген ақ тілектеріңізді жазыңыздар. Енді мына ақ жүрекке әкеліп, тілектеріңізді оқи отырып, жапсырайық. Қараңыздаршы, ол біздің көз алдымызда тірілді. Бұл енді сіздердің балаларыңыздың жүрегіне айналды және бүгінгі кеш барысында үнемі дүрсілдеп тұрады. Баламыздың жүрегіне үңіліп қарап отырайық.

ІІІ. Ата-ана - бала үшін ең бірінші үлгі тұтар адам, өзін көретін айнасы. Сондықтан, кешке қатысушы ата- аналар мен оқушылар болып мына сұрақтар бойынша өз ойымызды ортаға салып, пікірімізді білдірейік.

  1. Қазіргі қоғамда ата- ана баласынан не күтеді?

  2. Бала тәрбиесі үшін отбасы жауапкершілігі басым ба, әлде мектептің жауапкершілігі басым ба?

  3. Баланы еркін тәрбиелеген дұрыс па, әлде қатаң тәрбиелеген дұрыс па?

  4. Балаларыңыз игілікті істер істесе, оларды қалай мадақтайсыздар?

  5. «Жақсы отбасында жазалау деген атымен болмайды және бұл – отбасы тәрбиесінің ең дұрыс жолы» деген Макаренконың айтқанына келісесіздер ме? Балаларыңызды теріс әрекеттері үшін қалай жазалайсыздар?

«Әрбір баланың мінез- құлқы ата- ананың жағымды іс- әрекетінен үлгі алуы барысында қалыптасады» деген И. Павлов.

«Ата- ананың ақылы қазулы қара жолмен тең» деп, Дулат Бабатайұлы айтпақшы, ата- ана бала түйсігіне қандай із салса, бала сол жолмен жүре беретіні белгілі.

Ән айтылады

ІV. Ал келесі бөлімде ата- аналармен және балалармен ойын ойнаймыз.

Ойын «Біз екеуміз бірге» деп аталады.

Ата- аналар баласымен бөлек – бөлек ақ параққа екеуі бірге не істейтіндерін жазады. Мысалы: Біз екеуміз бірге сабақ оқимыз немесе теледидар көреміз, ас пісіреміз...

Ескерту: жалған жазуға болмайды.

Ал олар дайын болғанша мен сіздерге «Ана көзі» атты әңгіме оқып берейін.

Сұрақ: Бала неге ондай қылыққа барды? Оған кім кінәлі: анасы ма, бала ма, әлде тағдыр ма?

Ойын қорытындысын шығару.

V. «Бақыт туралы ой» монологін тыңдау.

Сұрақ: Сіздер үшін бақыт деген не? Ата- ана бақыты не? Бала бақыты не? Ұстаз бақыты не?

VІ. «Бала кім?» - ассоциациялар құру

Shape1 Бауыр етім

Shape2 асыраушы

БShape5 Shape4 Shape3 ала Шаңырақ иесі

болашағым

өмірімнің жалғасы

көз қуанышым

Ендеше , өздеріңіз айтқандай, бала- біздің болашағымыз. Ал олардың болашағы –өзіміздің қолымызда.

VІІ. «Жамандықтан арылу» тренингі.

Балаларыңыз бен өздеріңіздің бойыңыздағы ұнамсыз, жаман қасиеттерді алдарыңыздағы кеспе қағаздарға жазыңыздар. Енді оларды бүктеп , құқысқа лақтырамыз. Мінекей, біз жаман қасиеттерден арылдық.

Құрметті ата- аналар, ұстаздар, оқушылар! Бала бойындағы адамгершілік қасиеттердің пайда болуыата- ана, ұстаз , жақсы құрбысынан екені сөзсіз. Сондықтан «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер. Жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек» деп алаш ардақтысы М.Жұмабаев айтқандай, бала тәрбиесі – барлығымыздың бірлескен жұмысымыздың нәтижесі. Бұлардың барлығы қоғамға тәуелді. Алдағы уақытта мектеп – отбасы байланысы арта түссін деп кешімізді аяқтаймын.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
15.01.2019
4093
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі