Материалдар / Дөңгелек үстел «Салауатты өмір –көтеріңкі көңіл!»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дөңгелек үстел «Салауатты өмір –көтеріңкі көңіл!»

Материал туралы қысқаша түсінік
Дөңгелек үстел.Сабақтың мақсаты: Салауатты өмір салтын сақтау, денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін оқушыларға ұғындыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Қараша 2021
2643
5 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қ. Әбдіғұлов атыңдағы №34 меткеп-гимназия









«Салауатты өмір –көтеріңкі көңіл!»

(Дөңгелек үстел)





Жауаптылар: Жарасова Асель, Бергенова Айдана









2020-2021 оқу жылы

Тақырып: «Салауатты өмір- көтеріңкі көңіл»

Сабақтың үлгісі: Дөңгелек үстел

Сабақтың түрі: Дәстүрлі емес

Сабақтың әдісі: баяндау, сұхбат, сұрақ-жауап, ой қозғау.сұрақ-жауап, әңгімелесу, көрнекілік

Сабақтың мақсаты:

Салауатты өмір салтын сақтау, денсаулық туралы түсінік беру. Денсаулықтың негізі қимыл, спорт, дұрыс тамақтану, таза ауада жүру екенін оқушыларға ұғындыру.
Көрнекі құралдар: Суреттер,слайд, видео

Сабақтың барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Кіріспе бөлім.
Елбасымыздың «Қазақстан-2030»стратегиялық даму бағдарламасындағы халқына жолдауында, Қазақстанның әрбір азаматының денсаулығы мықты, хал-ақуалы жақсы болуы тиіс,-деп атап көрсеткен болатын.
Тәрбие сағатымыздың мақсаты: Денсаулықтың негізі- қимыл, спортпен шұғылданып, дұрыс ұтымды тамақтанып өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеп, ойын арқылы да салауатты өмір салтын сақтауға болатындығын ұғындыру.
Ойланайық, пікірлесейік

  • Адамның салауатты өмір сүруіне не кедергі болуы мүмкін?

  • Зиянды әдеттерге адам неліктен үйір болады?

  • Зиянды әдеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиеттер керек?

  • Зиянды әдеттерге нелер жатады?

  • Денсаулық зор байлық дегеннің мағынасын қалай түсінесінесіздер?

  • Зиянды әрекеттерден аулақ болу үшін адамға қандай қасиет керек?

  • Денсаулыққа ең пайдалы тағамдар?

  • Спортпен шұғылдану адам денсаулығына қалай әсер етеді?

  • Деніміз сау болу үшін неге мән беруіміз керек:

  • -Адам бойындағы вирустарға қарсы тұратын, аурудан сақтайтын ол қандай қасиет?

  • -Ал мүлде ауырмау үшін не істеу керек?

  • -Таңертеңгілік жаттығу жасау не үшін қажет?

«Бүгінгі таңда мемлекеттің өзекті міндеті - ұлтты сауықтыру,

спортты дәріптеу және жастарды  денені шынықтыру мәдениетіне баулу.  Тек дені

сау ұлт үлкен жетістіктерге жетеді. Сондықтан, жастарға осы бағытта тәрбие беру

біздің басты міндетіміз».

Денсаулық – баға жетпейтін жалғыз ғана асыл дүние. Ол жақсы болу үшін не уақытты, не күш – жігерді, не еңбекті, тіпті барлық дүниені аямай жұмсау керек. Денсаулық үшін өмірдің бір бөлімінде қиюға болады.

Ерік-күші әлсіз, рухани дүниесі таяз адамдар әркез өзінің жағымсыз істеріне сылтау іздеп «тек бір рет» деген ережені басшылыққа алады. Өмірлік ұстанымы мен мақсаттарын аяққа басады, содан кейін бәрі солай кете береді. Осыдан кейін жақсы болар деп үміттенеді. Осылайша бір рет дәрменсіздік көрсету, келесісін туғызады. Осылай ұнамсыз қылықтар қайталана беріп, ол жағымсыз дағдыға айналады

Денсаулық-адам өміріндегі басты құндылық. «Бірінші байлық-денсаулық» деп халық тегін айтпаған. Адам мықты денсаулықтың арқасында өмірде кездесетін ауыртпалықтарды жеңуге, қабілет-дарынын дамытып, шығармашылық деңгейге көтеріле алады. Сондықтан денсаулыққа саналы қарап, спортпен шұғылданып, уақытында тамақтанып, дене ахуалының бабында болуына жағдай жасау керек. Маскүнемдік, шылым шегу, нашақорлық жолына түсу денсаулығыңды өз қолыңнан құрту болып есептеледі.Біздің өміріміз қаншалықты зиянды әдеттерден тұратынын көпшілігіміз ескере бермейміз.Егер адам бақытты, жайлы, дені сау, ұстамды, дербес және табысты болса, оған өз әдеттерін өзгертудің қажеті жоқ. Егер әдеттер денсаулыққа зиянды және жеке тұлға үшін қауіпті болса, оның өзгелерге деген қауіпсіз қарым-қатынасы бұзыла қалса, онда тез арада шара қолдану керек.

«Денсаулыққа- ең пайдалы тағамдар»

Балық-қартаюғаеңқарсыазық, мидыжүректіқорғайды. Руханижағдайдыреттеп, қанқұрамындағышекердіқалыпқакелтіреді

Сүт-витамин , минерал жәнепайдалыбактерияларғаөте бай.

Жаңғақ-жүректіңқызметінреттейді. Біркүнүшін 25 грамдық, бадам(миндаль), жаңғақ, жержаңғақ, орманжаңғағыжеткілікті.

Қызылет-жайлаудажайылғанмалдыңеті, яғниөңдеуденөтпегенқызылеттерпайдалы.

Жұмыртқа-еңзиянсыз ас, мидықорғайдыжәнекөзсаулығынкүшейтеді.

Көкшәй-ішектердің, тынысжолдарыныңжұмысынреттейді, салмақреттеуіноңайлатады. Алма- дәрілерден аспирин орнына жүреді, сүйекті қуаттандыратын витамині бар.

Шие-күніне 20 шиебіраспиринніңәсерінбереді.

Пиязжәнесарымсақ- инфекциялардыжояды, жүрекауруықаупі20% ғаазайтады.

Айран, сүзбе, ірімшік- тістіңсаулығыүшінпайдалы, кальцийдіңқоры

Қызылша-бүйректергепайдалы, тұзмөлшерінреттейді.

Банан-жүректіңсоғуындұрыстайды, қанқысымынреттейді

Қауын-жарты қауынбіркүндік С дәруменіқажеттілінқамтамасызетеді,бүйректергепайдалы.

Адам өмірімнің кейбір сәттерінен үзінді......

1-жағдаят

Бір күні сені жан досын бір отырысқа ертіп баратындығын айтты. Онда барғаныңда үлкен жиынның үстіне түстің. Сен бейтаныс адамдар ішімдік ішуге, шылым шегуге шақырады. Досың да солар жағында. Бұған дейін досыңның мұндай әдеттерін байқамапсын.

Осы жағдайда не істер едің. Қандай да бір шұғыл шешім қабылдайсын ба? Өз шешімінмен бөліс.

2 жағдаят: Топқа жаңадан студент келді. Барлық топ студенттері онымен жақын араласып кетті. Сіз онымен дос та болып алдыңыз. Кейін сіз оның жұқпалы аурумен ауратының білдіңіз.

Бұл жағдайдағы сіздің іс - әрекетіңіз қандай?

Қазіргі таңда көптеген жастарымыз өз өміріне, өз денсаулығы мен жарқын болашағына өз қолымен балта шауып жүр. Ол қалай деуіңіз мүмкін. Ендеше мында қараңыз. Арақ ішіп, шылым шеккен жастарымыз осының дәлелі емес деп кім айта алады. Біреулер қызық көріп, шегіп көрейінші деп бастап алады да, соңынан қоймай жүреді. Ал біреулер өмірден түңілдім деп ішімдіктің соңына салынып жүргені. Сонда, олар өмірден түңілдім деп, өз денсаулығына мән бермей жүре берсе, оған қайдағы біреу барып, сақадай-сай денсаулығын әкеліп бермейді ғой. «Бақыт» деп жатамыз. Ал, сол бақыт деген не өзі?! Меніңше, бақыт деген – сенің денсаулығың. Денсаулығыңның бәрі ойдағыдай болатын болса, қалған бақытты да, байлықты да өз қолыңмен жасауға болады. Қол-аяғың сау, көзің көріп, құлағың естиді. Бойыңда қаның жүріп, жүрегің жұлқынып тұр.

Қорытынды:

Ұлы ойшыл Сократқа кезіңде мынадай сұрақ қойылыпты: «Адамға өмірде не қымбаттырақ байлық па, әлде атақ па?» депті. Сонда Сократ «Байлық та, атақ та, даңқ та адамды шын бақытты ете алмайды. Дені сау кедей, ауру патшадан бақыттырақ» деп жауап беріпті. Яғни адам бақытты болу үшін оған денсаулық керек, ал денсаулықтың кепілі салауаттылық. «Тіршіліктің негізі – салауатты болашақ» деп бүгінгі дөңгелек үстелімізді аяқтаймыз

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!