Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дөңгелек үстел Тақырыбы: «Қазақстан Республикам менің» 9-11 сыныптар
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Бірік жалпы білім беретін мектебі
Дөңгелек үстел
Тақырыбы: «Қазақстан Республикам менің»
Өткізген: Максимов З.Г
Тексерген: Бисенгалиева М.У
2023-2024 оқу жылы
Тақырыбы: «Қазақстан Республикам менің»
Мақсаты: оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған
жеріне, атамекеніне деген сүйіспеншіліктерін арттыруға дұрыс
бағыт-бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға үйрету, оқушыларды
патриоттық рухта
тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
слайдтар, видео
роликтер.
Түрі: дөңгелек
үстел
Жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және
қадірменді қонақтар! Бүгінгі 25 қазан Республика күніне арналған
«Қазақстан Республикам
менің» атты дөңгелек үстелімізге қош
келдіңіздер! (Гимн
ойналады)
Біз өзіміздің көк байрағымызды мақтанышпен жоғары көтеріп, өз елтаңбамыз бен әнұранымызды қастерлей отырып, күн сәулелі аспанымызда әрқашан Тәуелсіздікпен ерліктің белгісі дала қыранының қанаты талмай, шарықтай берсін деп алғашқы құттықтау сөз мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Бисенгалиева Мукарама Утебаевнаға беріледі.
1990 жылы қазан айының 25-і
күні Қазақ
КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен
«Қаз КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды.
Сол сәттен бастап-ақ егеменді Қазақстан өзіндік көзқарасы бар жеке
мемлекет ретінде таныла бастады. Қабылданған декларация
Қазақстанның болашақ тәуелсіздігінің іргетасы саналды. Бұл акт
арқылы әлем картасындағы жаңа мемлекет – Қазақстан Республикасының
негізі қаланды. Қазір бұл күн мемлекеттік масштабта атап өтіліп,
мереке ретінде тойланады. 2001 жылы 13 желтоқсанда қабылданған
«Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» №267 заң бойынша бұл
күн мемлекеттік мерекелер қатарына қосылды.
Қыркүйек айының ортасында Қазақстан Республикасының парламенті
"Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" заңға түзетулер
енгізді. Құжатқа сәйкес, Республика күні яғни 25 қазан – ұлттық
мерекеге, ал Тәуелсіздік күні яғни 16 желтоқсан – мемлекеттік
мерекеге айналды.
Жүргізуші: Бірлік,татулық,ынтымақ! Халық осы үш ұғымның қадірін жақсы біледі. Қазақстан Республикасы жүздеген ұлт пен ұлыстың басын біріктіріп, ынтымағын жалғастырып отырған ұлы мемлекет.
Видео ролик «Республика күні- мемлекет құрудағы тарихи қадам»
Жүргізуші: Тарихқа шолу
2015 жылы қазақ хандығының құрылуының 550жылдығы тойланды.
ХV ғасырда қуатты Қазақ хандығы құрылды. Алайда Қазақ елі бейбіт тыныш өмір сүре алмады. Ұлан –байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көбейді. Қаннен қаперсіз жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап қалың жұртты қан жылатты. Жұрт қасиетті Қара тауға бас сауғалады. Қаратаудың баурайында қалың қазақ бас қосты. Оларды Төле би бірлікке шақырады.
Біздің халқымыз қашаннан көрші елдермен жауласпай, бейбіт қатар өмір сүруді жақтаған. Бұл туралы қазақтың атақты биі Қаз дауысты Қазыбек би айтып кеткен.
Келесі сөз кезегі қысқаша тарихымызға тоқталу үшін Марат Какимовичке береміз.
Жүргізуші: Егеменді еліміз жер бетіндегі басқа
мемлекеттермен терезесі тең, өркениетті ел ретінде танылып өзінің
Елтаңбасын, Туын, Әнұранын
белгіледі.
Осы бір қасиетті
белгілердің мәнін әрбір ұрпақ терең түсініп, оны қастерлей білу
керек.
Мақтансаң мақтан елім
деп,
Тани біл, елдік
таңбаңды.
Елтаңба, Туың, Әнұран
-
Шырқатты биік
арманды.
Тәуелсіздікке тән белгі
-
Қасиетті осы рәміздер
-
Еліме рух, мән
берді,
Иесі оның – мына
біздер.
Оқушылардың рәміздерге тоқталуы
Мемлекеттік әнұран Егемен Қазақстан тарихында Мемлекеттік әнұран екі рет — 1992 жылы және 2006 жылғы 6 қаңтарда бекітілді. Бүгінгі әнұранның: Сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев Әнін жазған: Сазгер Шәмші Қалдаяқов. 1992 жылы Тәуелсіз елдің жаңа әнұранының авторын анықтау үшін арнайы байқау өткізілді. Нәтижесінде Қазақ КСР әнұранын қолдануды жалғастыру туралы шешім қабылданды. Бірінші әнұранның музыкасының авторлары Мұқан Төлебаев, Латиф Хамиди және Евгений Брусиловский болды. Үздік мәтінге жарияланған байқауда Қадыр Мырзалиев, Мұзафар Әлімбаев, Жадыра Дәрібаева, Тұманбай Молдағалиев сынды авторлар тобы жеңіске жетті. Уақыт өте келе ел гимнін танымал ету туралы шешім қабылданды. Нұрсұлтан Назарбаев 2000 жылдың 9-шы мамырында елімізге жаңа гимн қажет екенін жариялады және Мәжіліс төрағасы Жармахан Тұяқбайға тиісті тапсырма берді. Бұл күні жауынгерлер ескерткішіне гүл шоқтарын қою рәсімі өткен еді. Осыдан кейін жаңа жоба қабылданды. Жаңа әнұран 2006 жылғы 6 қаңтарда Қазақстан Парламентіндегі бірлескен отырыста қабылданды. Оның негізі ретінде халық арасында кеңінен танымал "Менің Қазақстаным" патриоттық әні таңдалды. Әннің әуенін Шәмші Қалдаяқов 1956 жылы Жұмекен Нәжімеденовтің өлеңіне жазған. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті мәтінге өзгерістер енгізіп, оны одан әрі рухты ете түсті. Әнұран халықты біріктіруді көздейді. Ел тұрғындары әнұранды орындағанда, өздерін ұлы халықтың бір бөлігі ретінде сезінеді. Композиция қазақстандықтардың қатысуымен болатын елдегі және шетелдердегі барлық маңызды ресми шараларда шырқалады.
Мемлекеттік Елтаңба Қазақстан Республикасының Елтаңбасы 1992 жылдың 4 маусымында бекітілді. Осыдан кейін ол бірнеше рет өзгерді. Қазақстан Елтаңбасында еліміздің көпғасырлық мәдениеті мен халықтық дәстүрлері бейнеленген. Елтаңба авторлары - Шот-Аман Уәлиханов пен Жандарбек Мәлібеков. Елтаңбаның пішіні - шеңбер (дөңгелек). Көшпелі халықтар арасында күн тәрізді дөңгелек шеңбер мәңгілік қозғалыс пен өмірдің символы ретінде қарастырылады. Елтаңба авторлары бұл пішінді арнайы таңдаған. Осы арқылы олар мемлекеттің басты идеясы – шексіз даму және жарқын болашаққа ұмтылыс екенін көрсете білген. Шаңырақ (киіз үйдің төбесіндегі бөлігі) — Елтаңбаның орталық геральдикалық элементі. Ол көк фонда орналастырған. Шаңырақтан жан-жаққа күн сәулесі бейнесінде уықтар (тіректер) таралған. Шаңырақтың екі жағында аңызда айтылған қанатты пырақтардың бейнесі орналастырылған. Елтаңбаның жоғарғы жағында бес бұрышты жұлдыз, ал төменгі жағында "Qazaqstan"деген жазба жазылған.
Мемлекеттік ту ҚР Мемлекеттік туының авторы — Шәкен Ниязбеков. Тудың бүгінгі нұсқасы 1992 жылы өткізілген байқау барысында таңдаған. Қатысушылар арасында Моңғолия, Германия, Түркия, ТМД және т.б. елдердің өкілдері болды. Тудың қазіргі қолданыстағы нұсқасы – ортасында және сол жағында алтын түсті белгісі бар, көгілдір түсті тікбұрышты мата болып табылады. Тудың ұзындығы оның енінен екі есе көп. Қазақстанның мемлекеттік туы қандай мағынаны білдіреді? ҚР Президентінің ресми сайтында жазылғандай, ту елдің бірлігін, бақуаттылықты, бейбітшілік пен ашық аспанды бейнелейді. Ондағы символдар молшылықты, өркендеуді, әл-ауқат пен қуатты өмірді көрсетеді. Атрибутикада Қазақстанның қазіргі әлемдік өркениет биігіне деген ұмтылысы, жалпыадамзаттық құндылықтарға басымдық беретіндігі және әлемнің барлық елдерімен ынтымақтастық пен әріптестік қатынастар құруда республиканың барынша ашықтығы көрініс тапқан.
Жүргізуші: Абай
Құнанбаев - ұлы ағартушы, ойшыл, ғұлама. «Абайды тану арқылы біз
Қазақстанды әлемге танытамыз. Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз
болуға тиіс»,- деп Елбасымыз Н. Назарбаев айтқандай, Абай - жаңа
реалистік жазбаша әдебиетінің негізін салушы,қазақ халқының бас
ақыны.
Қазақ елі - көп ұлтты
мемлекет. Қазақстан Республикасында
130-дан астам ұлттар мен ұлыстар тату тәтті өмір сүріп жатыр.
Бүгінде қазақ елі тек өз жерінде өмір сүріп жатқан
қазақстандықтардың ғана емес, шет елдегі бірнеше мыңдаған
қандастарымыздың да сағынып жетер туған елі, құшақ жайып қарсы алар
туған Отан - анасы.
Тоққужа Ақкербез таныстырылым
-Тәуелсіз Қазақстан
Республикасының жер көлемі 2417,3 мың шаршы шақырым жерді алып
жатыр, яғни республикамыздың территориясына жеті мемлекет
сияды. Мысалы, Норвегия, Швеция, Франция, Германия,
Португалия, Испания, Италия Жер көлемі жағынан БҰҰ 180 мемлекеттің
ішінде 9-шы орында. Республикамыз 5
мемлекетпен көршілес, Олар: Ресей, Қытай, -Өзбекстан,
Қырғызстан, Түркіменстан. Елімізде 135 ұлт, өкілі
тұрады. Қазақстанда 17 облыс, 858
ірі қалалар бар. Ел ордасы –
Астана.
Халқымыздың жылдар бойы
аңсаған ізгі армандары жүзеге асып тәуелсіздігімізге қол
жеткіздік.
1991 жылы 16-желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігі жарияланды.
1991 жылы 29-тамыз. Семей полигоны жабылды
1991жылы 2-қазанда Тоқтар Әубәкіров ғарышқа ұшты
1991 жылы 1-желтоқсанда еліміздің тұңғыш президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды.
1992 жылы мемлекеттік рәміздер қабылданды
1992 жылы 11-желтоқсанда әнұран қабылданды
1993 жылы 28 – қаңтарда Тәуелсіз Қазақстанның бірінші конституциясы қабылданды
1993 жылы 15- қарашада ұлттық теңге айналымға енді
1994 жылы мемлекетіміздің тұңғыш ордендері мен медальдары дүниеге келді
1995 жыл Қазақстан конституциясы қабылданды
1996 жылы еліміздің астанасы Ақмолаға көшірілді
1997 жылы 1- шілдеде «тіл туралы» заң қабылданды
1998 жылы 6 мамырАстана қаласы еліміздің басты қаласына айналды
-1999 жылы 10 қаңтар Президент сайлауы өтті.
1999 жыл – ұлттың бірлігі мен сабақтастығы жылы
2000 жыл мәдениетті қолдау жылы
2003-2005 жылдар- ауыл жылдары
-2006 жылы 6 қаңтарда Қазақстан Республикасыныңжаңа Әнұраны қабылданды
2007 жыл- қазақ тілін қолдау жылы
-2010 жылы 1-2 желтоқсанда Астана қаласында ЕҚЫҰ –ның жоғары деңгейдегі Саммиті өткізілді.
-2011 жылы 7-қысқы Азия ойындары болды
-2011 жылы тамыз айында полигонның жабылғанына 20 жыл болды.
2015 жылы Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі атанды.
2017 жылы «Астана-ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізді.
2018 жылы Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 27 жыл толды
-
Сіздердің ойыңызша Қазақстан қандай мемлекет? Қысқаша сипаттама бер.
-
Қазақ елінің бүгіні мен өткенін салыстыра айтып көр?
-
Қазақстанның болашағын қалай елестетесіздер?
-
Өз өмірінде қазақ елінің дамуына қандай үлесіңізді қостыңыз және де қандай үлес қосар едіңіз?
Қорытынды: Қазіргі таңда Қазақстан – өркениетті, дамыған елдер қатарына енген мемлекет. Осы мемлекетті одан да биіктен көрсету – бүгінгі ұрпақтың қолында.Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолмен алға баса береміз. Болашақты жалғастырушы – біздерміз.«Біз кімбіз?»Оқушы: - Тәуелсіз елдің жастары. Оқушы: - Ел қорғаушы. Оқушы: -Өз Отанымыздың патриоты. Оқушы: -Заңдарды қорғайтын ұландар. Оқушы:: - Халықаралық «Болашақ » стипендиясының иегері бола аламыз. Оқушы: - Өз жолын анықтай алатын азамат. Оқушы: - Біз бақытты, интернет жүйесіне қол жеткізген жастармыз. Сондықтан , мемлекеттік тіліміздің асыл қасиеттерін бойымызға сініріп, оның қадірі мен қасиетін терең ұғынып , еліміз бен жеріміздің гүлденуіне мол үлесімізді қоса білейік.Қазақстанның болашағы – сендер.Қазақстанның адал азаматы, елдің тірегі болатындарыңа мен сенемін.Отанымыз тыныштыққа, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын!
Келесі кездескенше, қош сау болыңыздар!