Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дөңгелек үстел: "Тәуелсіздікке 30 жыл"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
«Тәуелсіздікке 30 жыл » дөңгелек үстел.
Қатысушылар : Педагогтар
Барлығы: 25
Армысыздар қадірменді әріптестер! Дүниеде тәуелсіздікті, бостандықты, теңдікті аңсамайтын адам да, халық та жоқ. Тарихқа зерделеп қарасақ, ата-бабаларымыз ел үшін, жер үшін, ел тәуелсіздігі үшін күресті. Қазақстан жерінде тұратын әр адамның қасиетті борышы – атамекенін сүю, мәдениеті мен тілін білу, қастерлеу. Міне біздің еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толып отыр. Тәуелсіздік әрине, оңай жолмен келген жоқ. Көшпелі ата-бабаларымыз 3 нәрсені бойтұмардай сақтап келген. Олар: елі, жері, ана тілі. Осы үшеуінсіз қай халық болса да, егемен ел екендігін дәлелдей алмайды. Отан, туған жер, атамекен, елім, ауылым деген жүрек тебірентіп, шаттық сезімді оятатын қасиетті сөздер мен туған жердің тарихын білу – әрбір ұрпақтың азаматтық борышы дей отырып, бүгінгі біздің «Желтоқсан – Тәуелсіз елім,тірегім» тақырыбы аясында өтетін бастауға рұқсат етіңіздер!
Қазақстан Республикасы бүгінде Тәуелсіз, демократиялы, зайырлы , егеменді мемлекет болып отыр. Қазақстан Республикамыздың тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстанның ел болып танылуында, әлемге әйгілі болуына зор ат салысып, көп еңбек терін төккен адам. Бірақ осы бүгінгі терезесі тең, аспаны ашық құбыласы түгел заманға біз Тәуелсіз Қазақстан жастары қалай қол жеткіздік?
Педагог жауаптары.
Ия, Тәуелсіздік жолы бізге оңай жолмен келген жоқ. Көптеген қан төгіспен, зор күштің арқасында егеменді ел болып отырмыз. Қазір біраз тарихқа тоқталайық. Сонау 18 ғасырдан бастап Қазақ хандығы басынан қилы замандарды өткерді.
Абылай атамыз үш жүздің басын біріктіріп, қазақ хандығын қолында ұстап қалмақ болды. Бірақ ел басына күн туған заманда бұл мүмкін бе еді?!
Әрине ол қиын сұрақ. Абылай тарих сахнасынан кеткеннен кейін де көптеген қас батырларымыз ұлт-азаттықты аңсап, отаршыл саясатқа қарсы шыққан жоқ па? Әрине шықты, бірақ бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарар заманда сатқындық, жеке бас мүдделігі бірінші сапқа шығып, ұлт мүддесі аяққа тапталды.
Қазақ атамыз басынан қилы замандарды өткере отырып, бүгінгі арайлы таңға қол жеткізді. 2012 жылдан бері 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні болып аталып өтуде. Бұл мерекені атап өту туралы мәжіліс депутаттары ұсынып оң шешімін алған еді.
16-желтоқсан күні 1991 жылы Тәуелсіздік туралы Заң қабылданған күннен бастап бұл күн тарихта елеулі оқиғалардың бірі болып саналады. Осы күннен бастап жас егеменді елдің тарихы басталды. Қазақстан Республика болып жарияланып, жаңа тарих беттерін ашты.
Егеменді Қазақстан Республикасының тарихында Елордамыздың тарихы ерекше. 1997 жылдың 10 желтоқсанынан бастап Ақмола Қазақстанның ресми астанасы болып жарияланады. 1998 жылдың 6 мамырында Ақмола Астана деген атқа ие болады. 1998 ж. 10 маусымынан бастап жаңа астананың тұсаукесер тойы болып өтті. Сол күннен бастап Есілдің сол жағалауында жаңа қала бой көтерді. Мұнда құрылыс жүргізетін инвесторларға салықтық жеңілдіктер берілді.
«Тәуелсіздік» тобына сұрақтар:
-
Қазақ хандығы қашан құрылды? (ХV ғасырда – 1465-1466 жылдары)
-
Тәуке ханның заңдар жинағы қалай аталады? («Жеті жарғы»)
-
Абылай ханның өмір сүрген жылдары? (1711-1781 жылдар)
-
Қазақ жүздерін ата. (Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз)
-
ҚР –ның астаналары болған қалаларды ата. (Орынбор, Қызылорда-Ақмешіт, Алматы-Верный, Астана-Ақмола)
-
Астана қаласы қай өзеннің бойында орналасқан? (Есіл)
-
ҚР-ның Мемлекеттік Елтаңбасының авторы кім? (Жандарбек Мәлібеков, Шот Аман Уәлиханов)
-
Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы? (экономика)
-
Жақында өткен Елбасы жолдауының тақырыбы қандай ? (Нұрлы жол – болашаққа бастар жол)
-
«EXPO – 2017» Халықаралық көрмесінің негізгі тақырыбы қандай? (Болашақ қуаты, энергиясы)
«Желтоқсан» тобына сұрақтар:
-
Қазақ хандығын құрған хандар? (Жәнібек пен Керей)
-
Шыңғыс ханның заңдар жинағы? («Яса»- «Жасақ»)
-
Абылай ханның билік құрған жылдары? (1771-17814 жылдар)
-
Қазақтың беделді билерін ата. ( Төле би, Әйтеке би, Қазыбек би)
-
Астана қаласының бұрынғы атауы қандай? (Целиноград)
-
Тәуелсіздік үшін күрескен желтоқсан оқиғасының құрбандарын ата. (Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Ербол Сыпатаев, Сабира Мұхамеджанова)
-
ҚР-ның Мемлекеттік Туының авторы? (Шәкен Ниязбеков)
-
Астана қаласының бейресми символына айналған ғимарат? (Бәйтерек)
-
«Қазақстан — 2050» бағдарламасы қабылданған жыл? (Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ)
-
Қазақстанда VII Қысқы Азия ойындары қай жылы өтті, бойтұмары қандай болды? (2011 жылы 30 қаңтар — 7 ақпан, қар барысы)
Даталар сөйлейді) , яғни әр топ мүшелері даталардың сырын ашу керек, ұпайы жоғары топ бастайды: І – «Тәуелсіздік» тобы
-
1986 жыл 16 желтоқсан – Желтоқсан оқиғасы
-
1991 жыл 1 желтоқсан – Тұңғыш Президент сайланды
-
1991 жыл 16 желтоқсан – Тәуелсіздік туралы Заң қабылданды
-
1992 жыл 2 наурыз – БҰҰ-на мүше болды.
-
1992 жыл 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер қабылданды
-
1993 жыл 28 қаңтар – Тұңғыш Конституция қабылданды
-
1993 жыл 15 қараша – Ұлттық валюта –теңге айналымға енді
-
1995 жыл 30 тамыз – Жаңа Конституция қабылданды
-
1998 жыл 6 мамыр — жаңа елорданың атауы Астана болып өзгертілді.
-
2006 жыл 7 қаңтар – Әнұранның жаңа нұсқасы қабылданды.
Қазақстаным!
Бір Алла атты теңдессіз ғажап Ұстаның,
Бойына жиған имани тазалық нәрін.
Төріңе қанша төнсе де қара дұшпаның,
Болашағы үшін бастарын бәйгеге тігіп,
Қорғады сені серт беріп сан Арыстарым –
Қазақстаным!
Төндіріп тағы басыңа қара бұлттарын,
Тарихтан білем ұлтымның жан ауыртқанын.
Ұрпақтарыңның былғаған балалық шағын,
Қариялардың ұрлаған даналық шамын,
Замандар да өтті-ау, жататын тоналып бағың –
Қазақстаным!
Өмір-өзеннің бұлқынған долы ағыстарын,
Елең де қылмай, еңкеймей, алабұртпадың.
Қап-қара жерге қып-қызыл көп ағып қаның,
Ақырып теңдік сұрап ең, Алашыңды айтып,
Ақыры келіп қолыңа жалау ұстадың – Қазақстаным!
Босатып тордан, зарыққан дала құстарын,
Алдыңнан атты нұр шашып, ағарып таңың.
Соның үшін де қолыма қалам ұстадым...
Жүрегімменен жүремін үнемі сезіп,
Бойыңда сенің асқақ рух, дара күш барын –
Қазақстаным!,- міне, осындай патриоттық өлең жолдарымен отырысымызды одан әрі жалғастырамыз.
Қазақстанда әр жыл мәдени атаулармен аталуда.
1997 жылы ұлттық татулық және саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы. 1930-1932 жылдардағы ұлы қасіреттің 65 жылдығы және сталиндік қуғын-сүргінге түскен ұлттық зиялылар қасіретінің 60 жылдығы атап өтілді. 1997 жылы 13 желтоқсанда Ақмолада саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған мемориалдық кешен ашылды.
1998 жыл-халық білігі мен ұлттық тарих жылы. Бұл жылы 23 ірі Ғылыми форумдар өткізіледі.
1999 жыл – Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы болып табылады. М. Хайдар Дулатидің 500 жылдығына арналған мерейтой өткізіліп, "Тарих-и-Рашиди” еңбегі қазақ тілінде шығарылды. Сонымен қатар бұл жылы саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жұмыстары жалғасты. Нәтижесінде 19.144 адам толықтай ақталды.
2000 жыл- мәдениетті қолдау жылы.
2001 жылы 18 маусымда Күлтегін ескерткішінің көшірмесі Астанаға әкелінді. 2001 жылы 5 маусымда Қазақстанда Ресей Федерациясы мәдениетінің күндері басталды. 2003 жылы Астанада дүниежүзілік және дәстүрлі діндер лидерлердің съезі болып өтті.
Осындай мәдени іс-шаралардың өткізілуімен қоса, әлеуметтік қайшылықтардың артуына, экономикалық жағдайдың нашарлануына, өмір сүру деңгейінің төмендеуіне байланысты халықтың рухани жағдайы өте күрделі болды.
1999 жылы Н.Ә. Назарбаевтың "Тарих толқынында” атты еңбегі жарыққа шықты. Бұл еңбектің "Тарихтың шеңберлі және ұлттық зерде” бөлімінде ел тарихын автор 12 кезеңге бөледі.
Еңбектің маңызы: Тарих қойнауын зерделей отырып ұлттық қасиетті сақтауға тәрбиелеу қажеттігі баса айтылды.
Біздің тұңғыш елбасымыз – Н. Ә.Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы, нағыз отаншыл. Ол – Ата Заңның гаранты. Біздің Ата Заңымыз – негізгі тәуелсіздіктің нышандарының бірі. Қазақстанда өз мемлекеттік рәміздері бар. Олар: ту, елтаңба, әнұран. Олар егемендікті, бостандықты, дәстүрлерді, тәуелсіздікті көрсетеді. Тәуелсіздік – бұл бүгінгі өмір ғана емес, сонымен қатар, ертеңгі өміріміз - Қазақстанның болашағы, оның мүмкіндіктері мен мақсаттары. Тәуелсіз болу – өз тағдырына жауап беру деген сөз.
Президентіміздің жыл сайынғы қазақ халқына жолдауы Республиканы дамытуға бәсекеге қабылетті жастар тәрбиелеу мәселелерін өзекті етіп көрсетеді. Сөзіміздің соңында Н.Ә.назарбаевтың сөздерімен аятайық: «біздің жалпы ұлттық идеямыз Мәңгілік елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Мәңгілік ел- елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі» дей келе бүгінгі жиынымыз аяқталды.