Материалдар / Дөңгелек үстел Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дөңгелек үстел Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергенін дұрыс жеткізу, өз ойларын фактілерге сүйене отырып дәлелдеп айтуға, өз бетінше ойлай білуге, қыздардың бойында әдептілік, сыпайлық, инабаттылық , өз қатарластары ер балалармен дұрыс қарым-қатынас орната алу қасиетін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Желтоқсан 2020
2498
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ақ Ниет» мектеп-интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі



ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ



Өткізген: Игисинова Г.А.



Өскемен қаласы, 2019-2020 оқу жылы

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Ақ ниет» мектеп- интернаты» Коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел басында

Игисинова Гульнара Абдикаримовна

Қатысушылар: 6- сынып оқушылары

Тақырыбы : «Ұл ұятымен, қыз қылығымен көрікті»

Сынып: 5 топ, 6 сынып оқушылары

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: қазақ халқы қыз баланың тәрбиесіне ерекше мән бергенін дұрыс жеткізу, өз ойларын фактілерге сүйене отырып дәлелдеп айтуға, өз бетінше ойлай білуге, қыздардың бойында әдептілік, сыпайлық, инабаттылық , өз қатарластары ер балалармен дұрыс қарым-қатынас орната алу қасиетін қалыптастыру.

Дамытушылық: Өзіндік адамгершілік құндылықтарын қыздардың бойына дарыта отырып, оның   жүрек түкпіріндегі рухани қазынасын жарыққа шығару, адамгершілікке, жүйелі ойлауға дамыту.

Тәрбиелік: Ер балалармен, қатарлас құрбыларымен дос болуда дұрыс таңдау жасай алу, өзара сыйластық орната білу, ата – баба салтын қастерлеуге, жаманнан жиреніп, жақсыдан үйренуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дөңгелек үстел

Сабақтың әдісі: пікірсайыс

Көрнекілігі : слайд арқылы дайындалған материалдар.

I. Ұйымдастыру бөлімі.

Тәрбиеші: Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. « Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз » - деп бекер айтылмаса керек.

Халқымыз ерте кезден – ақ адамгершілікті, әдепті бағалай білген. Отбасы – қоғамның бір бөлшегі, ал отбасының алтын қазығы – әйел адам. Бесігінде  жақсы тәрбие алған, үлгі – өнеге көрген қыз бала қайда болса да, келін болғанда да көрегенділігін көрсетеді.  Ұлттық ізгі дәстүрімізді ескіліктің қалдығы деп мұрын шүйіре қарамай, осы заманға лайықтысын таңдап алып, инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу– ата – ананың да, тәрбиешілердің де міндеті

1слайд: Атадан – ұлағат, анадан – ғибрат.

 Озар елдің қызы мінезді, ұлы өнерлі келеді.   Халық  мақалы

Ендеше, кім қыз тәрбиесі жайлы мақалдар біледі, ортаға салайық, мағынасын талқылайық.

Тәрбиеші: Қыз бала – көп адам жиналған жерде көзге түседі, сыналады. Ондайда өзінің ұстамдылығымен, жарқын жүзді сыпайылығымен, жинақы, ширақ жүріс – тұрысымен, сергек  – сезімталдық ептілігімен, сөзге ұстамдылығымен көзге түсіп, жұртты тамсандырады. Мұндай жақсы атақ қыз баланың болашағы үшін маңызы зор.

тәрбиеші: Кемшіліксіз адам жоқ. Алдымен адам өзін жақсы білуі қажет. Ол үшін өзіңді – өзің мұқият тексер, толық зертте. Осыдан барып өзіңді – өзің тәрбиеле, өзіңді дамыт, өзіңді – өзің жетілдір.

Өзіңе –  өзі баға беруге әркімнің батылы бара бермейді. Кейбіреу өзіне өте жоғары баға береді, ал өте төмен баға беру  – санасының төмендігі,өзіне сенбейтіндігі. Өзіңдегі не нәрсені күшейтіп, нені басып отыру керектігі қолыңда екендігін ұмытпа.Өзін  – өзі түсінген – дана, өзін жеңген  – қаһарман.

Слайд: Мына нәрселерге ынтық бол:

емін  – еркін өмір сүруге;

жұрттың  қүрметіне бөленуге;

келешекке пайдасы тиетін игі еңбектің жемістерін молықтыруға.

(Ер балалар мен қыздар достығы жәйлі пікірталас) Қызым саған айтам …

Ақылды қыз білімге жүгірер,

Ақылсыз қыз сөзге ілігер. Қыздың жолы жіңішке. Қызды қымтап ұстаған ұялмайды.

 Қыздың ұяты шешеге.  

Қызың өссе қылықтымен ауыл бол.

Қыз мінезді келсін,

Ұл өнерлі келсін.

 Шешесіне қарап қызын ал,

Ұят жүрген жерде абырой төгілмейді,

Абырой бар жерде ар шапаны сөгілмейді

Халық  мақалы

(Оқушылар қазақтың дана мақалдарына талдау жасап, ойларын ортаға салады)

Тәрбиеші: Ұят ар сақтайды, арлыны ел мақтайды.   

Жақсы мінез- құлық пен ақыл күші болып, екеуі біріккенде - бұлар адамшылық қасиеттер болып табылды.

Адамның басына қонған бақыттың тұрақты болуы жақсы мінез- құлыққа байланысты

Қорытынды:

Қыз балаларға табиғатынан нәзіктік пен ұяңдық, ер балаларға батылдық пен ұстамдылық тән. Осыны түсіне білсе,  олар күнделікті өмірде бір- біріне көмектесуге дайын тұрады.


Біздің бойымызда мына қасиеттердің болғаны жөн: (Бірге талдау)

Намысшылдық, ақылдылық, сыпайылылық, қонақжайлылық,парасаттылық, елжандылық, адамгершілік, шыншылдық, қайраттылық, әділетшілдік,ар -намысты, әдет -  ғұрыпты, ырымдарды сақтаушылық  қалыптасты, сондықтан бүгінгі сынып сағатымыз арқылы сендерден қылықты, ибалы, міезді,  ата – баба салтын қастерлейтін өнегелі де өнерлі, ұятты және көрікті ұрпақ болып қалыптасады деп сенім артамын.

Назар аударып тыңдағандарыңызға көп - көп рахмет!

Қыз бала туралы мақал-мәтелдер.

1.Ақылды қыз білімге жүгірер,

2.Ақылсыз қыз сөзге ілігер.

3.Жақсы қыз – жағадағы құндыз,

4.Жақсы жігіт – аспандағы жұлдыз.

5.Қыздың қабағы күлімдесе, құт келеді.

6.Қызға қырық үйден тыйым.

7.Қыздың жолы жіңішке. 8.Қызды қымтап ұстаған ұялмайды.

9.Шешесіне қарап қызын ал,

10.Қызы бардың назы бар.

Сабақ соңынан Нұрлан Өнербаевтің «Мен қазақ қыздарына қайран қалам» әнін тыңдау.





















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!