Материалдар / "Дос болайық бәріміз" тақырыбындағы дамыту және түзету сабағы

"Дос болайық бәріміз" тақырыбындағы дамыту және түзету сабағы

Материал туралы қысқаша түсінік
балабақша психологтері мен тәрбиешілерге жаңадан келген балаларды топқа үйрету, балалармен қарым - қатынастарын дамытуда көмегі бар
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
03 Шілде 2019
591
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Дос болайық бәріміз».

Мақсаты: топқа жаңадан келген тәрбиеленушілердің балабақшаға беймделулерінің ауыр түрін алдын алу және олардың топтағы балалармен тез достасып, жақсы қарым – қатынаста болуларына ықпал жасау.

Міндеті:

  • топ ішіндегі балалрдың қарым – қатынасын жақсарту.

  • топта жағымды психологиялық ахуал орнату

Күтілетін нәтиже: «Дос болайық бәріміз» дамыту және түзету сабағының нәтижесінде барлық балалар арасындағы қарым – қатынас жақсарады, балалар бірлікке, достыққа тәрбиеленеді.

Көрнекіліктері: сылдырмақтар, шашақты қалпақ, әуен, себет толы музыкалық ойыншықтар.

Бүгінгі дамыту және түзету сабағы барлық сабақтардан ерекше болмақ, бүгін «Мейірім» тобына қонаққа аю келеді.

«Көңілді аю»

Мақсаты: аю арқылы балалардың елестетулерін, қиялдарын дамытып, топта жағымды психологиялық ахуал орнату.

Барысы: аю топқа кірмес бұрын топ тәрбиешісі бүгін балалар тәртіпті болса, қонаққа аю келетіндіктерін айтады. Топ тынышталған кейін сәлден соң көңілді әуен қосылып, топқа «маша және аю» мультхикаясындағы аю образына ұқсас аю костюмін киген психолог топқа ойыншық толы себетімен кіріп келеді. Аю образындағы психолог балалардың көңіл – күйін көтеріп, балалар аюды жатырқамай жақсы ойнап кетулері үшін көңілді әуен аяқталғанша топты зерттеп жүріп балалармен билейді.

«Кім екенін тап»

Мақсаты: бұл ойында балаларды аюмен ойнату арқылы және ойынның құырылымы барысында балалардың бірі біріміен қарым – қатынастарын дамыту.

Барысы: ойнаушылар шеңбер жасай тұрады. Балалрдың қолдарына аюдың себетіндегі сылдырмақтар таратылады. Ойынды аю бастайды. Аю шеңбердің ортасына тұрады. Тәрбиеші аюдың көзін алдын ала дайындалған дөңгелектермен жабады. Аю орнында бес рет айналып, тәрбиеші аюдың қолына бір баланы ұстатады. Аю баланың қолынан ұстап, оның кім екенін айтады. Балалар қолдарындағы сылдырмақатрды сылдырлатып тұрады. Аю баланың кім екенін тапқанда, сол бала шеңбердің ортасына тұрады. Баланың басына алдын ала дайындалған шашағы бар қалпақ кигізіледі. Қалпақ баланың мұрнына дейін кигізіліп, көздеріне тимей ақ, оның көзін жабады. Ойыншылар шеңбердің бойымен сылдырмақтарын сылыдрлаты жүріп тоқтайды. Аю кез келген ойыншының қолын ортадағы ойыншыға ұстатады. Ойыншы оның кім екенін айтады. Осылай ойын барлық бала шеңбердің ортасына тұрғанша, жалғаса береді.

«Түстермен жарыс»

Мақсаты: ойын арқылы балалардың бірлігін дамыту.

Барысы: топ екі командаға бөлінеді. Әуен ырғағымен психолог айтқан түстегі ойыншықтарды шелекке теріп алады. Ең көп ұпай жинаған команда жеңіске жетеді. Жеңіске жеткен команданың балаларына жұлдызша беріледі.

Аю балалардан ойынның қалай өткенін сұрап, балардың ойыннан алған әсерлерін тыңдайды.

Сабақты қорытындылау:

Бүгінгі психологиялық ағарту (профилактика) және алдын алу жұмысының нәтижесін аю қорытындылайды. Егер барлық бала аюды құшақтаса, психологиялық алдын алудың жақсы өткені.

Психологиялық ағарту (профилактика) және алдын алу жұмысы, жаңадан келеген тәрбиеленушілерге көмек көрсету мақсатында өткізілетіндіктен, топқа жаңадан келген балаларға көбірек көңіл бөлінеді.































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ