Сабақ негізделген
оқу
мақсаты
(мақсаттары)
|
7.3.4.1-эссе құрылымы мен даму
желісін сақтап,тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы
шешілу жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын
жазу
7.4.3.1.
фразеологизм, мақал-мәтеледердің эмоционалды мәнін, көркемдік
ерекшеліктерін түсініп
қолдану
|
Сабақ мақсаты
|
Барлық оқушылар: Мәтіндегі негізгі ақпараттарды
іріктеп, тірек-сызбаға салады. Эссе құрылымы мен даму желісін
сақтап, тақырыпқа байланысты берілген мәселенің оңтайлы шешілу
жолдары немесе себептеріне өз көзқарасын жазады. Фразеологизм,
мақал-мәтеледердің эмоционалды мәнін, көркемдік ерекшеліктерін
түсініп қолданады.
Оқушылардың басым
бөлігі: Фразеологизм мен
мақал-мәтеледердің мағынасын түсініп, оларды ажыратып өз көзқарасын
білдірерде қолданады. Ой толғау жазарда өз ойын
дәлелдейді.
Кейбір
оқушылар: Жағдаяттарды
пайдаланып,
фразеологизм мен
мақал-мәтелдердің көркемдік ерекшелігін ескере отырып, ой толғау
жазады.
|
Сабақ
басы
|
Ұйымдастыру
кезеңі
Оқушылармен
сәлемдесу
Топқа
бөлу.
Сабақтың мақсаттары мен критерийлерімен
таныстырылады.
|
Мұғаліммен
сәлемдесу
Екі топқа
бөліну.
Оқушыларға түрлі түсті сөздер
қиындысы беріледі. Қиындыларды бір-бірімен байланыстырып, топ
атауын табады.
Бірінші топ «Адалдық»,
екіншісі «татулық».
|
Топ басшысының
бағалауы
|
Қағаз
қиындылары
|
Сабақ
ортасы
|
1-тапсырма.Мәтінмен
жұмыс. Екі топқа екі түрлі мәтін берілді. Әр топ өз мәтінін мұқият
оқып, кластер арқылы тірек-сызбаға
сал.
|
Мәтінмен жұмыс. Екі топқа екі
түрлі мәтін беріледі. Әр топ өз мәтінін мұқият оқып, кластер арқылы
тірек-сызбаға салады.
І
Ерте
заманда әлем халықтары адамдарының бір-бірімен әдейілеп дос болуы
үшін, достыққа алуан түрлі талаптар қойып, келісімшарттар ойлап
тапқан. Мысалы, Аустралия аборигендері өздерінен үш мәрте бір затты
сатып алған адамды ғана дос санап, сыйласады екен. Сақтар, яғни,
біздің ата-бабаларымыз дос болу үшін, саусақтарынан қылышпен қан
шығарып, бір ыдысқа біріктіріп, ант берген. Бұндай рәсімнен соң
достықты ешкім де, ешнәрсе де айыра алмайды деп сенген. Үндістерде
әйел мен еркек бір-бірімен дос бола алады екен. Достық шартын дүйім
жұрттың алдында үш рет қайталап, ант қабылдаған. Жынысына мән
берілмеген. Егер де дос болу антынан кейін, сол жігіт пен әйел
отбасын құрса, ел «қан араласты» деп қарсылық білдірген.
Кавказдықтарда дос болудың мынадай үш шарты болған екен:
үлкендердің алдында ант қабылдауы; біраз жылдан кейін достықтары
берік болуы үшін алтын жүзік салынған ыдысқа сүт құйып ішуі; тағы
бірер жылдан кейін саусақтан қан шығарып, араластырған. Кейіннен
бас киімдерін де алмастырып киетін
болған.
ІІ
Достық
сезімнің нәзік жіп тәрізді үзіліп кетпеуі үшін, айналаңдағы
достарыңды жөнімен таңдай біл. Имам Жафар-Садық мынадай бес адамды
дос көруге болмайтынын айтып
кеткен:
1) өтірікшімен дос болма,
оның әрбір ісіне әрдайым сақ бол, себебі сені күтпеген жерде алдауы
мүмкін.
2) ақымақпен достаспа,
саған жақсылық жасағысы келсе де, мәселенің байыбына бармастан,
жамандық жасап қоюы
мүмкін.
3) сараңмен дос болма, сын
сағатта дүние үшін сені тастап кетуі
мүмкін.
4) қорқақпен достаспа,
басыңа алмағайып күн туса, тайсақтап қашып кетуі
мүмкін.
5) пасықпен достасушы
болма, ол болмашы нәрсеге бола, сені жарға итеруі
мүмкін.
Дескриптор:
|
Мәтіндегі
негізгі
ақпараттарды
іріктеп,
тірек-сызбаға
салады. 1 балл
|
|
|
2-тапсырма. Сәйкестендіру
әдісі арқылы достық туралы мақал-мәтелдерді бір-бірінің жалғасын
тап.
|
Сәйкестендіру
әдісі:
1
топ:
Айрылғысы келген дос
аяулыңды сұрайды.
|
Айрылар дос ердің
артқы қасын сұрайды.
|
Алыстағы
досыңа
ат берсең де жарасар
—
|
үйіне мініп барсын
деп.
|
Дәмді болса - достық
қымбат,
|
Мәнді болса - жастық
қымбат.
|
Дос көтерер
көңілді,
|
Мал көтерер
өлімді.
|
Доспен дос болғанша
шаттан,
|
Дұшпанмен дос
болғаннан сақтан.
|
Досыңмен көп
сөйлеспе,
|
Жолынан
қалтырасың.
|
Жаман туғаның
болғанша,
|
Жақсы жолдасың
болсын.
|
Ай көрмесең туысың
жат,
|
Жыл көрмесең
жолдасың жат.
|
Жалған жолдас көзіне
мақтар,
|
Сырт айналып,
сойылын баптар.
|
Өз басыңды дауға
берсең де,
|
Жолдасыңды жауға
берме.
|
2
топ:
Жақындағы
досыңа
хат берсең де
жарасар —
|
ұмытса есіне алсын
деп.
|
Дос көңіліңді суытып
айтады,
|
Қасың ойыңды жылытып
айтады.
|
Досқа ауырлығыңды
салма,
|
Достан қарыз
алма.
|
Дұшпаныңмен көп
сөлеспе,
|
Сырыңды
алдырарсың.
|
Дос сыртыңнан
мақтар,
|
Дұшпан көзіңе
мақтар.
|
Аз қайғыны ас
басады,
|
Көп қайғыны дос
басады.
|
Досыңа өтірік
айтпа,
|
Дұшпаныңа сырыңды
айтпа.
|
Жаман
жолдастан,
|
Жақсы дұшпан
артық.
|
Қажымалы мың жолдас,
жоқпен тең,
|
Жанын қиған бір
жолдас, көппен тең.
|
Досы көпті жау
алмайды,
|
Ақылы көпті дау
алмайды.
|
Дескриптор:
|
Мақал-мәтелдердің
жалғасын табады.
|
|