Материалдар / Достық ағашы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Достық ағашы

Материал туралы қысқаша түсінік
Алақанмен сурет салу (гуаш)
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы:Шығармашылық

Білім бөлімі: Сурет


Мектеп: Досан негізгі орта мектебі»

Сыныбы: Мектепалды даярлық

Күні: 30.11.20.

Мұғалімнің аты-жөні, тегі: Назарбекова Молдир


Қатысқандар саны: 12

Қатыспағандар саны:0

Сабақтың тақырыбы

Достық ағашы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу

мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

Көркем материалдар және құралдар түрлерімен, қолмен,саусақпен және т.б. көмегімен қарапайым жұмыс техникасын қолдана отырып, заттардың текстурасын бейнелеу. Қылқаламды бір бағытта, солдан оңға, жоғарыдан төменге, қиғаш жүргізу арқылы суретті бояу. Өткір құралдармен жұмыс кезінде қауіпсіздік техникасы ережелерін сақтау, жеке бас гигиенасының ережелерін орындау.

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар істеуге дағдыланған:



Барлық тәрбиеленушілер: • алақанмен дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолданып, заттың (ағаш) текстурасын бейнелейді; • қылқаламды түрлі бағытта жүргізу арқылы суретті бояйды; • жеке гигиена ережелерін орындайды.

Оқушылардың көпшілігі істей алады:

Алақанмен дәстүрлі емес сурет салу техникасын қолданып, ағаш бейнесін салады; • қылқаламды жоғары-төмен жүргізіп, ағаш діңгегін бояйды; • суреттің көңіл күйін жеткізу үшін түс таңдайды

Кейбір оқушылар істеуге қабілетті:

Кейбір тәрбиеленушілер: • сюжет қосады, сурет бөлшектерін салуда қалыпты емес тәсілді қолданады; • шығармашылық және ойын қарым-қатынасы жағдаяттарын қалыптастырады.

Тілдік мақсаттар

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері: достық ағашы, достармен бірге, алақанмен сурет салу


Талқылауға арналған сұрақтар:

Достық ағашын қалай бейнелеуге болады? Достарыңмен бірге бірдеңе істеген кезде қандай көңіл күйде боласыңдар? Алақанмен не салуға болады?

Ойлау деңгейлері:

Білу,түсіну, қолдану,

Пəнаралық байланыс

Сөйлеуді дамыту,Жапсыру,Қоршаған орта

Алдыңғы

тәлім-тәрбие

Қарапайым заттарды дәстүрлі емес сурет салу тәсілдері туралы түсінік.

Жоспар

Сабақ кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жұмыстар


Ресурстар

Басы


3 минут




Психологиялық ахуал қалыптастыру

«Аялы алақан» әдісі

Балалар бір-бірлерінің қолдарынан ұстап,шеңберге тұрып,кезекпен бір-бірлеріне жылы сөздер айтады.Мысалы:Самат сен кереметсің,Айман сен өте әдемісің,жақсысың,мейірбансың т.б. Сосын барлығы бірге дос туралы бір шумақ өлеңмен аяқтайды.

Шаттық шеңбері:

Достық біздің әніміз,

Достық біздің сәніміз.

Аққуды атпайық,

Достықты сатпайық.



Ортасы



5 минут















5 минут


























2 минут










Қауіпсіз жұмыс жасау техникасы









Қолдану




4 минут



7 минут



















Зерттеу әдісі










Жаңа оқу-іс әрекеті

Қызығыушылықты ояту

Педагог ертегіні әңгімелейді

Атызға кішкентай дән түсті,өсіп жарыққа созыла бастады.

Сен кімсің?-дегенді естіді Өскінше.

-Білмеймін,-деп жымиды ол.

Атыздағы өсімдіктер дауласа бастады:

бірі Өскіншенің арамшөп екендігін айтып,оны лақтырып тастауды ұсынды,келесілер оны қорғаштады.Өскіншенің көңіл- күйі жабырқады,ол өзін қолайсыз сезінді,оның үстіне күннің астында тым ыстық еді.Осы кезде Өскінше өзінің үстінде көлеңке пайда болғанын сезді.Бұл оған өз жапырағын созған үлкен Түйежапырақ болатын.

-Назар аударма!-деді ол Өскіншеге,

-Өсіп тіршілік ете бер.

Уақыт өтті,өскінше өсіп,ғажайып алма ағашына айналды.Ол өзін ренжіткендерді ұмытты.Бірақ ол әрқашанда қарт Түйежапырақ өсіп тұрған шарбақ қақарай бір бұтағымен иіліп тұрды.Оны желден қорғап,ешкімге ренжітуге жол бермейтін.



Тыңдалған мәтінге өз көз қарасын жай сөйлеммен білдіреді.

Сұрақ-жауап

-Бұл ертегі бізді неге үйретеді?

-Достарсыз өмір сүрген жақсы ма,әлде жаман ба?

-Неліктен?

Балалардан « Достық ағашын»

сипаттауды сұрайды.

Балалар бізге ең алдымен Достық ағашы болу үшін не

керек?(Ағаш )

-Ағашты не істейміз?(Отырғызамыз)

-Отырғызған ағашқа не қажет?(Күтім)

-Өсіп жетілу үшін не керек?(Жер,су,ауа,күн)

Қауіпсіз жұмыс жасау техникасымен таныстыру.

Педагог жеке гигиена ережелерін, өткір құралдармен жұмыс істеу тәртібін еске салады. Бала алақанмен таңба жасағаннан кейін қолын жуып, жұмысын жалғастыра алатындығын ескертеді. Жұмыстың орындалу технологиясы (Жұмысты сатылай орындау ретін түсіндіру.) Әліппе-альбоммен жұмыс. Қандай түстерді қолдануға болатындығы туралы ойланыңдар. Достық ағаштарыңның түсі қандай болғаны дұрыс? Педагог қылқаламның көмегімен гуашьты алақанға қалай жағуды, артынан тік қойылған қағаздың жоғарғы жағына жақын таңбаны қалай жасауды көрсетеді. Осылайша жапырақтардың негізгі бөлігі бейнеленеді. Соңынан балалар қолдарын жуады да жұмысқа қайта кіріседі, қылқаламды пайдаланып, ағаш діңгегін салады. Педагог балаларға ұжымдық жұмыс нұсқасын ұсына алады (балалар алақандарының таңбасын үлкен бір ортақ ағашта қалдырады). Бұл ағаштың сиқырлы екендігін және оны өз бөлшектерімен толықтыруға болатындығын еске салады.

Оқушылардың жұмысынан

«Достық бағын» ұйымдастыру

Қорытынды шығару және есте сақтау.

Балалар біз үйде тәжірибе жасап көрейік,бір№1 ыдысқа өскін (тал) отырғызып,оны күнге шығарып,суарып ,күтіп баптайық.

-Ал екінші №2 ыдысқа дәл осылай етіп өскін (тал) отырғызып,еш күтім жасамай қараңғы жерге қояйық.

-Қай өскін (тал) өсіп жетіледі?

-№1- ыдыстағы ма,әлде №2 -ыдыстағы ма?



































«Сұрақ-жауап»

әдісі







Достық ағашы





«Диалог»әдісі











Ұ.Ж.


Әліппе-альбоммен жұмыс.


«Ойлан, жұптас»стр.



Ұ.Ж.


Сабақтың қорытынды бөлімі:



Кері байланыс






Балалар бүгін қандай ертегімен таныстыңдар?

-Ненің суретін салдыңдар?

-Достық қандай сезім екен?

Тәрбиеші балаларға алдын ала қағаздан дайындалған алма суретін үлестіріп береді.








Балаларға егер сабақ ұнаса,жақсы түсінсе қызыл алманы,егер сабақты түсінбесе,ұнамаса жасыл түсті алманы Достық ағашына жапсырады.


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз көп қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Сіз қабілетті оқушылар алдына қандай есептер қоюды жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыстар Денсаулық және қауіпсіздік АКТ-мен байланыстар Құндылықтармен байланыстар


«Зерттеу» әдісі

бойынша сабақта алған білімдерін пысықтау.

«Алма ағашы» арқылы кері байланыс алу.


Қауіпсіз жұмыс жасау техникасымен таныстыру.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!