Материалдар / Достық өлкесінің заңы
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Достық өлкесінің заңы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатына
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Ақпан 2023
199
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні: №1

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Ым-ишарат және қимыл тілі

Мақсаты: Оқушының қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік ерік қасиетін дамыту

Әдіс-тәсілдер: Жаттығулар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушының көңіл - күйіне мән беріп, құрал- жабдықтарын түгендеу.

ІІ. - Ыңғайланып отырып, бір-біріміздің көзімізге қарап, әдемі жымиып, күлейік. Әрқашан сенің көңілің көтеріңкі болсын.

- Сәлемдесу сөздерін есімізге түсіріп көрейік.

ІІІ. "Менің көңіл-күйім" жаттығуы

Мақсаты: Оқушының өз көңіл-күйін игеріп, басқаруын дамыту.

Алдыңдағы дөңгелекшелерге дәл қазіргі уақыттағы өз көңіл-күйіңді суреттеп салып бер.

Талқылау: Көңіл-күй дегеніміз не?

Адам көңілді болғанда қандай күйде болады?

Адам көңілсіз болғанда қандай күйде болады?

Көңіл-күйдің денсаулыққа әсері бола ма? (Баланың жауаптары тыңдалады).

ІV. "Сыйлық" жаттығуы. Мақсаты: Тұлғаарлық қарым- қатынасты дамыту

Оқушы тек қана қимыл мен ым арқылы ұсынатын сыйлығын көрсету керек, ал көршісі заттың атын атап, сыйлықты алғыс білдіре отырып қабылдайды.

Талдау: Сыйлық алғанда қандай көңіл- күйде болдың? Жаттығу саған ұнады ма?

V. Ұйқасын тап. Саған төмендегідей "Соңғы жолды ойлап табыңыз" деген тапсырма беріледі.

1. Өзінше ноян, қорқақ кім? (Қоян)

2. Тастан-тасқа секіріп, жем тереді... (кекілік)

3. Алмастан тыным, шабады... (құлын)

4. Құйрығы он қарыс, бұл айбатты.... (жолбарыс)

5. Бата алмас түлкі, үсті тікен ... (кірпі).

Сергіту сәті. Күлімдеп күн бүгін,

Қарады маған да (өзін көрсетеді).

Күлімдеп күн бүгін,

Қарады саған да (досын көрсетеді).

Шуақпен нұр төгіп (қолын жоғары көтереді),

Көңілді кетті көтеріп (шапалақтайды).

Сабақты қорытындылау.

















































Күні: №2

Сыныбы:1

Тақырыбы: Сезім тілі

Мақсаты: Оқушының қарым-қатынас дағдыларын және адамгершілік ерік қасиетін дамыту

Әдіс-тәсілдер: Жаттығулар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушының көңіл - күйіне мән беріп, құрал- жабдықтарын түгендеу.

ІІ. "Сыйлық сыйлаңыз" жаттығуы

Жүргізуші оқушыға қораптан кішкене тас алып, "Мен саған бұл тасты сыйлаймын, себебі сен..."

Міндетті түрде оқушының жағымды жағымды қасиеттерін атап өту қажет.

ІІІ. Жаттығу. Мен саған сенің қалауың бойынша екі эмоцияны зерттеуді және мынадай кестені толтыруды ұсынамын.

Эмоция - пайдалы

Эмоция - зияны



Талдау. Құтылуға тырысатын, ешқашан сезінбеуді керек ететін тіптен пайдасыз немесе жүз пайыз зиянды сезім бола ма? Ешқандай зиян келтірмейтін сезім бола ма?

ІV. "Мүсінші және балықшы" ойыны

Мүсінші көз алдына сезімді елестетіп, "балшықтан" соны илеп шығаруға тырысады. Одан әрі "мүсінге" жан бітіріп, саналы тіл береміз. Елестетіп қараңызшы, мүсінші сезімін мүсіндеп еді, ал ол сезім сөйлеп кетіп, жаратушысына өзінің оған не себептен келгені туралы айтып берді. Бұдан соң оны (сезімді) сондай бір ризашылықпен тыңдаған адам егер ол өз сезімінің қожасы болса, өзнің жағымсыз эмоциясын болдырмау жағын қарастыру, алдын алу мүмкіндігін сезінеді.

Әңгімелесу. Қорытындылау сұрақтары:

1. Неліктен өз сезіміңді шығармай, булықтырған зиянды?

2. Жағымды сезімдерге нелерді жатқызамыз?

ІV. Компьютермен жұмыс.







Күні: №3

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Сезім тілі

Мақсаты: Оқушының "ұстамдылық", "сабырлылық" адами қасиеттер туралы түсінігін кеңейту

Міндеті: - ұстамдылық, сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру;

- ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: Жаттығулар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушының көңіл - күйіне мән беріп, құрал- жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Сергіту жаттығуы. Бірлесе өлең жолдарын қайталау.

Бізге ашық күн керек.

Бізге ашық күн керек. Жеңдіріп біз ашуды.

Аспан керек мөп-мөлдір Ақылға әркез келеміз

Қуанышқа тұр бөлеп, Азамат боп ер жетіп,

Бақытты өмір төккен нұр Ағаларға ереміз.

ІІІ. "Неге ұқсатамын" ойын-жаттығуы

Ашуланып тұрған адамды неге ұқсататындығын және не себепті оларға ұқсататынын кезегімен айтып шығуы тиіс.

Мысалы: Ашуланған сәттегі адамның бет-жүзін найзағайға, түнерген бұлтқа, қызып тұрған үтікке, лапылдаған отқа, айдаһарға, дауылға ұқсатулары мүмкін.

ІV. Жаттығу. Мен саған сенің қалауың бойынша екі эмоцияны зерттеуді ұсынамын және мынадай кестені толтыруды ұсынамын.

Пайдалы сезімдер

Зиынды сезімдер



Талдау: - Ашуды жеңудің ең тиімді жолдары-ақылға салу, сабыр сақтау, ұстамды болу. Ақылды, кішіпейіл, әділ батыл, қайырымды, мейірімді адамашулана қоймайды. Ашуын ақылына жеңдіреді. Сондықтан да белгілі жазушы М. Әуезов: "Ақыл-адам көркі, ақылдың сабыр серігі", -деп өте орынды айтқан.

Сабақты қортындылау



Күні: №4

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Іскерлік қарым- қатынас

Мақсаты: Сөйлеу тілі қарым- қатынас дағдыларын, сондай- ақ барлық жағдайдағы жағымды адамгершілік ерік қасиетін жетілдіру.

Әдіс-тәсілдер: Ойын, жаттығулар, жағдаяттар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушының көңіл - күйіне мән беріп, құрал- жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Әңгімелесу. Оқушымен жақсы сөздер әсері туралы пікірін білу үшін әңгімелесу жүргізіледі.

- Қандай кезде жақсы сөздерді қолданасың?

- Жақсы сөз естігенде қандай сезімде боласың?

- Жаман, дөрекі сөз естігенде қандай сезімде боласың?

- Жақын адамдарыңа қандай жақсы сөз айтқың келеді?

Оқушының жауабын түйіндеу: "Жақсы сөз -жарым ырыс" дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді.

ІІІ. Шығармашылық жұмыс. Оқушыны жақсы, жылы сөздерді айтуға дағдыландыру мақсатында шығармашылық жұмыс ұйымдастырылады. Оқушы оқылған мәтін бойынша олардың қандай сөздер (мақтау, мадақтау, құттықтау, алғыс т.б) екендігін табуы тиіс.

1. Құрметті ұстаздар!

Сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймын. Сіздерге шығармашылық табыс, еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға жақсылық тілеймін!

Күтілетін жауап: жақсы тілек, құттықтау сөз.

2. - Апа, аман- есенсіз бе? Қал- жағдайыңыз қалай? Ауырып қалды деп еді, айығып кеттіңіз бе?

Күтілетін жауап:амандық, жағдай сұрау

3. а) - Балапаным, құлыным сол! Ақылдым менің! Қолынан келмейтіні жоқ!

ә)- Сымбат, сен бүгін қандай әдемі болып құлпырып кеткенсің!

Күтілетін жауап:мадақтау.

IV. Ойын- жаттығу. Сабақтан түйген ойын бекіту мақсатында ұйымдастырылады.

1.Сабаққа кешігіп келген оқушы мен мұғалім арасындағы әңгіме

2. Әжесі мен немересінің бір біріне айтқан жылы сөздері.

Сабақты қорытындылау



















































Күні: №5

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Іскерлік қарым- қатынас

Мақсаты: Оқушының "сөз", "бақыт" құндылығы туралы түсініктерін кеңейту

Міндеттері: - Жақсы сөздің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру; - Жақсы сөздерді қолдана білу іскерліктерін дамыту; - Ізгілікке, ізеттілікке тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушының көңіл - күйіне мән беріп, құрал- жабдықтарын түгендеу. ІІ. Әңгімелесу. "Жақсы сөз - жарым ырыс",- дейді халқымыз. Жақсы сөз естісең, жаның жадырап сала береді. Жақсы сөз ашу шақырмайды, жүрегіңді жылытады, тек қана жақсылыққа жеткізеді, бақытқа кенелтеді, қуанышқа бөлейді. ІІІ. Мәтінмен жұмыс. Әңгімелеу. Жылы, жақсы сөздердің адамға әсерін түсіндіру үшін әңгімелесу ұйымдастырылады. "Сыпайы қоян" Мексика ертегісі Бір күні мейірімді және сыпайы қоян көрші бақшада қырыққабатқа тойып алып, үйіне жиналып жатқанда, кенеттен түлкіні көріп қалады. Қоянның жүрегі дір етті. Қашу керек, бірақ қайда. Ойланбастан бір үңгірге кіріп кетті. Қоян өте сыпайы, тәрбиелі еді. Үңгірге рұқсатсыз кіргеніне ыңғайсызданып, амандасу қажет екендігіне түсінеді. - Сәлеметсіз бе, мейірімді үңгір. Сенің кеңдігің және тыныштығың жанға рақат сезім сыйлағандай. Маған кіруге рұқсат етші,-дейді. Ал үңгірдің түкпірінде жылан мекендейтін Ол қоянның даусын естіп, оны шақырады. Жыланның даусынан оның жегісі келіп тұрғанын сезген қоян: - Сізді мазалағаныма кешіріңіз, мені Ана -қоян күтіп отыр. Сау болыңыз-деп қаша жөнеледі. - Осы бір сиқырлы, сөздер-ай! Қоян маған жақсы сөз айтпағанда, мен оны ұстап алар едім - деп өкінеді жылан. Оқушының ойын білу мақсатында сұрақ қойылады. Қоянның жылы сөздерінің өзіне қандай көмегі болды? Жылы сөздер арқылықандай жағдайда көмектесуге болады деп ойлайсың?

Сабақты қорытындылау











Күні: №6

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Эмоциялық қарым- қатынас

Мақсаты: Оқушының "ұстамдылық", "сабырлылық" адами қасиеттер туралы түсінігін кеңейту

Міндеттері: -ұстамдылық сабырлылық, ақылдылықтың мәнін түсіндіру; - өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту; - ұстамдылыққа, сабырлылыққа тәрбиелеу. Әдіс-тәсілдер: әңгімелесу

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушының көңіл - күйіне мән беріп, құрал- жабдықтарын түгендеу.

ІІ. Өлеңді мәнерлеп оқу. Бізге ашық күн керек

Бізге ашық күн керек Аспан керек мөп-мөлдір Қуанышқа тұр бөлеп, Бақытты өмір төккен нұр Жеңдіріп біз ашуды Ақылға әркез келеміз Азамат боп ер жетіп, Ағаларға ереміз.

ІІІ. Әңгімелесу. Сабақ тақырыбының мәнін ашу мақсатында әңгімелесу жүргізіледі:

1. Өлеңдегі: "Жеңдіріп біз ашуды

Ақылға әркез келеміз," - дегенде нені түсінесің?

2. Сенің ашуланған кезің болды ма? Не себепті ашуландың?

3. Сол уақытта қандай күйде болдың?

4. Сол күйден шығудың қандай жолдарын іздестірдің?

5. "Ашу-дұшпан, ақыл-дос"деген мақалды қалай түсінесің?

IV. Данышпан атаның кеңестері

Ашу қысқан кезде өзіңді-өзің ұстай біл. Ашуланған кезде бірден онға дейін іштей сана. Жақсы нәрсе туралы ойла. Өзіңді ұстамды, сабырлы адаммын деп есепте. Басқа адамды ренжітетініңді ойла. Соңынан өкінетініңді есіңе ал. Ашуды ақылға жеңдір. V. Ойын-жаттығу. Оқушыны ашудан қашық болуға дағдыландыру мақсатында "Неге ұқсатамын"атты ойын ұйымдастыру.

Сабақты қорытындылау

Күні: №7

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Эмоциялық қарым- қатынас

Мақсаты: Жеткіншектің тұлғалық дамуына жағдай жасау

Әдіс-тәсілдер: ойын жаттығулар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушының көңіл - күйіне мән беріп, құрал- жабдықтарын түгендеу. 2. Көңіл- күй туралы сергіту жаттығуы жүргізіледі. "Өзіңді қалай сезінесің?" "Бұл уақыт ішінде қандай жаңалық болды?"сергіту жаттығулары ретінде өзінің жеке жағдайларынан белсенді түрде тақырып бойынша жұмыс жасауға "қазір және осында" жағдайына ену. Сергіту жаттығулары талданбайды. ІІ. "Ауа райын болжау". Нұсқау."Қолыңызға қағаз бен қарындаш алып, өзіңнің көңіл- күйіңе лайық болатын сурет сал. Қазір ауа райының "жаман" екенін немесе "боран алды тыныштық", не сен үшін жарқырап тұрғанын көрсете аласың. ІІІ. Сезімді атаймыз Нұсқау. Әртүрлі сезімді бейнелейтін атауларды айтып көрейік. Мақсатымыз қатысушының эмоциялық сөздік қорларын байыту. Жұмыстың нәтижесі ретінде параққа жазылған сөздерді сабақтың барлық бөліктері барысында қолдануға болады. Жүру барысында сөздерді толықтыра беруге болады. Бұл оқушының эмоциялық сөздігі болып табылады. Талдау. Аталған сезімнің қайсысы басқасына қарағанда саған көбірек ұнайды? Сеніңше, қай сезім ең ұнамсызы? Саған осы сезімдердің қайсысы (жағымды не жағымсыз) көбірек таныс. Жүргізушіге бір сезімді ойлап жасыруға ұсынылады. Содан кейін ол шеңберден теріс бұрылып тұрып көрсетпей, тек интонация арқылы "шурум -бурум" деген сөзді ғана қолданып, ойлаған сезімін сипаттайды. "Сиқырлы қол". Бес саусақты қолдың суретін салып (қолыңды ақ қағазға қойып айналдырып сызып шығуға болады), алақанның ортасына сұрақ жазу: "Мен кіммін? Мен қандаймын? " Әр саусаққа екі жауап жазу: бас бармақ мен адаммын ақылдымын: Балаң үйрек мен қазақпын, отаншылмын, т.б.

Сабақты қорытындылау




Күні: №8

Сыныбы: 4

Тақырыбы: Эмоциялық қарым- қатынас

Мақсаты: Жеткіншектің тұлғалық дамуына жағдай жасау

Әдіс-тәсілдер: ойын жаттығулар

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. 1. Оқушының көңіл - күйіне мән беріп, құрал- жабдықтарын түгендеу. ІІ. Сергіту жаттығуы. Үлкенге де сіз, (Оң қолын алға созады) Кішіге де сіз (Сол қолын алға созады) Барша жанды құрметтеп, (Екі қолын кеудеге қояды). Бас иеміз біз (Бас иеді). ІІІ. Ойын "Сыйласа білесің бе?"

Психолог сыйластықты білдіретін және сыйластықты білдірмейтін сөздерді араластырып алдын ала сөз тіркестерінің тізімін құрастырады.

Оқылған сөз тіркестерінің бала ойын барысында "дұрыс"деп тапса, қолдарын шапалақтайды. Егер "бұрыс" деп тапса, алақандарын екі жаққа жаяды.

Сөз тіркестерінің үлгісі төмендегідей беріледі, психолог оны өз тарапынан құрастырған сөз тіркестерімен жалғастырып айтуына болады.

Сөз тіркестерінің үлгісі: - үлкен кісіге бірінші болып сәлем беру;

- кішілерді жәбірлеу;

- үлкен кісінің айтқанын тыңдау;

- үлкендердің сөзін бөлу.

Тапсырма. Оқушының сыйластық туралы ұғымдарын кеңейту мақсатында тапсырма беріледі. Тапсырма бойынша психолог оқулықта берілген суреттерді қарап, қай сурет сыйластықты білдіретінін әңгімелеп айтады.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!