ҰЛЫ
ТҰЛҒАЛАР
А.Вейсман мен
Т.Морган - өсімдік пен жануарлар әлеміндегі тұқым қуалаушылық
белгілерінің берілуі туралы ғылым - генетиканың негізін
салғандар
Ағайынды
Люмьерлер - кинематографты ойлап тапқан
Ағайынды
Уильбер және Орвилл Райттар - 1903 жылы бірінші ұшақтары АҚШ-та
сынақтан өтті
Антуан Лавуазье
- ғалым, астроном
Заттардың жану құпиясын ашқан
"Аспаннан тастардың құлауы мүмкін емес, өйткені аспанда тастар
жоқ!" деп тұжырымдаған
Арьябхата - Үнді математигі
Пифагор теоремасын білген
Синустар және косинустар теоремасын ашқан
Жердің Күнді айналатынын алғаш рет айтқан
Аристотель -
б.з.б 394-322 жылдары өмір сүрген ұлы философ әрі ғұлама ғалым.
Еңбегі: "Саясат"
Аркрайт - 1771
ж тұңғыш рет тоқыма фабрикасын ашты
Әл Бируни
(973-1050) - энциклопедист араб ғалымы
973 ж Қият қаласында туған
150-ге жуық кітап жазған, оның 45-і астрономия мен математикаға
арналған
Еңбектері: "Үндістан", "Масғұд каноны", "Асыл тастар" т.б.
Әл Хорезми
(795-857) - алгебра ғылымының негізін салушы ("алгоритм атасы")
Еңбектері: "Китаб ал-жабр ва мукабаа", "Астрономия кестесі", "Күн
сағаты туралы трактат", "Мухаббатнама"
Белл -
телефонды ойлап тапқан
Галилео Галилей
(1564-1642) - Коперник пен Бруноның ісін жалғастырушы итальян
ғалымы
Тұңғыш рет телескопты ойлап тапты
1609 ж күзде Ай және басқа планеталарды бақылады
1633 жылы инквизиция жазасына ұшырады
Еңбегі: "Птоломейлік және коперниктік - әлемнің басты жүйелері
туралы диалог"
Герасимов -
1909 жылы ұшақ үшін турбо реактивтік двигатель жобасын жасады
Герц - XIX ғ 80
жылдарында электромагниттік толқындарын лабораториялық жағдайда
анықтаған ғалым
⚡ Гиппократ - медицина
ғылымының негізін қалағандардың бірі
60-қа жуық медициналық еңбек жазды
⚡ Демокрит - атом
ілімінің алғашқы өкілдерінің бірі саналды
300-ге жуық шығарма жазған.
Физика, математика, музыка, поэзиямен шұғылданған
Тұңғыш рет дүние өте ұсақ бөлшектерден - атомдардан тұратындығын
айтқан
⚡ Джеймс Уатт - 1765
жылы бу машинасын құрастырып, 1771 жылы оны жетілдірді
⚡ Джон Дальтон -
ағылшындық ғалым
Заттар құрылысының атомдық теориясына негіздеме берді
Ол химияға атомдық салмақ туралы ұғымды енгізіп, бірінші болып
химиялық формулаларды қолданды
Ф.Энгельс Дальтонды "Жаңарған химияның әкесі" деп атады
⚡ Джордано Бруно -
Коперниктің көзқарасын құптаған бүлікші-оқымысты ғалым
1600 ж шіркеу қызметкерлері оны гүлдер алаңында тірідей отқа
өртеді
⚡ Ерлі-зайыпты Кюрилер
- радиоактивтілікті ашқан
1903 жылы бұл жаңалығы үшін Нобель сыйлығын алды
⚡ Жаккард - XIX ғ
басында түрлі-түсті маталарды тоқитын станокты ойлап тапқан
инженер
⚡ Зигмунд Фрейд -
психоанализдің негізін салған австриялық оқымысты
⚡ Ибн Сина (980-1037) -
дәрігер ретінде ғылымдардың атасы аталған араб ғалымы
Әл-Фарабидің шәкірті
Еңбектері: "Дәрігерлік ғылым кононы"(5 кітаптан тұратын
энциклопедия), "Білім кітабы"(философиялық энциклопедия)
⚡ И. Гутенберг - кітап
басып шығаруды ойлап тапқан неміс ғалымы
⚡ Имануил Кант - XVIII
ғ II жартысында күн системасы шаңды тұмандықтан пайда болады деген
пікір айтты
⚡ И.П.Павлов - шартты
рефлекс теориясын жасаған
⚡ Иоганн Кеплер - ұлы
неміс астрономы
1571 жылы 27 желтоқсанда Германияның Вейль-дер-Штадт қаласында
дүниеге келді
Физикаға "инерция" терминін енгізді
⚡ Исаак Ньютон
(1643-1727) - әйгілі ағылшын ғалымы
Бүкіләлемдік тартылыс заңын, механикалық қозғалыс пен жарықтың
таралу заңдарын ғылымға енгізді
Еңбегі: "Табиғат философиясының математикалық принциптері"
⚡Лаплас - Күн
жүйесінің сызбасын жасады
⚡Лейбниц (1646-1716) -
неміс ғалымы және философы
Еуропада тұңғыш рет есептеуіш машинаны ойлап тапты
Дифференциалдық және интегралдық есептеулердің негізін қалады
⚡ Лобачевский -
Евклидтік емес геометрия туралы ілімді жасаған математик
⚡Луи Пастер
(1822-1895) - микробиология саласының негізін салушы
⚡Лютфи Такади -
математика, астрономия ғылымдарына талдау жасап, философия пәндері
бойынша бірқатар еңбек жазған түрік ғалымы
⚡Майкл Фарадей - 1831
жылы электромагниттік индукция құбылысын ашты
Оны "найзағай әміршісі" деп атаған
⚡Максвелл -
электромагниттік өріс теориясын ашты
⚡ Мендель - генетика
ғылымының негізін салушы
⚡ Менделеев - 1869 жылы
химиялық элементтердің периодтық жүйесін жасады
⚡ Николай Коперник
(1473-1543) - ғарыш әлемі жөніндегі діни көзқарасқа соққы берген
Польшаның ұлы ғалымы
Еңбегі: "Аспан денелерінің айналысы туралы"
⚡ Пири Рейс - түрік
географы, адмирал
1513 жылы дүние жүзінің картасын жасады
1523 жылы "Бахрийе" атты теңіз атласын жасады
⚡ Пифагор - гректерде
математикалық білімнің дамуына зор үлес қосқан
⚡ Попов - радионы ойлап
тапқан
⚡ Р.Дизель - автокөлік
үшін іштен жану қозғалтқышын ойлап тапты
⚡ Резерфорд -
физик-ғалым
Атомдарда ауыр ядро болатынын дәлелдеген
XX ғ басында атом құрылымының планетарлық теориясын ұсынды
⚡ Рентген (1845-1923) -
неміс физигі
1895 жылы Х-сәулелерін (рентген) ашты
Физиктердің арасында тұңғыш рет Рентгенге Нобель сыйлығы
берілді
⚡ Рене Декарт
(1596-1650) - ұлы француз философы әрі математик
Әлемнің құрылысы туралы діни көзқарастарын математикалық тұрғыда
түсіндіруге тырысты
"Өзгермелі шамалар" ұғымын ғылымға енгізді
⚡ Роберт Майер - 1842 ж
энергияның сақталу және айналу заңын ашты
⚡ Р.Кох - туберкулез
қоздырғышын ашты
⚡ Стефенсон - паровозды
ойлап тапты;
1825 ж
Стоктон мен Дарлингтон арасында жолаушылар пойызын жүргізді
⚡ Фалес - грек
математигі. Ол жерге түскен көлеңкелеріне қарап Египет
пирамидаларының биіктігін өлшей білді
⚡ Фома Аквинский - орта
ғасырларда сиқыршы және керемет дәрігер деген атаққа ие болған
ғалым
⚡ Харгривс - 1764 жылы
"Дженни" атты механикалық ұршықты ойлап тапты
⚡ Христиан Гюйгенс -
жарықтың толқын теориясын жасаушы
⚡ Х.Максим - өз атымен
аталатын станоктық пулеметті ойлап тапқан американдық инженер
⚡ Циолковский - 1883
жылы реактивті двигателі бар ғарыш кемесін жасау идеясын
ұсынған
Жуковский мен Циолковский - әуе және ғарышқа ұшу саласының дамуына
зор үлес қосқан ғалымдар
⚡ Шоқан Уәлиханов -
1856 ж "Манас" поэмасын тұңғыш хатқа түсірді
⚡ Эдисон - қыздыру
шамын ойлап тапқан американдық өнертапқыш
⚡ Эйнштейн -
салыстырмалы және ықтималдық теориясының авторы
⚡ Эли Уитни - 1793 жылы
АҚШ-та мақта тазалайтын машина ойлап тапқан
⚡ Эмпедокл -
органикалық тіршіліктің бәрі тізбектеліп отыратындығын
айтқан