Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дүниежүзі аймақтарының табиғи ресурстық әлеуеті
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сырым ауданы, «Бұлан «мектеп-бөбекжай-балабақша» кешені» |
Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуеті |
география пәнінің мұғалімі Кажгереева Ақмарал Мерекеқызы. |
01.03.2024 |
Қысқа мерзімді жоспар
№1 сабақ
Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуеті
Бөлім: |
5. Экономикалық география |
Педагогтің аты-жөні: |
Кажгереева Ақмарал Мерекеқызы |
Күні: |
01.03.2024 |
Сыныбы: 8 |
Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны: |
Сабақтың тақырыбы: |
Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуеті |
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты |
8.5.1.2 жекелеген дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалайды |
Сабақтың мақсаттары: |
- Табиғи-ресурстық әлеует сөзінің мағынасын біледі; - Табиғат ресурстарының негізгі топтары мен түрлерін біледі; - Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуетін бағалай алады. |
Сабақтың барысы:
Сабақ кезеңі/Уақыты |
Педагогтің іс-әрекеті |
Оқушының іс-әрекеті |
Бағалау |
Ресурстар |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы 3 мин. |
Мұғалім сыныппен амандасады, сыныпты түгендейді. |
||||||||||||||||||||||||||||||||||||
Үй тапсырмасын сұрау 7 мин Жаңа сабаққа кіріспе 8 мин |
(Ұ) «Фортуна дөңгелегі» арқылы өткен тақырыпты, бөлімді қайталау. 1. Табиғат ресурстарын бағалаудың қандай түрлері бар? Экономикалық және экологиялық 2. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау деген не? Табиғи ресурстардың қоғамға пайдалылығы тұрғысында шаруашылық маңызын, мөлшерін, сапасын, құнын анықтау. 3. Табиғи ресурстарды экологиялық бағалау деген не? Табиғи ресурстарды сарқылу және қалпына келу мүмкіндігі бойынша және оларды игерудің қоршаған ортаға ықпалы тұрғысында бағалау. 4. Табиғат ресурстарын экономикалық бағалауда қандай көрсеткіштер қолданылады? Нақты өлшемдер, балдық көрсеткіштер, қаржылық бағамдар. 5. Сарқылатын ресурстар дегеніміз не? Көлемі белгілі бір нақтылық деңгейінде анықталатын және шектелген, пайдалану барысында қоры азайып, толық сарқылуы мүмкін ресурстар 6. Сарқылатын ресурстар қалай бөлінеді? Қалпына келетін, қалпына келмейтін. 7. Қалпына келетін ресурстарға не жатады? Мыс. Жер (топырақ) және биологиялық (орман) 8. Қалпына келмейтін табиғат ресурсына не жатады? Барлық минералды ресурстар 9. Сарқылмайтын табиғи ресурстар дегеніміз не? Күн, жел, мұхиттар мен теңіздер энергиясы және климаттық ресурстар. Жаңа сабақтың тақырыбын ашу, сабаққа қызықтыру және топқа бөлу ретінде оқушыларға әртүрлі табиғат ресурстарының суреттері бейнеленген карточкалар таратылады. Мұғалім оқушыларды топқа бөлінуге сүйемелдеу және тақырыпты ашу мақсатында сұрақтар қояды. 1. Табиғи ресурстардың қандай түрлерін білесіңдер? 2. Қазақстан қандай ресурс түрлері бойынша алдыңғы орынға ие? 3. Жерді ресурс ретінде қарастыруға болады ма? 4. Ауылда қандай ресурстарды пайдаланады? Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады. |
Оқушыларға қойылған сұрақтарға қай оқушының есімі фортунаға түседі, сол оқушы сұраққа жауап береді. Оқушылар карточкада берілген суреттердің нені білдіретінін анықтауы тиіс. Карточалар мағынасы ашылған соң оқушылар 4 топқа бөлініп отырады. 1-топ «Минералды ресурстар» 2-топ «Жер ресурстары» 3-топ «Су ресурстары» 4-топ «Биологиялық ресурстар» Оқушылар мұғалім қойған сұрақтарға жауап береді. |
Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың! Бәрекелді!» деген мадақтау сөздерімен ынталандыру. Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың! Бәрекелді!» деген мадақтау сөздерімен ынталандыру. |
Интерактивті тақта Әр түрлі табиғат ресурстары бейнеленген Карточкалар, дәптер, оқулық, интерактивті тақта. |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы Мағынаны ашу. 20 мин. |
Мұғалім сабақтың тақырыбына байланысты терминдермен таныстырады. Табиғат ресурстары- бұл адамдарға адамзат қоғамының өмір сүруі мен тіршілігі үшін қажет болатын, табиғатта кездесетін түрлі заттар мен табиғат құбылыстарының жиынтығы. Табиғи ресурстық әлеует- белгілі бір аумақтағы шаруашылықта пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін табиғи ресурстардың жиынтығы. |
Оқулықтан тақырыпты жазып, Оқушылар интерактивті тақтадан тақырыпқа байланысты мұғалім ұсынған ақпаратпен танысады. |
|
Интерактивті тақта, оқулық, дәптер |
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тапсырмалар айдарындағы 1-тапсырманы орындатады, бақылайды. |
1-Тапсырма ЖЖ Оқулықтан табиғат ресурстарының негізгі топтарымен танысып, берілген суреттерді дұрыс топтастыр.
|
Дескриптор: Жалпы - 3 балл. - Оқулықтағы табиғат ресурстарының негізгі топтарын оқып, танысады – 1б; -Жер,су және минералды ресурс түрлеріне жататын суреттерді анықтайды– 1б. - Биологиялық және агроклиматтық ресурс түрлеріне жататын суреттерді анықтайды– 1б. ҚБ. «Өзін өзі бағалау» оқушылар әр орындаған тапсырмаларын дескрипторға қарап жинаған ұпайын карточкада бояп отырады.
|
ДК экраны 8-сынып оқулығы. Карточкадағы №1 тапсырма, Суреттер берілген парақ.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
|
Тапсырмалар айдарындағы 2-тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді. Әр топқа табиғат ресурстар тобына байланысты картамен жұмыс тапсырмалары беріледі. |
2-Тапсырма ТЖ Картамен жұмыс Оқулық және табиғат ресурстары картасын пайдаланып, тапсырмаларды орында! 1-топқа Минералды ресурстар Тапсырма 1. Картамен танысып, кестені толтырыңдар!
2-топ Жер ресурстары Тапсырма 1. Картаны пайдалана отырып, жазыңыздар: 5 мемлекет-ең көп егістік таралған, 5 мемлекет-жайылымдық жері көп, 5 мемлекет-жарамсыз жерлері көп.
3-топ Су ресурстары Тапсырма 1. Картамен танысып, дүние жүзіндегі су ресурстарымен аз қамтылған 5 елді анықтап, ол мәселені қалай шешуге болатынына 2 аргумент келтіріндер.
4-топ Орман ресурстары Тапсырма 1. Дүниежүзі аймақтарының орман ресурстарын сипаттандар. Қандай аймақтарды біз Солтүстік, ал қандай аймақтарды Оңтүстік орман белдеуіне жатқызамыз? 2. Берілген елдер бойынша орман ресурстары әр адамға қаншадан келетінін есептеп шығарыңдар.
|
Дескриптор: 1-топқа Жалпы - 4 балл
Дескриптор: 2-топқа Жалпы - 4 балл
Дескриптор: 3-топқа Жалпы - 4 балл - Картамен және оқулықта берілген мәтінмен танысады-1б; - Су ресурстарымен аз қамтамасыз етілген 5 елді анықтайды-1б; - Су жетіспеушілігі мәселесін шешуге арналаған 1-ші аргумент табады-1б; - Су жетіспеушілігі мәселесін шешуге арналаған 2-ші аргумент табады-1б.
Дескриптор: 4-топқа Жалпы - 4 балл - Картамен және оқулықта берілген мәтінмен танысады-1б; - Қандай аймақтар Солтүстік орман белдеуіне жататынын біледі-1б; - Қандай аймақтар Оңтүстік орман белдеуіне жататынын біледі-1б; - берілген мәліметтегі елдердің орман ресурстары әр адамға қаншадан келетінін есептеп шығарады-1б.
ҚБ. «Өзін өзі бағалау» оқушылар әр орындаған тапсырмаларын дескрипторға қарап жинаған ұпайын карточкада бояп отырады. |
ДК экраны 8-сынып оқулығы. Жұмыс дәптерлері. Минералды ресурстар, жер ресурстары, су ресурстары, орман ресурстары картасы. Карточкадағы №2 тапсырма.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы Ой толғаныс. Рефлексия 7 мин. |
Сабақты бекіту сұрақтары Тест тапсырмалары Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардан бекіту сұрақтарын қояды.
Рефлексия «Тик Ток» әдісі арқылы Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады. Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды. Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді. |
Educaplay платформасымен құрылған тест сұрақтарына жауап береді. Өзіңді тексер! 1. Табиғат ресурстарының неше негізгі түрі бар? А. 5 В. 3 С. 4 2. Табиғат ресурстарының қандай топтары бар? Дұрыс вариантты белгіле. А. Минералды ресурстар, Жер ресурстары В. Агроклиматтық ресурстар С. Ауылшаруашылық ресурстары D. Су ресурстары, Биологиялық ресурстар Е. Экономикалық ресурстар 3. Жанғыш пайдалы қазбалар үлесі жағынан қай аймақ алдыңғы орынды иеленеді? А. Еуропа В. Азия С.Африка Д. Аустралия 4. Дүниежүзі бойынша өндірілетін 55 түрлі пайдалы қазбалардың қанша түрі Қазақстанда өндіріледі? А. 26 В. 37 С.39 Д.44 5. Су ресурстары қоры бойынша алдыңғы қатарлы елді тап! А. Бразилия В. Қазақстан С. Аустралия Д. Сауд Арабиясы 6. Орман ауданы бойынша көшбасшы елді көрсет! А. Монголия В. Ұлыбритания С. Түркия Д. Ресей 7. Аумағының көп бөлігін егістік жерлер алып жатырған аймақ? А. Еуропа В. Азия С. О. Америка 8. Түсті металдар қоры жөнінен қай елдер алдыңғы қатарда? А. Аустралия, Қытай, Ресей В. Индонезия, Катар, Сауд Арабиясы С. Жапония, Италия, Германия 9. Бағалы металдар қоры бойынша қай елдер алдыңғы қатарда? А. АҚШ, Канада, ОАР, Ресей, Аустралия В. Жапония, Испания, Сингапур С. Африка елдері Д. Бразилия, Кувейт, Венесуэла 10. Қазақстанның егістікке жарамды жерінің жалпы ауданы? А. 190 млн га В. 90 млн га С. 50 млн га Д. 36 млн га
Рефлексия. Оқушыларға сабақ ұнаған болса «жүрек» белгісін, пікір айтатын болса «пікір» белгісін, досымен бөлісетін ақпарат болса «бөлісу» белгісін көтереді.
|
Дескриптор: Жалпы – 3 балл 1. Платформада берілген тест сұрақтарының 5 сұрағына дұрыс жауап береді-1 б. 2. Платформада берілген тест сұрақтарының 7 сұрағына дұрыс жауап береді-2 б. 3. Платформада берілген 9 тест сұрақтарына дұрыс жауап береді – 3 б.
ҚБ. «Өзін өзі бағалау» оқушылар әр орындаған тапсырмаларын дескрипторға қарап жинаған ұпайын карточкада бояп отырады.
Сонымен қатар 1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады. |
Интеракивті пернетақта, Educaplay платформасы. Карточкадағы №3 тапсырма.
|