Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Дүниежүзі халқының діни құрамы. 7-сынып. Ашық сабақ
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 4.1. Мектеп: Ж.Нәжімеденов атындағы негізігі орта мектебі Мұғалімнің аты-жөні: Г.Қалиева Күні: 13.02.20 Сынып: 7 Қатысқандар:4 Қатыспағандар:0 |
|
Сабақтың тақырыбы: |
Дүниежүзі халқының діни құрамы |
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сәйкес) |
7.4.1.2 Дүниежүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралу аймақтарын анықтайды |
Сабақ мақсаттары:
|
Барлық оқушылардың қолынан келеді: Дүниежүзі халқының діни құрамы мен діндердің таралуын аймақтарын анықтай алады; Көпшілік оқушылардың қолынан келеді: Әлемдегі діннің көртүрлілік себептерін анықтап,олардың таралуына талдау жасайды; Кейбір оқушылардың қолынан келеді: Қазіргі замандағы халықаралық байланыстағы діннің рөліне баға береді; |
Ойлау дағдылары деңгейі: |
Білу және түсіну дағдысы |
Бағалау критерийлері: |
-Дүниежүзі халқының діни құрамын анықтайды; -Дүниежүзі діндерінің таралу аймақтарын картадан тауып көрсетеді; |
Тілдік мақсаттар
|
Пәнге тән лексика мен терминология: Дін, діни қызмет, діни бірлестік Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: Дін ............... бір түрі. Дүниежүзілік діндер ............... Әлемдік діндер арасындаы ең көне дін......... Ислам ..............әлемдік дін |
Құндылықтарға баулу |
Жұптық,топтық жұмыстарды жүргізу барысында оқушылар бір-біріне ұлттар және діндер арасындағы келісімнің маңыздылығын түсініп ынтымақтастық құндылығын өз бойына сіңіреді. Өзге ұлт және діндерді сыйлау, құрметтеу дағдылары қалыптасады. |
Пәнаралық байланыс |
Адам және қоғам – дүниежүзілік бағыттағы діндердің таралуы құқық негізінде байланысады Тарих – дүниежүзілік діндердің, діни құрамы жағдайында байланысады. |
Алдыңғы білім |
Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары және олардың географиялық орналасуын біледі. |
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері |
Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері |
Ресурстар |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың басы |
1.Ұйымдастыру кезеңі. «Ыстық алақан» мейірімді ,жылы, көңілді күймен сәлемдесу (алдыңғы білімді байланыстыра отырып қазақ,орыс,ағылшын,қытай тілдерінде амандасады, әр тілдің ана тілінде бір шумақ өлең оқиды) 2. Үй тапсырмасын тексеру. «Жұптық жұмыс» а) Дүниежүзінде ең көп таралған тіл әулеттері? Слайд әзірлеу ә) Дүние жүзінде халық та, соған орай тілде көп. «Біз үшін ең әуезді,ең тәтті,ең сүйкімді тіл- қазақ тілі»постер қорғау Оқушыларды бағалау мақсатында жұлдызшалар беріледі. 3.Жаңа сабаққа көшу. «Миға шабуыл» әдісі Талдау.Сыныппен жұмыс.Сурет арқылы сабақ тақырыбын болжау.
1. 1 және 2,3 суреттен нені анықтауға болады?
Сабақтың тақырыбын және мақсатын хабарлау,жетістік критерийлерімен таныстыру. |
1.Оқулық, карталар |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың ортасы |
Білімді өзектеу. Жаңа сабақты «Бейне көрсетілім» арқылы түсіндіру. Оқушылар бейне роликті көріп болған соң «Үш минуттық пауза» әдісі арқылы үнсіздікте өз ойларын,түсінгендерін түйіндейді. Ол үшін «Кофе таяқшалары»әдісі арқылы қай оқушының таяқшасын алсам сол оқушы төмендегі сұрақтарға жауап береді.
Оқушыларды ынталандыру мақсатында жұлдызшалар беріп мадақтап отырамын 1-тапсырма. Жеке жұмыс ( саралау тапсырмалары) «Кір жаю»әдісі арқылы оқушылар орындаған тапсырмаларын жіпке орналастырады А) тапсырмасы: Оқулықпен жұмыс. Тірек сызбаларды сөйлетеміз.
Қб-оқушылар бірін-бірі өзара бағалап отырады «Көңіл қоржыны, қызықты жұлдыздар»жапсырмалары арқылы.
Ә)тапсырмасы: Кескін картамен жұмыс
Дүниежүзінің саяси картасынан әлемдік діндердің таралуын кескін картаға түсіру
Қб -өзара бағалау «Екі жұлдыз,бір тілек» Б)тапсырмасы: «Диаграммалар сөйлейді» Тақырып бойынша статистикалық мәліметтер беріледі. Оқушы пайдалана отырып диаграмма құрады. Мәтін. Буддизм — дүниежүзіне кеңінен таралған негізгі 3 діннің бірі. Б.з.б. V-VI Үндістанның бүгінгі Бихар штатында пайда болды. Буддизмнің негізін салушы Сиддхарта Гаутама деп есептеледі. Буддизм басқа ілім-танымдарды бойына оңай сіңірді және оның негізгі қағидасы жан иесіне жамандық жасамау болғандықтан, жер жүзіне соғыссыз тарады. Қазіргі кезде Буддизм дінін 1 млрдқа жуық адам ұстанады. Христиан -әлем бойынша ең көп таралған дін. Шамамен 2.2. млрд христиан. Христиандардың басым бөлігі Исаның Құдайдың ұлы және Көне өсиетте айтылған адамзатты құтқарушы екеніне сенеді. Ислам-әлемде 1.62 миллиард өздерін мұсылман санайтын халық бар. Олар әлем халқының 20% құрайды. Мұсылман елдері негізінен Таяу Шығыс, Солтүстік Африка, Оңтүстік-Оңтүстік-Шығыс Азия және Орта Азия Аумағында орналасқан.
христиан-2,2млрд, ислам-1,62 млрд, будда-1млрд
Қб –жеке бағалау. «Көңіл қоржыны» В)тапсырмасы:Терминдер сөйлейді Космополитизм- Эгалитарлы- Прозелитизм-
3-тапсырма. Жұптық жұмыс.Пікірталас « Ой-бөліс»әдісі
-Ислам дінінің қазіргі қоғамдағы рөлі қандай? -Діни экстеремизмнің қоғам үшін қауіпі?
Қб- жұптарды түрлі мадақтаулар арқылы бағалаймын. «Жарайсың, керемет т.б»
Сергіту сәті. «Суреттер сөйлейді». Суретті сәйкестігімен орналастыру
|
1.Оқулық, атлас, тақырыптық карталар
Кофе таяқшала-ры, кеспе қағаздар, диаграмма суреттер |
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақтың соңы
|
4-тапсырма. Топтық жұмыс. «Пирамидалық талқылау» әдісі. Қалай ойлайсыңдар,не себепті діни бірлестіктер мемлекеттен бөлінген?Не үшін діни бірлестіктердің қазіргі қоғамның саяси өміріне ықпал етуі зор? Баға беріңдер және мысал келтіріңдер. (пирамиданың төрт қабырғасына топ мүшелері пікірін жеке өз ойларын жазады.Қағазды бұру арқылы бір-бірінің жауабымен танысады.Жауаптарымен танысып ортақ бір пікір қалыптастырады,ойларын қорғайды)
Рефлексия. «Түрлі-түсті хаттар» арқылы кері байланыс орнату
Қызыл түсті хат- позитивті комментарий,не ұнады; Көк түсті хат-сындарлы сын,не нәрсені жақсарту крек; Сары түсті хат-келешекке (маған ұнады,бірақ келесі жолы).
Үй жұмысы: Әлемдік діндердің біреуіне баяндама дайындаңдар (оқушының таңдауы бойынша) |
Пирамида макеті |
||||||||||||||||||||||||||||||
Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз? |
Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз? |
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау |
||||||||||||||||||||||||||||||
Қабілеті жоғары оқушыларға қосымша күрделенген тапсырмалар беруге болады
|
Жетістік критерийлері арқылы бағалау; Өзін-өзі бағалау; Өзара топтық бағалау |
Партада дұрыс отыру ережесін ескеру
|
||||||||||||||||||||||||||||||
Сабақ бойынша рефлексия Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қолжеткізді ме?Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз?Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?
|
|
|||||||||||||||||||||||||||||||
Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)? 1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет? |