Материалдар / Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниежүзінің тілдік әулеттері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Наурыз 2024
68
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
450 тг 338 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Батыс Қазақстан облысы. Бәйтерек ауданы.

Абай мектеп- гимназия-интернаты.

География пәнінің мұғалімі.

ЕРЖАНОВА АМАНГУЛ.

Қысқамерзімді жоспар.

Сабақтың тақырыбы: Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары.

Бөлім:

4. Әлеуметтік география

Педагогтің аты-жөні:

Ержанова А

Күні:

06.02.2024 ж

Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

7.4.1.1 -дүниежүзі халқықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін түсіндіреді

Сабақтың мақсаты:

«Ұлт», «Этнос», «Тіл»ұғымдары туралы білу. Дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін картамен,кестелермен,мәтінмен жұмыстану арқылы ажырату.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/ Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушы

лықты ояту

5 мин.

Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу. Шаттық шеңбері. Сабақты көп тараған тілдерде амандасудан бастаймыз.
Оқушыларды бір-біріне амандасу арқылы жағымды ахуал қалыптастыру.



Сосын оқушылар ірі тілдік әулеттері бойынша топтарға бөлінеді.

«Амандасу» Шаттық шеңбері. Сабақты көп тараған тілдерде амандасу.
Олар:
1топ: Үндіеуропа тіл әулеті;
2 топ: Алтай тіл әулеті;
3 топ: Афразиялық тіл әулеті

«Сызғыш» бағалау сызығына дескриптор арқылы сабақта жинаған баллдарын өздері сызып белгілеп отыру. Сабақ соңында айту.

Әр түрлі халықтардың амандасу түрлері туралы слайдтар.

Жаңа сабаққа кіріспе. 5 мин.


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

Өзгенің пікірін толықтырады.



Оқушылар сұрақтарға жауап бергеннен кейін бүгінгі тақырып не туралы болатындығын сұраймын.Өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырамын.

 Wordwall қосымшасы арқылы «Қағып ал да, жауап бер» әдісіарқылы барабан тоқтаған кезде мына ұғымдарға анықтама немесе сұрақтарға жауап беріңіз.

  1. «Ұлт»

  2. «Халық»

  3. «Этнос»

  4. Қандай тілді ана тілі деп атайды?

  5. Дүние жүзілік тіл әулеттерін

ата?

6. Қазақтар қандай тіл әулетіне жатады?

7. Қазақтар қандай тіл тобына жатады?




Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

20 мин

Тақырыпқа байланысты интернет көздерін пайдаланып дүниежүзі халықтарының этнолингвистикасы туралы слайдтар мен саяси картадан көрсету арқылы шолу жасаймын.

Оқушылар слайдтармен танысады.



Слайдтар.


1-Тапсырма. «Топтар сөйлейді» топтық жұмыс.

Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма беру. 1топ: Үндіеуропа тіл.Жаңа тірек сөздермен танысу.

2 топ: Алтай тіл әулеті;
Алтай тіл тобының халықтарын жазу.

3 топ: Афразиялық тіл әулеті. Дүниежүзі халқықтарының этнолингвистикалық жіктелуін сипаттау.

Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз дәптерлеріне жазып алып, түсіндіру.Дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелуін сипаттайды.



Топтар бір – бірін бағалау.

Дескриптор: Жалпы –1 балл

1.Тірек сөздермен танысып, түсіндірсе –1 балл.

Алтай тіл әулетінің халықтарын жазса –1 балл.

2. Дүниежүзі халқықтарының этнолингвистикалық жіктелінуін сипаттаса – 1 балл.



2-Тапсырма.Жеке жұмыс. «Картамен жұмыс»


2-Тапсырма. Жеке жұмыс. «Картамен жұмыс»

  1. Саяси картаны пайдалана отырып, бір ұлтты, екі ұлтты және көп ұлтты елдерді кескін картаға түсіреді.

  2. Дүниежүзінің ірі ұлттары мен кең таралған тілдерді картадан анықтау және кескін картада белгілеу.

Дескриптор:

Жалпы –2 балл

1.Саяси картаны пайдалана отырып, бір ұлтты, екі ұлтты және көп ұлтты елдердікескін картаға түсірсе - 1 балл.



Картаны колданып дүниежүзінің ірі ұлттары мен кең таралған тілдерді анықтап, кескін картаға түсірсе - 1 балл.









10 минут

3-Тапсырма. Сәйкестендіру. Жұптық тапсырма. «Тарсия» әдісі арқылы қағаз қиындыларындағы сұрақтар мен жауаптарын сәйкестендіру.

3-Тапсырма Сәйкестендіру. Жұптық тапсырма. «Тарсия» әдісі.

  1. Этнос

  2. Халық

  3. Тіл

  4. Тіл адамдардың қарым-қатынасының,
    мәлімет сақтау және оны берудің маңызды құрал.

  5. Билингвизм

  6. Қостілділік немесе көп ұлтты елдерде кездеседі.

  7. Лингвафранка

  8. Түрлі ұлт өкілдерінің қарым-қатынас жасауына бір қызмет аясында қолданатын тіл.

  9. Тіл семьялары

  10. Өте ұқсас тілдер топтарға немесе қосалқы топтарға біріктіріледі

Жалпы балл – 2 балл.

4 анықтаманы сәйкестендірсе -1 балл.

2 анықтаманы сәйкестендірсе- 1 балл.

Қағаз қиындылары сұрақтар мен жауаптары




4 -Тапсырма

Топтық жұмыс«Фишбоун» әдісі арқылы берілген тақырыптар бойынша әр топ өз тақырыбын постер жасап қорғауға тақырып береді. Мәселе. Себептері. Фактілер. Дәлелдемелер.

Қорытынды.

4 -Тапсырма

Топтық жұмыс.«Фишбоун» әдісі
1 топ: Үштілділік
2-топ: Мемлекеттік тіл мәртебесі
3-топ: Толеранттық

Топтардың өзара бағалауы. Дескриптор:

Жалпы – 5 балл

Тақырып бойынша мәселе анықтаса – 1 балл. Себептерін жазса– 1 балл. Фактілер жазса – 1 балл. Дәлелдемелер келтірсе – 1 балл

Қорытынды жазса – 1 балл.


ДК экраны

7-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

5 мин.

Кері байланыс. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Мақсаты:Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі:Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.


Жеке жұмыс.

Кері байланыс. «Аяқталмаған сөйлем» әдісі.

- бүгінгі сабақта мен....түсіндім, ...білдім, ....көзімді жеткіздім.

- бүгін сабақта қуантқаны.....

- мен өзімді.....үшін мақтар едім.

- маған ерекше ұнағаны.....

- сабақтан соң маған........келді

- бүгін маған..........сәті түсті.

- қызықты болғаны.....

- ......қиындық тудырды.

- менің түсінгенім.....

- енді мен......аламын.

Мұғалім оқушыларды «Бас бармақ» әдісі арқылы бағалайды. Жарайсың!

Жақсы!

Талпын!

«Сызғыш» бағалау сызығына дескриптор арқылы сабақта жинаған баллдарын өздері сызып белгілегендері бойынша жинаған баллдарын айтады.

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.



338тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!