Материалдар / Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары

Материал туралы қысқаша түсінік
Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары атты қысқа мерзімді жоспар жаңартылған білім беру мазмұнының бағдарламасы аясында 7-сыныпқа әзірленіп құрылды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Мамыр 2018
2433
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Шығыс Қазақстан облысы

Глубокое ауданы

«Опытное поле орта мектебі» КММ







Сабақтың тақырыбы:





Өткізілген сынып: 7-А сыныбы

Пән: География






Опытное поле ауылы

2017-2018 оқу жылы



Қысқа мерзімді жоспар


Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:Халық географиясы Мектеп: «Опытное поле орта мектебі» КММ

Күні: 14.02.2018 ж. Мұғалімнің аты-жөні: Г.Ж.Ахметова

Сынып: 7- А Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Дүниежүзі халқының тілдік әулеттері мен топтары

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты

7.4.1.1 Дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелуін түсіндіреді

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы:Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары туралы біледі.

Оқушылардың көпшілігі: Бір тілді және екі тілді елдерді салыстыра алады. Оларға мысал келтіреді.

Оқушылардың кейбіреуі: Тіл тобы мен этникалық шығу тегінің ерекшеліктерінің басты себебін анықтайды.

Бағалау критерийі

Білу және түсіну- Тақырыптың негізгі ұғымдарын біледі. Оларға анықтама бере алады. Дүниежүзінде ең көп тараған тіл әулетін атайды.

Қолдану- Мәтіндегі ақпаратты қолдана отырып, Қазақстандағы этностардың орналасуына мысалдар келтіреді. АКТ саласында құралдармен жұмыс жасайды.

Синтездеу – Қазақстандағы этностарға жалпылама сипаттама береді.

Бағалау- Қазақстанның дүниежүзіндегі толеранттылықты, дін және мәдениет аралық достастықты қамтамасыз етуіне қосқан үлесін бағалайды.

Тілдік мақсаттар

Оқылым: Оқулықтағы мәтінді жекелей және бірлесе оқиды.

Тыңдалым: Әр оқушы өз ойын ортаға салып, пікір алмасады.

Жазылым: Дәптерлеріне халықтардың таралу аймақтары бойынша тіл әулетінен тізбек құрастырады

Айтылым: Негізгі ұғымдардың анықтамасын айта алады.

Тақырып бойынша терминдер: этнолингвистикалық классификациясы, тіл, тіл әулеті, тіл топтары, этнос, халық, ұлт.

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік Ел» ұлттық идеясында көрсетілген қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім жасау құндылығын тәрбиелеу. Əрбір нағыз патриоттың парызы– мемлекеттік тілді білу жəне отандастарымызға оны меңгеруге көмектесу.

Қазақстандағы барлық ұлттың тілдерін дамыту үшін жағдай жасау, үштілділік қағидатын енгізу маңызын түсіндіру. Өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау.Өзге ұлттарды сыйлау, құрметтеу дағдылары қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Дүниежүзі тарихы, Қазақстан тарихы, орыс және ағылшын тілдері

Алдыңғы білім

Халықтың қоныстану заңдылықтары, халық тығыздығының көрсеткіштері, дүниежүзінің халық тығыздығы жоғары және төмен аймақтары туралы біледі.










Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Уақыт

(мин.)

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Дереккөздер, ресурстар

Сабақтың басы

0-3
















4-8

Амандасу. Түгендеу. Оқушыларды әлеуметтендіру мақсатында,олар қазақ, кәріс және украин ұлттары бойынша топтарға бөлінеді.

«Өз туысыңды тап» деген кезде ұлттық киімдері бойынша суреттері бар оқушылар топтарға бөлінеді. Неліктен бұлай топтастырғанымды сұрау арқылы тақырыпты негіздеу және оқушылар оқу мақсатын айқындайды.

1. Әр ұлттың ең негізгі ерекшелігі неде?

2. Дүние жүзінде көп тараған қандай тілдерді білесіңдер?

3. Елімізде қанша ұлт өкілдері бар?

4.Біздің қаламызда қандай ұлт өкілдері бар және қандай тілде сөйлейді?

1-тапсырма: «Орамал тастау» ойыны арқылы оқушылардың орыс және ағылшын тілдеріндегі білімдерін байқау. Түйілген орамалды ұстап алған оқушының тобы берілген ұғымның орыс тіліндегі баламасын айтады. Ары қарай келесі топтағы оқушыға түйіншекті ұсынады. Олар ағылшын тіліндегі баламасын айтады. Тіл-язык- language; халық-народ- people; тіл әулеті- языковая семья- Language family; этнос- этнос- ethnos; ұлт-национальность- nationality; Тіл тобы- языковая группа- Language group.

Дескриптор: Оқушылар үш тілде негізгі ұғымдардың баламасын айта алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Бармақ» әдісі бойынша бағаланады

Сурет қиындылары.























Орамал түйіншегі








Сабақтың ортасы

9-20
















21-28









29-35

2-тапсырма: Оқулықпен жұмыс: (1)ДЖИГСО әдісі бойынша талдайды

2)Постер құру

1.Халықтардың этнолингвистикалық классификациясы бойынша тіл және әулет түсініктерін ұсынады.

2.Дүние жүзінің тіл әулеттері туралы 3-5 кестелері бойынша талдау

3.Қазақстан аумағында тұратын этностарға жалпылама сипаттама беру.

Дескриптор:Әр топ мәтінді оқып, танысады. «Туыс тілдер тобы», «тіл әулеті», тіл әулеттерінің топтастырылуын, Қазақстан аумағында тұратын этностарды анықтап, әңгімелей алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Жұдырықтан бес саусаққа дейін» әдісі

Сергіту сәті: Оқушылардың эмоционалдық аймағын арттыру мақсатында сергіту сәтін ұйымдастыру (Әр ұлттың сәлемдесуі).

7-сыныпқа арналған оқулық.

Қазақстан Республикасының Конституциясы



Ватман,маркер,

стикер


3-тапсырма: Оқушыларға сабаққа кірер алдында түрлі ұлттар бейнеленген суреттер үлестірілді. Казіргі Қазақстан – этносаралық халықтан тұратын мемлекет екені анықталды. Осыған орай Қазақстанның Халық Ассамблеясы туралы, АКТ қолдану арқылы , бейнекөрсетілім көріп «Интервью» әдісі арқылы жұптасып пікір алмасады.

Дескриптор: АКТ тиімді қолданып, Қазақстанның Халық Ассамблеясы туралы диалогқа түсе алады.

Қалыптастырушы бағалау: «Температураны өлшеу» әдісі арқылы өздеріне баға береді.

https://www.youtube.com/watch?v=XSO2omvxXK0



4-тапсырма: Дүниежүзінің тілдер әулеттері картасын пайдаланып, төмендегі кестеге халықтардың таралу аймақтары бойынша тіл әулетінен тізбек құрастырыңдар.

Ұлттың аты

Тіл тобы

Тіл әулеті

Мемлекеті

1

қазақ

түркі

Алтай

Қазақстан

2

орыс




3

неміс




4

қытайлықтар




5

өзбектер




Дескриптор: картада берілген тіл әулеттерін шартты белгілер бойынша тауып, кестеде топтастырады.

Қалыптастырушы бағалау: «Смайлик» әдісі арқылы тапсырманы орындап болған оқушылардың дәптерлеріне салып беру.

Карта,

Үлестірме кесте








Сабақтың соңы

2


1

2

Қорытындылау:Дүниежүзі халықтарының этнолингвистикалық жіктелуі туралы әңгімелеңдер.

Бағалау.

Үйге тапсырма:39-параграфты оқу, ұғымдарды жаттау

Рефлексия «Табыс шыңы» әдісі арқылы. Тасбақа, көлік және ұшақтың суреттері арқылы қай деңгейде тақырыпты меңгергендерін анықтау мақсатында өткізіледі.



Саралау – Сіз оқушыларға қандай тәсілмен көмектесесіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Пәнаралық байланыстар. Денсаулық және қауіпсіздің техникасын сақтау. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану

Қабілеті орташа оқушыларға:

Бір тілді және екі тілді елдерді салыстырыңдар.

Қабілеті жоғары оқушыларға:

Қазақстанның дүниежүзіндегі толеранттылықты, дін және мәдениет аралық достастықты қамтамасыз етуіне қосқан үлесін бағалаңдар.

Қане, оқушылар сабақ тақырыбы бойынша барлығы түсінікті болса «Шапалақ» әдісі арқылы үш шапалақ соғайық, орташа болса екі шапалақ және түсініксіз болса бір рет шапалақтайық. (4-слайд)


Оқушылардың жас ерекшелігін ескере отырып АКТ құралдары денсаулыққа зияндылығын және нормативке сай 5 минут қолдану.

Сабақ бойынша рефлексия:

Сабақтың/оқу міндеттері шынайы болды ма?

Оқу атмосферасы қандай болды?

Менің жоспарлаған дифференциация дұрыс болып шықты ма?

Мен регламентті сақтадым ба? Менің жоспарымда қандай өзгерістер болды және олар қандай?

Жалпы бағалау:

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты) ?



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты) ?


2.


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?














Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!