"Дүниежүзілік діни құрамы"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

"Дүниежүзілік діни құрамы"

Материал туралы қысқаша түсінік
Жаңартылған оқу бойынша ҚМЖ
Материалдың қысқаша нұсқасы

Сабақ жоспары

География пәні

Қысқа мерзімді сабақ жоспары.


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Халықтар географиясы

Мектеп: Сұңқар орта мектебі

Күні: 26.02.2018ж

Мұғалімнің аты-жөні: Абишава С.М.

Сынып: 7

Қатысқандар саны: 8

Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Дүниежүзі халқының діни құрамы

Осы сабақта қол жеткізілетін

оқу мақсаттары (оқу

бағдарламасына сілтеме)

7.4.1.2 дүниежүзі халқының діни құрамы мен діндерінің таралу аймақтарын анықтайды.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылардың қолынан келеді:

Дүниежүзі тұрғындарының діндік құрамын және діннің таралуын анықтайды, әлемге танымал 3 әлемдік діннің ерекшеліктерімен танысады, тақырып бойынша өзіндік жұмыстар орындайды, түйінді түсініктерді естеріне сақтайды, тірек сызбаларды құрастырады.

Көпшілік оқушылардың қолынан келеді:

Әлемдегі діннің көптүрлілік себептерін, олардың таралуын талдайды және түсіндіреді, сарамандық тапсырмаларды орындайды.

Кейбір оқушылардың қолынан келеді:

Діндік құрамды оқып білудің маңыздылығына баға береді, пікірталас өткізу үшін сұрақтар дайындайды, тақырып бойынша таныстырылымдар, баяндамалар дайындайды.

Бағалау критерийлері

Халықтың нәсілдік, этникалық, діни құрамы ұғымдарын біледі.

Діндерді бөле алады, оларды кестеде топтастыра алады, картадан таралу аймақтарын көрсете алады, жоспар бойынша сипаттай алады.

Ойлау дағдылары

Білу, түсіну, қолдану.

Тілдік мақсаттар

Пән бойынша сөздер мен терминдер:

Ауызша және жазбаша сөзге арналған қажетті сөйлемдер:

Дүние жүзі халықтары мынадай діндерге .............................................................................. бөлінеді.

Әлемдік діндерді өздеріне тән ерекшеліктеріне қарай былайша................................................ сипаттай аламын.

Құндылықтарды дарыту

Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы құндылықтарын дамыту.

Д.ж. халықтарының діни көрсеткіштерін анықтауда, әр діндердің өзіне ғана тән құндылықтарын түсіну дағдысын қалыптастыру

Пәнаралық байланыстар

Жаңа сабақтың мазмұнын ашу мақсатында тарих пәнімен байланыс орнатамын. Дүниежүзілік діннің даму тарихын айту барысында тарихпен байланысы.

АКТ қолдану дағдылары

Ғаламтор желісінде тақырыпқа қатысты мәліметтерді іздеуде АҚТ мүмкіндігін пайдалана алады.

Бастапқы білім

5,6 сыныпта дүниежүзілік тілдің, діннің дамуы мен таныс.

Алдыңғы сабақ

Дүниежүзі халықтарының тілдік әулеттері мен топтары.


Сабақ барысы

Дереккөздері

Ресурстар

Ұйымдастыру кезеңі

2 мин

Психологиялық ахуал тудыру: Оқушылардың көңіл-күйлерін көтеру.


PowerPoint презентация-сын көрсету

Қызығушылықты ояту кезеңі.


Білу


5 мин

Жаңа сабаққа көшу. Талдау. Сыныппен жұмыс. Сурет арқылы сабақ тақырыбын болжау.

  1. 1 және 2 суреттен не көріп тұрсыздар?

  2. Екі сурет өзара байланыса ала ма?

  3. Сурет туралы әңгімелеңіздер.

  1. Сурет 2 – сурет

  1. Сабақ тақырыбы қандай болмақ?

  2. Жеке жұмыс. СТО әдістемесі бойынша төмендегі кестенің алғашқы екі бағанын толтырыңыздар.

Не білемін

Не білгім келеді

Не білдім

-





Бейнематериал

3 мин

Bilimland.kz Дүниежүзілік діндер туралы



Мағынаны ашу

Түсіну


7 мин


Географиялық қоржын.

  • Дін дегеніміз не?

Дін – адамзат қоғамындағы аса күрделі де маңызды әлеуметтік-мәдени сана. Діннің басты мақсаты – адамның рухани жетілуі және оның Жаратушы Құдайға сенімі.


  • Сенім дегеніміз не?

Сенім — адамның ақыл-ойын, күшін, еркін, қабілетін жоғарылататын жағымды сезім. Сенім — адамның жігерін арттырып, болашаққа құлшындыратын құбылыс (болашаққа сену, еңбекке сену, жақын адамдарға сену, дінге сену, т.б.). Сенім үміттен басталады. Сенім адамның алдына қойған мақсатының айқын болуы, дүниетанымының өмірмен байланыстылығы берік сенімнен туады. Бұл адамның нақты іс-әрекеті мен тәжірибесіне байланысты.


PowerPoint презентация-сын қолдану


Сабақтың ортасы

Қолдану

8 мин

















2 минут





«Ойлан, жұптас, пікірлес» әдісі арқылы.

Тапсырма №1: Жұптық жұмыс. 7 сынып оқулығындағы §40, 144-145 беттердегі мәтінді пайдалана отырып дүние жүзі діндері тірек сызбасын жалғастырыңыздар

Әр жұп өз жұмыстарын сыныпта жариялайды. (3 мин)

Дескрипторлар:

  1. Әлемдік діндерді атайды;

  2. Д.ж. Діндерінің құрамы бойынша топтастыра алады;


Сыныппен жұмы

Тапсырма: берілген ғимараттарды дін түрлеріне сәйкестендіріңдер.

1 – сурет 2 – сурет 3 - сурет



Смайлик-тер арқылы бағалау





















10 мин

«Джигсо» әдісі арқылы.

Тапсырма №3: топтық жұмыс. мәтінді пайдалана отырып, жоспарға сәйкес дүниежүзі діндерін сипаттаңыздар. /15 минут/.

1-топ. Христиан

2-топ. Ислам

3-топ. Буддизм

4-топ. Қазіргі замандағы діннің рөлі

Жоспар.

  • Дін атауы

  • Шығу тарихы

  • Тармақтары немесе бағыттары

  • Таралған аумағы

  • Діни мерекелері

  • Сипаттама / өзіне ғана тән ерекшеліктерін, белгілерін стпаттаңыздар/.

Дескрипторлар:


  1. Дүниежүзі Діндерін жоспар бойынша сипаттай алады.

әр топ өз жұмыстарын 3 минут ішінде қорғаулары тиіс.

  • Топтар бір-бірін бағалайды. Әр топтың жұмысына «екі ұнаған жерлері, бір ұсыныс»























Кері байланыс


1 мин

«СТО» әдістемесі бойынша төмендегі кестенің соңғы бағанын толтырыңыздар.

Не білемін

Не білгім келеді

Не білдім

-





Үй тапсырмасы:

1 мин

  1. Қайталау.

  2. Әлемдік діндер картасын пайдалана отырып, әлемдік діндердің таралу аймақтарын кескін картаға түсіріңіздер.


Сабақтың соңы

1 мин


Смайликтер арқылы кері байланыс алу .


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы



Партада отыру ережесін, сынып ережесін сақтау.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарланған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?


Жалпы бағамдау

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Кері байланыста сабақтың соңында «Смайликтер» арқылы алдым, сабақтың толық меңгеруін жақсарта алады әрі келесі сабақты жоспарлауыма көмектеседі.



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
28.02.2018
938
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі