Материалдар / Дүниежүзілік металлургия
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниежүзілік металлургия

Материал туралы қысқаша түсінік
сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Маусым 2018
1057
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Пән: География. Сынып: 10 Күні: 12.03.2018 Бекітемін:

Сабақтың тақырыбы:

Дүниежүзінің металлургиясы.

Сабақтың мақсаты:

Дүниежүзінің қара металлургия, алюминий, мыс металдарын өндіріп, өңдейтін жетекші елдерді сипаттап картадан көрсете алады.

Оқу нәтижесі:

Сабақ мақсатын ашуға негізделген тапсырмалар арқылы, дүниежүзінің қара металлургия, алюминий, мыс металдарын өндіріп, өңдейтін жетекші елдерді сипаттап картадан көрсете алады.

Түйінді идеялар:

Оқыту – бұл ерікті,дербес, күш салуды қажет ететін үдеріс. Бұл – ынтаны, шыдамдылық пен мұқияттылықты талап ететін өзіндік серпіні болуы мүмкін ескі, баяу, бірізді үдеріс.”

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:

мұғалім не-мен айна-лысады.

oқушылар немен айналысады


Сабақты

ұйымдастыру кезеңі: оқушыларды түгелдеп,

сергіте отырып, топқа бөлемін.























Жаңа сабақ:

Жаңа сабақты бекіту:

1.Сергіту сәтін орындайды. 4 минут.

Оқушылар дөңгелек болып тұрады.Ешкім сөйлемейді,үнсіздік орнайды. Мен оқушылардың маңдайына 3 түрлі-түсті стикердің бірін жапсырамын.Олар сөйлемей маңдайындағы стикердің түсін бір-біріне айтпай, бір түсті стикері бар оқушылар бірігуі керек.Осылай сергіте отырып, 3 топқа бөліп аламын.Топқа бөлудегі мақсатым топтық жұмыс беріп, жарыстыру емес,ынтымақтастық атмосфера қалыптастыру.

1-тапсырма: Үй жұмысын қайталау.4 минут.Қайталап болған соң оқушыларды ортаға шығарамын.12 минут.

Өрмекшінің торы: 1.Ойынға қатыса отырып, өзін емін-еркін сезінетін жағдайда үй жұмысын қалай меңгергенін, өзіне қызықты болған материалдарды есіне түсіреді және күмән тудырған мәселелелер, өзін мазалаған сұрақтар бойынша қосымша мәлімет алады, білім қоржынын толықтырады.

2. «Өрмекшінің торы»: Үй жұмысын тексеру мақсатында оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мен қолыма шумақ жіп алып тұрамын.Оқушылар үй жұмысының тақырыбын еске түсіріп, әңгіменің басы болатындай фразаны айтамын да (мысалы: «Өткен сабақта біз Өнеркәсіптің орналасу заңдылықтары. Отын-энергетика кешені деген тақырып өттік.), қолымдағы шумақ жіптің ұшын алдын ала өз саусағыма орап, шумақты шеңберде тұрған оқушыға лақтырамын.Ол қарастырған тақырып бойынша маңызды ақпаратты, айтып, жіптің ұшын өз саусағына орап, шумақ жіпті келесі оқушыға лақтырады. Шумақ жіп барлық оқушының саусағына оралған кезде шеңбердің ортасында «өрмекшінің торы» тоқылады. Енді шумақ жіпті ең соңында алған оқушы саусағына оралған жіпті тарқатып, өзін мазалаған немесе түсініксіз болған, күмән тудырған сұрағын айтып, шумақ жіпті керісінше бағытта лақтырады. Жіпті алған оқушы қойылған сұраққа жауап беруге тырысады. Ол жауап бере алмаса, шеңбердің ішінде тұрған кез келген оқушы жауап бере алады. Бұл іс-әрекет «өрмекшінің торы» толық тарқатылғанша жалғаса береді.Осылайша оқушылар ойнай отырып,үй жұмысын қорытындылап, мәліметтерді нақтылап, белгісізді анықтап алады.

Жаңа сабақты түсіндіру. Тексті 3-ке бөліп, 3 топқа беремін. Олар мазмұндап, топта талқылап, ортада түсіндіре отырып, картадан көрсетеді.12 минут.

2-тапсырма: Семантикалық картаны толтыру.


Қытай

Темір

Шығыс Еуропа

Алю-миний

Мыс

Мыс

Алю-миний

Мыс

Руда-Шойын-Болат:


+







Темір кен қорының ең көп таралған аймағы....



+






Шойын балқытудан 1-ші, болат өндіруден 2-ші орында қай ел?

+








Өндірісі арзан электр эн-ергиясына негізделген металл...




+





Өндіру негізінен шикізат көзіне бағдарланған металл







+




Бұл металдың кен құрамы-ндағы мөлшері: 0,5-3,5%






+



Қай металдың 1 тоннасын алу үшін 14 мың кВт/сағат электр энергиясы жұмсалады?







+


2012 жылы Қазақстан 405 мың тонна тазартылған қандай металдың түрін өндірді?








+

Дереккөздер және жабдықтар: Жіп, интерактивті тақта, оқулық, слайдтар, карта, кесте.

Кейінгі оқу:

33-тақырыпты оқу.Тақырып соңындағы сұрақтарға дәптерге жауап жазып келу.

Сабақты бағалау:



Өрмекшінің торы, Семантикалық картаның толтырылу нәтижесіне сай бағалаймын.

Жақсаруға қол жеткізудегі ең ықпалды қару – кері байланыс”. Екі жұлдыз,бір тілек; Кері байланыс. Оқушылардың сабақтан алған әсері.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!