Материалдар / Дүниетану пәні бойынша сабақ жоспарлары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниетану пәні бойынша сабақ жоспарлары

Материал туралы қысқаша түсінік
Адам өмір сүру үшін қажетті шараларды біліп, оқушыларға адамға өмір сүру үшін қажетті сұраныстарды анықтатып, түсіндіру;
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2017
1061
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

І тоқсан Дүниетану №1 сабақ

  1. Сабақтың тақырыбы: Адам өз өміріне қажетті жағдайлар

Мақсаты: 1. Адам өмір сүру үшін қажетті шараларды біліп, оқушыларға адамға өмір сүру үшін қажетті сұраныстарды анықтатып, түсіндіру;

2. Сабаққа деген қызығушылықтарын арттыра отырып, оқушылар сұраныстарды тілектерден бөліп қарау қабілеттерін жетілдіру;

3. Жұптасып өмір сүруге баули отырып, үлкенді сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

  1. Дүниетану пәнімен, оның авторларымен, шартты белгілерімен таныстыру;

3.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Кіріспе әңгіме:

- Балалар, сендер өмір деген сөзді қалай түсінесіңдер? (балалар өз ойларын айтады)

- Дәптерлеріңе «ӨМІР» деген сөзді естігенде ойларыңа не келеді, соны жазыңдар. (жазғандарын оқытып, саралау)

- Біз қай елде тұрамыз? Біздің елде адамдар жақсы өмір сүру үшін қандай жағдайлар жасалған?

Кітаппен жұмыс:

Садықбек Хангелдин «Бәрі – менің өмірім, сен сыйлаған» өлеңін оқып талдау:

- Балалар, осы өлең жолдарынан нені ұқтыңдар?

- Өлең қандай мағынада жазылған? Бәрі –менің өмірім Сен сыйлаған дегенді қалай түсінесіңдер?

Жаңа материалмен жұмыс:

Мәтінді оқып, талдау жүргізу:

  • Ал осы мәтінге сүйеніп айтып көріңдерші, сендерге өмір сүру үшін не қажет?

  • Мәтіндегі белгілер сызығындағы сөзді табайықшы:

  • «Шөлдедің. Саған не керек? Әрине СУ іздейміз.

  • Кәне адам қатты шөлдеп, су ішкеннен кейін қандай сезімде болады?

  • Қаймақ, сүт, айранды бір тілім нанмен жұтып алғың келеді. Яғни саған не керек? Әрине НАН қажет еттің. Яғни адамға су мен бірге не қажет екен? (су, тамақ)

Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту, бөліктерге бөліп оқыту.

Дәптермен жұмыс:

Пробл.ситуация: « Егер мен шөлдалада жүрсем...» , «Егер мен бірнеше күн тамақсыз отырсам...» Жазған жұмыстарын оқытып, талдау

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

а) Интеллектуалды ойын ұйымдастыру:

КDrawObject2 DrawObject1 өкпар (сұрақ-жауап) Бәйге (Ұйқасын тап) Мәре (Жұмбақтар)

ә) Мәтінмен жұмыс : тауып оқыту

- Сонымен бүгін адам өміріне қажетті қандай заттармен таныстық?

Бұл қызық! Бөлігін оқытып сұрақтарға жауап алу:

- Сонда адам өміріне су мен тамақтан басқа ең бастысы не қажет екен?

Сусыз бес күн, Ауасыз бірнеше минут – салыстырып, дәлелдету,

Мысалы сендер сабаққа келгеннен бастап, үйлеріңе қайтқанша сусыз отыра бере аласыңдар.

Ал, ауа жұтпай отыра аласыңдар ма? кәне тексерейік: (оқушыларға мұрындарын жапқызып, қанша минут шыдайтындарын бақылау)

4. Қорытынды:

Жұптық жұмыс: - Балалар адам өміріне қажетсіз заттар да болады екен. сол туралы өздерің білетін заттарды жұптаса отырып жазып шығыңдар (жазғандарын оқытып, дәлелдету, пікірталас)

  • Сонымен адам өміріне ең бастысы не қажет екен? өз өмірлеріңе не қажет?

DrawObject4 DrawObject3 Әр балаға осындай «қажеттілік-тілек»

DrawObject14 DrawObject11 DrawObject12 DrawObject13 DrawObject5 DrawObject6 DrawObject10 DrawObject9 DrawObject8 DrawObject7 жазылған карточка таратып, толтырту;


5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, «Қажеттілік –Тілек» тақырыбына өз ойларында жүрген суретті салу

6. Бағалау;


Күні: №2

  1. Сабақтың тақырыбы: Адам өз өміріне қажетті жағдайлар

Мақсаты: 1. Адам өмір сүру үшін қажетті шараларды біліп, табиғаттың адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

2. Белгілер картасын дұрыс сөздермен толтыра білу дағдыларын қалыптастыра отырып, өмір сүруге деген құлшыныстарын арттыру, ой өрістерін дамыту;

3. Табиғат құбылыстарын ажырата білуге үйрете отырып, табиғи заттарды тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру: қажеттілік сызба тірегі бойынша тексеріп өту;

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

3.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Жұмбақтар шешу:

1. Ақ сандығым ашылды, Ішінен жібек шашылды (Күн)

2. Таза мөлдір су емес, Көзіңе әсте көрінбес (Ауа)

Суреттермен жұмыс:

  • Осы суреттерден адам өміріне не қажет, не қажет емес екенін табайықшы.

  • Күн не үшін керек? Бұлттан бізге қандай пайда бар? Үйдің адам өміріндегі маңызы қандай? адам тағам мен сусындарсыз өмір сүре ала ма? ағаштардың ауаға, адамға қандай пайдасы бар?

Жаңа материалмен жұмыс:

Мәтінді оқып, талдау жүргізу:

  • Ал осы мәтінге сүйеніп айтып көріңдерші, сендерге өмір сүру үшін не қажет?

  • Мәтіндегі белгілер сызығындағы сөзді табайықшы:

  • «Күн – табиғаттың перзенті. Ендеше адам жылуды КҮННЕН алады..

  • Күннің жер бетіне жарық шашудан басқа қандай пайдасы бар?

  • Қыс мезгілінде ауа райы қатты суық болып, күн көзінің жылуы азаяды. Сол кезде үй де суып кетеді. Адамға жылыну үшін не қажет? (отын) Отынды қайдан алады. (шахта туралы түсінік бере кету) Демек, отын да (ағаш, көмір, газ) табиғи заттар екен.

  • Ал, адамдар осы қыс мезгілінде қалай киініп жүреді? Киімдерді қайдан алады?(малдың жүні қажет) Адам үйді салғанда нелерді пайдаланады? (Кірпіш, саз, құм, ағаш, шыны)

  • Яғни, Осы аталған заттардың барлығы табиғаттың туындысы деуге толық негіз бар ма?

Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту, бөліктерге бөліп оқыту.

Дәптермен жұмыс:

Табиғаттағы өлі денелерді бір бөлек, тірі денелерді бір бөлек топтастырып жазу

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

Қима қағаздардан кітапта берілген жапырақтарды жасап, сөздерді дұрыс құрастырып, құрылыс материалдарының атын шығару;

ә) Мәтінмен жұмыс : тауып оқыту

- Сонымен бүгін адам өміріне қажетті қандай заттармен таныстық?

Табиғат берілген сызбаны толтыру;

- Сонда адам өміріне табиғат қандай қажетті заттарды беріп отыр? Табиғат пен адам арасында қандай байланыстар бар деп ойлайсыңдар? (табиғат адамға су, ауа, жылу, жарық т.б. заттарды береді, Адам табиғаттағы ағаштарды күтіп баптайды, табиғи заттарға қамқорлық жасайды)

4. Қорытынды:

- Сонымен адам жылуды, жарықты, ауаны суды, тағамды, киімді қайдан алады?

- Бұл қажеттіліктерді табиғаттан қалай алады? «Иә. Жоқ» сөдерін белгілеу арқылы кестені толтыртып, дәлелдету;

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, өлі табиғат денелерінің суреттерін салып келу;

6. Бағалау;

Күні:

  1. Сабақтың тақырыбы: Нан – тамақтың атасы

Мақсаты: 1. Тұқымның нанға айналу жүйелілігін түсіндіре отырып, нанның адам өміріндегі маңызы жайлы әңгімелеу, түсіндіру;

2. Нанның маңыздылығы жайлы білетін ұғымдарын одан әрі дамыту;

3. Адам еңбегін бағалай білуді үйрете отырып, нанды қастерлей білуе тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру:

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру: Жұмбақтар шешу:

1. Егіп көреді, Теңіз емес, тербеледі (Егін) 2. Ұзын мұртт сарылар, Қойынында наны бар (Бидай)

3. Айналып тыным таппас дөп-дөңгелек, Бір нәрсе адамдарға көптен көмек.

Толтырып аузына ас салып берсең, Ұнтақтап шығарады елеп-елеп (Диірмен)

Аузында орақ, Қолында тарақ, Аңызда келеді, Ақ маржан төгеді (Комбайын.

Суреттермен жұмыс:

Жұмбақтардың шешуіндегі суреттердің маңыздылығы жайлы әңгімелету;

- Балалар, сендер қалай ойлайсыңдар, осындай хош иісті, қызыл шырайлы нанды өсіріп, баптап дастарханға әкелу қиын ба, оңай ма? неліктен олай ойлайсыңдар?

Кітаппен жұмыс:

Ө.Тұрманжановтың «Нан қоқымын шашпаңдар» өлеңін оқып талдау:

- Балалар, осы өлең жолдарынан нені ұқтыңдар? Нанды қалай құрметтеуді ұсынып отыр?

- Өлең қандай мағынада жазылған, сендерден өтініп сұрап тұр ма, әлде тілек тілеп тұр ма?

Жаңа материалмен жұмыс:

Мәтінді оқып, талдау жүргізу:

  • Ал осы мәтінге сүйеніп айтып көріңдерші, сендерге нан не үшін қажет?

  • Нанның құрамында нелер бар дейді?

  • Қаймақ, сүт, айранды бір тілім нанмен жұтып алғың келеді. Яғни саған не керек? Әрине НАН қажет еттің. Яғни адамға су мен бірге не қажет екен? (су, тамақ)


Мәтінді оқушыларға тізбектеп оқыту, бөліктерге бөліп оқыту.

Дәптермен жұмыс:

Нан туралы мақал-мәтелдер жаздыру;

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

а) Сызбаны толтыр: әр оқушыға жеке-жеке таратып беріп, оқушылардың нанның шығуы туралы алған білімдерін тексеру:

DrawObject27 DrawObject26 DrawObject25 DrawObject24 DrawObject22 DrawObject23 DrawObject21 DrawObject20 DrawObject19 DrawObject18 DrawObject17 DrawObject16 DrawObject15


ә) Мәтінмен жұмыс : тауып оқыту

- «Нанды аяқ астына тастама, баспа. Сүтті төкпе – деген тыйым сөздердің мағынасы неде? Неге олай айтады?

Кітапта берілген, сызбаны пайдаланып, нан пісіріп дайындау үшін қандай жұмыс тәртіппен орындалатынын ретімен қойдыру

4. Қорытынды:

Жұптық жұмыс:

  • Сонымен нанның адам өмірі үшін қандай пайдасы бар? нан дастарханға қалай келеді екен?

  • Ұннан наннан басқа тағы да қандай өнімдер жасауға болады?

«Бауырсақ» сөзжұмбағын шешу:

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, ұннан жасалатын бір тағам түрінің жасалу тәртібін жазып келу;

6. Бағалау;



Күні: №5

Сабақтың тақырыбы: Адам еңбегі және оның адам өміріндегі маңызы

Мақсаты: 1. Адамның өміріндегі еңбектің мәнін бағалай білуді, жақсы өмір сүру үшін еңбек етудің пайдасы зор екенін түсіндіре отырып, тақырыптың негізгі идеясын ашу

2. Еңбектің маңыздылығы жайлы білетін ұғымдарын одан әрі дамыту;

3. Адам еңбегін бағалай білуді үйрете отырып, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру: нанның пайдасы , дастарханға келу жолдары туралы сұрап, жазып келген тағамның жасалу жолдарын оқыту;

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі: (суреттермен жұмыс)

- Балалар, қараңдар, нанды өндіруге қаншаман маман иесі жұмылдырылады. Бізді қоршаған барлық заттарды да адамдар жасайды.

Пікірталас тудыру: (сынып оқушыларын екі топқа бөлу. І топ: «Иә». ІІ топ: «Жоқ»)

- Әр маман иесі өз мамандығымен ғана айналысады – деген пікірге келісесіңдер ме? Неліктен?

СDrawObject30 DrawObject28 DrawObject29 ызбамен жұмыс:

DrawObject33 DrawObject34 DrawObject32 DrawObject31

DrawObject36 DrawObject35

Плакаттағы сөзге білетін мамандық иелерін жазып, олардың істейтін қызмет түрлерін атап жазады.

5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Суреттермен жұмыс:

Әр мамандық иелерінің суреттерін көрсете отырып, олардың қызмет түрлерін, пайдасын насихаттау;

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (11-беті):берілген суреттерді қарастырып, әр суретке берілген жұмбақтардың жауаптары арқылы мамандық иелерін атап, оның қызметінің маңыздылығы туралы әңгімелету; ерекше сызықтағы берілген сөйлемдерді талқылату;

Дәптермен жұмыс:

«Кім болғың келеді?» тақырыбына берілген тірек сұрақтар бойынша шығарма жазу:

Тірек сұрақтар: І. Өскенде кім болғың келеді?

ІІ. Не үшін ол мамандықты қалайсың?

ІІІ. Ол мамандықтың еліңе, өзіңе қандай пайдасы бар?

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

а) Сызбамен жұмыс: Адам еңбек етудегі, үздік мамандық иесі болудығы ең қажетті қасиеттер

DrawObject39 DrawObject38 DrawObject37

Еңбек

Шыдамдылық

Жауаптылық

Білімділік


ә) Оқулықпен жұмыс :

Кітапта берілген өлеңді оқытып талдау жасау;

12-беттегі суреттермен жұмыс:

- Ата –ананың міндеті не екен? Баланың міндеті не?

- Әр жанұя мүшесі қандай үй тірлігімен айналысады?

- Адамдар қандай еңбек түрлерін жасайды?

Осы бетте берілген мақал-мәтілдерді оқытып мағынасын ашу, дәптерлеріне көшіріп жаздыру;

4. Қорытынды: Топтық жұмыс:

Әр топ, карточкадағы мамандықтарға сипаттама беріп, қимыл әрекер арқылы қызметтерін көрсету:

ӨРТ СӨНДІРУШІ

ЖҮРГІЗУШІ

МҰҒАЛІМ

ҰШҚЫШ

ДӘРІГЕР


13-бетте берілген суреттермен жұмыс:суретте берліген құрал-сайман мен көлік түрі не үшін қажет?

- Сонымен адамдар жақсы өмір сүруі үшін не керек? Қандай еңбек түрлерімен таныстық?

- Өз қалауыңдағыдай жақсы маман иесі болу үшін не керек екен? (сызбаны еске түсіріп, қорыту)

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, ата-аналарының мамандықтары туралы жазып келу;

6. Бағалау;

Күні: №6

Сабақтың тақырыбы: Табиғатты қорғаудағы адамның рөлі

Мақсаты: 1. Оқушыларға адамның өміріндегі қызметі мен қоршаған ортаның жағдайын сәйкестендіріп тұратын маңызды ұғымдарды түсіндіру

2. Адамның табиғатпен дұрыс қарым-қатынаста болу үлгісін ұсына отырып, білім-білік дағдыларын дамыту;

3. Табиғаттағы тәртіпті сақтау ережелерін үйрету.

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру: мәтінді сұрап, ата-аналары туралы жазып келген шығармаларын оқыту

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі: (суреттермен жұмыс)

Балаларға өткен сабақтағы еңбек жайлы айтылған мақал-мәтелдерді еске түсіртіп, талдап өту

Тақтадағы жазба:

Адамдардың әрбір ағашқа, әрбір шөпке мейірімділігі қажет

Сөйлемді оқытып, өз пікірлерін ортаға салдыру;

5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Суреттермен жұмыс:

15 беттегі берілген суреттермен жұмыстар жүргізу

  1. Суреттегі бала неге төмен қарап тұр?

  2. Қалай ойлайсыңдар, қыздар балаға не айтып тұр?

  3. Сынған ағаш, гүлдерді көрсеңдер қандай күйде боласыңдар?

  4. «Сыйға- сый» дегенді қалай түсінесіңдер?

  5. Өздерің ағашты күтіп баптау туралы не білесіңдер?

  6. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (14-беті):берілген суреттерді қарастырып, «Алма жинау» ойыны арқылы сұрақтарға жауап алу:

  1. Бұл суретте қандай еңбек түрлері көрсетілген? 2. Жеміс ағаштарын қалай күтеу керек?

  1. Балалар не туралы сөйлесуі мүмкін? 4. Өсімдіктерді зиянкестерден қалай қорғауға болады

5. Сен қандай жұмыспен айналысар едің? 6. Адам табиғаттан не алады?

Дәптермен жұмыс:

«Өсімдіктер табиғат көркі?» тақырыбына берілген тірек сұрақтар бойынша шығарма жазу:

Тірек сұрақтар: І.Өсімдіктер табиғатқа қандай көрік береді?

ІІ. Оларға қандай қамқорлық жасау керек?

ІІІ. Жеміс ағаштарының, гүлдердің пайдасы?

Сергіту сәті:

3.Жаңа білімді бекіту:

15-беттегі берілген мәтінді оқытып, талдау жүргізу:

- «Бөгде зақымданудан сақтайды» дегенді қалай түсінесіңдер?

- бақты қорғайтын адамды кім дейміз?

«Не ексең, соны орасың», «Сыйға сый» мақалдарын оқытып мағынасын ашу, көшіріп жазып алу;

4. Қорытынды: Топтық жұмыс:

Әр топ, карточкадағы өсімдіктерге сипаттама беріп, суретін салу:

АЛМА АҒАШЫ

ЖЕМІСТЕР

КӨКӨНІСТЕР

БӨЛМЕ ӨСІМДІГІ


13-бетте берілген суреттермен жұмыс:суретте берліген адам бейнесі мен ағаштарды салыстырмалы түрде байланысын табу;

- Табиғаттағы ағаштар жайқалып табиғатқа ерекше көрік беріп тұру үшін қандай жұмыстар жасау керек?

- Табиғат тазалығын қалай сақтау керек? Қандай тазалық тәртіп ережелері бар?

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, үйлерінің қасындағы бақшаның сызбасын сызып келу;

6. Бағалау;

Күні:

6. Сабақтың тақырыбы: Мен және басқалар. Әдептілік

Мақсаты: 1. Оқушыларға әдептілік ережелерін түсіндіре отырып, адамдармен қарым-қатынас ережелерін үйрету,

2. Өзара, бір-бірімен дұрыс қарым-қатынаста болу үлгісін ұсына отырып, білім-білік дағдыларын дамыту;

3. Татулыққа, бірлікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер, кестелер

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру: мәтінді сұрап, сызып келген бақшаларының сызбаларын тексеру

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі: (суреттермен жұмыс)

Балаларға өткен сабақтағы еңбек жайлы айтылған мақал-мәтелдерді еске түсіртіп, талдап өту

Тақтадағы жазба:

Дос бола білу де өнер. Адамды досына қарап таны

Сөйлемді оқытып, өз пікірлерін ортаға салдыру;

5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Суреттермен жұмыс:

  1. еттегі берілген суреттермен жұмыстар жүргізу

  1. Суреттегі балалардың іс-әрекеттеріне қарап оларға қандай мінездеме беруге болады??

  2. Өздерің жолдан үлкен кісіні байқасаңдар не істер едіңдер?

Ой қиял: «Достық» сөзіне өлең шығарту, шығарған өлеңдерін оқыту;

Кестедегі тірек сөздерге қарап, досы туралы әңгімелету

Адал дос ардақты болады.

Шаттандыруға , қолдауға көмектеседі ....

Егер жолға бірге шықсаң....

Дос деген өмірдегі ....

Достық ұзақ ....

Көп ұлтты ....

Сыйлай білу, құрметтеу ...

Әрдайым көмек....

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (16-беті):берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  1. Ілияс табысын қалай хабарлады? Оған анасы не істеді?

2. Бұл жердегі ана мен баланың қарым – қатынасы қалай деп ойлайсыңдар?

5. мәтінде балаға қандай жақсы қасиеттерді ұсынып отыр?

Дәптермен жұмыс:

Мәтіндегі берілген бала бойындағы қасиеттерді теріп жаздыру;

«Сыйластық ережесін» оқытып талдап, көшіріп жаздыру, жалғастыру;

3DrawObject40 .Жаңа білімді бекіту:



18-беттегі берілген ережені тиісті әріптерді қойып көшіртіп жаздыру; (көмектесіп)

Отбасының әрбір мүшесі бір-біріне үнемі КӨМЕКТЕСІП отырса, ондай отбасы бақытты өмір сүреді.

- Сендер бұл сөйлем сөйлемді қалай түсінесіңдер?

4. Қорытынды:

Жақсы деген немене, жаман деген немене» пікірлер сайысы

а) Сынып оқушыларын екі топқа бөліп, берілген пікірлер арасында пікірталас ұйымдастыру:

І топ: «Жақсы», ІІ топ: «Жаман» өз пікірлерін дәлелдету;

ә) «Әдептілік» туралы мақал – мәтелдер сайысын ұйымдастыру;

б) І топ: әдепті бала ; ІІ топ: әдепсіз бала жайлы көріністерін құрастырып, көрсету

- Сонымен әдептілік деген не?

- Отбасындағы бірлік, татулық – дегенді қалай түсінесіңдер?

- Достық деген не? Досың әдепсіз болса, сен де еріп кетер ме едің?

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, әдептілік жайлы мақал-мәтелдер құрастырып, келу;;

6. Бағалау

Күні: №3

7. Сабақтың тақырыбы: Адам және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас

Мақсаты: 1. Оқушыларға әдептілік ережелерін түсіндіре отырып, адам және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас ережелерін үйрету,

2. Өзара, дұрыс қарым-қатынаста болу үлгісін ұсына отырып, білім-білік дағдыларын дамыту;

3. Татулыққа, бірлікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: кесте, кітап

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру: мәтінді сұрап, жазып келген мақал-мәтелдерін оқыту

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

- Адам қоршаған орта туралы нені білу керек?

- Белгілі бір мамандықтың иесі болу үшін адамға не керек? Үй салу үшін немесе бақша өсіру үшін адамға қандай білім қажет? (болжатып, мысалдар келтірту)

Кестені толтыру:

Үйде

Көшеде

Мектепте


  1. Үйде болғанда сен қандай ережелерді сақтауың қажет?

  2. Көшеге шыққан кезде нені есіңнен шығармау керек?

  3. Оқушы өзін мектепте қалай ұстауы тиіс?

5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Берілген мәтінді оқытып талдау жұмыстарын жүргізу:

  1. Жолқозғалысының қандай ережелерін білесіңдер?

  2. Айналадағы дүниені танып білмей оны пайдалану дұрыс па?

  3. От жау емес, дос болу үшін қандай ережелерді қатаң сақтау керек?

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (19-беті):берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Сіріңке, үтік, электер пеші, пышақ, қайшы сичқты заттардың адамға пайдасы мен зияны қандай?

  • Қоршаған ортада қандай зиянда заттар бар?

Дәптермен жұмыс:

Қауіпсіздік ережелерін құрастыру, оны сыныптастарымен бөлісу;

3.Жаңа білімді бекіту: Топтық жұмыс:

- Әр түрлі пәннен алған білімдерің сендердің өмірлеріңе қандай пайдасы тиеді?

І топ: қазақ тілі ІV топ: ана тілі

ІІ топ: математика V топ: еңбекке баулу

ІІІ топ: бейнелеу өнері VІ топ: дене шынықтыру

Әр топ өздеріне берілген тапсырманы орындап болған соң жазған жұмыстарын оқып, пікірлерін ортаға салады, әрқайсы жазған пікірлермен келісетіндігін немесе келіспейтіндігін айтып, мысалдар арқылы дәлелдейді.

13- берілген суреттен қандай тәртіпті көріп отырғандарын әңгімелейді

Өздерінің күн тәртіптерін құрады.

4. Қорытынды:

Т.Молдағалиевтың өлеңін мәнерлеп оқытып талдау:

- Бірінші шумақта не делінген? Таңертең нешеде тұру керек екен? ал сендер нешеде тұрасыңдар?

- Екінші шумақта не делінген? Тіс тазалау не үшін керек?

- Үшінші шумақта қандай ақыл-кеңес берілген?

- төртінші шумақта тамақтану тәртібі туралы не дейді? Мектепке бару үшін ше?

- Осы өлеңнен ойларыңа не түйдіңдер?

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;


Күні: №4

Сабақтың тақырыбы: Адам және қоршаған орта арасындағы қарым-қатынас

Мақсаты: 1. Оқушыларға адамның қоршаған әлемдегі орны жайлы мағлұматтар бере отырып, табиғи құбылыстарды, денелерді анықтауға, бағалауға бағыт беру;

2. Айналадағы дүниені қалай зерттеу керектігі жайлы түсіндіре отырып, білім-білік дағдыларын арттыру;

3. Адам мен табиғаттың арасындағы өзара қарым-қатынасты бағдарлай білуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: суреттер

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап, ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем: Алда тұрған жұмыстарға жақсы икемдеп, оқу материалын қабылдауға арналған жаттығулар жасату;

2. Үй тапсырмасын тексеру: мәтіннен түсінгендерін, өздерінің түйген ойларын мазмұндату, әңгімелету;

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

- Сендер алдыңғы сабақта күн тәртібін құрған кезде табиғи құбылыстарға байланысты болды ма?

- Ал, адамның мінез-құлқы табиғаттың өзгеруіне байланысты бола ма?

- киген киімдері ше?

5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

- Біз сендермен адам өзінің мінез-құлқын табиғаттағы өзгеріске байланысты өзгертетінін айттық. Ал, адамның қалауы бойынша табиғат өзгере ме?

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (21-22-беті):берілген мәтінді оқытып сұрақтарға жауап алу:

  • Адам айналадағы заттардан қандай пайда табады?

  • Айналадағы табиғат құбылысын, және өзгерістерді адам өз қажеттілігіне қалай бейімдейді?

22-беттегі суретті сызбаны талқылау;

  • Табиғаттағы жел, боранның күштерін адамдар қалай пайдаланады?

  • Ал, жұлдыз адамға қалай көмектесе алады?

  • Орман мен ауаның адам өміріне қандай пайдасы бар?

Дәптермен жұмыс: 23 беттегі сызбаны дәптерге сызып, толтыру;

3.Жаңа білімді бекіту: 23-беттегі берілген өлеңді оқытып талдату;

Кестені толтырту:

Адам

Табиғат

...

...

Қажетті нұсқаулықтар бере отырып, адам мен табиғатқа қажетті заттарды жазады

4. Қорытынды:

21-беттегі суреттермен жұмыс жүргізу:

Берілген суреттердегі табиғатта болып жатқан өзгерістер мен құбылыстарды әңгімелету;

- Сонымен адам айналасындағы дүниемен қандай дұрыс қарым қатынаста болу керек?

- Адам өміріндегі ең қажетті табиғи денелерге не жатады?

- Табиғатты зерделеу үшін не қажет?

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып келу; табиғат туралы мақал-мәтелдер жазып келу

6. Бағалау;

Күні: №7

Сабақтың тақырыбы: Көкжиек және көкжиек сызығы . Тұсбағар

Мақсаты: 1. Оқушыларға көкжиек, көкжиектің сызығы туралы білім бере отырып, көкжиектің негізгі және аралық тұстарын түсіндіру;

2. Көкжиек сызықтарын анықтай алуға үйрете отырып, білім-білік дағдыларын арттыру;

3. Алған білімдерін тиімді пайдалана білуге тәрбиелеу;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Ал, балалар, балалар, Ауа, аспан, Жер мен Көк

Күндей күліп тұрыңдар Сырын терең ұғыңдар

2. Үй тапсырмасын тексеру: мәтінді сұрап, жазып келген мақал-мәтелдерін оқыту

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

Бүгінгі сабағымызды «Табиғат» деп аталатын жаңа тараудан бастаймыз

ТАБИҒАТ

DrawObject42 DrawObject41

ТІРІ

ӨЛІ


DrawObject44 DrawObject43


адам, өсімдік, жан-жануар,құс тау, тас, аспан, өзен, т.б.

  • Табиғаттың қандай құбылыстарын білеміз?

  • Адам неге табиғаттың бір бөлігі боып табылады? Алдымен адам маңызды ма, әлде табиғат маңызды ма? дәлелдету

5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

Тақтаға көкжиектің суретін ілу,1-сыныпта өткенді еске түсіру;

Берілген мәтінді оқып талдау жұмыстарын жүргізу:

  • Кітаптағы суретте берілген бейнеде қала салынған ба, әлде дала ма?

  • Сендер қалай ойлайсыңдар, аспан мен жердің түйіскен жеріне дейін жетуге бола ма?

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (26-бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Көкжиек дегеніміз не екен? ал, көкжиек сызығы дегеніміз не?

Сурет бойынша көкжиек сызығын анықтауды үйрету;

Дәптермен жұмыс:

Көкжиек тұстарының сызбасына сүйене отырып, жолдарды толтырту:

  • Солтүстік пен батыс аралығы

  • Оңтүстік пен батыс аралығы

  • Солтүстік пен шығыс аралығы

  • Оңтүстік пен шығыс аралығы

Көкжиектің негізгі және аралық тұстарын сызып, оларды шартты белгілермен белгілету;

  • Бір күні қыдырымпаз Тасбақа мен құмырысқа екеуі келісіп, ашық теңізге саяхатқа шығыпты. Көп жүріп, олар баратын бағыттарынан адасып қалыпты. Енді оларға көмекке келетін ешкім болмаса да , айғайлап көмекке шақырады. Сонда оларға көмекке бір зат келіпті. Ол не екенін білгілерің келе ме? Олай болса мына сөзжұмбақты шешіп тастайық:


Н

О

Т

Ұ

С

Б

А

Ғ

А

Р

А

нDrawObject45 у

О

У

А

Н

М

Б


рDrawObject46

АDrawObject47

Р


АDrawObject48

И

А


Ы

Н

Ғ

Н

Ш


А



Т

  1. Біз одан барлық затты аламыз

  2. Бидай өнімі 3 . Тірліктің өзегі

4. Қысқы дауыл 5. Өмірдің нәрі

6. Аспандағы тылсым 7. Ас атасы

8. Табиғаттың дәулеті, аң мен құстың әулеті
- Сонымен оларға көмекке келген заттың аты не екен?

-Тұсбағар.

  • Оқушыларға тұсбағар туралы түсіндіріп, оның пайдасы туралы әңгімелету;

Оқушыларды 10 минутқа далаға шығарып, тұсбағардың қозғалысын, көрсетіп тұрған тұстарын аңғарту арқылы оның құрылысы туралы білімдерін нақтылау;

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (28-29-бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Тұсбағар дегеніміз дегеніміз не екен? қандай жергілікті белгілерге қарап, тұстарды анықтауға болады?

Дәптермен жұмыс:Тұсбағардың пайдалану тәртібін жазып алу:

DrawObject49







3.Жаңа білімді бекіту:

Суреттер арқылы тұстарды бағдарлап, анықтаудың жолдарын үйрету:

Ж DrawObject51 DrawObject50 еке өскен ағаштың солтүстігіне қараған жағының бұтақтары қысқа әрі сирек болады. ал, оңтүстігінің бұтақтары ұзын жайқалып тұрады.
Егер құмырысқа илеуін көрсең, байқап ақарсаң, әр уақытта оның солтүстігі биік, тік болады да, оң түстігі аласа келеді.

- Құмырысқалар неге илеуін олай жасайды деп ойлайсыңдар? (оңтүстік жағында жылу көбіректеу болады)

4. Қорытынды:

- Сонымен аралық тұстары қалай аталады екен?

- Көкжиек тұстарын білу не үшін керек?

- Көкжиек сызығы деген не екен? осы білім адамға не үшін қажет?

- Оңтүстік пен солтүстікті табиғи заттарға қарап қалай ажыратамыз?

Суреттегі адамдардың қай бағытқа бет алғандарын анықтату;

- Сонымен тұсбағар дегеніміз не екен?

- Тұсбағар не үшін керек?

- Тұсбағарды қалай пайдаланады екенбіз? Кемелер тұсбағарсыз жолға шықпайды дедік. Неліктен

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;






























Күні:

10. Сабақтың тақырыбы: Тұсбағар

Мақсаты: 1. Оқушыларға тұсбағар. Оның көмегі туралы білім бере отырып, тұсбағарды пайдалану тәртіптерін түсіндіру;

2. Көкжиек туралы алған білімдерін одан әрі дамыта отырып, білім-білік дағдыларын арттыру;

3. Тұсбағарды дұрыс пайдалана білуге үйрету;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Ал, балалар, балалар, Ауа, аспан, Жер мен Көк

Күндей күліп тұрыңдар Сырын терең ұғыңдар

2. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ жауап арқылы тексеріп өту:

- Көкжиек дегеніміз не?

- Көкжиек тұстарын атаңдар. Аралық көкжиек тұсын атаңдар

- Көкжиек тұстарын білу не үшін керек?

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

  • Бір күні қыдырымпаз Тасбақа мен құмырысқа екеуі келісіп, ашық теңізге саяхатқа шығыпты. Көп жүріп, олар баратын бағыттарынан адасып қалыпты. Енді оларға көмекке келетін ешкім болмаса да , айғайлап көмекке шақырады. Сонда оларға көмекке бір зат келіпті. Ол не екенін білгілерің келе ме? Олай болса мына сөзжұмбақты шешіп тастайық:


Н

О

Т

Ұ

С

Б

А

Ғ

А

Р

А

нDrawObject52 у

О

У

А

Н

М

Б


рDrawObject53

АDrawObject54

Р


АDrawObject55

И

А


Ы

Н

Ғ

Н

Ш


А



Т

  1. Біз одан барлық затты аламыз

  2. Бидай өнімі 3 . Тірліктің өзегі

4. Қысқы дауыл 5. Өмірдің нәрі

6. Аспандағы тылсым 7. Ас атасы

8. Табиғаттың дәулеті, аң мен құстың әулеті
- Сонымен оларға көмекке келген заттың аты не екен?

- Тұсбағар. Біздің де бүгінгі сабағымыз тұсбағар туралы болмақ

5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

  • Оқушыларға тұсбағар туралы түсіндіріп, оның пайдасы туралы әңгімелету;

Оқушыларды 10 минутқа далаға шығарып, тұсбағардың қозғалысын, көрсетіп тұрған тұстарын аңғарту арқылы оның құрылысы туралы білімдерін нақтылау;

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (28-29-бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Тұсбағар дегеніміз дегеніміз не екен? қандай жергілікті белгілерге қарап, тұстарды анықтауға болады?

Дәптермен жұмыс:Тұсбағардың пайдалану тәртібін жазып алу:


DrawObject56






3.Жаңа білімді бекіту:

Оқулықта берілген «Тұсбағарды кімдер пайдаланады?» суреті бойынша жұмыс жүргізу:

Берілген мамандық иелерінің тұсбағарды не үшін қолданатынын сұрап, анықтату;

4. Қорытынды:

- Сонымен тұсбағар дегеніміз не екен?

- Тұсбағар не үшін керек?

- Тұсбағарды қалай пайдаланады екенбіз? Кемелер тұсбағарсыз жолға шықпайды дедік. Неліктен?

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;























































Күні: №8

11. Сабақтың тақырыбы: Сурет және сұлба. Жер сұлбасы. Топсаяхат

Мақсаты: 1. Оқушыларға сурет және сұлба туралы түсінік бере отырып, кіші және үлкен заттардың сұлбасын сызуды үйрету;

2. оқушылардың анықтау, дәлдеу, салыстыру дағдыларын дамыту;

3. Өлшеу, салыстыру, сызу машықтарын қалыптастыра отырып, жер сұлбасының шартты белгілерін ажырата білуді үйрету;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Аю салдым қорбаңдаған, Балық салдым шошаңдаған

Қасқыр салдым жортып жүрген, Қоян салдым қорқып жүрген

2. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ жауап арқылы тексеріп өту:

- Көкжиек дегеніміз не? Көкжиек тұстарын атаңдар. Аралық көкжиек тұсын атаңдар

- Тұстарды анықтау үшін не керек? Тұсбағардың тілдері нені білдіреді?

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

  • Сөйтіп өткен сабағымыздағы қыдырымпаз тасбақа мен құмырысқаға тұсбағар көмек көрсеткен соң. Олар үйлеріне қайтты. Олардың алдынан көбелек шығып менің суретімді салуға көмектесіңдерші деп өтініпті. Бірақ тасбақа мен құмырысқа сурет салуды білмейді екен. тіпті сурет деген не деп қатты ойланып ақыры жауабын таба алмапты.

5.Жаңа тапсырмаларды қалыптастыру:

  • Ал, сендер білесіңдер ме? Сурет дегеніміз не? (оқушылардың жауаптарын тыңдау)

  • Иә, сурет дегеніміз кез-келген заттың бейнеленген көрінісі. Мысалы тақтадағы суреттерге назар аударайық. Бұлар ненің суреттері? (тақта, кітап, бала, ағаштар т.б.)

  • Жақсы, сурет дегеннің не екенін білдік. Ал, енді сұлба дегеннің не екенін білесіңдер ме?

  • Білмесеңдер, онда алдарыңдағы кез-келген бір затты таза қағаз бетіне қойып қарындашпен сызыңдар. Не шықты? Бұл сызғандарың, сен дердің жаңағы қойып сызған заттарыңның сұлбасы. Ал енді партаны қағаз үстіне қойып оның сұлбасын сыза аласыңдар ма?

  • Жоқ сыза алмаймыз, үйді ше, оны да сыза алмаймыз. Демек үлкен заттардың сұлбасын сызу үшін олардың көлемін кішірейтуге тура келеді. Мысалы парта 100см болса, оны 10см-ге дейін кішірейтіп саламыз. Барлық үлкен заттардың сұлбасын кішірейтіп сызады.

  • Яғни, белгілі бір үлкен заттың көлемін кішірейтетін санды «масштаб» дейміз. Мысалы оқулықтағы суретте берілген үстелдің масштабы 1см: 10с. Сонда затты үлкейтіп кішірейту үшін масштаб қолданады екенбіз.

  1. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (30-31бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Оқулықта берілген суреттер мен сұлбаларды салыстырту, олардың айырмашылықтарын табу;

  • Сұлба деген не екен? сурет деген ше?

Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс:

  1. Сыныптағы бір заттың сұлбасын сызып көрсету;

  2. ұзындығы 14см, ені 70см болатын төсекті қалай салуға болады?


  • Қыдырымпаз тасбақа мен құмырысқа орманға қыдырып келеді. Жол сөмкелерінде орман-ның сұлбасы бар. Олар оны бірақ ұмытып кеткен сияқты. Өйткені көлді таба алмай іздеп жүр.

Осы жерде оларға сұлба не үшін қажет?

Топсаяхат. Оқушылармен мектеп ауласына шығып, мектепке дейінгі арақашықтықты белгілеп аламыз. Мектептің орнын тұсбағар арқылы анықтатып, қағазға белгілеп қоямыз. Мектеппен екі аралықта қандай ерекше объектілерді көріп тұрсыңдар?

6. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (32-33бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  1. Оқулықта берілген суреттер мен сұлбаларды түсіндіру

  2. Сұлбасын сызатын жерегі болатын объектілердің шартты белгілерін түсіндіру;

С

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДІҢ СҰЛБАСЫ

ызба нұсқамен жұмыс:

DrawObject59 DrawObject58 DrawObject57

Жергілікті жердің сипатына қарай

Нысананың орналасуына қарай

Нысананың орналасу арақашықтығына қарай




Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс:

Кітапта берілген сызбаларды пайдалана отырып, мектеп пен оның ауласындағы ара қашықтықтағы байқаған объектілердің сұлбасын салу:

- Мектеп ауласына шыққанда, қандай объектілерді байқадыңдар?

- Оқулықтағы шартты белгілердің арасында ондай объектілер бар ма?

Оқушыларға көмек: Қағаздың қай бөлігіне мектепті белгілеу керектігін оның алып тұрған бағытына байланысты орын белгілеп алу. Әр заттың шартты белгісін өз бағытында орналастыру үшін ең алдымен жолды түсіріп, содан кейін жолдың екі жағында орналасқан заттарды белгілейді.

(бұл жұмысты орындау барысында оқушылар жер сұлбасын түсіру жайында алғашқы түсінік алады.)

  1. Сонда әр затты сұлбаға түсіру барысында немен жұмыс істеу керек? (тұсбағармен)

Әр заттың бағытын анықтап алу үшін ең алдымен тұсбағар керек

3.Жаңа білімді бекіту:

Оқулықта берілген суреттерді басшылыққа ала отырып, сабақты бекіту:

4. Қорытынды:

- Сонымен сурет дегеніміз не екен? сұлба дегеніміз не?

- Үлкен заттарды дәптер бетіне қалай салатын болдық?

- Бір заттың көлемін кішірейту мақсатында қолданатын санды не дейміз?

- Сұлба сызарда бізге нелер қажет деп ойлайсыңдар?

- бүгінгі сабақтың бізге қаншалықты маңыздылығы бар?

- бүгінгі сабақта жердің сұлбасын қағазға түсіру үшін қандай белгілермен таныстық?

- Олар неге шартты белгі аталған деп ойлайсыңдар?

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;































Күні:

12. Сабақтың тақырыбы: Жергілікті жердің сұлбасы

Мақсаты: 1. Оқушыларға жергілікті жердің сұлбасын сызумен таныстыра отырып, жер сұлбасының маңыздылығын түсіндіру,масштаб туралы тереңірек білім беру;

2. Оқушылардың анықтау, дәлдеу, салыстыру дағдыларын одан әрі дамыту;

3. Өз жерінің табиғаты туралы түсінік ұғым қалыптастыра отырып, табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, сұлба сыза білуге үйрету;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Аю салдым қорбаңдаған, Балық салдым шошаңдаған

Қасқыр салдым жортып жүрген, Қоян салдым қорқып жүрген

2. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ жауап арқылы тексеріп өту:

- Сурет дегеніміз не? Сұлба мен суреттің қандай айырмашылығы бар? Үлкен затты кішірейтетін санды не дейміз?

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі:

  • Қыдырымпаз тасбақа мен құмырысқа орманға қыдырып келеді. Жол сөмкелерінде орман-ның сұлбасы бар. Олар оны бірақ ұмытып кеткен сияқты. Өйткені көлді таба алмай іздеп жүр.

  • Осы жерде оларға сұлба не үшін қажет?

Топсаяхат. Оқушылармен мектеп ауласына шығып, мектепке дейінгі арақашықтықты белгілеп аламыз. Мектептің орнын тұсбағар арқылы анықтатып, қағазға белгілеп қоямыз. Мектеппен екі аралықта қандай ерекше объектілерді көріп тұрсыңдар?

6. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (32-33бет): берілген мәтінді оқып сұрақтарға жауап алу:

  • Оқулықта берілген суреттер мен сұлбаларды түсіндіру

  • Сұлбасын сызатын жерегі болатын объектілердің шартты белгілерін түсіндіру;

С

ЖЕРГІЛІКТІ ЖЕРДІҢ СҰЛБАСЫ

ызба нұсқамен жұмыс:

DrawObject62 DrawObject61 DrawObject60

Жергілікті жердің сипатына қарай

Нысананың орналасуына қарай

Нысананың орналасу арақашықтығына қарай




Сергіту сәті:

Дәптермен жұмыс:

Кітапта берілген сызбаларды пайдалана отырып, мектеп пен оның ауласындағы ара қашықтықтағы байқаған объектілердің сұлбасын салу:

- Мектеп ауласына шыққанда, қандай объектілерді байқадыңдар?

- Оқулықтағы шартты белгілердің арасында ондай объектілер бар ма?

Оқушыларға көмек: Қағаздың қай бөлігіне мектепті белгілеу керектігін оның алып тұрған бағытына байланысты орын белгілеп алу. Әр заттың шартты белгісін өз бағытында орналастыру үшін ең алдымен жолды түсіріп, содан кейін жолдың екі жағында орналасқан заттарды белгілейді.

(бұл жұмысты орындау барысында оқушылар жер сұлбасын түсіру жайында алғашқы түсінік алады.)

  • Сонда әр затты сұлбаға түсіру барысында немен жұмыс істеу керек? (тұсбағармен)

  • Әр заттың бағытын анықтап алу үшін ең алдымен тұсбағар керек екен.

4. Қорытынды:

- Сонымен сұлба дегеніміз не еді?

- бүгінгі сабақта жердің сұлбасын қағазға түсіру үшін қандай белгілермен таныстық?

- Бір заттың көлемін кішірейту мақсатында қолданатын санды не дейміз?

- Олар неге шартты белгі аталған деп ойлайсыңдар?

- Бүгінгі сабақтың бізге қаншалықты маңыздылығы бар?

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;





































































Күні: №9

Сабақтың тақырыбы: Ауа. Ауаның қасиеті. Зерханалық жұмыс №1

Сабақтың мақсаты: 1. Ауа, ауаның құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру. Ойлау дағдысын қалыптастыру.

2. Ойлау,сөйлеу,қабілетін дамыту. Топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

3. Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ

Көрнекілігі :Суреттер,кестелер,оқулық,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,еңбек,бейнелеу

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Сабақтың мазмұны:

I.ұйымдастыру бөлімі.(Жылдың қай мезгіл?Ай,күні,ауа-райы Оқушылардың ойын айтуы)

А) Қоршаған орта табиғат Жануар, өсімдік, адамзат

Сүю, қорғау-парасат Білейік мұны жамағат. (интерактивті тақтаға жазу)

Ә)(Үй тапсырмасына шолу.)

II. Осы сыныптың ішінде бізді не қоршап тұр? (Интерактивті тақтадан оқылады)

  • Дене деп нені айтады? Қандай денелер болады?

  • Дене неден тұрады Құбылыс деген не? Қандай табиғат құбылысы апат деп аталады?

III. Б) Жұмбақ жасыру.

Бар ма, жоқ па, оны анық білмейсің Ол жоқ жерде өмір сүріп жүрмейсің. (Ауа)

В) «Ауа» кестесіне жауап беру. (Интерактивті тақтадан.)

DrawObject63 Білемін?

НDrawObject64 DrawObject65 е Білгім келеді?

Қалай білемін?

Енді осы білгіміз келгенді оқып білуіміз керек. Ол үшін біз 3 орталыққа бөлініп тапсырмалар орындаймыз. (Сабақтың жоспарын оқып таныстырамын.) Тапсырмалар интерактивті тақтада

«Ауа» мәтінін оқу, мазмұндау.

2.Қосымша мәтінді оқу. «Жел» туралы ұғым. Ауа құрамы, қасиеті.

II. Дәптермен жұмыс

Дәптерге күн жадын, сабақтың тақрыбын жазу.

Оқушылар орындарынан 7 мин. дайындалады

«Жылы ауа», «Салқын ауа», тіркестеріне және «жел», «дауыл» сөздеріне сөйлем құрау.

Ауа, жел, дауыл ұғымына қатысты мақал- мәтел, жаңылтпаш , өлең, жұмбақтар жазу.

III. Өздік жұмыс.

1.Суретке қарай отырып ауаның жылуы және салқындауы туралы пайымдау.

2. Зерханалық жұмыс .

А) Майшамды жағу арқылы. Ә) Шарды үрлеу арқылы .

Б) Майшамға стаканды төңкеру. В) Ыдысқа су құю арқылы.

3.Нәтижесін дәптерге жазу.

.IV. Бекіту:

Ойын«Кім жылдам?»

Ауа,жел,дауыл туралы мақал-мәтел, жұмбақ, өлең, жаңылтпаш айту.

Басқа орталықтарға ауысу,тапсырмалар орындау. (суреттер бойынша пайымдау)

Ауа құрамы, ауа қасиеттері, ауаның таралуы, ауаны қорғау туралы түсінік беру.

Ауа таза болу үшін не істеу қажет? Машиналарды азайту қажет

Зауыт, фабрикаларды қала шетіне салу, Күл-қоқыстарды кез- келген жерге төкпеу

Ағаштарды, гүлдерді көптеп өсіру.

Сабақыты қортындылау. Сұрақтармен жұмыс:

Ауа құрамы,қасиеттері.

1 Ауаның қасиеттері, құрамы туралы не білеміз?

2 Майшамды жағып, есікті ашып жерге қойсаң ауа қалай қозғалады?

3 Жоғары қойсаң ше?

4.Стаканға су құю арқылы нені байқадық?

5.Суы бар ыдысқа стаканды төңкеру арқылы не байқадыңдар?

6. Жанған майшамның үстіне стаканды төңкеру арқылы не байқадың?

VIII Бағалау. (Бағалау парағы арқылы)

IX Үйге тапсырма беру

Күні: №10

14. Сабақтың тақырыбы: Ауаның адам, жануарлар, өсімдіктер үшін маңызы

Мақсаты: 1. Ауаның қасиеттері туралы алған білімдерін дамыту мақсатында, ауаның маңыздылығын түсіндіру;

2. Оқушылардың ауа туралы ұғымдарын арттыра отырып, ой-өрістерін, алған білімдерін одан әрі дамыту;

3. Тірі ағза үшін ауаның маңыздылығын бағалай білуге үйрету;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Армысыз шұғылалы алтын күн! Армысыз қасиетті Жер Ана!

Армысыз сусын берген бұлақ үні ! Армысыз жұпар шашқан дала гүлі!

2. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ жауап арқылы тексеріп өту:

- Ауа дегеніміз не? Ауаның қандай қасиеті бар? ауа неден тұрады екен?

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі: жұмбақтар шешу:

Түсі бар көрінбейтін Терезеден есіледі Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Біртұтас бөлінбейтін Қараңғыны көшіреді Бірақ тыныш тұрмайды

Тынысы ол тіршіліктің (Сәуле) Сақтамасаң қорын тек

Ешқашан көрінбейтін (Ауа) Барша тірлік қурайды (Су)

  1. Кубше әдісі: (иіріп тұрып жазылған саныны байланысты сұрақтар қойып жауап алу) :

- Ауа тірі табиғатқа қажет пе, әлде өлі табиғатқа ма? ауа не үшін қажет?

- Бізді қоршап тұрған не?

5. Сызбаны толтыру:

Біз не білеміз?

Не білгіміз келеді?

Не үйрендік?

...

...

...

Сызбаға ауа туралы алған білімдерін пайдаланып, өз білімдерін жазады.

6. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (38-39бет): берілген мәтінді оқып, түсіндіру, сұрақтарға жауап алу:

  • Ауаның адам өміріне маңыздылығы қаншалықты?

  • Неліктен ауаны тіршіліктің көзі деп атайды?

  • Ауаны қандай заттар ластап, ауаға зиян әкеледі екен?

  1. Сергіту сәті:

  2. Дәптермен жұмыс:

  • Оқулықтағы тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, ауаның қасиеттері мен маңыздылығын анықтап, дәптерге жазып алу;

  1. Жаңа білімді бекіту:

- Ауаның маңыздылығы оның тазалығы. Таза ауа адамның денсаулығына тікелей байланысты

- Ауа шаруашылықта да маңызды дегенді қалай түсінесіңдер?

40-беттегі берілген суретті сызба бойынша ластанған ауаның адам денсаулығына тікелей кері әсері барын түсіндіру;


4. Қорытынды:

- Сонымен ауа маңыздылығы дегенді қалай түсіндіңдер?

- ауаның таза болмауына бйланысты қандай жағдайлар орын алуы мүмкін?

(Семей Полигоны туралы, оның түтінінің зиянды болғандықтан жақын маңдағы қарапайым халық зардап шеккенін айтып түсіндіру)

- Сонымен ауаның тіршіліктегі пайдасы қандай?

(Адам мен өсімдіктің өміріндегі ауаның пайдасын салыстырту)

- Бүгінгі сабақтың бізге қаншалықты маңыздылығы бар?

- Айналамызды қоршап, тіршілікке нәр беріп тұрған ауаны қалай сақтау керек?

- Ендеше жақсы өмір, мықты денсаулығымыз болу үшін қоршаған ортыны сақтап жүрейік

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;

Күні: № 11

15. Сабақтың тақырыбы: Су. Судың қасиеті. Зертханалық жұмыс №2

Сабақтың мақсаты: 1. Су,судың құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру. Ойлау дағдысын қалыптастыру.

2. Ойлау,сөйлеу,қабілетін дамыту. Топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

3. Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:Кіріктірілген сабақ

Көрнекілігі :Суреттер,кестелер,оқулық,интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,еңбек,бейнелеу

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Сабақтың мазмұны:

I.ұйымдастыру бөлімі.(Жылдың қай мезгіл?Ай,күні,ауа-райы Оқушылардың ойын айтуы)

А) Қоршаған орта табиғат Су, өсімдік, адамзат

Сүю, қорғау-парасат Білейік мұны жамағат. (интерактивті тақтаға жазу)

Ә)(Үй тапсырмасына шолу.)

II. Осы сыныптың ішінде бізді не қоршап тұр? (Интерактивті тақтадан оқылады)

  • Дене деп нені айтады? Қандай денелер болады?

  • Дене неден тұрады Құбылыс деген не? Қандай табиғат құбылысы апат деп аталады?

III. Б) Жұмбақ жасыру.

Жылт – жылт етеді, Жылғалардан өтеді. (Су)

В) «Су» кестесіне жауап беру. (Интерактивті тақтадан.)

DrawObject66 Білемін?

сDrawObject67 DrawObject68 у Білгім келеді?

Қалай білемін?

Енді осы білгіміз келгенді оқып білуіміз керек. Ол үшін біз 3 орталыққа бөлініп тапсырмалар орындаймыз. (Сабақтың жоспарын оқып таныстырамын.) Тапсырмалар интерактивті тақтада

«Су. Судың қасиеті» мәтінін оқу, мазмұндау.

2.Қосымша мәтінді оқу. Су құрамы, қасиеті.

II. Дәптермен жұмыс

Дәптерге күн жадын, сабақтың тақырыбын жазу.

Оқушылар орындарынан 7 мин. дайындалады

«Жылы су», «Салқын су», тіркестеріне және «жаңбыр», «мұз» сөздеріне сөйлем құрау.

Су, жаңбыр ұғымына қатысты мақал- мәтел, жаңылтпаш , өлең, жұмбақтар жазу.

III. Өздік жұмыс.

1.Суретке қарай отырып судың жылуы және салқындауы туралы пайымдау.(43 бет)

2.Судың жай-күйін қалай анықтайды:

А) Бұлттанып жаңбыр боп жауады. Ә) су қатты қайнағанда бу шығады

Б) қатты суықта мұз болып қатады . В) Қыста бұлттан суық қар жауады.

3.Нәтижесін дәптерге жазу.

Су жер бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзен, көлдеркездеседі? Жем өзені, Құрсай өзені, Қамыскөл көлі. Ендеше біз бүгін суда қандай заттардың еритіні туралы білеміз.оқулықтағы мәтінді оқу.

1 – тәжірибе.1-топ. Суға қант салып араластырайық. Қант еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі тәтті болды. Қант суда жақсы ериді.

2 – тәжірибе. 2-топ. Суға тұз салып араластыру.Суға бір қасық тұз салып араластыру. Тұз суда еріп кетті. Су мөлдір күйінде қалды. Судың дәмі ащы болды. Тұз суда жақсы ериді.

3 – тәжірибе. 3 – топ. Стақандағы суға құм салып араластыру. Құм қиыршықтары сол қалпында стақан түбіне шөгеді. Құм суда ерімейді.

4 – тәжірибе. 4-топ. Стақандағы суға саз салып араластыру. Су лайланады. Суды біраз тұндырсаң, саз түбіне шөгеді. Саз суда ерімейді.

IV. Бақылау күнделігімен жұмыс.

Жасаған тәжірибе бойынша суда еритін, ерімейтін заттарды жазу.

Не аламыз?

Нені бақылаймыз?

Қант

Суда жақсы ериді

Тұз

Суда жақсы ериді

Құм

Құм суда ерімейді

Қорытынды: суда еритін де, ерімейтін де заттар бар.

VI. Кесте толтыру.

Жақсы ериді

Ас содасы, калий перманганаты

Ерімейді

Бор

Нашар ериді

Крахмал

Қорытынды: оқушылардың білім-білік дағдыларын бекіту мақсатында шағын тестік жұмысын алу:

1. Судың қасиеттерін белгіле. а)ақ ә)мөлдір б)сұр

2. Суда еритін затты белгіле. а)қант ә)тас б)құм

3. Суда ерімейтін затты белгіле а)құм ә)тұз б)қан

4. Су табиғатта неше күйде кездеседі? а)2 ә)3 б)4

5.Судың қатты күйі қалай аталады? а)су ә)бу б)мұз

Сызба тіректі толтырты отырып, сабақты қорытындылау:

тұз калий перманганаты

Овал 8 Овал 14

Прямая со стрелкой 17 аПрямая со стрелкой 10 Прямая со стрелкой 11 Прямая со стрелкой 13 Прямая со стрелкой 16 с содасы қант саз құм


Прямая со стрелкой 15

Прямая со стрелкой 12

бор

.IV. Бекіту:

Ойын«Кім жылдам?»

Су, Жаңбыр туралы мақал-мәтел, жұмбақ, өлең, жаңылтпаш айту.

Басқа орталықтарға ауысу,тапсырмалар орындау. (суреттер бойынша пайымдау)

Су құрамы, судың қасиеттері, суды қорғау туралы түсінік беру.

Су таза болу үшін не істеу қажет?

Ағаштарды, гүлдерді көптеп өсіру.

Сабақыты қортындылау. «Қар жинау ойыны» арқылы сабақты қорытындылау

Ауа құрамы,қасиеттері.

1 Судың қасиеттері, құрамы туралы не білеміз?

2. Судың қасиеттері қандай болады? аққыш, жабысқақа, жұққыш, пішінсіз – сөздері нені білдіретіні жайлы дәптерлеріне жазу, жазғандарын оқыту;

3 Күнделікті өмірде өздерің суды не үшін пайдаланасыңдар?

6. Су қатты қайнаса неге ортаяды?

VIII Бағалау. (Бағалау парағы арқылы)

IX Үйге тапсырма беру























Күні: №12

Сабақтың тақырыбы: Судың адам, жануарлар, өсімдіктер өмірі үшін маңызы

Сабақтың мақсаты: 1.Судың еріткіш қасиетін тәжірибелер арқылы түсіндіру. Қандай заттардың суда еріп, қандай заттардың суда ерімейтіні туралы мағлұмат беру.

2.Судың адам үшін маңызын, сусыз тіршілік жоқ екенін дәлелдеу және оқушылардың байқағыштық танымдық қабілетін дамыту.

3.Суды ластамау, суды үнемді пайдалануға тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың түрі: Тәжірибелік сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, түсіндірмелі, топтастыру, тест.

Сабақтың көрнекілігі: Су, тұз, қант, құм, саз, крахмал, ас содасы, бор, плакат, тірек

Сабақ барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі:

II. Үй тапсырмасын сұрау: Сызба арқылы үй тапсырмасын қортындылау.

Прямая со стрелкой 1 мөлдір

Прямая со стрелкой 3 ағады

СПрямая со стрелкой 2 Прямая со стрелкой 6 DrawObject69 у пішіні жоқ түсі жоқ

иісі жоқ

дәмі жоқ

III.Жаңа сабақ Су жер бетінде көп кездеседі. Сусыз тіршілік жоқ. Жер бетінің 2/3 бөлігін су алып жатыр. Су табиғатта көп. Олар: өзен, көл, мұхит, теңізде бар. Су табиғатта өте жақсы еріткіш. Біздің қаламызда қандай өзен, көлдеркездеседі? Жем өзені, Құрсай өзені, Қамыскөл көлі. Ендеше біз бүгін суда қандай заттардың еритіні туралы білеміз.оқулықтағы мәтінді оқу.

















VIII. Үйге тапсырма: оқу, әңгімелеу.

Қортындылау, бағалау.

Күні:

17. Сабақтың тақырыбы: Топырақтың маңызы

Сабақтың мақсаты: 1. Топырақ, топырақтың құрамы және қасиеттері туралы білім қалыптастыру, жүйелі сөйлеуге үйрету, пәнге қызығушылығын арттыру. Ойлау дағдысын қалыптастыру.

2. Ойлау, сөйлеу, қабілетін дамыту. Топпен жұмыс істей білу қабілеттерін дамыту.

3. Байқампаз болуға үйрету, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Көрнекілігі :Суреттер,кестелер,оқулық, интерактивті тақта.

Пәнаралық байланыс: ана тілі,еңбек,бейнелеу

Техникалық құрал: интерактивті тақта.

Сабақтың мазмұны:

I.ұйымдастыру бөлімі.(Жылдың қай мезгіл?Ай,күні,ауа-райы Оқушылардың ойын айтуы)

А) Қоршаған орта табиғат Жануар, өсімдік, адамзат

Сүю, қорғау-парасат Білейік мұны жамағат. (интерактивті тақтаға жазу)

Ә)(Үй тапсырмасына шолу.)

II. Осы сыныптың ішінде бізді не қоршап тұр? (Интерактивті тақтадан оқылады)

  • Дене деп нені айтады? Қандай денелер болады?

  • Дене неден тұрады Құбылыс деген не? Қандай табиғат құбылысы апат деп аталады?

III. Б) Жұмбақ жасыру.

Өсімдіктің бәрін, Алар тығып дәнін, Шығарады күзде, Жемістердің дәуін

В) «Топырақ» кестесіне жауап беру. (Интерактивті тақтадан.)

DrawObject70 Білемін?

ТDrawObject71 DrawObject72 опырақ Білгім келеді?

Қалай білемін?

Енді осы білгіміз келгенді оқып білуіміз керек. Ол үшін біз 3 орталыққа бөлініп тапсырмалар орындаймыз. (Сабақтың жоспарын оқып таныстырамын.) Тапсырмалар интерактивті тақтада

«Топырақ» мәтінін оқу, мазмұндау.

2.Топырақтың құрамын сызбасымен жұмыс жүргізу;

II. Дәптермен жұмыс

Дәптерге күн жадын, сабақтың тақрыбын жазу.

Оқушылар орындарынан 7 мин. дайындалады

«Қара топырақ», «құнарлы топырақ», тіркестеріне және «құм», «саз» сөздеріне сөйлем құрау.

Топырақ, жер ұғымына қатысты мақал- мәтел, жаңылтпаш , өлең, жұмбақтар жазу.

III. Өздік жұмыс.

1.Суретке қарай отырып топырақтардың өзгерісі туралы пайымдау.

2.Тәжірибе жасау.

1-тәжірибе: Бір кесек топырақты стақанға салу, не байқағанын сұрап, анықтау;

2-тәжірибе: топырақты қаттырақ ысытып, бетін шыны ыдыспен жауып, пайда болған су тамшысын анықтату; қайдан пайда болғанын байқату;

3-тәжірибе: шіріндісі жанып бітен топырақты стақандағы суға салып, араластыру, біраз уақытқа тұндырып қою, тұнбаның бетіне саз, астына құм шөгеді. Демек ол топырақта саз да, құм да бар екен

3.Нәтижесін дәптерге жазу.

.IV. Бекіту:

Ойын«Кім жылдам?»

Топырақ, туған жер туралы мақал-мәтел, жұмбақ, өлең, жаңылтпаш айту.

Басқа орталықтарға ауысу,тапсырмалар орындау. (суреттер бойынша пайымдау)

ТDrawObject74 DrawObject73 опырақ тіршілік бесігі қорек көзі

Бұл сөздердің мағынасы неде? Топырақтан қандай тіршілік байқаймыз? Неге оны қорек көзі дейміз?

Кіндік қаным тамған топырақ, туған жердің топырағына аунап-қунап қайттық – деген тұрақты сөз тірекстері бар. Олар не мағынаны білдіреді?

Сабақыты қортындылау. Сұрақтармен жұмыс:

  • Топырақ туралы не білдік?

  • Топырақтың қандай түрлері бар екен? «сабаққа арнайы әкелген қара топырақ, сары топырақ, саз, шіріндісі бар топырақ түрлерін көрсетіп, олар жайлы білетіндерін ортаға салдыру;

VIII Бағалау. (Бағалау парағы арқылы)

IX Үйге тапсырма беру


Күні:

18. Сабақтың тақырыбы: Ауаның маңызы

Мақсаты: 1. Ауаның қасиеттері туралы алған білімдерін дамыту мақсатында, ауаның маңыздылығын түсіндіру;

2. Оқушылардың ауа туралы ұғымдарын арттыра отырып, ой-өрістерін, алған білімдерін одан әрі дамыту;

3. Тірі ағза үшін ауаның маңыздылығын бағалай білуге үйрету;

Сабақ түрі : жаңа сабақ

Көрнекіліктер: дидактикалық материалдар

Әдіс-тәсілдер: түсіндірмелі, талдау, сұрақ-жауап,ой қозғау т.б.

Сабақ барысы

1.Психологиялық икем:

Армысыз шұғылалы алтын күн! Армысыз қасиетті Жер Ана!

Армысыз сусын берген бұлақ үні ! Армысыз жұпар шашқан дала гүлі!

2. Үй тапсырмасын тексеру: сұрақ жауап арқылы тексеріп өту:

- Ауа дегеніміз не? Ауаның қандай қасиеті бар? ауа неден тұрады екен?

3. Бақылау күнделігімен жұмыс:

4. Тірек білім, біліктілік және дағдының өзектілігі: жұмбақтар шешу:

Түсі бар көрінбейтін Терезеден есіледі Аяғы жоқ, қолы жоқ,

Біртұтас бөлінбейтін Қараңғыны көшіреді Бірақ тыныш тұрмайды

Тынысы ол тіршіліктің (Сәуле) Сақтамасаң қорын тек

Ешқашан көрінбейтін (Ауа) Барша тірлік қурайды (Су)

  1. Кубше әдісі: (иіріп тұрып жазылған саныны байланысты сұрақтар қойып жауап алу) :

- Ауа тірі табиғатқа қажет пе, әлде өлі табиғатқа ма? ауа не үшін қажет?

- Бізді қоршап тұрған не?

5. Сызбаны толтыру:

Біз не білеміз?

Не білгіміз келеді?

Не үйрендік?

...

...

...

Сызбаға ауа туралы алған білімдерін пайдаланып, өз білімдерін жазады.

6. Кітаппен жұмыс:

Оқулықпен жұмыс: (38-39бет): берілген мәтінді оқып, түсіндіру, сұрақтарға жауап алу:

  • Ауаның адам өміріне маңыздылығы қаншалықты?

  • Неліктен ауаны тіршіліктің көзі деп атайды?

  • Ауаны қандай заттар ластап, ауаға зиян әкеледі екен?

  1. Сергіту сәті:

  2. Дәптермен жұмыс:

  • Оқулықтағы тәжірибелерді басшылыққа ала отырып, ауаның қасиеттері мен маңыздылығын анықтап, дәптерге жазып алу;

  1. Жаңа білімді бекіту:

- Ауаның маңыздылығы оның тазалығы. Таза ауа адамның денсаулығына тікелей байланысты

- Ауа шаруашылықта да маңызды дегенді қалай түсінесіңдер?

40-беттегі берілген суретті сызба бойынша ластанған ауаның адам денсаулығына тікелей кері әсері барын түсіндіру;


4. Қорытынды:

- Сонымен ауа маңыздылығы дегенді қалай түсіндіңдер?

- ауаның таза болмауына бйланысты қандай жағдайлар орын алуы мүмкін?

(Семей Полигоны туралы, оның түтінінің зиянды болғандықтан жақын маңдағы қарапайым халық зардап шеккенін айтып түсіндіру)

- Сонымен ауаның тіршіліктегі пайдасы қандай?

(Адам мен өсімдіктің өміріндегі ауаның пайдасын салыстырту)

- Бүгінгі сабақтың бізге қаншалықты маңыздылығы бар?

- Айналамызды қоршап, тіршілікке нәр беріп тұрған ауаны қалай сақтау керек?

- Ендеше жақсы өмір, мықты денсаулығымыз болу үшін қоршаған ортыны сақтап жүрейік

5. Үйге тапсырма: мәтінді оқып, мазмұндап келу;

6. Бағалау;





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!