Материалдар / Дүниетану "Қажет заттар" 1- сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниетану "Қажет заттар" 1- сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
05 Маусым 2018
1344
112 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Пән: Дүниетану

Мектеп: Ю.Гагарин атындағы негізгі мектебі

Ортақ тақырып: Өзім туралы

Мұғалімнің аты: Абдраймова П.З

Күні: 11.05.2018ж


Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

Қажет заттар

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.1.5.Тұтұну заттарына деген өз қажеттіліктерінің құрылымын қайдан келетінін анықтау.


Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:

  • -Тұтұну заттары туралы айтады, бір-бірінің сүйікті заттары туралы біледі

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

  • Өзіне қажетті тұтұну заттарыныңқұрылымын айтады, мысал келтіреді

Кейбір оқушылар орындай алады:

  • Тұтұну заттарының алыну көздерін мен жолдарын анықтайды, өмірмен байланыс орнатады.

Бағалау критерийлері

Оқушылар өздеріне қажетті тұтыну заттарының алыну жолын анықтайды


Тілдік мақсат

Оқушылардың тәжірбиелік сөйлеуіне «таңдау» және «оқу құралдары» тірек сөздерін қолдану дағдыларын қалыптастыру

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Таңдау-выбор-choice, оқу құралдары-школьные принадлежности training Manuals


Талқылауға арналған сұрақтар:

-Сен қандай оқушысың?

-Сенің сүйіп оқитын пәндерің?

-Сыныпта қандай оқу-құралдарын пайдалану керек?

-Өзің қажетті заттардың құрылымы қандай?

-Тұтыну заттарының алыну жолдарын білесің бе?

-Оқу құралдарын қалай ұзақ қолдануға болады?

Құндылықтарды дарыту

Сүйікті заттарына жақсы қарау, заттарды жасайтын мамандар еңбегіне құрметпен қарау дағдыларын оқушы бойына дарыту.

Пәнаралық байланыс

Математика сандарымен сәйкестендіру кезінде қолданылады, көркем еңбек дәптердегі бояу жұмысымен, сергіту сәті ,дене шынықтыру пәнімен байланысты.

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland.kz материалдарын пайдалану арқылы көрсету АКТ дағдыларын қалыптастыру

Бастапқы білім

Оқушыларда оқу құралдары мен қажетті заттар туралы түсінік қалыптасқан және атауларын біледі.

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі


ресурстар


Басы


Сәлемдесу «Шаттық шеңбері» әдісі

-Шеңбер неге ұқсайды?

-Допқа, күнге,апельсинге, алмаға, қарбызға.

-Доппен ойнасақ, қөңіліміз көтеріледі,күн-жарық,жылу сыйлайды, апельсин алма қарбыз тәтті.

Мейірімді жүрекпен

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық

Бір жадырап қалайық!

Топқа бөлу.

«Мозайка»әдісі арқылы топқа бөлу.

«Алтын ережені» еске түсіру.

Әр топтың мозайқасында ненің суреті шыққанын сұрау.

Оқушылар жауап береді.

Сабақтың оқу мақсатын хабарлау

-Бүгін сендер кімнің нені жақсы көретінін білетін боласыңдар




Қиынды қағаздар

Ортасы


1. «Қадамнан қадамға»әдісі. Ж


А)Суреттегі заттардың арасынан ойыншықтарды таңдайды. Бұл заттарды мектепке, балабақшада пайдаланағаны туралы әңгімелейді.






Ә)-енді суретте қандай заттар қалды?

Б)-сендер бұл заттармен таныссыңдар ма?

Оқушылар өздері мекетепке қажетті заттарды атап береді.

В)әр оқушы өз оқ құралдарын алдына қойып, көрсетіп, атайды.

Дескриптор :

-Заттарды атайды

-Оқу құралдарын анықтайды

-мәтінді түсініп оқиды

-Тұтыну заттарының алыну көздерін айтады

-Өзінің мектепке дайындығы туралы әнгімелейді.

Кері байланыс «Қаламсап ортада»әдісі

Қ.Б Ауызша мадақтау.

«Иә, жоқ»әдісі

-Қуыршақ-оқу құралы(жоқ)

-Кітап бетіне сызуға болады(жоқ)

-Ойыншық машинаны мектепке алып келеді. (жоқ)

-Смартфонды сабаққа пайдаланады.(жоқ)

-Дәптер-оқу құралы.(иә)

3) «Мен саған, сен маған»әдісі Ж

-Оқу құралдарын қалай ұзақ қолдануға болады?

Оқушылар әңгімелесіп, пікір алмасып, ережелер құрастырады.

Дескриптор:

-Ұзақ қолданатын заттарды атайды.

-Ереже құрастырады.

Кері байланыс «Қаламсап ортада»әдісі

Қ.Б Ауызша мадақтау


Сергіту сәті

Еркін ұста денеңді

Тарсылдатпай еденді

Орнымыздан тұрып ап

Жүгірейік бір уақ.

Бір, екі, үш,бір, екі, үш

Аяқты алға созайық,

Тік көтеріп қозғайық,

Тым сылбыр да болмайық

Алға қарай озбайық

Бір, екі, үш,бір, екі, үш


4. Сен білесің бе?

-Қағазды қай ел ойлап тапты?

-Қытай.

-Қағазды неден жасайды?

-Қағазды ағаш сүрегінен жасайды.

Қағаздың шығу жолдарымен толық таныстыру.

5. «Кезбе тілші»әдісі Т

Әр топ өздеріне берілген сурет бойынша жұмыс жасайды.

-Кімге не ұнайды?

Әр топ оқушылары өздеріне не ұнайтыны жайлы айтады.

-Топтарыңда ұқсас сүйікті істері бар оқушылар кездесті ме?

Әр топтан шыққан тілші келесі топқа барып диолог жүргізеді.

Дескриптор:

-сурет бойынша әңгімелейді.

-Диолог жүргізеді.

-Мәтінді түсініп оқиды

-Ұнататын істері жайында мысал келтіреді.


Кері байланыс (Қаламсап ортада) әдісі ҚБ Смайликтер беру


6. «Құпия домбыр» әдісі Т

Қажетті заттарды қателеспей тапқызу, неден жасалғанын айтқызу.

7.Дәптермен жұмыс

«Маған қажетті заттар» Ж Ж




Дескриптор:

-Қажетті заттарды анықтайды.

-Ұяшықтарды сандармен сәйкестендіреді.

-Суреттерді бояйды.

Кері байланыс «Қаламсап ортада» әдісі

ҚБ Смайликтер беру


Оқулық, сурет












Сыныптағы тұтынатын заттар мен оқу құралдары













Қаламсап


































АКТ






Микрафон

















Қаламсап

Смаиликтер


Домбыра











Қаламсап

смайликтер

Соңы



Кері байланыс

«Ыстық картоп »әдісі

Ыстық картопқа қолдарын күйдіріп алмас үшін берілген сұрақтарға жылдам жауап береді

Доп

Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

«Қадамнан қадамға»


Барлық оқушы:

Қажетті заттарды анықтайды.

Көпшілігі:

-Тұтынатын заттарының алыну көздерін айтады.


Кейбірі:

-Өзінің мектепке дайындығы туралы әңгімелейді, өмірмен байланыс орнатады




Ауызша мадақтау, смайлик арқылы бағалау. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттырып ,жүйелі дүрыс бағалауға, бағыт- бағдар беруге ынталандырады.

Сүйікті істерін орындауда қауіпсіздік техникасының сақталуын ескертемін.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысынада сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?


















































Пән: Дүние тану

Мектеп: Ю.Гагарин н/м

Ортақ тақырып: «Дені саудың –жаны сау»

Мұғалімнің аты: Абдраймова.П.З

Күні:


Сынып: 1

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы

«Денің сау болсын десең»

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

1.1.4.1.Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын дәлелді түрде түсіндіру.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар орындай алады:


-  Адамның дене мүшелерінің атауын біледі, ажыратады. Жеке бас гигиенасын сақтау маңызды екенін ұғады. Дене жаттығуларының маңызын түсінеді

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

-Дене мүшелері әртүрлі қызмет атқаратынын біледі. Дене мүшелеріне арналған әртүрлі жаттығулар ойлап табады және сыныптастарына орындатады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

 Денсаулықты шынықтыру жолдарын біледі, өзге оқушылармен бөліседі.

Бағалау критерийлері

Жеке бас гигиенасын сақтау маңыздылығын түсіндіреді..

Тілдік мақсат

Дене жаттығулары, дене мүшелері, денсаулық.

Түйінді сөздер мен сөз тіркестері:

Денсаулық-здоровье-health ,дене мүшелері-части тела-parts of the body ,дене шынықтыру жаттығулары-физические упражнение-physical exercises

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Адамның қандай дене мүшелері бар.-Оларды атай аласың ба?-Дене мүшелері қандай қызмет атқарады?-Қандай дене мүшелері қозғалады?-Денеміздің қандай мүшесі маңызды деп ойлайсың?Дене мүшелері не үшін қажет?

Құндылықтарды дарыту

 Жеке бас гигиенасын сақтауды оқушы бойына дарыту. Тән саулығын қалыптастырып,салауатты өмір салтын ұстануға баулу. Ынтымақтастықта жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Математика геометриялық пішіңдер .Көркем еңбек Суреттерді бояу.

АКТ қолдану дағдылары

Bilimland. kz.сайт материалдарын пайдалану арқылы АКТ дағдыларын қалыптастыру.

Бастапқы білім

Тазалықты ,жеке бас гигиенасын сақтай біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт есебі


ресурстар


Басы


- Сәлеметсіңдер ме, балалар. Сабағымызды бастайық. Барлықтарыңды ортаға келуге шақырамын.

(Ұ)  Денсаулық жөнінде балалардың білетін білімдерін естеріне түсіріп, пікірлесу.

«Қос шеңбер» тәсілі (Балалар ішкі және сыртқы шеңберге тұрады, жұптасады, мұғалімнің қойған сұрағына өз жауабын жұбына түсіндіреді, Мұғалім белгі береді (3шапалақ), келесі сұрақ қойылғанда орындарымен ауысады, енді мұғалімнің екінші сұрағына ауысқан бала өз ойын жұбымен бөліседі. Келесі сұрақ қойылғанда балалар сағат бағытымен жылжып жұптарын

ауыстырып, өз ойларымен бөліседі.)

- Бірінші байлық - денсаулық деп неліктен айтылған?

- «Деңі саудың – жаны сау» дегенді қалай түсінесіңдер?

- Денсаулық сақтаудың қандай жолдары бар?  Т.б. сұрақтарды қойып шеңбер бойында  пікірлесу.

(Пікір алмасу аяқталған соң,оқушылар өз орындарына отырады)

- Енді, балалар, назарымызды мына ілініп тұрған суретке аударайықшы.

(Ұ) Топтастыру тәсілі«Дені сау адам қандай болу керек?»

Адам силуэтын іліп қою. Қима қағазда адам денсаулығына қатысты және қатысы жоқ сөздер жазылып тұрады. Сол қима қағаздардың керектісін силуэттің үстіне, қажетсізін астына жапсырады.

Кері байланыс: мұғалімнің ауызша кері байланысы.

- Осы орындалған жұмыстарды қорытындылай келе бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болады деп ойлайсыңдар? (Балалардың жауабы)

- Дұрыс,балалар.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы- «Денің сау болсын десең...»

- Сабақтан нені біліп шығамын деп ойлайсыңдар? (балалардың жауабы, толықтыру)

- Бүгінгі сабағымызда адамның өз денсаулығын күту және сақтау жауапкершілігін, яғни жеке бас гигиенасын және дене жаттығуларының маңызын, денені шынықтыру жолдарын қарастырамыз.




 

Шеңберге тұр әдісі

Ортасы


Оқушыларды «Стикер» тәсілімен топқа бөлу

Алдын ала дене мүшелері - көз, қол, тіс суреттерін стикерге желімдеп қоямын. Оқушылар алдыңғы тапсырманы орындап жатқанда мен оқушылардың орындықтарының артына стикерлерді жабыстырып шығамын. Қабілеті жоғары оқушылардың орындықтарына бірыңғай көздің суретін жапсырамын. (Ол саралау тапсырмасын орындау үшін қажет) Сол арқылы 3 топқа бөліп отырғызамын.

- Балалар, топ бойынша тапсырмалар орындаймыз.

1-тапсырма

1-топқа «Көрсет және әңгімеле» тәсілі

(Т) Геометриялық фигуралардан адам бейнесін құрастырыңдар

2-топқа «Кесте толтыру» тәсілі

(Т) Берілген кестеге осы дене мүшесіне арналған жаттығулар ойлап жаз,айтып бер.



Дене мүшесі

Жаттығу

 

 

 

 

 

 

3-топқа «Сөз құрастыру» тәсілі

(Т) Берілген әріптерден сөз құрастыр:

Қ ы л у а с н д е (денсаулық)

Денсаулықты шынықтыр  жолдарын көрсет, айтып бер. (Постерге орындайды)

(Таңертеңгілік бой жазу жаттығуларын жасау, спортпен шұғылдану, суда жүзу,т.б.)

Кері байланыс: «Түйінді сәттер» тәсілі

Қарсы топ мүшелері ақылдасып алады да қорғалған жұмыстардың ішінен ең негізгі, түйінді  деп өздеріне алған жерін атап өтеді.

Сергіту сәті. Бір оқушы ортаға шығып көңілді музыка әуенімен дене мүшелеріне арналған жаттығулар орындатады.

2-тапсырма

1-топқа  «Сөз ішіндегі жасырынған сөз» тәсілі

Бағалау критерийі: жасырынған сөздерді дұрыс табады,жазады.

(Жекелей жұмыс) Тапсырмасы:

Берілген сөздерді мұқият оқы. Жасырынған сөздерді тауып, жанына дұрысын жаз:

Көзілдірік

көз

итмұрын

 

Таяқ

 

Көкжиек

 

Бастық

 

Шашақ

 

Қолғап

 

Ауыздық

 

құлақшын

 

Оқушылар жұмысты орындап болған соң дұрыс жауабын интерактивті тақтадан көрсету:көз,мұрын,аяқ,иек,бас,шаш,қол,ауыз,құлақ

Дескриптор:

  • Сөз ішінен жасырынған сөзді тап,қорша

Жанына дұрысын атауын жаз


  • ҚБ «+ -» тәсілі арқылы өзін өзі бағалау

Оқушы өзін тексеріп,+ - таңбасын қойып шығады.

2-топқа «Ойлан,жұптас,бөліс» тәсілі

(Жекелей, жұптық, топтық жұмыс) Берілген сөздермен сөйлем құра:денсаулық, ағза, дене жаттығулары.

Оқушылар алдымен әрқайсысы жеке сөйлем құрастырады. Сосын жұптасады да бір-бірінің сөйлемдерін тексереді. Сосын ең сәтті шыққан сөйлемдерді топтың ішінде оқып береді.

Кері байланыс «Штанга» тәсілі

Штанганы жоғары көтеріп тұрған адам-сөйлемдерді өте жақсы, қатесіз құраса

Штанганы кеудесіне дейін көтеріп тұрған адам - сөйлемдерді құрағанда 1-2 қате жіберсе

Штанганы көтере алмай тұрған адам- сөйлемдерді дұрыс құрай алмаса, бірнеше қате жіберсе беріледі.

3-топқа «Рөлдік ойын» тәсілі

«Дәрігердің көмегі» рөлдік ойынын өткіз.Біреуің –дәрігер,қалғандарың-емделушісіңдер. Дәрігер мен емделуші арасындағы диалогті құра.

(Өз денсаулығын сақтау, дене жаттығуларының пайдасы туралы диалог құрады)

Кері байланысты мұғалім жасайды.


Ұ(МК) Қызықты деректер

4 тап.(Ботаның тапсырмасы).

Адамның бой неліктен таңертең ұзын, ал кешке аласа болаатынын білеміз. Таңертең адам ұйқыдан тұрғанда бой ұзарады, ал кешке аласарады, себебі омыртқа адам жүрген кезде дене салмағымен төмен басылып, түнде ұйықтаған кезде омыртқа жазылады.

5. Дәптермен жұмыс.

-Геометриялық фигураларды адам денесімен құрастыру

-Денен мүшелерінің атауын жаз.





































Дескриптор.

-Геометриялық фигураларды атайды.

-Фигралардан адам денесімен құрайды.

-Дене мүшелерін атайды.


Соңы




Кері байланыс.

«Еркін микрофон »

Микрофонды ұстай отырып ,бүгінгі сабақ туралы өз ойларын айтады.















Қосымша мәліметтер

Саралау-оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

Қабілетті оқушыға тапсырманы

қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Оқушылар «денсаулық» сөзін құрау арқылы денсаулықты шынықтыру  жолдарын көрсетеді, постер жасап басқа топтағы оқушыларға  айтады.

 «Дәрігердің көмегі» рөлдік ойынын ойнау арқылы өз денсаулығын сақтау,дене жаттығуларының пайдасы туралы диалог құрады.

Қолдауды қажет ететін оқушылар дене мүшелерінің атауын жазып,олардың гигиенасын сақтауды біледі.


«Түйінді сәттер» тәсілі арқылы кері байланыс жүргізгенде оқушылар топ жұмыстарының ішінен өздеріне ең негізгі, түйінді деген білімді  алады.

 «+ -» тәсілі арқылы қалыптастырушы бағалау жүргізгенде оқушы сөз ішіне жасырынған сөзді дұрыс тапқанын бағалайды.

«Штанга» тәсілі арқылы кері байланыс жүргізгенде оқушылар өзара бағалау тәсілін қолданып сөйлемдерді құрау білімдерін бағалайды.

«Рөлдік ойын» тәсілін қолданып дәрігермен диалог құраған тапсырмаға мұғалім кері байланысты мақтау, мадақтау арқылы ынталандыру мақсатында жүргізеді.


Техника қауіпсіздігінсақтау.Дене мүшелерін үшкір ,ыстық ,зиянды заттардан қорғау.

Тамақтану ережесін сақтау.

Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен оқу мақсаттары орындалды ма? Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай .деңгейде өтті?

Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма ? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?

Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Өз сабағыңызды талдау үшін осы бос орынды пайдаланыңыз. Сол жақта берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алды (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1.

2.

Сабақ барысынада сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/ қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?






Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!