Материалдар / Дүниетану сабағынан сабақ жоспары
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Дүниетану сабағынан сабақ жоспары

Материал туралы қысқаша түсінік
2 сынып оқушыларына арналған сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Қаңтар 2021
388
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дүниетану

Күні: 03.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым

Сабақтың мақсаты:

2.1.1.1 отбасылық мұрағат негізінде отбасы мүшелерінің ауызша портретін жасау

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Білу және түсіну

Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.

Кез-келген адамның өз отбасы бар. Отбасы-қоғамның бір бөлшегі. Оған бір үйде тұратын ең жақын адамдар жатады. Олар: атасы мен әжесі, әкесі мен анасы, ағасы мен әпкесі және іні-қарындастары.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу

Қолдану

Сенің Отбасыңда қанша адам бар?

Өз отбасыңдағы адамдар жайлы әңгімеле.

Қамқор болу, қамқорлық деген ұғымды қалай түсінесің?

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:


Бір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады.

Сурет бойынша әңгіме құра.

Үйге тапсырма: Өз Отбасы мүшелерің туралы әңгімелеп бер.



Дүниетану

Күні: 10.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Менің ататегім

Сабақтың мақсаты:

2.1.1.4 бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау

2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Бағалау парақшасымен таныстыру

Топтарға бөлу.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Аялы алақан»

Мақсаты: жылылық, сенімділік деңгейін, еркіндікті дамыту.

Нұсқаулық: қатысушылар шеңбер болып отырады. «Бүгінгі сабақтан не алғыңыз, не көргіңіз келеді?» — сұрағын оқушыларға қойып, сұрақтарға жауап алу. Бастапқы қатысушы жанындағы көршісінің қолын ұстайды. Тренинг шеңбер бойымен жалғасады. (Тренинг соңында қатысушылар дөңгеленіп қолдарын ұстайды)

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

«Ата-ана», «Ататек» бір-біріне мағынасы жақын сөздер. Олар ата сөзінен тарайды. Атадан отбасының бірінші тегі өрбиді. Оны ұрпақ деп тайды.

«Көшбасшы және тыңдаушылар» әдісі

Берілген жаңа тақырыпты түсіндіру үшін сыныптан өз еркімен бір оқушы Көшбасшы ретінде өзін ұсынады. Көшбасшының қалауынша мәтінмен жұмыс жүргізу.

-Әжеңнің отбасы жайлы әңгімесін досыңа айтып бер.Оның да әңгімесін тыңда .Пікір алмасыңдар.

Қолдану

Дәптермен жұмыс.

Талдау

«Ыстық орындық» орындық әдісі

(Бір оқушы алдыңғы жақта, орындықтар оны айнала қоршай орналастырылады.

Жаттығудың сипаттамасы:


Б ір оқушы алға шығып өз пікірін айтып және тақырып бойынша сұрақтарға жауап береді. Сұрақты анағұрлым мазмұнды қылу үшін, оқушылар белгілі бір пікір бойынша бірлесіп алға шығып сөйлей алады

Өзіңнің жеті атаңды айтып бере аласың ба?

Сурет бойынша әңгіме құраңдар.

Үйге тапсырма: үлкендерден жеті аталарыңды сұрап келіңдер.



Дүниетану

Күні: 17.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Мен және қоғам

Сабақтың мақсаты:

2.1.5.2 қоғамға қызмет етудің әлеуметтік маңыздылығын түсіндіру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Көрші»

Мақсаты: әрбір қатысушының сол топтың бір мүшесі екендігін сезінуі, бір-біріне жылылық сыйлау.

Нұсқаулық:

Көршіңді оң жақтан құшақта,

Көршіңді сол жақтан құшақта.

Оң жақтағы көршіңе бір жымиып,

Сол жақтағы көршіңе бір жымиып,

Бүгінгі тренинг барысы,

Біз үлкен отбасы.


Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Әр адам қоғамның бір мүшесі. Кез-келген қоғамның негізгі тәртібі-бір-біріне деген құрмет пен сезім. Адам қоғамға пайдалы іс істеуі , өзінің және басқалардың заттарына ұқыпты қарай білуі керек.

Қолдану Постер жасату.

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар жаңа білімге сай оқулықты қолдана отырып өз түсінгендерін постерге түсіреді.

Қоғам мүшелеріне кімдерді жатқызуға болады?

Сен қоғамға қандай көмек көрсеттің?

Қандай көмек берер едің?

Сергіту сәті «Қыдырып қайтайық»

Синтез

«Алтын балыққа арналған аквариум» әдісі

Оқушыларға жасырын суреттер таратылады, кімге балық түссе, сол алтын балық болады, оқушы алтын балықтың маскасын киіп, ортаға шығады. Басқа оқушылар оған сұрақтар қояды. Егер жауап бере алмаса топ мүшелері көмектесуіне болады.

Суретте кім бейнеленген, әңгімелеп бер.

Үйге тапсырма: мазмұндау.


Дүниетану

Күні: 24.09.2020


Сабақтың тақырыбы: Сыпайылық. Менің достарым

Сабақтың мақсаты:

2.1.1.4 бақылау мен сұрақ-жауап арқылы тұтыну заттарына деген отбасы қажеттіліктерінің құрылымын, олардың қайдан келетінін анықтау

2.1.1.2 мысалдар келтіре отырып, өз отбасындағы әдеп нормаларын түсіндіру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Достық– адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді.

Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр.

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 мину) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)

Қолдану

Сенің достарың бар ма?

Олармен бос уақытыңды бірге өткізесің бе?

Достықтың қандай бағалы қасиеттерін білесің?

Өзіңнің достарың жайлы айтып бер.

Олардың мінез-құлқы қандай?

Адамды дос болуға мәжбүрлеген дұрыс па?

Ондай адаммен өз ойыңды бөлісіп, сырласуға бола ма?

Ой қорыту

Эссе парағы...... Бүгінгі сабақта туындаған сұрақтар мен алған мәліметтер, білімді меңгеру барысында кездескен сұрақтар туралы жазады.

Үйге тапсырма: Досыңа арнап тілек жазып кел.

Бүгін қандай тақырып бойынша жұмыс жасадық?

Дос дегеніміз кім?

Сабақ бойынша қорытынды жасап, оны негіздеңдер.

Дескрипторлар:

1.Оқулықтағы анықтаманы оқиды

2.«Менің достарым» тақырыбы бойынша өз ойларын ортаға салады.

Үйге тапсырма: мазмұндау.


Дүниетану

Күні: 01.10.2020


Сабақтың тақырыбы: Адам еңбегі

Сабақтың мақсаты:

Еңбектің адам өмірін қалай жақсартатынын түсіндіру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Ынтымақтастық атмосферасын құру

Сәлемдесу

Әр түрлі түсті таңдау арқылы топқа бөлу, топ басшыларын сайлау.

І т – көк: «Тапқырлар» Ерекшелігі: Сабырлылықты, тыныштықты, көңілді жүруді, достарын сыйлайтын, басқаға үлгі болатын, қуаныш сыйлайтын тапқырлар.

ІІ т –қызыл: «Алғырлар» Сабаққа деген қызығушылықтары өте жоғары, қызбалық ерік күштері керемет, жігерлі алғырлар.

ІІІ т – сары: «Ойшылдар» Белсенді, талпынысты, ашық жүзді басқаларға жылы лебіздерін білдіретін қайырымды ойшылдар.

ІV т – жасыл: «Зеректер» Сенімді, қайсарлы, өз орталарында жайлы, басқалардың алдында беделді зеректер.

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Еңбек деген не?

Адамдар не үшін еңбек етеді?

Сенің дастарханың ас қалай келеді?

Күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды қалай жасайды?

Еңбек түбі-зейнет дегенді қалай түсінесің?

Қолдану

14-15 беттер. Түсініп оқу.

Талдау: Сурет тақырыбын анықтайды.

Топ ішінде сұрақтарды талқылау:

Адамдар қалай бірлесе еңбек етіп өмірге қажетті заттарды жасайды?

Жаңа сөздер енгізу:

Мына сөздерге мән беру: еңбек, мамандық.Топпен жұмыс.

Оқулықтың суреттері бойынша жұмыс.

- Қандай мамандықтың адамдары өмір сүруге қолайлы жағдайлар жасайды?

Адамдардың жұмыс суреттерінің байланысын анықтау.

Жарық, жылу, су, азық-түліктегі қажетіліктер мына адамдардың еңбегімен қанағаттандырылады: Жарық- электрші

Су- суқұбыры қызметінің жұмысшылары

Жылу- газ кызметі, шахтерлар, жылу энергетиктері

Азық-түлік- ауылшаруашылығы және т.б жұмысшылар

Адам болам десең – кәсіпке үйрен де, еңбек ет.

Гүл өсірсең, терлеп,

Мұның аты – Еңбек.

Кесте тіксең, зерлеп,

Мұның аты – Еңбек.

Сабағыңа жөндеп,

Әзірленсең – Еңбек.

Қиындықтың бәрін

Еңбек қана жеңбек. (Нұрхан Жанаев)

Үйге тапсырма: мазмұндау.


Дүниетану

Күні: 08.10.2020


Сабақтың тақырыбы: Менің құқығым және міндетім

Сабақтың мақсаты:

2.1.5.1 өз өмірінен мысалдар келтіру негізінде құқықты, міндетті және жауапкершілікті ажырату

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру

Топқа бөлу

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

Психологиялық ахуал қалыптастыру:

3 минут

«Қызыл гүлім-ай» би

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.

Құқық деген не?

Конституция не үшін жазылады?

Міндет деген не?

Оның орындалуына кімдер қамқорлық жасайды?

Қолдану

«Интервью» әдісі

Жалпыға арналған тапсырма:

Оқушылар тақырып аясында сұрақтар құрастырады. Сұрақтар тақтаға ілінеді. Оқушылар бір-бірінің сұрақтарына жауап береді.

Сенің тағы қандай міндеттерің бар?

Өз ісіңе жауапкершілікпен қарау дегенді қалай түсінесің? Өмірден мысал келтір.

Синтез

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылардан дәптердің бетін (не таратылып берген парақты) ортасынан вертикаль сызықпен бөлу сұралады. Мәтінді оқу барысында олар:


Бөліктің оң жағына

Сол жағына

Мәтіндегі қатты әсер еткен тұстарды, үзінділерді жазады.

Сол әсер еткен үзінділер жайлы пікір жазады (нені еске түсіреді, себеп-салдары қандай, қандай сұрақ бар т.б.)


Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар

Алдымнан жел еседі.

Кіп – кішкентай ағаштар

Биік болып өседі.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабақта не білдіңдер?

Нені түсінбедіңдер?

Үйге тапсырма: мазмұндау.

Дүниетану

Күні: 15.10.2020


Сабақтың тақырыбы: Отан үшін аянба Қазақстан халқы

Сабақтың мақсаты:

2.3.5.3 Қазақстан халықтары достығының маңыздылығын түсіндіру

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі

1, 2, 3,

Бойға жинап күш.

Жалқаулықты тастаймыз,

Сабақты біз бастаймыз.

Топтарға бөлу. «Суреттер таңдау»

Оқушылар жазушылардың, спортшылардың және батырлардың суреттерін таңдай отырып, топқа бөлінеді.

Топ ережесіне бағынамыз.

Үй жұмысын бекіту

Ой қозғау:

Балалар, мен өлең жолдарын оқимын, мұқият тыңдаңдар.

Мен оның түнін сүйем, күнін сүйем,

Ағынды өзен, асқар тау, гүлін сүйем.

Мен оның қасиетті тілін сүйем,

Мен оның құдіретті үнін сүйем.

- Бұл өлең не туралы?

- Отан туралы.

- Ендеше, балалар бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы: Отан үшін аянба

Білу және түсіну

І. Отан деген не?

ІІ. Табиғат пен адамды Отан деп атауға бола ма?

ІІІ. Өз елін сүйетін адамды қалай атайды?

«Жариялау» әдісі

(Әрбір топ берілген сұрақ бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (2 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.

770 ₸ - Сатып алу

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!