Материалдар / «Дүниетану сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану»
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

«Дүниетану сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану»

Материал туралы қысқаша түсінік
Интербелсенді әдістерді сабақтарда қолдануға болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қараша 2018
3312
9 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



























































Кіріспе

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасына мұғалімдердің өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануына мүмкіндік береді. Сонымен қатар білім сапасының алдында шығармашылық бағытта жұмыс істейтін тың жаңалықтар ашатын ойлау қабілетімен ерекшеленетін жеке тұлға қалыптастыру міндеті тұр.

Білім беруді ізгілендіру, ақпараттандыру – бүгінгі заман талабы. Өркениеттің өсуі ақпараттық қоғамның қалыптасуымен тікелей байланысты екенін ескерсек, қазіргі кездегі білім мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білім мен кәсіби іскерліктердің болуын, жастардың белсенді шығармашылықпен жұмыс істеуін талап етеді. 

Әрбір мұғалімнің негізгі мақсаты–сабақ сапасын көтеру, түрін жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығушылығын арттыру, олардың ізденуін, танымын қалыптастыру.

Қазіргі заман талабына сай адамдардың мәлімет алмасуына, қарым-қатынасына ақпараттық - коммуникациялық технологиялардың кеңінен қолданысқа еніп, жылдам дамып келе жатқан кезеңінде ақпараттық қоғамды қалыптастыру қажетті шартқа айналып отыр. Ақпараттық қоғамның негізгі талабы – оқушыларға ақпараттық білім негіздерін беру, логикалық ойлау-құрылымдық ойлау қабілеттерін дамыту, ақпараттық технологияны пайдалану дағдыларын қалыптастыру және оқушы әлеуметінің ақпараттық сауатты болып өсуі мен ғасыр ағымына бейімделе білуге тәрбиелеу, яғни ақпараттық қоғамға бейімдеу. 
Әлемдік бәсекелестік заманында әрбір адамның білім сапасын, қабілеттік деңгейін, іскерлік мүмкіндігін анықтайтын адам ресурстарын дамыту мәселелері күн тәртібіне өткір қойылып, адамның білімі мен біліктілігі қазіргі кезеңде мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігінің ең маңызды көрсеткішіне айналып отыр. Бәсекеге қабілетті, интеллектуалдық күші жетік маман кадрлар болмай, әлемдік бәсекеге төтеп бере алатындай экономика дамымайды. Қай заманда да өркениеттің өрлеуі интеллектуалдық шығармашылық қабілеттің негізінде іске аспақ. Осындай қабілеттердің дамып, шыңдалуы үшін өткізілетін конференция, семинар, курстар, дөңгелек үстел, пәндік олимпиадалар, интеллектуалдық ойындар, дебат, байқаулар – жеке тұлғаларға арналған іс-шаралардың бәрі де ұстаздың жаңашыл педагогикалық ойлауына, жеке адамды дамыту құралы болып табылатын оқыту үрдісін қалып­тастыруға және шығармашылық дамуына, кәсіби шыңдалуына негіз болады.

Оқу мақсаты басымдылығының өзгеруі білім мен тәрбие мазмұнына елеулі түрде ықпал етіп, оны жаңартудың ең басты бағытттарын айқындауға және нақтылы міндеттер белгілеуге мүмкіндік береді. Жаңа мазмұнды оқытудың нәтижелілігі мұғалімнің шеберлігі мен ізденісіне көп байланысты. Бәсекеге қабілетті тұлғаны қалыптастыру ұстаздың білімділігін, жан-жақтылығын және кәсіби шеберлігін талап етері сөзсіз.

Мұғалім білімін көтермей, кәсіби шеберлігін шыңдамай, өскелең ұрпаққа тәлімтәрбие береміз деу қазіргі заман талабына сай келмейді. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктеп отыр. Оның үдерісінен шығу біздің міндетіміз.

«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы»,- деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмән жоқ. Бала мектеп табалдырығын «білсем» деген үлкен ынтамен аттайды. Осы бала бойындағы ынта мен ерік, жігерді ары қарай ұштай білу әр ұстаздың алдында тұрған үлкен міндеті, оны атқару барысында ұстаз балалардың танымдық оқу іс-әрекетін инновациялық әдістерді, ақпараттық технологияларды қолдану арқылы сауатты ұйымдастыра, басқара білуі тиіс.

Нарықтық қатынастар негізінде қалыптасып келе жатқан Қазақстан Республикасының орта білім беру жүйесіндегі негізгі приоритеттердің бірі оқушылардың мүдделерін қолдау болып табылады. Осыған орай әрбір мұғалімнің ең негізгі міндеті әрбір оқушының білім алуға деген қызығушылығын арттырып әрбір оқушының шығармашылық шабытының тууына жағдай жасау. Осының негізінде ең негізгі педагогикалық міндет шешіледі: Қазақстан Республикасының азаматын қалыптастыру, өмірлік мамандығын анықтау және оның өмірге деген дұрыс көзқарасын қалыптастыру.

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан – жақты маман болу мүмкін емес. Өзін — өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.

Интербелсенді оқыту технологиясының (ИОТ) тиімділігін оқытушының оны жүзеге асыру сапасына да көп байланысты болды.

Зерттеудің мақсаты: дүниетану сабақтарында интербелсенді әдістерді қолдану жолдарын, тиімділігін анықтау.

Зерттеудің міндеттері:

  • Интербелсенді әдіс –тәсілдердің оқытудағы маңызы туралы теориялық негіздерін зерделеу;

  • Дүниетану сабақтарында қолданылатын интербелсенді әдіс-тәсілдерді анықтау;

  • Тиімді әдіс-тәсілдерді қолданудың әдіснамалық негіздерін меңгеру;

  • Интербелсенді әдіс-тәсілдерді қолдану жөнінде әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеу.

Зерттеу нысаны: Дүниетану сабақтарындағы оқушылардың оқу - танымдық белсенділігі.

Зерттеу пәні: Дүниетану сабақтарында интербелсенді әдіс-тәсілдер.

Зерттеу болжамы: Егер дүниетану сабақтарында интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері тиімді таңдалса, онда оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, танымдық белсенділігі артып, білімді өз бетінше меңгеру деңгейлері жоғары болар еді.

Курс жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және әдебиеттер тізімінен тұрады.



1 Интербелсенді оқыту әдісіне жалпы сипаттама

1.1 Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы.

Интербелсенді оқыту – бұл, ең алдымен оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасы тікелей жүзеге асатын сұқбаттасып оқыту болып табылады. «Интербелсенді» негізгі сипаттамалары қандай?

Интербелсенді оқыту – бұл танымдық әрекеттің арнаулы ұйымдастыру формасы. Ол толық айқындалған және мақсатын алдын-ала болжауға болатын оқыту түрі. Осындай мақсаттардың бірі оқушы өзінің жетістіктерін, интелектуалдық белсенділігін сезетіндей, оқу барысының өнімділігін арттыратын оқытудың жинақы (компортный) шарттарын жасау. Интербелсенді оқытудың мәнісі сыныптағы барлық оқушы таным процесімен қамтылады, олар өздерінің білетін және ойлайтын нәрселері арқылы түсінуге және қарсы әсер .жүреді. Сонымен қатар, бұл процес өзара қолдау және қайырымдылық атмосферасында жүреді. Яғни, жаңа білім алып қана қоймайды, танымдық процестің өзін дамытады, оны әлдеқайда жоғары топтасу мен еңбектесу дәрежесіне көтереді.

Инновациялық технология оқу мен үйренудің негізін ойлау мен рефлексияға негізделген интербелсенді әдістер құрайды. «Интербелсенді» дегеніміз диалог арқылы үйрену/үйрету, яғни «үйретуші – үйренуші», «үйренуші – үйренуші», «үйренуші — өзімен өзі» форматтарында жасаған қарым-қатынас («әңгіме», «сұхбат», «бірлескен әрекеттер»).

Басқаша айтқанда, «интербелсенді» дегеніміз біреумен қарым-қатынаста болу, онымен бірлесе әрекет жасау, диалог құру. Ал «интербелсенді оқу» дегеніміз өзара қарым-қатынасқа (коммуникацияға) негізделген оқыту, диалог арқылы үйрену, үйрету, яғни «үйретуші-үйренуші»« үйренуші- үйренуші»« үйренуші-өзімен өзі» тұрғысынан жасалған қарым-қатынас: әңгіме, сұхбат, пікірлесу, бірлескен әрекеттер болып табылады.

Бүгінгі мұғалім дәстүрлі оқытуды сақтай отырып, соны әдістемелер арқылы білім беруді мақсат тұтады. Бұл ретте интербелсенді оқу және интербелсенді оқыту әдістері алға шығады. Интербелсенді оқыту – өзара әрекеттесу, үйрену мен үйрету арқылы білімді меңгертуге және нақты нәтиже алуға бағытталған оқыту әдістемесі. Интербелсенді оқыту мұғалім мен оқушының оңтайлы, тиімді қарым – қатынасына негізделіп, үйренуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуіне құрылады.

Ал интербелсенді оқып үйренуде оқушылар төмендегідей білім, білік, машықтарға үйреніп, дағдыланады:

- дүниетанымдық тұрғыдан терең ойлану, жеке қабілеттерді дамыту;

- өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

- ақпаратты өздігімен түсініп, ішінен қажеттісін таңдап алу;

- ақпаратты жан – жақты талдау;

- өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

- оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін қалыптастырып, белсенді өмірлік көзқарас ұстану;

- пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

- басқа да балама пікірлерді ескеру;

- шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

- ұжымдық ортақ жұмысқа жұмыла білу;

- басқалармен тиімді қарым – қатынас құру, өзара әрекеттесу.

Бұл әдісте оқытудың нәтижелілігі ізденіс, шығармашылық түріндегі оқушы әрекеттерін жүзеге асырады. Интербелсенді оқыту барысында оқушылар белсенділік танытуға, өз ойларын дұрыс жеткізе білуге, өз көзқарасын дәлелдеуге, пікірталас жүргізуге, өзге пікірді сыйлауға, онымен санасуға үйренеді. Мұндай сабақтарда бір ғана дұрыс жауап болмайды, өйткені басты мәселе дұрыс жауапты табуда емес, керісінше сол жауапқа әртүрлі жолдар арқылы келу, үйренушінің жеке тәжірибесіне негізделген іздену болып табылады.

Интербелсенді оқытудың мақсаттары:

1. Орта қалыптастыру.

- Оқушы тіл үйренуде өз әрекеттерінің жемісті екендігін сезінетін

жағдайлар жасау;

- Оқушылар арасында ашық, еркін, шығармашылық қарым-қатынас

орнату;

- Оқушыларға білімді дайын бермей, оны ізденуге бағыт-бағдар сілтеу,

2. Әрекет арқылы үйрету

- Оқушыларға бөлімнің өзіндік әрекеттер арқылы ғана тиімді түрде

меңгерілетіндігін дәлелдеу;

- Оқушыларды белсенді әрекеттерге баулап, олардың білім игеру

әрекеттерін ұйымдастыру

3. Өмірмен байланыстыру.

Интербелсенді оқыту - әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен : «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады.

Интербелсенді оқыту білім игеру процесін келесідей ұйымдастыруға ынталы:

  • барлық үйренушілерге бірлескен таным процесіне белсенді араласуға мүмкіндік жасау;

  • әрбір үйренушінің өзінің үйренгені мен өз білімі туралы түсініктерін

  • ортаға салып, бірлесе талқылап, олар туралы ой толғануына мүмкіндік жасау;

  • үйренушілер білімді өздігімен құрастыратын орта құру;

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

  • өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

  • оқу барысында жеке басының құндылықтары мен сенімдерін

қалыптастырып, белсенді өмірлік бағытын (көзқарас, дүниетаным) ұстану;

Қазіргі таңда дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі оқыту» стилі арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды. Төмендегі кестеден дәстүрлі сабақпен интербелсенді оқыту әдістерінің айырмашылықтарын көруге болады.

Кесте-1

Дәстүрлі сабақ 

Интербелсенді әдіс

1.Мұғалім уақыттың көп бөлігінде сөйлейді,белсенді

1. Оқушылар көп уақыт бойы белсенді,тапсырманы талқылайды

2.Оқушылар тыныш отырып, мұғалімді тыңдайды.

2. Мұғалім-бағыттаушы. Пікірталас кезінде көмектеседі,сұрақтар қояды

3. Оқытудың басым түрі-түсіндіру

3. Оқушының өзі сұраққа жауап іздейді

4. Сабақтың негізгі бөлігі- жеке-жеке бағалау

4.Бағалаудың жаңа түрлерінен пайдаланылады

5. Сабақ кезеңдері ұзақ мерзімде өтеді

5. Жұппен және топпен жұмыс 

Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше сыныппен жұмыстың жаңа формаларын ойлап таба алады. Оқушылар бір-біріне сұрақ қойып және оған жауап беруді үйрететін, жұптасып жұмыс істеу әдісін сабақтарда жиі қолданылады.

Интербелсенді оқудың әдістері:
- Интербелсенді лекциялар мен семинарлар;
- Броундық қозғалыс 
- Пікірталастар ; 
- Ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.); 
- Тренингтер; 
- Оқытудың компьютерлік технологиялары. 
- Жұптасып жұмыс істеу.
- Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО - ға үйрету);
- Шағын топтармен жұмыс
- Аяқталмаған сөйлем.
- Есептеу ағашы.
- Өз атынан сот.
- Ролдік /іскерлік/ ойын.
- Өз позицияңды ұстан.
- Дискуссия.
- Дебаттар.


1.2 Бастауыш мектепте дүниетану сабақтарында интербелсенді оқытудың формалары мен әдістер

Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісіне қатысушылардың өзара әрекетінің диалогтық формасына негізделген таным тәсілі. Оның барысында білім алушылардың бірлескен әрекет дағдылары қалыптасады. Интербелсенді оқыту – білім беру үдерісінің соңғы мақсаты мен негізгі мақсаты мен негізгі мазмұнын сақтайды. Интербелсенді оқыту бірқатар міндеттерді шешеді:

- коммуникативті біліктер мен дағдыларды дамытады, оқушылар арасында эмоционалдық дағдыларды дамытады, олардың арасында эмоционалдық байланыс орнатуға көмектеседі;

- ақпараттық міндеттерді шешеді, себебі оқушыларды бірлескен әрекетті онсыз жүзеге асыруға болмайтын қажетті ақпаратпен қамтамасыз етеді;

- жалпы оқу біліктері мен дағдыларын дамытады (талдау, жинақтау, мақсаттар қою және т.б.), яғни білім беру міндеттерін шешуді қамтамасыз етеді;

- топта жұмыс істеуге, басқаның пікіріне құлақ түруге үйрететін болғандықтан, тәрбиелік міндетті қамтамасыз етеді.

Интербелсенді оқыту тағы бір маңызды міндетті орындайды. Ол жүйке жүйесінің жүктемесін азайтуға, зейінді басқа нәрсеге аударуға, әрекет формаларын ауыстыруға және т.б. мүмкіндік береді.

Интербелсенді оқыту формалары мыналар:

1. Жұппен жұмыс.

2.  Ауыспалы үштіктер.

3. Әткеншек.

4. Шағын топтардағы жұмыс.

5.  Аквариум.

6. Аяқталмаған сөйлем.

7.  Миға шабуыл.

Бастауыш мектепте зерттеушілік іс-әрекеттің жүргізілуі

8. Шешімдер ағашы.

9. Рольдік (іскерлік) ойындар

10. Пікірталас.

11.  Дебаттар.

Оқытудың интербелсенді әдістерін 4 топқа бөлуге болады:

- топтық оқыту;

- фронтальдық оқыту;

- ойын барысында оқыту;

- пікірталас барысында оқыту.

Бастауыш мектепте дүниетануды оқыту барысындағы экологиялық білім берудің ерекшеліктері. Топтық оқу әрекеті - оқытуды шағын топтарда ұйымдастыру формасы. Мұндай оқыту оқушылар үшін өз құрбыларымен ынтымақтастық жасауға, әр адамның қарым-қатынасқа табиғи ұмтылысын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Топтық оқытуға жұппен жұмыс, шағын топтағы жұмыс, аквариум жатады. Фронтальдық интербелсенді әдістерге бүкіл сыныптың бір мезгілдегі бірлескен жұмысын қамтитын әдістерді жатқызуға болады: «Микрофон», «Аяқталмаған сөйлемдер», «Миға шабуыл», «Оқи отырып, үйренемін». Ойын барысында оқыту әдістеріне рольдік ойындар, драматизациялау жатады. Пікірталасқа оқыту әдісі оқыту үдерісінде оқушылардың танымдық әрекетінің маңызды тәсілі, өйткені пікірталас – даулы мәселені көпшілік алдында кеңінен талқылау. Бұндай әдістерге «Ток-шоу», «Пресс» әдісі, «Бағытыңды таңда» әдістері жатады.

Интербелсенді әдістерді тиімді пайдалану үшін мұғалім өз жұмысын жан-жақты жоспарлауы тиіс:

- бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне, олардың иетербелсенді әдістемелермен жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін тәсілдерді пайдалану;

- оқушылар үшін тақырыпты игерудің «кілті» болатын интербелсенді жаттығуларды іріктеу;

- әрбір оқушының жұмыс қарқынын және оның қабілеттерін есепке алу;

- бір сабақта интербелсенді әдістердің бір-екеуін қолдану.

Интербелсенді оқытудың әдістері мен тәсілдері қолданылған сабақ сегіз кезеңнен тұрады:

Кесте- 2

Кезең атауы

Мақсаты

  1. Мотивация.

Бұл кезеңді ұйымдастыру барысында бір сабақтан екінші сабаққа өткен кезде мотивация тәсілдерін өзгерту қажет.

2.Мақсат қою.

Оқушыларға мақсаттарды хабарлау әрекетті мақсатты бағытталған етуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушыларға сабақтың мақсатын қоюды үйретеді.

3.Жаңа ақпарат беру.

Бұл кезең оқушылар нені білетінін, ненің таныс емес және түсініксіз екенін таңдап алуға мүмкіндік береді. Бұл кезеңді миға шабуылдан бастау ұсынылады: «Бұл сөз Сізде қандай ассоциация тудырады?», «Бұл сөзбен қандай ұғымдар байланысты?». Интербелсенді жаттығулар.

Интербелсенді жаттығулар ретінде шағын топтардағы жұмыс ұсынылады. Әрбір топ қысқа және неғұрлым ақпаратты түрде сөйлеуі тиіс.

4. Жаңа өнім.

Оқушылар игерген ақпараттың көлемін есепке ала отырып, олардың өз қорытындылырын жасауына және көзқарасын білдіруіне мүмкіндік жасалад

5. Рефлексия кезеңінде оқушылар жасаған әрекеттің қорытындыларын шығару көзделеді.

Бұл кезең оқушыларға жаңа игерілген білімдерді бөліп көрсетуге және қандай жағдайда қолдануға болатынын анықтауға мүмкіндік береді.Рефлексия кезінде төмендегі сұрақтарды қоюға болады:

- Не қатты ұнады?

- Нені үйрендіңдер?

- Келешекте бұл білімдер қандай пайдаға асады?

- Бүгінгі сабақ бойынша қандай қорытынды жасауға болады?

Қойылған сұрақтар оқушыларға сабақта болған нәрсенің ең бастысын, жаңасын бөліп көрсетуге, бұл білімдердің қайда, қалай және қандай мақсатта қолданылуы мүмкін екенін түсінуге көмектеседі.

6.Бағалау.

Бұл интербелсенді режимде жұмыс істейтін мұғалім үшін күрделі мәселе болып табылады. Бағалау оқушылардың келесі сабақтағы жұмысын ынталандыруы тиіс. Бағалауда мынадай қатынасты қолдануға болады: топтың әрбір мүшесі әрқайсысын бағалайды, яғни әр жолдасына бағалау парағына баға қояды. Мұғалім парақтарды жинап алып, орташа баллды есептеп шығарады. Оқушылар жұмысын өзіндік бағалауды да қолдануға болады.

7.Үй тапсырмасы.

Оқытудың интербелсенді әдістерін пайдаланып, өтілген сабақтардан кейін игерілген материалды шығармашылықпен қайта қайта қарауға мүмкіндік жасайтын тапсырмалар беріледі: шығарма жазу, қарастырылып отырған мәселе бойынша өз көзқарасын білдіру және т.б. Интербелсенді сабақта мұғалім оқушылар әрекетін сабақ мақсаттарына жетуге бағыттап отырады. Диалогқа қатысу тыңдай білуді ғана емес, ести білуді де, сөйлей білуді ғана емес, түсінікті бола білуді де талап етеді. Интербелсенді әдістер оқушылардың өз күштерін, өз қабілетін сезінуге мүмкіндік береді. Оқушылардың өзіндік бағалауы, өзіндік сенімі артады.Өзара сыйластықты, айналасындағы адамдардың пікірлері мен мінез құлықтарына төзімділікті тәрбиелеу маңызды.


Айтылымға бағытталған интербелсенді әдіс-тәсілдер:

1. «Интервью-таныстық» ойынын 3-сыныптағы алғашқы сабақтардың бірінде өткізген дұрыс. Әр оқушы өзінің парта бойынша көршісімен әңгімелеседі, содан соң ол жайлы бүкіл сыныпқа айтып береді (немен айналысқанды жақсы көреді, нені оқығанды жақсы көреді). Ойын сыныптың портретін жасауға, оқушылардың коммуникативтік біліктерінің қалыптасқандық деңгейінің бастапқы диагностикасын өткізуге көмектеседі.

2. Ережені өзара тексеруді жүзеге асыру (ауызша сұрау). Оқушы парта бойынша көршісіне ережені айтып береді, мысал келтіреді, оларды түсіндіреді. Содан соң оқушылар рөлдерін алмастырады, бірін-бірі бағалайды. Мұғалім кез келген жұптан сұрай алады.

Жазылымға бағытталған интербелсенді әдіс –тәсілдер:

1. «Көршіге арналған сөздік диктант». Үйде балалар өткен ережеге сәйкес сөздік диктант құрастырады (жекелеген карточкаға). Жоғарғы жағына «Құрастырған…» деп жазады. Содан соң оқушылар сабақта карточка алмасады, тапсырманы орындайды, төменге «Орындаған…» деп жазады. Күні бұрын мұғалім қанша сөз болуы керек екенін айтады.

2. Балаларға үйде орындау үшін шығармашылық сипаттағы тапсырма беріледі  (тәжірибе жасату, өсімдікті бақылау жүмысы).

3. Сабақтың басында немесе аяғында үйге берілген жаттығуларды өзара тексеруді ұйымдастыруға болады. Сабақтың алғашқы бес минутында дәптерде жіберілген қателердің ізімен өзара диктант өткізген дұрыс.Балаларға жұппен жұмыс істеген қатты ұнайтынын атап өткен жөн.Сонымен, интербелсенді оқытуды пайдалану өмірлік жағдаяттарды модельдеуді, рольдік ойындарды пайдалануды, мәселені бірлесе шешуді көздейді.



















2.Дүниетану сабақтарында интербелсенді оқытуды қолдану

Сабақ мақсатын айқындау кезеңі сабақтың бұл кезеңінде оқушылар сабақ мазмұмынын өздерінің бұрынғы білімдерімен салыстырып, байланыстырады. Оқушының бұл кезеңде басты мақсаты – оқушыларды жаңа білім қабылдауға және игеруге белсенділендіру. Оқушылар тақырып бойынша сұрақтар қалыптастырып, өз мақсаттарын айқындайды. Сабақтың бұл кезеңінде оқушылар «Не білемін?», «Не білгім келеді?», «Жаңа білімнің маған берер пайдасы қандай болмақ?» деген сұрақтарға жауап беруге ұмтылады. «Ой-қозғау», «Болжау», «Оңай және қиын сұрақтар кестесі», «Ойлан, жұптас, пікірлес». «Алдын-ала берілген атаулар», «Үлкен шеңбер» т.б.

Жаңа білімді іздену мен зерттеу кезеңі сабақтың бұл кезеңінде оқытушы оқушыларға білім алудың белсенді тәсілдерін ұсынып, олардың өздігімен жаңа мәліметті жан-жақты қарастырып, зерттеп, игерілуіне мүдделі. Оқушылар жекелей, жұппен, топпен, жаңа ақпаратпен танысып,ол туралы өзіндік пікір қалыптастырады. Оқушылар бұл кезеңде «Қалайша жаңа білімге үйренемін, түсінемін, игеремін?», «Бұл мәлімет туралы менің ойым, түсінігім, қатысым қандай?» деген сұрақтарға жауап іздейді. Атаулар туралы үш сұрақ. Еркін жазу. Кең ауқымды лекция. Сұрақ қою. Қайтадан сұрақ қою. Бірін-бірі оқыту. Қол жазба күнделігі. Білемін, білгім келеді, білдім. Белгі қойып оқу. Жигсо. Миға шабуыл. Рөлдік ойындар. Пікір-талас.

Үйренгенді айқындау және бағалау кезеңі Бұл кезеңде оқытушы оқушылардың жаңа мағлұмат бойынша ойланып, ол жөнінде өзара пікір алмасу мен талқылауды ұйымдастырады. Оқушылар осы сабақта білгендері мен үйренгенін тұжырымдайды, олардың қолданысы туралы пікірлесіп, өзінің жаңа біліміне баға береді, оны проблема шешуде қолданады. Бұл кезеңде оқушы «Не білдім, не үйрендім?», «Бұл білім маған не үшін керек?», «Бұл білімнің қолданысы қандай?», «Бұл білімді ары қарай қалай дамытамын, жалғастырамын?» деген сұрақтарға жауап беруі керек. Білемін, білгім келеді, білдім. Дөңгелек үстел. Үш қадамды сұхбат. Пікірталас. Топтық зерттеу. Эссе. Жеңілдетілген анықтама (түсіндірме)

Педагогикада оқытудың бірнеше моделі ажыратылады:

1) пассивті – оқушы оқытудың «нысанасы» ретінде көрінеді(тыңдайды, қарайды);

2) активті – оқушы оқытудың «субьектісі» ретінде көрінеді (өздік жұмыстарды, шығармашылық тапсырмаларды орындайды);

3) интерактивті – өзара әрекетте болады.

Интербелсенді (интерактивті) оқыту кезінде оқушының істі ұйымдастыра білу қабілеті де көрінеді. Интербелсенді әдістермен сабақ өткізу кезінде мұғалім тек кеңесші, серіктес рөлін атқарады. Мұғалім жаңа біліммен бірге оқушыларды өз беттерінше ізденуге жетелейді. Мұғалім белсенділігі белсенділікті қамтамасыз ететін оңтайлы жағдай тудыру ғана болып қалады.

Сонымен қатар, мұғалім ұйымдастырушы, бақылаушы деңгейінде ғана көрінеді де, оқушы белсенділігі арта түседі.

Өз іс-тәжірибеде ұлттық тәрбиені білім негіздерімен ұштастыру, оқушылардың сабаққа қызығушылықтарын арттыру мақсатындадүниетану сабағы кезінде интербелсенді тәсілдерді әр түрлі лингвистикалық ойындар түрінде («Көкпар», «Атажұрт», «Алтын сақа», «Алтын қақпа», «Сөзмерген» т.с.с.) жүргізу арқылы жақсы нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын байқауға болады. Ең бастысы, оқушылардың сабаққа деген көзқарасы, қызығушылықтары, өз ойларын еркін жеткізу дағдылары қалыптаса бастады. Ал өздеріне сенімсіздік білдіріп, бұйығы отыратын оқушылар өз ойларын аз да болса жүйелеп, еркін айта бастады.Демек, белгілі бір нәтижеге жету үшін мұғалім сабақ жоспарын құру барысында қай жерде, қай тәсілді қолдану жолдарын дұрыс ұйымдастыруы керек.

Интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану кезінде:

  • тиянақты білім;

  • қиялдау мен шығармашылық;

  • тез тіл табысу;

  • белсенді өмірлік көзқарас;

  • командалық рух;

  • жеке; дербестік құндылық;

  • өз пікірін білдіру, еркіндік;

  • іс - әрекетке ерекше назар аудару;

  • өзара сыйластық дағдылары дамиды
    Әдіс түрлері:

  • Ойын түрлері;

  • Жеке және жұптық, топтық жұмыстар;

  • Оқушылардың өз бетінше іс – әрекеттері;

  • Нақты жағдайлар, олардың нәтижесін жасау;

  • Сұрақтар қоюда ынталандыру(СТО - ға үйрету);
    Интербелсенді оқытуды ұйымдастыру ережелері:

1. Аудиторияны жұмысқа дайындау.

2. Топқа бөлу.

3. Мақсаттарды және күтілетін нәтижелерді айқындау.

4. Жұмыс ережелерін қабылдау.

5. Сенім және жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

6. Барлық үйренушілер жұмысқа қатысуы керек.

7. Тыңдай білу: барлық пікірлер тыңдалуы керек.

8. Жазбаша жұмыстар.

9. Кері байланыс.

Дүниетану сабағында интербелсенді оқытуда мынадай әдіс- тәсілдерді сабақта қолданған тиімді.

1.“ Ыстық орындық” әдісі - оқушыларда үлкен қызығушылық оятады.Бұл әдісті ойын түрінде де қолдануға болады.Тәлім алушым бұл әдісті әр топтан бір оқушыны шақырып,топқа жануарлардың аты жазылған парақшаларды таратты. Топ ыстық орындықтағы оқушыға қимыл-әрекет арқылы қай жануар екенін жұмбақтап сұрайды. Бұл ойын арқылы оқушылардың көңіл-күйлері көтеріліп,бір сергіп қалғаны байқалды.

2. «Миға шабуыл» стратегиясы - бұл ұжымдық талқылау, мәселенің шешімін іздеуде қолданылатын тиімді әдіс. Қандайда бір проблеманы әр мүшенің пікірін еркін тыңдау арқылы шешу. Бұл әдіс жеке тұлғаны қалыптастырудағы маңызды әдістердің бірі. Миға шабуыл стратегиясының өзіндік ережесін сақтап, дұрыс пайдаланса оқушының стандарты емес шығармашыл ойлауын жақсы дамытады. Миға шабуыл стратегиясының қағидасы қиын емес. Мұғалім топ құрады да, қандай да бір проблеманың шешімін табуды өтінесіз (айтасыз). Барлық оқушылар өз пікірлерін айта бастағанда, ешкім оның ойын бөліп, өз пікірін айта алмайды және бағаланбайды. Іс –тәжірибеден байқағанда бірнеше минут ішінде көптеген пікірлер яғни шешімдер табуға болады. Бұл жерде пікірдің көптігі мақсат емес, ол тек нақты саналы шешім қабылдауға негіз болады.

Мысалы: Миға шабуыл стратегиясын өз іс- тәжірибемде қолдана келе дүниетану сабағынан мынадай жұмыстар атқардым: оқушыларды қатар бойынша үш топқа бөліп, барлық топқа «өсімдік –тірі ағза?» дегенді қалай қалай түсінесіңдер деген сұрақ қойылды. Оқушылар өзара топпен ақылдаса келе сұраққа нақты жауап беруге тырысты. Осы стратегияны сабақтың басында не қорытынды бөлімінде пайдаланған өте тиімді. Себебі оқушылар берілген сұраққа нақты ізденіп, жауап беруге ұмтылады.

«Әткеншек » әдісі арқылы екі шеңбер құрып ,  сыртындағы шеңбер сұрақ қояды Ішкі шеңбер жауап береді .

Мысалы: «Әткеншек» әдісін «Өсімдіктердің тіршілігі» тарауын аяқтаған кезде өткен білімдерін бекіту үшін қолдандым. Бұнда «Әткеншек» әдісінің шарты бойынша оқушыларды екі шеңберге тұрғыздым. Сұрақтары:

- Далалы, орманды жерден жиі кездестіретін өсімдік топтарын ата.

- Тамыр дегеніміз не?

- Сабақ деген не? Және оның атқаратын қызметі қандай?

-Жапырақтың атқаратын қызметі қандай? Деген сұрақтар қою арқылы оқушылардың білімдерін бекіте алдым. Бұл әдістің тағы бір тиімділігі оқушылар жақсы қарым-қатынасқа түсе алады.

Рөлдік ойын

  1. Рөльдік ойындар – тиімді интербелсенді әдістердің бірі. Адам жадында бірінші мезетте өзінің жасағаны мен бастан кешкен әсерлері қалады. Ал рөльдік ойындар оқушылардың өздерін басқа адамдардың орнына қойып, мәселе немесе проблеманың солардың тұрғысынан қарастырып, шешімді өз « қолдарымен » жасауды меңзейді.

Дүниетану сабағынан бұл ойынды «Өсімдіктердің көбеюі» тақырыбында жүргіздім. Оқушылар қараторғай, картоп, пияз болып бөлініп өз рөлдері бойынша мәлімет бере кетті.

5.“Бинго” ойыны

тақырыбын бекіту

Ойынның шарты: туысыңның, достарыңның туған күнін есіңе түсіріп, ұяшықтарды тез толтыру.

Ойынның мақсаты: ай аттарын және отбасы, достар. Сонымен қатар бұл ойынды сергіту жаттығуы ретінде қолдануға болады.

Интербелсенді оқудың әдістері: интербелсенді лекциялар мен семинарлар; пікірталастар; ойындар (оқу, рөлдік, іскерлік, өндірістік, имитациялық және т.б.); кейс-стади; тренингтер; оқытудың компьютерлік технологиялары.

Әр сабақта келесідей дидактикалық тәсілдерді қолданған тиімді:

  • Ой қозғау,

  • Т-кестесі,

  • Венн диаграммасы,

  • Болжау,

  • Кластерлер,

  • Синквейн,

  • Салыстырмалы диаграмма,

  • Оңай және қиын сұрақтар кестесі,

  • Ойлан, жұптас, пікірлес,

  • Алдын-ала берілген атаулар,

  • Үлкен шеңбер,

  • Қос шеңбер,

  • Атаулар туралы үш сұрақ,

  • Еркін жазу,

  • Білемін, білгім келеді, білдім,

  • Дөңгелек үстел,

  • Үш қадамды сұхбат,

  • Топтық зерттеу,

  • Кең көлемді лекция,

  • Сұрақ қою, қайтадан сұрақ қою,

  • Қос жазба күнделігі,

  • Үш жазба күнделігі,

  • Белгі қойып оқу (INSERT),

  • Жигсо, Қайшыланған пікірталас, Аквариум, Эссе және басқалар.

  1. Венн диаграммасы.

Бір-бірімен айқасқан екі шеңбердің екі жағына салыстыруға берілетін объектілердің сипаттамалары жазылады. Ал айқасқан жерген екеуіне ортақ сипаттар тізіледі. Салыстыруға арналған тапсырмаларды осы диаграммаға салып оқушылар қызыға толтырады яғни салыстыру сияқты күрделі ойлау операциясын меңгереді.

Мысалы: «Мәдени өсімдіктер» тақырыбында оқушыларға тағамдық өсімдіктер мен май алу үшін қолданатын өсімдіктерді салыстыруға тапсырма берілді. Осы тапсырманы орындау барысында оқушылардың тақырыпты түсінгендіктерін байқадым

2. “Инсерт“(түртіп алу) INSERT


Мәтін бойынша сызбаны толтыру,білетінін айту, қайшы пікір айту, өзі үшін жаңалық екенін айту, түсінбейтінін ортаға салып түсінуге үйрену.

Бұл әдісті өз іс- тәжірибемде жиі қолдануға тырыстым, себебі бұл әдіс арқылы оқушылардың тақырыпты қалай меңгеріп, түсінгендерін анықтай аламын.

Мысалы: Дүниетану сабағынан «Тұқым және жеміс» тақырыбы.


Білемін

Ү

Қайшы

-

Жаңалық

+

Түсінбейтін

?

Жеміс өсімдіктердің бізге тарайтын сыйы.


Құрғақ және шырынды болып бөлінетіндігі.

Тұқымдарында ұшатын қанатшалары бар өсімдіктер.


3.“Семантикалық карта”

Оқушылар осы әдіс арқылы өткен тақырыпты еске түсіріп, қайталауға дағдыланады.

Сөздер

жапырақ

сабақ

тамыр

жеміс


Өсімдіктің негізгі және жер асты мүшесі

+




Өсімдіңтің барлық мүшелерін жалғастырып тұратын.





Өсімдік тыныс алады.






2. Ұстаз мұнда «білім көзі» емес, ол – білімге апаратын жолды нұсқаушы, ол тек қажет кезде ғана шәкіртіне жәрдемдеседі, сұрақ қояды, тапсырма береді, ақпарат ұсынады.

Дәстүрлі оқыту мен интербелсенді оқудың айырмашылықтары:

  • дәстүрлі білім беру - білімді жинақтауға негізделеді. Оқыту, үйрету, білім беру.

  • интербелсенді оқу – білімді өздігімен игеруге негізделеді. Оқу, үйрену, білім алу.

Оқушылардың білім-білік дағдыларын жетілдіру үшін интербелсенді оқыту технологиясының элементтерін өз сабақтарында қолданып, сапалы білім беріп жүрген ұстаздар баршылық. Қазіргі кезеңдегі кез-келген педагогикалық технология оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған. 

Интербелсенді сабақтарды ұйымдастыруда кең тараған құрылымдардың бірі Дэвид Колбаның эмпирикалық таным циклы. Бұл төрт фазадан тұрады, яғни бірінші фазада нақты проблема немесе тәжірибе белгіленеді, екінші фазада бақылау және ой қорыту жасалады, үшінші фазада рефлексия негізінде жаңа тұжырымдар қалыптастырып, оны төртінші фазада тәжірибеде тексеріп қарайды. Бұл технологияның сабақта атқарылатын жұмыстардың құрылымы: 

Кесте -3

Іс-әрекет түрі

Жұмсалатын уақыт, %

1.

Мотивация және жаңа тақырыпты хабарлау

10%-ы;

2.

Өткен тақырыпты қайталау, бекіту

20%-ы;

3.

Негізгі материалды оқу 

50%-ы;

4.

Бағалау 

10%-ы;

5.

Сабақ қорытындысы (дебрифинг, рефлексия)

10%-ы; 

Сабақ уақытын әр мұғалім сабақ ерекшелігіне байланысты өзгертуіне болады, алайда сабақ құрылымы сақталуы тиіс.

Пәнді оқытуда қолданылатын интербелсендік әдістер: сабақ-презентация, практикум, семинар сабақтар, проблемалық лекциялар, сынақ сабақ, зерттеу, жоба құру сабақтары. 

Өз тәжірибемізде қолданатын оқушылардың белсенділіктерін арттыратын интербелсенді тәсілдер: «Миға шабуыл», «Блиц-сұрақ», «Кластер», «Синквейн», «Салыстырмалы диаграмма», «Пазл», «Ойлан», «жұптас, пікірлес», «Білемін, білгім келеді, білдім», «Белгі қойып оқу (INSERT)», «Жигсо», «Эссе», «Жұппен, топпен жұмыс», «Рөлдік /іскерлік/ ойын», «Пікірталастар», «Рефлексия», «Аквариум», «Карусель».

Интербелсенді оқыту технологиясының аса көп мөлшері белгілі. Әр ұстаз өз бетінше оқу материалының мазмұнына орай, топтың дайындық деңгейіне орай әртүрлі оқыту әдістерін таңдап алады. Соның ішінде математика сабақтарында қолдануға болатын кейбір интербелсенді әдістерге тоқталғанды жөн көрдік.

«Ми шабуылы», «Ми штурмы» («дельфи» әдісі) – бұл әдіс, берілген сұраққа кез-келген оқушы жауап бере алатын әдіс. Маңыздысы айтылған көзқарасқа бірден баға қоймау керек, барлығын қабылдау қажет және әрқайсысының пікірін тақтаға немесе парақ қағазға жазған дұрыс. Қатысушылар олардан негіздеме немесе сұраққа түсініктеме талап етілмейтінін түсінулері керек. Жұмыстың бұл нысанын кері байланыс алу үшін қолдануға болады.

Шағын топтардағы. Ұжымдық оқытуда топтық жұмыстың орны ерекше. Топ мүшелері әрқашан ауысып отыруы керек. Топқа оқушылар өз қалауымен, еркімен кіре алады, не қағаз қиындылары, ұқсас ерекшеліктер, сап түзеу, жағымды сөздер, санамақ, команда таңдау, картамен топқа бөлу, не оқытушы алдандағы мақсаттың ауыр, жеңіліне, оқушылардың білім дәрежесі, іскерлігіне қарай өзі топтастырады. Топтасқан оқушыларға дүниетану сабағында өткен тақырыптарды қай ұсынуға болады. Бір мәселені әр топ әр жағынан қарастыратын болса, соңынан бірлесіп қорытынды жасайтын іздендіру бағытындағы тапсырмалар жүйесі берілуі керек.

Белгі қойып оқу (INSERT-Interactive Noting System for Effective Reading and Thinkeng– тиімді ойлау мен оқуға арналған белілеудің интербелсенді жүйесі) – жаңа мәліметті игерудің интербелсенді тәсілі. Студенттер дәрісті тыңдағанда жекелей кестені толтырып отыруы тиіс:

Бірінші («қанатша») бағанға оқушылар өздерінің оқыған материалдарында кездестірген өздерінің бұрыннан білетін таныс мәліметтерді келтіреді.

Екінші («плюс») бағанға студенттер осы дәрісте өздері үшін жаңа болып табылатын ақпаратты жазады.

Үшінші («минус») бағанға осы дәрісте келтірілген қандай ақпараттың олардың бұрыннан білетініне қайшы келгенін жазады.

Төртінші («мен») бағанға тақырыптың студентке қалай септік тигізіп, қандай пайда келтіретіндігін жазады.

Дәрістің әр бөлігінен кейін студенттердің өз кестелерін салыстырып, өзара талқылау жұргізіп отырғандығы орынды. Ал оқытушы бұл тәсілді шығармашылық түрғыдан қарастырып, оған өзгертулер енгізуге болады.

Ойлан, жұптас, пікірлес –оқушыларға қандай да болмасын сұрақ, тапсырма берілгеннен кейін оларды тыңғылықты орындауға бағытталған интербелсенді тәсіл.

Тақтада сұрақ/тапсырма/ жазылғаннан кейін әрбір оқушы жекеше өз ойлары мен пікірін берілген уақыт ішінде (2-3 минут) қағазға түсіреді. Содан кейін оқушы жұбымен орындағанын 3-4 минут талқылайды, пікірлеседі. Оқытушы екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялауын сұрауға болады. Бұл тәсілді дүниетану сабағында өткенді қайталауға, жаңа тақырыпты түсіндіріп, қорытындылағанда қолданған тиімді.

Шағын лекциялар. Шағын лекциялар теориялық материалды ұсынудың тиімді материалдарының бірі болып табылады. Оны бастар алдында алдыда тұрған тақырыппен байланысты, ми штурмын немесе рөлдік ойынды өткізу қажет, ол қатысушылар үшін оның маңызын арттырады, оларды ақпараттандыру дәрежесі мен тақырыпқа қатынасын анықтайды.

Материал қатысушылар үшін ұғынықты тілде мазмұндалады. Әрбір терминге анықтама беру қажет. Теорияны «жалпыдан жекеге» қағидаты бойынша түсіндірген дұрыс. Келесі сұраққа көшер алдында айтылғандардың бәрін жинақтау және сіздің дұрыс түсінгеніңізге көз жеткізу керек.

Кері байланыс. Кері байланыс қатысушылардың талқылап отырған тақырыптарының реакциясын ұғынуға, оқуды ұйымдастыру мен өткізудің кемшіліктері мен артықшылықтарын көруге, нәтижелерін бағалауға мүмкіндік береді.

Қатысушылар (ерікті түрде) өткізілген жаттығулар, ақпараттық блок, нақты күн немесе барлық тренинг бойынша өз ойларын айтуды ұсынады.

Әрқайсысының сезімдері мен қобалжуларына назар аударып отыру маңызды.

Барлық айтылған пікірлер тренерлер тарапынан да, басқа қатысушылар тарапынан да үнсіз, даусыз, түсініктемесіз және сұрақсыз тыңдалуы тиіс. Әрбір сөйлеушіге айтқандары үшін алғыс айтқан дұрыс. Басқалармен тең дәрежеде тренерге де кері байланыс ұсынған дұрыс.

Кластерлер (ағл.Cluster - «жүзімнің шоқтары» деген мағынада) – идея мен ақпараттардың арасындағы байланыстарды айқындауға арналған жазба кестелер. Мұнда негізгі тақырып (тірек сөз, басты идея) тақтаның (дәптердің) ортасына шеңберге жазылады да, одан туындайтын тақырыпшаларды оқушылар оның жан-жағына жазып, шеңберлеп бір-біріне қосады да, өз-ара байланыстары туралы әңгімелейді. Кластерлер оқушының жеке орындауынан басталып, одан кейін жұмыс жұпта немесе шағын топта (4-6 адам) жалғасады.

Мұндай кластерді тақырыпты қорытындылау бөлімінде рефлексия түрінде беруге болады, сонда оқушылардың тақырыпты қалай меңгергендіктері байқалады.

Синквейн (ағл. cinquain) – бес жолдан тұратын тақпақ. Мұнда оқушыға оқу материалын қысқаша түйіндемелеу талап етіледі. Бірінші жолда – синквейннің негізгі мазмұнын құраушы бір негізгі сөз (ұғым); екінші жолда – берілген ұғымды сипаттайтын екі сын есім; үшінші жолда – ұғымның әркетін көрсететін үш етістік; төртінші жолда – автор өз қатысын көрсететін қысқа сөйлем; бесінші жолда – ұғымға қатысты өз сезімін, ассоциясын сипаттайтын бір сөз (көбінесе зат есім).

Мысалы, Дүниетану пәнінен «Өсімдіктердің көбеюі» тақырыбын өткеннен кейін синквейн құрауға болады. Ол келесі түрде болуы мүмкін.

Өсімдік. Тірі табиғат. Өседі (жайқалады) т.б.

Пазл (ағл. puzzle) – тең емес бөліктерден сурет құрастыратын балалар ойыны.

Бұл әдіс бойынша тапсырмалардың орындалуын ойын түрінде өткізуге болады. оқыту барысында өтілген материал карточкаларға жазылады, бірақ әрбір карточкада келесісін іздеуге бағытталған мәлімет болуы тиіс.

Бұл әдісті оқытудың кез келген бөлігінде қолдануға болады, ол жеке не топтық жұмыс болуы да мүмкін.

3. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше, сауатты, жан-жақты маман болу, математиканы қызығырақ, түсініктірек оқыту мүмкін емес. Жаңа технологияны меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға көмектеседі. Жаңа оқыту технологияларын пайдалану студенттің білімге деген құштарлығын арттыруға ықпал етеді.



3. Эксперименталды бөлім

«А.Байтұрсынов атындағы №20 қазақ орта мектебінде» 2 «а» сыныбында диплом алды іс-тәжірибеден өттім. Практикадан өту кезінде осы аталынып отырған интербелсенді оқыту әдісін өз іс- тәжірибемде қолданып, оқушылардың білім деңгейін анықтай алдым. Жалпы интербелсенді оқыту көптеген жұмыс түрлері мен әрекеттер арқылы жүзеге асады. Мәселен: бірлескен жұмыстар (жұптық, топтық, бүкіл аудиторияның), жеке және бірлескен ізденіс пен зерттеу жұмыстары, ситуациялық және рөлдік ойындар, ақпараттың әрбір көздерімен жұмыс жасау (кітап, лекция, интернет, шығармашылық жұмыстар т.б). Интербелсенді әдістерді пайдалану кезінде оқушылар түсіну процесіне толыққанды қатысушылар болады, оның тәжірибесі оқу танымының негізгі қайнар көзі қызметін атқарады. Біз оқытушы ретінде оқушыларға дайын білімді бермей, өз бетімен ізденуге үйретіп, оқушыларды бағыттауымыз қажет. Осындай жұмыстың нәтижесінде оқушылар ақпаратты өздігінен игеру, проблеманы айқындай алу, оны шешу жолдарын қарастыра білу қабілеттерін дамытуға ұмтылады. Интербелсенді оқу білімді өздігімен игеруге негізделеді, яғни білім дайын күйінде берілмейді. Сол себепті «Үйрену арқылы ғана білімді меңгеру ықтимал» деген қағиданы ұстанған жөн. Интербелсенді оқытудың бірнеше әдіс- тәсілдері бар: пікірталастар, ойындар, жағдаяттарды талдау, тренингтер т.б

Интербелсенді оқытуды қолдана отырып, өз сабақтарымда оқытуды ұйымдастырудың ережелерімен бастадым.

  • Сынып бөлмесі жұмысқа дайындалды. Сабақта еркін түрде жұмыс жасауға ұолайлы болуы үшін парталарды қоюдың тәсілдері барын білдім.

  • Топқа бөлу. Оқушылар әр сабақта үрлі тәсілдермен шағын топтарға бөлінді, бірлесе жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалды. Топқа бөлудің түрлерін пайдалана отырып, бір шәкірт басқалармен топ құрамында болуын қамтамасыз етемін.

  • Мақсаттар мен күтілетін нәтижелерді айқындау. Сабақ басында бүгін қарастырылатын тақырып пен мақсатты айқындап, оқушылардан қандай білім, әрекеттер күтетінімді жеткіздім.

  • Жұмыс ережесін қабылдау. Сабақ барысында тәртіп сақтау, біреу сөйлегенде тыңдай білу, жекелей жұмыста бір- біріне кедергі жасамау т.с.с ережеледі қатаң ұстану.

  • Барлық оқушыны жұмысқа қатысуын қамтамасыз ету. Топта қанша бала болса сонша жауап болуын, сонша сөз, сөйлем құралуын т.б тапсырмалар арқылы шешу.

  • Жазба жұмыстар. Ойлаудың шырқау биігі- жазу. Сабақта қандай дәрежеде білім алғанын, өсуі мен дамуын жазба жұмысты орындауынан білуге болады.

Кері байланыс. Сабақ соңында оның тиімділігі мен қандай дәрежеде өткендігі туралы оқушылардың пікірін білу. Бағалау сәті «Бүгін не үйрендік?», «Не ұнады?» , «Не ұнамады?» сұрақтары арқылы жүргізілді. Осы ережелермен жұмыс түрлерін (жұптық, топтық) тиімді тәсілдерді (ой қозғау, болжау, Венн диаграммасы, ойлан, жұптас, пікірлес т.б) қолданып өткізген сабақтардан оқушы ойының шыңдалғанын, өз ойы мен пікірін дәлелдеуге әрекеттенгенін, өзгенің жұмысына, пікіріне баға бере алатын деңгейге жеткенін, сабақ барысында өткізілген жұмыстарға өз ойлрын айта алатын дәрежеге көтерілгенін байқадым. Оқушыларым өзін және өзгені бағалауға, жеткен жетістіктері мен кемшіліктерін сезініп, шынайы қоырытынды жасауға үйренуде болды.

Бүгінгі күннің негізгі ерекшелігі- динамика, яғни өзгерістер.

Өзгерістерге толы заман адамның білімді әрі білікті тұлғасына тәуелді. Ұстаздар- болашақтың негізін қалаушылар. Ұстаздар қауымына жүктелер міндет- құзырлы тұлғаны тәрбиелеп шығару. Сондықтан әр сабақта осы әдістерді қолдану өз нәтижесін берері сөзсіз.






ҚОРЫТЫНДЫ

Ұстаз үшін нәтижеге жету шәкіртінің білімді болуы ғана емес, білімді өздігінен алуы және алған білімдерін қажетіне қолдану болып табылады. Бүгінгі бала – ертенгі жаңа әлем. Бүгінгі күні ақпараттар ағымы өте көп.  Ақпараттық ортада жұмыс жасау үшін кез келген педагог өз ойын жүйелі түрде  жеткізе алатындай, коммуникативті және ақпараттық мәдениеті дамыған, интерактивтік тақтаны пайдалана алатын, Он-лайн режимінде жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. Заман талабына сай жаңа технология әдістерін үйрету, бағыт - бағдар беруші – мұғалімдерміз. Оқушылар жаңа тұрмысқа, жаңа оқуға, жаңа қатынастарға бейімделуі тиіс.

«Мектеп – жеткіншек ұрпақтың ойын қалыптастыратын шеберхана, егер болашақты қолдан шығарып алғың келмесе, оны берік ұстау керек», – дейді француз философы Анри Барбюс.

«Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақ тағдыры ұстаздың қолында»  деп елбасымыз     Н.Ә.Назарбаев айтқандай бәсекеге сай дамыған елдердің қатарына ену ұстаздар қауымына зор міндеттер жүктейтінін ұмытпауымыз керек.

Қазіргі педагогтарға қойылатын талап, ол оқушыға сапалы білім, жүйелі тәрбие және де саналы ойлау мен қабілет, түйсігін дамыту.

ХХІ ғасырда оқушылардың жанын рухани жағынан азықтандыратын, қызығушылығын арттыратын ақпараттық техникалық құралдар екені бәрімізге мәлім.

Қорыта айтқанда, баланы рухани дамытуда айналамен таныстыру, яғни ақпараттық құралдардың жақсы жағын тиімді пайдаланып, күрделі, қыр сыры көп әлеуметтік ортаға  оқушыны бейімдеп тәрбиелеу ұстаздар қауымының еншісінде екенін назарда ұстауымыз керек.




Пайдаланылған әдебиеттер

1.  Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы

2.   “Болашақтың іргесін бірге қалаймыз”  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, 2011 жыл      

3.  Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға

арналған мемлекеттік бағдарламасы   

4. ҚР жалпы білім беретін мектептер мұғалімдерінің біліктіліктерін арттыру

курстарының мұғалімдерге арналған нұсқаулығы . Астана, 2012 ж.

6. Медешова А. Бастауыш сынып оқушыларының оқу икемділігін ақпараттық технология арқылы дамытудың педагогикалық шарттары //-Атырау, 2006, – 30 б.

7.Жаратылыстану негіздері мен дүниетануды оқыту әдістемесі. Р.Т.Молдағалиева, М.К.Ертұрсынова, Астана: Фолиант-2003

8. «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде» С.Мирсеитова, Қарағанды, 2011 ж. (45-б.);

9. «Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер» «Қазақстан мектебі» журналы №3, 2012 ж. (18-б.);

10.«Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі» Н.С.Байжуманова «Білім әлемінде» журналы № 5, 2008 ж. (33-36-б.)

11. «Оқу мен оқыту – оқушылар арқылы жүруі керек» Б.А.Қағазов, «Айқын» газеті, 2013 ж. 4 сәуір (11-б.);

12. Бастауыш кластарда дүниетануды оқытуды теориялық негізі. Қ. Аймағамбетова, Алматы: Балауса-2003

13. Дүниетану: жалпы білім беретін мектептің 2 -ші сыныптарына арналған оқулықтары /К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Ә.Бірмағамбетов. -Алматы.:

Атамұра, 2012.-181 б.

14. Дүниетану: жалпы білім беретін мектептің 3 -ші сыныптарына арналған оқулықтары /К.Жүнісова, Қ.Аймағамбетова, Ә.Бірмағамбетов. -Алматы.:

Атамұра, 2012.-195 б.


ТІРКЕМЕ - 1

Күні: 11.02.16 жыл

Сыныбы: 2 «а»

Сабақтың тақырыбы: «Өсімдік - тірі ағза»

Сабақтың мақсаттары:

1. Білімділік: Өсімдік – тірі ағза екенін, оның тұқымынан өсетіні, жер бетіне шығуы жайында ұғым беру.

2.Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын кеңейту.

3. Тәрбиелік: Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баулу.

Сабақтың көрнекілігі: схемалар, суреттер, тест
Сабақтың түрі: Дәріс беру сабағы(модульдік оқыту технологиясы)

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру бөлімі:

Оқушылармен амандасып, құрал -жабдықтарын түгендеу

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
Тест жүргізу.
1. Адам өміріне тыныс алу үшін не қажет?
а) топырақ; ә) ауа; б) су
2. Жағымсыз іске адам не істейді?
а) күледі; ә) қуанады; б) ренжиді
3. Аспан мен жердің астасқан жерінен ойша сызық жүргізсек, оны не дейміз?
а) дөңгелек сызық; ә) көкжиек сызық; б) бағдар сызық
4. Көкжиек тұстарын анықтайтын арнаулы құралды ата?
а) термометр; ә) сызғыш; б) компос.
5. Судың түсі қандай?
а) қызыл; ә) түссіз; б) ақ.
6. Жер бетінің өсімдік өсетін жұмсақ, борпылдақ қабатын не дейміз?
а) көң; ә) топырақ; б) құм.
7. Құнарлы топырақ деп қандай топырақты айтады?
а) бойында сазы көп; ә) бойында шіріндісі көп; б) бойында құмы көп.

ІІІ. Жаңа сабақ:
Психологиялық дайындық:
1. Оқушылардың өсімдік жайындағы көзқарастарын анықтау:
2. Өзін білетін шөп өсімдігін ата
- Қандай бұтаны білесің?
- Танитын ағаштарыңды ата?
- Өсімдік қандай жерлерде өседі?

Миға шабуыл стратегиясы

өсімдік –тірі ағза дегенді қалай қалай түсінесіңдер?
Күн қуатынан және топырақтан қоректеніп, өсімдік өседі, гүлдейді, жеміс, тұқым береді. Өсімдік болмаса, тірі организмдер өзіне қажетті қоректі таба алмайды. Орман, шалғын, дала өсімдіктері жануарлардың тіршілік ететін ортасы. Адам өмірінде жасыл өсімдіктің маңызы өте үлкен. Қолайлы жерлерге өсімдікті отырғызып, күтетін себебі, олар ауаны тазартады, шуды азайтады, шаңдарды бойына жұтады.
Схема арқылы топтап түсіндіру.
Өсімдіктер - бұта, ағаш, шөп
Ағаш → қайың, тал, қарағай, емен шырша
Бұта → тобылғы, жыңғыл итмұрын, қараған
Шөптекті өсімдіктер → селеу, жусан, жоңышқа, бақбақ, шоғайна бидайық, бетеге

Оқулықпен жұмыс:

1. Мәтіннің екінші бөліміндегі «Өсімдік қалай дүниеге келді?»тақырыбын оқып, тұқымның бөрітетіні, одан тамыр мен өскіннің шығатыны жайында оқулықтағы суретпен байланыстыра отырып түсініктерін айту.(1 - сыныптан оқушылардың тұқым туралы алған ұғымдарын еске түсіру:

2. Оқулықтағы суреттер бойынша талдау.(өркен, сабақ, буын, жапырақ жайындағы түсінік)
Дәптермен жұмыс. Жаңа сөздермен жұмыс: өркен, буын, сабақ, оларды дәптеріне жазу. Анықтамаларын айту. Үйде осы сөздерді қолданып сөйлем құрастыру.
ІV. Қорытынды.(оқушылардың өсімдік жайында еркін сөйлеуіне жағдай жасалады)
Мұнда олар өсімдіктің тұқымнан қалай өнетінін сөз етеді.
Үйге тапсырма: Мәтінді оқып, түсінігін айтуға дайындалу. Схеманы қолдана білу

Кері қайту












ТІРКЕМЕ-2

Күні: 28.01.2015 жыл

Сыныбы: 2 «а»

Сабақтың тақырыбы: Мәдени өсідіктер

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, мәдени өсімдіктердің адам өміріне қандай пайдасы барын түсіндіру;

Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру.

Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Көрнекілігі: мәдени өсімдіктердің суреттері.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы.

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Өсімдік мүшелері:

Оқушылардың өткен білімдерін тексеру үшін, әр қатарға тапсырма беріледі.

1-қатар тамыр және оның атқаратын қызметі туралы айтады.

2-қатар сабақ және оның атқаратын қызметі туралы.

3-қатар жапырақ және оның атқаратын қызметі туралы.

ІІІ. Жаңа сабаққа кіріспе

Балалар, бүгінгі біздің өтетін тақырып «мәдени өсімдіктер» деп аталады. Және олардың пайдасы туралы білетін боламыз. Сендер қандай мәдени өсімдіктерді білесіңдер?

Күнделікті өзіміз жейтін жемісті- жидек, өсімдіктерді ата – аналарың күтіп, баптап өсіреді. Олар неше түрлі жеміс береді.

Жеміс- өсімдіктердің бізге тартатын сыйы.Жеміс беретін өсімдікті жақсылап күтіп баптасақ, мол өнім береді.

ІV. Оқулықпен жұмыс

Мәтінді оқу.

Өсімдіктердің мәдени аталу себебін қайта сұрау.

Слайд арқылы оқушыларға көкеністердің күнделікті өмірдегі пайдасы жайлы түсіндіру.

V. Сергіту сәті.

Бейнебаян арқылы оқушылар сергіту сәтін жасайды.

Суретпен жұмыс. Көшетті қалай дайындайтынын айтып береді.

VІ. Тапсырмалар

Венн диаграмасы

DrawObject1 DrawObject2

Тағамдық өсімдік

Май алу үшін қолданатын өсімдік







Сабақты бекіту.

Ойын: «көкеністер жинайық»

Көкеністердің артында сұрақтар беріледі. Оқушы сол сұраққа жауап берсе, корзинаға сол көкеністі апарып салады.

  1. Мәден өсімдіктерге қандай өсімдіктер жатады?

  2. Май алатын өсімдіктерді ата.




ТІРКЕМЕ - 3

Күні: 21.01.2016 жыл

Сыныбы: 2 «а»

Сабақтың тақырыбы: Жапырақ. Тұқым және жеміс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға өсімдіктердің өніп-өсуі, жетілуі жайлы ұғым беру, құрғақ және шырынды жемістермен таныстыру. Жапырақтар және олардың құрамы туралы білгендерін ортаға салу.

Дамытушылық: Дүниетанымын, ой-өрісін, пәнге деген қызығушылығын, ақыл-ойын, есте сақтауын, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Қоршаған ортаны қорғауды үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру. Өсімдіктер әлеміне деген оқушылардың сүйіспеншіліктерін ояту, оларды қорғай білуге баулу

Әдіс-тәсілдері: Топтастыру, түртіп алу, түсіндіру, сұрақ-жауап, сөзжұмбақ.

Көрнекілігі: Суреттер, тірек сызбалар, тест, жеміс, сөзжұмбақ.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:















Сабақтың

мазмұны


Ұйымдастыру

Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
Салеметсіңдер ме, балалар!

Көңіл-күйлерің қалай?

Психологиялық

дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ- жауап арқылы өткен білімдерін тексеру;

Жаңа сабақ

Мағынаны тану




























Ой толғаныс



















Оқулықпен жұмыс




«Күзде жапырақ неге сарғаяды»


Оқушылар сөзжұмбақты шешіп, бүгінгі тақырыпты анықтап алады.

Оны шешкенде «жапырақ» деген сөз шығады.








Ж

ұ

л

д

ы

з


А

л

м

а


П

а

р

т

а


Ы

б

ы

р

а

й


а

Р

а

қ

А

р



Қ

а

й

м

а

қ



  • Аспанда түнде болады

  • Ағашта өсетін жеміс

  • Оқушылар отыратын үстел

  • Қазақтың тұңғыш педагогы

  • Өзімен кесуге ле болады, кейде жәндік де болады

  • Қыста не жауады?

  •  Сиырдың сүтінен жасалатын тағам

Баяндама:  «Жапырақ қоректі қайдан алады және оның пайдасы»

- Өсімдікке сән беретін – жапырақ. Жапыраққа су, еріген тұздар сабақ арқылы тамырдан келеді. Жапырақ арқылы өсімдік тыныс алады. Күн сәулесі мен жылуы  арқылы жапырақта ауа мен судан қант пен крахмал жасалады. Ал жапыраққа жасыл түс беретін хлорофилл деген зат бар. Жапырақтың пайдасы ол ауадан көмір қышқыл газды сіңіреді де ауаға қажет оттегін шығарады. Сондықтан ауамызды тазарту үшін ағаштарды өсірудің пайдасы мол.

-Жапырақтың түсуі ағаштардың тіршілік бейімділігі. Түскен жапырақ өсімдік тамырын суықтан қорғайды. Жапырақ шіріп, топырақты құнарландырады.

Атқаратын қызметі:

1.Көмірқышқыл газын сіңіреді.                                                                

 2.Оттегін шығарады.

3.Өсімдік тыныс алады.

4.Су буланады.                                                                                              

5.Ағашқа әдемілік, сәндік сыйлайды.

6.Емдік қасиеті бар.

7.Ауаны тазартады.

8.Қант, крахмал, глюкоза жасалады.                                                       

Оқулықта берілген мәтінді оқушылар оқиды, талдайды.

Суретпен жұмыс жүргізіледі. Суретте қандай өсімдіктердің жапырақтары бейнеленгенін айтады.


Оқушыларға карточка таратылады. Оқушылар берілген мәтінді оқып, қорытыны шығарады.

Ойын:

 «Себетке жапырақ жинау» жапырақтардың артына сұрақтар жазылады.

1-топ

а)Жапырақтағы жасыл бояу қалай аталады?

б)Өсімдіктің өсуіндегі жапырақтың пайдасын айт.

2- топ а)Кураған жапырақтың қаңдай пайдасы бар?             

б)Күзде жапырақтар неге сарғайады?

3-топ а)Жапырақтар неге түседі?                                                      

б)Жапырақтар қоректі қайдан алады?

Жаңа сабақ

















Мағынаны тану

Жаңа сабаққа байланысты жұмбақтар шешу.

1. Көктемде жерге енемін,

Ылғалда өсіп-өнемін.

Менің өскен жемісім,

Қыс бойғы сенің қорегің. (Тұқым)

2. Аспай піскен,

Қайнамай түскен. (Жеміс)

-Ендеше, балалар, бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Тұқым және жеміс» деп аталады, яғни өсімдіктің көбею мүшелерімен танысамыз.

Күнделікті өзіміз жейтін жемісті ата – аналарың күтіп, баптап өсіреді. Олар неше түрлі жеміс береді.

Жеміс- өсімдіктердің бізге тартатын сыйы.Жеміс беретін өсімдікті жақсылап күтіп баптасақ, мол өнім береді.

Ал жемістер қайдан шығады?

  • Сызба арқылы түсіндіру:


Оқулықтан «Тұқым және жеміс» тақырыбын оқу

Суретпен жұмыс: Суретке қарап, құрғақ, шырынды жемістерді атайды.

Қосымша мәлімет беру

Ә)Тұқым мен жемістің әр өсімдікте пісіп-жетілуі. Өсімдіктердің тұқымы алуан түрлі болады. (Жергілікті жермен байланыстыру)

В) Өсімдіктер тұқымдары арқылы таралады. Қайың, жөке, көктал ағаштарының тұқымдарында ұшатын «қанатшалар» болады.

Бақбақ, қоға өсімдіктерінің тұқымдары түкті үлпілдек болады.шамалы жел соқса ұша жөнеледі.

Селеу , қара сұлы -желмен ұшады, үшкір ұштарымен жерге қадалады.

Сарамандық жұмыс


VІ. Сарамандық жұмыс

І қатар. Алма тұқымын көрсету.

ІІ қатар. Қиярдың тұқымын көрсету.

ІІІ қатар. Күнбағыстың тұқымын көрсету.

Бекіту

  • Сәйкестік тестін орындау.

  • Жемістердің пайдасы жөнінде қатар бойынша мәлімет беріледі. Оқшылар тақтаға шығып баяндайды.

«Бәйге» ойыны

1.Тұқым мен жеміс өсімдіктің қандай мүшесі екенін айт?

2. Жапырақ қоректі қайдан алады?

3. Лимон жемістің қай түріне жатады?

4. Қарбыз жемістің қай түріне жатады?

5.Көкөністерді ата

6. Қайың,жөке ағаштарының тұқымдарының таралуы

7. Өсімдік тіршілігі үшін қандай жағдайлар қажет?

8.Бақбақ, қоға өсімдіктерінің тұқымы қалай аталады?


Білемін

Ү

Қайшы

-

Жаңалық

+

Түсінбейтін

?

Жеміс өсімдіктердің бізге тарайтын сыйы.


Құрғақ және шырынды болып бөлінетіндігі.

Тұқымдарында ұшатын қанатшалары бар өсімдіктер.


Экологиялық тапсырма.

1. Әдемі қызыл гүл көрдің. Не істейсің?

2. Табиғатты қалай қорғайсың?

Үйге тапсырма.

1. «Тұқым және жеміс» мәтінін оқу.

2. Жемістердің суретін салу.

Бағалау



  1. Мәдени өсімдіктердің адамдарға тигізетін қандай пайдасы бар?

  2. Астық дақылдарынан қандай тағамдар пісіреді?

Үйге тапсырма.

2. Мәдени өсімдіктердің суретін салу.

Олардың пайдасы туралы қосымша мәлімет іздеп келу.

Х. Бағалау.



42


Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!