"Дұрыс , әрі пайдалы тамақтану" тәрбие сағатының қмж-сы

Тақырып бойынша 17 материал табылды

"Дұрыс , әрі пайдалы тамақтану" тәрбие сағатының қмж-сы

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбие сағатының қысқа мерзімді жоспары
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тәрбие сағатына қысқа мерзімді жоспар



Тәрбие сағатының тақырыбы

«Дұрыс , әрі пайдалы тамақтану»

Күні


Сынып жетекшісі


Сынып


Оқу мақсаты

Оқушыларды дұрыс тамақтану мәдениетімен, әдебімен таныстыру, пайдалы және пайдасыз тамақ туралы түсінік беру, дастархан басында сақталатын рәсімдермен ырымдармен аныстыру;оқушылардың сөздік қорларын дамыту;оқушыларды дәстүрді сақтауға, тамақтану мәдениетін сақтауға тәрбиелеу.


Құндылықты дамыту

Ұлттық мүдде , ар-ұят

Өткізілу формасы

Топтық жұмыс

Күтілетін нәтиже

Дұрыс тамақтану мәдениеті туралы толығырақ танысады.Пайдалы және пайдасыз тамақты ажырата алады.Тамаөқтану мәдениетін сақтауды үйренеді.

Көрнекілігі

Суреттер , постер



Тәрбие сағатының барысы:

Тәрбие сағатының жоспарлы кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурс

Ұйымдастыру бөлімі

5 мин

Сәлемдесу , сайыстың мақсатымен таныстыру .

Тренинг : «Дұрыс тамақтану дегеніміз ...»

Топқа бөлу

Оқушылар өздерінің қалаған түстеріне қарай үш топқа бөлінеді.

Амандасады, мақсатымен таныс болады.

Тренинг шарты бойынша әр оқушы өздерінің ойларын білдіреді.

Оқушылар топқа бөлінеді.

Слайд

Негізгі бөлім

Баяндама:

«Дұрыс тамақтану — тамақтан тыйылу емес»

Қазақ халқы «Ас — адамның арқауы» деп тегін айтпаса керек. Шындығында да, адам денсаулығының басты кепілі бұл дұрыс тамақтану. «Ауру —   астан...» демекші кез келген ауруды астан табуға болады. Дұрыс тамақтану дегеніміз күнделікті тұтынатын тағамды тепе-тең етіп пайдалану. Яғни әрбір өзіңізге қажетті калорияны жеткілікті мөлшерде тұтынуды айтамыз. Күнделікті тағам рационында қандай тағам түрлері болуы керек? Оның құрамында қандай дәрумендер болуы қажет? Ақуыздың, көмірсутектің мөлшері қаншалықты болуы керек деген мәселені алдымен ажыратып алған жөн.

Тағы бір ерекше атап өтерлігі, күнделікті өмірде таза суды жеткілікті мөлшерде пайдалану. Ол үшін адам әуелі өзінің салмағын есептеп, соған сәйкес күн сайын қаншалықты мөлшерде су пайдалана алатынын анықтай алады. Бірақ бұған күнделікті судан бөлек ішетін шәй не болмаса өзге де сусындарды жатқызуға болмайды. Мамандардың айтуынша, судың мөлшерін тиісті деңгейден түсірмеген уақытта ғана «толыққанды дұрыс тамақтануға бетбұрдым» деп айта аласыз. Кей адамдар күнделікті жеткілікті мөлшерде су ішкенімен тәттіні шектен тыс қолданып жатады. Болмаса өте майлы тамақтарға жақын болуы мүмкін. Диетологтардың пікірінше, мүмкіндігінше дұрыс тамақтануды ұстанатын адамдар тәттіден бас тартқаны дұрыс. Тәттілерден бастартқанымен оларды алмастыратын бастысы денсаулыққа пайдалы тағамдармен алмастыру қажет дейді мамандар. Сондай-ақ қуырылған тағамдардан аулақ болғаны абзал. Мәселен, қуырылған тамақтар бірінші кезекте асқазанға зиян келтіретінін естен шығармаған жөн.

Дұрыс тамақтануға көшкен адамдар міндетті түрде спортқа ден қояды. Күнделікті уақытының бір бөлігін спортпен шұғылдануға арнайды. Ал осы дене белсенділігі дұрыс тамақтануға көп әсер етеді. Дұрыс тамақтану мен спортты қатар үйлестіре алып жүретін болсаңыз, көптеген жетістікке жетесіз. Дене мүсініңізде бірте-бірте тартыла бастайды. Артық майлардан тезірек құтыласыз. Бұлардың барлығын спортпен түзеп, әдемі сымбатқа келуге болады.

Сонымен , дұрыс тамақтану дегеніміз не?



-Ендеше , оқушылар топқа берілген тапсырмалар бойынша постер қорғайсыздар.

Бірінші топқа: «Ұтымды тамақтану»

Екінші топқа : «Тамақтану ережелері туралы жадынама»

Үшінші топқа: «Витаминдердің адам ағзасына пайдасы»



















































































Оқушылар өз ойларын ортаға салады.













Бірінші топ :

«Ұтымды тамақтану».
Ұтымды тамақтану дегеніміз дұрыс, саналы, пайдалы тамақтану.Денсаулық көбінесе адамның немен және қалай тамақтануына байланысты болады. Санасыз тамақтістердің мытану көптеген аурулардың дамуына себепші болады. Үнемі артық тамақтану қоректік заттарды артығымен қабылдау көптеген ауруларды, мысалы семіру және сусамыр ауруларына соқтырады. Олар ас қорыту мүшелерінің, жүректің, бауырдың, бүйректің зақымдалуына және басқа ауруларға қарсылығын төмендетеді.
« Біз тамақтану үшін өмір сүреміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» демекші тамақтануда сабырлық көрсетіп жалпы мәдениеттің белгісі болып есептеледі.Күшті қалпына келтіру үшін ғана тамақтану керек
Балалардың күнделікті тағамында жеміс-жидектер , витаминдер көп болуы тиіс.
Адамның ең үлкен байлығы – денсаулық. Ал денсаулықты ағзаның күшін нығайтудың басты кепілі-дұрыс тамақтану. Адам ағзасы сыртқы ортаның кері әсеріне үнемі қарсы тұруға тырысады. Тамақтану- адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік. Біздің десаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Дұрыс тамақтану-денсаулық негізі. Ой еңбегіне, іс-әрекетке де күніне көп күш-қуат жұмсалады. Ол қуатты, ағзаға қажетті қоректік заттарды біз ішер астан аламыз

Екінші топ:

«Тамақтану ережелері туралы жадынама»

Алдымен қолыңызды сабындап жуыңыз

Таңғы асты өткізбей, міндетті түрде ішіңіз

Қуырылған, тұзды және ащы тағамдарды көп жемеңіз

Мәзіріңізге көкөністер мен жемістерді қосыңыз

Дастарқан басында сөйлеспеңіз және телефонды қолданбаңыз

Тамақты асықпай, жақсылап шайнап жұтыңыз

Кешкі асты ұйықтар алдында кемінде 2 сағат бұрын ішу қажет

Артық тамақтанбаңыз

Тәттіні азайтыңыз




Үшінші топ: «Витаминдер»
Витаминдер- бұл тіршілікке қажет заттар. Витамин деген терминді 1912 жылы поляк ғалымы К.Функ ұсынған. Ол латынның «ViTA» — өмір, «amin» қажетті деген сөздерінен тұрады. Витаминнің жетіспеуі, авитаминозға немесе гиповитаминозға ұшыратады. Сондай- ақ ол ағзаның түрлі ауруларға, әсіресе жұқпалы ауруларға қарсылығын төмендетеді. Бүгінгі таңда витаминдердің 30- ға жуық түрі белгілі.
А витамині- жануар және өсімдік текті өнімдер: балық майында, сүт өнімдерінде, сары майда, көкінестерде болады. А витамині ағзаның өсуіне, жараның жазылуына жағдай жасайды, көрудің нашарлауынан сақтайды. Иммунитетті жоғарлатып, аурулардан тез жазылуға ықпал етеді.Сүйекті, тісті, шашты нығайтады.
Витамин- сүтте , бидайда, кебекте, күріште, кепке ашытқыда, жаңғақта болады. Оны ауыр науқаспен ауырған кезде жүйке қажығанда, операциядан кейін пайдалану қажет. В витамині рухтың сергектігін, белсенділікті арттырып, ақыл- ой қызметін жақсартады.
С витамині- зат алмасуға белсенді қатысады, иммунитетті нығайтады. Сондай –ақ антиденелердің пайда болуына қатысып,ағзаны тұмау және басқа ауруларға қарсылыған арттырады. Ол итмұрында, қара қарақатта, итбүлдіргенде, мүкжидекте, қара жемістешетенде,апельсинде, мандаринде, лимонда, алмада, алшада, шабдалыда, шпинатта, қымыздықта, қызылшада, орамжапырақта көп болады. С витамині болмағанда немесе жетіспегенде адам «цинга» (қырқұлақ) ауруымен ауырад.
Д витамині – сүйек ұлпасының дамуы мен қалыптасуына қатысады. 3 жасқа дейінгі балалада ағзаның Д витамині жеткіліксіз болса, онда ол мешел ауруына ұшырайды. Мешелден баланың сүйегі нашар дамиды, қатайып бекімейді. Онда сақтану үшін таза ауада жиі болу керек.Д витамині балықта, сары майда, ірімішікте, сүт өнімдерінде болады.Е витамині ағзаға түскен улы заттарды бейтараптандырып , залалсыздандырады. Ол өсімдік майларында , бидайдың өскінінде , сояда , шырғанақ , бұршақта қыша жармасында, жұмыртқада және т,б болады.

Слайд

Тәрбие сағатының соңы

Кері байланыс «Дұрыс , әлі пайдалы тамақтану » модельін ұсыну.

Оқушылар «Дұрыс , әлі пайдалы тамақтану» модельін ұсынады






Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.04.2024
306
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Жариялаған:
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі