Материалдар / Дұрыс тамақтану

Дұрыс тамақтану

Материал туралы қысқаша түсінік
Ата-аналарга арналаган колдау сабагы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Қараша 2024
32
0 рет жүктелген
700 ₸
Бүгін алсаңыз
+35 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +35 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7

DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7



DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7



DOC ID KZN6YWP202410001966D42F6A7

2.2- сабақ

Бүкіл отбасы үшін пайдалы рацион

Мақсаты:

Баланың салауатты өмір салтының шарты ретінде ата-аналардың теңдестірілген тамақтану мәдениетін қалыптастыруға ықпал ету.

Міндеттері:

      • ата-аналардың дұрыс тамақтануды отбасылық дәстүрге айналдыруға деген ұмтылысын тәрбиелеу;

      • рационның баланың денсаулығы мен әл-ауқатына әсері туралы атааналардың түсініктерін кеңейту;

      • Shape1 ата-аналардың отбасында дұрыс тамақтануды ұйымдастыру дағдыларын игеруіне ықпал ету.

Құндылықтар мен жеке қасиеттер: ауызбіршілік пен татулық

Сабақ жоспары

    1. Кіріспе бөлім

      • Ұйымдастыру бөлімі

      • «Онда не бар? Тап!» сергіту ойыны

    2. Негізгі бөлім

      • Топтық жұмыс

      • «Тәрелкені толтыр» ойыны

      • Мұғалімнің сыйлығы – бүкіл отбасы үшін дұрыс тамақтану бойынша атааналарға арналған жаднама

    3. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Күтілетін нәтижелер

      • ата-аналар балалардың дұрыс тамақтануын қамтамасыз етуге ынталы болады;

      • ата-аналар теңдестірілген тамақтанудың мәні және оның баланың денсаулығына әсері туралы маңызды білім алады;

      • Shape2
        ата-аналар отбасында ұтымды тамақтануды дұрыс ұйымдастырудың кейбір дағдыларын меңгереді. Сабақтың ұзақтығы: 60 минут











Уақыты

Мазмұны

Ресурстары

2 мин.

10 мин.

I. Кіріспе бөлімі Ұйымдастыру бөлімі.

Қатысушылар кабинетке кіреді.

Педагог: Қайырлы күн, құрметті ата-аналар, бүкіл отбасы үшін ұтымды тамақтануға арналған сабағымызға қош келдіңіздер!

Әрі қарай, мұғалім суретті таңдауды ұсынады (үстелде алжапқыштардың суреттері: сары, қызыл, көк, жасыл) қатысушылар соған сәйкес отырады. Осылайша қатысушылар төрт топқа бөлінеді.

Миға шабуыл: Бейнеролик көрстеу

Педагог: “Құрметті ата-аналар? Қалай ойлайсыздар,қазір не туралы әңгімелесеміз?



Педагог; Дұрыс Бүгін сабақта біз дұрыс, ұтымды тамақтану туралы сөйлесеміз.

Сіздердің дұрыс тамақтанудың белгілі өкілдерімен қаншалық таныс екендеріңізді қазір білеміз.

«Онда не бар?Тап!» сергіту ойыны

Педагог: экраннан сіздер жемістер мен көкөністердің сипаттамасын көріп отырсыздар, ал қорапта осы жемістер мен көкөністер бар. Оларды атауға тырысыңыздар.

Командасы дұрыс тапқан ата-аналар сыйлық ретінде болжанған затты алады.

  • Көптеген талшық, калориясы аз, құрамында бактерицидтер мен фитонцидтер бар. Калий көп. Холестеринді төмендетеді. (Лимон.)

  • Лимон мен қарақатқа қарағанда С дәрумені көп. Дәмі жақсы. Құрамында А дәрумені, бета-каротин, фолий қышқылы бар. Термиялық өңдеуден кейін пайдалы қасиеттерін сақтайды. (Тәтті бұрыш.)

  • Нағыз диеталық көкөніс. Құрамында 95-98% су бар. Сілтілік тұздардың, дәрумендер мен талшықтардың көзі. Косметикалық мақсатта қолданылады. (Қияр.)

1-слайд

https://www.

youtube.com/watch?v

=Ht0Bb9MHShw

2-слайд


  • Итальян тілінен аударғанда «алтын алма» дегенді білдіреді. Құрамында қанның жұқаруына ықпал ететін ликопен бар. Антиоксиданттардың мөлшері көп.

Онкологиялық аурулардың алдын алу үшін пайдалы. (Қызанақ.)

  • Құрамында ұшпа хош иісті қосылыстар, С дәрумені бар. (Пияз.)

  • Құрамында темір мен А дәрумені 5 есе көп, ақуыздар 4 есе, көмірсулар алмаға қарағанда 2 есе көп. 2 жеміс калийдің күнделікті қажеттілігін қанағаттандырады. Энергия көзі болып табылады. (Банан.)

  • Құрамында темір, талшық көп. Жүрек-қан тамырлары ауруларының, қант диабетінің алдын алу үшін қолданылады. (Алма.)

  • Құрамында калий тұздары, талшық, глюкоза, бетакаротин бар. Бұл табиғи тіс абразиві. (Сәбіз.) Ойын жеңімпаздарын құттықтаймыз!

3-слайд

30 мин.

II. Негізгі бөлім Топтарда жұмыс істеу.

Педагог: құрметті ата-аналар, тақтаға назар аударыңыздар.

(Тақтада денсаулығы нашар, шаршаған жасөспірімнің суреті ілулі).

Балаға не болғанын болжай аласыз ба? (Ата-аналардың жауаптары)

Бәлкім, оның ағзасына маңызды заттар, дәрумендер мен минералдар жетіспейді, тамақтану режимі теңдестірілмеген болар. Оған көмектесейік. Өсіп келе жатқан ағза үшін теңдестірілген тамақтану қажеттілігін дәлелдеңіз. Тапсырманың соңында шаршаған жасөспірімнің суретін күлімсіреген суретке алмастыра аласыздар.

4-слайд

Shape3

5 мин.

7 мин.




Қатысып отырған ата-аналар аудиторияға кірген кезде алынған алжапқыштың түсімен біріктірілген төрт топта жұмыс істейді.

Жұмыс үшін үлкен қағаз парақтары (флипчарт), фломастерлер, қаламдар қолданылады.

1-топ. Тапсырма. Салаттың рецептін дайындап беріңіздер, Сіздердің салатыңыздағы витаминдер, минералдар, майлардың жасөспірім денсаулығына пайдасы мен маңызы туралы айтып беріңіздер.

2-топ тапсырма. Түскі ас мәзірін жазыңыздар. Сіздердің ас мәзіріңіздегі көмірсулар, су, ақуыздардың жасөспірім денсаулығына пайдасы мен маңызы туралы айтып беріңіз

3-топ тапсырма. Жасөспірім денсаулығы үшін тамақтану режиміндегі (тұрақты тамақтану) бұзылулардың зияны туралы постер құрастырыңыздар.

4-топ тапсырма. Дұрыс тамақтанау пирамидасы туралы постер дайындаңыздар.

Жасаған постерларыңызды қорғап беріңіздер.



Ата-аналарға арналған жаднаманы талқылау.

Құрметті ата-аналар!

Сіздер өте жақсы жұмыс істедіңіздер, мен сіздерге сыйлық жасағым келеді – бүкіл отбасы үшін дұрыс тамақтану бойынша жаднама. Оны қағаз немесе біздің чаттан электронды түрде ала аласыздар. Мұнда сіздер:

құрамындағы пайдалы заттар мен өнімдер туралы; тамақты неге өткізіп алмау керектігі туралы; бейсаналық тамақтану көріністерінің жиілігін қалай азайтуға болады; «сау тәрелке» формуласы туралы ақпаратты таба аласыздар

«Тәрелкені толтыр» ойыны.

Тақтада бөліктерге бөлінген шеңбердің суреті бар.

Тапсырма. Сабақтың әр қатысушысы, өзі таңдаған табақтың бір бөлігіне қажетті элементтері бар өнімнің атын жазады.

5-слайд

6-слайд

Shape4


Қ
ұттықтаймын, құрметті ата-аналар! Сіздер жаңа ғана денсаулық тәрелкесін жасадыңыздар!

3 мин.

III. Қорытынды бөлім. Рефлексия

Құрметті ата-аналар, ойланып, сөз тіркестерін аяқтаңыздар:

«Ұтымды тамақтану – бұл ...»;

«Мен ... білдім»;

«Мен....білмедім»;

«... екен»

Өз жаңалықтарыңыз және ойларыңызбен басқа атааналармен бөлісіңіздер.

Сабағымыз аяқталды.

Белсенді қатысқандарыңыз үшін рахмет!

7-слайд

Shape5




Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ