Материалдар / Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!

Материал туралы қысқаша түсінік
Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2021
3588
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: Дұрыс тамақтану – үздік білім алудың жолы!

Сабақтың мақсаты: 1. Дұрыс тамақтану, уақытылы тамақтану туралы түсінік қалыптастыру; оқушылардың ой-өрісін дамыту, салауатты өмір салтын ұстануды дәріптеу.

Сабақтың әдісі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, пікірталас.

Сабақтың барысы: І. Кіріспе бөлім:

Мұғалімнің сөзі: Тамақтану – адам ағзасы үшін аса маңызды қажеттілік.Біздің денсаулығымыз көбінесе қалай тамақтануымызға байланысты. Адам күш-қуат жұмсайды, соны қалпына келтіру үшін дұрыс тамақтану керек. Өткен кезеңнің данышпан адамдары «Біз тамақтану үшін өмір сүрмейміз, өмір сүру үшін тамақтанамыз» деген.

Дұрыс тамақтану дегеніміз бұл аз-аздан әр-түрлі тамақтарды қабылдау. Ағза үшін жұмыс атқарады, сондықтан уақытылы тамақтануды талап етеді. Ағзада қоректік заттар қарапайым заттарға ыдырайды да, қуат бөліп шығарады.    

Тамақтану сауаттылығының бес негізі бар: 

1)Тамақ құрамында негізгі қоректік заттардың болуы (белок, май, көмірсу); 

2)Тамақ рационында қосымша заттардың болуы (витаминдер, микроэлементтер); 

3)Тамақ нәрлігі адам жасына, денсаулық күйіне, табиғат климатына байланысты; 

4)Тәулік бойынша тамақтану тәртібінің мөлшерін сақтау; 

5)Тамақтанудың санитарлық – гигиеналық нормаға сай болуы.     

Бір түрлі тағам денсаулыққа қажетті қоректік заттардың барлығын бере алмайды. Бір тағамдар ағзаға күш-қуат береді. Мәселен: бал, қарақұмық, геркулес, жүзім, май- қимылдар жасауға, жақсы ойлануға, шаршамауға көмектеседі.

Ірімшік, ет, жұмыртқа, жаңғақтар* ағзаның мықты болуына, сүйектердің жақсы дамуына көмектеседі.

Халқымыз әрқашанда денсаулықты бірінші орынға қойып, бірінші байлық — денсаулық деп санаған. Дені сау, еңбекқор, ақылды азамат болып өсу үшін, дұрыс тамақтана білу қажет.
Ол үшін күнделікті ішетін асымыз құнарлы, пайдалы, дәрумендерге бай болу қажет.

Балалар мен жасөспірімді дұрыс тамақтандыру олардың денсаулығын нығайтып, дене және ой қабілетінің дамуына мүмкіндік береді, еңбек ету мен сабақ үлгеру қабілетін арттырады. Егер тамақтану дұрыс ұйымдастырылмаса, тиімсіз, яғни жеткіліксіз болса, организмде метаболизм, зат алмасу бұзылып, оның айналадағы ортаның зиянды әсеріне және әртүрлі жұқпалы ауруларға қарсы тұрарлық қабілеті төмендейді. Сонымен қатар, тамақтану ережелерін де сақтауымыз қажет.

Ал жемістер мен көкөністер ағзаның өсіп дамуына қажетті дәрумендерге бай болады.

А – қажет көзіңе,В — жүйкені тоғайтар,С – дан микроб безінер.Д – сүйекті нығайтар







Дұрыс тамақтану  үшін қажетті  азық-түліктер:

Ақуыздарға бай          Микроэлементтерге бай



Кальциге бай                   Дәрумендерге   бай     


Дильназ: Тамақты дұрыс ішіп-жеу.

Тамақ жегенде дұрыс, асықпай жеу керек. Асығып, дұрыс шайнамай жеу де зиян.

Пайдалы дәрумендері бар тағам, жеміс-жидектер жеу. Жеміс-жидектер адам организіміне өте пайдалы.

Ет, сүт тағамдарын жеу. Бұл да адам денсаулығына пайдалы. Сонымен бірге дұрыс тамақтануға тазалық сақтау да жатады. Ас ішерде міндетті түрде қолды сабындап жуу керек. Жеміс-жидектерді жуып жеу керек.

Күніне 3-4 рет уақытында тамақтану қажет.

Тағамды 3-4 сағаттан соң қабылдау керек

Тамақтанып отырған кезде қатты сөйлеме, қолды сермеме

Тамақты шайнамай жұта салма

Тамақ ішер алдында қолыңды сабындап жу

Ұйықтар алдында тойып тамақ іш

Тамақтан бұрын тәттілерді көп же

Тамақты асықпай, жақсылап шайнап жеу керек

Сүт, жемістер мен көкөністер біздіә денсаулығымызды құртады

Тамақ ішіп болған соң «рахмет» айт

Арнұр: Есіңе сақта:

Денсаулықтың негізі - дұрыс тамақтану
1. Қолыңды сабындап жу
2. Қисаймай, түзу отыр
3. Қасықты оң қолыңмен ұста
4. Тамақ ішіп отырып сөйлеме, күлме, кітап, газет оқыма
5. Шамадан тыс тойып ішпе
6. Нанды үзіп же
7. Тамақтан соң аузыңды шай, қолыңды жу.

Яғни тамақты белгілі бір уақытта ішуге тырысу. Мезгілсіз ішілген тамақ зиян. Мысалы ұйқыға жатар алдында тамаққа тою бұл асқазанға ауырпалық түсіреді. Және тамақ ішпей жүре беру, шала-шарпы, асығыс тамақтану. Бұл да адам денсаулығына зиянды.

Ақбота: Тамақтану мәдениеті

- Әрбір адам тағамнан 1 тәулікте жұмсайтын қуатына сай тамақтануы тиіс.- Күніне 4 не 5 рет тамақтану тиімді.- Тамақты күн сайын бір мезгілде қабылдау керек.- Қатты ыстық тамақты, қатты суық тамақты ішуге болмайды, тістің эмалін бұзады- Ақырғы тамақтану ұйқыға дейін 2 сағат бұрын болу керек.- Тамақтын түрін өзгертіп тұру керек-Қайнатылған, буға піскен тағам пайдалы.- Тамақты асықпай шайнап жеу керек

- Сұйық тағамдарды көкөніс, жемісті көп қолдану керек- Сүт, суттен жасалған қышқылтым тағамды жеу керек

Торғын: Жұмбақтар шешу

Әрі сусын, әрі дәрі ,Емге ішеді жас пен кәрі.Малдың сүті ,елдің құты,Деп бағалар жұрттың бәрі ./Қымыз/.

-Қымыз деген не?

-Қай малдың сүтінен ашытылады?

Жатам құстар тобына, Азығымын адамның. «Ы»-ны қоссаң соңыма, Жылқы етімін – тағаммын. (Қаз - Қазы)

- Қазыны қай малдың етінен дайындайды?

-Қазақтың ұлттық сусыны қымызбен, жылқы етінен жасалған қазы мен қартаның тағамдық құндылығын бабаларымыз дәлелдеп кеткен.

Бекзат: Қазақ халқының негізгі ежелден келе жатқан тағамы ет пен сүттен жасалған өнімдер. Олардан көшпелі жағдайда ұзақ сақталатын түрлі тағамдар дайындаған. Мысалы, қазы, шұжық, сүрленген, қақталған, ысталған ет өнімдері ұзақ сақталады, әрі өте дәмді. Ал сүт өнімдерінен айран, ірімшік, қымыз, шұбат сусындары дайындалады. Ұлттық тағамнан қол үзуге болмайды.

Сергіту сәті ( бақта және бақшада өсетін жемістер мен көкөністер аттарына сәйкес алма болса тұрып, сәбіз болса отырып жаттығулар жасау )

Алма, картоп, алмұрт, сәбіз, лимон, қарбыз, қауын, апельсин, орамжапырақ, шие, бүлдірген т.с.с

Мұғалім: Балалар, қандай пайдалы және зиянды тағам түрлерін білесіңдер?

Пайдалы тағамдар және зиянды тағамдарды топтастыру ( оқушылар қағазға бөліп білетіндерін жазады)

Қарақұмық ботқасы, газ сусыны, балық, алма, бесбармақ, сарымсақ, қуырылған картоп (фри), жүгері ботқасы, кока-кола, кириешки,  компот, чипсы, сәбіз, айран, чупа-чупс, қияр, пирожное, пицца, доширак лапшасы, балмұздақ, нан пияз, салат, қызанақ, кәмпит, торт, жаңғақ, киндер-сюрприз, сүт, банан, құймақ, йогурт, жұмыртқа, ірімшік, шоколад,майда (манная) ботқасы, шұжық, ет, шабдалы, апельсин,күріш, алмұрт, кофе, қызылша.

Бұл тағамдар неге зиянды деп шештіңдер?

Ернар: Фаст-фуд тағамдары «тез тамақтану» деген мағына береді. Хот-дог, чисбургер, гамбургер, чипсы, кириешки, сэндвичті дайындау барысында көп маргарин қолданылады. Маргариннің құрамында жасанды майлар көп.Олар асқазанда ұзақ уақытқа дейін қорытылмайды. Кейбіреулер фаст-фудтың денсаулыққа зиян екенін біле тұра, одан бас тартпайды. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жағдай адамды психологиялық тәуелділікке әкеп соқтырады. Өйткені, аталған өнімдерді жасаушылар оның дәмін күшейтетін арнайы қоспаларды қосады да, сол арқылы тұтынушыларды өзіне тартады екен. Тез тамақтанудың кесірінен ас қорыту жолдары қиындайды. Фаст-фудқа үйір жандардың асқазан, жүрек аурулары, қан қысымы, қант диабеті аурулары күн өткен сайын үдей түседі. Әсіресе өз денсаулығына көңіл бөлмейтін балаларға обал. Олар диета сақтамай, тамақтанатын болса, саулығы күн өткен сайын әлсірей түседі. Түрлі елдердегі медициналық зерттеулердің нәтижесі фаст-фуд өнімдерін күнделікті қолдану семіздікке әкеледі дейді. Бір ғана орташа көлемдегі гамбургер немесе бір стакан кока кола 1500 колорияға тең күнделікті адамның бір күндік тамағы 1500 колорияны   құрау керек. Ал сендер бір ғана гамбургермен шектеліп қоймайсыз ғой. Бұл өнімдер адамды толық тәбетін қанағаттандыра алмайды, ол тек аз ғана уақытқа асқазанды алдау десе болады. Сөйтіп артық тамақ ішіп, семіздікке шалдығуға болады.

Қорытынды: Балалар, арамызда фаст-фуд тағамдарын қолданушылар бар ма? Зиянын білесіңдер, ендеше фаст-фудқа үйір болмаңдар.Өз денсаулықтарың өз қолдарыңда екенін ұмытпаңдар.

Мақал-мәтелдермен кестемен жұмысты қорытындылау:

Ет жесең тісіңе кіреді, жемесең түсіңе кіреді.

Ет етке — сорпа бетке.

Ас иесімен тәтті

Ас атасы-нан

Алты жыл аш жүрсең де,

Ата салтыңды ұмытпа.

Денсаулық - зор байлық.

Балалар, неге «Ас-адамның арқауы» деп айтады?

Эссе жазу.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!